Баланың жалпы дене дамуын бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
Жас гимнаст қыздардың иілгіштігі мен координациялық қозғалыстың дамыту
әдістемесінің негіздері

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1. ЖАС ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Жас гимнас қыздардың иілгіштігін дамыту.
1.2. Жас гимнас қыздардың координациялық қозғалысты дамыту.
1.3. Гимнастиканы мектеп оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.

2. ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Жас гимнасшыларды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Жас гимнасшылардың жаттығуы жүгіру әдістері.
2.3. Жас гимнасшылардың жаттығуы түрлерін өткізу мен шынығулары.

3. ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІН ДАМЫТУ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Қыздардың иілгіштігін дамыту дене тәрбиесі мамандарының еңбегі.
3.4. Спорт мектептеріндегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке
алу.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КIРIСПЕ

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын,  адам 
денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын
дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше
gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика,
көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан
оған 1994 жылдан мүше.
Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен
(лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар
комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика
шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді.
Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би
өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым
келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп
келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. 
Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем
гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш
республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын
ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова,
Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек
сіңірді.
Көркем гимнастикадан А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты
қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы
болып, халықар. жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік
Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы,
халықаралық турнирлердіңжеңімпазы, жүлдегері болды.
Павлодарлық Майя Сүлейменова қазақ қыздары арасында алғаш Халықаралық
дәрежедегі төреші атанып, дүниежүзілік чемпионатқа қазылық етті (Вена,
1995; Будапешт, 1996), екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996
ж.), Көркем гимнастика  Шымкент,  Алматы, 
Павлодар, Астана, Өскемен, Қарағанд ы, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы
дамыған.
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің
басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:
баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға
үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық
міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату
жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар
қолданылады.
Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл
қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін
және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
Мысалы: Күрекше – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру
керек. Инеше -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15
секунд ұстап тұру керек. Төбешік – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ
шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
Түтікше – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын
көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. Ожау – ауызды кең
ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру
керек. Сағат – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек.
Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. Саңырауқұлақ -ауызды кең
ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең
ашып ұстау. Алтыбақан – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға
созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай
10-15 рет қайталау керек. Тәтті тосап – жалпақ тілді шығарып жоғары
ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. 15 рет қайталау.
Тоқылдақ – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе
таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. Ат шауып келеді – ауызды
кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған
жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш
тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді,
көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып
фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу
органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға
талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу
қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің айнаға қарау
көмегімен, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі
құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен
толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген
жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек.
Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен
позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін
қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар
басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас
жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр,
етеді. Екінші тәсіл құралдардың шпатель, зондлар немесе саусақтың
көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді.

1. ЖАС ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Жас гимнас қыздардың иілгіштігін дамыту.

Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін
ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс
айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы
түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң
дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын
меңгеруге көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе
механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – г дыбысын
қалыптастыру негіз болады.
Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады.
Мысалы, – ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен
сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да
–ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру
үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу,
айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік
материалдарының сөз, сөз тіркесі мәні балаға түсіну мүмкіндігінше
күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу
қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды.
Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан
бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден
бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты,
мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан
әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге,
ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі
дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл
кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты.
Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын
сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар
кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.
Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның
негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен
қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе
қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми
қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны
кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде
алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін.
Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-
та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі
шпательмен басып қойылады.

Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын
жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды.Үшінші – аралас
тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты –
еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық
және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін
меңгере алмаған жағдайда төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің
ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану
мысал бола алады.
Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы
әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс
кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе,
О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең
саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық
түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге
бөлу тиімді: Дайындық кезеңі. Дыбысты қою кезеңі. Дыбысты дұрыс айтуға
машықтандыру кезеңі. Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі
түрлі талапты сақтау керек. 1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының
құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция
туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты
тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – с дыбысының қайталап айтылуын түзету
кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір
қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-
қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп азу тіспен арадағы бүйір саңылауы. 2-
ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін
дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек.

Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен
қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы
уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас
айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде
арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға
дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке
жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл
кемшілігі жағдайында.
Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса мысалы
дизартрияның алуан түрінде, а артикуляциялық гимнастикаға келтірілген
программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары
қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату
кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей
жүйемен жүргізіледі. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс
тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем
дегенде мыналарды қамтиды.
1. оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна.
2. шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары.
3. сөзді жазып, қайталайтын магнитофон.
4. тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен
құралдар.
5. дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.
6. түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін
суреттер лото.
7. түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап –
құрал.
8. әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап.
Сөйлесуді көзбен бақылау фиброскоп Двин немесе сөйлеу органдарына
механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын,
олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу
кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл
кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір
дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету
керек.
Кемшіліктердің алғашқы – антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп
аталады. Антропофоникалық кемшілікт ің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту
немесе –с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің
мысалы –ш орнына –с алмастыру ескі – ешкі, немесе –р орнына –л
роза – лоза, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де
кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде
шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы Шамат
маған көрсі тұрады Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру
қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады. Сонымен қатар
дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн.

Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен
бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш
дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып
үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын –
шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына
қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық
қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті
дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға
көңіл бөлу керек.
Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы
кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі
болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар
ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде
сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе,
кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің
фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв
қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының
зор мүмкіндігі бар екенін танытады. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының
анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің
маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін
коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар
болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу
немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде.
Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер стомотолог, отоларинголог
бірлесіп шешеді.
Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі
дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында
көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс
айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы
әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: ң дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан
н дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе
логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін
жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек.
Сөйтіп ң дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға
машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден ң дыбысы
қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден ң дыбысы жабық буынды
анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу
кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. Ң дыбысын қоюда
төртінші әдісті де қолдануға болады.
Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы ң дыбысын
айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң.
Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға
болады. Мысалы: қа-ға та-те қо-ғо па-пе қу-ғу ба-бе қы-ғы са-се то-то ты-ті
бо-бө бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а
дыбысы негіз болады.
Бала а дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып,
тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту
машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт
тә әл лә әс сә әз зә ДЫБЫСТЫ ҚОЮҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР Артикуляциялық жаттығуларында негізгі мақсаты тіл
дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын
толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар
есіне сақтай білуі қажет.
Біріншіден атаулар балаларды жаттығуға қызықтырады, екіншіден жұмыс
барысында уақытты жасау шарттарын түсіндермей тек оның атын айтса
жеткілікті. Мысалы: ат шауып келеді немесе сағат. Жаттығуларды дұрыс
орындау тәсілдеріне тоқталайық. 1. Күрекше жалпақ тілді ауыз қуысынан
шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді
қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек. 40 сурет. 2. Кесе ауыз кең
ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру
керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. 41 сурет. 3. Ине ауыз ашық. Тілді
жіңішкертіп ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. 42 сурет. 4.
Төбешік ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр.
Тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд
ұстап тұру керек. 43 сурет. 5. Түтікше жалпақ тілді ауыз қуысынан
шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу. 44
сурет.
Осы жаттығулардың бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет.
6.Сағат жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек.
15-20 рет қайталау. 45 сурет. 7. Ат шауып келеді тілді таңдайға
жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-
15 рет қайталау. 46 сурет. 8. Саңырауқұлақ ауызды кең ашып тіл ұшын
таңдайға жапсырып ұстап тұру керек. 46 сурет. 9. Алтыбақан тілді
жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып
ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет. 47 сурет. 10. Тәтті шырын
жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.
Осылайша 15 рет қайталау қажет. 11. Жылан ауызды кең ашып, тілді молырақ
алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз
қуысына ақырындап кіргізу. 12. Сылақшы ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі
жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15
рет қайталау. Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа
керектілерін ғана іріктеп алады.

1.2. Жас гимнас қыздардың координациялық қозғалысты дамыту.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің
тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың
қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық
дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір
қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1)  физкультура сабақтары; 2)  физкультуралық-сауықтыру шаралары
(ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған
шынықтыру процедураллары); 3)  балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті
жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және
шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан
түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және
баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады:
олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі
мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының
арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін
олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі  бір топтың және бүкіл
мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен
анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене
жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары,
гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші
кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта
олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік
ерекшелікке ие болады.
Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы
тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа
және екі сабақтың аралығына енгізіледі.
Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме
ішіндегі, даладағы қимыл – қозғалдыс кезіндегі бірте – бірте температурасы
төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.
Балаларды таза ауадағы қимыл –қозғалыс ойындары және өз бетінше сан
алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті
өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Физкультура сабақтары – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі
түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы
топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу
болып табылады.
Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу
міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы
баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-
қозғалыс дағдларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды-жағымды
қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда
организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-
әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл
әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті сабақ процесінде баланың жеке басының
моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, физкультура мен спорт саласын
кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс
дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі
баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін,
адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға
бағытталған.
Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай
нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды
тәрбиелеуге көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика– баланың отбасындағы, балабақшадағы күнделікті
режимінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде
жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды
эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға
үйреншікті әдетті қалыптастырады.
Ертеңгілік гинастиканың маңызы саналуан: ол организмнің тіршілік
әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан
ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады
Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып,
тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын
қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты
сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары,
терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша
жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.
Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) – естиярлар,
ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ
нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.
Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканыңэмоциялық-
жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-
әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына
келтіруге бағытталған.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады.
Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және
сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала
ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін
қызықты дене жатттығуларымен және ойындармен ұштастырылған шынықтыру
шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін
жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін вегативтік
жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды.
Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың
денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін
орындауды қамтамасыз етеді.
Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім
беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары,
серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене
тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен
балаларының өз беттерінше айналысуы.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл
әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр
түрлі уақытына жоспарлайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды,
организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен
байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын,
дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау
балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Олар балалардың
денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға,
табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге
көмектеседі.

      Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді,
оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында
қолданды.
      Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол
адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене
күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
      Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-
әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен
мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері
сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі
қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші
немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
      Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы
ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
    Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы
секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда
ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.
      Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады
және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне
қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке
қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары
таңдалынады.
      Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі
және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін
адамзат тәжірибесінен келіп шығады.
      Ойын сюжеті ойыншылар әрекет мақсатын, ойын конфликтісінің
(соқтығысының) даму сипатын анықтайды. Ол қоршаған орта ақиқтынан алынып,
оның әрекеттерін көрсетеді немесе ойыншылардың әртүрлі өзара әрекеттестік
кезіндегі қарсы күрес сызбасы түріндегі дене тәрбиесі міндеттерінен арнайы
құрылады. Ойын сюжеті ойыншылардың тұтас әрекеттеріне жан беріп қана қоймай
ды, тактика элементтері мен техникасының жеке тәсілдеріне мақсатты
бағыттылық беріп, ойынды тартымды етеді.
      Ереже – ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың
орналасуын негіздейді, ойыншылардың  міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер
сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың
шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды.
      Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы
мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты);
ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін
қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ
асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және
нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл
шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі
қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы
барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.(5)
      Педагогикалық практикада, әлеуметтік өмірде және тұрмыста қозғалмалы
ойындарды ұйымдастырудың екі негізгі формасы бар: белгіленген және
белгіленбеген.
      Қозғалмалы ойындар өткізудің белгіленген формасы мұғалімнің жетекші
рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтардың реттілігін, ойын
материалының регламентацияланған (белгілі бір ережеге бағындырылған)
мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің
әдістемесі, мазмұны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы.
      Белгіленбеген формаға қозғалмалы ойындар балалардың ішінен
ұйымдастырушылардың, вожактардың үлкен рөлін бөліп көрсетеді, олар ереже
бойынша элизодтық түрде ұйымдастырылады, қатысушылар құрамы өзгереді, ал
ойындар ойын материалдарының көлемі және мазмұны бойынша түрленеді.
Оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі қозғалмалы ойындарға жіберілетін уақыт
оқушылар оқитын сынып, жас деңгейлеріне, оқытудың жылдық күг тәртібіне және
басқада әрекеттермен демелудың түрлеріне тәуелді.
Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген
формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие, олар: 1)
сауықтандыру; 2) білім беру; 3) тәрбиелік.
Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.
      Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген
сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-
байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен
жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның
қызметін жоғарлатады.
      Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын
қадағалау қажет. Ойындары бар жүелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті
жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл
өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-
шалдығуға апаруға болмайды.
      Белсенді, энергетикалық, көп қайталама қозғалыс әрекеттері бар,
бірақта ұзақ бір жақты күш қуаттылықпен (әсіресе статистикалық) байланысты
емес ойындар баллар мен жасөспірімдер ағзасына оң әсер етеді. Міне,
сондықтан да ойындарда шамадан тыс бұлшық ет қуаттылығы және тыныс алудың
созылмалы кідірістері болмауы қажет.
      Сауықтандыру қатынысында қозғалмалы ойындарды таза ауада жыл бойы
өткізу айрықша құнды: айналысушылар шыныққан бола түспек, ағзаға келіп
түсетін оттегі көлемі көбейеді.
      Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы
белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн
топтарындағысабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде
өте қолайлы.
      Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі
балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың
денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.
Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері.
     Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру,
жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын
саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі
маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.
      Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты
өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың
саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.
      Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу
және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері
сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.
Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері.
      Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін
тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық,
икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері
комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі
қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді
белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру
және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-
қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.
      Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан
екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.
Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың
белсенділігі және қуаты қозғалыстардың көп қайталануы бар ойындар
шыдамдылықты дамытуға әсер етеді.
      Қозғалыс бағыттары жиі ауысумен байланысты ойындарда иілгіштікті
жетілдіру жүзеге асады.
      Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады
және қажеттеі ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген
тәсілдерді көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Ойынға
деген қызығушылықты тудырып отыру үшін ойын мақсатына қол жеткізудегі жол
үлкен мәнге ие – ойынмен қанағаттану үшін, нақты нәтижелерге қол жеткізу
үшін жеңіп шығуы тиіс кедергілер қиындықтарының деңгейі мен сипаты.
      Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу
үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар
іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-
жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір
қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған
жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық
қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде
қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.
Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз
істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші
дұрыс бөлуі тиіс.
      Қозғалмалы ойын ұжымдық сипатқа ие. Құрдастар пікірі, белгілі
болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын
қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының
мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар
ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі
міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың –
екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Бұл үшін өте қысқа мерзім ішінде
қоршаған орта жағдайын бағалап, дұрыс әрекетті таңдап алып және оны орындау
қажет. Осылайша қозғалмалы ойындар өзіндік тануға жол ашады.
      Осыған қоса, ойыны бар сабақтар координацияланған, үнемді және
келісімді қозғалыстарды шығарады; ойыншылар жұмыстың қажетті темпі мен
ритіміне тез кіру іскерлігін меңгереді, өмірде өте маңызды қажетті күш салу
мен тұрақтылық көрсете отырып әртүрлі қозғалыс тапсырмаларын тез әрі епті
орындайды.
      Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплесте шешу
қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалмалы ойын балалар мен
жасөспірімдердін жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.
      Ойынды өткізуге даярлау егер ойын алғаш рет ұсынылса және оның
барысында қалыптасуы мүмкін барлық жағдаяттарда педогок алдын-ала көре
алмайтың кезде өте маңызды.
      Ойынды таңдау ең алдымен сабақтың жалпы міндеттеріне тәуелді, оларды
құру кезінде негізгі критерийлер оқушылардың жас ерекшеліктері, олар дамуы,
дене даярлықтары, қатысушылардың саны болып табылады.
      Ойынды таңдау кезіңде сабақ формасын (сабақ, қоңырау, мереке,қыдыру)
ескеру қажет. Сабақ пен қоңырау уақыт бойынша шектелген; сабаққа қарағанда
қоңыраудағы ойын мазмұны мен міндеттері өзгеше; мереке кезінде негізінен
әртүлі жастағы және әртүрлі дене даярлығы бар балалрдың бәрі қатыса алатын
көпшілік ойындар мен аттракциондар қолданылады.
      Ойынды таңдау оның өткізілу орнына  тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар
залда немесе аланшада сызықтық сапқа тұруы бар ойындар, кезектесіп
қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда бытырап
жүгіруі, спорттық ойындар элементі, үлкен және кіші доптарды лақтыруы бар
ойындар өткізген жақсы. Қыдыру және экскурсия кезінде жер қолданылатын
ойындар ойналады. Алаңда қыс болғанда шаңғыдағы, конькидегі, шанадағы
ойындар өткізіледі.
      Ойынды көшеде ұйымдастыру кеінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн
(әсіресе қыс күндері). Егер ауа температурасы төмен болса, қатысушылардың
белсенді қозғалысы бар ойындар таңдалады. Өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын
ойындарды қолдануға болмайды. Қатысушылардың ойын тапсырмасын кезектесіп
орындайтын аз қозғалмалы ойындар ыстық ауа-райы кезінде өте қолайлы.
Көмекші құрал мен инвентардың болуы ойынның таңдалынуы әсер етеді. Сәйкес
инвентардың болмауы немесе оны сәтсіз ауыстыру кезінде ойын құрылмауы да
мүмкін.
      Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-
ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға
арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды
белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын
жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе
ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны
көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын
белгілеу жасауға болады.
      Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл
жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар,
сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы
болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі
мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-
ала қарастырылады.
      Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын
барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе
қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет.
      Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін
алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту
керектігін қарастыруы керек.
      Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап
алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға
даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның
өткізу орнымен танысады.
      Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап
тауып, есепке алу ұсынылады:
Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрын
барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау.
Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен
келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес
берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздері күрделі
болатын қатысушыларды ойыннан сәтті шығара білу.
Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуына қамту.
Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға
болмайтын да ережелерге бағыну.
Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың
машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру
немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот –
хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот
болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл
бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала
ережені бұзса немесе ойынды қателесе басқалардың алдында оған ұрсып-
зекімеу.
Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын
басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер баллар
жетекші ұсынған бірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған
альтернативті ойындардың бір қатары және қажетті құралдарға ие болу.
Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс
уақытын беру.
Курделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан
бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша
үнемі күрделендіру.
      Ойынды түсіндіруді бастамас бұрын қатысушыларды жетекші көзбен жақсы
көріп, оның әңгімесін есту алатындай орналастыру қажет. Ең дұрысы
ойыншыларды ойынды бастайтын бастапқы қалыпқа қойған дұрыс.
        Егер ойын шеңберде өткізілсе, онда түсіндіру сол шеңберлік
құрылымда жүзеге асады. Жетекші орталықтан емес, ойыншылар қатарынан орын
алады, немесе ойнаушылардың соңы көп болса, олардан аз ғана алда
орналасады. Ойнаушылардың жартысы жетекшінің желке тұсында қалып
қоятындықтан шеңбердің ортасына орналаспау қажет. Егер ойыншылар екі
командаға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы үлкен ара қашықтықта орналасса,
түсіндіру үшін командаларды жақындатып, одан кейін өз шекараларына
апартқызу керек. Бұл жағдайда жетекші ойынды түсіндіру кезінде алаң
ортысындағы ойнаушылардың арасында тұруы қажет, мұнда біресе бірінші
командаға, біресе басқасына көңіл аудара алады. Егер ойын бытыраңқы
қозғалыспен басталса, ойыншыларды шеренгаға құруға болады, немесе жетекшіні
барлығы көріп, ести алатындай өз жанына топтастыруға болады. Ойын
мазмұндамасын көрсетумен толықтырып отыру қажеттігін есте ұстаған жөн.
Көрнекілік ойынды жақсы түсінуге көмектеседі және осыдан кейін
қатысушыларда сұрақта болмайды. Ойынды түсіндіру кезінде балларды күнге
қарсы (олар жетекшіні нашар көретін болады) немесе терезеге қарсы (олар
терезеге қарап, көңілдерін бөледі) қоюға болмайды.
      Ойынның дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер
етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын
анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны
түсіндіруге кірісуге болады.
     Әңгіме қысқа болуы тиіс: созылған түсіндіру ойынды қабылдауға кедергі
келтіреді. Бастауыш сыныптардағы ойындардың ерекшелігі оларды ертегі,
тартымды формада түсіндіруге болатындығында. Әңгіме логикалық, бірізді
болуы тиіс. Кез-келген ойынды шамамен мына сызбада түсіндіруге болады:
Ойын атауы (ойынның қандай мақсатта өткізілетіндігін айтуға болады);
Ойнаушылардың рөлі және олардың алаңда орналасуы.
Ойын мазмұны;
Ойын мақсаты;
Ойын ережесі.
       Ойынды түсіндіру ойыншылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталады.
Барлығына назар бөле тұрып, қатты дауыспен жауап етілуі тиіс. Ойын барысы
туралы әңгімелей отырып жетекші, талассыз, ережелерді де атап өтеді, алайда
әңгіме соңында балалар есінде жақсы сақтау үшін оларды тағы бір атап өту
керек.
      Ойын жетекшісі әрбір бала кезектесіп жүргізуші болатындай рет
орналастыруы керек. Жетекші ойындағы рөлін ескере отырп жүргізушіні
белгілейді. Бұл тәсілдің артықшылығы ең сәйкес келетін жүргізушіні тез
таңдалуында. Бірақ мұндай тәсілде ойнаушылардың инициативасы басым болады.
Балалар бір-бірімен таныс емес, жетекшінің өз уақыты болғанда жүргізуші
тағайындалады. Жүргізушіні белгілеуде жетекші қатысушылардың оның жеке
ойыншыға айрықша көңіл бөлуінен күмәнданып қалмауы үшін өз таңдауын қысқаша
түсіндіріп өтуі тиіс.
      Жеребе, жүргізушіні кезекті таңдау, ойыншылар таңдауы, алдыңғы
ойындар нәтижелері бойынша жүргізушіні таңдау тәсілдері бар, ол ойынның бас
басталуының жауапты таңдауы талап етілетін ойындарда команда мүшелері
немесе команда мүшелері, ал әрбір жеке жағдайда таңдау нәтижелерін
анықтайтын және тиын лақтыратын ойыншымен жүзеге асуы мүмкін.
Жүргізушіні таңдаудың жоғарыда аталған тәсілдері қойылған міндеттерге,
сабақ шарты, ойын сипаты, ойнаушылар саны мен  олардың көңіл-күйіне тәуелді
кезектеседі.
       Командаларға бөлу де әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады:
       1. Жетекші күштері бойынша шамалас командаларды құру қажет етілетін
жағдайлада ойнаушыларды өз қарастыруы бойынша командаларға бөледі. Мұндай
тәсіл жоғары сыныптарды күрделі қозғалмалы және спорттық ойындарды өткізу
кезінде жиі қолданылады. Командаларды  құруға ойнаушылар қатыстырылмайды.
      2. Командаларға ойнаушыларды бөлудің басқа тәсілі оқышылады бір
шеренгаға тұрғызып, бір-екіге саналту, бірінші нөмірлілер-бір команданы,
екіншілері-басқасын құрады. Осы тәсілімен бірнеше команда құруға болады.
 Осылайша жылдам бөлу уақыт бойынша шектелген сабақ үшін де мақсатты
бағыттылы, алайда мұндағы бір кемшілік командалар күштері бойынша  шамалас
емес.
      Командалар капитандар ролі өте зор: олар тұтасымен барлық команданың
және жеке ойыншылардың тәртіптеріне жауап береді. Капитанға командадағы
ролдерді бөлуге, ережелер мен тәртіптің сақталуын басқаруға құқық беріледі.
Ол жетекшінің тікілей көмекшісі болып табылады.
      Капитандарды ойнаушылардың өздері таңдайды немесе оларды жетекші
белгілейді. Ойнаушылар капитанды өздері таңдаса ,олар обьективті түрде
бірін-бірі бағалауға үйренеді, ал капитан ойнаушылар сенімін саналы
қабылдап, өз жауапкершілігін мойындайды. Егер ойнаушылар жеткіліксіз
ұйымдастырылған немесе бір-бірін жетік танымаса жетекші капитандарды өзі
таңдайды. Кейде тәрбиелік мақсаттарда капитандарды пассивті ойыншылар
немесе жеңілқозатын, тұрақсыздар арасынан таңдайды, ал осы арқылы мінез
құлықтың қажетті сипаттарын қалыптастырады.
      Әдетте алдымен командаларды құрады, содан кейін ғана капитандарды
тағайындайды.
      Үнемі бірқалыпты қалыптасатын командаларда капитандар қайта-қайта
тағайындалады.
      Әрбір ойын үшін жетекші ережелердің орындалуын қадағалайтын, ойын
нәтижелерін ескеретін, сонымен бірге инвертарларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері
Баланың физиологиялық және биологиялық дамуы
Бір жасар балалардың денесінің дамуы
1 жасқа дейінгі балалардың физикалық және нервтік психикалық дамуын бағалау
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Ƃаланың физикалық дамуын бағалау
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Балалардың физикалық және психикалық даму көрсеткіштері
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Пәндер