Күш қабілеттерінің маңызы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-
қозғалысы қабілеттерінің дамуы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... .. 9
1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Спортшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2   ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 41
2.1 Зерттеудің міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 41
2.2 Жас волейболшылардың жарыстағы қозғалыс   белсенділігінің ерекшеліктері
және дене қасиеттерінің даярлығының құрылымы ... ... ... 48
2.3 Жас волейболшылардың дене қасиеттерін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
65

КІРІСПЕ

Спорттық жаттығу өзіне даярлықтың негізгі бөлімдерін немесе
салыстырмалы түрде дербес қырларын: техникалық, дене қасиеттері,
тактикалық, психологиялық, теориялық және интегралдық қырларын қосады
[9,13,28].
Осындай құрылым спорттық шеберліктің құрамдас бөліктері туралы
түсінікті ретке келтіреді, оларды жетілдіру тәсілдері мен әдістерін,
спорттық жетілдірілу процесін басқару мен бақылау жүйесін бір жүйеге
келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте даярлықтың қырларының әрқайсысының оның басқа қырларының
жетілгендік дәрежесіне байланысты болатындығын, олармен анықталатындығы
және, өз кезегінде, олардың деңгейін анықтайтындығын ескерген жөн болады
[11,23,45,].
Зертеудің өзектілігі.Волейболдағы жекелеген қимыл-қозғалыс
қабілеттерінің, қасиеттерінің көрініс табуы айтарлықтай алуан түрлі,
сондықтан олардың әрқайсысын дамыту мен тиімді жетілдіру тиісті ғылыми
негіздеуді талап етеді. Басқа да спорттық ойындардағы секілді, волейбол
ойнау барысында қарсыластардың күтпеген әрекетеріне жылдам жауап қайтару,
ойынның жекелеген техникалық тәсілдерін орындаған кезде жоғары жылдамдық
қасиеттерін көрсету, бағыт-бағдар алу жылдамдығы, уақыттың қатаң тапшылығы
жағдайларында орын ауыстырулардың, шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттердің
қажеттілігі, командадағы серіктерімен күрделі өзара әрекеттесу мәселелері
үнемі туындап отырады. Онымен қоймай, волейболдағы жарыс ережелерінің соңғы
өзгерістері ойынның анағұрлым қарқынды болуын қарастырады [42,40]. Бұл,
ақыр соңында, арнайы дене қабілеттерін даярлау процесін күрделендіре түседі
және даярлаудың спортшыға профильдік дене қасиеттерін дамытудың айтарлықтай
жоғары көрсеткіштеріне ие болуға және олардың жүзеге асырылуын ойын
техникасымен әрі өзара байланыста қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
әдістемесін жасап шығару қажеттігін тудырады [50,17].
Волейболшылардың арнайы дене қабілеттерінің даярлығының қырларын
зерттеуге айтарлықтай көп жұмыстар арналған [5,17,18,41,37 және т.б.],
алайда осы саладағы ғылыми зерттеулер негізінен алғанда волейболдағы
спорттық жетістіктерге әртүрлі шамада әсер ететін даярлықтың немесе қимыл-
қозғалыс қабілеттерінің жекелеген қырларын зерттеуге бағытталған. Мысалы,
бірқатар авторлар [10,37,47,45] жылдамдық көрсеткіштерін
зерттеген,жұмыстарда волейболшылардың күш қабілеттері туралы мәліметтер
келтірілген, сонымен қатар секіргіштіктің, төзімділіктің әр түрлерінің,
координациялық қабілеттердің көрсеткіштері де зерттелді [50,19]. Іріктеп
алу, жаттығу әдістемесі мәселелеріне және басқа да аспекттерге белгілі бір
көңіл аударылды [5,3,23,27,].
Алайда қолда бар мәліметтерді бір жүйеге келтіру және пайдалану,
олардың фрагменттігіне орай, мүмкін болмай отыр. Онымен қоймай, орындалған
зерттеулердің көпшілігі өткен жүзжылдықтың 70-80-ші жылдарына жатады және
біліктілігі жоғары ересек спортшылардың контингентін тарта отырып
жүргізілген.
Әдістемелік материалдар мен практикалық тәжірибені талдау көрсетіп
отырғанындай, жас волейбошылардың дене қабілеттерін даярлау негізінен
алғанда, кей кездері жарыс әрекетінің спецификасын ескермей және дене
қабілеттерін дамытудағы жаттығудың әдістері мен тәсілдерін ұтымды
пайдаланбай, сауықтыру және жалпы білім беру міндеттерін шешуге тірек
артады.
Баяндалған жайттарға орай, жас волейбошылардың дене қабілеттері
даярлығының құрылымын зерттеу және осы негізде дене қабілеті қасиеттерін
дамыту процесін оптималдандыру жолдарын қалыптастыру өте өзекті мәселе
болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне себепші болды.
Жұмыстың мақсаты – жас волейбошылардың дене қабілеттерінің даярлығын
арттыруға бағытталған жаттығу процесін жетілдіру.
Зерттеу нысаны – жас волейбошылардың жарыс әрекеті және жаттығу
процесі.
Зерттеу тақырыбы – дене қабілеті даярлығының құрылымы және жас
волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін анықтайтын дене
қабілеттерін дамыту әдістемесі.
Гипотеза: жаттығу процесін дене қабілеті даярлығының құрылымын
сипаттайтын дене қабілеттерімен өзара байланыс негізінде бағдарламалау дене
қабілеті даярлығын оптималдандыруға және жас волейбошылардың жарыс
әрекеттерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп
болжанды.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы педагогикалық тәсілдер мен
әдістерді жас волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін арттыру
үшін мақсатты бағыттай отырып қолдануға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасап
шығарудан тұрады.

1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТТЕРІ

Спортшыны жетілдірудің нақтылы кезеңіндегі жаттықтыру процесінің
мақсаты мен міндеттерін қою тиісті спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін
нақтылы спортшыға қандай қабілеттер мен қасиеттер, сонымен қатар олардың
дамуының қандай деңгейі қажет екендігін анық, ең жақсысы сандық көрсетуге
негізінде мүмкін болады [9,26,30].
Арнайы әдебиетті талдау спорттағы жетістіктер деңгейі техникалық, дене
қабілеттері, психологиялық және тактикалық даярлыққа байланысты болып
келеді деп пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген нәтижені
көрсету үшін даярлықтың аталған қырларының дамуының белгілі бір деңгейіне
қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың спорттық мамандану мақсаты
болып табылатын, бұлшық ет әрекетінің нақтылы түріндегі интегралдық көрініс
табуын қамтамасыз ету де маңызды болып келеді. Даярлықты осылайша түсіну
спорттық жетістіктердің құрамдас бөліктері туралы салыстырмалы түрде анық
түсініктерді құруға көмектеседі, спорттық жетілдірудің жетекші бағыттарын
анықтауға, спортшы организміне әсер ету әдістері мен тәсілдерін бір жүйеге
келтіруге ықпал етеді.
Сонымен бірге спорттың дамуының қазіргі кезеңінде спортшылардың
даярлығының құрылымын анықтау үшін жалғыз логикалық қорытындылар мен
салыстырмалы түсініктер жеткіліксіз бола бастады. Спорттық жетістіктердің
деңгейін анықтайтын негізгі қасиеттер мен қабілеттерді анық та дәл анықтау,
олардың спортшының мамандануына, сонымен қатар оның жасы мен біліктілігіне
байланысты ролін анықтау қажет, бұған әрбір нақтылы спортшыдағы осы
қасиеттер мен қабілеттердің даму дәрежесін сандық бағалау әдістемесі
жәрдемін бере алады.
Алайда бұл міндеттер спорттың алуан түрлеріндегі даярлықтың құрылымы
техникалық, тактикалық, дене қасиеттері даярлығы секілді түсініктердің
негізінде ғана талданатын болған кезге дейін толыққанды шешіле алмайды. Бұл
даярлықтың бір де бір қырының таза күйінде көрініс таппайтындығымен және
өлшене, ескеріле алмайтындығымен түсіндіріледі.
Эксперименттік зерттеулерде қандай да бір спорт түрінің ұтымды
техникасын меңгерудің қимыл-қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың,
икемділіктің, ептілік пен төзімділіктің тиісінше дамуынсыз мүмкін
болмайтындығы сан мәрте расталып шыққан. Аталған қасиеттердің даму деңгейі
қимыл-қозғалыстардың ұтымды түрін, алуан түрлі фазалардағы күш салудың оған
адекватты дәрежесін, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруді, қимыл-қозғалыс
дағдысының қалыптасу жылдамдығын, оның тұрақтылығын және өзгеріп отырған
жағдайларға бейімделгіштігін анықтап отырады. Екінші жағынан алатын болсақ,
күш, жылдамдықтың даму деңгейі, егер олар берік техникалық негізге: қимыл-
қозғалыс әрекеттерінің пішіні бойынша ұтымды және үйлестіруші құрылымына,
үнемді техникасына негізделмесе, функционалдық жүйелердің мүмкіндіктері
өздігінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, төзімділіктің де
көрініс табуын қамтамасыз ете алмайды [41,47,51].
Осылайша, спорттық жаттығу барысында келесідей негізгі міндеттер
шешімін табуға тиіс: таңдап алынған спорт түрінің техникасы мен тактикасын
меңгеру; қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру және организмнің жарыс
жаттығуларының табысты орындалуын дәне жоспарланған нәтижелерге қол
жеткізілуін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктерін
арттыру; қажетті моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу; арнайы
психикалық даярлықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; табысты жаттығу және
жарыс әрекеті үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық тәжірибені
иемдену.

1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы

Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып
табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті,
жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді
дамытуға бағытталған. Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы және
арнайы болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты
бөліп көрсетуді ұсынады [50, 48, 46, 52].
Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі алуан
түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және бір мезгілде
пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы
көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге
қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен
тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады.
Жалпы дене қабілеті даярлығының нәтижесінде спортшы иемденген
функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты жетілу
үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, мақсатты
бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық нәтижелерге
қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды.
Қосалқы дене қабілеті даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының
негізінде құрылады және спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамытуға бағытталған жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті
арнайы негіз жасап береді. Осындай даярлық әртүрлі ағзалар мен организм
жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде
жүйке-бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді
бастан өткеруге және олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері
жетілдіріле түседі [7].
Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің
спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын
талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде
осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей
алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер
топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға
тиіс[6,15,34, 51,].
Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен
шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің
динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде
жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп
алу қажет.
Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің
саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де
дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың
күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді
орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар
алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар
тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық
өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді
қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады.
Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан
қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне –
жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар
координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.
Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс
қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық
қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді.
Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының
деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механихмдері туралы танымдар
айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді
зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай
жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере
отырып қарауға мүмкіндік берді [18, 17, 15 және т.б.]. мысалы, қысқа
қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта
шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені
жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза
таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр.
Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның
ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан
дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін
шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін:
жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті
(координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған.
Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең
таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар
мен кейбір қосымша белгілер бойынша топтастыруға негізделгендігімен де
түсіндіріледі [23, 15].
Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін
белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап көрсетіледі. Мұнда маңызды
рольді бұлшық ет қызметінің организмнің энергетикалық ресурстарының басым
күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына және таңдамалы қайта
бөлінуіне, пластикалық процестердің реттелуіне және организмнің қарқынды
бұлшық ет қызметіне, әрекетіне ұзақ мерзімді бейімделуінің құрылымдық
негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін қайта құру
ойнайды [6,10,25,].
Дене қасиеттеріне теориялық қарау спорттық ғылым мен спорттық
практикадағы көптеген ашық мәселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне
іріктеуде, спорттық бағдар алу мен мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне
қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жөн.
Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы потенциалдарын бағалау
мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып табылғанда ғана оптималды болып
табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің негізгі бағалаулары көбінесе
ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар дәлелсіз асыра бағалаулармен және
арнайы жаттығудың жекелеген үлгілерімен әуестеніп кетумен байланыстырылып
отырды. Мысалы, күшті арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда
адекватты емес (жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. өзге теріс әсерлер
кезінде ойыншы өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін
дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал
етті және техникалық дағдылардың жетілдірілуін күрделендіре түсті.
Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда
ойыншыларының тең техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы жақсырақ
болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан қозғала
бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады,
алайда жуық арада техникалық және күш даярлығы тең екі команда кездескен
кезде жылдамырақ ойыншылары бар және жылдамырақ ойнайтын команда жеңіп
шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның жаттықтырушысы әрбір дене
қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа қасиеттермен өзара байланыста
қарастыруға тиіс.
Әдебиетте және практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны
қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің әрқайсысын тым үлкен етіп
жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып
қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың
барлығын қамти алмай отыр.
Негізгі дене және қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының
ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін,
осы қасиеттің үшеуі де әртүрлі және өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер
ретінде көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып
табылатындықтан, қимыл әрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен
қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің пікірімен келісіп, төзімділік
шын мәнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана
табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де
болады. Дәл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік және
басқалары әлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, әлде негізгі дене
қасиеттерінің кешендері болып табылады, әлде мүлдем дене қасиеттеріне емес,
нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген
пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің [15] және басқа да
авторлардың мәліметтері, әсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін және
даму нұсқасын ескере отырып, нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік
беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді.
Дипломдық жұмыста автор дене қабілеттерін тәрбиелеудің қазіргі
теориясы мен әдісінде қабылданған терминологияны ұстанада [2, 8, 18 және
т.б.]. Дене қасиеттері және қимыл қасиеттері терминдерін автор маңызы
бірдей ретінде қолданады. Дене қабілеттерін тәрбиелеу термині дене
қабілеттері жаттығуларын адамның дене қабілеттерін (қозғалыс) дамыту үшін
пайдаланудың бағытталған педагогикалық процесін белгілеу үшін қолданылады.
Күш қабілеттерінің маңызы
Күш қабілеттері – бұл осылардың негізінде күш түсінігі жатқан,
адамның белгілі бір қозғалыс әрекетіндегі алуан түрлі көріністерінің
кешені. Күш адамның бұлшық еттеріне күш салудың есебінен сыртқы кедергіні
жеңе білу немесе оған қарсы әрекет жасау қабілеті ретінде анықталады [33,
26, және т.б.].
Іс жүзінде спорттың барлық түрлеріндегі жетістіктер күш қабілеттерінің
даму деңгейіне байланысты болып келеді. Алайда спорттың әр түрі және
нақтылы спорт түрі күштің динамометриялық көрсеткіштерімен, көрініс табатын
күш салулардың қуатымен, жарыс әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті күш
салуды ұстап тұру уақытымен сипатталатын жекелеген күш қабілеттерінің
дамуындағы белгілі бір ара қатынасты да талап етеді [3, 10, 46, 17]. Күш
қабілеттерін өзіндік күштік, жылдамдық-күштік және күштік төзімділік етіп
бөлу қабылданған. Кейбір авторлар күштік ептілікті де бөліп көрсетеді
[10,16].

Жылдамдық қабілеттерінің көрініс табуы
Спортшының оның жылдамдық қабілеттерін тікелей анықтайтын дене
қасиеттерін сипаттау үшін негізінен алғанда жалпылаушы жылдамдық термині
қолданылды. Соңғы онжылдықтарда жылдамдық қабілеттері термині жиірек
қолданыла бастады. Бұл жылдамдықтың көрініс табуының нақтылы түрлерін
зерттеулердің олардың айтарлықтай айырмашылықтарын тауып отырғандығымен
түсіндіріледі.
Жылдамдық – бұл адамның қозғалудың жылдамдық сипаттамаларын, сонымен
қатар қозғалу реакцияларының уақытын тікелей анықтайтын морфофункционалдық
қасиеттерінің кешені [17].
Әртүрлі спорттық жаттығулардың нәтижелілігін анықтайтын жылдамдық
қасиеттері келесі көрсеткіштердің көмегімен бағалана алады [15, 16, 19]:
1) спецификалық реакциялардың уақыты;
2) арнайы-даярлық немесе жарыс жаттығуларындағы максималды жылдамдыққа
қол жеткізу уақыты;
3) дәл осы жаттығулардағы максималды жылдамдықтардың деңгейі.
Волейболда жылдамдық қасиеттерінің тежелу жылдамдығы секілді
спецификалы көрініс табуы қолданылады, бұл лезде тоқтау және қозғалысты
басқа бағытта бастау қажеттігімен байланысты болып келеді.
Төзімділіктің спецификалылығы
Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жүйесінде төзімділік өзінің
құрылымы, өлшеу тәсілі және даму әдістемесі бойынша адамның өзге де қимыл-
қозғалыс қабілеттерімен салыстырғанда ең көп құрамдас бөлікті болып
табылады.
Төзімділіктің жоғары деңгейі іс жүзінде бір старт, жүгіру немесе ойын
процесінде де, спорттың жекелеген түрлерінде ұзақ уақыт жалғасатын барлық
жарыс процесінде де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін,
сонымен қатар ұзақтығы бойынша алуан түрлі циклдарда тұтас жаттықтыру
процесін тиімді жүргізу мақсатында жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтап
қалу үшін де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін
спорттың барлық түрлерінде қажет.
Жаттығу және жарысу қызметіндегі, әрекетіндегі төзімділіктің жоғары
деңгейі арта түсетін шаршап-шалдығуды жеңіп шығуға ықпал етеді. Сондықтан
спортшының төзімділігін көбінесе артып келе жатқан шаршап-шалдығуға қарсы
тұру қабілеттілігі ретінде анықтайды [21,15 және т.б.].
Спортшының арнайы төзімділігі осылардың ара қатынасы әртүрлі спорт
түрлерінде, оның ішінде волейболда да спецификалы болып келетін, жекелеген
құрамдас бөліктерден тұратын, құрылымы бойынша күрделі қимыл-қозғалыс
қасиеті болып табылады.
Сондықтан спортшының арнайы төзімділігі спорттың таңдап алынған
түрінде нәтижеге қол жеткізу үшін функционалдық мүмкіндіктерді максималды
шоғырландырған кезде, спецификалы жарыс әрекеті жағдайларында шаршап-
шалдығуға қарсы тұру қабілеті болып табылады. Алайда, әсіресе ұзаққа
созылатын жаттығу әрекеттері жағдайларында, негізгі бұлшық ет топтарының
көпшілігі көбінесе майлардың ыдырауы есебінен өтетін аэробты энергиямен
қамтамасыз етілу режимінде әрекет жасаған кезде, жоғары жұмысқа
қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында спортшылар жалпы төзімділік деп
аталатынға ие болуға тиіс. Ол оргнизмнің әрекеттің алуан түрлерінде
төзімділіктің көрініс табуының спецификалы емес негізін құрайтын
функционалдық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жалпы
төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып энергиямен қамтамасыз етудің
аэробты жүйесінің мүмкіндіктері, функционалдық және биомеханикалық
үнемділік табылады [26,23,50,15].

Спортпен шұғылданған кездегі иілгіштік және оның түр тармақтары
Иілгіштік деп буындардағы қозғалғыштықты түсіну қабылданған [46, 47,
51, 17]. Ол қимыл-қозғалыстарды үлкен амплитудамен орындау қабілетінен
көрініс табады. Иілгіштіктің күрделірек анықтамасын Л.П.Матвеев ұсынған –
бұл дене құрылымдарының, негізінен алғанда дене буындарының қозғалыс
амплитудаларының шектерін анықтайтын бұлшық ет және байланыстырғыш
құрылымдарының серпімді созылғыштығының қасиеті. В.Н.Платоновтың
пікірінше, иілгіштік термині бүкіл дененің буындарындағы қосынды
қозғалғыштықты бағалау үшін қолдануға жарамды. Ал енді жекелеген буындар
туралы сөз болып отырған кезде, олардағы қозғалғыштық туралы, мысалы,
балтыр – табан буындарындағы, иық буындарындағы және т.с. қозғалғыштық
туралы сөз айтқан дұрысырақ болады.
Спортшылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенінде иілгіштік жоғары
орын алып жатады, ал спорттың көптеген түрлерінде спорттық нәтиже күш және
жылдамдық қасиеттерінен кем емес дәрежеде иілгіштік деңгейіне байланысты
болып келеді.
Иілгіштік негізінен алғанда бұлшық еттер мен байланыстардың
созылғыштық қасиетерімен, буындардың құрылысымен, сонымен қатар бұлшық ет
тонустарының жүйкелік ретке келтірілуімен анықталады. Қозғалыс
амплитудалары сонымен қатар антагонист бұлшық еттердің жиырылуымен де
шектеледі [21].
Көрініс табу тәсілі бойынша бірқатар шетелдік мамандар иілгіштікті
динамикалық және статикалық деп бөледі [17]. Динамикалық иілгіштік
қозғалыстардан, статикалық – дене қалпынан көрініс табады. Иілгіштіктің
осындай жіктемесі статикалық жаттығулардың көмегімен алынған иілгіштіктің
динамикалық жаттығуларда қаншалықты жақсы көрініс табатындығы туралы
сұраққа жауап беруді қарастырады. Әр түрлі буындардағы қозғалғыштықтың
көрініс табуы бір бірімен корреляцияланбайды. Бұл дегеніміз спортшыда
балтыр-табан буынындағы қозғалғыштық тамаша болып, мәселен, шынтақ
буынындағы қозғалғыштығы орташа болуы мүмкін дегенді білдіреді.
Координациялық қабілеттердің ролі
Волейболшылардың спорттық жаттығуында координациялық қабілеттердің
даму мәселесі дене қасиеттерін, ең алдымен ептілік секілділерінін тәрбиелеу
мен қозғалыс әрекеттерін, мысалы, бағыт-бағдар алу мен ырғақтық қабілеттер
арқылы басқару мүмкіндігі арасында аралық, шекаралық секілді орын алып
жатады [12, 15, 17,].
Спорттық ойындарда, оның ішінде волейболда да, болуы мүмкін және аяқ
астынан туындайтын жағдайларда жүзеге асырылатын әрекет көлемі айтарлықтай
арта түсті. Бұл тапқырлықтың, реакция жылдамдығының, зейін концентрациясы
мен көңілді басқаға аудару қабілетінің, қимылдардың уақыттық, кеңістіктік,
динамикалық дәлдігінің және олардың биомеханикалық ұтымдылығының көрініс
табуын талап етеді. Атап көрсетілген қасиеттер немесе қабілеттер дене
қабілеттерін тәрбиелеу теориясында ептілікпен – адамның жаңа қимыл-қозғалыс
әрекеттерін жылдам, шұғыл, мақсатқа лайықты, яғни ең ұтымды меңгеруге,
өзгеріп отыратын жағдайларда қимыл-қозғалыс міндеттерін табысты шешуге
қабілеттілігімен байланыстырылады. Ептілік – осының даму деңгейі көптеген
факторлармен анықталатын күрделі, кешенді қозғалыс қасиеті. Қыртыстық жүйке
процестерінің жоғары дамыған, бұлшық ет сезімі деп аталатын және
иілгіштік қасиеттерінің ең көп маңызы бар. Координациялық байланыстардың
қалыптасу шұғылдығы және бір қондырғылар мен реакциялардан өзгелеріне
көшудің жылдамдығы иілгіштіктің көрініс табу дәрежесіне байланысты болып
келеді [167, 175, 174, 195 және т.б.].

1.2 Спортшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік
негіздері

Күштің дамуы денсаулықты нығайту және ұстап отыру үшін жалпы дене
қабілеті даярлығы, дене тұрқының пішіндерін жетілдіру, адамның бұлшық
еттерінің барлық топтарының күшін дамыту және негізгі жарыс жаттығуларын
орындаған кезде ең көп маңызға ие болатын бұлшық ет топтарыныңкүш
қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығы
барысында жүзеге асырыла алады. Осы бағыттардың әрқайсысында осыларды осы
ұстанымға қарай шешу қажет болатын, күш пен міндеттерді дамытуға ұстанымды
анықтайтын нақтылы мақсат қойылады. Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің
белгілі бір әдістері мен тәсілдері іріктеп алынады.
Спорттық жаттығуда қолданылатын, күшті дамыту тәсілдерін шартты түрде
барлық спорт түрлері үшін ортаққа және спорттың жекелеген түрлері үшін
спецификалы деп бөлуге болады.
Ортақ күш бағытындағы тәсілдер:
1. Сыртқы заттардың: штанганың, жиналмалы гантельдердің, іші
толтырылған қаптардың, серігінің салмағын және т.б. салмағын жеңумен
байланысты жаттығулар;
2. Өз денесінің салмағынан ауырлатылған жаттығулар;
а) бұлшық етке күш түсу өз денесінің салмағының есебінен жасалады
(салбырап тұрып тартылу, тіреліп жатып итерілу, тіреліп, салбырап тұрып
тепе-теңдікті ұстап тұру);
ә) өз денесінің салмағы қосымша тіректі пайдалану есебінен азаяды;
б) өз денесінің салмағы сыртқы заттардың салмағымен арта түседі;
в) бұларда өз денесінің салмағы еркін құлаған дененің инерциясы
есебінен арта түсетін соққылы жаттығулар (секіру жаттығулары, сонымен қатар
алға және жоғары секірулердің комбинациялары).
3. Жалпы түрдегі тренажер қондырғыларын пайдаланумен байланысты
жаттығулар.
4. Изометриялық режимдегі статикалық жаттығулар:
а) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдалана отырып, ерік-жігер
күш салуларының есебінен жасалады (алуан түрлі тіректер, ұстап тұрулар,
қарсы әрекеттер және т.с.);
б) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдаланусыз, ерік-жігер күш
салуларының есебінен жасалады.
Жаттығудағы әсер етудің күшке бағытталғандығы бұлшық еттерге күш
түсірудің жағдайларымен, шарттарымен қиындатылған жарыс және арнайы-даярлық
жаттығуларын қолдана отырып қамтамасыз етіледі. Мұндайларға спецификалы күш
бағытындағы келесі тәсілдерді жатқызуға болады:
1. Сыртқы ортаның жағдайларымен жасалатын күш түсулерді пайдалана
отырып жасалатын жарыс жаттығулары – тауға қарай, терең қар бойынша, бос
құм бойынша, желге қарсы жүгіру және орын ауыстыру және т.с.
2. Күш түсірумен, оның ішінде ауыр снарядтармен жасалатын жарысу және
арнайы-даярлық жаттығулары.
3. Серпімді заттардың – эспандерлердің, резеңке жгуттардың, серпімді
доптардың және т.с. кедергілерін жеңе отырып жасалатын жаттығулар.
4. Серігінің қарсы әрекет жасауымен жасалатын жаттығулар.
5. Секіру жаттығулары.
6. Арнайы күш тренажерлерінде жасалатын жаттығулар.
Күшті тәрбиелеу әдістерін шартты түрде төрт топқа біріктіруге болады.
Бірінші топ – шекті емес күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама
жаттығулар әдістері. Екінші топ - шекті және шектіге жуық күш салуларды
қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Үшінші топ –
дененің статикалық қалпын пайдалана отырып жасалатын қайталама жаттығулар
әдістері және төртінші топ – күш қабілеттерін тәрбиелеудің спецификалы емес
әдістері.
Жылдамдық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын дамытуға жарыстың старттық
фазасында немесе оның барысында белгілі бір белгіге немесе сигналдық мәні
бар жағдайға алдын ала анықталған әрекетпен сол сәтте жауап беруді талапт
ететін спорт түрлерінде үнемі көңіл аударылып отырады. Мұндайларға
волейболдағы доп беру немесе шабуылдаушы соққы жасау, старттық ату,
төрешінің ысқырығы және т.б. жатады.
Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесінің
негізі болып кенеттен туындайтын, бірақ алдын ала белгіленген
тітіркендіргішке, реакция берудің мейлінше аз уақытын ұстана отырып,
қайталама реакция беру табылады. Әдетте реакция беру оқшау емес, нақтылы
бағытталған қозғалыс әрекетінің немесе оның элементінің (старт, шабуылдаушы
немесе қорғаныс әрекеті, ойын әрекеттерінің элементтері және т.с.)
құрамында көрініс табады. Таңдап алынған спорт түрінде жаттығудың бастапқы
кезеңдерінде қарапайым реакциялар уақытының белгілі бір дәрежеге дейін
қысқаруына жылдамдық қасиеттерінің көрініс табуының қарапайым және күрделі
түрлерін қосатын жаттығулар ықпал етуі мүмкін. Бұл әртүрлі спорт түрлері
өкілдерінде оны тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде спринтерлік
жаттығулардың, қозғалмалы және спорттық ойындардың қолданылуын ақтайды. Бұл
ретте, егер спортшы осы қасиеттің көрініс табуының максимумын талап
етпейтін спорт түрінде маманданса, қарапайым қимыл реакциясының
жылдамдығының даму дәрежесі көбінесе спортшыға жеткілікті болып келеді
[37,49,10].

1.3 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі

Жіктеу – бұл ұқсас белгілері негізінде топтар бойынша іс-қимылдың бірыңғай
амалдары мен әдістерін бөлу болып табылады.
Ойын әдістері іс-қимылдарын ұйымдастырудың белгілері бойынша оны екі
бөлімге бөледі: шабуыл әдісі мен қорғаныс әдісі. Өз кезегінде бұл
бөлімдердің өзі екі топтан тұрады: ауысу әдісі мен допты иемдену әдісі
(қарсы тұру әдісі). Әр топ бірнеше амалдардан құралады: ауысу әдіснде төрт
топ бар (сөрелік тұрыс, жүру, жүгіру, серпілу), шабуыл әдісінде үш топ бар
(доп тастау, доп беру, шабуыл соққысы), қорғаныс әдісінде екі топ (доп
қабылдау, тосқауыл) бар.
Әдістік амалдар – бұл құрылымы бойынша ұқсас және біркелкі міндеттерді
шешуге бағытталған тиімді іс-қимылдар жүйесі. Әрбір әдістік амал іс-
қимылдың орындалу сипаты бойынша бір-бірінен ерекшеленетін іс-әрекет әдісін
қарастырады. Бұл деңгейде негізгі жіктеуші белгілер: соққы қимылдарына
қатысатын екі қолдар, допты ұратын қол саусақтарының орыны, ойыншының
торға қарай орналасуы және т.б. әдістердің көптүрлілігі әдістердің
сипаттарын жекелей қарастырып, әдісті орындау шартының түрлі амалдарына
қарай қимылдарды сипаттайды, яғни: тірекке қатынасы, аталған амал орындалар
алдындағы доп беру орындары және т.б. Әдістердің нұсқалары доптың нәтижелік
ұшу жолының белгілері бойынша әдістік амаладың орындалу ерекшелігін
сипаттайтын, жіктеудің қорытынды деңгейі: ұшу бағыты, ұшу ерекшелігі және
т.б. Бұл деңгей амалдардың тәсілдік орындалу ерекшелігін сипаттайды.
Жіктеудің әр деңгейінің белгілері бойынша мүмкіншіліктерді пішіндік
таңдау әдісін пайдалана отырып, барлық әдістік амалдардың толық тізімін
алуға болады, бұл оқу-жаттығу барысы үшін өте маңызды. Демек, жылдық
айналымның сатылары мен кезеңдері бойынша түрлі қызметтегі ойыншылардың
әдістік дайындығын бағдарлау мүмкіндігі туындайды, дайындықтың басқа
жақтарымен (дене, тәсілдік) әдістік дайындықтың өзара байланысы көрінеді.
Әрбір әдістік амал іс-қимыл жүйесін қарастырады, яғни өзара тығыз
байланысты (жүйе құрылымы) бөліктерден (жүйе құрамы) құралған бір бүтін
дүние болып саналады. Әдістерді зерттеудің жүйелік-құрылымдық амалы жүйе
құрамы мен оның құрылымын талдауды қарастырады: кинематикалық (уақыт пен
кеңістікіс-ұимылдың өзара әрекеті), динамикалық (белсенді және реактивті
күштердің пайда болуы және олардың өзара қарым-қатынасы), фазалық (іс-
қимылдың жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті мен бірізділігі) және т.б.
Фаза - бұл белгілі бір шегі бар, айқын міндетті атқаратын іс-қимылдың уақыт
бойынша жасалу жүйесі. Волейболдың әдістік амалдарын қарастыратын біркелкі
іс-қимылдарда дайындық, негізгі (жұмыс кезеңі) және қорытынды кезең болып
бөлінеді. Бастапқы қалыппен бірге ол әр амалдың іс-қимыл құрамын құрайды.
Бастапқы қалыптың негізгі міндеті (мұнда, сөрелік тұрыс туралы) келесі
ауысуға барынша дайындық жасау болып табылады.
Сөрелік тұрыс аяқты тізеден бүгу төмен (жамбас пен тізе арасындағы бұрыш
кем дегенде 90º), жоғары (135º-тан жоғары) және орта (90-135º) болып
бөлінеді. Дайындық кезеңінде іс-қимыл аталған әдістік амалдың маңызды
міндетін іске асыру үшін жақсы жағдай тудыруға бағытталған. Ойыншы ұшқан
доппен ұшырасу нүктесіне ауысады және кездескендегі соғу қимылын орындау
үшін лайықты қалыпқа (жұмысшы қалпына) келеді.
Негізгі (жұмысшы) кезеңінде іс-қимыл әдістік амалдардың маңызды
міндеттерін жүзеге асыруға, яғни ойыншының доппен кездескендегі соғу
қимылымен өзара үйлесуіне бағытталған.
Қорытынды кезеңдегі әдістік амалдарды орындау аяқталып, ойыншы жаңа
қимылдарға көшеді.
Кез-келген кезең одан да кіші бөліктерге, яғни кіші кезеңдерге
бөлінеді (мысалы, әдістік амалдардың дайындық кезеңіндегі жүгіріп келу мен
секіру – шабуыл соққысы).
Волейболшының іс-қимылы сыртқы ортаның белсенді ықпалы арқылы өтеді,
себебі көп жағдайда бұндай ықпалдар бұзушы әсер ретінде болып, әдістік
амалдардың орындалу нәтижесін нашарлатады (сапасы, дәлдігі, т.б.). Яғни
шектен тыс шудың әсері нәтижені 10 %-ға, нашар түскен жарық 20%-ға,
ойыншының шаршағаны 40%-ға, қозғалыс екпінін өзгерту 26%-ға нашарлатады,
т.б. ойыншының шеберлігі жетілген сайын бұзушы ықпалдардың әсері азаяды.
әдістік амалдарды орындау тұрақтылығы, сол арқылы нәтиженің тұрақтылығы
әрбір амалдың негізгі (жұмысшы) кезеңнің орындалуымен байланысады (негізгі
сипаттардың өзгермелі коэффициенті – 11-13%). Кез-келген әдістік амалдың
дайындық кезеңінің негізгі міндеттерінің бірі аталған амалдың ойынның
өзгермелі жағдайларына бейімделуі болып табылады, осыған байланысты оның
өзгеру деңгейі өте жоғары (негізгі сипаттардың өзгермелі коэффициенті – 51-
54%).
Бұл сәттердің барлығын әдістік амалдарды оқыту мен оны жетілдіру
барысында ескеру қажет.
Ауысу әдісі
Кез-келген әдістік амалды атқаратын кезде волейболшы алаңда орын
ауыстырады. Бұндай орын ауыстырудың негізгі мақсаты - әдістік амалдарды
орындау үшін орын таңдау. Ауысу әдісі сөрелік тұрыс пен ауысудың түрлі
әдістерін қарастырады.
Сөрелік тұрыс. Оның міндеті – ауысуға барынша дайындық. Егер ойыншы
қимылды бастауға жеңіл болатын қалыптағы тұрақсыз қалыпқа келгенде бұл
мүмкін болады. Қажетті тұрысты орындау үшін шағын тірек алаңы мен аяқты
тізеден сәл бүгу керек. Ол қимыл басында бір аяқпен тіректен тебілуді
орындап, дененің ЖСО-ғын тірек шегінен тез шығарып және күш салмастан кез-
келген жағына тез орын ауыстыруды бастауы қажет.

Орнықты тұрыс – бір аяқты (көп жағдайда
күшті қолға қарсы жақтағы аяқты) екіншісінің
алдына қояды. Ойыншы денесінің ЖСО тірек
алаңының ортасына, екі аяқтың ортасына
қойылады, қол шынтақтан бүгіліп, алға
ұмтылған.
Негізгі тұрыс – екі аяқ бір деңгейде
тұрып, табандар бір-бірінен 20-30 см
қашықтықта қатар қойылған. Ойыншы денесіні ЖСО
тірек орталығына ауысып, дене салмағы тізеден
бүгілген екі аяққа түседі. Тұлға алға сәл
еңкейген, шынтақтан бүгілген қол кеудеден алға
ұмтылған (2-сурет).
Орнықсыз тұрыс - екі аяқ негізгі тұрысқа бара-бар бір деңгейде
орналасқан. Ойыншы не аяқ ұшына, не табанымен толық тұрады; алайда соңғы
айтылған жағдайда дене салмағы екі аяқтың да алдыңғы үштен бір бөлігіне
түсуі мүмкін. Аяқ тізеден бүгілген, қолдар шынтақтан бүгіліп, алға
ұмтылған.
Белгілі бір қалыпта тұрып, ойыншы ауысуға дейін қозғалмай тұруы
мүмкін немесе екі аяғына кезек салмақ салып, тіпті екі аяқпен секіріп,
орнында қозғалып тұруы мүмкін, осының барлығы аяқтың бұлшықетінің іс-
қимылын белсендіріп, ауысуды тез бастауға көмектеседі. Бұндай тұрыстарды
тұрыстық және қозғалыстық деп атайды.

Сөрелік тұрыстардың ерекшеліктері мыналар:
- сөрелік тұрыс қалпынан кез-келген жаққа қозғала бастаған барлық
жағдайда қарапайым қалыпқа қарағанда, дәл, әрі тез қимыл атқаруға
болады;
- сөрелік тұрыс қалпынан бастағанға қарағанда қозғалыстық тұрыс
қалпынан қимылды бастау тез болады;
- тұрыстың ерекшелігіне қарамастан қапталға қарай қозғалу жылдамдығы
сатылық сипатта жүреді: алға-солға - оңға-артқа;
- негізгі тұрыс ең тиімдісі саналады (тұрыстық, қозғалыстық).
Түрлі әдістік амалдарды орындау барысында түрлі ойын жағдайларында
сөрелік
тұрыстың барлық түрлері пайдаланылады.
Ауысу. Алаңда ауысу жүру, жүгіру, секірумен орындалады.
Жүру – ойыншы бүгілген қадаммен ауысады. Қарапайым қадамға қарағанда
мұнда тізеден жартылай бүгілген аяқты алға жібереді. Бұл дененің ЖСО-ң тік
қалыпта тербелуін болдырмауға және әдістік амалдарды орындау үшін бастапқы
қалыпқа тез келуге көмектеседі. Қарапайым қадаммен қоса біріздіжәне
қайшылау қадамын қолданған дұрыс.
Жүгіру сөрелік шапшаңдық алумен, жақынараға ауысумен, бағыттар мен
аялдаулардың күрт алмасуымен сипатталады. Оны да жақынараға күрт ауысқанда
шапшаңдығын сақтауға көмектесетін жартылай бүгілген қадаммен орындайды.
Соңғы жүгіру қадамы ұзындығы бойынша шағын болып, шабуыл соққысындағы
секірмелі қадамға ұқсас алға ұмтылған аяғымен тежеліп аяқталады. Бұл
ауысқаннан кейін бұрылуға немесе оның бағытын күрт өзгертуге мүмкіндік
береді.
Қарғу (секіру) – тірексіз кезеңде кең қадамдау. әрине, қарғу қадамдап
немесе жүгірумен бірге жасалады. Ауысуды тез тоқтату үшін қарғумен
аяқтайды.
Допты иемдену әдісі
Доп тастау
Доп тастау допты ойынға қосатын әдістік амал. Доп тастаудағы
жекелеген әдістер амалының айырмашылығына қарамастан олардың орындалу
қимылдарында бірқатар заңдылықтар бар. Доп тастар алдында ойыншы орнықты
тұрып, сол аяғының алдына бір қадам алшақтықта оң аяғын қояды. Тізеден
бүгілген аяқтарын шамамен иық деңгейінде орналастырады. Ал дене тік оське
45 º бұрыш жасайды, сол иық оң иықтың алдына шығады, бұл келесі соққы
қимылына үлкен ықпал береді. Төменнен доп тастағанда кеуде сәл алға
еңкейеді, биіктен доп тастағанда кеуде тік қалпын сақтайды. Дене салмағы
екі аяққа тең түседі, ойыншы денесінің ЖДС-ы тірек алаңының ортасына
түседі. Сол қол шынтақтан бүгіліп, шынтақ кеудеден алшақ тұрады, ал
саусақтар сол аяқтың ұшының деңгейінде тұрады. Оң қол сермеуге дайындалады.
Доп тастаудағы маңызды нәрсе - допты лақтыра білу. әдістегі көптеген
қателер осы доп лақтыруда кетеді және ол келесі допты соғу қимылдарына әсер
етеді. Жақсы соққыны орындау үшін мына жағдайларды сақтау қажет:
- төменнен жоғары берілген доптың ұшу жолы тік ұшуға ұқсайды, ол үшін
лақтырған кезде саусақ барлық қалпында тірекпен қатар болуы тиіс;
- доп лақтыруды қолдың толқынды қимылымен жылдамдығын бірте-бірте
үдетіп орындау қажет, яғни бұл лақтырылған доптың ұшу жолы мен
биіктігін дұрыс реттеуге көмектеседі.
Сермеу қолды алдағы соққы қимылына тиісті жазыққа артқа қарай жіберіп
орындалады, мұнда оң иықты қаттырақ артқа жібереді. Сермеумен бірге ойыншы
дене салмағын артта тұрған аяғына жібереді, дененің ЖДО-сының жобасы
тіректің артқы шегіне ауысады. Екі аяқ та тізеден бүгіледі, ал артқы аяқты
қаттырақ бүгеді. Сосын аз ғана үзіліс жасалады.
Негізгі кезеңде ойыншы соқыға қарсы қозғалады, ол денені денені тік
осьті айнала бұрып, оң иықты алға жібере орындалады. Осыдан кейін ойынға
аяқтар қосылады: тізеден бүгілген аяқтар ойыншының денесін жоғары көтереді,
оны сәл алға жіберіп және бұрылу қимылымен қатар ұратын қолға бастапқы
жылдамдық береді. Сосын оң қолды ойынға қосады: сермеу қимылымен доппен
кездесетін орынға жетеді. Қолды жіберумен бірге дене салмағын алда тұрған
аяққа түсіреді, ал дене ЖДО-ң жобасы тіректің алдыңғы шегіне түсіріледі.
Допты соғу қимылын доп алға-жоғары қатты ұшатындай етіп саусаққа күш
сала орындайды. Саусақтар допты толық қамтып, оның шығып кетпеуін
қамтамасыз етуі керек, қол мен білек соғу кезінде бірегей иінтірек құрайды.

Допты лақтыру, сермеу және соғу қимылдарының орындалу сәті үйлесімді
келеді. Бұндай үйлесімнің үш түрі бар. Бірінші жағдайда ойыншы алдымен
допты лақтырып, сосын сермеп, допты ұрады. Бұндай үйлесім жағңадан бастаған
ойыншыларға тән және тиімді емес. Екінші жағдайда ойыншы алдымен сермеп,
сосын допты лақтырып, допты соғады. Бұндай үйлесім дәл доп тастауда және
кейбір жоспарлы доп тастауда орындалады. Үшінші жағдайда доп лақтыру мен
сермеуді бір мезгілде орындап, сосын допты соғады. Бұндай үйлесім үйлестіру
жағынан өте күрделі, бірақ ұйымдастыру жағынан тиімді. Доп ұшқаннан кейін
қол қимылын жалғастырып, оны лақтыру бағытына қарай созады; ал аяқтар тік
қалпын сақтайды. Доптың ұшу бағытын бақылау үшін көз, созылған қолдың
саусақтары мен тордың жоғарғы жиегі санада тік сызық құратындай амал
пайдаланған дұрыс. Қорытынды кезеңде қолды түсірумен бірге жаңа қимылдарға
тез өту үшін алаңда қадам жасауға болады. Доп тастаудың төрт әдісі бар.
Төменнен тік доп тастау. Мұнда допты соғу ойыншы торға қарап тұрғанда
иық буынының осінен төмен орындалады. Допты бастан жоғары 0,5 м биіктікке
дейін алға қарай лақтырады. Сермеуді тірекпен қиылысқан жазықтықта артқа
және сәл жоғары орындайды. Соққы бел деңгейінде оң қолдың сермеу қимылымен
арттан-төмен-алға қарай жасалады және допты төменнен-артынан лақтырады.
Ұрғаннан кейін қолды доп тастаған бағытына қарай созып, сосын осы қалыпта
белгілейді (3-сурет).
Төменгі бүйірден доп тастау. Допты торға қырымен тұрып, иық буыны
белдеуінен төмен ұрады. Бұл доп тастауды орындаудың екі түрі бар. Жай
түрінде сермеуді тірекке шамамен 45 º бұрыш жасай иіліп, төмен-артқа
жазықтық бағытында орындайды. Бұл жерде оң иық артқа жіберіле түсіріледі.
Соққыны оң қолдың арттан-оңға-алға қарай сермеуімен орындалады, қолды
доптың астына ұратын орын бел деңгейінде болатындай етіп қояды. Допты
бүйірден-төмен қарай қолмен күш сала ұрады. Ұрғаннан кейін қолды доп тастау
бағытына қарай созып, осы қалыпты тіркейді (4-сурет). Екінші нұсқасы Доп
тастауды тәсілдік орындаудағы әдістік ерекшеліктер бөлімінде
сипатталады.
Жоғарыдан тік доп тастау. Допты торға бетімен қарап тұрып иық
белдеуінен жоғары тұстан ұрады. Допты бастан жоғары алға қарай шамамен 1,5
м биіктікте тастайды. Сермеуді жоғары-алға қарай орындайды, қолды көтереді
және шынтақтан бүгіп, бастан асыра көтереді. Шынтақ буынынан бүгілген (иық-
білек) бұрыш 90 º-тан кем болмауы тиіс. Сермегенде кеуде мен бел бөлігі де
бүгіледі, оң иық артқа шалқаяды. Допты соққанда оң қолды шынтақ буынынан
бүгіп, көтереді және оны сермей жоғары жіберіп,оң иықты да жоғары көтереді.
Сермеу қимылын жалғастырған ойыншы қолды доппен ұшырасатын орынға қарай
алға ұмсындыра жібереді (созылған қолдың иілу бұрышы шамамен 80 º). Допты
алға және жоғары ұшуы үшін артынан және сәл төменнен ұрады (5-сурет).
Жоғары бүйірден доп тастау. Допты торға қарай қырымен тұрып, иық буыны
белдеуінен жоғары ұрады. Допты бастан жоғары болуы үшін шамамен 1,5 м
биіктікте лақтырады. Сермеуді оң иықты едәуір төмен түсіріп және дене
салмағын артқа жіберген кезде оң аяқты бүгіп, төмен-артқа қарай орындайды.
Соққы кезінде оң қолды сермей доға тәрізді артқа-жоғары жібереді; мұнда оң
иықты жоғары көтеріп, сол иықты орнында қалдырады. Ойыншы қолын қозғалтуды
жалғастырып, алдындағы (созылған қолдың иілу бұрышы шамамен 80º) допты
қолмен ұрғаннан кейін доп алға-жоғары ұшатындай етіп, артынан ұрады (6-
сурет).

Доп тастауды орындаудағы әдістік ерекшеліктер
(доп тастау түрлері)
Доп тастау түрлері, оларды тәсілдік орындаудағы ерекшеліктерін білу
үшін нәтижесін көрсететін жолының өлшемдерімен анықталады: доптың ұшу
жолының биіктігімен (биік, қарапайым), ұшу ерекшелігімен (айналып,
айналмай) және т.б.
Заманауй ойында доп тастауды белсенді шабуыл ретінде пайдалануға
болады. Бұндай жағдайлардағы тәсілдік міндет дәл, жылдам, жоспарлы доп
тастауды орындап, қарсыласының тәсілдік іс-қимылдарын қиындатып немесе
тікелей ұпай салу болып табылады. Дәл доп тастауды орындағанда төменгі тік
доп тастауды, жай доп тастау түрін төменнен тік лақтырып және жоғары доп
тастау түрін допты айналдыра пайдалануға болады. Бұндай доп тастауды дұрыс
орындау үшін қажет:
- сермеу құлашын азайту, допты лақтыру алдында алдын ала сермеуді
пайдалануға болады;
- дене салмағын соққы қимылында қолдың қозғалыс жолының ұзындығын
ұлғайту;
- қол саусақтарының бағыттаушы қызметін пайдалану, онда қол допты
жібергенге дейін тұрақты қалпын сақтауы тиіс;
- қолды көмекші қимылдармен алға созу.
Жылдам доп тастауда мынадай нұсқалар орындалады: допты айналдыра
жоғарыдан
тік доп тастау, орнынан және ауысудан кейін жоғары бүйірден. Алғашқы екеуін
дұрыс орындау үшін мыналар маңызды:
- соққының үдеу алу жолы салмақты болу үшін қолды барынша сермеу;
- соққы қимылдарына біртіндеп аяқ, кеуде мен қол бұлшықеттерінің
негізгі топтарын қосу;
- ұрған сәтінде жылдамдығы қатты болуы үшін қол қимылының жылдамдығын
біртіндеп және толқынды үдету.
Жоғары бүйірден доп тастау үшін алдын ала ауысудан кейін бір немесе
екі рет қадам
жасау қажет. Бұлай ауысудың негізгі міндеті соққы күшін арттыру және сол
арқылы доптың ұшу жылдамдығын арттыру болып табылады.
Бұлай доп тастауды дұрыс орындаудың шарттары:
- ауысуды соңғы қадаммен сермеуге тән бастапқы қалыпқа келу арқылы
аяқтау;
- соңғы қадамда аяқты қоюмен бірге оң қолды сермеу үшін артқа жіберу
қажет;
- допты ауысу алдында немесе соңғы қадамда лақтыру қажет.
Доп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктері
Салауатты өмір салты-деніміздің саулығы, жастарымыздың жарқын болашағы
Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
Пәндер