Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс мектептен тыс бұқаралық спорт
жұмыстарын жоспарлау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Жалпы орта МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН
ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт жұмыстарын
жоспарлаудың
өміршеңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
1.2 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт
жұмыстарының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14
1.3 Оқушылардың бұқаралық спорт арқылы дене қасиеттерін дамытудың
физиологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22

2. Жалпы орта МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану
үрдісін қалыптастыру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..35
2.2 Бұқаралық спорт жұмыстарын Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта
ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...61

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке,
демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы
жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік
негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты
өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі
артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2050
бағдарламасында, ҚР Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі
ретінде көрініс тапқан.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жағы
балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен
оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында
шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі- тұтас
педагогика процесінің бір бөлігі. Оқыту нәтижесінде оқушылардың ақыл-
ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады.
Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын бөліктерін және
заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәрбиесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның
игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау, талдау синтездеу, салыстыру,
жіктеу жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендігі,
сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық
деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі
бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге
бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол 2008-2009 оқу жылынан бастап
жүзеге асса, ал оған дайындық балабақшадан бастап жүруге тиіс
екендігі сөзсіз[1].
Қазақстан Республикасы білім беру туралы заңына сәйкес жалпы
білім беретін мекемелерде білім мен тәрбие беретін бастауыш мектептің
құрылымы мен мазмұнын тұжырымдамасында атап көрсетілген. Осы орайда
осыдан 2-3 жыл бұрын айтыс туғызып әртүрлі пікір таластар талқыға
түсіп жүрген 12 жылдық оқу үлкен мағынаға ие болып отыр. Қазіргі
кезде бұл мәселенің күн тәртібіне қойылуында Республика жалпы білім
беретін мекемелерде жүргізілетін эксперименттік жұмыстарының нәтижесі
жағымды болатындығын көрсетеді. 12 жылдық білім беруге көшудің
көздейтін мақсаты-біздің еліміздегі білім беруді халықаралық білім
беру кеңістігіне енгізу, яғни халықаралық білім беру талабына
сәйкестікте болу. Соның нәтижесінде европалық мемлекеттер қабылдаған
орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім
сапасын көтеру. Бұл айтылып отырған мәселе, әрине аз уақытта
орындала қоймайды. Оның орындалуына көп уақыт керек болады.
Бұрынғы уақытта барлық оқулықтар Кеңестік дәуірде құрылған
болатын, ендігі жерде өз алдымызға егеменді мемлекет болуымыз біздің
оқулығымыздың құруды талап етеді. Оның бергі жағында үкімет
тарапынан қолдау тауып отырған 12 жылдық білім беру жүйесінің
өмірге енгізілуі оқулықтың жасалуы мен құрылуында ерекше талаптың
орындалуын қажет етеді [2].
Қандай болмасын оқушыға берілетін тәрбие мен білімде басты
мақсат-оны өз елінің азаматы, еліне пайда келтіретін дұрыс тұлға
етіп қалыптастыру. Бүгінгі таңда қазақ елі, қазақ жеріндегі жалпы
білім беретін мекемелерде жүргізілетін балалар өмір сүретін нақты
ортасын жеке тануға жол ашып мүмкіндік туғызып отыр. Бұл айтып
отырғанымыз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің бағдарламалары
мен жаңа құрылған оқулықтарда орын алып отыр. Оқушының шығармашылық
қабілетінің жетілуіне керекті жеңіл мазмұнды ең қарапайымды
тақырыптар мен тапсырмалар беріліп отырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру
жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі
оқулықтар мен кемшіліктерді арылуға жол ашты.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат
тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра
зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының
міндеттерінің бірі.
Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру –
бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене
мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады.
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы
мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген
теориялық зерттеулеріміздің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену
мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта
мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды
салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге
асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық
сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың
маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру
үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана
емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің
жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың
бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне,
өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Мұндай маңызды әдістеме оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене
тәрбиесі пәнін оқыту үрдісінде мектеп оқушыларында дене мәдениетін
қалыптастыру үдерісіне тікелей байланысты.
Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде,
өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер
кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі
міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.
Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы– бастауыш мектеп
оқушыларының дене тәрбиесінің қалыптасуын зерттеуде П.Ф.Лесгафт,
Б.А.Ашмарин, Ш.Ахметова, К.Б.Бозжанова, О.С.Богданов, А.Д. Вишневский,
Р.М.Қоянбаев, М.Т.Тәнекеев, Б.Т.Төтенаев, Б.А.Тойлыбаев, Ш.Б. Оразовтар
айтарлықтай үлес қосы.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда дене мәдениетінің алатын орнын және оның
қолдану жолдарын, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын мектепте қолдану жолдарын
зерттеген ғалымдар: Т.Ж.Бекбатчаев, Ә.Бүркітбаев, Б.Д.Мотукеев,
А.Х.Мұханбаева, Ж.М.Төлегенов, М.Б.Сапарбаев, Ж.К.Оңалбек, Е.Сағындықов
болды .
Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі пәні
сабақтары және спорттық оқу-жаттығу сабақтарымен байланыстырады.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың
белсенді түрінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында жетілдіру
мәселесіне А.К.Атаев, Қ.И.Адамбеков, Ю.С.Жилко, Д.В. Биданов, Ж.Егізбаев,
С.Тайжанов және т.б. еңбектерін арнаған.
Дене мәдениеті құралдарымен жеке тұлғаны дамытудағы әртүрлі құбылыстар
мен жайттарды (аспектілерді) М.А.Арвисто, К.Ш.Ахияров, М.В.Андропов,
А.П.Матвеев, Б.А.Ашмарин, С.И.Касымбекова, В.А.Авраменко, Н.И.Пономарев,
В.А.Черкасов, Ж.Қ. Оңалбек, Б.Қ. Мухамеджанов, Е.Д.Оразбаев, Ә.К. Әбділлаев
және т.б. ғалымдар зерттеген.
Сонымен бірге, оқушылардың спорттық қызметтегі туындаған мәселелері
ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан
өзінің көрнекті орнын тауып келеді. Оқушылардың спорттық іс-әрекетке деген
қатынасы аз зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл мәселе
М.Я.Виленский, Г.С. Туманян, Е.Қ. Уанбаевтардың ғылыми зерттеулерінде
аратұра қозғалады. Дене мәдениеті құндылықтарынан студенттердің бағдар алуы
жайлы мәселені Р.Ф.Кабиров, Л.Х.Магомадова, еңбектерінде зерттеді. Жас
жеткіншектердің дене мәдениеті құндылықтарынан бағдар алу мәселелерін
К.А.Матвийчук, С.Тайжанов, А.Қарақовтар тиянақты зерттеген.
Дене тәрбиесі мен спорттың жекелеген әлеуметтік мәселелерге
зерттеулерін арнаған ғалымдар: М.Т.Таникеев, В.И.Столяров, А.О.Мильштейн,
А.В.Мартыненко, М.Н.Кошаев, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. болды .
Зерттеудің мақсаты. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт
жұмыстарын жоспарлауды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік
ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт
жұмыстары.
Зерттеу нысаны. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт
жұмыстарын жоспарлау.
Зерттеу міндеттері.
1. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын
жоспарлаудың педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып
көрсету.
2. Мектеп оқушыларына сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт жұмыстарымен
айналысудың маңыздылығын көрсету.

1. ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН
ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын
жоспарлаудың өміршеңдігі

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез
– құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс
жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы
табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн, - деуi тарих
сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн
делелдейдi.
Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың
табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм
деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда,
елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру
түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар
кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие.
Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер
етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі
оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына
қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты
көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып
оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын
салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен
екенiн байқаған.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір
сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық
өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған
ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі
ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен,
олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және
Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше
тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, Әлеуметтік-
этикалық трактаттар атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы
абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-
өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол дененің саламаттылығы ұғымын
енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп
есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған
жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын
дәріптейді.
Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастанында ұлттық психологиямыз бен
ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, кемел адам ұғымын енгізе отырып,
кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық,
білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр
адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді
қуаттайды. Мысалы, Сегіз аяқ өлеңінде бойдағы, денедегі күш-қуатты
ойсыз, ақылсыз іс-әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып,
өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді.
Әсіресе, Қара сөздер адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана
бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған
философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой
тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, тәрбиелеу керек деп жай
ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен
насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу
қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл
қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері
мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: Азған денеге ауру үйір,
Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар, Ақылсыз жігіт күшіне сенер,
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті
жоқ ісінің, Қайратың барда мал тап, Денсаулығын ойлаған, жан сарайын
таза ұстар, Әлін білмеген әлек, т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б.
дене мәдениеті мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы
орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Біз ғылыми зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегі мәдениет болғандықтан,
“мәдениет” терминіне, түсінігіне тоқталып, саралап өткенді жөн санадық.
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол
мәдениет – әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың
шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке
адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі дейді. Бұл жағдайда мәдениет
өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды,
олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов
өзінің ғылыми еңбектерінде – Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың
өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің
барлық сферасына оның сапалық сипатына тән деп жазады.
Біздің көзқарасымыз бойынша бүгінгі заман дамуының түрлі мазмұнына сай
келетін мәдениет ұғымына теориялық-әдіснамалық тұрғыда жан-жақты түсінік
Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалығында берілген.
Мәдениет (араб тілінде маданият - қала деген мағынаны білдіреді) –
адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және
осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік
етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді,
қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өңдеусіз, жабайы әлемнен
айырғанда осы туралы ойлаған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен
табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама-қайшылығынан да байқалады. Философия
тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік
болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты
нәрсе сақтау мен жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара
байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты мәдениет
әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде
көрінеді. Бұл тұрғыда мәдениеттің ең басты мәселесі адамзат болмысының
жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл
мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ.
Демек, мәдениет теориясы мен практикасының зерттеу нәтижесіне сүйенсек
мәдениет жаңа жоғарғы жетістіктерден құралатын және адамның үнемі даму
үдерісі болатын, әр-түрлі қоғамдық-тарихи тәжірибе аймағындағы адамдар
қызметінің жоғары жетістіктерінің (эталон, құндылық) сәйкестігі деп түсінік
беретін зерттеушілердің көзқарастары деп есептеу дұрыс болады.
Мәдениет туралы осындай көзқарастағы түсінікті алғашқы болып қалаған
ағылшын этнографы Э.Тэйлордың ұғымын осы заманғы белгілі оқымыстылар –
мәдениеттанушылар мәдениет танымдық ойды ғылыми тұрғыда қарастыра отырып
Э.С. Маркарен, Э.В. Соколов, А.И. Арнольдев, Н. Сәрсебаев, Ө. Жәнібеков, Х.
Арғынбаев т.б. өз еңбектерінде одан әрі дамытты. Оқымыстыларға ортақ оймен
айтып отырған ұғымды зерделесек мәдениет дегеніміз өзінен-өзі пайда
болмайтын, тек қана саналы-мақсатты қызметі нәтижесінде ғана пайда болатын
еңбек жемісі. Яғни, мәдениетке адам баласының қолымен жасалған дүниелер
ғана жатады. Адамдар осы өзі жасаған дүниелердің көмегімен әлемдегі
қоршаған ортаға әлемге өзгеріс жасайды, оларды зерттейді, құпия сырлар
ашады, осы жолды жүзеге асыруда адамдармен жан-жақты қарым-қатынас
орнатады.
Мәдениет субъектісі ретінде қоғам, әлеуметтік топтар ғана емес, сонымен
қатар жеке адамдар да қатысатындықтан тұлға мәдениеті түсінігін
қалыптастыру қажеттілігі туады. Ал, мәдениеттілік – адамның тұлғалық
қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық,
ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі
құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту – мәдениеттіліктің
белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған,
мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп
сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды
болу және мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-
құлқына қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси т.б. талаптардың
орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында
мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік
жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік,
кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамыды.
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани
құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын
әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның
қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-
әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен
қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық
зерттеулерде мәдени әрекет деп түсінеді.
Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдени игіліктерін өндіруге, таратуға,
танытуға бағытталған іс-әрекеттерді айтады. Осылардың қатарына мынадай
адамдық қажеттіліктер жатады: шығармашылық талпыныс, альтуризм, гумандылық,
т.б.. Мәдени іс-әрекет белгілі бір мәдени ортада жүзеге асырылады және
дамиды.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық табиғатымен тығыз
байланысты. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер
жүйесіне бірден назарымыз ауады. Салт-дәстүр, – дейді белгілі философ
И.Гердер, – тіл мен мәдениет бастауларының анасы. Мәдениет өзінің кең
мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі
болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-
дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған
ерте заманда мәдениет ырымдар мен суегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі
түсініктерге иек артқан.
Осылайша, іс-әрекет әдісі түсінгі мәдениет феноменін сипаттағанда және
оның теориялық мазмұнына негізгі категория ретінде ескеріледі.
Мәдениеттің бірыңғай түсінігінде – оның материалдық және рухани жағын
ерекшелеу керек. Материалдық мәдениетке адамның заттық пішінге түскен
руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен
сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени
мақсатқа сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтік
нәтижелері жатады. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениетке
табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды,
жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда
негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлері,
энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді. Материалдық мәдениетке өндірістің
әр түрлі құрал-жабдықтары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам
өмір сүретін ортаның инфрақұрылымы, коммуникациясы мен көлік құралдары,
тұрмыстың, ойын-сауықтың ғимараттары, пайдаланылатын әр түрлі құралдары
және т.б. жатады.
Мәдениеттің адамзат болмысы материалды қызметінің барлық аясын, оның
нәтижелерін, қоғам өмірі мен адамның физикалық өмір сүруінің материалды
жағдайын құрайтын барлық нәрсені қамтиды. Өндіргіш күштердің дамуы
деңгейімен анықтала отырып, ол рухани мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының
базасы ретінде қызмет атқарады.
Рухани мәдениет ретінде рухани құндылықтар жиынтығы (ғылым, білім беру,
өнердегі ойлары мен жетістіктері), сонымен қатар күнделікті өмірде, осы
құндылықтарды бөлу мен ұтымды пайдалануға бағытталған, адамдардың ерекше
ұйымдастырылған, әлеуметтік маңызды шығармашылық қызметі түсініледі.
Рухани мәдениетте бірнеше сфераны ерекшелейді, солардың ішінде: саяси,
әлем тану, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми, білім беру мен ағарту, еңбек
мәдениеті және т.б.
Абай ілімін жалғастырған қазақ халқының рухани мәдениетіне із қалдырған
тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы, өз халқының мәдениеті мен
өркениетінің мәнін түсіндіруге талпыныс жасаған.
Қазіргі уақытта бұл проблемаға философтар Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев
айрықша мән береді.
Мәдениет құрылымының әлеуметтік-мәдени аспектісін талдай келе
Г.К.Шалабаева оны еңбек және тұрмыс мәдениеті, дене мәдениеті мен ғылым,
адамгершілікке, мораль, қарым-қатынас мәдениеті т.б. құралатындығын,
олардың өзара байланысын дәріптеген.
Яғни, мәдениетке берілген анықтамалар баламасы көп және әр түрлі
мазмұнда болып келеді. Ол түсініктердің мағыналары әр түрлі, олай болуының
негізгі себебі, мәдениетке мүдделік негізіндегі және дүниетанымдық
көзқарасының дәйектелуінде болып отыр. Бұлай болуы, жалпы мәдениеттің үлкен
әлеуметтік құбылыс ретінде өте-мөте күрделілік сипатын аңғартады. Ал, осы
кезде қалыптасқан ортақ көзқарас негізіне сүйенетін болсақ, біздің
пікірімізше жалпы мәдениет - деп адамзаттың өмірі мен іс-әрекетінде
өзіндік бір ерекшелігімен дараланатын амалдары, тәсілдері бар, осы амал-
тәсілдер арқылы адамдардың қоғамдағы белсенділігін жан-жақты жүзеге
асыруға, оларды жүйелеуге, бағдарламалауға, ынта-жігер туғызуға бағытталған
адам қызметін айтамыз.
Сайып келгенде біздің түйіндеуіміз бойынша мәдениет дегеніміз адам
ойының, ақыл есінің нақтылы жемісі. Осы мәдениеттің пайда болу жолында адам
баласының өзіндік амал-тәсілі бар, сол тәсілдер қолданған қызмет - деп
қарағандықтан адам технологиямен бағаланбайды яғни теңдестірілмейді. Алайда
технологияда, адам қызметінің жемісі болып табылады. Әрбір адамның өз
жеке бас құзырындағы уақытты тиімді ұйымдастыру, пайдалану мәдениеті,
тұтыну заттарын таңдау талғамы, жеке бас гигиенасын сақтау т.с.с. мәдениет
элементтері әрбір адамның мінез-құлық мәдениетін құраушылар болып
табылады. Мәдениеттің осындай күрделі элементтері арасынан біз зерттеу
жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сай тек қана дене мәдениетінің амалдарын,
тәсілдерін, құралдарын, жеке дара зерделеу, талдау нысанасы ретінде
қарастырамыз. Осы мәселе адам баласы қоғамының даму тарихында
қажеттілігімен, ал қазіргі жағдайда да ерекше қызығушылықпен қарау
талаптарымен дараланып тұр.
Философ В.С.Библердің пікірі бойынша, тұлғаны мәдениет контексінде көру
– оның бүкіл қайталанбайтын жекелік, жалпылық ерекшелігін білдіреді.
Тұлғаның қарым-қатынасы – оны дамытушы факторлардың ең негізгісі және
ұрпаққа жеткізуші құралы.
Құл иелену қоғамында дене мәдениетіне қатысты ой-тұжырымдар жасалған.
Бұл кездің өзінде негiзiнен денені сауықтыру жүйелерiн жасауға көп күш
салынған, оған дене мәдениетін қалыптастыруда бiздiң дәуiрiмiзге дейiн
жеткен: қытайдың Конг – фу (б.д.д. 2600 ж. шамасы), Гиппократтың
Салауатты өмiр салты жөнiндегi (б.д.д. 400 жыл шамасы) еңбектерi, үндi
халқының Аюр-Веда деректерi (б.д.д. 1800 ж.), Спартада қалыптасқан денені
сауықтыру жүйелерi және қазақ даласында өмiр сүрген ғұлама Тiлеуқабылұлы
Өтейбойдақтың Шипагерлiк Баян (б.д.д. 4 ж.) жазбасы және т.б. ғалымдардың
еңбектерi мысал бола алады. Бұл тұжырымдарда негiзiнен ауруды емдеуге емес,
дене мәдениеті арқылы денсаулықты қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға,
ал оның қалыпты күйi бұзылған кезде ағза қызметiнiң кайта қалпына келу
мүмкiндiктерiн пайдалану идеялары қозғалған. Сол заманың өзiнде данышпан-
ойшылдардың: ұзак, әрi бақытты өмiр сүрудiң тиiмдi жолы ауруды емдеу емес,
денсаулықты алдын-ала сақтау мен нығайтудың жолдарын игерудiң маңыздылығы
жөнiнде айткан құнды пiкiрлерi бар.
Қоғам сұранысына сәйкес, казiргi уакытта бiлiм беру жүйесiне — жас
ұрпақтың бойында дене мәдениетiн калыптастыру мiндетiнiң жүктелу себебi
және оны қалыптастырушы тиiмдi педагогикалық iс-әрекеттiң мәнi мен мазмұны
адам және денсаулық тұжырымдамаларының негiзiнде ашылады.
Мәдениет адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды
қажет ететін күрделі әлеуметтік құбылыс.
Мәдениет – көпқырлы үдеріс. Өйткені, адамның өмірлік іс-әрекетінің
барлық сфераларында мәдениетті көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста
адамзаттың әлеуметтік даму бағытындағы шығармашылық іс-
әрекетін түсінуге болады, өзінің ішкі жан дүниесіне қарай адамның
әлеуметтік тұлға ретінде даму үдеріс, оның – таным, қарым-қатынас, іс-
әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік, шығармашылық,
әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша ерекшеленеді.
Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын мәдени ортада оның үздіксіз
даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда тұтастай
жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін мәдениет анықтайды. Олай болса,
мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.
Мәдениет өзінің ішкі механизмдерімен адам тұлғасына тән болғандықтан ол
өзін-өзі танып білу, немесе адамның рухани өмірбаяны деп есептелінеді.
Мәдениеттің өмір сүруінің шарты, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
сабақтастықпен беріліп отырады. Сондықтан, мәдениет өзін-өзі тарату
мәселесін алдыңғы орынға қояды. Яғни, мәдениетті танудың қабылдаудың,
принциптердің, түсініктердің жүйесі болып саналады да, солар арқылы
мәдениетті іс жүзіне асыратын үдерісі іске асады. Бұл жүйе адам тұлғасының
өлшемі туралы мәдениетте жинақталған тиесілі білімді, біліктілікті,
шеберлікті, тәжірибені қамтамасыз етеді.
Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және
дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң
заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн
түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет.
Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн
арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын
және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Дене мәдениетін көптеген аурулардан және зақымданған кезден кейiн
жұмысқа қабiлеттiлiктi қайтадан қалпына келтiруде және әрмен карай
денсаулықты жаксартуға көмегi күштi екенi белгiлi.
Екiншiден, әрбiр мемлекеттiң өсiп-өркендеуi мен даму көрсеткiштерiнiң
бiрi дене мәдениетінің жүйесi, спорт. Мемлекеттi немесе белгiлi бiр ұлтты
күллi әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетiстiктерi,
көрсеткiштерi. Әлемдiк қауымдастықта елеусiз мемлекет жазушылары,
ғалымдарымен ғана емес, сонымен катар осы спорттың арқасында да бүкiл елге
танылады.
Үшiншiден, дене мәдениетінің тағы бiр атқаратын аса маңызды қоғамдық
қызметi бар. Ол - қоғамда салауатты өмiр салтын калыптастырудың ең басты
құралы болып табылады.
Кейінгі жылдары жалпы мектеп оқушыларының тәрбиесіне байланысты бірқатар
құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны,
ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі
жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты қазақ
халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас
батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды
ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың
өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал
жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар
қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі
болып саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның бойында дене мәдениетін қалыптастыру
үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты түрінде
қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны
қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан
басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің
сабақтастық ұстанымын бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің
мәдениет сапасын анықтауға бағытталған болашақ жоспары туралы идея да
бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап
еңбек етуге дайындық жасалады.
Шындығында, дене мәдениетіне қатынас мүлдем басқа болуы керек. Біздің
кәміл сеніміміз бойынша сапалы мінез-құлық, ақыл-ой қабілеті, еңбек
дағдылары мен эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл қойылуы керек. “Дене
мәдениетімен айналысу үрдісі бұл адамдардың жеке және қоғамдық мүдделеріне
жататын, адамның мінез-құлық бейнесіне үлкен әсер ететін адам қызметі
формаларының бірі”. Осыған байланысты дене мәдениеті ұйымдарына жеке
адамның денесінің шынығуын жетілдіру тұрғысында ғана емес, бірінші кезекте
жастардың мінез-құлық сапасын тәрбиелеуде де үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Осылай дей отырып, біз дене мәдениетін жетілдіру жөніндегі жұмысты жоққа
шығармаймыз, керісінше тәрбие мен мінез-құлық сапасын жетілдіру дене
мәдениеті арқылы жүргізілуі тиіс деп есептейміз. Көптеген зерттеушілер
оқушылардың мінез-құлық жөніндегі ұғымы ұжымдарда жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының игі әсері болып табылатынына мән береді. Оқушылардың дене
сапалары дайындығының деңгейі жоғары бола түскен сайын олардың мінез-құлық
құндылықтары жөніндегі танымдары да нақтылана түседі.
Біз келесі тармақта оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі
жағдайы мен мүмкіндіктеріне тоқталып, теориялық тұрғыда зерделеп, мәнін
ашуға тырысамыз.

1.2 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт
жұмыстарының маңыздылығы

Қазақстанда дене тәрбиелеу үдерісі бойынша білім беру мәселелерімен
түрлi бағытта педагог ғалымдар айналысуда: оқушылардың дене тәрбиесiнiң
педагогикалық негiздерi және халықтық ойындарды, педагогикалық элементтердi
қолдану дайындықтары, формалары, кұралдары Қ.И.Адамбеков, Т.Ш.Қуанышев,
Е.Мухиддинов, Ж.М.Төлегенов, Б.А.Тойлыбаев және т.б.; жасөспiрiмдердің
белсенділіктерiн дамыту С.К.Ащепкова; дене тәрбиесiнiң даму факторларының
теориясы мен практикасын зерттеу М.Тоцкиев, А.Т.Дуйсембаева,
С.В.Заболотная, В.В.Трифонов, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, Б.Мухамеджанов,
Ш.Оразов және т.б.; мектеп, жанұя және қоғам жұмыстарының бiрiгiп
оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру шараларын қарастыру
Л.С.Грюк, Ж.З.Торыбаева және тағы басқалары.
Спорт түрлерімен сабақтан тыс уақытта үйірмелерде қосымша айналысу
оқушылардың тиiмдi демалыс құралы болып табылатынын көптеген зерттеулерде
баяндалады, бұл оқу-жаттығу нәтижесі негізінде оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыруға жақсы есер етедi. Аптасына екi рет дене тәрбиесi сабағы
жүретiн оқушыларға қарағанда дене жаттығуларымен бiр аптада 4-5 сағат
айналысатын оқушыларда дене сапаларының дамып, денесінде шынығу
элементтерінің қалыптасуы жоғары екенiн және оқушылардың оқу үлгерімінің
жақсы дәрежеде болатынын ғалымдар ғылыми еңбектерiнде атап көрсетед.
М.С.Полишкисаның мәлiметтерiне қарағанда, дене тәрбиесі сабақтарына
жүйелi түрде қатысатын мектеп оқушылары өздерiнiң дене тәрбиесімен
айналыспайтын құрбы-құрдастарын мынадай көрсеткiштер бойынша басып озады:
тиiмдi әрі дұрыс ойлау жылдамдығы, көру аймағының шетi мен ортасындағы
белгiнi таңдау әсерiнiң жылдамдығы, зейiн көлемi, қозғалыс күшi мен
жылдамдығы, қарсылық көрсету дәлелдiгi.
Зерттеушi ғалымдар В.В.Ворюшин, Қ.И.Адамбековтердің пікірі бойынша,
футболшылардың қозғалушы қарсыласына деген көптеген қимылдары: аса шапшаң
қозғалған әріптесіне допты беруi, қарсыласын қозғалыс үстiнде айламен
жеңуi, тоқтау, ұшып келе жатқан допты соғуы, қақпашының қимылына жауап
кайтару т.б. көптеген әсерлерi пайда болады. Осының нәтижесiнде жалпы орта
мектеп оқушыларының психомоториясы жетiлiп, орталық жүйке жүйесiнiң қызметi
мен қабықтағы үдерістердiң қозғалмалығы жақсарады.
И.П.Павлов адамның шартты-рефлекторлық, iс-әрекетiнiң негiзгi
физиологиялық заңдылықтарын ашты. Орталық жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi
ағзаның сыртқы ортаның күрделi де өзгермелi жағдайларына бейiмделуiн
қамтамасыз ететiн қолайлы және қолайсыз уақытша байланыстарын қалыптастыру
болып табылады.
И.П.Павловтың пікірінше, ми қыртысының қоздырушы жасушалары қыртыстың
басқа бөлшектерiмен байланысқа түсе алатын, сыртқы және iшкi ортаның барлық
әсерiне жауап бере алатын, шартты рефлекс тудыра алатын және басқа
көптеген қабiлеттерге ие. Ми қыртысы кинетикалық, жасушалары, - деп жазды
И.П.Павлов, - әсерлермен қатар ағзаның iшкi үрдерістерімен де көрсете
алатын ми қыртысының барлық, басқа жасушалармен дене байланыса алады және
шын мәнiнде байланысады . И.П.Павлов жасап шығарған шартты рефлекстер
әдiсi арнаулы емес вегетативтi бөлшектерге (iс-қабылдау әсерi, тыныс алу
және тамыр бөлiктерi, терi-гальваналдык реакцияларға т.б.) абсалюттi түрде
немесе жекелеп қысым көрсететiн әсерге айналды. Бұған қоса, дене
жаттығулары арқылы ми қыртысы және қыртыс асты бөлшектерiнiң қозуын тиiмдi
етiп, осылайша, шектен тыс тежелудi тоқтатуға болады.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, жалпы орта мектеп оқушылары үшiн тиiмдi
тәртiп жасап шығу негiзгi физиологиялық көрсеткiштердi қайта қалпына
келтiрудiң қысқа мерзiмiн цикл қамтамасыз етедi. Бұл мақсатта спорттық
ойындар түрiндегi қосымша сабақтарға бөлiнген уақытты көбейту арқылы
оқушылардың қозғалу белсендiлiгiн аттырудың рөлi үлкен.
Осы мәселе бойынша казiргi кезде үлкен нақты мәлiметтер жинақталған.
Көптеген ғалым-педагогтар, атап айтқанда М.В.Антропов Оқушылардың жұмыс
қабілеті және олардың оқу мен еңбек үдерісі кезіндегі қозғалмалылығы;.
А.Г.Сухарев Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің гигиеналық үдерісін
ұйымдастыру еңбектерінде оқушылардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру және
күшейту мақсатында тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын
жүргiзудiң нақты практикалық мысалдарын ұсынады. Бұл практикалық ұсыныстар
бойынша ғалым-педагог Ә.Ж.Тастанов өз ғылыми зертеу жұмысында төмендегідей
қорытынды жасаған:
1. Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк көлемi ағзаның қозғалыс
үстiндегi биологиялық қажеттілігіне сай болуы қажет.
2. Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жүйесi тұрмыста жетiспейтiн қозғалыстың
орнын толтыру қажет.
3. Балалардың қозғалу белсендiлiгiн бiр күн iшiнде олардың ағзасының
жұмыс қабiлетiндегi өзгерiстердi есепке ала отырып бiлу тиіс.
4. Дене тәрбиесiнiң түрлерi мен кұралдары әр түрлi болуы тиiс.
5. Дене жаттығулары сабақтарының ұзақтығы мен жылдамдығы өсiп келе
жаткан ағзаның жас ерекшелiгiне сай болуы тиіс.
Соңғы уақытта білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты
ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі
көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген
бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке
толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған
перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен
осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде
дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру
алынады. Мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруынан оның жалпы
мәдениетінің барлық құрылымдық элементтері көрінеді: жеке тұлға ретіндегі
мәдени дамуының деңгейі; осы деңгейге жету тәсілдері; мәдениет деңгейінің
жетістіктерін көрсететін әр түрлі іс-әрекеттер.
Мектеп оқушысының мәдени іс-әрекетін жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге
асыруы деп қарастыруға болады, сондай-ақ оның белсенділік қыры мен
қалыптасуын ынталандырушы болып көрінеді. Бұған негіз болып оқуда, еңбекте,
жеке өмір салтын ұйымдастыруда, қоғамдық жұмыс пен тәртіпте жүзеге асатын
білім, қабілет, сенім, дағды, қасиет, шығармашылық қабілеттері мен мінез-
құлық нормаларын біріктіріп, оқушылардың жалпы мәдениетін дамытуға
бағытталған барлық оқу-тәрбие үдерісі алынады. Мәдениет оқушының жеке
тұлғасына бағытталады.
М.Я. Виленскийдің пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене
мәдениеті – бұл жеке тұлғаның денесінің дамуы мен білімінің деңгейін, осы
деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің
әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық,
жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш
компоненттен тұрады.
- құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын,
қызығушылығын білдіреді;
- нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті
мен дағдысын анықтайтын дене мінсіздік болып табылады;
- тәжірибелік іс-әрекеттік бірлік - дене тәрбиесі және спорттық іс-
әрекет белсенділік диапозонынан кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық,
нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).
Сөйтіп, жеке тұлғаның дене тәрбиесі туралы оның денесінің дамуы,
даярлығы, қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын меңгеруі негізінде баға беру
қиын. Жеке тұлғаның рухани өміріне қатысы бар төмендегідей компоненттерді
ескеру қажет: ой мен сезім мазмұны, құндылық бағыттарының иерархиясы,
ақырында оқушының әлеуметтік белсенділігін айқындайтын қызығушылықтар мен
қажеттіліктер, сенімдер дәрежесі. Оқушының өз дене мүмкіндігіне деген
биологиялық қарым-қатынасының бәрі әлеуметтік қатынасқа айналады.
Мұғалімдердің биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастарының өзара
байланыстылығын дұрыс түсінбеуі көпшілікке мәлім тәрбиедегі тежелуге алып
келеді.
Оқушылардың құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба
түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның қабылдайтын
(сабақта, сабақтан және мектептен тыс іс-әрекеттерде) құндылық бағыттары
сананың ерекше арналары арқылы өтіп, маңызды немесе жеке тұлғалық мән
деңгейімен топтастырылады. Одан әрі оқушылардың нақты өмірі мен тәжірибесі
жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері
мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып,
мұғалім, ұжым, жанұя талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып
бөлінеді.
Дене мәдениетінің практикалық жағы дене тәрбиесі және спорт қызметінің
іс-әрекеттер үдерісінде қалыптасып, оның рухани және дене сапасын
дамытатын, мұраттарымен, мінез-құлық нормаларымен, құндылық бағыттарымен
байытылатын қарым-қатынастар болып табылады.
Аталмыш іс-әрекеттің барлық түрлері– бұл адамзат жасаған құндылықтар,
мұнда жеке немесе шығармашылық күш пен қабілеттің жиынтық шабыты
бейнеленеді. Әрбір жеке тұлға дене тәрбиесі қызметінің көптігіне
қарамастан, тек біреуін ғана таңдайды, сөйтіп дене мәдениетінің
құндылықтарымен танысады.
Бұл жұмыс қоғамның мұқтаждығын өтей отырып, іс-әрекет субъектісінің
өзін – мектеп оқушысын, оның мәдениетін дамыту тәсілі қызмет атқарады.
Дамыту критерииі болып оқушылардың белсенділік, жасампаздық, белсенді емес,
тұрақты немесе тұрақсыз секілді қатынастарының көрінуімен дене тәрбиесі-
спорттық белсенділігі табылады. Бұл іс-әрекетті жүзеге асыру формалары
қамтылуы бойынша-бұқаралық, топтық, жеке, міндеттерінің ерекшелігі бойынша
– дене мәдениетін тану және қалыптастыруға бағытталған (қызықты кештер, таң
қаларлық өнерлер, сонымен бірге сұрақ-жауап сайыстары және т.б.),
шығармашылыққа бағытталған болып бөлінеді.
Оқушылардың дене тәрбиесі-спорттық белсенділігін қалыптастыру үдерісі
қарастырады: қоғамдық және жеке мүдделерін қанағаттандыру; мотивациялық-
қажеттілік саласын, сезімдік, интеллектуальдық және ерік-күш әрекеттерінің
компоненттерін белсендіру; жеке психологиялық ерекшеліктерін, белсенділік
деңгейін ескеру; өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару үдерістері мен жеке
тұлғаның мінез-құлқын, іс-әрекетін сезімдік, нормалық үйлестірумен
қамтамасыз ететін ақпараттық-танымдық және коммуникативтік-үйлестіру
әрекеті қызметтерін кеңейту.
Педагог зерттеуші ғалымдардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды,
зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы мектеп
оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға
мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта мектептерде денсаулық көрсеткіші мен дене тәрбиесін
ұйымдастыру және балалардың жалпы қозғалыс белсенділігінің деңгейі
арасындағы байланыс айқын көрінеді.
1-сыныпқа балалардың 10%-ы ғана дені сау болып келеді. Оқу жылдары
ішінде мектеп оқушыларының түрлі аурулармен ауыру мөлшері 5 есеге өседі.
Оқушылардың денсаулық жағдайы төмендегідей фактілерді келтіреді: әр
түрлі жастағы мектеп оқушысының 70%-ының тірек қозғалыс аппараттарының
қызметі бұзылған. 30-40%-ас қорыту органдарының жұмысы бұзылып, 60%-
вегативтік белсенділігі төмендесе, 50% иммунитеті әлсіреген. Мектеп
оқушыларының 23%-бауыр, 15%-бүйрек ауруларымен ауырады.
Біз жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың
бүгінгі жағдайын зерттей отырып, біздің пікірімізше, жалпы орта мектеп
оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі
болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.
Біз төмендегілерді анықтадық;
1) Мектепте дене тәрбиесі әрдайым тиімді жүргізілмейді. Аптасына екі рет
болатын дене тәрбиесі сабақтары дененің жұмысқа қабілеттілік деңгейін
арттыруға ықпал ете алмайды. Бұл жетіспеушілікті үй тапсырмасымен
толтыруға болады, бірақ аталмыш форма дене тәрбиесі мұғалімдері
тарапынан қолданыс таппай келеді.
2) Мектеп оқушыларына қарағанда, қозғалыс белсенділігі аз, арнайы
мамандандырылған мектеп оқушыларының омыртқа сүйектерінің бұзылуы жиі
кездеседі.
3) Дене тәрбиесі сабағына қатысудың аса төмен екендігі байқалды. Мысалы,
5-7-сынып оқушылары 25%дейін сабақ жіберсе, ал 10-11 сынып
оқушыларының қыз балалары 50% дейін қатыспайды.
4) Кейбір мектептердің материалдық базасы өте нашар, спорт залдарында
және алаңдарында құрал-жабдықтар жоқ. Дегенмен, кейбір мұғалімдердің
сабаққа қойылған міндеттерді шешуі үшін оқу құралдарын тапқырлықпен
қолдануын атап өткен дұрыс.
Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің
маңызды компоненттерінің бірқатары ескерілмейді немесе аз мөлшерде
ескеріледі. Мұндай компоненттердің қатарына дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы мен
физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына белсенділікті қалыптастыру, оған
ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері туралы білімнің
қолданылмауы. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дене мәдениетін
қалыптастыру үдерісін басқарудың негізгі құралдары категориясына
жататындықтан өте маңызды. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы
білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында
бар ынтасы мен жігері болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды
міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару жабық ортада емес, құндылық
бағыттары, мінез-құлық стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі
қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды
білуі тиіс.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесін талдай отырып, М.Я.
Виленскийдің жеке тұлғаның белсенді, түрленбелі әлеуметтік өмірінің
негізін жеке тұлғаның жоғары дене дамуы деңгейін көрсететін денсаулық, дене
дамуы, психофизиологиялық және дене мүмкіндіктері құрайды деген пікірмен
келісеміз.
Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, жалпы орта мектеп
оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруда негізгі мақсат салауатты өмір
салтына бағыт беру болуы тиіс.
Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде дене тәрбиесі
сабақтары бойынша көптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi белгiлi. Жаңа оқу
бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн жеделдетуге педагог-ғалым
Ә.Ж.Тастановтың ғылыми-зерттеу еңбегінде көмектеседі деп көрсетілген[160].
Осыған байланысты оқушының күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру және жүйелi спорт
түрлерінің секцияларына қатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп
арттыру мiндетi тұр. Жалпы орта мектеп оқушыларының негiзгi бөлiгiн бос
уақыттарында жүйелi түрде спорт түрлері бойынша секцияларға қатыстыру,
спорт түрлеріне қызықтыру арқылы дене бітімін, дене сапаларының дайындығын
және оны жетiлдiру кезiнде бұл секциялардың оқушы iс-әрекетiнiң басқа
түрлерiне ең алдымен оқу үдерісiне қалай әсер ететiнiн мiндеттi түрде
ескеру қажет делінген.
Педагог-ғалым зерттеушілер Р.Е.Мотыянской Адамның жасы және дене
тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер; М.В.Антропов Оқушылардың жұмыс
қабілеті және олардың оқу мен еңбек процесі кезіндегі қозғалмалылығы;
Таннер Ж.М. Foctuc into man London еңбектерінде оқушының тәулiктiк
қозғалыс белсендiлiгiн арттыратын дене мәдениеті сабақтары бала ағзасына
елеулi әсер ететiндігін атап көрсеткен. Бұл сабақтар баланың дұрыс әрi
үйлесiмдi түрде дамуына, денсаулықтарының жақсаруына, сыртқы ортаның ағзаға
түрлi қолайсыз әсерлерiне карсы тұруының күшеюiне әсер етедi деп көрсеткен.

Дейтұрғанмен, В.В.Ворюшин 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және
үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері; Қ.И.Адамбеков
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жас футболшылардың оқу-жаттығу
үрдісін ықшамдау еңбектерінде спорттың барлық түрлерiнiң iшiнде, мектеп
оқушысының ақыл-ойы төмендеп және сабаққа деген қабілеті төмендеген кезде,
оқушылардың шаршауын азайтудың, басудың ең тиімді түрi спорттық ойындар
болып табылады . Олардың арасында өзiнiң эмоционалдық сипаты бойынша
орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн жақсарта алатын ықпалды ойын футбол болып
табылады.
Бiрақ, өте жас балаларға дене мәдениеті сабақтарының қолайлы әсерi
оларға дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана байқалады. Жасөспiрiмдердi спорт
түрлеріне ерте баулу өсiп келе, жатқан ағзаға тым жоғары талаптар қойып,
оның өсуi мен дамуына қолайсыз өзгерiстер әкелуi мүмкiн.
Жаттығу сабақтарын ұйымдастырғандағы тәулiктегi, аптадағы, жылдағы
физиологиялық үдерістердің кезеңдiк өтпелi мерзiмдерiн есепке алу үлкен
қызмет аткарады. Бүгiнгi күнi тәулiктiк кезеңдермен сипатталатын 40-тан аса
физиологиялык, қызметтер көрсетiлген.
Мектеп оқушыларының бiр тәулiк iшiндегi жұмыс қабiлетiнiң динамикасын
зерттегенде, физиологиялық, қызметтiң ең жоғары екi нүктесi болатыны
белгiлi болды. Алғашкы жоғарылау 8-11 сынып аралығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Машықтану әдістері
МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесіндегі дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Психология және спорт психологиясы
Пәндер