Ақпараттық оқыту ортасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

«Информатика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жалпы орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі (9-сынып)

Жетекшісі:

доцент Қойбағарова Т. Қ

(қолы) (күні)

Студент: Cамархан Гулжазира

Мамандығы 050111-Информатика,

ИФ-41 тобы

Павлодар, 2010ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІИнформатика ғылым ретінде: пән және ұғымыИнформатика орта мектепте оқу пәні ретіндеИнформатиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылымының жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындау пәні ретіндеМектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттеріОқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру9-сынып информатика пәнінің мазмұны мен құрылымы
  2. ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУОқушылардың ақпараттық мәдениеті педагогикалық іс-әрекет мақсатында қалыптасуыБілім беру ақпараттандырудың педагогикалық жобалауға әсеріАқпараттық оқыту ортасыОқу процесіндегі алгоритмдендіру
  3. 9-СЫНЫП ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ оқулықтарЭлектрондық оқу құралдарын құру технологиясының салыстырмалық талдауыЭлетрондық оқулықтар жасау құралдарын топтастыруЭлетрондық құрал жасаудың технология9-сынып информатика пәніне электрондық оқулық құралын жасау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қосымша А. Бағдарлама листингі

Қосымша Б. Қолданбалы программалық құралдарды қолдану тиімділігі

АҢДАТПА

АННОТАЦИЯ

THE SUMMARY

Кіріспе

Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.

Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.

Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т. б. нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық - бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.

Жалпы білім беретін мектептің информатика 9-сыныбына арналған оқулықтарды көптеген авторлар қарастырған: Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, Л. Н. Кафтункина, Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова және т. б.

Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және

программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.

Сондықтан бұл проблеманы шешу мәселесі жұмыстың көкейтесі болып отыр.

Мемлекеттік стандарт бойынша 9-сынып Информатика пәні, негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

  1. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы.
  2. Паскаль - программалау тілі.
  3. Паскаль тілінде программа дайындау жолдары.
  4. Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар.
  5. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері.
  6. Көмекші программалар.
  7. Графика.
  8. Компьютерлік желілер.
  9. Модельдеу және модельдеу түрлері.

Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған бағдарламалау тілінің бірі - Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.

Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте 9-сынып информатика пәнін оқыту үрдісінің әдістемесі.

Пәндік зерттеу - информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.

Зерттеу мақсаты - 9-сыныбына информатика пәнін игіруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Жұмыстың ғылыми болжамы - егер информатика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Зерттеу міндеттері:

  • Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;

- Информатика орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;

  • 9 - сыныпта информатика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу;
  • 9-сынып оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Зерттеу әдістері - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, орта мектептің 9-сынып информатикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.

Қорғауға мыналар ұсынылады:

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, суреттер және кестелермен қамтылған екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Информатика ғылым ретінде: пәні және ұғымы

Информатиканың пайда болуы мен пән ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысына келеді. Информатиканың қызығушылық облысы бұл - ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттері және ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, алмастыру және қолданудың адам әрекетінің әр түрлі салаларында қарастыру сұрақтары. Үлкен көлемдегі ақпаратты автоматтандырусыз және қатынас жүйелерінсіз өңдеу мүмкін емес, сондықтан ЭЕМ-дер және қазіргі кездегі ақпараттық және қатынастық технологиялар информатиканың фундаментальді негізі және мәліметтік негізі болып табылады. Қазіргі кезде информатиканың жалпыға бірдей анықтамасы жоқ.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін табиғаттың әр түрлі жүйелеріндегі - табиғи, биологиялық, әлеуметтік, басқару мен байланыстар туралы кибернетика ғылымы дамыды.

«Кибернетиканың» пайда болуын 1948 жылы Норберт Виннердің «Кибернетика или Управление и связь в животном и машине » кітабының шығумен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасау жолдары және бір бағыттағы әр түрлі жүйелердің байланыстары мен басқару мәселелерін қарастырудың негізгі мәселелері ЭЕМ - мен бірге дамып, кибернетика жалпы ғылым бола бастады, ол - ақпаратты түрлендіру туралы ғылым болды. Ақпарат - деп кибернетикада кейбір жүйелердің қоршаған ортаны қабылдауы, қоршаған орта беретін және өзінде сақтайтын мағлұматтар немесе әсер етулер, сигналдар жиынын айтады.

Кибернетиканың дамуы біздің елде драмалық периодын бастан кешірді. 60-жылдары академик А. И. Берг былай жазған: « . . . 1955-1957 жылдарда және кейін кибернетиканың мүмкіндігі мен мәнін бағалауда әдебиеттерде қателіктер көп кездеседі. Ғылымдардың дамуына кері әсерін тигізді, көптеген теориялық материалдың, тіпті есептеуіш машиналарды дайындауға кедергі болды». Оған дәлел ретінде «Қысқаша философиялық сөздіктің» төртінші басылымындағы анықтаманы келтіруге болады: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та пайда болған және басқа елдерді дамыған реакциялық жалған ғылым; қазіргі заман механизмінің түрі». Бұл ең біріншіден ғылымды дұрыс бағаламаудан, екіншіден ғалымдардың бос сөзге көп көңіл бөлгендіктерінен туындап отыр.

Бірақ кибернетиканы ғылым деп жариялаудан кейін де қиындықтар азайған жоқ. Ол кибернетиканың дамуы мемлекеттің ірі жобаларының іске аспауы мен қатар дамуы мен де байланысты болады. 80-жылдардағы жағдайға қысқаша шолу жасайық.

Кибернетиканың халық шаруашылығында қолдану перспективалары метематикалық модельдерді және ЭЕМ-ді ауқымды жоспарлау мен басқару мақсаттарына ұсыныстар тудырды. Ғалымдармен жасалған бұл ұсынымдар партия және үкімет шешімдерінде көрініс тапты. Халық шаруашылығының барлық бөлімдерде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (БАЖ) жасау мемлекеттік жоспарлау бағдарламасына енді. БАЖ халық шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта жасау негізі болуы керек еді: БАЖ-бен қатар технологиялық процестерді басқаратын автоматтандырылған жүйе (ТПБАЖ) болу керек еді, БАЖ-ға жоспарлық есептердің автоматтандырылған жүйелері (ЖЕАЖ) жасалу керек еді. Барлық автоматтандырылған жүйелерді есептеу орталықтарының жалпы мемлекеттік жүйесінде жүзеге асыру керек болды. Бірақ кейбір себептермен тек басқару жүйесінің жеке бөліктері ғана жүзеге асты, басқару өзінің ауқымды мақсатына жетпеді.

70-жылдардың ортасына қарай АЖЖ (автоматтандырылған жоспарлау жүйесі) құруға мақсат қойылды; АЖЖ шегінде конструкторлардың, ғылыми жұмыскерлердің және т. б. автоматтандырлыған жұмыс орындары (АЖО) туралы ой-пікір дамыды.

Киберентика негізінде терминологиялық көзқарастан информатиканың құрылуы туралы сұраққа келейік. «Кибернетика» термині пайда болғаннан кейін әлем ғылымында мынадай ұғым пайда болды: «Computer Scence» (компьютерлік ғылым) ; ол ұғым компьютерлік және телекомуникациялық жүйелердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және алмасу процестерін зерттейтін ғылым, сонымен қатар оқу пәндерінің атауы ретінде АҚШ, Канада және т. б. бірқатар елдерінде қолданылады.

60-70-жылдарда француздар «informatione” (теминін) ендірді, ол француздың екі сөзінен - “informatione” (информация) және “avtomatique” (автоматика) құрылған. Жаңа термин СССР-да және Батыс Европада даму тапты. Үлкен Совет энциклопедиясында информатикаға берілген анықтама: «Ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, сонымен қатар оны құрудың заңдылықтары, түрлендіру, алмастыру және адам әрекетінің басқа сфераларда қолдануы туралы пән». Бұл анықтама информатиканы кітапханамен, библиографиямен, ақпаратты іздестіру әдістерімен байланыстырады. Бұл мақсатпен 1952 жылы ғылыми ақпарат институты АН СССР құрылды, кейін ол ғылыми және техникалық ақпараттың Бүкілодақтық Институтына - ҒТАБИ - айналды.

Бұл бағытпен қатар «информатика» терминінің басқа анықтамасы жүрді, ол А. П. Ершов ойынша, 70 - жылдардың екінші жартысынан бастап нақтылана бастады. А. П. Ершов «Информатика» терминінің мағынасын түсіндіргенде, ол орыс тіліне « . . . Ақпаратты өңдеу және беру процесін зерттейтін фундаментальді жаратылыстану ғылымы ретінде» енеді деген.

Бұл анықтамаға түсініктеме бере келе А. П. Ершов былай деген: «Ғылымды жаратылыстану және қоғамдық деп бөлгенде, информатиканы біз жаратылыстану ғылымдарына жатқызамыз. Информатиканы фундаментальді ғылымға жатқызу ақпараттың жалпы ғылыми белгілерін және оны өңдеу процесін сипаттайды. Информатика ғылым ретінде тек зерттелетін үзінді үшін ақпараттық модель құрылған жағдайда қалыптасады. Ақпараттық модельдердің құрылымының жалпы әдістемелік принципі информатика пәні болуы мүмкін, ақпараттық модельдің құрылымы мен негізі жеке ғылымның мақсаты болып табылады».

Академик Н. Н. Моисеев келесідей айтқан: «Кибернетика, информатика - басқару процестері ғылымдарынан пайда болып, біздің көзімізше ақпарат пен табиғат қоғамындағы ақпараттық процестер туралы фундаментальді жаратылыстану ғылымына айналды». Сол арада отандық ғалымдардың арасында информатикаға ортақ анықтама берілген жоқ.

В. С. Михайлевич, Ю. М. Каныгин, В. И. Греценконың «Ставление информатики» кітабында былай деген: «Информатика - ақпаратты өңдеу, жобалау, жасау, бағалау, қайта өңдеу жүйесінің машиналық функцияны зерттейтін комплексті ғылым және инженерлік пән». Бұл тұжырымнан информатиканың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуымен байланысты, сонымен қатар информатика - ЭЕМ дамуының мәні екендігін көрсетеді.

1. 2 Информатика орта мектеп пәні ретінде

Мектеп информатикасының курсы информатика ғылымын түгелдей қамти алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі керек, сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.

Қазіргі кездегі дидактика жалпы білім берудің мазмұнының қалыптасуы принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық принципін бөліп алады. Б. Т. Лихачев бұл жөнінде былай деген: «Кез-келген ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір орында тұрады».

Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі информатика курсының мазмұнын анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.

Теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде 60-жылдардың басында кибернетика білімнің фундаментальді негіздері жалпы білім беру жүйесіне кіру керектігі және бұл сұрақты шешу үшін мектеп пәндеріне жаңа арнайы пән енуі керектігін түсінеді.

Ең басында В. С. Леднев жаңа пәннің атауы ретінде «кибернетика» терминін қолданды, бірақ ол принципке сай болмады.

Кибернетиканың ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылымы ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда үлкен қадам болды. Математикалық жүйелердің осы екі типіне - физика және кибернетика байланыстырады. В. С. Леднев ғылымның екі қатарын талдайды:

  • материяның заттай-энергетикалық ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика) ;
  • сатерияның кибернетикалық (антиэтропиялы) ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (киберентика, биология, комплекс, антропологиялық ғылымдар, қоғамтану, техникатану) ;

Сонымен қатар физика және киберенетика аспектілі ғылымдар категориясына жатады, яғни нақтылықтың жалпы заңдылықтарын, заттай-энергеитикалық және киберентикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар. Бұның негізінде жалпы білім берудің ортақ қағидасы құрылады. Бұл қағида негізінде қоршаған ортаны зерттейтін жалпы білім беру пәндері екі топқа бөлінеді: заттай-энергетикалық және кибернетика-ақпараттық. Осы әрбір топта жүйе құраушы элементтері болады. Заттай-энергетикалық топта бұл - физика, кибернетика-ақпараттық топта -кибернетика (информатика) .

Жоғарыда келтірілген қағидаға және негізгі оқу пәндері екі фактор мен - әрекеттің жалпы құрылымының және зерттеу объектісінің құрылымы мен анықталатындықтан, В. С. Леднев кибернетиканы негізгі оқу пәндеріне енуі керек деген тұжырым жасайды. Кибернетика пәні ХХ ғасырда пайда болған жалғыз жаңа пән, қалғаны ХІХ ғасырда пайда болған.

Одан кейін мынадай сұрақ туады: информатиканы білім беру жүйесіне жеке пән ретінде ме немесе басқа бір пәнге ендіру керек пе? В. С. Леднев информатиканы жеке курс ретінде келесі аргументтерді берген:

«Егер кибернетиканы басқа ғылымға енгізсек, ол өзінің негізін жоғалтып алады. Бұл оқушылардың кибернетика туралы білімін таяздатады. Сондықтан кибернетиканы жеке оқу курсы ретінде енгізу керек. Кибернетика туралы білімді басқа пәндерді де жалғастыруға болады».

1. 3 Информатиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылымның жаңа бөлімі және информатика мұғалімін дайындау пәні ретінде

1985 жылы мектеп курсына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні енгеннен кейін, педагогикалық ғылымға жаңа старт берілді, оның объектісі информатикаға оқыту болып табылды. Педагогиканың бұл бөлімі - «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы және әдісі (информатика; білім дәрежесіне байланысты) » деген атау алды. Бұдан информатиканы оқыту теориясын және әдістемесін информатиканы оқыту процесінің түгелдей облыстарына енгізу керек. Біз жалпы білім беру жүйесіндегі орта мектеп бағдарламасындағы информатика пәнін қарастырамыз.

Білім берудің жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі өз алдына мынадай негізгі мақсат қояды:

  • Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарын анықтау;
  • Сәйкес жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау;
  • Орта мектептің оқу жоспарында алатын орны;
  • Информатиканы оқыту құралдарының жиынын қарастыру;
  • Мұғалім жұмысында оларды қолдануға ұсынымдар жасау.

Басқа ғылымдар сияқты информатика да өз алдына мынадай үш сұрақ қояды:

  1. Информатиканы не үшін оқыту керек?
  2. Нені оқыту керек?
  3. Информатиканы қалай оқыту керек?

«Информатиканы оқыту әдістемесі» ғылымы өте жаңа ғылым. Бірақ ол тақыр жерден пайда болған жоқ. Себебі кейбір практикалық тәжірибелер оған дейін болған, мысалы математикада логиканың кейбір элементтері оқытылады, физикада және т. с. с.

Бұл пән ең алғаш педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына 1985 жылы кірді. Одан кейін кітап шықты. 1993 жылы «Информатика» мамандығы шықты.

- Негізгі ақпараттық тәртіп бойынша оқыған оқушыларды білім мөлшерін, ЭЕМ- да тәжірибелік жұмыс жүзіндегі білімін, қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалар арқылы

- Негізгі ақпараттық желіні және телекоммуникацияны қамтамасыздандыру үшін.

- Оқыту мекемелеріне және білім беру басқарма жүйесіне іс-қағаздарды автоматтандыру құжаттамасын енгізу.

- Негізгі ақпараттық және коммуникациялық технология және мультимедиа құралдарына оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін.

- Автоматтандыру процесін бақылау үшін керек оқыту шарасы, тестілеу және психодиагностика арқылы түзету нәтижелерін қамтамасыздандыру.

- Педагогикалық жоспарды қамтамасыздандыру, жүзеге асыру және осыған байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамту.

1. 4 Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол үкім шығарушы қоры негізінде өзінің жалпы педагогикалық негіздерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған негіз: білім берудің адамгершілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы; азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу. ҚР білім беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру. Мұның негізінде жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеттері келесідей болады:

  • Оқушылардың қоғамдық және өндірістік құндылықтарымен анықталатын білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
  • Ғылыми дүниетанымды, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтар мен идеалдарды, шығармашылық ізденісті қалыптастыру;
  • Халықтың ұлттық-мәдени қажеттілігін ескеріп оқушыларды тәрбиелеу;
  • Жастарда азаматтық орынды, адамгершілік қасиетін, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілігін дамыту.

Жалпы білім беретін мектептің ортақ мақсаттары үш негізгі топқа бөлінеді: білім берушілік және дамытушылық мақсат, тәжірибелік мақсат, тәрбиелік мақсат.

Мектептегі информатиканы оқытудың білім берушілік және дамытушылық мақсаты , бұл - түрлендіру процесстерімен қоса әрбір оқушыға информатика ғылымының бастапқы функционалды білім беру және осының негізінде оқушыларға әлемдік ғылымның қалыптасуындағы ақпараттық процесстердің мағынасын ашу, сонымен қатар қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиялардың және есептеуіш техниканың рөлін түсіндіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық модельдеу
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқытудың теориясы
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
ЖОО СТУДЕНТТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ НЕГІЗІ
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Интернет желісінде орналасқан ақпараттық материалдар
Оны жобалау кезінде жасалып жатқан ақпараттық білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz