Есіл өзеннің казіргі көрінісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Анықтамалар, белгілер және қысқартулар

г – грамм
кг – килограмм
мгкг – миллиграмм килограмға
см – сантиметр
мм – миллиметр
% - пайыз
0С – градус Цельсий бойынша
ж., жж. – жыл, жылдар
аш – ауылшаруашылығы
Синклинорий— жалпылама құрылысы синклиндік пішінге сәйкес келетін, ұсақ
қатпарлардың күрделі жүйесінен тұратын біршама ірі тектоникалық құрылым
Антиклинорий — геосинклиндер жүйесінің әр түрлі қатпарлы бірлестіктер
қалыптастырып көтерілуі нәтижесінде түзілетін, қүрылысы өте күрделі, ауқымы
біршама ірі (жүздеген км-ге созылады), жалпы пішіні антиклинді болып
келетін тектоникалық қүрылым атауы.
Антеклиза — платформа ауқымындағы ірі (ауданы 100 км2-ден астам)
тектоникалық көтерілме құрылым
Синеклиза — антиклизаға қарама-қарсы орналасатын платформаның кең көлемді
ойысы.

Мазмұны

Кіріспе 8
1 Есіл өзен бассейнінің табиғи экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы 11
1.1Географиялық орналасуы және рельеф 11
1.2 Геологиялық құрылым 11
2 Қазақстан Республикасы аймағындағы Есіл өзені торабының су шаруашылықтың13
экологиялық жағдайы
2.1 Есіл өзенінің суын пайдалану 13
2.1.1 Ауыз сумен қамту 15
2.1.2 Лас суды әкету. 19
2.1. 3 Өндірісті сумен жабдықтау 25
2.1. 4 Жылу энергетикасы 25
3. Есіл торабындағы су қорғаудың қазіргі жағдайы 30
3.1 Су объектілерін қорғау 30
3.1.1 Есіл ТСБ орнында жүргізілетін іс-шаралар 30
3.1.2 Жобалық өңдеулер 31
3.2 Өзендегі лас суларға бақылау қызметін ұйымдастыру 38
3.2.1 Мемлекеттік бақылау 38
4. Есіл өзенінің су қорғау аймақтары мен жолақтары 42
4.1 Су қорғау аймағы мен жолақтарының өлшемін анықтаудың әдістемелік 43
негізін өңдеу
4.1.1 Су қорғау аймағы 46
4.1.2 Су қорғау жолақтары 46
4.1.3 Жер үстін сумен жабдықтау көздерінің санитарлы қорғау аймағы 47
4.2 Есіл өзенінің су қорғау шекарасын анықтау 48
4.3 Есіл өзенінің су қорғау аймағының жолақтарының шекарасын анықтау 50
4.3.1 Су сақтағыштара үшін жағалаудағы су қорғау жолақтарының шекарасын 50
анықтау
4.3.2 Астана қаласы ауданының Есіл өзені жағалауындағы су қорғау жолағының51
шекарасын анықтау
4.4 Су қорғау аймақтары мен жолақтарын ұйымдастыру шаралары 51
4.5 Өзен экологиялық жағдайының су қорғау аймақтарын құру әсерін бағалау 53
5. Су қорғау белгілеріне сипаттама 55
5.1 Су қорғау белгілерінің тораптары 55
5.2.1 Су қорғау аймағының жағалау жолағының белгісі 55
5.2.2 Санитарлы қорғау аймағының белгісі 56
6. Су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобасы 57
6.1 Пайдалану шаралары 57
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

КІРІСПЕ

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы
зат – судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас
бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады.
Су қорғау аймағы өзен, көл, су қойма және тағы басқа жер беті су көздер
акваториясына қосылатын ауданға арнайы шаруашылық режим немесе басқа қызмет
түрлері белгіленеді. Соған байланысты су қорғау аймағы бөлінеді. Ені 20-ден
кем емес бұл аймақ су нысанына және су шаруашылық құралымына шектеулі
шаруашылық қызмет режимі орнатылады.
Су қорғау аумағындағы арнайы режимді сақтау табиғатты қорғау кешенінің
құрама бөлігі су нысанының және жағалық аймағының абаттану жағдайы
гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық және экологиялық
шараларын жақсартады. Сонымен қатар су қорғау аймағы және жолақтары
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 19.03.04 ж. №451 шараларының
бірі республика аумағындағы апат жағдайларынын алдын алу шаралары су
қорғау аймақтарында нысандар тұрғызуға тыйым салу салалары [1].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының облыстарының қатарында
өзендерге су қорғау аймағы және жолақтары, бірақ бұл қаулы есепке алмайды:
-су жайылу шекаралары;
-бассейннің физико-географиялық жағдайлары;
-бар елді мекен және инфражүйе.
Су қорғау аймақтарының және жолақтарының нақты өлшем құру үшін әр
өзенге сәйкес жобалық жұмыстар өткізу қажет.
Су қорғау аймақтарын және жолақтарын құру келесі қызметтерді бақылауға
мүмкіндік береді:
1. судың сапасын жақсарту;
2. су тасқындарынан қорғау;
3. ағынды қорғау
Су қорғау аймақтарын және жолақтарын құру Есіл өзені бассейнінің физико-
географиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін пайдаланып
қарастырыды.
Судың сапасын жақсарту. Есіл өзен бассейні Қазақстан Республикасы
территориясының 245 мың км. (215 мың км.) алып жатыр. Елді-мекен
1.9 млн. адамнан құралған, олардың 1.09 млн. (57%)-қала тұрғындары. Бұл су
ресурстарымен аз қамтамсыз етілген бассейндердің бірі. Су қоры 5.34 км
құрайды. Су қорының көп бөлігі көлдерде шоғырланған-55%, өзен ағыны 34%
құрайды, су қоймаларда 7% шоғырланған. Қазақстан бойынша жер асты
суларының қоры-0.19 км(Балқаш-Алакөл бассейнінің қорынан 30 еседей
кем) және бассейндегі су балансының барлығы 4% құрайды[2].
Есіл өзенінің негізгі су артериясы болып солтүстік Көкшетау
биіктігінен, ал оңтүстігінде-Ұлытау тау беткейінен бастау алатын бірнеше
ірі салалары бар. Қарағанды облысында (Қазақстан солтүстік қиыры). Оның
ұзындығы 2450 км. құрайды, сонымен қатар 1717 км. Қазақстан аумағының
Ақмола және солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында созылып жатыр.
Колутон, Жабай, Терісаққан, Акан-Бурлук және Иман-БурлукД өзендері сулылығы
және тармақтарының созылуымен ең маңызды болып келеді.
Өзен бассейндерінің ерекшеліктері ағысты бөлістіру жыл мезгілінде ғана
емес, сонымен қатар жылдарда да бірқалыпсызболып табылады. Әр жылда су
шығыны жүз рет өзгеруі мүмкін, бұл осы өзендердің ресурстарын шаруашылық
пайдалануын біршама қиындатады. Сол себептен ылғи да су тапшылығы болып
тұрады, бұл суды ластаушы заттар санының күрт көтерілуіне, су сапасының
төмендеуіне әкеліп соғады.
Бассейн шектерінде 2.2 км су қалыптасады, оның 0.5 км сүзілу
және булану есебінен жоғалады, ал 0.8 км санитарлық, табиғатты қорғау
және реттелмеген арынды ұсынады.
Су тасқынынан қорғау. Су тасқыны ең жиі және зиянды табиғи апат болып
табылады. Олар тікелей және жанама түрде зиян келтіреді. Бірінші кезекте-
бұл нысандардың қирауы, адамдардың қаза болуы, үй жануарлары мен ауыл
шаруашылық дақылдарының егісі, ландшафтың бұзылуы. Екіншіден осы апатқа
байланысты өндірістің тоқтауы, көлік қатынасының бұзылуы, ортаның, оның
ішінде судың ластануы, эпидемияның пайда болуы және тағы басқалар.
Есіл өзені бассейнінде су тасқынының басты себебі қатты және ұзақ
жауын, қар қабатының қарқынды еруі, су қоймаларының бұзылуы, өзендегі
мұздың қатталуы мен кептелуі.
Қазақстанда су тасқынының 70% көктемгі су толуына, 30% жаңбыр жауға
және 10% басқа себептерге байланысты болады.
Су тасқынының жойқын күшінен толық қорғау мәселесі Қазақстанда әлі
күнге шешімін таппай отыр. Осыған байланысты республика деңгейінде су
тасқынынан қорғау бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама жасау, сонымен қатар су
басу аймақтар үшін тәуекелдік картасы мен қауіпсіздік құрылыстың жаңа
нормативін жасау ең актуальді мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді шешу су
басу процестерінің космостық мониторинг құжаттарына және олардың
потенциалдық сценарийлерінің ГИС-технологиясы негізінде негізделуі тиіс.
Бұл әдістемелік жол алдағы уақытта су тасқынына байланысты үлкен шығындарды
болдырмауға мүмкіндік жасайды. Мысалы Астана қаласында Есіл өзенінің сол
жақ жағалауында нысандар салынып жатыр. Алдын ала жүргізілген гидрологиялық
есептеулер бұл аймақта аз қайталанатын судың өте жоғары деңгейі болуы
мүмкін.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда ауыз су мәселесі ең актуалды болып
табылады. Минералды жер асты сулары мен мұздақтардың болмауы, көлдердегі
сулардың аздығы халық үшін өзен суын ауыз судың жалғыз ғана көзі етеді.
Егер Ақмола облысында Есіл өзенінен басқа бірнеше орта және кіші өзендер
болса, Солтүстік Қазақстан облысы үшін Есіл өзені ауыз су үшін жалғыз ғана
су көзі болып табылады. Сондықтан да суды сақтау ең актуальді мәселе болып
табылады. Ақмола облысының сумен жабдықтаудағы ең өзекті мәселесі Астана
қаласының сумен қамтылуының артуы Ертіс-Қарағанды каналымен Есіл өзеніне су
тастау су құбырымен құрылысының құрылысы аяқталды. Вячеслов су қоймасынан
қалаға су беретін су құбырының 3 желісі аяқталды. Облыс халқын су құбырымен
қамтамасыз ету 70.6%. Облыстың 727 елді мекенінің 311-і орталықтандырылған
су құбырымен қамтылған, 361-і жергілікті су көздерінің 55-ісырттан алып
келетін суды пайдаланады. Соңғы жылдарда облыста ашық су көздерін
пайдаланатын халық үлесі 2-есеге көбейді. Еңбекшілдер (11.8%), Жақсы (57%),
Жарқайың (46%), Зеренді (48%) аудандарының халқы жергілікті су көздері мен
тасып әкелінетін су пайдаланады[3].
Бұл тақырыптың өзектілігі: Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-
мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен
қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды
міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша
мүмкіндік.
Су жетіспеушілігі салдарынан халықаралық жанжал, дау-дамай өріс алуы
ықтимал.Бұл жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып отыр. Трансшекаралық өзен-көл
аумағында отырған елдер арасындағы дау-шар жиі болып тұрады. Демек, болашақ
қақтығыстардың негізі салынып жатыр. Сондықтан Есіл өзенінің экологиялық
жағдайын білу үшін табиғи - географиялық және климаттық орналасуын зерттеу
тақырыптың мақсаты болып табылады

1. Есіл өзен бассейнінің табиғи экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы
Су тапшылығы төңірегіндегі өткір мәселе өзектілігімен халықаралық
қауіпсіздікті тығырыққа тіреді. Су жетіспеушілігі салдарынан халықаралық
жанжал, дау-дамай өріс алуы ықтимал.Бұл жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып
отыр. Трансшекаралық өзен-көл аумағында отырған елдер арасындағы дау-шар
жиі болып тұрады. Демек, болашақ қақтығыстардың негізі салынып жатыр. 
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, халықтың демографиялық өсімі, белгілі бір жерге
шоғырлануы, қуат көзіне деген сұраныстың молаюы және жаһандық климаттың
өзгеруі ауызсуды тұтынуды  ұлғайтты. Сондықтан тек таза, тұщы сумен бірге,
жалпы су қорының жетіспеушілігі туды. БҰҰ әр үш жыл сайын әлемдік су
қорының жай-күйі туралы баяндама жариялап тұрады.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120
миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады.
Мұның ішінде Есіл өзені т.б.
Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден
келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада
су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай
деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен
де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт
аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су
келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті
суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы
санның ішінде).
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті
табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық
экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге
жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын,
ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы,
аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен
есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатын ластаушы көздерін топқа
бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар,
жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар,
аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,
құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі,
өзен, көлдердің жойылуы, т.б.
Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс
орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл
шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы
дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте
төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар
топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі
төмендейді. Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін
(ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн
қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары
суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін
жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары
мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жайылма суландыру негiзiнен, солтүстiк
және батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол
Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы басқа өзендер.
Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.
Су ағуы балықтарға келтіретін зияндығы:
- Судың қозғалыста болуы. Судың үздіксіз козғалуы, өзен мен
теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде
де өзіндік ағыстардың болуынан.
- Су температурасының өзгергіштігі. Сонымен қатар, жылудың
әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай
қозғалып тұрады
- Газдарды еріту қасиеттері. Судың қозғалысы механикалық фактор
ретінде балықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене
жабындыларының сипатына әсерін тигізеді.
- Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).

1. Географиялық орналасуы және рельеф

Бассейн үшін оңтүстіктен солтүстікке қарай жалпы төмендеу сипатталады.
Бассейннің солтүстік бөлігінде Батыс-Сібір мен Солтүтік Қазақстан жазықтары
бассейн территориясының біршама бөлігін Қазақстанның Сарыарқасы алып жатыр.
Солтүстік Қазақстан жазағының орташа 200 км. Есіл өзенінің бойлай
созылып жатыр.
Бассейннің көп бөлігін жазық ландшафт алып жатыр. Орман-далалық
ландшафтық зона қалыпты-континентальды климатпен сипатталады. Жауын-
шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдылық коэффициенті 0.77-0.56
құрғақшылық жылдардың қайталануы 20-30%.
Ылғалдылық коэффициентінің әртүрлілігіне байланысты екі аймаққа
бөлінеді. Қалыпты ылғал аймақ Петропавл қаласынан солтүстікке қарай
орналасады, ылғал коэффициенті 0.77-0.63. ландшафты әртүрлі.
Петропавл қаласынан оңға қарай типтік емес ормандала аймағы орналасқан,
ылғал коэффициенті 0.63-0.56. Ормандалалық ландшафтық аймақтың жерлері
шабындық пен жайылымға пайдаланылады. Далалық ландшафтық аймақ Есіл
бассейнінде өзенағысымен жоғары Сергеевка қаласынан басталады. Ландшафтың
зоналық түрлері құрғақ және қуаң климаттық жағдайларда қалыптасқан. Жылдық
жауын-шашын мөлшері 310-220 мм, ылғалдық коэффициент 0.57-0.27, қуаңшылық
жиі болады[3].
Есіл өзенінің бассейні геолого-географиялық және геолого-құрылымдық
аудандауға сәйкес Орталық Қазақстанның Солтүстік-шығысында-Ерементау
антиклинорийі, Селеті синклинорийі және Ешкіөлмес антиклинорийі; Орталық
Қазақстанның шығысында-Теңіз ойпаты және Байқоңыр-Есіл мегасинклинорийі
Орталық Қазақстанның Солтүстігінде-Марьев синклинорийі және Қазақстанның
Солтүстігінде Омбы синеклизасының Қазақстандық қанаты орналасқан.
Орталық Қазақстанның Солтүстік-шығысы Есіл өзенінің оң жақтағы негізгі
саласы Мойылды өзені басынан бастап Астана қаласының Киров елді мекеніне
дейінгі аралығын қамтиды. Өзен бассейнінің ені 30-км ден 75-км-ге дейін
жайылып жатыр[2].
Ерементау антиклинорийінің Есіл өзені тұсындағы ені 60-75 км батыс
жағынан Селеті синклинорийі қосылады.
Селеті синклинорийі оңтүстік бөлігінде ені 30-45 км болатын жіңішке
сызықтық құрылым. Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы аймақ пайдалы қазбаларға
кедей.

Астана қаласынан оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Есіл өзенінің
аумағында орта және кіші құрылыстық құм мен топырақтың карьерлік орындары
бар.

Орталық Қазақстанның Батысы Астана қаласының Есіл жебесіне дейінгі
аралықты қамтиды. Бұл жердің негізгі геолого-құрылымдық элементі болып
теңіз ойпатының солтүстік бөлігі, сонымен қатар Жарқайнағыш антиклинорийі
мен Қалмақкөл синклинорийі.
Келесі сурет1. Совет Өдағы болған кездегі Есіл өзеннің ағу жолы
көрсетілген

Теңіз ойпаты солтүстігінде Степняк синклинорийімен және Көкшетау
биіктігімен шектеледі.

2. Қазақстан Республикасы аймағындағы Есіл өзені торабының су шаруашылықтың
экологиялық жағдайы
1. Есіл өзені суын пайдалану

Есіл өзені Қазақстан Республикасындағы Ақмола және Солтүстік
Қазақстан облыстарын негізгі сумен жабдықтау көздері болып тадылады.
Есілдің суы Астана, Петропавл және де көптеген елді-мекендерді сумен
жабдықтауға пайдаланылады. Есіл өзені торабында жалпы шамамен 1000000
адам мекен етеді.
Есіл өзенінің суы
- ауыз сумен жабдықтауға;
- ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауға;
- өндірістік сумен жабдықтауға;
- жылу энергетикасына;
- балық шаруашылығына пайдаланылады.
1998 жылдан бастап ауыл шаруашылығына су алу төмендеп, ал тұрмыстық
және ауыз сумен жабдықтау үлесі өсті. Бұл бір жағынан ауыл
шаруашылығындағы дағдарысқа және де жерді суландыру алаңының төмендеуіне
байланысты, ал екінші жағынан Астана қаласы халқының күннен –күнге өсуіне
де байланысты болып отыр [4].
Өзен көлігі – ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика
аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар.
Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі орналасқан.
Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ.
Экологиялық жағдайы
Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде
судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз
айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым
тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады.
Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да
көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше
см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына
байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да
өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан
шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты
суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші
едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып),
Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы,
температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге
ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар
мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Кестеде Есіл
өзеннің гидрографиялық бассейнінің жылдық ағыны көрсетілген.

кесте 2.1
Есіл гидрографиялық бассейнінің қамтамасыздығы бойынша өзендерінің
жылдық ағыны
Өзен және Су Су Жылдық ағын көлемі, км2
№ гидрометриялықбекетінің Сағаданжинау
бекет аталуы № қашықтыалабы,
қ, мың
км км2

Астана ПетропаКөкшетаСтепног
вл у орск
Халық саны мың адам 500,0 195,6 125,8 50,0
Су өткізгіш желілердің
ұзындықтары км 525,5 288,0 280,0 350,0
Су қабылдағыш құрылымдардың мың м3тәул
өнімділігі 363,0 120,0 40,0 164,0
2001 жылғы жалпы су пайдалану :
млн. м3 62,3 22,4 10,6 3,5
жер беті су көздерінен 62,0 22,4 8,2 3,5
жер асты су көздерінен 0,3 - 2,4
1 адамға кететін меншікті су
тұтыну: лтәул
есепке тек халық тұтынуы
жалпы су жйналымынан
Барлық бөлінген су млн. м3 40,1 19,5 10,4 3,2
Канализациялардан 1м3суға
кететін тариф теңге 40,54 25,3 39,43 нс
Су-канализациялық қызметтерге млн. теңге
кететін болжамдалған шығындар 762,0 нс нс нс

2.1.2 Лас суды әкету

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Экономикаклық және әлеуметтік Кеңесімен
европалық статистиктер конференциясының 37 пленарлық сессиясында
қабылданған (Женева, 12-16 маусым 1989 жыл) тұщы судың экологиялық
сапасының стандартты статистикалық жіктемесіне сәйкес су объектілерінің
жағдайларына әртүрлі әсер етуіне байланысты судың сапасы көрсеткіштердің 7
тобы бойынша анықталады, одан кейін судың жіктемелік класын анықтайды.
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық
- өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын,
көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады.
Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды,
оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су
көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6
Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3.
Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды
алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2жерге 37 мың м3 және бiр
кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.
Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су
қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ
бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп
отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында
сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан
облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау,
Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы сужоқтың
қасы.
Осыдан ондаған жыл бұрын тасып-тулап жататын қарт Есілдің қазіргі
жағдайы, өкінішке қарай, алаңдатарлық-ақ сурет 2.

Сурет 2. Есіл өзеннің казіргі көрінісі
Ауыз су, содан кейін ақаба суларды алудың көздері тұщы (жер асты және
жер беті) табиғи сулар болып табылады. Ауыз сулар алдын ала тазарту процесі
кезінде, элементтік құрамы өзгермей, тотықтырылған өнімдермен элементарлы
хлормен, озонмен немесе фторлы агенттерімен байытылуы мүмкін.
Ақаба сулардың құрамын сапалық деңгейде болжауға қиын, элементтік және
заттық құрамы жағынан өте күрделі жүйені құрайды. Олар шаруашылық
түрлерінің әрекетіне тәуелді, спецификалық қасиеттерге ие, табиғаты
органикалық және бейорганикалық компоненттермен ластанады.
Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі
болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы – органикалық және
бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.
Табиғи, ауыз су, ақаба суларының бірден бір анализ мәселесі іріктеу
техникасына, консервациясына, үлгілердің сақталуына және тасымалдануына
ерекше талаптар қойылатын құрамның динамикалық сипаты болып табылады.
2003 жылы Есіл бассейіні бойынша лас және шахталы суды тастау көлемі
86,14 млн.м3, соның ішінде Ақмола облысы бойынша -64,44 млн.м3 және
Солтүстік Қазақстан облысы -21,6 млн.м3 –ді құрайды. Бұл көрсеткіштер
пайыздық шамамен бас тоғанның жалпы өлшемі бойынша 42-44 %-ды құрайды.
Жер асты және жер үсті судың ірі ластану жинақтағышы деп Талды –Көл
өзені болып табылады, мұнда Астана қаласының лас сулары толықтай
механикалық және биологиялық тазалаудан кейін тасталынады.
Канализациялық шаруашылық бассейіндерінің талдамы көрсеткендей, тек
қана 6 қалада канализациялық торап бар.
Солтүстік Қазақстан облысын сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде,
үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым
желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі
қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде
құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін
көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты
миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны
төгіп те жатады.  Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық
ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді.
Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде
орналасқан Талдыкөл атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа
толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың
қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр. 
Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалығыш
қондырғыштарда улансыз-дандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен
беткей қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен
кезде СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келді Бірақ көп киллометрлі
коррозияға ұшыраған трубалармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт
төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс,
мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы
компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан
бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организімне түсіп әр түрлі
аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Экономикаклық және әлеуметтік Кеңесімен
европалық статистиктер конференциясының 37 пленарлық сессиясында
қабылданған (Женева, 12-16 маусым 1989 жыл) тұщы судың экологиялық
сапасының стандартты. Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау
ережелері құжатының 2.2 пунктіне сәйкес, елді мекендерінің шегінде
орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы
суаттар үшін бекітілген шекті–рауалы концентрацияны (ары қарай ШРК) қолдану
керек.
Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын
бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
- жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық,
гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
- арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау;
Статистикалық жіктемесіне сәйкес су объектілерінің жағдайларына
әртүрлі әсер етуіне байланысты судың сапасы көрсеткіштердің 7 тобы бойынша
анықталады (2.4 кесте), одан кейін судың жіктемелік класын анықтайды.

кесте 2. 4
Су сапасының класын анықтау критериялары
Су ластануының класыСипаттама Су ластануының индексі
1 өте таза
2 таза 0,3 – 1
3 қалыпты ластанған 1- 2,5
4 ластанған 2,5 – 4
5 лас 4 – 6
6 өте лас 6 – 10
7 шамадан тыс лас 10

Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүсеге
асады:
1) су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және
зерттеу жүргізу;
2) алдын-ала таңдалып алынған пункттердегі су объектілеріне жүйелі түрде
бақылау жүргізу, яғни:су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген
бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте
алынған мәлімет; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы
бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе
суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен
таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен
қамтамасыз ету.
Әрбір нақты жағдайда анықталатын арнайы заңдылықтармен зерттеулердің
міндеттерін құрайтындар мыналар:
- өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;
- су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін
әсерін анықтау;
- суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;
- коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың
ығарылуын бағалау және т.б.
Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін
участок таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты - біріншілік
мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы
сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша
жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Гидроэкожүйелер сапасының мониторингі мақсатқа сай басқарудың бұрынғы
Жалпы мемлекеттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биота үшін қауіп
тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау пунктерінде жүргізіледі.
Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелілік, гидрологиялық жағдайлардың
сипаттарымен келісе оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды.
Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі
принциптері 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-
6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады.
Қазақстан аймағында ауыл халқының қалаға қоныс аударуы әсерінен
қоғамдық мал шаруашылығында мал басы тез арада азйып кетті, барлық
ауылдық өндіріс орындары және кәсіпорындар тоқтап қалды. Осының
нәтижесінде жайылымдарды суландыру мен ауыл шаруашылығын сумен
жабдықтауға су тұтыну төмендеп кетті.
Егістікті суармалаудағы жерді суғару көлемі келешекте мүлдем төмендеп
кету қаупі бар. Бұл дегеніміз ауылдық жердегі электр энергиясының
жоқтығы, өнімге сұраныстың төмендеуі, егістік жердегі өсірілген өнімнің
өзіндік құнының жоғарылауы, сонымен қатар мал басының төмендеуі мен
егістік жерлерде өсірілген өнімге сұраныстың төмендеуімен байланысты.
Есіл, Нұра өзендері мен Нұра-Есіл каналының жер беті суларының сапасы
кестеде көрсетілген.

кесте 2.5
Есіл, Нұра өзендері мен Нұра-Есіл каналының жер беті суларының сапасы
ШРЕК орташа еселігі ШРЕК-тіЛастағышСу
Су нысаны ң заттар сапасын
орташа индексіның
еселігіің класы
нің мөлшері
суммасы

Вячеслав су қоймасы

Ақбұлақ өзені 0,8 0,34 3,3 1,0
(орташа)
Ауылшаруашылығы 510,3 315,8 41,4 57,1
Реттік суғару 134,0 55,2 11,7 18,3
Лиманды суғару 256,5 165,5 0,6 6,57
Ауылшаруашылығын сумен қамту 96,0 77,5 24,0 27,17
Жайылымдарды суландыру 24,0 17,6 5,1 5,05

2.1.4 Өндірісті сумен жабдықтау

Өндірістік қажеттіліктерге арналған су тұтыну көлемінің төмендеуі
бәрінен бұрын өндірістің төмендеуіне өндірістік кәсіпорындардың тұрақсыз
жұмыс жасауына, банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың жабылуына байланысты
болды.
Барлық өндірістік кәсіпорындар, жылу энергетика өндірісі, КазСабтон ЖАҚ
және де ірілі-ұсақты өндірістер тоқтаған. Жалпы су тұтынудан 2003 ж.
өндіріс-26,58 млн.м3, жылу энергетика сұраныстарына-36% шамасында,
КазСабтон ЖАҚ-48% және де басқа қажеттіліктер үшін 16%алынады.
Суды айналма және қайта пайдалану көлемі Есіл БСБ жалпы алғанда
өткен жылғымен салыстырғанда 65,5 млн.м3 төмендеген және қазіргі есебі
384,3 млн.м3 құрайды.

2.1.5 Жылу энергетикасы

Жылу энергетика – кез-келген елдің экономикасының фундаментінің бірі.
Біздің мемлекет өзінің жылу энергетикалық инфрақұрылымы мен адекваттықтың
қазіргі талаптарына қамқорлық жасайды. Қазақстан жылу және электр
энергиясының көлемін көбейтуді жоспарлап отыр және 2015 жылына энергияның
жалпы өндіру көлемін 86 млрд.кВт-сағатқа дейін жеткізуді ұйғарып отыр,
бүгінгі күндегі өндірілетін энергияның деңгейін 50% дейін арттыру. Бұл үшін
әр түрлі мемлекеттік жобалар мен жылу энергетикалық бағдарламаларды жүзеге
асыру қажет, мысалы: Ұлттық энергетикалық торап модернизациясын жобалау
ядролық энергетика қарсаңында Ресеймен екі жақты келісім жасауда. Ұлттық
жылу энергетиаксын модернизациялау бағдарламасы және т.б. Қазақстан
аймағындағы барлық жерлерінде жылу энергиямен жабдықтаудың сенімді
стратегиялық мағынасы бар бағдарлама жасалынды. Бұлар әсіресе оңтүстік
областарында жылу энерия жетіспеушілігі қатты сезілуде. Бүгінгі күнде жылу
және энергетикалық энергия өндіру тұрақты дамуда.
Есіл өзені торабындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау Петропавл ЖЭС-
2, Ақмола ЖЭС-1 және де ЖЭС-2 сияқты электр станциялары арқылы қамтамасыз
етіледі. Төменде кәсіпорындардың қысқаша негізгі сипаттамалары
келтіріледі.
1990 жылдармен салыстырғанда экономиканың барлық салаларында ЖЭС
өндірістерінің жұмыс қуатының төмендегені бақыланып отыр.
Су қорларын пайдалану технологиясын жетілдірудің негізгі бағыты
энергетикалық мақсатта су тұтыну технологиясын ендіру (су тұтыну
технологиясын жоғары деңгейде ендіру т.б).
Жылу электрстанция атаулары, ТЭЦ орналасқан мекемелер келесі кестеде
көрсетілген.

кесте 2.7
Жылу энергетикасына қажетті су жиыны
№ Жылу электрТЭЦ орналасқан ЖЭЦ қуат ЖұмысшылСу Айналы
станция мекеме ар саны жиналым м
атаулары 2001
жылы,
млн. м3
Электрлік Жылулық
Мвтсағ. Гкалсағ
.
1. Ақмола ЖШС 15,7 293,8 460 1,7 0,47
ЖЭЦ-1 Астана-Энерго
сервиз
2. Ақмола - 240,0 540,0 800 6,4 139,8
ЖЭЦ-2
3. Петропавл ТОО Аксесс 380,0 1258,6 1712 9,2 217,5
ЖЭЦ-2 Энерго

Балық шаруашылығы және де басқа тұтынушылар
Қазақстан республикасының балық шаруашылығының негізгі мақсаты балық
өсіру, балық қорларын тиімді пайдалану, балық ресурстарын қорғау, жасанды
жем базаларын сақтау, мелиоративті жұмыстар жүргізу болып табылады.
Қазіргі экономикалық жағдайда балық тауарларының тұтыну нарығы
айтарлықтай қиыншылықтарды өткеруде: саланың дамуы балық қоры деңгейіне
сәйкес келмейді, коперативті өндірістердің деңгейі төмен, инвестициялық
проблеманың күрделілігін көрсетеді.
Балық шаруашылығын дамытудағы негізгі мақсат – балық шаруашылығы
комплекстерін сақтау негізінде өндіріс орындарының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, жасанды су қоймаларының биоресурстарын пайдалану, тауарлы балық
өсіруге жағдай жасау. Балық өсіру аймақтарында балықтарды көбейту үлкен
проблема болып тұр.
Балық шаруашылығы экономика саласында екінші дәрежелі шаруашылықтың
бірі болып саналады. Балық шаруашылығына су тұтыну жылына бар болғаны 2%-
ды ғана құрады.
Көп жылғы тәжірибе балық шаруашылығында судың көлемі мен сапасына
өте жоғары талап қоятынын көрсетті. Сондықтан бұл сала су кешеніне
қатысушыларының бірі болып есептеледі. Оның талаптары көптеген
халықшаруашылық салаларының талаптарына, қарама-қайшы келіп жатады. Балық
шаруашылығының талаптары су көзінде жеткілікті көлемде оттегінің болуы
және залалды заттардың болмауы, керекті тереңдік пен су жылулығын сақтау.
Оның сыртында жеткілікті тамақ қоры және басқа балықты сақтау шаралары
болу керек:
- Балық шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізетін жағдайлар;
- Табиғи сулардың тұрмыс, өндіріс лас суларымен, тынайтқыш, пестицидпен
ластануы;
- Су көздерінің деңгейінің жиі өзгеруі және сапасының төмендеуі (Арал
және Каспий теңіздері);
- Гидроқұрылыстардың өзен арнасына салынуына байланысты, балықтардың
уылдырық шашу мүмкіндігінің азаюы;
- Суқоймаларының салынуына байланысты судың гидрологиялық,
гидрохимиялық және гидробиологиялық кестесінің өзгеруі;
Бөгеттің жоғарғы жағында судың температурасының өсуі, сутегінің
өзгеруі, судың көк-балдырға айналуы. Бөгеттің төменгі жағында – балық
шығуының тарылуы.
- Салынған насос станцияларының және басқа су алатын қондырғылардың
балық қорғайтын арнайы торлардың және басқа құралдардың болмауынан
шабақтардың қырылуы;
- Балық аулау тәртібінің бұзылуы.

Есіл өзенінің су шаруашылық балансы
Су шаруашылық балансы қаралып отырған өзен торабының жер беті мен жер
асты сулары мен жер бетінен булану және өсімдік арқылы ауаға тарау ,
жауын-шашын қарым-қатынасын білуге жасалады. Сонымен қатар қолда бар су
ресурстарымен оған халықшаруашылығына сұраныс пен экологиялық сұраныстарды
салыстыру керек.
Есіл өзенінің жоғарғы бөлігі бойынша су тапшылығының нақты балансын
соңғы жылдары ғана көрсетті.
Есіл өзен торабының жылдық ағынының орташа сулылығы 2,23 км3-ты
құрайды. Соның салдарынан міндетті шығындар жылдың орташа сулылығы шамамен
0,8 км3 суды құрайды, жоғарғы су сақтағыштан, өзен арнасынан, сүзгілеуден
буланудағы ағын жоғалу -0,5 км3.
Су қорларының орналасуының жоғарылауна байланысты су шаруашылық
шаралары кешеніне кіретіндер: өзен ағындарының реттелуі, тиімді және әсерлі
пайдалану, қосымша су көлемін басқа бассейіндерден әкелу.
1. Ертіс-Қарағанды каналынан Есіл өзеніндегі кешенді ғимараттардың
техникалық сипаттамалары:
- су тартқыш трассаның жалпы ұзындығы 20км, соның ішінде ағынды бөлігі-
болат құбыр, диаметрі 1400мм -9,7км, ағынсыз бөлігі –темір бетон құбыр,
диаметрі 1200 мм,-3,0км және диаметрі 1000мм-3,8км және темір бетон канал-
3,2км;
- басты су қабылдағыш – есептік шығын 1-ші кезек-3,6 м3с, екінші кезек-
7,2 м3с;
- сорғыш станциялары және де басқа көмекші ғимараттар.
Ертіс-Қарағанды канал су қабылдағышының су көлемі -90 млн.м3жыл, соның
ішінде Вячеслав су сақтағышына келетін судың көлемі -63 млн.м3жыл.
2. Нұра-Есіл каналы Нұра өзенінен Есіл өзеніне су беру арқылы Астана
қаласының техникалық су тапшылығын қамтуға арналған. Нұра өзенінің ағын
суларының және Нұра-Есіл каналының лас сулармен ластануына байланысты
Қарағанды және Теміртау қалаларындағы өндірістік аудандарында пайдаланатын
жеке техникалық су құбырларының болмауы қазіргі уақытта мүмкін болмай
отыр.
Сонымен қатар қосымша су тапшылығын жою барысында қашыртқы, айналма,
жер асты және де лас суларды пайдалану көлемін ұлғайту қарастырылуда.
Есіл өзенінің су шаруашылық балансы құрайтын және шығындары келесі
кестеде көрсетілген.

кесте 2.8
Есіл өзенінің су шаруашылық балансы

№ Баланс баптары млн. м3
1. Табиғи өзен ағыны 1246,40
2. Жер асты суларын пайдалану 19,62
3. Қайтарылатын сулардың су көзіне түсуі 10,53
4. Су қоймаларын жөндеу 121,59
Барлық келіп түсетіні 1398,14
1. Жер беті су көздерінің жиналуы 121,06
2. Жер асты су көздерінің жиналуы 19,62
кесте 2.8 жалғасы
3. Су қоймалар мен өзен арналарындағы шығындар 303,49
4. Атыраулық көлдердің толуы 16,96
5. Ресейге құйылулар 937,0
Барлық келіп түсетіні 1398,14

3 Есіл торабындағы су қорғаудың қазіргі экологиялық жағдайы
3.1 Су объектілерін көрсеткіштері және қорғау

Қазіргі уақытта Есіл өзені бойынша жүргізілетін су қорғау
шараларының кешені төмендегідей:
1. Жағалауды қорғайтын оман жолақты құру;
2. Есіл өзенінің суын тартылудан, ластанудан қорғау;
3. жерді рекультивациялау кезіндегі жұмыстар жасау;
Су қорғау шараларын сақтауда бақылау Есіл ТСБ (торап суын бақылау),
облыстық және аудандық әкіматтармен, сонымен қатар қоршаған ортаны
министрлігінің аймақтық бақылау органдарымен, орман, балық шаруашылығы,
Есіл өзен торабының су қорларын тартылудан және ластанудан қорғайтын СЭС
орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Өзендегі және бөгендердегі судың сапалық көрсеткіштері бірдей, судың
сапасын бақылау белгіленген тұстамалар бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.
Соңғы жылдары өзеннің ұзына бойына суда мыстың (15 ШРК) және темірдің (5-6
ШРК) жоғары шоғырлануы белгіленген, бұл көрші Ақмола облысынан
трансшекаралық тасымалмен байланысты. Айқындалатын басқа да көптеген
ингредиенттердің шоғырлануы ШРК-ға сәйкес.

3.1.1 Есіл өзені бассейнінде жүргізілетін іс-шаралар

Есіл өзені бассейніндегі өзендерге тексеру қалалық санитарлық
эпидемиялық бақылау мен қоршаған ортаны қорғаудың қалалық және аймақтық
басқармасымен бірлесіп жүргізіледі.
Астана қаласында сонымен қатар облыс аймағының санэпиднадзор және
қоршаған ортаны қорғау бөлімінің зертханаларында талданып, сынамаларға
бірігіп таңдау жасайды. Жылдың жылы мезгілінде мемлекеттік
автоинспекиця, санэпиднадзор және қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық
полицей қызметкерлері бірлесіп өзенді ластаудан қорғауға қарсы жиі
кезекшілікке шығады. Астана қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік санэпиднадзор департаменті мен
Есіл су шаруашылық инспекциясы мекемесімен бірлесіп Астана қаласының сумен
жабдықтау және канализация объектілеріне тексеру жүргізілді, соның
нәтижесінде дренажды және сүзгілі сорғыш станция жабдықтарына жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Істен шыққан су тартқыш шүмектер ауыстырылып,
бақылау құдығы тазартылды. Көктал, Көктал-2, Молодежный, Интернациональное,
Мичурин, Пригородный, Тельман, Күйгенжар елді-мекендерінің сумен жабдықтау
жүйелеріне тексеру жүргізілді.

Келесі кестеде Казгидромет РМК мәліметтері бойынша Есіл өзеннің
ластанған көрсеткіштері көрсетілген

кесте 3
Казгидромет РМК мәліметтері бойынша көрсеткіштері
№ р с Сұрыптау орны Көрсеткіш
1 Есіл өз. – Мырыш 11,1 1,11 Мырыш 15,4 1,54
Сергеевка
қ-сы.
Мыс 2,3 2,3 Мыс 3,6 3,6
Никель - - Никель 17 1,7
2 Есіл өз. – Мыс 3,1 3,1 Мырыш 10 1
Покровка к.
- - Мыс 4,4 4,4
- - Никель 14,7 1,47
3 Есіл өз. – Мыс 5 5 Мырыш 5,4 5,4
Долматово
с.
- - Никель 15,5 1,55
4 Есіл өз. – Мыс 2 2 Мыс 2,6 2,6
Петропавл
қ-сы. (
қаладан 0,2
км жоғары )
- - Никель 13,1 1,31
5 Есіл өз. – Мыс 2,6 2,6 Мыс 3,4 3,4
Петропавл
қ-сы (
қаладан 4,8
км төмен )
- - Никель 14,8 1,48
6 Сергеев ка Мырыш 14,5 1,45 Мырыш 12,9 1,29
бөгені
Мыс 3 3 Мыс 3,4 3,4
- - Никель 15,5 1,55

Астана қаласының лас суларын тастайтын ең ірі жер асты және жер үсті
суларының ластаушысы болып Талдыкөл жинақтағышы болып табылады.
Астана қаласының ауалану станциясы жақсы жұмыс жасаса да, лас суды тастау
қалаға керін әсерін тигізуде, соның салдарынан жел кестесі арқылы жағымсыз
иістер Астана қаласының орталығына дейін жетеді.
Булану станциясының тұнба алаңынан жағымсыз иістер жел кестесі арқылы
жетеді. Тұнбаның өзі табиғи органикалық түрінде массаның шіру мен құрғау
кезінде газ бөлінеді. Бұл мәселені тұнбаны сузыздандыру немесе Талдыкөлге
ауыстыру арқылы шешуге болады.

3.1.2 Жобалық өңдеулер

Астана қаласы мен аудандары Есіл өзенінің су сапасын жақсартуды
қамтамасыз ететін су қорғау объектілеріне қатысты ұзақ мерзімді сипаттағы
жұмыс жобалары құрайды.
- Астана қаласының сол жағалауының жаңа бөлігінің топырақ суының
деңгейін төмендету;
- лас суды тереңдете тазалауға арналған Астана қаласының КОС қайта
қалпына келтіру.
- табиғатты және суды қорғау шараларын жүзеге асыру барысындағы
Астана қаласындағы Ақбұлақ және Сарыбұлақ шағын өзендерін қорғау схемасын
өңдеу. Қарағанды қаласының Үлкен Бұқпа өзенін қорғау схемасын өңдеудегі
аналогтік жұмыс тәжірибесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есіл өзені сужинау алабының табиғи сипатамасы
Жер асты сулары
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақмола облысының су ресурстары
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Қазақстанның ірі өзендері
Қазақстанның өзен алаптары
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Пәндер