Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

«Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру негіздері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . 3

І-тарау. ҚОҒАМҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ . . . 26

1. 1. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері атқаратын әлеуметтік қызметі . . . , . . . 26

1. 2. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінің тиімділігі . . . 30

1. 3. Алматы қаласы өндіріс кәсіпорындарында сауықтыру дене шынықтырумен айналысатын қызметкерлер мен жұмысшылардың кейбір қаржы-экономикалық көрсеткіштері . . . 38

1. 4. "Дене шынықтыру экономикасы" тақырыбындағы арнаулы семинар және болашақ мамандарды жеке функциональды-дене дайындығы жағынан даярлау методологиясы . . . 40

ІІ-тарау. ҚОҒАМҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ . . . 5

1. 1. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін басқарудың экономикалық негіздері . . . 5

1. 2. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінің қатынастар мен қаржыландырудың жаңа формалары . . . 11

1. 3. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінің маңызын арттырудың мүмкіндіктері мен болашағы . . . 19

ІІІ-тарау. ҚОҒАМҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ ЕСЕБІНДЕ . . . 47

3. 1. Қазіргі қоғамдағы дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерімен спорттың құрылымы, оның негізгі түсініктері . . . 47

3. 2. Қоғамдағы дене шынықтырудың әлеуметтік экономиканың теориялық және ғылыми негізі . . . 50

3. 3. Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары . . . 58

ҚОРТЫНДЫ . . . 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қаралып отырған тақырыптың маңыздылығы дене шынықтыру қозғалысының нарықтық экономика жағдайына көшуімен және экономикалық қатынастар мен қаржыландырудың жаңа түрлерінің туындауымен байланысты. Бүған дене тәрбиесі қызметкерлерінің дайындығы теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жеткіліксіз болып шықты.

Экономикалық проблемалардың нәтижесінде қалыптасқан, Қазақстан Республикасында жүріп жатқан қаражатты үнемдеу мәселесі халықтың әр түрлі жас және әлеуметтік-демографиялық тобын жаппай сауықтыру құралы - дене шынықтыру саласына да жағымсыз әсер етті. Сірә, қазіргі дене шынықтырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, Республика шаруашылығының дербес саласы есебінде, мемлекеттік қаржы-экономикалық құрылымдары өкілдері тарапынан тиісті түсіністік пен теориялық дәлелдеуге әлі де ие болмай отырған болуы керек.

Арнайы әдебиеттерді оқып, зерттеу экономикалық теория өндірісті материалды өндіретін, материалды ендірмейтін, материалдық қызмет көрсететін деп бөлетіндігін көрсетеді. Шаруашылықтың әр түрлі саласын-дағы материалдық өндіріс тұрғын үйлерді, қатынас жолдарын салуда, тамақ өнімдерің киім және де адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті өзге де заттарды шығарудан көрінеді. Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, комму-налдық құрылымдар, көліктің әр түрі және өзге де қызмет түрлері матери-алдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Бұл туралы Е. Ф. Борисов пен Ф. М. Волковтың "Экономикалық теория негіздері" оқу құралында айтылған /1/.

Материалдық емес өндіріс саласына материалдық емес қызметтер мен игіліктер, білім беру, денсаулық сақтау, өнер мен мәдениет жүйелері жатады. У. Н. Алиевтің еңбектерінде /2/, "Саяси экономия" /3/ және "Экономикалық теория курсы" /4/ оқулықтарында дене шынықтыру тек атап қана етіліп және "материалдық емес өндіріс" саласына жатқызылған.

Алайда, біз қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін"материалдық қызмет керсету" категориясына, ал жанама түрде "материалдық өндіріс" категориясына жатқызуға болады деп есептейміз, өйткені оның құрамында емдік дене шынықтыру, сылап-сипаудың түрлері, сауықтыру дене жаттығулары және басқаларда бар ғой.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Материалдық қызмет пен материалдық өндіріс саласында, әсіресе нарықтық экономикаға байланысты, қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері мәнін ғылыми тұрғыдан негіздеп, ашып көрсетудің қажеттілігі туындап отыр.

Мәселе мынада, кез келген өндіріс тиімділігінің елеулі көрсеткіштері еңбек өнімділігіне байланысты, ал онда дене шынықтыру құралдары бел-сендірек маңызға ие болатындығы түсінікті.

Бұл бәрінен бұрын адамға түсетін әр түрлі ауырлық: ауыр дене еңбегі, орташа, бірқалыпты және жеңіл жүктеме түріндегі көрініспен сипатталатын мамандықтарға қатысты. Мұнда көп жағдайда дене шынықтыру-спорттық қызмет арқылы кез-келген жастағы адамда дамитын тиісті денсаулық жағдайы мен дене қасиеттерінің (шыдамдылық, күш, жылдамдық, икемділік және басқалар) болуы талап етіледі /5, 6, 7, 8/.

Осыған байланысты шаруашылықтың және қоғамдағы жалпы мәдениет пен денсаулық сақтаудың саласы есебінде қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері мәнін ашып көрсетудің шұғыл қажеттілігі туындап, ал оның маңыздылығы ғылыми жұмыста баяндалмақ.

Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономика әсерінің қозғалысындағы әлеуметтік қатынастарды зерттеу ісі енді-енді ғана қолға алынып жатқандықтан да біз ғылыми жұмысты жазу барысында бұрын баспадан шыққан әдебиеттерге, түрлі зерттеулерге сүйендік, пайдаланылған әдебиеттердің мол тізімі соңында келтірілді. Жеке тұжырымдама, қағидалар қай әдебиеттен алынғандығы (мысалы, 1, 3 және т. б. ) ұсынылып отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Әдебиеттерді талдау дене шынықтыру экономикасы ғылыми-бағыт есебінде төмендегідей көзқарастар бойынша ғылыми танымның дербес саласы есебінде бөлініп отырғандығын көрсетеді:

  • экономика ғылымы пәні дене шынықтыру мен спорт туралы; дене шынықтыру саласындағы экономикалық заңдардың әре кет ету ерекшеліктері; спорт ғимараттарының экономикасы; дене шынықтыру мен спортты дамытуды жоспарлау; дене шынықтыру кадрларының еңбегін ұйымдастыру; қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері тиімділігі.

Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономика әсерініңжоғару орындарындағы экономикалық білім бойынша екі оқу құралы басылып шықты, осы проблема бойынша алғашқы диссертациялық зерттеулер пайда болды. Қазақстан Республикасында қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінің теориясы мен ғылыми зерттеулер әлі жасалған жоқ. Мұның өзі, біздің көзқарасымыз бойынша, дене шынықтыру қозғалысының дамуы мен қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастыруды кідіртіп отыр.

Зерттеу объектісі. Дене шынықтырудың қоғамға әлеуметтік-экономикалық әсері, бәрінен бұрын халықтық әлеуметтік-демографиялық барлық тобының салауатты өмір салтын қамтамасыз етуден, кәсіби өнімді еңбек пен әскери қызметке денені даярлауды ұйымдастырудан, науқастану мен жұмысқа шықпаумен байланысты жұмыс күнін жоғалтуды азайтудан, жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке

тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

Сонымен бірге қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері факторларына халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметін көрсетуден, спорттық ғимараттарды жалға беруден, спорттық жарыстар мен мейрамдарға ақымен кіруден түсетін табыстан, өзге де коммерциялық дене шынықтыру - спорттық шаралардан түсетін табысты жатқызуға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І-тарау. ҚОҒАМҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

  1. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін басқарудың экономикалық негіздері

Елдегі қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін дамыту кеп жағдайда экономикалық жағдаймен, ұлттық табыспен, халықтың еңбек ақы мөлшерімен және өзге де факторлармен анықталатыны белгілі. Дене шынықтыру саласының экономикалық көрсеткіштерін қарастыра отырып Б. С. Кузьмак пен А. А. Осинцев экономикалық қатынастардың үш тобын айырып қарастырады:

1. Мемлекеттік бюджет есебінен қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінматериалдық, қаржы және еңбек тұрғысынан қамтудың көлемі мен нормативтік көрсеткіштері;

2. Дене шынықтырудың өзінің ішіндегі экономикалық қатынастар (табыс, түсім, спорт ғимараттарын жалға беруден түсетін пайда) ;

3. Еңбек енімділігінің өсуі, сырқаттанудың және жұмыс уақытын жоғалтудың азаюы есебінен дене шынықтырудың қоғамға әкелетін экономикалық және әлеуметтік пайдасы.

Авторлар экономикалық қатынастардың аталған топтарын өзара үйлестіре пайдаланғанда қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсеріндамытудың міндеттері мен оның қоғамдағы орнын оңтайлы шешуге болады деп есептейді.

Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық функцияларының бірі сауықтыру мен тынықтыру қызметін көрсету және халықтың тұтыну деңгейі болып табылады. Бұл қызмет тікелей өндірістік болмағанмен де оған жанама түрде жағымды әсер етеді. Ол қоғам мен адамның дене дамуындағы қажеттілігі мен сұранысын және еңбек қызметінде қажет болатын дене дайындығының деңгейін қанағаттандырудан керінеді, бұлар өз кезегінде материалдық өндірісті дамытудың потенциальдық мүмкіндігін арттырады. Дене шынықтыру, бұдан бетенде, жеке тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуына, оның моральдық, ерік-күш, эстетикалық, ақыл-ой дене қабілеттерінің дамуына себепші болатын ерекше игіліктер (қызметтің әр түрі) деп аталатындардың бастауы болып табылады.

Сөйтіп дене шынықтыру еңбек өнімділігін арттыру арқылы өндіріске жанама түрде әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге өндіргіш күштердің элементтерін (тұрғындардың жұмыс істейтін бөлігінің еңбекке деген қабілеттілігін) ұдайы жетілдіруге де қатысады.

Дене шынықтырудың аса маңызды көрсеткіштерінің бірі халықтың денсаулығы және олардың өнімді еңбекке деген қабілеттілігі, өйткені дене шынықтырумен айналысушылар аз науқастанатындығы, ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтындығы, өндірістік зақымдану мен кәсіби сырқаттарға аз ұшырайтындығы дәлелденген.

Қол еңбегінен механизациялық және автоматты еңбекке ауысу денеге түсетін ауырлық үлесін азайтатындығы және жүйкеге түсетін күшті арттыратындығы белгілі. Дегенменде адам машинаны (техниканы) басқаратын автоматты түрдегі еңбекте дене мен психикалық қабілеттерге (реакцияның жылдамдығы, шыдамдылық, зейіннің тұрақтылығы, икемділік және т. б. ) қажеттілік арта түспек. Оларды лайықты деңгейде қамтамасыз ету дене шынықтыру құралдарынсыз, оның ішінде мақсатты-бағытты сипаттағы дене шынықтырусыз мүмкін болмайды.

Түрлі ақыл-ой еңбегімен айналысатындар (инженерлер, студенттер, оқушылар, конструкторлар және басқалар) жоғарылаған гиподинамияға (қозғалыстың жетіспестігі) душар болады, мұның өзі олардың ағзасының қызметін төмендетеді және денсаулық жағдайындағы түрліше ауытқушы-лықтарға әкеп соғады, жалпы және кәсіби сырқаттарға ұшырататындығы белгілі.

Осы ретте дене шынықтырудың міндеттері төмендегідей болмақ:

- қозғалыс және денеге түсетін жүктеменің өтелуі;

- ағзаның функциональды мүмкіндігін арттыру;

- сырқаттанудың алдын алу және азайту;

- ақыл-ой қызметін арттыру.

Бос уақытты тиімді пайдалануда және адамның қажеттілігін (белсенді демалыс, денені тынықтыру) қанағаттандыруда да дене шынықтырудың мүмкіндіктері мол.

Еңбек өнімділігін арттыру мен жұмыс қабілеттілігін ұзартуда дене шынықтырумен айналысудың жағымды релі дәлелденген, мұның өзі дене шынықтырудың қоғамдағы экономикалық маңыздылығын көрсетеді''.

"Дене шынықтыру мен спорт" саласында бұрынғы Кеңес Одағы мен одақтас республикаларында (171) дене шынықтыру-спорт жұмыстарына және дене шынықтыру қозғалысының түрлі құрылымдары үшін спортшыларды даярлауға жұмсалатын қаржылық шығындардың нормативтері келтірген. Дене шынықтыру экономикасының ғылыми бағыты анықталған, онда дене шынықтыру халық шаруашылығының саласы есебінде, оның мәні мен материалдық-өндірістік базасының құрылымы, Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономика әсерініңкадрларының сұрыпталуы (классификациясы), олардың жұмысының ерек-шеліктері және өзге де бағыттары қарастырылған (138) .

Дене шынықтыру мен спортты экономикалықжағынан басқаруды қара-стыра отырып В. Е. Горшков төмендегідей экономикалық әдістерді атап көрсетеді:

- экономикалық әсер ету әдістері;

- жоспары әдіс;

- несие беру (кредит беру) әдісі;

- шаруашылық есеп жүргізу әдісі (114, 18-19 беттер) .

Автор шаруашылық есеп жүргізудің төмендегідей үш үлгісін ұсынады:

1. Еңбек ақы қоры шаруашылылық есеп жүргізуден түсетін табысқа енеді; сөйтіп оның кепілі болады, ал материалдық көтермелеу қоры табыс қалдығынан (остаточная прибыль) құралады.

2. Материалдық шығындарды етегеннен кейің бюджеттік және жоғары ұйымдармен есептесіп, алған несиенің белгілі бір проценттерін қайтарып, әлеуметтік даму қорын құрғаннан кейін түсімнің қалдығы еңбек ақыға жұмсалады.

3. Жалдау, онда еңбекке ақы телеу соңғы нәтижеден кейің сонымен бірге барлық төлемдерді етегеннен кейін жүргізіледі.

В. И. Жолдак дене шынықтырудың негізгі әлеуметтік-экономикалық қызметтерін бағалағанда екі аспектіні ерекше атап көрсету керекдеп есептейді:

1. Жеке тұлғалық. Бұл адамға дене шынықтырудың әсер ету тиімділігін анықтайтың дене шынықтырумен айналысу адамға не беретіндігін, ол қалай өзгеріп, осы жаттығулардың нәтижесінде қалай жетілетіндігін көрсететін аспекті.

2. Әлеуметтік. Адамға дене шынықтыру мен спорттың жағымды әсер етуімен оның қызметі қалай жетіліп, өзгеретіндігің қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін әлеуметтік ілгерілеушілікке, рухани өндіріске адамның қандай үлес қосқандығын бейнелейтін аспекті.

5 кестеде дене шынықтыру экономикасының қызметі мен өзара әрекет етуін ерекше басқаруды талап ететін оның негізгі элементтері келтірілген. Бұл дене шынықтыру қозғалысының практикасында ете күрделі ұйымдастыру процесі болып табылады. Бұл процесте балалар мен жасөспірімдердің, оқушылар мен студент жастардың дене тәрбиесі, тұрғындардың сауықтыру дене шынықтыруы, өндірістік гимнастика, мүгедектер спорты, олимпиадалық спорт тәрізді дене шынықтырудың құрамдас беліктерін қаржыландыру мәселесі қазіргі уақытта ерекше күрделі болып отыр. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерінматериалдық-техникалықжағынан қамту (спорт ғимараттары, спорт құрал-жабдықтары, киім және т. б. ) сонымен бірге ішкі және сыртқы экономикалық қатынастардың түрлі аспектілерімен қоса қабат жүреді.

1-кесте

Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін басқарудың экономикалық аспектілері

рет
Дене шынықтыру экономикасының негізгі бөліктері
рет:

1 Өндірістің жалпы жүйесіндегі дене шынықтырудың орны мен рөлі

2 Дене шынықтыруға жұмсалатын қаржы көздері және экономикалық мөлшері

3 Дене шынықтырудың материалдық-техникалық базасын оңтайлы пайдалану

4 Дене шынықтыру қызметкерлерін даярлау мен еңбек ақы төлеудің экономикалық

аспектілері

5 Қоғамда қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін дамытуды болжауды экономикалық тұрғыдан негіздеу

6 Өндірістегі қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері тиімділігі

7 Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін материалдық-техникалық және қаржыландыру жағынан қамтамасыз ету

8 Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсері шаруашылық есеп.

9 Спорттық ғимараттардың айналма қаражаты

10 Олимпиадашы-спортшыларды даярлаудың болжамдық есебі

11 Ұйымдағы қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік экономикалық әсерін қаржыландыру жүйесі

12 Дене шынықтырудың тиімділігіне экономикалық талдау жасау

13 Дене шынықтыру экономикасы ғылыми білімнің аспектісі есебінде

14 Дене шынықтыру қызметкерлерінің еңбегін телеу

15 Спорттық құрал-жабдықтар және киіммен қамтамасыз ету

16 Дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеулерді экономикалық тұрғыдан

қамтамасыз ету

17 Дене шынықтыру жоғары оқу орындарында экономикалық білім беру

18 Спорт ғимараттарының пайдасы

Спорт дене шынықтырудың құрамдас бөлігі екендігі белгілі. Оның маңызы тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуымен және Олимпиадалық ойындарға қатысу хұқығына ие болуымен одан сайын өсе түсті. 1996 жылғы XXVI Олимпиадаға қатысатын спорттың түрлері бойынша Ұлттық командаларды даярлау мақсатында "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, үкіметтің бірнеше қаулылары қабылданды, бұлар Қазақстан спортшыларының Атланта және Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындарда және т. б. халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне себепші болады.

Нагано және Солт Лейк Сити қалаларында өткен қысқы Олимпиадалық ойындарға Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлауға және қатыстыруға тиісті қаржы бөлінді.

Қазақстан Республикасы спортшыларының жазғы және қысқы Олимпиадалық ойындарда, Кореяның Бусана қаласында өткен XIV Азия ойындарында жақсы өнер көрсетуі Республика беделінің өсуіне себепші болуда.

Осы жарыстардың бәріне де мемлекет белгілі бір көлемде қаржы бөлді, оның қайтарымы халықаралық деңгейдегі әлеуметтік-мәртебе көрсеткіштерінен керінуде. Бұдан бөтенде зерттеулер көрсеткеніндей еңбек қызметінің нәтижесінде денесі шымыр адамды даярлау мемлекетке қайта-рылған экономикалық қайтарымнан байқалады (172, 52, 53) . Ұлттық табысты еселей түсуге әкелетін қоғамдық өндірісті арттыруда еңбектің түрліше саласында істейтіндердің дене дайындығы мен жұмыс қабілеттілігі белгілі бір маңызға ие. Сөйтіп дене шынықтыру және оның құрамдас бөлігі спорт әлеуметтік-экономикалық категорияға жатады: дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономика әсері мен спорттың құралдары арқылы белсенді түрде демалу, бос уақытты тиімді пайдалану - қоғамның әлеуметтік міндеттері; алайда олар экономикалық міндеттерді шеше отырып өнім ендіруді кебейту, еңбек өнімділігін артты-ру үшін алғы шарттар жасайды.

"Дене шынықтыру" саласында қайсы бір құрылымға тән (дене шынықтыру ұжымы, спорт клубы, спорт қоғамы және т. б. ) экономикалық қатынастардың әр алуан түрлері айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасы дене шынықтыру қозғалысының негізгі буындарының экономикалық құрылымы мен мөлшерін келтірелік.

Туризм және спорт комитетінің сметасы ведомстволар мен ұйымдар үшін жалпы тәң оонымен бірге Республиканың дене шынықтыру қозғалысының өзіне айрықша тән 26 төменгі топ (подкласс) пен 87 ерекшеліктері бар.

2 кестеде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қаржы-экономи-калық қызметтер мен қатынастар турарлы түсінік беретін тек жекелген төменгі топтар, ерекшеліктер мен бағыттар келтірілген.

2-кесте

Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитетінің

экономикалық құрылымы

Төменгі топ (26)

Ерекшелігі

(барлығы 87)

Атауы
Төменгі топ (26): 110
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Жалақы
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 111
Атауы: Негізгі еңбек ақы
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 112
Атауы: Қосымша ақшалай төлем
Төменгі топ (26): 120
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Жұмыс берушілердің аударған қаражаты
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 123
Атауы:

Дәрігерлік міндетті қауіпсіздендіру қорына

аударылатын қаржы

Төменгі топ (26): 130
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Өзге де тауарлар алу және қызмет көрсету
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 134
Атауы: Жұмсақ жабдықтар мен қуралдар алу
Төменгі топ (26): 140
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Коммуналдық қызмет, көлік пен байланыс
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 151
Атауы:

Құрал-жабдықтарды күту және жай жөндеуден

өткізу

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 411
Атауы: Негізгі жабдықтарды алу
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 421
Атауы: Спорт ғимараттарын салу
Төменгі топ (26): 510
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Ішкі несие
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87): 531
Атауы: Халықаралық ұйымдардан акциялар алу
Төменгі топ (26): 540
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Ішкі акционерлік капиталға үлес қосу
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Спорт түрлеру бойынша жаттықтырушы оқытушыларды тарификациялау
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Бірыңғай тарифтік кестенің дәрежесіне (разряды

на) дене шынықтыру - спорттық ұйымдардың

басшылары мен мамандарының қызметін жатқызу

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Бірыңғай тарифтік кестенің дәрежесіне

(разрядына) нұсқаушы-методистердің қызметін

жатқызу

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-

оқытушылардың еңбегін төлеу нормативтері

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Жоғары шеберліктегі спортшыларды дайындағаны

үшін спорт бойынша жаттықтырушы-

оқытушыларға үстеме ақы төлеу мөлшері

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Жаттықтырушы-оқытушылар мен нұсқаушы-

методистердің маманданған категориялары

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар

жұмысының нәтижесін бағалау елшемдері

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Дене шынықтыру - спорттық ұйымдардың

жұмысшыларына, қызметкерлері мен

мамандарына үотеме ақша телеу

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы: Спорттық төрешілердің еңбегін төлеу
Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Спорттық жарыстар мен жиындарға қызмет еткен

медицина қызметкерлерінің еңбегін төлеу

Төменгі топ (26):
Ерекшелігі(барлығы 87):
Атауы:

Ең күрделі еңбектің мамандықтары бойынша

тарифтік коэффициент және басқалар

Бұл ретте Қазақстан Республикасында дене шынықтырудың дамуы жұмыс жасайтын дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономика әсерінің ұйымдарымен және құрылымдарымен (министрліктер, ведомстволар, спорттүрлері бойынша федерациялар, оқу орындары, өндірістік ұжымдар және т. б. ) өзара тығыз байланысты. Олардың әрқайсысының құрылымы, жұмыс істеуі, қаржыландырылуы, ішкі және сыртқы қатынастары бойынша өзгеше ерекшеліктерге ие.

Мысал үшін Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қаржы-экономикалық ерекшелігіне тоқталалық. Оның бюджеті нақты мақсаттар мен бағыттарға сәйкес келетін жиырма төрт ерекшеліктен тұрады. Олардың он бірі "дене тәрбиесі" және оның құрамдас бөлігі - жоғары жетістіктер спорты саласына ғана қатысты.

3-кесте

Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қаржы-экономикалық ерекшелігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Дене дайындығы
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық - әдістемелік негіздері
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz