Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
І-тарау. Дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын
принциптердің, құралдар мен әдістердің жалпы
сипаттамасы
1.1. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық
принциптерінің 5
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.2. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық 9
мазмұны ... ...
1.3. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар мен
әдістер туралы 12
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
1.4. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы 17
жүктеме ... ... ... .
1.5. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге
әсер ететін қосымша 21
факторлар ... ... ... ... ... ... . ... .
ІІ-тарау. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
2.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2. Дене жаттығуларының тәсілі 28
(техникасы) ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық
сипаттары 31
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
2.4. Спорт 36
тактикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
2.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .38
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың
анализ-синтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және
сезімдікті 42
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын
оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды
есепке алу, реттеу, алмастыру ... ... ... ... ... ... 43
2.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды
қалыптастыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .46
... ... ... ... ...
2.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .47
... ... ... ... ... ..
2.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және
басқа ақпарат әдістері мен көмекші 50
құралдары ... ... ... ... ...
2.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені 54
түзету ... ... ... ... ... ...
2.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету 58
әдістемесі ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .60
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған 61
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене
қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек
және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене
тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап
мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда
өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде.
Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін
жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып,
заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы
бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол
қойып (1996 ж.), 1997 жылы Қазақстан-2030 бағдарламасын ұсынды. Ал 1999
жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы
қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар
аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене
тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға
жаңаша көз-қараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда
бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін
адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез-құлықты, іскер де, дені сау,
ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілтті азамат тәрбиелеу. Сондықтан да,
дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп
есептейміз .
Қазіргі кезеңдегі педагогика, ғылым дене тәрбиесі және спорт бағыттарын
зерделей отырып, Қ.І.Адамбеков (1995), А.О.Аяшов (1993), З.И.Кузнецов
(1966), М.Б.Сапарбаев (1993), БА.Гейнца (1995), А.С.Жұманова (1997),
Б.УАлимханов (1994), В.Н.Платонов (1996), Қ.А.Құланов (1990) сияқты
ғалымдардың еңбектерінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын
педагогикалық негізі ретінде бақылауға пайдалануда. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне
байланысты таңдауға Н.И.Набатникова (1974), Ж.Б.Қоянбаева (1998), М.С.Бриль
1968) сынды ғалымдар жүргізсе, ал сыныптан тыс уақыттарда
оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К.А.Атаев
(1997), Б.Ж.Биданов (1992), В.В.Ворюшин (1968) болды. Мектеп жасындағы
оқушылардын жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді
Б.Қ.Қаражанов (1992), В.П.Филин (1970), В.А.Ашмарин (1976), И.Г.Понамарев
(1996), Л.П.Матвеев (1976), Т.А.Ботагариев (2001), А.Н.Хан (1984) және
басқа да көптеген ғалымдар қарастырған болатын.
Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен
тәжірибесі балалардын денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі биология, әдетті
қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп-салдарға байланысты
жастардын кәсіби-қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына
арналған іргелі зерттеулермен толықты.
Оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар
мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық
міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық
негіздері дене мәдениеті теориясының бөлімі болып табылады. Бұл – дене
мәдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған
процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.
Студенттердің құрылымы, сәйкестенген жағдайларға сабақ пәндер мен
орындалатын міндеттерге байланысты алға қойған міндеттерге жету үшін
пайдалануға қажетті құралдар мен әдістер, сабақ жүргізу түрлері,
педагогикалық басқару ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Сондықтан мамандығы
мен дәрежесі бірдей, бір жарысқа дайындалып жатқан екі спортшының сабағында
да ерекшелік болады. Бұлармен қатар дене мәдениеті мен спорт сабақтарының
барлық түрлеріне тең дәрежеде таралатын жалпы ережелерде бар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда дене мәдениеті мен спорт
денсаулықты нығайтудың өміршеңдік пен еңбекке қабілеттілікті арттырудың
шығармашылық жолды ұзартудың және жеке тұлғаның үйлесімді дамып қалыптасуы
мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады.
Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спорт проблемаларына жарық түсіретін
ғылыми білімдерге көп назар аударылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы
барлық міндеттерді шешуде спортшылардың спорттық мамандықтары мен құрамына
қарамастан басшылыққа алуға тиісті ғылыми-педагогикалық ережелерді
мазмұндау болып табылады.
Зерттеудің объектісі. Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі
факторлары қоршаған орта іс-әрекет тәрбие және мұрагерлік болып саналады.
Адамды дамыту мен қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңыздылығын ғылымның
көрнекті өкілдері – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.Ф.Лесгафт, т.б. атап
көрсетті. Олар адамның жаны мен тәні өзара бірлікте және байланыста
көрінетінің дәлелдеді, сондықтан іс-әрекетті сәйкес ұйымдастыру тұлғаны
бүгіндей қалыптастыру факторы бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
І-тарау. ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРИНЦИПТЕРДІҢ,
ҚҰРАЛДАР МЕН
ӘДІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

принциптерінің мәселелері
Принциптер – бұл түрлі міндеттерді шешу үшін басшылыққа алатын,
адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайтын жалпылама бастапқы
идеялық-теориялық ережелер. Ғылыми принциптер нысанды заңдылықтарға
бағынады, сондықтан олар айқын дәйектердің қасиетін теориялық мағынада
қарастырады.
Заңдылықтар-бұл табиғат пен қоғамның дамуын жүргізетін құбылыс.
Заңдылықтарды зерттеу, тағайындау мүмкін, бірақ өзгерту мүмкін емес. Тек
оларды белгілі бір процестерді атқарады. Нақты міндеттерді шешуде
басшылыққа алуға болады. Заңдылықтар түрлі деңгейде бола алады.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары деп дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарының құрылымын қалыптастыру, қимыл қабілетін дамыту,
қимыл дағдыларын меңгеру заңдылықтарын бейнелейтін қысқа сипаттағы ғылыми
әдістемелік ережелерді атаймыз.
Қойылған педагогикалық ұстанымдар негізінде әдістемелік ережелер
айқындалады, жеке жағдайлардағы міндеттерді орындаудың нақты әдістер мен
құралдары таңдалады.
Педагогикалық ұстанымдарды зерттеу оның дамуындағы негізгі үш бағытты
анықтады. Бірінші бағыт дене мәдениеті мен спорт сабақтарына қатысты
ұстанымдарға қарағанда айырмашылығы бар, яғни өз мақсаты ретінде
спортшылардың жарыстарға қатысуын дайындауды көздемейтін, тек спорт
жаттықтыруларында ғана қатыстырылатын ұстанымдарды тағайындауға құрылады.
Спорт жаттықтыруының ұстанымдарын ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі В.В.
Гориневский (1922) болды. Одан басқа спорт жаттықтыруын А.Дюпперон (1930),
А.А. Тер-Ованесян (1947), Н.Г. Озолин (1948), А.Ц. Пуни (1949), Л.П.
Матвеев (1959, 1964) және басқалар ұсынды.
Гигиеналық, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін шешуге, бағытталған тек
дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына немесе тек спорт жаттықтыруына қатысты
ұстанымдарды бөліп қарастыруға ұмтылу қате болып есептеледі. Спорт
жаттықтыруының ұстанымдарын зерттеушілердің ұсынған түрлі кеңестерін мұқият
қарастыра отырып, олардың педагогикалық қатынастар қатарына кіретіндерінің
барлығы тек қана спорт жаттықтыруларында ғана емес, сол сияқты дене
мәдениеті мен спорт сабақтары барысында да басшылыққа алынуы тиіс екені
белгілі болды.
В.В. Гориневский жаттықтыру сабақтарында басшылыққа алуға тиісті
ережелері ретінде мыналарды атап көрсетті: а) дайындық жаттығулары; б)
ағзаны бірте-бірте жұмысқа бейімдеу; в) нысанды әдістерді бақылауды
ұйымдастыру; г) жұмыс пен демалыс арасында дұрыс алмастыру; г) адам
дамуының жан-жақтылығын қамтамассыз ету (дене және ақыл-ой) 1947ж А.А.Тер-
Ованесян спорт жаттықтыруының он ұстанымын ұсынды, оның ішінде қолданған
күшті шамалау психологиялық ықпалдар есебі, орталық жүйке жүйесінің дұрыс
қозуы, жеке тұлғалық ерекшелік, т.б. бар. 1949ж А.Ц.Пуни қозғалыс
дағдыларын саналы түрде игеру ұстанымын ұсынды. 1959ж Л.П.Матвеев спорт
жаттықтыруының ұстанымы ретінде жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі,
жаттықтыру барысының үздіксіздігі, жаттықтыру жүктемелерін бірте-бірте және
толқынды ұлғайту, жаттықтыру барысының айналымдылығы және т.б. ұсынды.
Спот жаттықтыруының ұстанымы ретіндегі ұсынылған қарапайым ережелер
тізімі олардың барлығы тек спорт жаттықтыруында ғана емес, сол сияқты дене
мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлерінде де басшылыққа алынуы
тиіс екенін көрсетеді.
Дене мәдениеті мен спорт ұстанымдары туралы түсініктерді дамытудың
екінші бағыты ерекше физиологиялық ұстанымдарды тағайындауды көздейді
(А.Н.Крестников, 1938; Б.С. Гиппенрейтер, 1940; В.С.Фарфель, 1949). Бұл
қадамдарды ғылыми және іс-тәжірибе тұрғысынан толықпаған екенін мойындау
қажет. Әрине, спорт жаттықтыруында физиологиялық заңдылықтар бар. Бірақ,
одан басқа да психологиялық, биохимиялық және физикалық заңдылықтар да бар.
Оқытушы мен дайындалушы бір жағдайда физиологиялық ұстаныммен, екінші
жағдайда-психологиялық ұстаныммен, келесі бір жағдайда-психологиялық
ұстаныммен жұмыс жасай алмайды. Спорт жаттықтыруына қатысты (және түгелдей
дене мәдениеті мен спорт сабақтарында) заңдылықтар негізінде оқытушы мен
дайындалушы үшін тек педагогикалық ұстанымдар ғана анықталуы тиіс.

үшінші бағыты іс-әрекеттің бұл түріне жалпы педагогикалық (дидактикалық)
ұстанымдарды (танымдық, белсенділік, көрнекілік, жеңілдік, жүйелілік,
беріктік) таратуға құрылған. Бұл теориялық бағыттарды К.Х. Грантынь (1940),
А.Д. Новинков (1941), В.В. Белинович (1948), И.А. Меркулис (1950), И.Б.
Вржесневский (1960), Н.И. Пономарев (1967) және басқалар жасады.
Аталған дидактикалық ұстанымдар білім берудің, дамыту мен тәрбиелеудің
бірнеше заңдылықтарын сипаттап, дене мәдениеті мен спорт сабақтарының
міндеттерін орындауда басшылық ережелері ретінде жүреді. Алайда,
дидактикалық ұстанымдар негізіне жататын заңдылықтар бірнеше жағдайларда
басқаша түрге ие болады, яғни дене мәдениеті мен спорт сабақтарында
басшылыққа алынуы қажет дәл әрі анық берілетін жалпылама теориялық ережелер
бола алады.
Демек, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында, атап айтқанда спорт
жаттықтыруларында көбінесе: алдын-ала қалыптасқан спорт жаттықтырулары
ұстанымдары мен бірнеше жалпы педагогикалық (дидактикалық) ұстанымдар
қолданылады. Бірақ барлық ұстанымдар анықталып қойған, ары қарайғы дене
тәрбиесі мен спорттың педагогикалық негіздерінің бұндай көкейтесті
мәселелерін зерттеуді мақсатсыздық деп есептеу дұрыс емес. Дене тәрбиесі
туралы ғылымды дамыту жаңа заңдылықтардың ашылуына, оның ішінде жаңа
ұстанымдарды жаңа жолға қою қажеттігін анықтауға жол ашады.
Дене тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы дене
тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде, кей жағдайларда
бұрынғы қабылданған педагогикалық ұстанымдарды басқаша қалыптастыруын
қабылдауға негіздеме береді. Бұндай жаңадан қабылданып қалыптасқан дене
тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарына мыналар жатады: 1) оқыту
мен дамытудың бірлігі; 2) сабақ құрылымы; 3) сабаққа қатысушылардың жағдайы
мен ерекшелік есебі; 4) қозғалыстың анализі мен синтезі; 5) жаттығулар
барысында саналылық және сезімталдық бақылау; 6) жүктемені бірте-бірте
арттыру және оның белсенділігі; 7) сәйкес жағдайлардың есебі мен реттелуі.
Оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы заттар мен құбылыстардың пішіні
мен мазмұнының өзара байланысы мен өзара бағыныштылығына негізделген.
Адамның қимыл-әрекетінде бұл заңдылық тірек-қимыл аппаратының жағдайы мен
дамуының, ағзаның вегетативтік қызметі мен қимыл сапасының қимыл
дағдыларымен өзара байланыста көрінеді. Мысалы, қимыл сапасының деңгейі
жоғары болған сайын, спорт жаттығуы тәсілдерін жетілдіруге арналған
мүмкіндіктер де көп туындайды жне керісінше, спорт жаттығулары тәсілдері
жетілдірілген сайын адамның қимыл сапасы да жақсара түседі. Дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарындағы оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы оқу пәнінің
талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту мен дене дайындығын қамтамасыз
етуді өзара байланыста оқыту керектігіне міндеттейді.
Сабақ құрылымдығы негізіне жататын заңдылық адам әрекетінің кез-келген
түрі мынандай орындалатын үш қызметтен құралатынын қарастырады:
Іс-әрекетке дайындық, іс-әрекеттің өзі және одан шығудың
ұйымдастырылған жолы. Бұл заңдылық кез-келген жұмысты орындау барысындағы
табыс оның ұйымдастырылуына оған кірудің жолын қамтамассыз етуге, қойылған
міндеттерді шешу мен оны аяқтауды ұйымдастыруға байланыстылығында
сипатталады. Аталған ұстаным барлық жағдайларда қимыл іс-әрекетінің
жоғарыда көрсетілген құрылымдық бірізділігін сақтау қажеттігін анықтайды.
Сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшеліктері есебі ұстанымы өмірдің
әлеуметтік жағдайлары мен биологиялық заңдылықтарына сәйкестелген адамдар
арасындағы айырмашылықтардың болуына құрылған әр адамның жағдайы, сондай-ақ
тәулік уақытына, алдыңғы іс-әрекеттің сипатына, жаттықтыру деңгейіне, көңіл-
күй әсерлеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Бұлардың барлығы қимыл
мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертуге әкеледі, яғни адамға түрлі ықпалдардың
әсер етуінің нәтижесі олардың аталған жеке тұлғаның ерекшелігі мен
жағдайына сәйкестігіне байланысты болып табылады. Бұл ұстаным дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарында оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайларына
қарай қойылған міндеттерді орындаудың құралдары мен әдістерін таңдау мен
лайық жағдайларды реттеу қажеттігін анықтайды.
Қимылдың анализі мен синтезі ойлау заңдылығы мен іс-тәжірибе әрекетінде
көрініс береді. Бұл заңдылық күрделі идеяларды, құбылыстарды, заттарды
барынша қарапайым түсінікпен беру үшін, пайда болу, оларды түсіну, игеру,
дамыту жақтары үшін бөлшектеу қажеттігін анықтайды. Дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарындағы қимыл анализі мен синтезі ұстанымы күрделі дене
жаттығуларында, тәсілдік-тактикалық кешендерде пайда болатын қимыл сапасын
барынша қарапайым қозғалыс топтарына, олардың сапалық сипатын тиянақты
меңгеру мен бүтін қимылмен біріктіре отырып дамытуға және туындатуға
бөлшектеу жолымен іске асырылады. Қимылдың анализ-синтезі дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындаудағы жүйелілікті
қамтамасыз ету шарты болып табылады.
Жаттығу барысындағы саналылық пен сезімталдықты бақылау ұстанымы адам
қимылы мен психикасы арасындағы атап айтқанда адам қимыл әрекетінің табысты
болуы қимылды орындау барысында бақылау қабілетін дамытуға байланысты
заңдылықтарға негізделген. Мақсатты бағытталған қимылдардың басы олардың
жоспарын құру қажеттігін тудырады.
Қимылды орындау барысында олардың құрылымын тек басты және соңғы
топтамаларында ғана саналы бақылау мүмкін болады. Негізгі бақылау қызметін
қимыл аппаратының өзі басқарады. Осыған байланысты орындалған жаттығулардың
міндетті тапсырмаларға сәйкестігін, туындаған жағдайды және оған саналылық
пен сезімталдық бақылауын дұрыс ендіру қабілетін дамыту арқылы қимыл-
әрекетін меңгеріп, қозғалыс қабілетін дамыту мүмкін бола алады. Дене
тәрбиесі мен спорт сабақтарында бұл ұстаным орындалатын қимылдарды, оған
лайық жағдайларды саналы бақылау қабілетін дамытып, дайындалушылардың
зейінін тек қимыл құрылымына ғана емес, сондай-ақ туындайтын қимыл
әсерлеріне де шоғырландыру қажеттігіне міндеттейді.
Ағза жүктемесін бірте-бірте арттыру мен оны меңгеру ұстанымының негізгі
факторы адам дамуы мен қалыптасуы болып табылатын іс-әрекетке сәйкес
заңдылықпен сипатталады. Сонымен бірге сипаты мен қарқыны бірдей
қоздырғыштар ағзаны бейімдейді және одан әрі оның жүргізбейді. Биологиялық
алғы шарттардан басқа адамның дене дамуы іс-әрекеттің сипатына, ұзақтығы
мен қарқындылығына байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарындағы бұл ұстаным дене жаттығуларының сандық қайталау шараларын,
оған қолданылатын күшті және оны меңгеруді бірте-бірте арттыру қажеттігін
анықтайды.
Сәйкес жағдайлардың есебі, реттелуі және меңгерілуі ұстанымы қимыл іс-
әрекеті нәтижесін оның орындалған ортасына тәуелділік заңдылығымен
сипатталады. Адам қимыл дағдыларын сәйкес шартты ықпалды байланыстар түзу
нәтижесінде меңгереді. Алайда, қимыл іс-әрекеті барысындағы шартты, ықпалды
байланысқа қимылды орындауға сәйкестендірілген жағдай да әсер етеді. Дене
тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы бұл ұстаным бірінші кезеңге сәйкес
жағдайларды жеңілдетіп, сосын бірте-бірте күрделендіріп, меңгерту
қажеттігін анықтайды.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде
қабылданған ережелердің барлығы бірлікте және өзара тығыз байланыста болды.
Мүмкін оқытушы мен оқушының орындайтын кез-келген қызметіне қатысты. Сәйкес
дидактикалық ойлау бойынша бұл ұстанымдарды төрт топқа бөлуге болады:
оқыту, дамытуды басқару, тәрбиелеу және сабақты құру (1-сурет).
1-сурет. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары
1.2. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны
Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған
тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары
деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт
жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар.
Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен
ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене
тәрбиесі-бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене
жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен
денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін
жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай
дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене
дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5)
тұлғаны толық қалыптастыру.
Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен
біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың
негізгі екі түрі – дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының
бірігуімен шешіледі.
Дене мәдениеті сабақтары (дене мәдениеті)-бұл дене тәрбиесі
міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік
іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Спорт сабақтары (спорт) – бұл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана
спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Дене мәдениеті мен спорт түсініктері мәндері жағынан бірдей
педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында
айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының
ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене
дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты – іс-әрекет қабілетін
дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын
орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-
ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға
сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар
мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында – нақты спорт
жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып
табылады.
Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт
сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның
(тренировка) train сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген
мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет
түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл
жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен
іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт
түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.
Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы
міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның
биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді
қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.
Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз
ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына
дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды.
Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес
дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз
етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның
іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет
дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық -
таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен
сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен
талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту
қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына
қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен
сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен
жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй
жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.
Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста
көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу
пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп
сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік
міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен
түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы (сәйкес қимыл сапасын дамыту),
спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық
дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің
маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне,
спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.
Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-
қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер
жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы
жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.
Спорттық пішін белгілі бір спорт түрінің талаптарына сәйкес денелік,
тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз ету нәтижесі
болып табылады. Бұл спортшының барынша жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті
жаттықтыру жағдайы болып табылады.
Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды,
яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады.
Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз
қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.
Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің
бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде
ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық
жаттықтырылу жағдайы туындайды.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда
бірдей түрдегі спорт сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік
орындалатын қимыл күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның
қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез
нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында
жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз сипаты жағынан
төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда,
жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда
жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа
қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі
сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан
асқан жоғары дәрежелі спортшылар көп кездеседі.
1.3. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар
мен әдістер туралы түсінік
Құралдар тек сабақ барысында қолданылып, оның міндеттерін орындауға
бағытталған, оқытушы мен оқушының іс-әрекет қимылдарымен олардың түрлерін
атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын амалдардың
қосындысы. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары тапсырмаларын орындаудың
құралдары мен әдістеріне дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас
бірлікте болады.
Барлық жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша айналымдық және айналымдық
емес болып бөлінеді. Айналымдық деп, белгілі бір қимыл топтамасы барлық іс-
әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын
айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек елу, шаңғы тебу, коньки тебу).
Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз
(секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т.б.). Аталған әр
бөлімдер топтар мен шағын топтарға бөлінеді (2-сурет).
Бұдан бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі төрт топқа
бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4)
туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл – дене дайындығы дәрежесімен,
қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні
ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек,
әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады.
Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына
бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен,
экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді
мекендері аз жерде орындалады.
Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына
қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік; 2)
дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.
2-сурет. Дене жаттығуларының жіктелуі (А.Н. Крестовников бойынша)
Реттік дене жаттығулары деп - дайындалушыларды ұйымдастыруға, оларды
сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары
тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене
жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету
мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті,
т.б. дамытуға арналған жаттығулар). Дайындық жаттығуларына тыныс алу
жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы
бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау
тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді
демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат
жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар
көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал
ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға,
байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге).
Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі мен
спорт сабақтарындағы кез-келген тапсырманы орындау үшін қолданылуы мүмкін.
Өзіне тән қимыл іс-әрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын
аталған топтарға бөлуді оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес,
себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын тек бір ғана топқа
жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының көпшілігі дене тәрбиесі мен
спорт сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауға арналған.
Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) – бұл
нақты тапсырмаларды орындауға арналған, (қойылған мақсатқа жету) мақсатты
бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы.
Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару
мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі топқа бөлеміз: негізгі
және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық
міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде
ғана қолданылатын жаттығулар жатады.
Қолдану аясының белгілеріне қарай жаттығу әдістері пайдаланылатын
айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.
Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып
бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен
белгілі бір қимылды орындау арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге
дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай
жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-
ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес
түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының
көпшілігінде). Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар
құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын
бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге
асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен
баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары). Үздіксіз жаттығуларда
сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.
Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп
немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті
жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бөлінеді.
Кезекті жаттығулар қимылды орындау күшін бірте-бірте өзгерту арқылы
(кезекпен) орындалады (3-сурет). Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес
спорт түрінде қолданылады, яғни үздіксіз жаттығулармен қатар қолданылады
(бокс, күрес, спорт ойныдары). Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті
жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (өзгермелі).
1 Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады
2 Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру
3 Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады
4 Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады,
ол қашықтықты тез өтумен аяқталады
5 Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше
дүркін өзгерту
6 Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра
алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау
3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы
Қайталау жаттығулары бір сабақ барысында белгілі бір қимылды демалыс
үзілістерімен орындауға құралады. Бұл әдіс барлық спорт түрі сабақтарында
қолданылады. Интервалды әдістің қайталау және кезекті нұсқаулары арасындағы
айырмашылық бірінші жағдайда оқушылар демалыстық үзіліс уақытында толығымен
демалмайды (немесе басқа бір қимылдарды орындайды), ал екінші жағдайда-
демалыс үшін негізгі жаттығу пайдаланылады, бірақ оның орындалу қарқыны
бұнда тез төмендейді (мысалы, жүзуде-еркін жүзу, желаяқтарда-жай жүгіру) (4-
сурет).
4-сурет. Жаттығу әдістері
Дене жаттығуларының айналымдық емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу
пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе жаттығу пәнін өзгертумен орындалады.
Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі
шеңбер әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің бір сызықты түрінде жаттығу
спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның тактикалық
түрлерін меңгеру үшін түрлі қимыл сапаларын бірізді әсер етуі үшін бір
шеңбермен жүргізіледі. Қайталау әдісінің дәлдеу немесе шеңбер нұсқасында
жаттығу бірнеше шеңберде орындалады. Көптеген зерттеушілердің (С.П. Белиц-
Гейман мен Г.Ф. Полевой-теннисте, Ю.В. Куншир-жүзуде, Е.М. Чумаков-күресте)
мәліметтері бойынша сызықты әдіске қарағанда дәлдік әдісі тиімді деп
есептеледі. Шеңбер әдісі түрлі дене жаттығуларын бағдарланған ретпен және
олардың әрқайсысын қарқынды қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-
сурет).
5-сурет. Жаттығудың айналымдық әдісінің нұсқалары
Бұнда қимыл сипаты, жаттығудың қарқындылығы мен көлемі сабақ міндетіне
байланысты анықталады. Бұл әдіс бойынша жаттығулар қатарына тапсырманы
алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтағаннан
кейін ғана кірісе алады. 4-6 аптадан соң әр жаттығу бойынша оқушылардың ең
жоғарғы мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті
кезеңімен ауысып тұрады.
Үздіксіз, қайталау және кезекті жаттығулар таза күйінде бір-бірімен
үйлесіп те қолданыла береді. Ең көп тараған үйлесімді қайталау кезекті
жаттығулар болып табылады.
Таңдаған спорт түріне, сабақ кезеңі, орындалатын тапсырмалар,
оқушылардың жағдайына қарай аталған жаттығу әдістерінің біріне немесе
олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас
сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады.
Жаттығулардың негізгі әдістері академиялық және ойындық жарыстар
түрінде орындалады. Академиялық түр ең бастысы орындалатын жаттығулар
түрінде, олардың құрылымдарын қатаң сақтай отырып, оқушы зейінін аударумен
сипатталады, ал ойындық (жарыстық) түріне сюжеттік ендіріледі, нақты қимыл
тапсырмалары мен оған қол жеткізу көрсеткіштері анықталады. Ойын әдісі
дегенде жарыстың ұйымдастырылуын немесе ойынды тура мағынасында түсінген
жөн емес ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектесетін қосымша екпінді
іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей және оның жекелеген
жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс
түрінде орындалады. Жарыстар оқытушының немесе оқушылардың өздері ұсынған
өндірістік ережелер бойынша орындалады. Бұл әдіс үшін түрлі снарядтар мен
ойын жаттығуларының аспаптарын пайдалану сипатына тән. Жарыстық әдіс
оқушыға үлкен қимыл. Еркіндігін береді, олардың қызығушылығын арттырады,
қимыл түрлерін іздеуде бастама көтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды
үлкен көлемде және үлкен қарқынмен орындауға жол ашып, спорт тәсілдерін тез
әрі жетік меңгеруге, ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дамытуға жәрдем береді.
Бірсайыс сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында
жарыстық әдіс негізгі болып табылады.
Жаттығудың қосымша әдістері тобына мына әдістер жатады: а) қажет көмек
арқылы, ә) екі жақтан, б) қимылды бейнелеу арқылы, в) қимылды көрсету
арықыл.
Қажет көмек арқылы жаттығулар әдісі мынандай: оқытушы үйретіп жатқан
қимылды орындауда өзі араласады, оқушыларға дене көмегін көрсетеді. Ол
қимылды бағыттайды, оқушыны ұстап тұрады, тартады, оның қимылын
жылдамдатып, баяулатады, дененің жеке бөліктерінің қалпын дұрыстайды.
Екі жақтан жаттығу әдісі оқушыларға ассиметриялы спорт жаттығуларын
екі аяқ-қолмен немесе дененің екі жағымен орындауды үйренуге мүмкіндік
береді.
Қимылды бейнелеу жаттығулар әдісінің мәні мынада: оқушылар спорт
жаттығуларының тәсілдері туралы жүйелі ойлайды, спорт жаттығуларын бүтіндей
немесе жекеше бөліктері тәсілдерін, қимылдарын бірізділігін бірнеше дүркін
бейнелейді. Оқушылар өз зейінін қимылдың жеке параметрлеріне (ырғағына,
екпініне, қимыл жиілігіне) және қимылды орындау уақытында пайда болатын
қимыл сезімдеріне аударуы мүмкін. Бұл әдіс спорт жаттығуларының тәсілін
меңгеруге, кейде сәйкес қимыл сапасын дамытуға жәрдем береді. Бұл әдістің
жаттығулар түріне белгілі бір дене жаттығуын бірізді орындауды бейнелейтін
суреттерді салу болып табылады.
Қимылды көрсету жаттығу әдісі оқушылар айқын спорт жаттығуларын қимыл
құрылымдары мен жағдайлары қатынасына қарай бейнелейді (мысалы,
гимнастикалық таяқты белтемір).
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында қолданылатын ақпарат құралдар мен
әдістері (6-сурет) (жаттығу әдістері сияқты) негізгі және көмекші болып
бөлінеді. Негізгілеріне сөз бен бейнелеп көрсету жатады. Сөздің көмегімен
дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында а) оқушыларды ұйымдастыру; ә) білімді
мәлімдеу; б) орындалған жаттығуларды және олардың нәтижелерін талдау мен
бағалау; в) көңіл-күй жағдайын реттеу; г) тәрбиелеу міндеттерін оындау
қамтамасыз етіледі. Бейнелеп көрсету үйренетін қимылдар туралы нақты
мәліметті қысқа уақыт ішінде білуге мүмкіндік береді.
6-сурет. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы ақпарат
құралдары мен әдістері
Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістеріне қимыл барысындағы дыбыстар
қимылдан қалған іздер, бағыт-бағдар, сондай-ақ ақпараттың техникалық
құралдары мен әдістері жатады.
1.4. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме
Сабақтағы оқушыларға деген жеке және қосынды ықпалдар адамның басынан
өткеретін қысымның дәрежесімен сипатталатын жүктеменің төлеміне байланысты
болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ол сабақ пәніне
(жаттығу), жаттығуды ұйымдастыру мен қимыл жасау ортасына тәуелді болады.
Сабақ-бұл нақты қимыл, іс-әрекет (спорттық немесе гимнастикалық жаттығу,
ойынның немесе туризмнің түрі). Қимыл ортасы деп сабаққа лайықталған жағдай
түрін айтамыз, ал жаттығуды ұйымдастыру деп мына бөлімдердің өзара
қатынасын түсінеміз: а) жаттығудың қарқындылығы; б) жаттығудың көлемі; в)
жаттығу барысындағы демалыс түрі мен оның ұзақтығы.
Жаттығудың қарқындылығы орындалатын қимылдар қысымымен сипатталады.
Айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларында олар біркелкі емес
ықпалдар әсерінен өзгеріп отырады. Айналымдық жаттығулар түрлерінде
қарқындылықтың өзгеруіне әсер ететін ықпалдар ең алдымен қимыл жылдамдығы
содан кейін ауырлатылған аяқ киім, белдік, т.б. түріндегі арнайы
қолданылатын тартылулар болып табылады. Одан бөлек, спорттың айналымдық
түріндегі жаттығулар қарқынына қимыл ортасы әсер етеді.
Айналымдық емес қимылдардағы жаттығулар қарқындылығы мынаған
байланысты: 1) орындалатын жаттығулардың дәлдік күрделілігі, (темірді
тұрып, отырып және жатып қысымдап көтеру); 3) қимыл бағыты (мысалы, ядроны
200 немесе 400 бұрышта көкжиекке лақтыру); 4) пайдаланатын снарядтардың
түрлері мен салмағы; 5) қарсыласының салмағы (қарсыласуы және жетілуі); 6)
оқушының жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі (қимыл жылдамдығы, қимыл дәлдігі,
қимыл ауқымының ұлғаюы және басқа), яғни көлемді қимыл әсеріне жету үшін
қажетті жағдайлар.
Жаттығу көлемі орындалатын қимылдардың сандық шамасымен сипатталады.
Айналымдық дене жаттығуларында көлем қашықтықтың бағындырылған ұзындығына,
жаттығудың ұзақтығына және белгілі тапсырманың қайталану санына тәуелді
болады.
Айналымдық емес дене жаттығуларында көлем бірдей дене жаттығуларының
қайталану сандарына, орындалатын дене жаттығуларының (көптүрлілігі) санына
және белгілі бір тапсырманың қайталану санына тәуелді болады.
Дене тәрбиесі сабақтарында жалпы дене дайындығын жаттығу көлемін
қамтамасыз етуге бағытталған айналымдық емес жаттығуларды меңгерумен
сабақтың тығыздығы анықталады. Оның ауқымдылығы пайызбен сипатталады.
Сабақтың моторлық және жалпы тығыздығының айырмасын анықтау формасы.
Сабақтың моторлық тығыздығы сабақ уақытының барлығында орындалатын
жаттығуға жоғалтқан (бүтіндей немесе оның жеке бөліктерін) уақыт
қатынасында айтылады. Мысалы сабақтың негізгі бөлігінің ұзақтығы 30 минутқа
тең, сабақтың бұл бөлігіндегі жаттығу орындауға кеткен уақыт көлемі 10 мин.
Сабақтың негізгі бөлігінің тығыздығы 33%-ға тең Сабақтың жалпы
тығыздығы – бұл сабақтың барлық уақытына қатысты, пайдаланылғаны
педагогикалық тұрғыдан аяқталған уақыттың қатынасы. Педагогикалық тұрғыдан
аяқталған уақытқа оқытушының білімді және мақсатты көрсетуі мен түсіндіруі,
оның нұсқауы, қайта сапқа тұрғызуға арналған бұйрықтары, жаттығуды
орындауға кеткен уақыт және олардың арасындағы демалыс жатады.
Жоғарыда аталғандай, жүктеме көлеміне сол сияқты демалыстың
ұйымдастырылу түрі мен ұзақтығы да әсер етеді. Тек олардың өзгеруі ғана
(біркелкі дене жаттығулары мен жаттығу қарқындылығымен) бір жағдайда үлкен
көлемде тездікті дамытуға, екінші бір жағдайда жалпы және жылдамдық
төзімділігін, бұлшықет көлемін ұлғайту немесе күш пен күш төзімділігін
дамытуға көмектеседі.
Демалыс ұзақтығы түбегейлі түрде спорт жаттығулары тәсілін меңгеруеі
табысты болуына ықпал етеді. Ұзақтығына қарай демалыс қатқыл, экстремалды
және толық болады. Қатқыл демалыс келесі жаттығулар, яғги алдыңғы
қимылдардан сақталған шаршау аясында жүргізіледі, эстремалды демалыс
алдыңғы жаттығулардың шаршауын жояды, бірақ оның тиімді жақтарын сақтап
қалады. Толық демалыс алдыңғы жаттығулардың орындалу нәтижесін өшіруге
әкелетін жаттығулар ұзақтығына байланысты жүргізіледі.
Ұйымдастыру түріне қарай демалыс әлсіз, белсенді, аралас болып
бөлінеді. Жаттығулар барысында әлсіз демалыс барлық арнайы қимылдарды
тоқтатады (тұрып, отырып, жатып демалу). Белсенді демалыс арнайы қимыл мен
іс-әркеттер, яғни жұмысқа қабілетін қалпына келтіруді жылдамдату үшін
қолданылатын демалысты атайды. Көптүрлі қайталама жаттығулардан кейін
белсенді демалыс 2-3 есеге әлсізінен қарамастан дұрыс нәтиже береді. Оның
әсері әсіресе жақсы жаттыққан спортшыларда белгілі болады.
Спорттың айналымдық түрлерінде жаттығулар арасында үзілістегі демалыс
түрі барынша мақсатты болады, онда да ұзақтығы айналымдық қимылдағыдай,
бірақ қарқыны аз болып келеді. Сол сияқты спортшы сабақтың немесе аталған
спорт түрінен жарыстар аяқталған. Ең демалуы тиіс. Әрине, күшті тез әрі
жақсы қалпына келтіру үшін мәреден кейін бірнеше уақыт қажет. 3-5 минут
қимылды жалғастыру керек (желаяқ сәл баяу жүреді, жүзгіш біраз суда қимыл
жасайды), т.б. Жүгіруден кейін қимылды тез тоқтату бұлшықет пен сіңірдің
жарылып немесе тартылып қалуы сол сияқты гравитациялық шок болуы мүмкін
(қысқа мерзімді есінен айырылу). Баяу жүру-айналымдық емес спорт
жаттығуларынан кейін де өте тиімді демалыс түрі болып саналады. Белсенді
демалыс қимыл құрылымы бойынша көптүрлі құрылған және барлық қимыл аясына
әсер ететін спорт түрлерінің шаршататын жаттығуларынан соң онша тиімді
емес. Спорттың бұл түрлерінде бокс, баскетбол, хоккей, т.б. қысқа үзілістер
уақытында қалпына келтіру үшін қандай да бір қимыл жасамай, керісінше
отырып демалған дұрыс.
Аралас демалыс деп әлсіз және белсенді демалыстың үйлесімін айтамыз.
Айналымдық емес спорт түрлерінің сабақтарында демалысқа арналған үзіліс
уақытын үш бөлікке бөлуге кеңес беріледі: бірінші бөлікте (уақыттың 25%-ы)
баяу демалып, екінші бөлікте (50%)-белсенді және үшінші бөлікте (25% уақыт)
– баяу демалу қажет.
Уақытша шаршауға әкелетін қимылдар аяқталған соң үзілісте босаңсыту
жаттығуларын орындап, массаж жасатып немесе өзіне массаж жасап, сол сияқты
суық сумен жуынып, сулы сүлгіні желкесі мен кеудесіне, аяғын салқын сумен
жууға кеңес береді.
Бір сабақ барысында, апталық сабақ айналымында немесе жаттықтырудың
белгілі бір кезеңіндегі жүктемені нақты жаттығуды орындау барысында үш
негізгі амалмен өзгертуге болады: 1) тіксызықты-көтерілетін; 2) сатылық; 3)
толқын тәріздес (Л.П.Матвеев). Тіксызықты көтерілу амалында бір сабақ
барысында немесе бір сабақтан келесі сабаққа жүктемені қатаң түрде бірте-
бірте ұлғайтып немесе азайтуға мүмкіндік береді. Сатылы жүктеме белгілі бір
уақыт барысында бір деңгейде сақталады, сосын ұлғаяды, қайтадан осы
деңгейде сақталады және т.б. Толқын тәріздес жүктеме сабақ барысында немесе
бірнеше сабақ барысында бірте-бірте, сатылап көтеріледі және оның ұлғаюы
мен азаюына жалпы жағдай жасай отырып, төмендейді.
Жеңіл (аз), орташа және үлкен (көп) жүктемелерді ажырату. Спорт-қимыл
әрекетінде спортшы туындататын күш жұмсау деңгейі бөлшектік көлемдерде
бейнеленеді (күштің ширегімен немесе жартысымен орындауға болады). Ол күш
аясында аталған спортшының мүмкіндігі жететін ең жоғарғы деңгейді
басшылыққа аламыз. Спортшының мүмкіндігінен асып кететін жүктеме шектен тыс
деп есептеледі.
Осы көрсетілген градациялар жүктеме көлемінің жан-жақты бағасын береді.
Олардың нысанды бағасының негіздері орта жүйке жүйесінің, ағзаның
вегетативтік жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының жаттығулар барысында
және оны орындағаннан кейінгі түрлі мерзімдердегі болатын қуат шығыны мен
қызмет өзгерістерінің көрсеткіштері болып табылады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктемесінің мөлшері туралы
түсінік қалыптастыруда екі көзқарас нақты белгіленген. Біріншісі аз
жүктеменің, екіншісі-үлкен жүктеменің мақсаттылығын қарастырады. Бірінші
көзқарас 1946 жылға дейінгі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ғылыми-
әдістемелік ережелері дамытуға арналған.
Тиімді деп танылған жүктеме мөлшері туралы түсінікті А.А. Зикмундтың
қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшыларға арналған нұсқалары бойынша құруға
болады. Ол бір сабаққа аяқпен жай жүгіріп өтуге 50м, ал баяу жүгіруге 150м
жетеді деп есептеді.
В.В.Герканның пікірінше спорт жаттықтыруынан жетістікке жету үшін
аптасына 3-4 сабақ жеткілікті деп есептелді. Оның айтуынша, жаттығушының
негзігі ұраны асыра жаттығудан гөрі қалыпты жаттыққан жақсы болуы тиіс.
Г.А.Дюпперюн күніне барынша шамасы келген биіктікке бес рет секіру
биіктікке секіретін спортшыларға жеткілікті деп есептеді.
Жеткілікті жүктеменің өлшеуіші пульстің минутына 120 рет ұру жиілігі
болды. Бұл кезеңдегі спортшыларға арналып берілген жаттығу мөлшерінің
жеткіліксіз екенін анық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz