Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы
педагогикалық ізденістер
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ
ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 11
... ... ... ..
1.1 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде маман дайындығын
жетілдірудің әдіснамалық 11
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.2 Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби
дайындаудың ғылыми зерттелу 35
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ІЗДЕНІСТЕР ... ... ... ... ... ... . 60
2.1 Кәсіби маман даярлаудағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының
мазмұндық 60
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.2 Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын қозғалыстағы
энергетикалық өлшемдерді ескере отырып жетілдірудің
педагогикалық 81
шарттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 92
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 94
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Жолдауындағы ұзақ мерзімді
басымдылықтың бірі Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен
салауаты тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау
болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына
әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен
өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің
деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы
қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім
туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең
өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін
қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы
танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.
Тәні саудың – жаны сау демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене
күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін
өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып,
белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы
ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола
отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне,
өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға
қызмет етеді.
Мұндай міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне және жалпы
дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына тікелей байланысты. Өйткені, дене
шынықтыру-сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола
отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын
нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті
мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-
өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Дене тәрбиесі және спорт саласында кейбір мәселелерді кешенді түрде
зерделеудің қазіргі кезде зерттеу жұмысында өзекті болып отырғанын айта
кету керек. Себебі, әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі өзара ғылыми
байланыстар жекелеген ғылыми пәндердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан
да, арнайы әдебиеттермен қатар этнография, тарих, пәлсафа ғылымдарының да
деректері, Махмұд Қашќари, Низами аль-Мулький, Наршахи, Жүсіп Баласағұн,
Рашид-аддин, Плано Карпини, Марко Поло сияқты ортағасырлық ойшылдардың да
еңбектері пайдаланылды.
Қарастырып отырған, дене тәрбиесі мен дене шынықтырудың әлеуметтік
құбылыс ретіндегі тарихи түп-тамырын әдіснамалық және теориялық тұрғыдан
ашып көрсететін тиісті деректерсіз зерттеу мүмкін емес. Зерттеу тақырыбының
күрделілігі әдебиеттер мен дене шынықтыру жүйесінің ауқымдылығында ғана
емес, тақырыпқа тікелей қатысы бар, мәселені шешуге ықпал ететін кәсіби
даярлаудың өзектілігінде.
Келешек ұрпақ денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі болашақ
маманның жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы теориялық және тәжірибелік
даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай дене шынықтыру-
сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды дайындау ісін кәсіби даярлықтың
ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек деп таптық.
Денсаулық жағдайы мен дене бітімінің жұмыс істеу қабілетінің өмір сүру
тәсілімен, күнделікті қозғалу белсенділігінің мөлшері және сипатымен тығыз
байланысы көптеген зерттеулерде (Г.Л.Апанасенко, В.К.Бальсевич,
В.А.Запорожанов, Л.П.Матвеев, және тағы басқалары) дәлелденген.
Қазіргі заман педагогтары Ю.К.Бабанский, Н.В.Кузьмина, В.В.Сериков,
В.А.Сластенин, А.В.Усова, Т.А.Ақпаев, С.И.Қасымбекова, А.С.Имангалиев,
Н.Д.Хмель және т.б. болашақ маманды кәсіби даярлау процесіне сол
даярланатын, мамандықтың түріне, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Бұл
еңбектерде мамандықтарды сипаттай отырып, маман іс-әрекетінің кәсіби
бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін
жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдарлар көрсетіледі.
Дене шынықтыру-сауықтыру процесінің неғұрлым тиімді жолдарын,
оңтайландыру құралдарын іздеу мен айқындау педагогиканың өзекті
проблемалары болып табылып. Қазіргі кезде оларды шешуде адам дамуының
сыртқы және ішкі факторларының ғылыми негізде және барабар қатынастары
негізінде әр түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін жобалауға барынша
көңіл бөлінуде.
Зерттеу бағыты спорттық-сауықтыру және дене тәрбиесі ортасы
болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты жекелеген жалпы
теориялық ережелерді нақтылауға мүмкіндік беретін дене тәрбиесі және дене
шынықтыру теориясы мен әдісі жөніндегі зерттеу жұмыстары талданды. Сол
мақсатта Ж.К.Оңалбектің, Л.П.Матвеевтің, Б.Тойлыбаевтың, В.В.Белорусованың,
Н.А.Васильеваның еңбектерін айрықша атап өткен жөн.
Ресей ғaлымдарының еңбектеріне шолу жасасақ, адам денсаулығының
эвалюциялық қызметін алғаш Сергей Петрович Боткин (1898ж.) сипаттаса,
И.И.Брехман Валеология - наука о здоровье деген еңбегін жазды. 1886 жылы
алғаш рет әлемде валеология ғылымына бірінші қадам жасаған адамның
комплексті (тұтас) проблемасымен айналысқан профессор П.Ф. Лесгафттың
еңбегін атап өтуге болады.
Қазақстандық ғалымдардың Х.Қ. Сәтбаева, А.С. Адылханов, Л.З. Тель,
А.Г.Турганбаева, Е.Д.Даленов, А.А. Ақанов, К.Ә. Жаңабердиева, З.Г.
Брусенко, С.Р. Рахметова дене-шынықтыру сауықтыру еңбектерін ерекше атап
өткен жөн.
Жалпы осы проблема бойынша арнайы зерттеулерді талдау бір жағынан дене
шынықтыру-сауықтыру жүйелерін құрудың жалпыға бірдей қабылданған
әдістемесінің жоқтығын, сауықтыру бағытындағы оңтайлы күш түсулерді
айқындаудағы ерекшеліктерді, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс
істеуінің жеке-дара ерекшеліктерінің көптігі арасындағы қайшылықтарды және
шектеулі мүмкіндіктер мен дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін құрудағы,
ерекшеліктерді ескеруді айқындай түсті.
Зерттеліп отырған проблеманың өзектілігі денсаулықты нығайту мен
сақтауды және қазіргі бар қайшылықтарды жоюды қамтамасыз ететін дене
шынықтыру-сауықтыру жүйелерін одан әрі теориялық және экспериментальды
зерделеу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеуімізде спортшылардың өзара қатынасы мәселелеріне, оның
әлеуметтік тєжірибе жинақтауға қалай әсер ететіндігін, сол тәжірибені
қалыпты спорттық ортада пайдаланғанда қандай нәтиже беретіндігін білу
мақсатымен спорт психологиясы жөіндегі ғылыми әдебиеттер де кеңінен
пайдаланылды.
Сонымен, ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, дене
шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби тұрғыдан даярлығын
жетілдіру мәселесі арнайы зерттелмегені анықталды.
Зерттеу мақсаты – Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды
кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін
жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны – Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби
дайындау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, еліміздегі бүгінгі таңдағы
өзгерістерге байланысты дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ
мамандарды дайындаудың әдіснамалық және теориялық негіздері айқындалса,
дене шынықтыру-сауықтыру жүйесіндегі энергетикалық қамтамасыз ету мазмұны
теориялық тұрғыдан сипатталып, ғылыми-әдістемелік жүйе жасалса, онда
зерттелетін кәсіби даярлық деңгейін жетілдіру мүмкіндігі туады, өйткені ЖОО-
да болашақ мамандарды даярлау сапасына талап бүгінгі күні артып отыр.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби
даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
дайындығын жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде энергетикалық қамтамасыз ету
арқылы дене қозғалыстары, режимдер, бағыт-бағдарламаларын құрудың
мазмұндарын сипаттау.
4. Болашақ маманның кәсіби дайындығын жетілдіру бағытындағы дене
шынықтыру-сауықтыру жүйесін энергетикалық қамтамасыз етуді ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
5. Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын дене шынықтыру-сауықтыру
жұмыстары негізінде жетілдіру жүйесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру.
6. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің
философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері, тұлғаның дамып,
жетілуі мен толысуының жалпы диалектикалық принциптері, сана мен іс-әрекет
бірлігі принципі, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекет пен тұлғалық
ізденушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; таным теориясы;
жеке тұлға, іс-әрекет, мәдениет теориялары, адам – қоғам – табиғат
жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, оқу процесін басқару мен ұйымдастыру
теориясы, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысында философиялық, тарихи,
психологиялық, педагогикалық, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы
ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалып; мемлекеттік арнайы
құжаттар сараланып; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жоғары оқу
орындары құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмысы,
статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетелдік
әдебиеттерді мақсатты зерттеу мен талдаулар арқылы материалдар жиналып,
жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; оқу-тәрбие процесінің жоғары
оқу орнындағы қазіргі жағдайы зерттелді. Эксперимент бағдарламасы
айқындалып, анықтаушы педагогикалық эксперимент жүргізілді.
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың дайындығында
дене мүмкіндіктерін дамыту мен сауықтыру негізінде салауатты өмір салтын
қалыптастыру ерекше мәнге ие. Бұл даярлық ұсынылған бағыттар бойынша
болашақ мамандарды мақсатты тұрғыда теориялық-әдіснамалық және ғылыми-
әдістемелік жағынан ғылыми негізделген жағдайда өнімді жүзеге аса алады;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды даярлау
энергетикалық өлшемдер арқылы дене қозғалыстар режимдер бағыт-
бағдарламаларын құрудың негізгі сипаттамасымен айқындалады;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
дайындығын жетілдіруге тиімділігі педагогикалық үдерісте мамандардың кәсіби
дайындығы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тікелей байланысты;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінің мәні жоғары оқу орындарында дене
мәдениеті пәндері жүйесіндегі білім мазмұны мен оның зерттеліп отырған
проблемаға бағыттылығы мен өзара сабақтастығы арқылы анықталады;
- жоғары оқу орындары студенттерінің болашақ қызметіндегі дене
шынықтыру-сауықтыру жүйесін ұтымды ұйымдастыра білу білімдері мен
іскерліктері оның кәсіби жеке тұлғасының маңызды сипаттамасы ретінде
қарастыруға болады;
- болашақ мамандар мен олардың келешектегі жұмыс орындарындағы іс-
әрекеті арасындағы өзара байланысы дене шынықтыру-сауықтыру жүйесін тиімді
ұйымдастыру жолдары, әдіс-тәсілдері арқылы айқындалады;
- болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлау
алдын-ала белгіленген педагогикалық-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.

1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ
ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде маман дайындығын
жетілдірудің әдіснамалық негіздері

Дене тәрбиесінің теориясы мен дене тәрбиесі қозғалысы дене мәдениетінің
қазіргі заманғы теориясының пайда болуына септігін тигізді.
Н.И. Пономарев сонау 1969 жылы-ақ құрамды бөліктерге бөле отырып, дене
мәдениеті және дене тәрбиесі ұғымдарына анықтама берген болатын. Біраз
кейінірек ол дене мәдениеті теориясын ғылым ретінде бөле келе, оны дене
тәрбиесі теориясының, спорттық теорияның, дене тәрбиесі мен спорт
социологиясының негізгі бөлігі ретінде атайды және дене тәрбиесі
институттарының оқу жоспарына осы пәнді кіргізу қажет деп санайды.
1975 жылы Л.П.Матвеев дене тәрбиесі жалпы теориясының нұсқасын
қарастыра келіп, онда ол дене тәрбиесі институттары үшін жаңа да дербес
ғылыми бағыт және оқу құралы ретінде дене тәрбиесінің жалпы, теориясының
негізін қалау мүмкіндігіне болжам жасап, оған назар аударады.
Дене тәрбиесінің жалпы теориясын жасау жөніндегі ұсынысты Н.И.Торопов
қолдайды да, болашақ ұрпаққа дене тәрбиесін берудің жалпы дене мәдениеті
мен спорт жүйесінің бір бөлігі екендігін атап көрсетеді.
Л.П.Матвеев дене мәдениеті мен спорттың жалпы теориясын жасау
перспективасына деген мақаласында дене мәдениеті теориясында мынадай ірі
компоненттерді бөліп айтады: базалық дене мәдениеті, кәсіби-қолданбалы дене
тәрбиесі дайындығы, сауықтырғыш-қалпына келтіргіш дене мәдениеті мен спорт.
Жоғарғы оқу орындары мен мектептердегі дене тәрбиесін ол базалық дене
мәдениетіне жатқызады.
Дене мәдениетінің теориясын одан әрі дамыту мен жетілдіруге
В.М.Выдриннің дене тәрбиесі институттарында Дене мәдениетінің теориясы
деген атпен жаңа оқу құралының оқу жоспарына енгізілуі зор ықпал етті. Онда
оған дене мәдениеті қоғамдық мәдениет пен жеке адамның органикалық бір
бөлігі, адам қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады, онда жалпы
мәдениеттік міндеттер тәрбиелік, білім беру, тіл табысқыштық, ерекше
міндеттер ағзаның және тұлғалық қасиеттердің үйлесімді дамуы, еңбекке
дайындық және т.б. сондай-ақ, мәні Н.И.Пономаревтің Дене мәдениеті мен
спорттың әлеуметтік қызметі атты кітабында кең де нақты ашылған әлеуметтік
қызмет жүктеледі. В.М.Выдрин Г.А.Решетевамен, Ву Дас Хуигпен,
В.В.Евстафьевпен шығармашылық бірлестікте бола отырып, мәдениет теориясы
негізінде оның концепциясын жасап шығарған, онда дене мәдениеті теориясының
негізгі ұғымдарына: дене мәдениеті, дене тәрбиесі білім, спорт,
тұлғалық рекреация, қозғалысты қалпына келтіру деген түсініктемелер
береді. Дене мәдениеті теориясының қосымша компоненттері ретінде дене
тәрбиесі дайындығы, тұлғаны дамыту, дене тәрбиесі жаттығулары деген
ұғымдарды алады.
Дене мәдениетінің теориясы дене мәдениетінің мәні туралы ғылыми жүйе
ретінде түсіндіріледі, оның міндеті адамның үйлесімді дамуының
заңдылықтарын тауып және ашу, оның тұлғалық жағынан белгілі бір бағытта
және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәсілдерін түсіндіріп және
дәлелдеу, оларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолдарын, лайықты
түрлері мен принциптерін пайдаланудың ыңғайлы әдістерін табу.
Л.П.Матвеев дене тәрбиесі қозғалысының ғылыми-теориялық негіздерінің
қалыптасу кезеңдеріне, дене тәрбиесі мен дене мәдениеті теорияларына
сипаттама бере келіп және оның дәрежесін нақтылай отырып, дене тәрбиесіне
ерекшелік мазмұны адамдарды қозғалысқа үйрету мен тұлғалық сапасын
жетілдіру болып табылатын тәрбие түрі деген анықтама береді.
Ол сонымен бірге, дене мәдениетінің құрамдас бөліктеріне базалық
мектеп дене мәдениетін, өндірістік дене мәдениетін, емдік дене
мәдениетін және оның басқа компоненттерін жатқызады да, ал дене мәдениеті
теориясының өзін ол қоғамдық, жаратылыс және мамандандырылған ғылымдармен,
жалпы педагогикамен, физиологиямен, психологиямен, дене мәдениеті
тарихымен, социологиямен, дене мәдениеті қозғалысын басқарумен, дене
тәрбиесінің теориясы және тәсілдерімен, тағы басқаларымен өзара байланысты,
дене мәдениетінің мәні туралы ғылыми білім беру жүйесі екендігін айқындай
келіп, жалпы ғылым деп атайды.
Дене мәдениетінің теорияларына атақты ғалымдар В.М.Выдрин, Л.П.Матвеев,
Н.И.Пономарев және басқалары тарапынан баса назар аударылуы Дене мәдениеті
теориясына кіріспе, Дене мәдениетінің теориясы, Дене мәдениеті
теориясының негізгі ұғымдарын талдау және басқа көптеген ғылыми
жарияланымдардың, диссертациялық зерттеулердің және ғылыми еңбектердің
пайда болуына ықпал жасады.
Дене мәдениетінің теориясына арналған Дене мәдениетінің теориясы
жөніндегі очерктер халықаралық еңбектерде жарық көрді. Онда дене мәдениеті
теориясының негіздері ғылыми біліктіліктің жаңа кешенді саласы ретінде
қарасытырылады. Сол сияқты дене мәдениетіне байланысты арнайы оқу
орындарына арналған В.М.Выдриннің, А.А.Гужаловскийдің дайындауымен Дене
мәдениетінің негізгі теориясы мен әдістемесі атты оқулық та пайда болды.
Дене мәдениетінің теориясы мен практикасы журналының беттерінде
философтар В.Н.Столяров, Н.А.Пономаревтардың қатысуымен белгілі ғалымдардың
шығармашылық пікір таластары да өткізілді. Әсіресе, В.И.Столяров журналдың
екі санында жариялаған Дене мәдениетінің теориясы туралы мәселеге атты
мақаласында қозғалыс әрекеті түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, дене
мәдениеті теориясына әдістемелік талдау жасайды. Адамның биологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты біріншісіне, ол қоршаған ортада
жүріп-тұруды, екіншісіне-еңбек түрлерінің сан салалығына орай еңбек
қызметін, сонан соң адамдық танымдық қызметі барысындағы адам қозғалысын,
одан кейін – спорт түрлерінің ерекшеліктері себепші болатын арнаулы
қозғалыс қызметін, және соңында – дене тәрбиесі жаттығулары арқылы арнаулы
қозғалыс әрекетінің тобын жатқызады.
Профессор В.И.Столяровтың дене мәдениеті теориясы туралы көзқарасына
жауап ретінде Н.И.Пономаревтің Тағы да дене мәдениетінің ... теориясы
туралы деген мақаласы жарық көріп, онда ғалым ол ұсынған кейбір
жағдайларға сын көзімен баға береді. Мұның өзі қарастырылып отырған
ғылымның одан әрі дамуы мен жетілуіне ықпалын тигізгені сөзсіз.
В.И.Столяровтың дене мәдениеті теориясы туралы көзқарасына сыни талдау
жасаған В.М.Выдриннің Дене мәдениеті мен оның теориясы атты мақаласы
жарық көрді. Дене мәдениеті теориясына осындай назар аударылуы оны одан әрі
дамыту және жетілдіру перспективасының, әсіресе, бүгінгі Дене мәдениетін
дамыту концепциясына және КСРО да халыққа дене тәрбиесін беру
бағдарламасына байланысты перспективасының бар екендігін дәлелдейді.,
өйткені, оларда дене мәдениеті теориясы мен практикасының өзара тығыз қарым-
қатынасы көзделген болатын.
Л.П.Матвеевтің Дене мәдениеті теориясы мен практикасының кейбір
проблемалары атты мақаласы да осы мәселеге арналған, онда автор таяудағы
аса кезек күттірмейтін проблемалардың бірі-барлық жастағы азаматтар үшін ең
қолайлы қозғалыс режімін анықтау мен оны жүзеге асыру проблемасы екендігін
орынды атайды.
Студенттерге дене тәрбиесін берудің маңызды проблемаларын шешудің
негізінен екі мүмкіндігі бар. Біріншісі, дене тәрбиесі қызметін өз бетінше
жүргізу негізінде студенттердің өздерінің белсенді қозғалыс әрекетіне
байланысты, ал екіншісі, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесіне бейімделген
және ұйымдастырушылық пен әдістемелік дағдыларға машықтанған студент өзі
еңбек етіп жүрген ұжым мүшелерінің, олардың көбісі халық шаруашылығы
әртүрлі буындарының басшылары, мүмкін болған қалыпты дене тәрбиесі –
қозғалыс режімімен теориясын дамыту мен әсіресе, оның практикасында аталған
бағыттарды жүзеге асыру жоғары оқу орнының буындарына байланысты екені
анық.
Осы орайда В.М.Выдриннің дене мәдениеті қызметінің бірінші ерекше түрі
деп, сабақ процесі барысында дене тәрбиесімен айналысуға болатын және дене
мәдениетіне деген қатынас қалыптасатын дене мәдениеті білімін беру
екендігін атауы кездейсоқ емес, ол сонымен бірге дене мәдениеті
компоненттерінен әр адам өзі үшін өзіндік теория жасап алу қажеттігін атап
көрсетеді.
Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесіне келетін болсақ, онда
студенттер жалпы тәрбие теориясы мен дене тәрбиесі теориясына сүйене
отырып, мыналарды оқып игереді:
- жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру мен оның
тәсілдерін;
- дене тәрбиесінің жаратылыс-ғылыми негіздерін;
- дене мәдениеті мен спорттың гигиеналық негіздерін;
- дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік қызметін;
- кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығын;
- еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы дене мәдениетін.
Оның негізгі түсініктері мен терминдері де айқындалады.
Олар: тәрбие, дене тәрбиесі дайындығы, оқу сабағы, оқу-жаттығу сабағы,
оқу бөлімдері негізгі, спорттық, арнаулы, оқу топтары, медициналық топтар
негізгі дайындық, арнаулы, тұлғаны дамыту, дене тәрбиесі дайындығының
дәрежесі, дене қабілеттерін жетілдіру.
Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесі процестерінің негізгі түрлері
сабақ кезіндегі практикалық, теориялық, жекелей және сабақтан тыс кездегі
оқу күні режімі бойынша дене тәрбиесі жаттығулары, секцияларда жатттығу,
өз бетінше жаттығу, жаппай сауықтырғыш, дене тәрбиесі спорттық шаралар
жаттығулар болып табылады. Сөйтіп жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесі
таңдаған мамандығына, болашақ кәсіби еңбегіне, әскери қызметіне өзінің
функционалдық және тұлғалық жағдайына сай келетін, жеке адамның дене
тәрбиесі дайындығын қалыптастыратын мамандандырылған педагогикалық процесс.
Сабақтың өзінің құрылымы, тәсілдері бар және оған жалпы педагогикалық
тәрбие мен жеке ерекше қызмет жүктелген. Оқу пәні ретіндегі жоғары оқу
орындарындағы дене тәрбиесінің теориясы мен практикасының негіздері Дене
тәрбиесі атты оқулықта берілген. Оқулықты жазуға белгілі ғалымдар мен дене
тәрбиесінің мамандары (Н.И.Пономарев, В.Г.Шербаков, А.В.Чоговадзе,
В.И.Ильинич, В.И.Жолдак, Н.НБугров) қатысып, оқулықтың ІІ тарауында пәннің
негізгі түсінігін, құрылымын, міндеті мен әдістемесін ашып берген болатын.
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі түсіндірмелері мен дене мәдениеті және
спорттың әлеуметтік қызметі айқындалған, дене тәрбиесі жоғары оқу
орындарындағы оқу мен тәрбиенің құрамдас бір буыны үстінде қарастырылады.
Онда дене тәрбиесі мен дәрігерлік бақылаудың жаратылыс-ғылыми және
гигиеналық негіздері, спорттық жаттығулар мен дене тәрбиесі жаттығуларымен
өз бетінше айналысудың әдістемелері кеңінен берілген. Кәсіби-қолданбалы
дене тәрбиесі дайындығының түсіндірмесі мен студенттерге дене тәрбиесін
беру сабақтары мен сабақтан тыс түрлерінің құрылымы айқындалған, еңбекті
ғылыми ұйымдастыру жүйесіндегі мақсаттар мен міндеттер белгіленген. Оқулық
жоғары оқу орындарындағы дәне тәрбиесінің теориясын дамытуда, өзінің
прогрессивті рөлін атқарды, алайда, қәзіргі кезеңде, дене мәдениеті
теориясының дамуына байланысты оны қайта жасап, қайта бастыру керек.
Ғалымдар спорт теориясына, дене тәрбиесі институтарына кадрлар тәрбиелеуге
байланысты дене тәрбиесі теориясына басымырақ назар аударып келді, ал
жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі теориясына, пәннің негізгі
түсіндірмесіне, құрылымына, түрлері мен қызметіне аз мөлшерде көңіл
бөлінген. Жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие жұмысының теориясын жасап және
оны жетілдіруге жаңаша қатынас қажет екендігі өзінен-өзі түсінікті, ал ол
оқу сабақтарының құрылымдарын өзгертуге себеп болды.
Дене тәрбиесі сабағындағы студент дайындығына (басқа сабақтарға
қарағанда) жоғарғы қозғалыс активтілігі эмоционалдық, өзіндік функционалдық
және денсаулық жағдайына баға беру, өзара қатынас, шынықтыру және рухани –
ерік қасиеттерінің аса жоғары көрінуі, сыртқы орта жағдайы мен климаттық –
географиялық факторлардың байланысына тән болып келеді.
Дене тәрбиесінің жаттығу сабақтарымен күнделікті айналысу тек қана
шыдамдылық, күш, жылдамдық сияқты қасиеттерді дамытуға септігін тигізіп
қоймайды, сонымен бірге адам мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үлкен ықпал
етеді. Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылдану процесінде, әсіресе спорттық
жаттығулар процесінде жігерлілік, өжеттілік, ерік, еңбекке құштарлық,
табандылық, адамның күнделікті өмірі мен қоғамдағы қызметінің керекті
тәртіптілігін қалыптастырады.
Ерекше қозғалу режимі спортпен айналысатын студенттерде байқалады.
Жоғарғы оқу орындарындағы қазіргі оқу-тәрбие процесінің көп түрлі формалары
( лекциялық сабақтар, лабораториялық, семинарлық, практикалық сабақтар,
емтихандар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау және қорғау,
педагогикалық және өндірістік практикалық және т.б.) қызметінің әр түрлі
оқытушылар мен студенттердің өзара байланысы жағдайында іске асырылады және
жоғарғы оқу орны студенттерінің оқу-тәрбие қызметінің негізі болып
табылады.
Оқу, тану, тәрбие, ақыл-ой, оқу-өндірістік, қоғамдық еңбек, ғылыми-
зерттеу, спорттық, қоғамдық дене шынықтыру және т.б. олардың барлығы
хабарларды игеру және қайта жасаумен бірге жүргізіледі және энергия
жұмсаумен, адам ағзасы жүйелерінің псифизиологиялық жағдайымен көрінеді.
Олардың қалыптасуы және жетілдіруі дене тәрбиесі процесінде іске асырылады.
Дене тәрбиесі процесінде студенттер адам ағзасына дене шынықтыру
жаттығуларының физиологиялық әсер етуі туралы біледі, айналасатындардың
жалпы білімін жетілдіруге көмектесетін дене шынықтыру қасиеттерінің
қозғалысы және дамуын оқытатын әдістемемен танысады.
Студенттер әсіресе спорттық жаттығулар процесінде қосымша хабарлардың
үлкен көлемін алады. Жаттықтырушы ғана емес, студенттен де көп қырлы
білімді талап ететін оқу-жаттығу процесін ғылыми дәлелді құру арқасында
спорттағы қазіргі жетістіктер мүмкін болды. Спортта қозғалысты дұрыс және
тиімді жасау өте маңызды. Ол үшін атқарылатын іске тұрақты бақылау және
талдау қажет. Бұл әсіресе тікелей жарыс жағдайында керек. Арнаулы білім
денгейі қызметі спорттық жаттығулар негізін игеруде арқылы көрінеді.
Жоғарғы оқу орындарында спортпен айналысатын немесе қоғамдық дене
тәрбиесі шынықтыру–сауықтыру жұмыстарын атқаратын жас мамандардың еңбек
ұжымына тез үйренісіп, өздеріне тапсырылған еңбек түрлерін тез игеріп,
өндірістегі кадрлардың мойындауына ие болып, кәсіпорынның әр түрлі
құрылымдық бөлімшелерінің алдыңғы қатар мамандары және басшылары болатыны
байқалды. Бұл жерде жас мамандардың жан-жақты дене дайындығының рөлі
көрінеді.
Олардың ұйымдастырушылық қабілеті, адаммен араласуы, ынталылығы,
тәртіптілігі және басқа қасиесттері мен мінездері спортпен айналысу кезінде
көрінеді.
Көптеген авторлардың зерттеулері, қазіргі кезде дене шынықтыру
мәдениеті мен спорт, жұмыс істеудің жоғарғы деңгейін ұстаудың және
денсаулықты сақтаудың маңызды құралы екенін көрсетеді.
Дене шынықтыру жаттығуларын ұдайы қолдану тыныс және жүрек тамыр
жүйелерін жақсартады және артық салмаққа ие болмауына көмектесіп, бұлшық
етінің жұмыс атқаруын арттырады. Дене шынықтыру мәдениеті және спорт
студенттердің қоғамдық белсенділігін қалыптастыруда үлкен педагогикалық
мүмкіндікке ие болады.
Спортпен айналысу кезінде адамның дене шынығуын жетілдіру қалыптасып,
рухани және шынықтыру үндестігі жасалады.
Әрбір адам өміріндегі спорттың маңыздылығының өсуін Мәскеу қаласындағы
болған Қазіргі қоғамдағы спорт атты Бүкіләлемдік ғылыми конгрестегі
көптеген ғалымдар мен мамандардың баяндамалары дәлелдеп берді. Дене
шынықтыру мәдениеті және спорт қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында әсер
ететін маңызды, көп функциялардың факторы болып табылады. Конгресте
құралған мына проблемалар бұған дәлел болады: Спорт және әдептілік, ақыл-
ой және эстетикалық тәрбие, Спорт және әлемді сақтау, Спорт және жеке
адам, Спорт және қазіргі ғылыми-техникалық революция, Спорт және бос
уақыт және басқалары. Чикаго қаласында (АҚШ) 1990 жылы мамыр айында
әлемнің әр түкпіріндегі адамдар өміріндегі дене шынықтыру мәдениеті маңызын
көрсететін Дене дайындығы, тамақтану және спорт – барлық адам үшін атты
бірінші Бүкіләлемдік конгресс болып өтті.
Жоғарғы оқу орнында оқып жүрген мыңдаған студенттер отряды Қазақстан
Республикасы халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ғылыми-техникалық
прогресті дамытуға жоғарғы оқу орындарында оқып жүріп дайындалады.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесі мықты денсаулық, дене шынықтыру
дайындығы мен дамуын игеру арқылы келетін көптеген хабарлар және ғылым мен
техникалық жаңалықтарына толы болады.
Студент жастар арасындағы дене тәрбиесі туралы ғалымдар мен мамандардың
ізденулері арналған. Бұл кешенді іздеу кезінде ерекше орын арнаулы
дәрігерлік топтарына бөлінген студенттердің дене тәрбиесін оқу және оқудан
тыс кезде ұйымдастыру мен әдістемесіне беріледі.
Адам ағзасының әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының физиологиялық
әсерін аша отырып, мамандар мен ғалымдар оның денсаулықты нығайту және дене
шынығу деңгейін жоғарылату үшін жоғарғы оқу орнындағы оқу-тәрбие
процесіндегі орнының ұлғайтылуы қажеттілігін көрсетеді.
Бүгінгі дене тәрбиесі және спорт – адамның еңбекке деген әлеуметтік –
биологиялық белсенділігін арттыратын оның үйлестікті дамуына әсер ететін
маңызды құрал. Қоғамда адамдарды жаңа өндірістік дене шынықтыру арқылы дене
тәрбиесінен басқа ештеңе жоқ. Дене тәрбиесі және спорт сабақтары процесінде
алынған дене шынықтыру және қозғалыс қабілеттері еңбек әдетін тез
қалыптастырады және іскерлікті жоғарылатады.
Жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесі жаттығуларының негізгі
себептері: сынақ алу, спорттық жетістікке жету және кезекті разряд алу,
денсаулық және шынықтыру деңгейіндегі өзгеруді жою. Дене тәрбиесіне деген
үлкен және қалыптасқан қызығушылық спорттық оқу бөліміне, былайша айтқанда,
спорттық разрядтарда болады. Бірақ, мұндайлар жылдан-жылға азайып кетеді.
Студенттердің дене тәрбиесіне және дұрыс өмір сүруге деген қажеттілігі
төмен. Жастардың дене тәрбиесіне деген қажеттілігін қалыптастыру әлеуметі
қажет. Ол жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің маңызды мақсаты.
Негізгі оқу бөліміне дәрігермен дайындық және негізгі дәрігерлік
топтарға бөлінген студенттер қабылданады. Оқу топтары студенттердің
жыныстық және дайындығына байланысты құралады. Дайындық және негізгі
денсаулық топтары үшін практикалық сабақтар бөлек жүргізіледі. Жалпы дене
дайындығы (ЖДД) және спорт түрлері топтарындағы адам саны – 12-15.
Дайындық, денсаулық топтары студенттерін ЖДД және КҚДД деп бөлу қажет деп
ұсынылады. Негізгі оқу бөліміндегі оқу процесі студенттер аралығында дене
тәрбиесінің дамуын жетілдіруге, дене шынықтыру, кәсіпқой қолданбалы
дайындығы деңгейін арттыруға, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына белсенді
қатысуымен қызығушылығына деген қалыптастырушылыққа негізделген. Спортқа
деген қызығушылығы бар, негізгі денсаулық топтарына бөлінген студенттер
үшін қажет оқытушылар құрамы және спорттық база бар жағдай да, дене
тәрбиесі дайындығын беретін спорттың бір түрі негізіндегі оқу сабақтарын
ұйымдастыру және жүргізу рұқсат етіледі.
Негізгі оқу бөлімі студенттері өз бетінше таңғы және өндірістік
гимнастиканы, сонымен қатар спорт жарыстары бойынша төрешілікті жүргізетін
білімге қажеттілікке және шеберлікке ие болу керек.
Дене тәрбиесі жөніндегі оқу бағдарламасы бойынша 1-ші курсқа түсушілер
және жоғарғы оқу орнындағы оқу процесін көрсететін деңгейді бақылайтын
бақылау тестері көрсетілген. Денсаулықты байқауды өткеннен кейін негізгі
және дайындық денсаулық топтарының студенттері бақылау талаптарынан өтеді
де, оқу бөлімшелері мен топтарына қабылданады.
Дене тәрбиесі процесі кешенді және құрамды бөлшектерден тұрады. Оның
негізгі бөлшегі дене шынықтыру қабілетін дамытуға арналған педагогикалық
процесс болып табылады.
Студенттердің күштік даму көрсеткіштері дене дайындығының деңгейімен
бағаланады. Бұл соңғы кездегі білім беру жүйесінің көкейтесті мәселесі
болып отыр. Соңғы кезде жоғарғы оқу орындарына түсетін талапкерлердің дене
дайындығы жылдан-жылға төмендеп келеді.
Дене дайындығының сапасының бір негізі – шыдамдылық ( адамның әр түрлі
қызмет атқаруында, соның ішінде ойлау, физикалық, сенсорлық т.б.), шаршауға
ағзасының бар қабілетін қарсы жоюы. Шыдамдылық деңгейі адамның қозғалу
белсенділігімен байланысты. Зерттеу қорытындысына қарасақ, спортпен
айналысатын студенттердің оқу процесіндегі айрықша (ақыл-ой қызметі, көңіл
бөлу, т.б.) қабілеттілігі байқалады. Тұрмыстағы, өндірістік практикадағы
студенттердің физикалық ерекшелігі болып күш, жылдамдық-күштік қасиеттері
т.б. саналады.
Күш адамның жеке және бөлек бұлшық ет топтары арқасында тұрмыста,
спортта кездесетін механикалық, биомеханикалық, қозғалу жұмыстарын жеңе
білу қабілеті (кермеде тартылу, белгілі салмағы бар затты апару не лақтыру,
орнынан ұзындыққа секіру, т.б.) абсолюттік күшті ( өзіндік салмағына
байланысты емес бұлшық ет қуаты) қатыстық ( абсолюттік күш пен өзіндік
салмақ қатынасы), динамикалық және статикалық жағдайда ерекшелеуге болады.
Динамикалық күш, жылдамдылық күш қабілеттерімен ( күштік және жылдамдық
қабілет кезеңдерімен) анықталады. Сонымен бірге, ол адам тұрмыс –
тіршілігіндегі, әсіресе спорттық дәрежесіне жетудегі бірден-бір үлкен жолы
болып отыр ( секіру, найза лақтыру).
Адамның салмақ көтеру күші оның келтірілген жағдайда салмақты ұстауы
т.б.: штанганы жоғары көтеру, берілген жағдайда сақтау, гимнастикалық
бұрыш, талғанша бір аяқпен отыру. Қозғалу жылдамдығы – адамдағы белгілі
бір қозғалыс қимылдарын жасауы (секіру бөлігі, жүгіру, соғу, лақтыру қимылы
т.б.). Бұл жеке адамның қозғалу қызметі, жеке қозғалысының жылдамдығы,
қозғалу жиілігімен байланысты. Жалпылық қозғалу істерінде жылдамдылық өте
қажет; жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, т.б.). Атап өтетін бір жайт, адамның
қозғалуы әр түрлі факторларға байланысты болады (адамның күші, қадамның
ұзындығы, қозғалыс қалпын сақтау, т.б.)
Адам өміріндегі қызметінде, студенттік оқу-еңбек қызметінде тез, шапшаң
қозғалыс қажеттілігі туады. Бұл әсіресе спортта бір уақыт ішінде немесе ара
қатынас бөлшегінде тез қимыл жасаудан көрінеді. Бұл жағдайда қимылдың басты
компоненті болып шыдамдылық табылады.
Сондықтан жылдамдылық-қозғалыс қимылдарының тез болуын қамтамасыз
ететін қиын жүйке-бұлшық ет процесі, оның дамуы қиын және жас өзгерісіне
тез бағынады. Бұл спортпен айналыспайтын қимылсыз режимде байқалады.
Ептілік – бұл адамның бағытталған қимылға, статикалық және динамикалық
теңділікке, көру, қозғалыс және вестибулярлық тітіркендіргіштер өзгеретін
жағдайларға (еңбек, тұрмыс, спорт) байланысты кеңістікте өз денесін игеру
және басқару. Ептілік – кеңістікте жылжу дәлділігін, еңбек процестерін
атқаруда қажет бұлшық ет қимылын жүргізу, қажет уақытта дене теңдігін
ұстау, өндірістегі және спорттағы жарақаттарды төмендету. Ептілікті әр
түрлі қимыл-қозғалыс қалыптары арқылы бағалау (гимнастикалық орындық және
бөрене жаттығулары, қарлығаш және т.б.). Ептілікті тәрбиелеу үшін нақты
дәлдік қимылдарымен байланысты әр түрлі дене шынықтыру жаттығулары пайдалы.
Мысалы: әркімге белгілі қарлығаш жағдайын біраз уақыт ұстап тұру,
гимнастикалық бөренеден жүру, баскетбол добын корзинаға сол қолмен лақтыру
және т.б. Бұл әрине ЖОО-дағы түрлі пәндер арқылы жүзеге асырылады.
Икемділік – бұлшық ет жүйелерінің жағдайымен, жеке буын
қозғалғыштығымен көрсетілетін адамның қимыл – қозғалыстары ( жаттығуларын
қажет амплитудамен орындауға қабілеттілігі).
Жоғарыда аталған дене тәрбиесі қасиеттері әр жастағы адамның кәсіпқой
қызметінің әр түрлі; еңбек өнімділігі үшін жарақат, аурудың алдын алуда өте
қажет және бұл дамытуды ғана қажет етіп қоймай, өне бойы ұстауды қажет
етеді.
Дене тәрбиесінің функциялары пән ретінде үнемі кеңейіп отырады және
олар қазіргі ғылыми-техникалық прогресс, оқу процесінің жеделдеуімен пәннің
өзінің дамуы және жеделдетуімен көрінеді. Мектеп бітірушілер жоғарғы оқу
орнында өмірдің жаңа жағдайларымен оқу процесінің жаңа өзгешіліктерімен
кездеседі. Көпшілігі жаңа жағдайда үйренгенде қиындыққа кездеседі, оқу және
оқудан тыс формалар арқылы дене тәрбиесі оның тездеуіне көмектеседі.
Бұл жағдайда оқу процесіне қажет жасөспірімдер мен қыздардың дене
шынықтыру және функцияналды дайындығы жоқтығын жою міндетін шешуге қажет
қимыл режимін қамтамасыз етуге, психофизикалық қасиеттері жағдайларын
жоғарылату міндеттері шешіледі. Жас адамның жоғарғы оқу орнында болған
алғашқы күнінен бастап дене тәрбиесі, олардың студенттік қызметінің қиын
және әр түрлі жоспарлы бөлімдерін игеруге дағдылануға, болашақ кәсіпқой
еңбегіне дайындалуына көмектеседі.
Барлық жоғарыда аталған дене қасиеттері тек спортта ғана емес, еңбек
қызметінде де қажет. Олар адам ағзасымен тікелей байланысты бір-біріне әсер
етеді және олардың дамуы кешенді мазмұнды сайлау және творчестволық мәнге
ие. Бұлардың бәрі дене тәрбиесі процесінде дамиды және жетіліп отырады.
Көптеген Қазақстандық авторлардың зерттеулері дене тәрбиесі
процесіндегі 1-2 курс студенттерінің дене дайындығы деңгейі өзгеруінің
жағымды екенін көрсетті. Cпортпен айналысатын студенттер соңғы курста қажет
дене дайындығына ие болады және ол оқу және өндірістік практикалық
бағдарламаларын жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Мектеп бітірушілердің әлсіз дене дайындығын көптеген авторлар
көрсетеді. Қазақстанның көптеген мектептеріндегі дене тәрбиесінің дұрыс
жолға қойылмауынан оқушылардың дене шынықтыру дайындығының төмен деңгейі
байқалады. Қазақстан Республикасы білім жүйесіндегі дене мәдениетін дамыту
концепциясында балалардың, жасөспірімдердің және оқушы жастардың дене
шынықтыру дайындығының жеткіліксіз екені атап көрсетіледі (Республика
денсаулық сақтау министрлігі жастар арасындағы аурулардың, олардың
денсаулығындағы ауытқу жағдайларының, функциональды аурулардың жоғарғы
пайызда екенін көрсетті.
Кейбір авторлар дене тәрбиесі бойынша мектеп және жоғарғы оқу орны
талаптары арасындағы жалғастық байланыс қажеттігін көрсетсе, басқалары
шешім жолдарын дене тәрбиесінің қосымша, оқудан тыс формаларында көрсе,
үшіншілері сабақтың әдістемелік құрылымын жетілдіруге деп есептейді, дене
жаттығуларымен айналысудың шеңберлік әдісін пайдалану, сайлау және
қасиеттерін дамытудағы кемшіліктерді жою, техникалық құралдарды,
тренажерлерді, қимыл дағдыларын үйретуде қажет құралдарды пайдалану
керектігі айтылады.
Көптеген жоғарғы оқу орнындағы алынған нәтижелерді талдау студенттердің
дене тәрбиесі дайындығы дамуы оқудың 2 жылының аяғына қарай өсіп, келесі
курстарда төмендейтінін көрсетті. Демек, жоғарғы оқу орнын бітірушілер
өндірістік қызметке қимыл дағдылары мен дене тәрбиесіндегі
жетпеушіліктермен барады. Сондықтан жас мамандардың дене тәрбиесі
дайындығының жоқтығы еңбектің әр түрлі тиімділігін төмендетіп, қоғамның
маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуді азайтады.
Барлық студенттерді дене жаттығуларымен айналысуға қатысуға, жас өсуіне
қарай өзгеруді жою, жоғарғы оқу орнының оқу-тәрбие процесіндегі қозғалыс
белсенділігі көлемі мен режимін қамтамасыз ету –дене тәрбиесінің бірінші
міндеті.
Қаралып отырған проблеманы шешудегі басты міндет жоғарғы курс
студенттерін дене жаттығуларымен тұрақты айналысатыруда болып отыр. Бұл
жерде студенттердің оқу, өмір және тұрмыстағы аспектілеріндегі, бос уақытта
пайдалану, дене тәрбиесін студенттерде тәрбиелеу, денсаулықты нығайту
сияқты көптеген проблемалар туады. Бұл жерде бір авторлар дене тәрбиесіне
кәсіби-қолданбалы бағытты ұсынуды, ал басқалары дене тәрбиесінің ілімдік
негізін белсендіруді, оқу және практика, еңбек семестрі сияқты оқу-тәрбие
процесінің басқа формаларымен байланыстыруды маңызды деп есептейді.
Әдетте, оқу аптасының студенттерінің қимыл белсенділігін жеткіліксіз
деп көрсетіп, спорт және дене тәрбиесінің қосымша оқудан тыс формалары
арқылы айналысуды көбейту қажет деп санайды. Осыдан оқу-өндірістік практика
және жазғы еңбек семестрі кезеңінде студенттік жатақхана жағдайында дене
тәрбиесін ұйымдастыру және өз бетімен айналысу формаларын жүргізудің
маңыздылығы туады.
Арнаулы денсаулық топтарына қабылданатын студенттер санының өсуі
денсаулықты жақсартудың мүмкіндіктері, дене дамуы және дайындығы формалары,
әдістері және құралдарын іздеп жүрген дене тәрбиесі мамандары мен
дәрігерлерді қатты алаңдатады. Себебі, олар осы студенттік жылдарда адам
ағзасының жетілуінің қалыптасатынын түсінеді. Бұл қазіргі өндіріс
жағдайында мамандардың әр түрлі қызмет түрлерін қамтамасыз етеді.
Оқушылар мен студент жастар денсаулығының төмендеуіне алаң болған дене
мәдениеті, дене тәрбиесі мамандары және дәрігерлер бұл проблеманы
конференцияларда, Дене мәдениеті теориясы және практикасы журналы және
баспа беттерінде көтеріп келеді. Ғалымдар жоғарғы оқу орны қызметкерлері
студенттер денсаулығын дене тәрбиесі арқылы жақсартудың ғылыми жолдарын
іздестіруде.
Н.Г.Захарованың диссертациялық зерттеуі арнаулы денсаулық тобы
студенттерімен ашық ауада дене тәрбиесі сабағын жыл бойы жүргізу
әдістемесіне арналған. Циклдік мәндегі дене шынықтыру жүктемесі арқылы оқу
бөлімшесіндегі оқу процесі әдістемесі В.Г.Булатовтың зертеуінде көрсетіліп,
дәлелденген. Техникалық жоғарғы оқу орны студенттерінде дене тәрбиесі
сабағын жүргізуді дәлелдеуге Г.Н.Борисов және Э.Е.Палагашвили еңбектері
бағытталған. Д.Т.К.Ұ.Т.П. Денсаулығы әлсіреген студенттердің тиімді қимылды
С.Б.Бондарь зерттеген. Басқа зерттеулерде (Дмитриева Н.Г., Музыка С.Е.,
Новицкая В.И. және т.б.) ауруды ескере отырып, сабақты ұйымдастыру және
оның әдістемесі ашылады. Бұл проблемаға Қазақстан жоғарғы орындарында үлкен
көңіл бөлініп келеді. Оның ішінде Павлодар педагогикалық институтының
В.А.Бородихин Арнаулы дәрігерлік топтар студенттеріне дене тәрбиесін оқыту
процесін жетілдіру атты диссертациялық зерттеуін атап өтуге болады.
Қарағанды дәрігерлік институтында Ю.В.Добровольский өз диссертациясын емдеу
лагері және санаторий-профилатория жағдайында дене мәдениетін пайдалануға
арнаған. Қазақстанда өткізілетін барлық ғылыми және ғылыми-практикалық
конференцияларда оқушылар және студенттік жастар денсаулық жағдайына және
олардың дене дайындығы проблемаларына ерекше орын беріліп келеді.
Дене дайындығы студенттердің дене тәрбиесінің кешенді процесінің
негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Студенттердің дене дайындығы
процесін бағдарламалы-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді іздеу
бұрыннан жүргізіліп келеді. Е.Я.Бондаревскийдің Оқушы жастардың дене
дайындығын бақылаудың педагогикалық негізі атты докторлық диссертациясында
әр уақытта актуальды, осы проблеманы шешуге бағытталған басқа зерттеулерге
әдіснамалық негіз болған бүкіл бір тарау арналған. Әр түрлі профильді
жоғарғы оқу орны студенттерінің дене дайындығының құрылымы және оны
жетілдіру жолдарын Адамович Э.А., Аннамедов О., Белов В.И., Данилов Ю.Г.
және басқа авторлар зерттеді. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында
спорттың мамандандырылуымен байланысты дене шынықтыру дамуы және дайындығы
өзгеруін зерттеуге З.Я.Крокетеннің диссертациялық жұмысы, ал студенттердің
дене тәрбиесінде шеңберлі жаттығуды дәлелдеуге В.Н.Кряж зерттеуі арналған.
Әр түрлі формадағы студенттердің дене шынықтыруының дамуына және дене
дайындығы мен процесінің үздіксіз өзгеруі В.Н.Нестеров диссертациясында
көрсетілген. О.Тұрсынов диссертациясында ауыл шаруашылығы отряды
жағдайындағы студенттердің дене дайындығының рөлі, ал Е.Ф.Фрегер еңбегінде
тас (гирь) спортын пайдалану әдістемесі көрсетілген. Студенттердің
кәсіпқой қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) деген біліктілік алған
бітірушілердің болашақ кәсіпқой қызметі және оның ғылыми дәлелдемесіне
ерекше көңіл бөлінеді. ММУ дене тәрбиесі кафедрасы алғашқылардың бірі болып
дала факультеттері студенттердің кәсіпқой қолданбалы дене дайындығына
кірісті. Бұл дала және экспедиция жағдайында оқу-өндірістік практикасын
өткізуде сақтықты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты болады.
Инженерлік мамандықтағы бітіруші-мамандарының еңбек жағдайын зерттеу күш
және шыдамдылықты ескеретін кәсіпқой-қолданбалы дене дайындығы мазмұнын
анықтауға көмектеседі. Осы мақсат үшін оқу жоспар – кестесінде осы
шынықтыру қабілеттерін дамыту үшін қаржы бөлуді көбейту қарастырылады.
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге олардың негізгі дене қабілетін
дамытуға көмектесетіне факультативті сабақтар кіргізілді. Сабақтар
мазмұнына жеңіл атлетика, гимнастика және басқа спорт түрлерінен жаттығулар
кірді. Бұдан басқа студенттердің болашақ мамандықтарына пайдалы қозғалыс
дағдысын қалыптастыру сияқты басқа міндет шешіледі.
Еліміздің әр түрлі жоғарғы оқу орындарының дене тәрбиесі кафедралары
студенттер үшін КҚДД маңызын түсіне отырып, мамандарды дайындауда олардың
болашақ мамандығының ерекшелігін ескере отырып, дене мәдениеті және әр
түрлі формалары мен құралдарын пайдалануда.
В.И.Козлов Қырғызстан ауыл шаруашылығы оқу орындарындағы студенттердің
және оқушылардың кәсіпқой-қолданбалы дене дайындығы атты жұмыс шығарды.
Бұл екі еңбек жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің КҚДД
жүйесін ары қарай дамытуда елеулі еңбек атқарады.
Студенттердің болашақ мамандығында КҚДД әлеуметтік экономикалық
маңызының өсуіне байланысты дене тәрбиесі мамандары әр түрлі мамандыққа
қажет қабілеттер, қозғалыс дағдылары, арнайы білім мен ілімдерін дамытуға
көмектесетін дене жаттығуларын іздеуді жалғастырды. 1975-1986 жылдар
аралығында көмекші оқу құралдары мен осы саладағы мамандарды дайындаған
Р.Т.Раевский, В.И.Ильиничтің еңбегі арқасында дене тәрбиесінің осы бөлімі
тәрбие жүзіне ендіріліп, үлкен ғылыми-әдістемелік негіздемеге ие болды.
Біріншіден әдіснама дегеніміз логикалық ойлаудың, іс-қимыл әрекетінің
әдісі мен құралы әрі оның құрылымы туралы ілім ретінде қабылданса,
екіншіден, ол ғылыми қабылдаудың әдісі мен нормасы және желісі ретінде
қарастырылып, теориялық дамудың әдіснамасы немесе қабылдаудың түрлері
ретінде педагогикалық шындыќтың анықтамасы. Бұл анықтама, ғылыми
көзқарастың екі тобын білдіреді. Біріншісі, өз кезегінде жиі қолданылып
жүрген педагогикадағы ақиқатты қабылдау жүйесінің жиынтығын көрсетеді.
Екіншіден қабылдаудың ойлаумен қатынасын бейнелейді. Оларды принциптер,
әдістер, құрал-жабдықтар негізінде қарастырады. Зерттеуші ғылыми
негіздеулерге сүйене отырып, оның ақиқатқа айналған нұсқаларын -
бағдарламалар мен әдістемелік жүйелерді жинақтауға негіздейді. Бұл ғылыми
зерттеулер барлық философиялық-педагогикалық тәжірибелерге сүйенеді.
Ғылымдағы зерттеулер кейде мұны жоққа шығарады. Оның ғылыми негізін
тұрақтандырмау жағын ойластырады. Әдіснаманың ғылыми жүйесі - ақиқатқа
негізделген әдістемелік жүйенің басты шарттарының бірі болып табылады,
ғылыми іс-әрекеттердің желісі болып есептелінеді. Әдіснаманың ғылымдағы
түсінігі түрліше болып келеді. Оның себептерін әдіснамалық жетілдірулер
айкындайды.
Адамның жеке қасиеттері өмірлік әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (Бұл орайда бір нәрсе алынып
тасталады, теріске шығарылады). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның
дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы
жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып
жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке
айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы
және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін
сипаттайды.
Философиялық тұрғыда, таным - адам санасын, оның ойлауы мен кәсіби іс-
єрекетін дамытудың негізі болып саналады. Бұл күрделі процестің
философиялык негізі - таным теориясы, ол бейнелеу принципін басшылыққа
алады.
Зерттеушілер пікірінше, кәсіби әзірлік құрылымын жандандыру түрлі жаңа
компоненттер жиынтығынан болмақ. Мысалы: тұлғаның өз іс - әрекетінің
нәтижесіне өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тәжірибедегі білім беру жүйесі
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
Пәндер