Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін
арттыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ
МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Халықтық педагогика тәсілдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру
барысында денешынықтыру сабақтарында
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3 Болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика
материалдарын пайдаланудың мазмұны және мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Оқу тәрбие үрдісінде халықтық педагогика материалдарын болашақ
мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
мен бүгінгі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи-
педагогикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
2.2 Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі
жағдайымен
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.3 Шығыс ойшылдарының тәрбие мен салауатты өмір салтына деген
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті –
елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан
Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында біз бәсекеге
қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.
Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық
берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп,
Елбасы: Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып
дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен
өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға
қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс
міндет, - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін
нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді
шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде оның
ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі
қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт
түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін
атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде.
Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт-
дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде
қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі
пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан
маңыздылығымен ерекшеленеді. [1]
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың
өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы
статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген
жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.
Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс
тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша дені сау
болу, әлде сырқаттану дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын
насихаттаушы танымал ғалым В.М.Димов әрбір адам денсаулығын нығайтатын
немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап
көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады:
отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде,
жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, ... денсаулықтың қадірі өлім
елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ Академик Н.М.Амосов өз
денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір
шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік
шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы
жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы
індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу
ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік
қазіргі өркенниеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді (экологиялық жағдайдың
нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану,
жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі).
Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз
жайттар шұғыл орын алып тұр. ... 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі
тартса, 20% ішімдіктер ішіді. Мамандардың пікірінше, аурудың басты
себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі
оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар
тамақтануының
қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет
көрсету деңгейінің төмендігі... Оқушыларлың денсаулық жағдайына әсер ететін
басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде
мұндай жағдайлар ауылдық жерлер мен тозығы жеткен, болашағы жоқ қалаларда
орын тепкен. Республикада 13,7 мың мектеп жасындағы балалар тұратын 500
елді мекендерде осы күнге дейін мектеп атымен жоқ.
Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына
жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке
дейінгі және мектеп жасындағы оқу-тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр. Осы
проблема бойынша мектеп, орта және жоғары оқу орындарында жүргізілген
зерттеулер негізінде бірсыпыра жарияланған материалдар бар.
Түрлі жас топтарына сәйкес тұрғындарды әлеуметтік медициналық тұрғыдан
қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы А.А.
Ақанов, Қ.А.Төлебаев еңбектерінде өз көрінісін тапты, салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жемісті еңбектеніп келеді.
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне
К.К. Сатпаева, Г.К. Нұрғалиева, Л.З. Тель және тағы басқалар үлкен үлес
қосты.[2]
Зерттеуші ғалымдар адамдардың өмір салты мен денсаулығы арасында тығыз
байланыс бар екендігін және ол көп жағдайда қозғалыс белсенділігі мен
құнарлы тамақтануға тәуелді екендігін атап көрсетуде. Дегенмен, жастардың
салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері
арқылы іске асыру мәселесі жан-жақты зерттеу мен талқылау нысаны ретінде
қарастырылған жоқ еді. Әлі де болса ұлттық спорт түрлерін насихаттап келе
жатқан спорт мектептеріне арналған бағдарламалар жасала қойған жоқ, оған
қоса ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыс ережелері де жетілдіруді
қажет етеді. Және ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың
салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайлары мен
тәрбиелеу модельдері жасала қойған жоқ. Біздің елімізде әлі күнге дейін
ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындарды дамытудың тұжырымдамасы жоқ.
Осылайша, бір жағынан салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы
жастардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан
салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың
ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып
отыр. Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр.
Сондықтан да зерттеу тақырыбы Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы
жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі таңдап алынды.
Зерттеу нысаны - оқушы жастардың оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.
1 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ерекшеліктері
Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі
дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс
болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен
формаларына ие. Дене тәрбиесінің көптеген түрлерінің ішінде халық
педагогикасына ерекше орын берілген.
Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билермен шұғылдану бос уақытты
өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің
қалыптасуына ықпал етеді.
Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі
тәсілдері болып табылады. Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір
салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі,
ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар
жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға,
тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық
ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің
ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне
деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады.[3]
• Дене тәрбиесін оқытудың әдістемелік жүйесі бір-бірімен өзара
байланысқан бес бөліктен тұратын құрылым: оқыту мақсаттары, мазмұны,
әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері. Әдістемелік жүйелер жалпы
орта мектеп практикасында тәжірибеден өте отырып, көптеген жылдар
бойында қалыптасады. Әдістемелік жүйені жетілдіру үрдісі төмендегі
заңдылықтарға бағынады:
1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның
қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп
соғады.
2. Кез келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы өмірмен
тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары
алады, анықтап айтқанда жалпы орта мектептерде сол арқылы кез келген пәнді
оқытудың міндеттері анықталады.
• Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін
қарастырайық. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары
алатын болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі ұстанымы мақсатқа
бағыттау ұстанымы болады. Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның
бөліктерін жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес
болуы тиіс.
• Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен
тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы болып табылады. Білім оқыту мен
тәрбиелеуден құралатыны белгілі, сондықтан әдістемелік жүйені
жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының
бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін
ескеру қажет.
• Әдістемелік жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі, жүйенің біртұтас құрылым
ретінде жойылуына алып келуі мүмкін. Жүйедегі өзара байланыстарды
толық түрде ескеру қажет. Осыған байланысты өзара байланыс ұстанымын
атауға болады. Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің
ұстанымдары Қ.І.Адамбеков, С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова,
Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Бұл еңбектерде педагогикалық жоғары орындарының денешынықтыру және
спорт мамандықтары студенттеріне денешынықтыру және спорт түрлерін
оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру жолдары зерттелген.[4]
• Біздің елімізде, әлеуметтік және экономикалық реформалардың жүзеге
асырылуы негізінде болашақ 12 жылдық білім беру мектебімен қазіргі
мектептің басты міндеттерінің бірі – нарық жағдайына бағдарланатын,
адамгершілігі мол, әлеуметті сауатты адамға қоғамның әлеуметтік
сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана дене мәдениеті білімінің
тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің
жасалуына тікелей байланысты. [5]
Жалпы орта мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жасөспірімдерді
тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін
арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін үйрету әдістері мен ер балаларды Отанды
қорғауға дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері – жалпы орта мектеп
қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ мамандығын таңдауға
даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік
жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін
өзгерту, педагогикалық оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды қайта құру, ондағы
алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның
сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді
жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Жалпы орта мектепте білім берудің сапасын қамтамасыз етуде орта білімді
дамытудың негізгі жолы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру болса,
қазіргі кезде жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісінің жаңа тәсілдері
ұсынылып, жаңа талапқа сай бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашақ қоғам
мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Жалпы орта мектептегі дене мәдениетінен білім беру және оның қоғамдық
құрамдас бөлігі – дене тәрбиесі сабағы негізінде мектеп оқушыларының жеке
приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі
білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, зерделі оқушы ретінде
қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен
нақтыланып, рәсімделген.[6]
Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан оқушы ғана өз
қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана
отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен
тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, мектеп
оқушысының жеке тұлғалық жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне
себепші болады.
Демек, жалпы орта мектептерде дене мәдениеті жєне спорт түрлері бойынша
кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы тұрғыда мектеп оқушыларының
дене мәдениетін қалыптастыру, қазіргі кезде зерттеу жұмысының көкейкесті
талабы болып отырғанын айта кету керек.
• Оқушылардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың
дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған.
Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері
оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын
ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар,
мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі мен спорт
саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының
дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр.
Сондықтан жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта
мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті
қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір
салтын қалыптастыру және дене шынықтыру мен спортты дамытуға орай
білім беру саласын реформалаудың маңызды баңыттарының біріне айналады.
Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін
оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалпытастыру, заманауи
технологиялар негізінде оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану
туралы білімді қалыптастыру, қоғамда салауатты өмір салтын
қалыптастыру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.[7]
• Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында:
мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі даярлығы жөнінде ұсынымдар,
оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу; 5-сыныптан бастап қыздар мен ұлдарды
бөлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін мектептердегі дене
тәрбиесінен аптасына үш сабаққа көшу мүмкіндігін қарау; денсаулық
жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған балаларға
дене тәрбиесі жөнінде жағдай жасау мен сабақтар өткізуге баса назар
аудару; балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарын құру арқылы жалпы
білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын
толықтыратын дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс
нысандарын жетілдіру; жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері
бойынша оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу үдерісі тереңдетілген
мамандандырылған сыныптар ашуды ұсыну қажет етуде.
• Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене
тәрбиесі алғашқы жаттығулары мен дене бітімімін жетілдіру тетіктерімен
бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша сауаттылығын жүзеге
асыра алады. Ал, болашақ қоғам мүшесінде дене мәдениетін қалыптастыру
үшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының барлық мұғалімдері мен
жаттықтырушылар дене мәдениетін меңгеруі тиіс Қ.І.Адамбеков,
С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов .
• Қазіргі кезде дене мәдениеті жалпы мәдениеттің өте бір маңызды
бөлігі болып отыр. Дене мәдениетін жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие
үдерісі негізінде дене тәрбиесі арқылы ұйымдастырудың жеткілікті
деңгейі ретінде, оқушылардың дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша
ақпаратпен алмасуын қанағаттандыру деңгейі ретінде, ақпаратты жинау,
беру және пайдалану тиімділігі деңгейі ретінде қарастыруға болады.
• Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты өмір салтына, дене
шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-
демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды
әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Спорттың негізгі түрлерінен, соның
ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін
әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану
арқылы, теледидар бағдарламалары жасалуда, насихаттық және ақпараттық
технологиялар әзірленуде.
• Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар
мен жіктерге, әрбір орта мектеп оқушысына бағытталған, дене шынықтыру
мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында
нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат
құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуда. Жастардың дене
тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық
спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету,
олардың санасында “тәні саудың – жаны сау” деген қағидатты орнықтыру
үшін мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл орайда бұқаралық
ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене
бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, жалпы орта мектеп
оқушыларының спортпен өз бетінше шұғылдануын белсенді түрде таныту,
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің
санасына сіңіру болып табылады.
• Дене шынықтыру мен спортты насихаттау мектеп оқушыларының жан-жақты
спорттық және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене
шынықтыру саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге
негізделуде. Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың
бірі– олардың ізгілікті жағын күшейту. [8]
Балалар мен жеткіншектерді ерте жастан бастап халықтық дәстүрлер
негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа, қоғамда өзара қарым-қатынас
қалыптастыруға ықпал етті.
Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың, бұқаралық спорт мерекелері мен
жарыстардың негізгі қызметі адамның өмірлік маңызы бар дене және рухани
сапаларын жетілдіру басты мұраты болып табылатын спорттық қызметтің ең
басты маңызынан келіп шығады. Олардың педагогикалық маңызы кең
мағынасындағы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері категориясына жатады. Бұл
дегеніміз, қазақтың қазіргі ұлттық спорт түрлері осы спорт түрлерімен және
ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің
нақты негізі екендігін білдіреді.
Спорт ойындары мен көңіл көтерулер қазақ халқының өмірінде өзінің
бұқарашылдығымен үлкен орынға ие болатын. Ойындар мен спорт түрлері
экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан артта қалған көшпенді қазақ халқы
үшін театрлар мен стадиондардың орнын алмастырды.
Қазақтардың көптеген ұлттық халық ойындары бар: көкпар, бәйге, алты
бақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жек, ат ойыны, ақ сандық-көк
сандық, жорға жарыс, күрес, сайыс және басқалар. Бұл ойындар көбінесе күй
сарынымен сүйемелденетін. Тұрмыстық билер де өмірге келген: Қара жорға,
Өрмек, Ұршық, Ши орау, Жүн сабау, Саба пісу, Тары түю.
Дене шынықтыру сабақтарында халықтық педагогика тәсілдерін оқушылармен
жұмыс барысында қолдану үшін халықтық спорт және ойын түрлері бойынша
арнайы секциялар жұмысын ұйымдастырып, жарыстар өткізу қажет.
Халықтық педагогика тәсілдері баланың бойында терең адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектептің негізгі міндеттерінің
бірі – баланың халықтың бір бөлшегі екендігіне оның өз көзін жеткізуді
қалыптастыру болып табылады.
Халықтық педагогика тәсілдері бүгінгі таңда бар өнер атаулының негізі,
халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы, адам еңбегінің нәтижесі,
қиял-ғажап көрінісі мен өмірді, әлемді танып білуге деген ұмтылысы болып
табылады.
Халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлықты бізге ата-
бабамыз мұра етіп қалдырды. Сондықтан халықтық педагогиканың тәсілдерін жас
ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың маңызы аса зор болып келеді. Ол оқушының
өмірге деген жолын ашып, шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі.
Қазіргі кезде халықтық педагогика тәсілдеріне деген қызығушылық барған
сайын арта түсуде. Олдарды барынша мерекелердің, байқаулардың, фестивальдар
мен жарыстардың құрамына енгізуде. Жалпы білім беретін мектептерде халықтық
педагогика тәсілдерін қолдануға арналған әдістемелік құралдар жарыққа
шығуда.[9]
Әрбір халық ғасырлар бойы өзінің ең жақсы деген ойындарын өмірге
әкелді, жетілдірді және сақтай білді. Олар жастарды тәрбиелеудің, әсіресе
дене бітімін тәрбиелеудің негізгі тәсілдерінің бірі бола білді. Дене
тәрбиесі тек соңғы жүз жылдықта ғана бұқаралық сипатқа ие болды, бұған
дейін оның орнын еңбек тәрбиесімен қоса үлкен-кішінің бәрі бірдей қатысатын
халық ойындары мен жаттығулар алмастыратын еді. Сондықтан әрбір халық
өзінің дәстүрлі дене тәрбиесін жетілдіруге, олардың жарасымдылығы мен
халықтар арасында кең тарауына ықпал етуге тырысатын, қамқорлық жасайтын.
Халықтың қозғалмалы ойындарын талдау барысы осы ойындардың қазіргі
сақталған түрінде де қажетті дене сапаларын дамытуға қабілетті екендігін,
дене тәрбиесінде белгілі қозғалыстарды жетілдіре алатынын көрсетуде
(жүгіру, секіру, нысана көздеу, алысты дәл көздеу, ауыр заттарды көтеру
және тағы басқалар).
Әдеттегі жаттығулардан басқа әрбір ойын өзінің тұтастығымен, өзіндік
өмір моделімен, адамның адамгершілікті, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой,
құқықтық және басқа да сан қырлы мінез-құлқымен ерекшеленеді. Ойынға өз
еркімен кірген әрбір қатысушы оның ережелерін орындауға міндеттенеді, ал ол
ережелерді халық ғасырлар бойы жетілдіріп, өңдей білгендіктен ойынға
қатысушалар ол талаптарды жеңіл орындайды және халықтың ойын мәдениеті
дәстүріне негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес өз
бәсекелестеріне құрметпен қарау тәртібін мүлтіксіз орындайды.[10]
Кез-келген халықтың ойындары еңбек және қоршаған ортамен ғажап
дәрежедегі жарасымдылықпен өзара үйлеседі. Әрқашан да рудың кіші уәкіліне
сол рудың үлкен ағасы, әкесі немесе атасы көмекке келуге әзір. Қай уақыт
болсын халықтың жасы үлкен ағалары кішілерге өзінің бай тәжірибесін,
әдіскерлігін, ұнайтын нәрсеге деген өз көзқарасын үйретуге тырысқан. Жанды
және табиғи тізбек бойынша дәстүрлі ойындар ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырса,
олармен бірге қажетті дене және рухани сапалар да, білімдер, біліктіліктер
мен дағдылар да ауысып отырған.
Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысын,
ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мұрасын, халықтық қолданбалы спорт
жаттығуларын балалар мен жастардың дене бітімін дамыту мен жетілдіру
жұмысында кеңінен пайдалану жолына түсіп келеді. Қазіргі өмір ұлттық спорт
түрлері мен ойындарды, әсіресе, жоғары әлеуметтік-мәдени және рухани күш-
қуатқа ие бұқаралық спорт мерекелері мен жарыстарды дамытуға деген жаңа
көзқарасты талап етуде.
Халық ойындары мен дене жаттығуларын жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту
барысында пайдалану – ертеден келе жатқан құбылыс. Бұл дегеніміз - халық
ойындары мен дене жаттығулары және онымен байланыстының бәрі халықтың
тұрмысындағы түрлі уәждері мен міндеттері бойынша әскери-патриоттық қана
емес, сонымен бірге сауықтыру-қолданбалылық бағыттағы маңызға ие.[11]
Ұлттық қозғалмалы ойындарды бүкіл жалпы білім беретін мектептерде
кеңінен пайдалану проблемасы көкейкесті мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта
оқыту мен тәрбиелеу барысында халық ойындарын пайдаланып қана қоймай,
патриоттық және интернационалдық тәрбие барысында олардың мүмкіндігін
барынша кеңінен пайдалану міндеті қойылып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері өскелең ұрпақты жарасымды тәрбиелеудің
ажырамас бөлігі. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар
бойы жинақтаған және іріктеуден өткен аса бай тәжірибесін өскелең ұрпақты
халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері негізінде тәрбиелеу
жұмысында пайдалану қажет. Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы
қазіргі жағдайда аса мықты тәрбие құралы болып табылады, себебі онда
салауатты өмір салты принциптерін нығайта түсетін және халықтар арасында
бұқаралық дене шынықтыру жұмысын, әсіресе, біздің еліміздің ауылдық
жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тәсілдері бар.[12]
Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін қажетті спорттық базасы жоқ ауылдық
жерлерде пайдалану анағұрлым тиімді болып табылады. Мұнда тек педагогикалық
және спорттық принциптерді сақтай білу арқылы ғана осы спорт түрлері мен
ойындардың сауықтыру-қолданбалы мүмкіндіктерін толығымен аша түсуге жағдай
жасау қажет.
Дегенмен, мұндай жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу жеткілікті дәрежеде
жоғары деңгейде өтіп жатқан жоқ. Сондықтан да, біз өз алдымызға мынадай
міндеттер қойдық - жарыстар ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік
нұсқаулар жасау, ол үшін ең үздік төрешілер коллегиясы мен өзіміздің жарыс
өткізу тәжірибемізді пайдаландық.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан
Республикасы ұлттық ат спорты түрлері федерациясының күшімен, осы халықтық
спорт түрлерін қолдаушылар мен жақсы көретіндер арқылы біздің елімізде
бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, саяткершілік
және басқа да халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қайта өмірге
әкеліп, ары қарай дамытуға мүмкіндіктер жасалынуда.
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес ұлттық ат спорты түрлері
бойынша жұмыс істейтін секциялардағы 373 дене шынықтыру ұжымдарында 12987
адам өзінің спорттық шеберлігін шыңдауда, олармен 514 жаттықтырушы оқу-
жаттығу сабақтарын жүргізіп келеді, өкінішке орай олардың тек 35
жаттықтырушысы ғана штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп, атқарған жұмысы
үшін жалақысын алып жүр.[13]
Соңғы кезде бұл спорт түрлері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарындағы көпшілік қауым арасында
кең тарап келеді. Қазақстан астанасы Астана қаласына ауысуына, бір сыпыра
ат спорты түрлерінен респуликалық дәрежедегі жарыстардың өткізілуіне
байланысты бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің солтүстік аймақтарында да
жанданып келеді. Жер-жерлерде көпшілік жарыстардан бастап Республикалық пен
халықаралық дәрежедегі түрлі жарыстар өткізу саны артып келеді. Дегенмен,
бұл жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу сапасын одан ары жақсартуға мән беру
қажет. Жақсы ұйымдастырылған спорт жарыстары кез-келген спорт түрінің даму
ісіне үлкен үлес қосатыны баршаға мәлім. Ұсынылып отырған әдістемелік
нұсқаулар бірінші кезекте ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар
ұйымдастыру мен өткізу сапасын жақсартуға бағытталған. Оларды жасау
барысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізудің теориялық және
практикалық дағдылары пайдаланылды.
Қазіргі кезде қазақтың ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар өткізу
Ережелері жасалынып, бекітілді, соған сәйкес спорт жарыстары келесі түрлер
бойынша өткізіліп келеді: аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс,
көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу, аңшы құстармен аң-саят
жасау. Оған қоса тай жарыс, дөнен жарыс өткізу де іс жүзінде өткізіліп
келеді.
Спорт жарыстарын топтастыру принциптері бойынша дене тәрбиесінің
жалпыға бірдей әдістемесіне сәйкес аты аталынған түрлер бойынша келесі
жарыстар өткізіледі: жеке жарыс – жеке қатысушының иеленген орнын анықтау
арқылы (жынысы, жасы, спорттық біліктілігі бойынша); командалық – қатысушы
ұйымдардың иеленген орнын анықтау арқылы; жеке – командалық, жеке
біріншілікпен қоса қатысушы командалардың иеленген орнын анықтау арқылы;
іріктеу жарыстары – оның қорытындылары бойынша спорт түрінен құрама
командалары жасақталынады; топтастыру (классификациялық) – спортшылардың
разрядтық нормалар мен Қазақстан Республикасының бірыңғай спорт біліктілігі
бойынша талаптарды орындауды анықтауы.
Спорт жарыстары спартакиада түрінде де өткізілуі мүмкін: ойындар
(кешенді жарыстар), чемпионаттар, кубоктар, турнирлер, командалар
арасындағы матчтық кездесулер.[14]
Ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорт жарыстарды алдын ала
жоспарланған спорттық-күнтізбелік жоспар бойынша ұйымдастырушы ұжымдардың
бекітуімен өткізу қажет. Спорт жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде
қажетті қаржы көздерінің есебін жүргізу керек. Спорт жарыстарының
күнтізбелік жоспары негізінде жарыс туралы Ереже жасалыныуы және бекітілуі
тиіс және онда келесі жағдайларды көрсету қажет: жарыс өткізуге арналған
жетекшілік, жарыс өткізілетін орнын, уақытын және күндерін анық көрсеткен
жарыс бағдарламасы, оны өткізу жүйесі, қатысушы ұжымдар, спортшылардың,
төрешілердің сандық құрамы, аттарды жіберу жүйесі, спортшылардың туған жылы
мен жынысы, нәтижелерді бағалау жүйесі, медициналық-санитарлық және
ветеринарлық тұрғыдан қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігі, тапсырыс беру
реті мен мерзімі, қатысушыларды, төрешілер мен аттардың құрамын қабылдау
шарттары, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау реті,
наразылықтарды қабылдау мен оларды қарау реті, жарысқа қатысушылар мен
төрешілердің жарысқа келуі мен қайтуы күндері.
Дене шынықтыру мен спорт бойынша мемлекеттік құзырлы орындар, қоғамдық
спорт бірлестіктері, ұлттық ат спорты түрлері бойынша федерациясы мен басқа
да дене шынықтыру ұжымдары жарыс өткізу барысында және оның дайындығын
белгіленген ереже, бекітілген регламент бойынша спорттық шаралардың ашылуы
мен жабылуына сәйкес талаптар мен тәртіптерді қатаң сақтау негізінде
қамтамасыз етуі тиіс. Жарыстарды сапалы түрде дайындау мен өткізу үшін
жарыстың ұйымдастыру комитетін құру қажет, оның құрамына қызығушылық
танытқан ұжымдардың уәкілдерін және осы спорттық шараның өтуіне практикалық
тұрғыдан қол ұшын бере алатын адамдарды қосу керек.[15]
Жарыс күндері ипподром (немесе жарыс өткізілетін арнайы орын) сәнді
безендіріліп, жалаулар ілінеді, сәлем жолдаушы ұрандар мен транспаранттар
ілінеді, спортшылар мен көрермендерге арналған жарыс туралы қабырғалық
материалдар орнатылады. Алдын ала жүгіру алаңдары белгіленеді және көкпар
мен аударыспаққа арналған арнайы орындар бөлінеді. Жарыстар өткізуге
арналған спорттық нысанның дайындығын осы жарыстың бас төрешісі тексеруден
өткізіп, қабылдап алады.
Жарысқа қатысушы делегациялар мен жарысқа қатысатын аттарды
орналастырудың да маңызы өте үлкен. Әдетте, республикалық жарыстарды өткізу
барысында ипподромнан 500 метрден 1 км ға дейінгі қашықтықта орналасқан
арнайы орындар таңдалады, онда әр делегацияға арнап киіз үй тігуге,
көліктер қоюға арналған орындар босатылады, уақытша жазғы ат байлайтын
орындар жабдықталады, электр энергиясымен, ауыз сумен, тәулік бойы
медициналық және ветеринарлық қызмет көрсету, құқық қорғау жұмысының
кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Мандат комиссиясын тіркеу мен жүргізуді
қатысушылар мен спорт делегациясы орналасқан жерден аса алысқа
орналастырмау қажет. Тіркеу жұмысын жүргізерде жарысқа қатысушылар мен
аттар жайлы белгіленген форма бойынша толық ақпараттарға ие болу керек.
Бұл ақпаратты шабандоздардың старттық нөмірлері бойынша көбейтіп, жарыс
басталар алдында көрермендерге тарату қажет. Мұның өзі көрермендерге
жарысқа қатысушылар жайлы толық ақпаратқа ие болу мүмкіндігін береді.[15]
Түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізу практикасы спорттық жарыстардың
жақсы өтуі басталар сәттің – салтанатты түрде ашылудың қалай өтетіндігіне
байланысты болып келеді. Ол үшін алдымен спорттық шараны өткізуші ұжым
немесе ұйымдастыру комитетімен қоса жарыстың салтанатты ашылуы мен
жабылуына арналған сценарийді жасап, бекітуі тиіс. Ұлттық ат спорты
түрлері бойынша жарыстарды ашу барысы келесі тәртіп негізінде іске асырылып
келеді: алдын ала диктор мәтін оқиды, жарысқа қатысушылар мен төрешілердің
салтанатты түрдегі атты шеруі өтеді, музыкалық сүйемелдеумен бірге жарысқа
қатысушылар құрамы және ұлттық ат спорты түрлері бойынша белгілі білімдер
мен даму тарихы жайлы баяндалады. Шеруден соң арнайы сценарий бойынша қыз
қуу, теңге алу, аударыспақ, жігіт жарысы және басқа спорт түрлері бойынша
көріністер қарастырылады. Осындай сценарийлер бойынша Абай Құнанбаевтың,
Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына, Қарасай батырдың 400 жылдығына,
Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының ресми тұсаукесеріне, Қазақстан
Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған Халық спортының ашық
ойындарына арналған Халықаралық ат спорты жарыстары мен ұлттық ойындары
өткізілген болатын.
Ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорттық жарыстарды ұйымдастыру
спортшылардың, аттардың, жаттықтырушылардың, көрермендердің және қызмет
көрсететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біраз шаралар
кешенін ұйымдастыруды қажет етеді. Спорттық құрылғыларда, яғни ипподромда
спорт жарыстарын өткізу - мемлекеттік қабылдау комиссиясы мен спорт базасы
басшылығының жұмыс істеуге қабылдау туралы жергілікті ұйымдармен (СЭС, МАИ,
құтқару, өртке қарсы және т.б.) келісілген актісі бар болған жағдайда ғана
рұқсат етіледі. Жарыстарды өткізуге арналған қауіпсіздікпен қамтамасыз
ететін ұйымдастыру-алдын алу шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Мұндай
жағдайларды жасау арқылы қамтамасыз етуге болады: жарыс төрешілігін нақты
ұйымдастыруды, құқық қорғау орындары жұмысын, соның ішінде ат милициясы,
ветеринарлық және медициналық, өртке қарсы қызметті. Ат шабысы мен ат шабыс
кезінде ат ауыстыруға мүмкіндік бермес үшін әдетте, ипподром жан-жақтан
қоршауға алынады. Олай мүмкін болмай тұрған жағдайда қоршау трибуна мен
көрермендер орналасқан жерде орнатылады, қалған жерде жүгіру жолағы бойымен
төрешілер және ат спорты милициясы 200-300 м қашықтықпен орналасады.
Төрешілікті сапалы түрде ұйымдастыру үшін аға төрешілер мен төрешілер сол
алаңда рация қызметін пайдаланады.[16]
Ат спорты жарыстарын ұйымдастыру барысында ұлттық ат спортын
насихаттауға, дене жаттығулары мен спорттық шаралардың ұйымдастырылуына
және ең бастысы көрермендердің тұтастай дене шынықтыру мен спортқа деген
ерекше назарын аудару керек. Ақпарат берушінің негізгі міндеті бірінші
кезекте қатысушылар құрамы мен ұлттық ат спорты түрлері жайлы кейбір
мәліметтерді иппдромдағы радио тарату құралдары арқылы осы өткізіліп
жатқан жарыстардың мән-жайын, ойын алаңындағы ерекше өзгерістерді тарату
болып табылады.
Спорттық радио хабарлар тарату практикасы ат спорты жарысында материал
таратудың бірнеше түрлерін ойлап тапты: ашылу мәтіні, кіріспе түсіндірме
мәтіні, қондырғы мәтіні, хабарландыру мәтіні, сүйемелдеу мәтіні,
жеңімпаздарды марапаттау мәтіні, қорытынды мәтін.[17]
Осылайша, жоғарыда аталған ұйымдастыру шаралары сақталған жағдайда,
кез-келген ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өткізу сапалық тұрғыдан
жоғары дәрежеде ұйымдастырылады және өткізіледі, біздің еліміздегі ұлттық
спорт түрлерінің дами түсуіне ықпал етеді.
Қазақ халқы орасан бай мұралар мен мәдени мұраларға ие. Осындай байлық
көзі халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері болып табылады.
Көрнекті қазақ жазушысы М.Әуезов былай деген болатын: Біздің халық өзі
өмір сүрген кезеңдерде көптеген ойын түрлеріне ие болды. Меніңше, ойынның
міндеттері халықтың көңіл-күйін көтеріп, оны көңілін аулау ғана емес,
сонымен қатар, оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Әуезовтың бұл пікірі
теориялық қағидалардан ғана алынған жоқ, ол өмірлік тәжірибеге сүйенеді,
былай дейтін себебі ұлы тұлғаның өзі қозғалмалы ойындарға белсенді қатысып,
өз кезінде Семей қаласындағы Ярыш командасының құрамында футбол ойнаған.
Қазақтың көне мәдениеті мен әдебиеті өз бастауын халықтың көңіл
көтеретін кештерінен, тойларынан, жиындарынан алғандықтан, көптеген
адамдардың көңілінен шықты.
Қазақтың халық ойындары мен спорт түрлерінің дамуымен таныса отырып,
біз олардың халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайынан келіп
шыққандығын, олар адам еңбегінің, әлемді танып білуге деген ұмтылысы мен
қиялының көрінісі екендігін аңғарамыз.[18]
Қазақтың көне ән-жырлары мен лиро-эпостық шығармаларында халық
ойындары, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің небір түрлері кездеседі.
Бұл әндердің басты кейіпкерлері – болашақ отан қорғаушылар, жарыстарда
өз күшін көрсете алатын халық батырлары мен жауынгерлері. Олар осында
өздерінің табиғи талантын шынықтырды және дамытты. Халық ойындарға үлкен
мән бере қарады.
Осылайша, халық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге берілетін,
халық дәстүрлері мен мәдениеті жиынтығының бай мұрасы болып табылды.
Халық педагогикасы әдебиет және мәдениетпен үздіксіз байланыста болады.
Халық өз ән-жырларында ойындардың тәрбиелік мәнін, оның жастардың жаны
мен жүрегіне әсерін мойындайды. Ойындар тек дене сапаларын: жылдамдық,
ептілік пен күшін және т.б. ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен бірге олар
адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына орасан үлкен әсер етеді.[19]
Адам туғаннан ақылды, есті болып тумайды. Адам жүре келе көреді,
естиді, өмірдегі барлық жақсы-жаманды тексеріп көреді, қолымен ұстайды, тек
сонда ғана адам ақылды болып шығады. - деген болатын Абай Құнанбаев. Осыны
айтқанда ол халық ойындарын жадында ұстаған болатын.
Тәрбиенің халықтық тәсілдерінің пайда болу тарихын, соның ішінде ұлттық
ойындарды оқып-үйрену барысында біз ойындар ұрпақтан ұрпаққа көп жылдар
бойы ауызша беріліп отырғанын анықтадық. Алғаш рет оларды ХІІІ ғасырда
итальяндық Плано Карпини жазып алды. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды
аралап, сол халықтардың өмірі, дәстүр-салты туралы бай этнографиялық
материал жинақтаған болатын.
Одан кейінірек қазақтың халық ойындары туралы жазғандар: итальяндық
И.И. Новокамский, австралиялық С. Герберштейн, орыс саяхатшысы В. Рычков,
профессор П.С. Палас, венгер зерттеушісі А. Вамберид, неміс этнографы Р.
Картицкан, ғалым А. Гумбольдт, поляк А. Янцикевич және тағы басқалар.[20]
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні туралы этнография жинақтаушылары
К.А. Покровский, Н.А. Ивановский, Н.И. Гродсков, А.Диваев, А. Левшин, Ф.
Лазаревский, А. Горликин, П. Хадыров, Е. Букин, О.Әлжанов және т.б. өз
пікірін білдіреді.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы неміс ғалымы А. Гумбольдт өз достарына
жазған хатында былай деп өзінің жақсы пікірлерін баяндаған екен: Қазақ
ауылдарында болған кезімді мен өзімнің ең бақытты кезім деп санаймын,
себебі көшпенді халық мені өте жақсы қарсы алды. Олардың қонақжайлылығы мен
халық ойындарын ұмыту мүмкін емес. Осындай қысқа уақыттың ішінде мен
этнографиялық көптеген материалдар жинап алдым..
Қазақ халқы өте көптеген жұмбақтарды біледі, мақал-мәтелдерді,
жаңылтпаштарды, қанатты сөздерді, ертегілерді ойлап табады, оған қоса өз
ойындары мен билерін де ұмытпайды. Қыстың кыңыр аязынан аман-есен шыққанда
және аң аулаудан олжалы қайтқанда, жауды жеңіп шыққанда үлкен той жасап,
мереке ұйымдастырады, бұл мерекелер ән-жырсыз, бисіз, халық ойындарынсыз
өтпейтін.[21]
И. Есенберлин өзінің Жанталас атты тарихи романында қазақ ауылдарында
ұлттық ойындардың қалай мерекеленетінін көрсеткен. Жазушы Сәбит Мұқанов
өзінің тарихи-этнографиялық Халық мұраты атты кітабында былай деп жазды:
Жүн сабайтындар негізінен жастар еді. Олар бәрі бір үйге жиналып отырды,
жүнді киіз үйдің ортасына үлкен шөмеле қып үйіп қойды. Олар осы жүнді
айнала жайғасты. Қолдарына сабау алып, осы жүнді сабауға кірісті. Кейде
жастар ойын үшін де жиналатын. Олар жүн сабай отырып, бір-бірімен
жарысатын, бұл жарысты олар ойынға айналдырып жіберетін..[22]
Қазақтың халықтық фольклорының, ұлттық ойындарының жинақтаушысы Ә.
Диваев өзінің Қырғыз (қазақ) балаларының ойындары атты жұмысында
балаларды 3 топқа бөледі: 1 жастан 7 жасқа дейін – бала, 7 жастан 15 жасқа
дейін – жеткіншек, 15 тен 30 ға дейін - бозбала. Соған байланысты ойындарды
да 3 топқа бөліп қарастырады: 1) балалардың ойындары, 2) жеткіншектердің
ойындары, 3) бозбалалардың ойындары, және де қазақ балаларының ойыншықтары
жоқ екендігін атап кетеді.
Қариялардың айтуы бойынша, Ақ сүйек және Орда сияқты ойындарды тек
түнде ғана ойнайтын болған, себебі жаугершілік шабуылдар сол кездерде жиі
болғандықтан, жастар ойнай жүріп ауылдың бейбіт өмірін де қорғайтын еді.
Сонымен қатар, жастардың бойында табандылық, тапқырлық, батылдық және ерлік
қасиеттерін дамытуға ықпал ететін.
Қазақтың халықтық педагогика тәсілдері – ата-бабалардан мұра болып
қалған халықтың өткені мен бүгінін біріктіретін баға жетпес байлық.
Сондықтан да халықтық педагогика тәсілдерін жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында
пайдалану үлкен маңызға ие. Ол баланың өмір жолын ашып, шығармашылық
қабілетін шыңдайды.[23]
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтатын болсақ, Ойынсыз баланың санасы
дамымайды. Ойын кең ашылған терезе сияқты баланың рухани дамуына ықпал
етеді және өзі үшін қоршаған өмір туралы түсініктерін аша түседі. Ойын
дегеніміз – білімге ұмтылған жалын, от. Осылайша, ойын дегеніміз -
адамнан ұшып шығып адамға қонатын қанат, ол – арман, ойдың бастаушысы,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қазақтың ұлттық спорт және ойын түрлері халықтың ауыз әдебиетінде және
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев және орыс саяхатшылары
П.П. Семенов-Тянь-Шанский мен Г.Н. Потанин және орыс тілінің Түсіндірме
сөздігінің құрастырушысы В.Н. Даль мен тағы басқалардың еңбектерінде
өзінің жарқын көрінісін тапқан.
20-шы жылдардың ортасына қарай республикада классикалық күрес түрі кең
тарағандықтан, оған қазақтың жекелеген ұлттық күрес шеберлері де өз күшін
сынап көреді. 30-шы жылдары спорт үйірмелері құрылып, жастарды дене
тәрбиесіне баулу ісі жақсара түскендіктен, кең тараған ұлттық спорт түрлері
бойынша жарыстар өткізіледі, республиканың саяси және мәдени өмірінде болып
жатқан түбегейлі өзгерістер негізінде шығармашыл жастардың ұйымдастыруымен
колхозсовхоз, бай мен кедей атты қозғалмалы ойындар бұқаралық сипатқа
ие болды.[24]
Соғыс жылдары спорт жарыстарын өткізу жұмыстары тоқтатылған жоқ. 1942
жылдың қысқы маусымынан бастап жаяу жүгірту бойынша бұқаралық республикалық
сырттай жарыстар ұйымдастырылды. 1943 жылдың қысқы мезгілі де шаңғы жарысы
мен жаяу жүгірту бойынша қызықты жарыстарға толы болып, кешенді командалық
есеппен өтті.
1943 жылдың жазында Алматыда Орта Азия және Қазақстан республикалары
спартакиадасы болды, онда аударыспақ, қыз қуу, қазақша күрес, және көкпар
сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. 1945 жылы қазақтар арасында
үстел ойыны болып саналатын тоғызқұмалақ ойыны кең тарады. 1950 жылы
жаяу жарыс бойынша республика біріншілігі өткізілді.
Сол жылдарда әсіресе қазақша күрес ерекше даму сипатына ие болды. 1953-
54 жылдары қазақша күрестен өткізілген Республикалық жарыстар бұқаралық
жағынан да, шеберлік жағынан да негізгі спорттық күрес түрлеріне жақындап
қалғанын көрсетті.[25]
Ұлттық спорт түрлеріне арналған ең ірі спорттық шаралардың бірі 1954
жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған жарыстар еді. Ол Абайдың қайтыс
болуының 50 жылдығына арналған болатын.
Ұлттық спорт түрлерінің бірімен, бұқаралық спорт түрлерінің бірімен
қарқынды түрде шұғылдану, әдетте, адам өміріндегі ағзаның жас кезеңіне сай
пісіп жетілуіне сәйкес келеді, себебі адам дамуының пісіп жетілуі басқа
кезеңге қарағанда дәл сол кездегі ағзаның қызметтік және бейімделу
мүмкіндіктері мол болып табылады. Осы кезеңнің ұзақтығы спортшының жеке-
дара ерекшеліктеріне, таңдаған спорт түрінің өзгешелігіне, шұғылданатын
адамның өмір салтына және басқа да көптеген факторларға тәуелді болып
келеді. Өмірдің бұдан кейінгі кезеңдеріндегі спортпен шұғылдану сауықтыру
бағытына ие, яғни жоғары дәрежедегі жүктемелерге құрылмайды және көп
жағдайда жарыс қызметінсіз жүргізіледі.
Спорт пен ойындардың бұқаралық түрлері көрініс түрінде тәрбиелік қызмет
атқарып, бұқаралық насихат ісіне қызмет етуі үшін ұлттық спорт түрлері және
дене тәрбиесі тәсілдері, ол бойынша өткізілетін жарыстар жақсы
ұйымдастырылып, ұлттық мереке ретінде жарқын түрде өтуі тиіс.
Қазақстан үкіметі ұлттық спорт түрлері мен ойындардың дамуына көп көңіл
бөлуде. Қазақтың ұлттық ойындарының дамуында ұлттық спорт және ойын
түрлерінен өткізілген І Спартакиада үлкен рөл атқарды. Қазіргі кезде
республикада келесі ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан жарыстар өткізіліп
келеді: қазақша күрес, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, жаяу жарыс, көкпар,
тоғызқұмалақ..[26]

барысында дене шынықтыру сабақтарында пайдалану
Дене шынықтыру мен халық ойындарының ұлттық түрлері халықтардың
адамгершілігінде, көзқарасы мен әлеуметтік дамуында, егеменді елдердің
арасында достастық қатынастарын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жалпы мәдениеттің бір бөлегі, алдымен адамгершілікке тәрбиелейтін
тәрбиенің іргетасы бола отырып, олар халықтардың дене дайындығының артуына,
денсаулығының нығаюына, белсенді демалысқа арналған жағдайлар жасауға ықпал
етеді.
Соңғы жылдары дене шынықтырудың ұлттық түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде,
ол бір жағынан біздің қоғамдағы әлеуметтік-саяси процестерге байланысты
болса, екінші жағынан, оның халықтар арасында кең танымалдығына байланысты
болып келеді. Тәрбиенің дәл осы әдістері мен тәсілдері адамның ұлттық
сапасының ашыла түсуіне анағұрлым ықпал етіп, тұлғаның азаматтығы мен оның
қабілеттерінің арта түсуіне әсер етеді.[27]
Сабақта қолданылатын дене тәрбиесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz