Эстетикалық тәрбие әдістері


«Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І - тарау. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы . . . 8
1. 1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой,
эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері . . . 8
1. 2 Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының тәрбиелік мәні . . . 14
1. 3 Дене тәрбиесі маманына қойылатын педагогиакалық талап . . . 27
ІІ - тарау. Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері . . . 31
2. 1 Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі . . . 31
2. 2 Сабақтың жалпы құрылымы . . . 35
2. 3 Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі . . . 39
2. 4 Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі . . . 45
2. 5. Шұғылданудың сабақтан тыс түрі . . . 57
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебеттер . . . 67
Кіріспе
Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды.
Дене тәрбиесі туралы ғылымда ізденіс дүниесі (объектісі) мынадай педагогикалық қозғаушы күштер болуы мүмкін:
- Дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, әдісі және т. б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның әсер етуді (реакциясын) немесе іс-қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп, кез келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объекті де өмір сүрмейді.
Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын тұрақтандыру дене тәрбиесінің ілімін зерттеу пәні болып табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын айтады (балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығуларымен енді ғана айналасушылар мен жоғары дәрежелі спортшылардың) .
Дене тәрбиесінің әдістемелік зерттеу пәні деп дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық жұмыс барысында нақты бағыты бар жалпы заңдылықтары диалектикалық материализм ашқан табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарының арнаулы таным әдістері және адам денесінде болатын өзгерістер жеке методологияның бірі - дене тәрбиесінің методологиясын құрайды. Оның жалпы методологиямен байланысы мынадай жағдайларға тәуелді: жалпы әдістемелік жөніндегі ережені пайдалануға, дене тәрбиесі сияқты әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын ғылыми зерттеулердің бар екендігіне, түсінік аппаратының кең көлемде пайдалануына.
Осыдан барып дене тәрбиесін зерттейтін өзге пәндердің ішінен ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің методологиясы есебінде тұтастай қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесінің көп қырлы ішкі және сыртқы байланыстарын бәрінен бұрын ашып көрсетеді. Сондықтан да дене тәрбиесініңілімі мен әдістемесі оқу пәні есебінде әрбір маманның еркін бағдарлама жасауға және дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуде өзін-өзі көрсете білуге мүмкіншілік беретін дене тәрбиесі аясындағы методологиялық дайындықты қамтамасыз етуге арналған.
Дене тәрбиесі жүйесінің кез келген педагогикалық бағытының тиісті әдістемесі бар: жалпы дене шынықтыру әдістемесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі және спорттық бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі. Осы әрбір әдістеменің ішінде жеке әдістер болады. Олардың әр түрлілігі жаттығушылар крнтингентінің жасына, жынысына, кәсібіне және спорттық мамандықтарына сәйкес келуге тиісті. Әдіс деген сөз ғылыми оқу пәндерінде шартты жекеше түрде қорытынды сөз ұғымы (термин) ретінде қолданылады. Ол жеке спорттық-педагогикалық пәндердің әдістемесін (гимнастиканың оқыту әдістемесі, күресті оқыту әдістемесі т. б. ) және жеке ғылыми пәндерді құрайды. Дене тәрбиесінің ілімі, дене тәрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидалардың динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырылады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі саласын тұтастай жетілдіру келешектік алға ілгерілеу мүмкіндіктерін (перспективасын) жасайды, дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды және оларды дене тәрбиесінің барлық әдістерінің игілігіне айналдырады.
Дене тәрбиесінің әдістері жекелеген заңдылықтарды белгілей отырып, ілімдік білімнің жинағын жасау үшін негіз жасайды, ал педагогикалық ұсыныстар түріндегі жүйені заңдылықтарға айналдыра отырып, жалпы ілімді, қағидаларды мұғалім мен оқушылардың нақты іс-қимылын жазба түріне айналдырады. Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы қоғамдық игілік жеке игілікке (денсаулық жағдайын жақсарту, дағдыларды меңгеру) айналуы жүзеге асырылады. Сондықтан да әрбір әдіс нақты ұсыныс жасау үшін заңдылықтарды пайдаланып қана қоймай, жаттығулардың белгілі ббір тобымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс барысына тән заңдылықтарды да қоса пайдаланады.
Мұның барлығы «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» деп бір атпен аталатын екі оқу пәнінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Пәндерді зерттеу сипатына байланысты олар педагогика ғылымының жүйесіне кіреді. Алайда кез келген педагогикалық пән есебінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі өзінің педагогикалық қағидаларын әлеуметтік, психологиялық және биологиялық заңдылықтармен негіздейді.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы мына екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағанымыз жөн:
1) пәннің әлеуметтік мәселелерінің кеңеюі және дене тәрбиесі ілімінің дене шынықтыру іліміне айналуы;
2) пәннің педагогикалық мәселелерді түсіндіру жайы аспектісінің кеңеюі және дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы. Екі бағыт та бір - біріне қарама-қарсы емес, қажетті жағдайларды бірін-бірі біріккен түрде толықтырып отыруы мүмкін. Қазіргі кезеңде оқу материалын кеңейту оқу сағаттарының көлеміне байланысты шектелуі мүмкін. Болашақта дене шынықтыру педагогикасының негізінде дене шынықтыру тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және басқа да арнаулы ілімдік пәндер материалын біріктіретін тұтас бірыңғай оқу пәнінің құрылымын күтуге болады. Ал олай болған жағдайда бір немесе өзге педагогикалық қағидаларыды жан-жақты сипаттау мүмкіншілігі пайда болады.
І - ТАРАУ. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағытты дамуы.
1. 1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері.
Дене тәрбиесі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелеріментүбірлі байланыста. Бұл тарауда дене тәрбиесінің басқа тәрбие түрлерімен өзара байланысының нақтылы жақтары көрсетіледі және адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің дене тәрбиесі жүйесіндегі маңызы баяндалады.
Дене тәрбиесі мен адамгершілік, өнегелілік тәрбиелерінің арасында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту заңдылықтарымен қамтамасыз етілген екі жақты байланыс бар. Бұл байланыстың табиғи-ғылымилық негізінен ағзаның бірлігі туралы ілім, жеке тұлғаның дене және рухани дамуы құрайды.
Шұғылданушыларға дене және адамгершілік тәрбиесінің өзара бірлікте әсер етуі бағытына қарай мүлде қарама-қарсы нәтиже келтіруі мүмкін.
Біздің егеменді еліміздегі дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланысы дені сау, жаны таза, еңбек етуге, отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманының белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.
Ал капиталистік елдердегі жас ұрпақ бейнесі реакцияшыл идеология рухында, басқыншылық моральды рухта қалыптасады. Бұдан келіп шығатын түйін дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланыстарының пайдалылығы кездейсоқ жағдайда емес, яғни ойластырылған және мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан ықпал жасау болып табылады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортшылардың адамдық бейнесінің келесі ерекшелік белгілері көрінеді:
1. Халқымыздың мақсатты ісіне берілгендік, қоғамдық және мемлекеттік мүддені өз мүддесінен жоғары қою. Еңбекке және отанды қорғауға дайын болу мақсатында өзінің дене сапалары қабілеттерін жетілдіру және денсаулығын нығайтуға үнемі қамқорлық жасау. Қоғамдық пайдалы істен өзін аулақ ұстайтын спортшыларға бойында кешірімсіз көзқарасты қалыптастыру.
2. Қоғамдық мүлікті көздің қарашығындай сақтауға дайын болу. Денені шынықтыру мәдениеті базщасының құрылысын салуға және оны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысу. Қоғам мүлкін таран-тараж жасаушылармен аянбай күресу. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының жүргізетін жұмыстарына белсенді ат салысу. Еңбекке, оқуға, қоғамдық міндетке, спорттық шеберлігін жетілдіруге, тұрмыстағы іс-әрекеттерде ұжым алдында жоғары жауапкершілікте болу.
3. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымы мүддесіне қарама-қарсы пікірлерге кешірімсіздікпен қарау.
4. Еңбекте, қоғамдық өмірде, спортта және тұрмыста жалпы адамдық адамгершілік талаптарын ерікті түрде ойластырып орындау. Елімізде тұратын барлық ұлттармен, ұлыстармен сол сияқты басқа ТМД елдерімен ынтымақтастыққа, достық қарым-қатынаста болу. Халықаралық спорт сайыстары барысында басқа ел спортшыларымен және еңбекшілерімен туыстық, бейбітшілік қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық бөлінушілікпен, бейбітшілік, демократия және прогресс жауларымен аянбай күресу.
Егеменді еліміздің спортшыларының жоғары адамгершілік сапалары еңбекте, тұрмыста, спорттық сайыстарда, оқу жүйесінде және отанды қорғауға дайындық барысында қалыптасады. Адам өзін еңбекте, істе, әрекетінде, адамдармен араласуында адамгершілік қасиеттерін көрсетуі үшін адамгершілік принциптерінің жүйелерін меңгеруі тиіс. Бұл принциптер қоғамдық өмірде, оның ішінде, дене тәрбиесі жүйесінде адамгершілік қатынастың барлық жақтарын қамтиды. Спорттық қызметтің ерекшелігі шұғылданушыларға келесі анықталған қатынастарды қамтамасыз етеді: өз командасының мүшелеріне, жаттықтырушысына, спорттық қарсыласына, спорт төрешісіне, көрермендерге және т. б. байланысты алдына қойылған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және т. б. Бұл қатынастардың әр түрлілігі спорттық этиканың пайда болуын анықтайтын спортшының мінез-құлқын мөлшерлейтін ережелермен, белгілі шекарамен шектеледі. Этикалық талаптар және дағдылар, мінез-құлықтың саналы негіздерін қалыптастырудың жолдары мен міндеттері мөлшері адам тәрбиесінің жалпы жүйелерінде адамгершілік тәрбиесінің анықтаушы маңызы, жеке тұлғаның әлеуметтік ақталған өмір жлолдарындағы алғашқы дәределік мәндегі адамгершілік бастаулары, қоғамның бастаушы күшінің басты мүдделі қызығушылығына тән, онда қабылданған адамдық өлшемдерінің нығаюы болып табылады. Егеменді еліміздің дене тәрбиесі мамандарына, тәрбие саласының барлық қызметкерлеріне тән жаңа қоғамның қорғаушылары мен құрылысшыларын, яғни қоғамдық дамудың белсенді қайраткерлері - жастарды тәрбиелеуде халқымыздың өмір сүру өлшемдерін терең меңгеріп, олардың жалпы адамдық мазмұнының адамгершілік өнегесінің принциптеріне айналуы үшін, барынша жауапкершілікті міндеттерді жүктейді. Спорттық этика дегеніміз бұл спортшының өзінің ерекшелігі бар қызметінде (жарыста, жаттығуда және басқа дене жаттығулары сабақтары талаптарында
Міндетті мінез-құлық ережесі мен талаптарының жиынтығы болып саналады.
Бұл міндеттердің кешенінде мыналар қамтылады:
- қызмет әуені (мотивтері мен сапалы сенімділікті, адамгершілік саналылығын қалыптастыру;
- қоғамымыздың және әлемдік бірлестіктердің озық ойлы мүшелеріне тән сипаттағы адамгершілік сезімін тәрбиелеу (өз отанына деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, ұжымшылдық, қоғамдық борыш, бейбітшілікті сүю, адамгершілік, бүкіл дүние жүзі адамдарының ынтымақтастығы және т. б. ) ;
- спорттық этикаға, дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеудің нақтылы талаптарына сәйкес қоғамдық ақталған мінез-құлық дағдыларын, этикалық талаптарды сақтаудағы қатаң дағдыларды, әдеттерді, адамгершілік, өнегелілік тәжірибелерін қалыптастыру.
Адамгершілік, өнегелілік тәжірибесінің
құралдары мен әдістері.
Оқу жүйесі барысында шұғылданушыларға адамгершілік, өнегелілік тұрғысынан әсер ету осы жүйеге байланысты оның мазмұны, ұйымдастыру әдістемелері, оқытушылары мен жаттықтырушылары, басқа да оқу жүйесіне қатысушылардың адамгершілік тұрғысынан әсер ететіні педагогика ғылымында дәлелденген. Дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі (қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, дене сапаларын жетілдіру), тәрбиелеу құралдары (гимнастика, ойын, спорт, туризм), сабақтың үлгілерінің әр түрлілігі (сабақ, спорттық жаттығу, жарыс, жорық т. б. ), дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жағдайда өткізу (гимнастикалық залда, мұз айдынында, орманда, тауда және т. б. ) осылардың барлығы шұғылданушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінез-құлқына жан-жақты әсер етеді. әсіресе, дене тәрбиесінің негізгі құралы - қозғалыс әрекеттерінің өнегелілікті дамытуда рөлі орасан зор.
Гимнастикада қолданылатын қозғалыс әрекеттері қатаң тәртіп белгілеуді талап етеді. Бұл шұғылданушыларды өзін ұстай білуге, саналы тәртіптілікке, өз денесін меңгере білуде сезімін басқаруға, өз әрекетіне жауап беруге және тәртіпті саналы орындлауға мәжбүр етеді. Егер қозғалыс әрекеті күнделікті дағдыланбаған жоғары биіктікте орындалса (гимнастикалық бөренеде, әр түрлі биіктіктегі жарыспалы сырықта, белтемірде және т. б. тепе-теңдікке арналған жаттығуларда) шұғылданушыларға жаттығуды орындаумен қатар батылдық, ерлік, шешімшілдік, табандылық, орнықтылық және басқа да жігерлілік сапаларын көрсетулеріне тура келеді. Бұл сапалар гимнастика сабағында көбірек көрініп, шұғылданушылардың құлықтылық белгісіне айналуы мүмкін. Адамгершілік бейнесінің ерік-жігер сипатталуына спортпен шұғылдану үлкен әсер етеді. Таңдап алған спорт түрінен шеберлікке жету үшін спортшы ұзақ уақыт көлемі мен қарқыны үнемі өсіп отыратын денеге күш түсіру жүктемесіне жоспарлы түрде жаттығуы, күрделі әдістерді меңгеруі, әр түрлі әдістік айла, тәсілдердің міндеттерін шешуі және т. б. тиіс. Қазіргі таңғы спорт шұғылданушылардан жоғары еңбек сүйгіштікті, өзін-өзі ұстай білу дәрежесін, өзіндегі жағымсыз сезімдерді баса білу, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуді талап етеді. Бұл тұрғыда спорт жарыстарының да маңызы өте зор. Жарыстың ережесі спортшыларға қарсыласымен қатаң, анықталған жағдайда күресуін ұсынады.
Олардан тек мінсіз тәртіпті, адалдықты, шыншылдықты талап етіп қана қоймай, сонымен бірге олар қарсыласын, спорт төрешілерін, көрермендерді сыйлауы, өз Отанының биік мақсаты, Қазақстан спортының абыройы мен даңқы үшін мінезінің тұрақтылығын көрсете білуі тиіс. Спортпен шұғылдану ағзада елеулі биологиялық өзгерістер жасап қана қоймайды, сонымен бірге спортшылар көзқарасында, көңіл сенімділігінде, мінез шеберінде, әдет дағдысында, әдемілікті айыра білу және жеке тұлғаның басқа жақтарын анықтайды. Үнемі жетілдіріліп және орнықтыру нәтижесінде адамгершілік және ерік-жігер сапалары үшін дағдыға айналуы және тек спортта ғана емес еңбекте де, тұрмыста да көрінуі мүмкін. Туризмде қолданылатын қозғалыс әрекеттері дәл осындай саналы тәртіпті, өнегеліліктің қарапайым өлшемін, еңбек сүйгіштікті, ұйымшылдықты және басқа да адамгершілік және жігер сапаларын көрсетуді талап етеді. Сонымен бірге туризмде шұғылданушыларға отансүйгіштікті, қоғамдық борыш ұғымын, Отанды сүюді, қоғамдық меншікке жанашырлық жасауда да көптеген жоғары өнегелілік сапаларын дамыту үшін елеулі потенциалды мүмкіндіктері жасалынған. Адамгершілік өнегелілік тәрбиесінің міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарының маңызы зор. Дегенмен, дене жаттығуларымен, оның ішінде спортпен шұғылдану жеке тұлғаның қажетті өнегелілік сапаларын бере алмайды. Тек педагогикалық бағытта шұғылданушылардың мінезінің ерік-жігер сипатын, бейнесін қалыптастыратын құралға айналады.
Дене тәрбиесі жүйесінде өнегелілік тәрбиесінің әр түрлі әдістері қолданылады. Бұларға түсіндіру арқылы көзін жеткізіп, сендіру, пікірлесу және басқа сөз арқылы әсер ету, көрнекі мысал және іс-тәжірибе жүзінде үйрету жатады.
Көзін жеткізіп сендіру әдісі тәрбиешінің сөзбен жан-жақты әсер етуінің жиынтығы, яғни ол шұғылданушыдлардың көзін жеткізіп сендіруді психологиялық сапа ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөзбен әсер ету үлгісінде сендіру әдісін пайдаланып, тәрбиеші адамгершілік қағидаларын түсіндіреді, шұғылданушылардың алдына қойған мақсатқа жетуі үшін ерік-жігер сапаларын көрсету қажеттілігіне көзін жеткізіп сендіреді. Спорт қызметінде өнегелілік сапалары мәнін сипаттайтын нақтылы дәлелдерді, көрнекі мысалдарды келтіреді; шұғылданушыларды этикалық талапқа сай болуға себепші болады, өзінің іс-әрекетін, бүтіндей мінез-құлқын, ұжымға деген қатынасын, көзқарасын, әділ бағалауға үйретеді. Бірқатар жағдайларда бұл әдіс шұғылданушыларды тек тәрбиелеуге ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сол сияқты оларды қайта тәрбиелейді, оларға мінездеріндегі жағымсыз жақтарын жоюға жәрдемдеседі.
Түсіндіру және этикалық пікірлесуді қолданумен қатар мақұлдау, мақтау, ойын түрінде ескертпе жасау, кінәләу, сөгіс беру және сөзбен әсер ету әдістері пайдаланылады. Мақұлдау, мақтау және басқа сөзбен дұрыс әсер ету әдістері балалармен жаңадан шұғылдануды бастаған спортшылар үшін ерекше қолайлы әсер етеді. Бұл олардың оқу тапсырмаларын орындау кезінде өз күштеріне сенімсіздігін, сонымен бірге мінез-құлқындағы кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Тәжірибелі спортшылармен жұмыс істеуде ерік-жігер сапалары мен мінез-құлқындағы кемшіліктер туралы пәкірлесуді қолдану, бұл кемшіліктерді жоюға кеңес беру дұрыс. әсіресе, аса дарынды спортшыларды шамадан тыс мақтаудан сақтанған жөн. Шамадан тыс мақтау өз күштерін аса жоғары бағалауға, өз-өзінен масайраушылық, көкірек көтерушілікке және т. б. ұрындырады. Тәрбиеленушінің неғұрлысм жасы ұлкен болған сайын олардың сезіміне жете түсінікті етіп көзін жеткізіп сендіру барысында оларға сүйену қажет. Дегенмен, жақсы жақтарымен бірге сөзбен көзін жеткізіп сендіру әдісінің өзіндік әлсіз жақтары да бар. Этикалық талап өлшемдерін сөзбен түсіндіру немесе ерік-жігер сапаларының мәнін көрсетуге сүйенбей дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде оның дұрыс жақтары «рахаттандыру сөздеріне» айналып кетуі мүмкін. Сөзбен әсер ету күнделікті іс-тәжірибедегі мысалдармен бекітіліп отырғанда ғана сенімді болады. Адамгершілік өлшемдерімен талаптарын тәрбиеленушілердің сапалы түрде орындауына іс-тәжірибе барысында үйретуде тәрбиешінің өзінің жеке басының өнегелілік үлгісінің бұл қатынаста үлкен маңызы бар. Үлгіні мысалға келтіру күшінің педагогикалық маңызына көптеген көрнекті Ресей педагогтары сілтеме жасады (П. Ф. Лесгафт, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. К. Крупская және т. б. ) .
Кеңестік дене тәрбиесі саласының көрнекті мамандары да жеке адам үлгісін мысалға келтірудің ықпалды рөлінің дұрыстығын атап өтті (В. И. Алексеев, Н. А. Бутович, Н. Г. Озолин және т. б. ) . Көрнекті үлгінің сендіруші күші балалар мен жеткіншек жасөспірімдерді өнегелілікке тәрбиелеуде ерекше маңызды. Бұл олардың еліктеушілікке бейімділігі туралы айқын ойлау қабілетінің артуымен түсіндіріледі. Білім дәрежелерінің және өмірлік тәжірибелерінің әлі шектеулі, аздығына сәйкес балалар үлкендердің әрекетін, істерін, мінез-құлықтарын байқайды және оларға еліктейді. П. Ф. Лесгафт: «Балаға сөз емес, нақтылы көрсетілген іс басты бейнеде әсер етеді, бұл сөздің іс-жүзіндегі нақтылылығы, оның бойында өзінің көрген істерінің әсерімен үйренгендері жинақталады. Ол айналасында байқағандарын қайталап, өз дағдысы сана және дәстүріне айналады», - дейді.
Дене тәрбиесі пәні оқытушылары мектеп оқушыларын адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеуде өзінің жеке үлгілі істерімен, сол сияқты басқа жақсы адамдардың жоғары өнегелі бейнесін сипаттайтын мысалдарды келтіру арқылы үлкен жетістіктерге жетеді. Өз жеке басының өнегелілігі арқылы тәрбиелеу мәні дене тәрбиесі саласының әрбір маманына, оның ішінде спорт төрешілеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz