Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні
Нуратов Нуркен Канатович
Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың
атқаратын орны мен мәні
Место и роль национальных игр в системе школьной программы по физическому
воспитанию
The place and role on the national games in the school curriculum of
physical education
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Ұлттық ойындардың қысқаша даму тарихы.
1.2. Ұлттық ойындардың дамуы және әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Ұлттық ойындарда болатын жарақаттар.
1.4. Спортшылардың дене дамуының ерекшеліктері.
2. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Ұлттық ойындардың әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Ұлттық ойындардың негізгі жаттығулары.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ
МӘНІ.
3.1. Жалпы жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының міндеттері мен мақсаттары.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң
сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған
халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы
мәдени бойын көтереді.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен
тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу
қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес
бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.
Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын.
Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін
жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар
көрінетін.
Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті.
Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен
күшің көрсетіп, өте ырықты болды.
Ұлттық ойындар қоршаған ортаға, аңларға қастерлеу қатынасты тәрбиелеп
көрсететін. Халық шаруашылығының бір саласы аң аулау болғандықтан,
қазақтарда ежелден аңдар мен құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату өнері
атақты болған. Аңдардың құлықтарын имитациялайтын ойындар әліде кездеседі.
Қазақтың тайпалары өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, көптеген соғыстарды
жүргізуге мәжбүр болды. Жігіттер өз ойындарында шабуылшы және қорғаушы
аттыларға бөлініп, әскери әдістерге ұқсатып жасайтын.
Қазіргі уақытта қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі
бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), “Ханды-қарабасты” (Періште хан),
“Жұмақ-тозақ” және т.б. Бірақ шыңында бұлардың діни бағыттылығы туралы
атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған
түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге
болады.
Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей
сақталды, бірақ тарихи мазмұнының үрдісінде өзінің атауын өзгерткен:
“Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”(іскерлік құстармен
аулау), “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”(садақпен ату)
және т.б.
Сонымен, ұлттық ойындар спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде
халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық ойындар дене
тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі
мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық ойындарының мазмұны
мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып
жіберейік.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және
икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың
негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден
қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін
арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін
көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық
ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ
қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия
елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің
қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі
дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: Қайнар,
1994), Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан –
балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер
салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне,
күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға
жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа,
күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға
бағытталған екен. Ал енді, Қазақстан. Ұлттық энциклопедия кітабында
қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: Қазақ
ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз
азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала
тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып
отырған.
Қазақтың ұлттық ойындары-халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Аңға, малға байланысты ойындар
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар,
кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-
қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған
адамды – соқыртекені шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар
соқыртекені түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын
айтуға тиіс. Соқыртекенің тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады.
Ұсталынып қалған ойыншы соқыртекеге айналып, ойын жалғаса береді.
Түйе мен бота.Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың
санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының мысық-тышқан ойынына ұқсас.
Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне
сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға
тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады
Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге
бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер
бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып,
еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде
шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни
шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын
колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте
шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- шөк, шөк деп
түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып
шөгереді, яғни жүресінен отырады.
Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен
түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе
жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан
козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген
ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші
ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады.
Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне
болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге
тырысады.
Түрлі заттармен ойналатын ойындар
Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек,
ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс,
арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ,
батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт,
жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу,
қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал
тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту,
тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік,
хал қалай?
Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып,
қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-
сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру
мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-
үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы
сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның
екі басына 3 қатар арқан байланады.

Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан
дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он
бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына
сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып,
екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-
қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына
сақина салған болып шығысымен, Тұр сақинам, тұр, — деп, немесе
Ақшамшығымды бер! деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан
атып тұруға тиісті, Сақина менде, — деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса,
жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық
емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.
Ақсүйек. Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде
тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының
лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің
қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге
түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан
басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге
қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып
алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары
біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ
ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ
лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
Сиқырлы таяқ. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады.
Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның
тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады.
Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында
тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір
таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып
алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер
көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап
шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз
еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек,
айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ,
бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс,
көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын
тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-
тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
Аударыспақ. Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын.
Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға
тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он
сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының
ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп,
күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін
спорттық ойын. [6]
Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар.
Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда
ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға
ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына
белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз
жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды
өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан
таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан
өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін
тартады.
Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің
қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: Айгөлек-ау,
айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?, деп сұрайды. Екінші
топтың ойын бастаушысы: Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден
бізге Ақерке керек!, — деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған
адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге
тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе
алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша
жалғаса береді.
Спорттық, той ойындары
Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана,
нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде
бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың
ұлттық ойындарының ішінде қуырмаш тәрізді жас сәбилерге арналған да
ойындар бар.
Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез,
әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып
өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сы-рық
басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да
заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу.
Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.
Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ,
жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар
үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады.
Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына
енгізілген.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады.
Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі
жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар
мен зор мерекелерде жарияланады.
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен
ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді.
Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері
атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып
көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып
түсіретін.
Қыз қуу. Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып,
бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары
1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді.
Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында
атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл –
жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын
қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы көк бөрі
сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып
алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам
болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да
сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді.
1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі
қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның
аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр;
15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы
кесілген серке тартылады.
Қазақ халқының ойындары
Аламан бәйге
Әр түрлі табиғи кедергілері бар, қиылысқан жергілігі бойынша өтетін ұзын
және өте ұзын қашықтыққа ат жарысын аламан бәйге деп атайды. Спортшының
тактикалық шеберлігі үлкен маңызды болып келеді. Кейде төзімді жылқылары
бар спортшылар жеңіске жетпейді, керісінше, жарыс тактикасын дұрыс өткізе
білетін, жағдайды жылдам бағалайтын, жылқыны жарысқа дайындайтын,
қашықтықта жылқының күшін дұрыс реттейтін спортшы жеңеді. Қостанайлық
тегінің жылқылары ұзын қашықтықтарға жақсы шабады. 50-ші жылдарында жарыс
жылқылырының ұзын қашықтыққа шабу сынауы өткізілді. 1953 жылы бүкіл
кеңестік жоғарғы жетістік қойылған болатын. К. Рахметжанов (Алматы
облысының Қастек қой совхозы) бір тәулікте 311, 6 ш шауып өтті.
Бәйге
Ең танымал және кең тараған қазақтың ат үстіндегі спорт түрлерінің бірі
және жалпы сөреден басталатын қысқа және ұзын қашықтықтарға ат шабысты
бәйге деп атайды. Классификациялық қашықтықтар: 7, 12 және 16 ш. 7 ш бәйге
бүкіл кеңестік жылқы зауыттардын, совхоздардын, колхоздардын ат спортты
жарыстарының міндетті қашықтықтарға кірді.
Біркүт салу, құс салу
Іскерлікті құстармен ойын, бірнеше түрлері бар және біркүттің қатысуымен
ең тарағаны. Жарысты өткізу үшін тізу алаң таңдалады, қайда жабайы аңдар,
соның ішінде қасқыр да жіберіледі. Кімнің бүркіті бірінші ұстайды, сол
жеңімпаз аталады.
Жамбы ату
Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін
ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды,
өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-
дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат
үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда ату садақпен атудың
бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын.
Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен
(аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек
мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын.
Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу
керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың
мемлекеттік спорттық комитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар
(садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.
Жаяу жарыс
Қиылысқан жергілік бойынша жүгіріс ежелгі заманнан бастап спорттық
мейрамның бағдарламасына кіреді. Революцияға дейін кедей халықтарының
арасында үлкен таралумен қолданған, қайсылардың бағалы жүлделері бар
жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншіліктері жоқ. Бұл жүгірістің кросстан
айырмашылықтары мүлдем аз.
Жорға жарыс
Жорғалап жүретін жылқылармен шабу жарысы. Жүрісі және шабысы кезіңдегі
өзінің ритмикасымен, жұмсақтығымен, табасын ерекше қоюымен қолданатын
жылқылар үшін өзара түрі. Жорға жүргенде жылқының алдынғы және артқы оң жақ
(алдынғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылады. Жарыс
кезінде жақсы жорғалар жай шабысқа ауысып кетпейді. Осы ереженің әрбір
бұзылуы үшін жорғаларға айып салынады және ережені үшінші рет бұзған үшін
жарыстан шығарылады. Әдетте жорғалар жарысында ұлттық мейрамды киімдерді
киген жас салт атты қыздар мен әйелдер қатысады. Әйелдер үшін, 2,3 ш және
ерлер үшін, 4,6 ш классификациялық қашықтықтар болып келеді.
Көкпар
Салт аттылардың ешкінің денесін алу үшін ат спортының күресін көкпар деп
атайды, ал көк бөрі қазақша көк қасқырды білдіреді. Көшпенділерге қасқыр ең
кесір дұшпаны болатын, егер біреуге жыртқышты өлтіру сәтті болса, онда ол
қасқырдың денесін жиналған қауымға беретін. Қасқырды өлтіру күні біртүрлі
мейрам сияқты болатын. Қауымдағы әрбіреуі қасқырдың денесін өз ауылына
әкетпекші болатын және осы үшін күрес пайда болатын. Бірақ қасқырлар
әрқашанда өлік болмайтын және осы уақытта жабайы аңның денесін басы
кесілген ешкінің денесі ауыстыратын. Бізге дейін тек “көк қасқыр” аты ғана
жетті, ал ойынның мазмұны мен түрі өмірдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларымен сәйкес өзгерілді. Біздің күндерде көкпар халқымыздың ат
спорты ойындарының ең сүйіктісі болып келеді және олсыз ешқандай көпшілік
және салтанатты сауықтар өтпейді. Ойынның екі варианты бар – ең таралғаны
жалпы-тартыс болып келеді, қайда ойында көптеген салт аттылар қатысады,
қайсылардың әрбірі ешкінің денесін өзара алу үшін күреседі. Екінші вариант
– дода-тартыс, қайда анықталған салт аттылардың санынан тұратын топтар
арасында күрес жүріп жатады. 1958 жылдан бастап жарыстар ипподромның шабу
жолында өтеді. Ойын уақыты – 8 және 15 минут. 1957 жылға дейін көкпар
бекітілген ережелерісіз мейрамдарда, ауылдарда өткізілген болатын. Бірінші
бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында көкпар сайыстар бағдарламасының
негізгі түрлерінің бірі боп қосылған.
Күміс алу
Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт, жылқының толық жылдам
шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң
жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік
үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап
алса, сол жеңімпаз атанады.
Қыз қуу
Ипподромның 300-400 м қашықтық шабыс жолында өткізілетін халық ат
спорттық ойыны. Сөреде бір-бірінен 10 м қашықтықта екі жылжытып
ауыстырылатын жалаушалар қойылады. Бірінші жалаушадан қыз бастайды. Екінші
жалаушаның сызығын өткен соң жігітке қызды қуып жетуге рұқсат беріледі.
Ыңғайлы үшін бүкіл жұптарды бір жаққа бірінен соң бірі жіберу керек. Кейін,
осы ретпен артқа келеді, бірақ осы жолы керісінше, қызға жігітті қуып
жетуге рұқсат беріледі. Ойынның бірінші кезеңнің мазмұны жігітке қызды қуып
жету керек. Егер жігіт қызды қуып жетсе, онда оған шабыс кезінде қызды
сүйіп алуға болады және жеңімпаз деп аталады. Егер бірінші кезеңде жігіт
қызды қуып жете алмаса, онда екінші кезеңде, кері қайтқанда, қыз, жете
алмаған үшін жігітті қуып жетіп оны қамшымен соғуға рұқсаты болып соға
алады, сонымен жеңімпаз деп аталады. Ойын басқа халықтар арасында шапшаң
тарап кетті. 1957 жылы Мәскеуде, бірінші бүкіл кеңестік ат спорты
жарыстарында қазақ спортшылары қыз қууды бірінші рет көрсетті, ал бес
жылдан кейін бұл түрді республиканың бүкіл жылқы ұстау мекемелерінде
жүргізіп жатты.
Қыз жарыс
Тек қана қыздар қатысатын 1600 м және 2000 м қашықтыққа шабыс. Қыз жарыс
ойыны 1958 жылы С. М. Буденныйдің ұсынысы бойынша алғашқы рет Мәскеуде
өтті.
Сайыс
Екі салт атқа отырғандардың күресі. Бұрын Қазақстанда сайыс бойынша
жарыстар топас найзаның көмегімен өткізілетін. Ақырғы рет бұндай жарыстар
1929 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауданында Қазақстан және Қырғызстан
өкілдері арасында өткен болатын. Найзаны қолданып сайыс бойынша жарыстар
көптеген жараларға ұшырататын және сайыстын ең қарапайым түрі келешекте
жақсы дамыған. Бұнда екі салт атты жігіттер қолдарымен бір-бірін жылқы
ертоқымы үстінен сырып түсіруге талаптанады. Қазақстанның кейбір
облыстарында бұл түрді аударыспақ деп атайды.
Бұғнай
Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша
тұрып қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар
ойнайды.
Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша
тандалады) ойнаушыларды: “бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай...”
және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосың жүргізуші әркез бір
нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, “алтыншы бұғнай!”), айтылған орыннан
шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған
нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған
шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін
атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған
әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен
секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді
атайды.
Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді.
Ережелер: 1) әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға
дейін тұрмау керек;
2) шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына қазақша
отырады.
Қасқұлақ (қасқыр)
Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-
нан бастап 20-ға дейін жоғарғы сынып оқушылары қатысады.
“Қасқыр” және “түнгі күзетші” тандалады. Қалған ойнаушылар “қойларды”
бейнелейді. Олар не “күзетші”, не “қасқыр” көрмеу үшін жанжаққа таралып
тығылады. “Қасқыр” көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды
іздеумен, ол “күзетшінің” көзіне түспеуге тырысады. “Күзетшінің” тапсырмасы
- “қасқырды” андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер
“қасқыр” ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны “күзетші” көрмей қалса, онда
“қасқыр”, “күзетшінің” орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы “қасқыр”
болады. “Күзетші” болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер
“күзетші”, “қасқырды” көрсе, өзінің “отарын” қорғап оны қуады. Ойын уақыты
белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы “қасқырларды”, “күзетшілерді” және
“қойларды” белгілейді.
Ережелер: 1) егер “қасқыр” ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі
қажет емес, атын атаса болғаны;
2) егер “қасқыр” тығылғанның атын дұрыс атаса, онда
тығылған орында қалу керек (қашпау керек);
3) “қасқыр” мен “күзетші” рөлдерімен ауысқанда,
“қасқыр” және “күзетші” кім болғаның қатты бақырып айту керек, және
ойнаушылар орындарында қалу керек.
Тартыс
Ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. 4-тен
бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды.
Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір
құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады.
Сигнал бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және “жоғарғылар” бір-бірін
құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге
тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші
жұптар және т.б. күреседі.
Ең көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз аталады. Сосың ойнаушылар
рөлдерімен ауыса алады.
Ережелер: 1) қарсыласты киімінен тартуға рұқсат етілмейді;
2) егер екі минуттың ішінде “жоғарғылар” бір-бірін
құлатпаса, онда тең ойын саналады және кілемге келесі жұптар шығады.
Қандық-сандық – сайыс
Бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40
адамға дейін.
Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары
ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір
ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып,
олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің
қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға
оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру
қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске
жеткен құрама жеңімпаз атанады.
Ережелер: 1) құрама капитандары күштерімен ақырғы болып санасады;
2) әрбір сайыс басқарушының белгісі бойынша басталады.
Себет
Бұрын осы ойын өте кең тараған болатын. Бұл ойында от жағып үлкен хор әң
айтқан және барлығы моңшақтармен әшекейленген ескі киімдерін киетін күні
қыздар бастайтын. Жасыл алаңда 3х3 м көлемімен төртбұрышты, аса биік емес
қоршау орнатылады. Бұған кеуіп қалған шыршалар мен шөпті салады. Кешкіде,
оттарды жаққанда осы “себетте” жағылады. Орманнан ертоқымсыз жылқыларда
отырған қыздар шығып, осы от “себет” арқылы секіреді. Секіретін жылқының өз
алдындағы итерген ауасы от пен түтінді ашып жіберетін, сондықтан от не
жылқыға, не жылқы үстінде отырған қызға қауіпті болмайды.
Әйгөлек
Әйгөлек қазақ халқының ұлттық ойындарынан ең кең тараған түрі. Әйгөлекті
гүлдеңген, жазиралы көктемде және жазда ыстық басылғанда және күннің көзі
түскенде және ызғарлы, желді күзде ашық алаңда ойнайды. Сауыққа жиналған
қыздар мен жігіттердің саны көп болғанымен, соншама да көп қызықтарымен
өтеді. Халықта кең тараған осы ойында балалар, жасөспірімдер, бозбалалар
мен бойжеткендер ойнай алады.
Жиналғандар тең санды топтарға бөлінеді. Бір-бірілерінен 15-20 қадам
қашықтықта, қолдарынан ұстасып, екі қатарға тұрады. Әрбір жақ өздерінен бір
жігіттен таңдайды және таңдалғандарына ойынды басқару міндетті беріледі.
Сосың бірінші бастайтын топтың ойнаушысы белгі беріп, барлық топ “әйгөлек”
атты өлеңін бірдей айтады және аяқ шенінде өз топтарынан кім керек екенің
сұрайды. Ал екінші топтың ойнаушылары осы өлеңді жалғастырып біреудің атын
атайды.
Аты айтылған ойнаушы жүгіріп келіп қарама-қарсы тұрған топтың қатарын
үзіп жіберу керек. Егер ол қатарды үзіп алмаса, онда ол сол топта қалады,
ал егер үзіп жіберсе, онда өзімен бірге бір ойнаушыны ала келеді. Бір жақ
топтың ойнаушылары бітпегенше дейін ойын жалғаса береді. Бір
Ақ сүйек
Қазақ жастарының арасында ең кең тараған ежелгі ойын, өйткені оны түнде
ойнайды. Аылй түнде ойнағанда жасыл шөпті жерде, ал қараңғы түнде түзу
алаңда ойнайды. Бұрын ойын үшін кептірілген қойдың жауырын сүйегің
қолданған. Енді бұл қажет емес. Ұзындығы 20 см және иені 5 см таяқты ақ
бояумен бояп қоюы ғана жетеді және жай ғана мәрлімен орап қоюы жеткілікті.
Ойнаушылар саны тым көп болса, соншама қызық болады.
Ең алдымен ойнаушылар келісіп, жеңіске жеткен топқа жүлдені анықтайды.
Сосың екі топқа бөлінеді. Топ басшылары таяқ бойынша астынан үстіне қарай
кезекпен қысады және сүйекті кім бірінші лақтыратының анықтайды. Лақтырған
кезде сүйек қай жаққа ұшқаның көрмеу үшін ойнаушылар кері бұрылып тұру
керек. Сүйек құлағаннан кейін, барлық ойын қатысушылары оны іздей бастайды.
Сүйекті тапқан оны көтеріп алып, көмбеге, ойын алаңының біту белгісіне
қарай абайлап ақырын ғана өтеді. Егер қарсылас біліп қойса, сүйекті одан
алып қойып қашуға тырысады. Сондықтан сүйекті бір-біріне лақтырып ойын
белгісіне қарай жылжиды. Сонымен ақ сүйекті көмбеге бірінші жеткізген
құрама жеңімпаз атанып, жүлдені ұтып алады. Келесі турда сүйекті келесі топ
лақтырады және бұл кезекпен ойын жалғаса береді.
Егер бір ойнаушы сүйекпен қашқан қарсыласты қуып жетіп оған қолымен
тигізсе, онда қашқан ойнаушы сүйек беруге міндет. Бірақ қуып жеткеннен
кейін, қарсылас оны киімнен тартып, зорлануды қолданып құқығы жоқ. Ойын
барысы құрамалар басшыларының қатаң бақылауымен өтеді.
Алтыбақан
Жазғы түнде ауыл артында жастарға арналған әзіл әткеншекті алтыбақан
(алты бөренені) деп атайды. Алтыбақанды ұзындығы 3-4 метр алты бөренеден
жасайды, қайсыларын үш-үштен қояды және үстінгі жағына қоыйлған көлденең
бөренемен өзара байланыстырады. Бөрене үстінен екі жақтан арқан байлайды,
ал астынан тақтайды орнатады, қайда мінем деген тілеушілер ойнақтайды,
әдетте бұл қыз бен жігіт. Бұл жұпты басқа жұп ауыстырады және сауық осылай
жалғаса береді.
Қыз бен жігіт алтыбақан үстінде бір-біріне қарама-қарсы тұрып, не отырып,
ән айта бастайды. Астында тұрған жігіттер мен қыздар бәрі бірге осы әнді
айтып қосыла кетеді. Алтыбақаннан шыққан және қалғандарымен қосылған әннің
дыбысы қатты шыққаны, түн тыныштығында әрқайсының жүрегін тербетіп,
махаббат сезімін тудырады. Жастар әткеншекке кезекпен отырып, білетін
әндерді айтады, ал қалғандары ән айтып тұрып алтыбақан шайқауға
көмектеседі. Алтыбақанды жиі “сүйгендердің әткеншегі” деп атайды.
Аңшылар
Бұл ойын үшін үй алдындағы әркез алаң немесе жай ғана үлкен бөлме де
жарайды. Әдетте балалар мен жасөспірімдер ойнайды. Жүргізуші доптармен
бірге үш ұл баланы әрбір жерге кояды – бұлар “аңшылар”. Қалғандары –
“үйректер” – жүргізушінің белгісі бойынша шеңберге жүгіреді және бұйрықтан
кейін орындарына тұрып қалады. Осы уқытта “аңшылар” өз доптарымен
“үйректер” бойынша атады. Жерге жабысып тұрған “үйректер” оқтардан қашуға,
жылжуға құқысы жоқ, олар тек денесімен, не басымен жанжаққа бұрылып
ауытқиды. “Өлген үйректер” енді “аңшылар” болады, ал тигізе алмаған
“аңшылар” қайтадан атады.
Сонымен қатар “аңшылар” бір минуттін ішінде қанша “үйректі” атқаның
анықтайды. Кейін, аман қалған “үйректер” енді “аңшылар” рөлін атқарады.
Ойын осылай ойнаушылар қажымағанша дейін жүргізіледі.
Арқан тартыс
8-10 м ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды.
Осы орамалдан бастап 1-1,5 м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар
байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті
осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің
белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар
орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып
шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек.

Бұрын-ақ жерде немесе едеңде түзу көлденең сызығын жасайды. Арқанның
ортасындағы орамал байланған жерін осы сызықпен сәйкес келу керектей тартып
қояды. Кейін, екі топтың ойнаушылары орамал ортасынан бірдей қашықтықта
байланған жерден бастап, арқанды қолға алады. Жүргізушінің белгісі бойынша
екі жақ арқанды өзіне қарай тартады. Арқанды аз жағына қарай тартып алуы
ойын тапсырмасы болып келеді.
Ойын аяғында ұтылғандар жеңімпаздардың алдында ән айтып билеу керек.
Арынды арқан
Арынды арқанды жастар кешінде ойнайды. Ойнаушылар көп болса, ойын соншама
қызықты болады.
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрғаннан кейін, жүргізуші 2-3 м ұзындығы жіппен
шеңбер ортасына тұрады және ойын басталуын хабарлайды. Сосың арқанның
байланбаған шетінен ұстап, оны шеңбер бойынша айналдырады, ойнаушылар оны
секіріп, аяқ астынан өткізіп тұрады. Егер біреу жіпті басып қалса, онда оны
“жазалайды”, ал “жазаны” қалған ойнаушылар ойлап табады.
Айыпталғандар ортаға шығып ән айтады, би билейді.
Асау местек
Ойын түзу жерде өтеді. Оны өткізу үшін бір-бірінен 1,5-2 м қашықтықта,
биіктігі 1 м бөренені жерге қағады. Бөренелер арасынан арқанды тартып, оған
отыруға болатындықтан орамалды іледі. Сол орын астына жерге бір жұп
тақияларды лақтырады. Осы құрастыруды асау местек деп атайды.
Жүргізуші ойнаушыларға: “Егер батыл болсаң,
Ешкіні саған сойып
беремін!
Батыл екеніне сенем,
Егер енкейіп, құламай
Тақияны көтеріп аласың!”
– деп айтады.
Бұны бірнеше рет айтады. Ойында, баста бұйрығынан кейін, әрқайсысы асау
местекке отыра алады. Жүргізуші ойын жағдайларын түсіндіреді. Жылқыға
отырғандай асау местекке отырған ойнаушы жерден тақияны көтеруге тырысады.
Әрбір ойнаушы осыны бірнеше рет жасау мүмкін.
Кім үш рет қана ережелерді бұзбай енкейіп, тақияларды бәрінен көп
көтерсе, сол жеңімпаз болып атанады. Жүргізуші жүлделі орынға ие
болғандарды айтады.
Асық ойындары
Асықты тек қана ұлдар ғана ойнайды. Негізгі мақсаты көптеген асықтарды
жеңіп алу.
Алшы
Осы алшы (арқасымен астына) деген ойынның негізгісі басқаларға қатынасы
бойынша асықтың қалпы.
Ортаға бір асықтан қояды. Сосың бүкіл соққыларды жинайды және ойын
кезегін анықтау үшін жерге лақтырады. Егер соққы алшы қалпында жатса, онда
оның иесі бірінші соғады, егер тәйке болса – екінші, бүк болса – үшінші,
ішік болса – төртінші. Егер бірнеше асықтар бірдей қалпына түссе, оларды
қайта лақтырады. Кезекшілік орнатылғаннан кейін, әрбір ойнаушы кімнен кейін
соғатынын біледі, осымен ойын басталады және біріншісі өз кезегімен
соққысың лақтырады. Егер лақтырғаннан кейін соққы алшы қалпына түссе,
ойнаушы ортадан бүкіл асықтарды алады. Қалғандары тағыда бір асықтан қояды.
Ал егер соққы ішік қалпына түссе, онда иесі ойыннан шығады және соққысын
кезекпен береді. Бұл ойнаушы бірден соққы жасауға құқығы бар. Егер
лақтырғаннан кейін соққы мен асық алшы қалпында тұрса немесе соққы алшы
қалпында, ал асық әркез қалпында, онда ойнаушы асықты алады және де лақтыра
береді. Егер асықтарға соғылған соққы алшы қалпында қалса, ал асық бүк
немесе ішік қалпында, онда ол соққыны соғады, ал соққының иесі ойыннан
шығып кетеді. Соққыны тәйке қалпында кезекті ойнаушы соғады.
Ережелер: 1) ортадағы асықтарды соққыдан соғады, ал соққы ортадан соғады.
Егер ойнаушы тигізе алмаса, ол өзінің ортаға қойылған асығынан ұтылып
ойыннан шығып кетеді.
Ктсін біреуі
Бұл ойынды екіге бөлініп ойнайды. Мақсаты – көп асықтарды ұту. Соққыны
лақтырады және ойын шарттарын келістіріп, кім бірінші екенің анықтайды.
Ойын мақсаты – қарсыластын соққысын соғып жіберу. Лақтырыстың қашықтығын
аяқ табанымен өлшейді. Барлығы қалай келіскеніне байланысты. Бір аяқ табаны
– бір асық, немесе үш аяқ табаны – бір. Сондықтан бастаушы “бірге”, “екіге”
және т.б. кеттім деп атайды. Сосың ойын жалғаса береді.
Құмарлық
Бұл үстел ойынына жастармен бірге үлкендерде ойнайды. 2 немесе 4 адам
қатыса алады. Бастауы алдында жүлде туралы келіседі. Ойын үшін төрт
ойналған асықтар керек.
Ойнаушылар үстел бойында ыңғайлы отырып, кезекпен төрт асықты лақтырады.
Егер бүкіл асықтар бір қалыпта, 4 алшы, 4 тәйке және т.б. болса, лақтырған
ойнаушы қойылған жүлденің жартысын алады. Егер бүкіл төрт асық әр түрлі
қалыпта болса, бүкіл жүлдені алды.
Хан ату
Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында
отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). “Хан” түрінде
белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды,
сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта “хан”
алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл
осылай “хан”, бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына
салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы”ханға” көздегенде басқа
асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды
келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді.
Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында
қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай”
деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады.
Атқаума
Ойынға таңдалған алаңның ортасына алты ұл бала шығады және үш-үштен екі
топқа бөлінеді. Біреуі сол жақ қолмен оң жақ қолды ұстайды. Екі ұл бала
қолдарымен орындық сияқты жасап айқастыра ұсталынады, қайда үшінші бала
отырады. Оның көздерін орамалмен жауып байлайды және “атқаума, атқаума”
атты сөздерімен белгіленген орынға дейін апарады. Сол жерде екеуінің біреуі
ойын сөздерін айтады: “Ақ сандық, көк сандық!”
Көздері орамалмен байланған бала жауап береді:
“Көк сандық, аспанда не көрдің?
Жауап: “Жұлдыз көрдім!”
Сұрақ: “Жерден не көрдің?”
Жауап: “Аң көрдім!”
Екі бала: “Мында сусыз қыр,
Мында адам бар,
Мында көл бар!” – деп, қолдарын босатады. Егер қолда
отырған бала жерде құлап жатса, онда олар жеңді, ал егер аяқта тұрып қалса,
ол жеңеді. Ойын шарттары бойынша, ұтылған жақ жеңгеннің барлық сұраныстарын
жасайды. Ойын екінші топпен қайталанады. Ойын шаршағанша дейін жалғасады.
Атынды ата
Бұл ойынды жастар кештерінде жиі ойнайды. Бұл үшін көзді жауып, байлап
тұратын орамал және ұзындығы 1-1,5 м таяқ керек. Қатысушылар көп болғанымен
ойын қызықты болады.
Жиналғандар қолдарынан ұсталынып шеңберге тұрады. Ортаға көздерін жауып
байланған ойнаушы шығады. Ол кез келгенді таяқпен көрсетіп: “атынды ата” –
деп айтады. Бұл, таяқтын басқа шетінен ұстасып, танымды болмау үшін
өзгерген дауысымен әркез атты айтады. Егер “көзі көрмейтін” таяқпен
тигізгенді дұрыс айтса, онда ол сонымен бірге орынымен ауысады, ал егер
қателессе, онда қала береді.
Қара сиыр
Кіші және орта жастағы оқушылар ойнайды. Қатысушылардың саны 3-тен 10-ға
дейін. Әдетте ойында қара затты (ескі бас киімді, құммен бірге қапты)
қолданады.
Ойын жазылуы: бұл ойнаушылар көзді жауып, тығыз шеңберді құрап тұрады.
Басқарушының ұсынысы бойынша бір ойнаушы шеңберден шығып, өзімен бірге
затты алып, тығылу керек. Ойнаушылардың тапсырмасы – тығылған затты табу.
Затты тапқаны туралы қатты бақырып хабарлайды және бәрі табылғанның қасында
жиналады. Зат иесі бұны қорғайды, ал қалғандары оны алдау жолдарымен алып
қоюға тырысады. Кім алып қояды, сол жүргізуші болады және затты тығуға
кетеді, ал қалғандары көздерін жауып, тығыз шеңберге тұрады. Ойын жаңадан
басталады.
Ережелер: 1) затты ұстағанда қорғаушыға қарсы дене күшін қолдауға
болмайды және мүлдем тиісуге болмайды;
2) басқарушының белгісінен кейін іздеуге болады.
Таяқ жүгірту
Ойын қыс уақытында қарлы алаңда жүргізіледі. Қатысушылар саны 5-тен 20-ға
дейін. Орта және үлкен жастағы оқушылар ойнайды. Әрбір қатысушы қалың
ағаштан (қайын және т.б.) жасалынған, ұзындығы 1-2 м таяқты (найза) өзіне
жасайды. Ағаштан бір шеті шүкірленеді және кептірленеді. Ойнаушылар қардан
қалыңдығы 20-40 см, биіктігі 1,5-2 м қабырға жасайды.
Жүргізуші жіребе бойынша тандалады және ол ойнаушылардың ретін орнатады.
Бірінші ойнаушы өзінің найзасын 3-5 қадам қашықтығынан (келісу бойынша)
қарлы қабырғаға лақтырады. Жүргізуші ең соңғысы болып лақтырады.
Ойнаушылардың тапсырмасы – найзаны қарлы қабырғаға тигізу және сол қабырға
арқылы найзаны шамасына қарай алысқа лақтыру. Ең алысқа лақтырған ойнаушы
жеңімпаз атанады.
Ережелер: 1) ойнаушылар таяқты найзаны сияқты ортасынан ұстап, жүгіріп
келіп лақтырады;
2) лақтыру сызығынан басуға болмайды;
3) жеңімпаз келесі турда бірінші лақтырады.
Әуе таяқ
Ойынды далада өткізеді. Қатысушылар саны 2-ден 20-ға дейін. Орта және
үлкен жастағы оқушылар ойнайды. Ойынға ойнаушылардың саны бойынша (ұзындығы
80 см, диаметрі 2-3 см) тегіс таяқтар керек.
Ойнаушылар екі жұпқа немесе екі құрамаға бөлінеді. Басқарушы бірінші
жұпты немесе құрамалардың бірінші ойнаушыларын шақырады. Шақырғандардың
біреуі белгіленген сызықтан 3-4 м артқа қарай жылжып жүгіріп келіп өзінің
таяғын жоғарырақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz