Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Дене қасиеттерінің жетілуі кезеңдерінің заңдылықтарын және ағзаның
дамуын есепке ала отырып
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
1.1. Дененің қасиеттері туралы түсінік және оларға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ...6
1.2. Дене сапалығындағы сенімділік дұрыстығын зерттеу, объектінің қорытынды
сәйкестілігін
сынамалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 14
1.3. Дене тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің мақсаты мен
міндеттері...18
ІІ-тарау. Дене қасиеттерін тәрбиелеуде әртүрлі жүйелерді салыстырмалы түрде
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1. Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене
тәрбиесі бойынша бағдарламалардың
айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2. Оқушылардың өсуі мен дамуындағы негізгі
заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... 30
2.3. Дене қасиеттерін дамыту және сенситивті
кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.4. Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және топтық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
ІІІ-тарау. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
3.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.2. Дене жаттығуларының тәсілі
(техникасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.4. Спорт
тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..54
3.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ..5 6
3.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-
синтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
3.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
3.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту
барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу,
алмастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
3.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
3.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
3.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат
әдістері мен көмекші
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...68
3.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені
түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...72
3.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .79
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің экологиялық,
экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ
жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу
орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты
оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға
аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғам мен мемлекет басшыларының да
аландаушылығын туғызуда. Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене
тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тараітьшан әр жыл сайын бірнеше
шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-
2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік
бағдарламасың туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы Қазақстан-
2030 бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене
мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан
Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар
мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік
тұрғыдан анықтап, қалыптаскан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып,
оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру.
Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай
алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті,
имандылықтыы және ізгілік мінез-кұлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен
дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сондықтан да, дене
тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп
есептейміз.
Көптеген белгілі ғалымдар теориялық зерттеулер өскелең ұрпақтың дене
тәрбиесімен айналысуын теориялық тұрғыдан педагогика теориясы және тарихы,
философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім
физиологиясы, мектеп гигиенасы т.б. мамандарының жалпы теориялық негізіне
сүйене отырып, жүргізіліп отырғаны белгілі.
Қазіргі кезеңдегі педагогика, ғылым дене тәрбиесі жөне спорт бағыттарын
зерделей отырып, Қ.І.Адамбеков (1995), А.ОАяшов (1993), З.И.Кузнецов
(1966), М.Б.Сапарбаев (1993), Б.А.Гейнца (1995), А.С.Жұманова (1997),
Б.УАлимханов (1994), В.Н.Платонов (1996), ҚА.Құланов (1990) сияқты
ғалымдардың еңбектерінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын
педагогикалық негізі ретінде бакылауға пайдалануда. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне
байланысты таңдауға Н.И.Набатникова (1974), Ж.Б.Қоянбаева (1998), М.С.Бриль
(1968) сынды ғалымдар жүргізсе, ал сыныптан тыс уақыттарда окушылардың дене
тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде КААтаев (1997),
Б.Ж.Биданов (1992), В.В.Ворюшин (1968) болды. Мектеп жасындагы оқушылардың
жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов (1992),
В.П.Филин (1970), В.А.Ашмарин (1976), И.Г.Понамарев (1996), Л.П.Матвеев
(1976), ТА.Ботағариев (2001), А.Н.Хан (1984) және басқа да көптеген
ғалымдар қарастырған болатын.
Зерттелу деңгейі. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысында
бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін зерттеуде М.Т.Танекеев (1998),
Ж.М.Төлегенов (1992), Б.Төтенаев (1998), Е.С.Сағындықов (1991),
Х.Ф.Анарқұлов (1993), М.Б.Тұрсынов (1964), Б.А.Тойлыбаев (1995) сияқты
ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми зерттеулері ұлттық қимыл-
қозғалыс және спорт ойындарының өскелең ұрпақты қалыптастырудағы тәрбиелік
қызметін атқару туралы мәселелерге арналған. Себебі, қазақтың ұлттық қимыл-
қозғалыс және спорт ойындары жоғарыда аталған авторлардың ойынша, халықтық
педагогиканың бірден-бір құралы болумен қатар, жастардың жігерлігі,
іскерлігі жоғары, дене күші ақылына, ақылы дене күшіне сай адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Ал Т.Ш.Қуанышев (1997),
Л.К.Керимов (1991), В.Т.Баженов (1989), Ж.Б.Садирметова (1996), В.А.Ким
(1992) сияқты т.б. ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарының балалар
ұжымындағы адамгершілік қарым-қатынастарды қалыптастыруда оқушыларды дене
шынықтырумен, спортпен шұғылдандырудың жеке амалы ретінде тәрбиелеу жолдары
қарастырылған. Жас ерекшеліктеріне байланысты бала физиологиясы мен мектеп
гигиенасын зерттеген М.В.Антропова (1974), Т.К.Мұстафина (1997),
Л.А.Гужоловский (1977), А.А.Моркосян (1965), Р.Е.Матылянский (1963),
АТ.Сухарев (1972) т.б. ғалымдар ғылыми еңбектерінде дене шынықтырумен дұрыс
айналысу, бала денесінің үйлесімді дамуына, оның денсаулығы мен тәуліктік
қозғалысының белсенділігіне оң әсері болатындығын дәлелдеген. Ал шетелдің
белгілі ғалымдары В.В.Ромсон (45), Г.Росс, Г.Гельберт (1985) мектептегі
дене тәрбиесі оқушылардың дене шынықтыру дайындығы мен дамуын жақсартпайды,
керісінше, шынайы әлеуметтік жағдайларда оларды нақты күреске дайындау
қажеттілігін айтады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осыған орай, оқушы тәрбиесіне
қажетті білім және қозғалыс дағдыларын игеру, күнделікті өмірде оларды
қолдана білу, сонымен қатар дененің қимыл қабілетінің жоғарғы деңгейін өз
бетінше қолдана алу, өзінің қозғалыс қабілетін көрсете білу сияқты т.б.
шаралар ең маңызды міндет деп саналады.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген зерттеу нәтижелерінің бағыты айқындалды.
Жүргізілген зерттеулер, негізінен, оқушылардың дене тәрбиесінің практикасы
мен теориясының жекелеген мәселелерін ашуға, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере
отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиелеуге, жеке спорт
түрлері бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Бірақ,
жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқыту барысында
жүргізген педагогикалық зерттеулерде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс
ойындарына жете мән берілмей, зерттелмей отырғаны белгілі.
Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелеген денсаулық көрсеткіштері мен
дене дайындығының нақты процесінің төмендеуі бұл көрсетілген мәселенің
заман талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің теориялық негізде
ғылыми жүйелеуді қажет етеді. Сонымен Қазақстандағы тұрғындардың салауатты
өмір салтын қалыптастыру педагогика мен медицинаның өзекті мәселесі болып
табылады. Сондықтанда балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесінің медико-
педагогикалық аспектілерін түсінік берумен авторлар өзінің алдына келесі
міндеттерді қояды: жеке және қоғамдық денсаулығын нығайту үшін дене
тәрбиесі тәсілін пайдалану қағидаларын баяндау, балалар мен
жасөспірімдердің дене тәрбиесінің жүйесін әлеуметті - педагогикалық
бағытпен талдап беру және оларды жетілдіру жолдарын ғылыми тұрғыдан
дәлелдеу.
Зерттелу объектісі. Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене
тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардың денсаулығын сақтауға дене
тәрбиесі биология, әдетті қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы
себеп-салдарға байланысты жастардың кәсіби-қолданбалы дене дайындығының
әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.
Дипломдық жұмыстың ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша
стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.
Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі
бағдарламаларының нәтижесі берілген жөне іс-тәжірибелері қорытындыланған.
Баланың тәуліктік қозғалыс белсенділігін тәртіпке келтіру міндеттері жаңа
қырынан қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен қозғалыс белсенділігінің
сандық көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділік концепциясы игерілген.
Балалар мен жасөспірімдердің қимыл қозғалыс қабілеттілігі бойынша әр түрлі
ұйымдарда алынған дене тәрбиесі жүйесінің көпжылдық бақылау қорытындылары
жинақталған. Ағзаға берілген дене жүктемесіне бейімделу әсерінің
саналуандылығы көрсетілген.
Жұмыста балалық және жасөспірімдік кезеңінде әлеуметтік маңызды
қызметінің белсенді қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің әдістерін дұрыс
пайдалануы бойынша жаңа материалдар ұсынылған. Жасөспірімдірдің мамандықты
таңдауы және дәрігерлік кәсіби бағытты іске асыру үшін ЖӨСМ және жалпы
білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту
жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген.
Дипломдық жұмысында жас ұрпақты үйлесімді дамыған, дене қасиеттерін
тәрбиелеудің мемлекеттік міндеттерін шешу үшін маңызды, өзекті мәселелер
кеңінен қарастырылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.
І-тарау. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІЛУІ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ЖӘНЕ АҒЗАНЫҢ ДАМУЫН ЕСЕПКЕ АЛА
ОТЫРЫП ТӘРБИЕЛЕУ
1. Дененің қасиеттері туралы түсінік және оларға сипаттама
Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие
болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады.
Мысалы, қозғалыс белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу,
салмақты көтере алу т.б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл-
әрекеттерінен тұрады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіру адам ағзасына
әртүрлі салалық талаптар қояды және олар әртүрлі дене қабілеттерінен
көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп - адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің
әртүрлі қырларын айтамыз.
Әдебиеттерді талдау барысында балалық және жасөспірім кезеңдерде
қозғалыс мүмкіндігін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар бар екендігіне көз
жеткіздік. Қозғалыс мүмкіндіктерінің күшеюі мектеп жасындағы бала ағзасының
жас ерекшелігіне сай келуі қозғалыс мөлшерлерінің іс-әрекетін реттеп
отыратын иннервациялық механизмдердің жоғары қозғыштығына және зат алмасу
процестерінің едәуір жеделдігіне байланысты болады. Бұл жастағы оқушыларға
тән жүйке процестерінің өте қозғалмалылығы, қимылдың ең жоғары қарқыны,
бұлшық ет босауының және жиырылуының тез ауысып өзгеріп отыруына
байланысты. Біз талдаған зерттеулердің бірқатары спортпен жүйелі түрде
айналыспайтын оқушылардағы жылдамдықтың жасқа байланысты даму динамикасын
көрсетуге мүмкіндік береді, еңбектерінде олардағы жылдамдықтың даму
динамикасы көрінеді.
Күшті адамның дене қас еті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты
анықталуы керек:
1. Күш, қозғалыстың механикалық сипаттамасы ретінде, денеге көлем
салмағы - күш әсер етеді.
2. Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, "күштің жаспен қатар
дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп" және
т.б.
Егер бірінші мағынасында күшті қозғалыстың басқа да сипаттамаларымен
бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында
физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пәні ретінде
сипатталады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп,
әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал,
[F=ma] деген заңына сүйенеді. Куат күші деп, дененің жылдамдығы жағынан
жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін бөлу, қарсы
әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимын күші
дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды, тек
салмақпен ғана анықталады [қозғалмай тұрып жүкті ұстау]. Резеңкені немесе
эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды, ең бастысы
сол зат тартылған ұзындықпен анықталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне
қарсы әрекеттуған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына
тәуелді болады. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация,
күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан
да күштің, қозғалыстың басқа сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық,
шашлаңдату жолы) әдетте қиын. Түрдік үлгінің тәуелділігін [F=ma], таза
түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.
Қандайда бір ұғымды анықтаудың ең жақсы тәсілі - адамның күш
мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен
немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.
Бұл фактор күштің (қозғалыс қабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы
арқылы белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады
(механикалық әсер өлшемдері). Мағынасы жагынан дұрыс болса да бұл фаза
стилистикалық жағынан "күш" деген сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына
байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.
Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы тұра алу қабілеті
немесе бұлшық ет күші арқылы қарсы тұруы деп анықтауға болады [47,50].
Қарсы қимыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп - қимылға қарсы
бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде - қозғалыс үстіндегі
қимылды айтады.
Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі:
- өз ұзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп);
- ұзартылған жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі).
Бұл кезеңдегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда келтірілген
бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға
болады.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін - адамның
бұлшық ет қысымы арқылы сыртқы қимылға қарсы тұра алу кабілетін тәрбиелеуге
көп орын бөліну керек. Бұлшық ет күшінің көрінуі - бұлшық ет аппараттарының
іс - әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына
байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде,
көлденең жолақты бұлшық еттердің физиологиялық жиырылу қабілеттері маңызды
қызмет атқарады. Бұлшықеттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ақ (статистикалық
немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе
миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу немесе плиометрикалық
тәртіп) күшті көрсете алады.
Зациорскийдің [47] жіктеулері бойынша күш қабілеттері келесі түрлерге
бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалық тәртіп),
жындамдықтың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалық күш).
Адамның жылдамдық күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялық күш),
сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен
"жарылу күші" бөлінеді.
Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы - өсіп келе
жатқан ағзаңың жан-жақты дамуында, өндірістік еңбекке дайындауда және
спорттық шеберлікті көтеруде маңызы зор.
Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика
сүраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы
спорттың көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші
факторлар болып саналатынын С.П.Летунов дұрыс атап өткен.
Күш адам ағзасының үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін
көптеген авторлар атап өтеді [50, 20]. Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша
жүйелері мен тұтас ағзаның еңбекке жарамдылығын, тұлғаның дұрыс құрылуын
және басқа да дене қасиеттерін қалыптастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс
үйлесімділігін жетілдіреді.
Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың
тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және
спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады.
Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен
бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың
маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күші дамуының
ерекшелігін ескеру керек.
Төзімділік деп ағзаңың белгілі бір уақыт ішінде қандайда бір іс-
әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады. Басқаша
айтқанда, шаршауға қарсы тұра алу қабілетін айтады. Кейбір жағдайларда ең
төзімді адамдардың өзінде де біраз уақыттан соң шаршаудың бірінші және
екінші сатылары басталады. Күшею іс-әрекетті бұрынғы нәтижені жалғастыра
алмауынан көрінеді. Бірнеше адам бір тапсырманы орындаған кезде шаршау
олардың әрқайсысында әр мезгілде көрінеді. Бұның себебі, ең алдымен
төзімділіктің әртүрлі деңгейлілігі. Басқаша айтқанда, төзімділік өлшеуіші
уақыт болып табылады, белгілі бір уақыт ішінде адам іс-әрекеттің
өнімділігін үзбей берілген жылдамдықта атқара алуға тиіс. Төзімділікті
өлшеу үшін тікелей және жанама тәсілдерді қолданады. Тікелей тәсілде
сыналушыға қандай да бір тапсырма беріп (мысалы, белгілі немесе басқа да
жылдамдықпен жүгіру), осы өнімділік жылдамдығымен жұмыс істеудің уақыт
шегін анықтайды (жылдамдықты төмендеткенге дейін). Төзімділікті өлшеудің
тікелей тәсілі әрқашан қолайлы бола бермейді, сондықтан көбіне жанама
тәсілі қолданылады. Мысалы, спорттық тәжірибедегі төзімділікті қандай да
бір ұзын қашықтықты басып өтуге бөлінген уақыт арқылы анықтауға болады
(мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру). Кейде төзімділікті барлығына бірдей
берілген уақытта орындалған, стандарттық жүктемелерді бергеннен кейін
(мысалы, шерулік жүгіруден соң (марш-бросқа)), қимылдардың дәлдігі және
жылдамдығы арқылы қандай да бір тапсырманы орындау барысында нәтиженің
төмендігі арқылы өлшейді.
Көптеген зерттеулерде төзімділіктің төрт түрі анықталған:
1. Ақыл-ой (мысалы, математикалық тапсырмаларды шешуде);
2. Сенсорлық (талдағыштық бұлшық еттердің ширығып жұмыс атқару
нәтижесінде);
3. Эмоциялық (толқуға қарқынды тез әсерленудің салдарынан);
4. Физикалық (бұлшық еттердің іс-әрекеттерінен).
Бұл жұмыста мектеп оқушыларының шыдамдылығы туралы айтылады.
Адамның төзімділігін шартты түрде екі топқа бөлуге болатынын көптеген
факторлармен анықтауға болады:
1. Ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері (аэробтық
және анаэробтық мүмкіндіктер, қозғалыс дағдысының жетілу деңгейі);
2. Тұрақтылық деңгейі, ішкі ортаның қолайсыз өзгерістеріне және
жүйкенің жоғарғы импульсациясына байланысты.
Әйтсе де, бұлай бөлу толық қатаң болмаса да, дұрыс дәлелденген. Себебі,
төзімділікті тәрбиелеу барысында осы аталған екі топтың бірінде бағытталған
тәсіл қолданылады.
Сабақ кезіндегі төзімділік оқушылар белгілі бір деңгейде шаршай
бастағанда ғана дамиды. Бұл кезеңде адам ағзасы осындай жағдайларға
бейімделе бастайды, бұл төзімділіктің жоғарылауына байланысты. Бейімделе
бастау өзгерістің көлемі мен бағытты жаттығу жүктемелерінің сипаты мен
деңгейіне сай болады. Жүктеменің әр түріне байланысты шаршау да әртүрлі
болады, мұнда шаршаудың табиғилығы маңызды мәселе болып табылады, сондықтан
төзімділікті тәрбиелеуде шаршаудың деңгейін ғана емес, сипатын да ескеру
керек.
Осыған орай, төзімділікті тәрбиелейтін жаттығу сабақтарының басты
мақсаты, ағзада өзімізге қажетті өзгерістерге қол жеткізу.
Дененің төзімділік қасиетін тәрбиелеуге арналған әртүрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде берілген жүктемені мынадай бес құрылымдармен
сипаттауға болады:
- жаттығудың өнімділігі;
- жаттығудың ұзақтығы;
- демалыс аралығының ұзақтығы;
- демалыс сипаты, үзілістерді әрекеттің басқа да түрлерімен толықтыру;
- қайталаулар саны.
Осы құрылымдардың сәйкес келуіне байланысты ағзаның жауап беру әсерінің
көлемі ғана емес, сипаты да әртүрлі болады.
Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін
орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша
жоғары секіру, допты ұстап алу, гирді көтеру, т.б. Мұндай тапсырмалар әр
түрлі қиындықтарда болуы мүмкін.
Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі [20] көптеген себептермен анықталды.
Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін
талап етеді [қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы], яғни қозғалыс
қимылдарының үйлесімдік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып
табылады.
Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған
сай келетін болса, яғни ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады.
Қозғалыстың дәлдігі [53] ұғымы мынадай қабілеттерді біріктіреді:
1. Кеңістік дәлдігі.
2. Уақыт дәлдігі.
3. Күш қозғалысының дәлдік сипаттамасы.
Қозғалыстың дәлдігі, яғни оның қозғалыс міндетінің талаптарына сай келу
деңгейі ептіліктің екінші өлшеуіші болып табылады.
Қозғалыс дәлдігінің нәтижесі, жоғары үнемділікке жету болып табылады,
яғни қозғалыстар бұлшық ет күші мен қуатын өте аз мөлшерде шығындау арқылы
жасалады. Сондықтан да ептіліктің өлшеуіші ретінде қозғалыс үнемділігінің
қандай да бір көрсеткіші қолданылады.
Ептілікті ғылыми зерттеулерде қозғалыстың дәлдігімен, барынша мұқият
зерттеп, қозғалыстың барлық сипаттамасы бойынша жіберілген қателіктердің
санын анықтауға тырысады. Дене тәрбиесі процесінде мұндай шектен тыс мұқият
болу әрқашан қажет бола бермейді: бұл кезде көбіне қозғалыстың орындау
фактісімен ғана шектеледі.
Күнделікті тұрмыста және дене тәрбиесі сабағында кездесетін барлық
қозғалыстарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады.
- біршама стеротиптік;
- стеротипті емес.
Алғашқы қозғалысқа мысал болып: жеңіл атлетикалық жолдарда жүгіру,
спорттық жүріс, лақтыру, секіру және гимнастикалық жаттығулардағы қозғалыс
саналады. Екінші топқа: кросс, жекпе-жек және спорттық ойындардағы
қозғалыстар, т.б. енеді.
Ептіліктің өлшеуіштері:
1. Тапсырманың үйлесімділік күрделілігі.
2. Оның орындалу дәлдігі.
3. Жеке орындалу уақыты немесе дәлдіктің қажетті деңгейін игеруге
бөлінген уақыт немесе жағдайдың өзгеру сәтінен жауап қимылы басталғанға
дейінгі қабылданған ең аз мөлшердегі уақыт [қозғалыстың, жете сипаттамасы
алдын-ала белгісіз].
Ептілік - бағалау өлшемі бірдей бола бермейтін күрделі жиынтық қасиеті
болып табылады, мысалы, спорттық ойындарда жақсы ептілік танытып,
гимнастикада жеткіліксіз болуы мүмкін.
Ептілікті тәрбиелеу, біріншіден, үйлесімділік қозғалыс қимылдарын игере
алу қабілетін тәрбиелеуден, екіншіден, қозғалыс әрекетін белгілі бір
жағдайдың талаптарына байланысты өзгерте алу қабілетін тәрбмелеуден
құралады [24,25,70]. Сондай-ақ өз қозғалыстарын кеңістік пен уақытта
қабылдай алудың жоғарғы деңгейі маңызды болып табылады ["кеңістікті
сезіну", "уақытты сезіну"]. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі жолы - әртүрлі
жаңа қозғалыс дағдыларын және шеберліктерді қосымша игеру. Ептілікті
тәрбиелеудің ең бір қолайлы әдісі - қозғалыс үйлесімділіктеріне түрткі
болатын қимылдарды көбейту [1-кестені қараңыз].
Иілгіштік - қозғалысты үлкен амплитудада орындай алу қабілеті,
иілгіштік өлшеуіші қозғалыстың үлкен амплитудасы болып табылады.
Зерттеулерде оны шартты түрде бұрыштық градустармен белгілейді: тәжірибеде
көбінесе аса дәл емес сызықтық өлшемдер қолданылады. Иілгіштікті өлшеу үшін
ғалымдар көптеген тәсілдер мен құрал-жабдықтарды ұсынады [47, 10].
Иілгіштіктің белсенді және енжарлы түрлерін көрсетуге болады. Белсенді
иілгіштік белгілері - буын арқылы өтетін бұлшық ет топтарының
белсенділігінің есебінен қозғалыстың үлкен амплитудасына жету қабілеті.
Енжарлық иілгіштік қабілеті - сыртқы күштер арқылы ең жоғарғы амплитудаға
жету. Белсенді иілгіштіктің көрсеткіштері енжар иілгіштіктің
көрсеткіштерінен кем болады.
Иілгіштік бұлшық ет пен сінірдің иілгіштік қасиетіне, сондай-ақ
буындағы қозғалмалылықка байланысты, қорғаныштық кызметі бар созылмалы
бұлшықеттердің қозуы ерекше роль атқарады. Қозғалыстың үлкен амплитудасында
иілгіштіктің өсуінен және бұлшық еттің тартылуынан қозу басталады да,
олардың белсенділігі төмендейді. Иілгіштік дененің құрылыс ерекшелігіне,
дене сигменттерінің ұзындығына байланысты болмайды.
Иілгіштік ортаның сыртқы температурасына байланысты болатыны белгілі;
жоғары температурада ол күшейеді. Басқа дене қасиеттеріне қарағанда
иілгіштік тәулік мерзімдерінде көп көрінеді.
Мысалы, таңертеңгі уақытта иілтіштік елеулі түрде төмендейді. Әртүрлі
жағдайда [температура, күн мезгілдері] оның тұрақсызданып, ауысып
отыратынын дене тәрбие сабағын жүргізу барысында ескеру керек.
1 кесте - Дене қасиеттерін жетілдіруде және бағалауда қолданылатын
әдістемелік жаттығулар мен тәсілдер
Дене Әдістемелік тәсілдердің Қолданылатын жаттығулар
қасиеттермазмұны
і
Ептілік Секіртпе жітшен орындалатынСекіртпе жіппен алға, артқа секіріп
жаттығулар жүгіру, бір орнында оң және сол
аяқты алмастырып секіру.
Қозғалыстың қарқыны мен Белгі бойынша тоқтап бағытымен
бағытын өзгертіп жылдамдығын өзгерте жүгіру.
орындалатын жаттығулар.
Қосымша қозғалыстармен Олаңқай оқушылар сол қолмен допты
күрделендірілген жаттығулардәлдікке ату, допты кедергілердің
арасымен алып журу т.б.
Қашықтыққа түрлі жаттығу- Кедергінің астымен өту, алға, артқа
ларды орындап жүгіріп өту. аударылып түсу, кедергінің үстінен
секіріп оту т.б.
Оқушылардың топпен немесе Спорттық ойын барысында [футбол,
жұптасып бір-біріне баскетбол] әртүрлі тактикалық
қарама-қар-сы қолданылатын тәсілдерді қолдану.
жаттығулары
ТөзімділіБір келкі ұзаққа созылған Ұзақ қашықтыққа жүгіру, суға жұзу
к жаттығулар
Ауыспалы қарқынмен 400, 800, 1500 м жүгіру
орында-латын жаттығулар
Жоғарғы қарқынмен Ең үлкен жылдамдықпен 60, 100 м
орында-латын жаттығулар жүгіру т.б.
Күштілік Жылдамдық күш қабілеттерін Қайталау едісімен жүгіру, 4x1 Ом,
жетілдіруге арналған 2x30 м, т.б.
жаттығулар
Төзімділік күшті дамытуға 6-7 жаттығу түрлерінен тұратын
арналған жапығулар айналмалы жаттығулар
Максимальді күшті дамытуға Ауыр доптарды [2-3 кг] көтеру
арналған жатығулар кермеге тартылу, арқанға өрмелеп
шығу [2, 5-3 м], гантель көтеру,
жерге жатын қолды бүгіп жазу
ИілгіштікАяқты бүкпей, қолдың ұшын Қолдың үшы еденге жетсе жеткілікті
еденге жеткенше иілу
Отыру және иілу жаттығуларыЕкі аяқты алшақ қойып, оң және сол
аяққа отыру, т.б. гимнастикалық
төсеніште көпірге тұру және шпагат
жасау
Еденде отырып, тізе буынын "АБ" белгісінен асырса "+" оған
бүкпей, алға "АБ" сызығына жетпесе "-" 5; 10; 15
дейін иілу
Гимнастикалық орындықтың "0" жоғары [-] 15 см дейін, ал "0"
үстінде тұрып, тізе буынын төмен қарай [+] 35 см дейін
бүкпей алға иілу
Иілгіштікті тәрбиелеу үшін қозғалыстың амплитудасы жоғары жаттығуларда
қолданынады. Олар - белсенді және енжар қозғалыстар тобы болып екіге
бөлінеді.
Дене қабілеті түсінігіне профессор Зациорский В.М. [47] өзінің ғылыми
еңбектерінде адам моторикасының мынадай жақтарын біріктіреді:
1. Қозғалыстар бірдей параметрлерде көрсетіледі, сәйкес тәсілмен
өлшенеді және оларға бірдей өлшеуіш қолданады [мысалы, барынша көп
жылдамдық];
2. Біріне-бірі ұқсас физиологиялық және биохимиялық механизмдері бар
психиканың да ұқсас қасиеттерін талап етеді.
Осы материалдың нәтижесі ретінде, дене қабілеттерін тәрбиелеу,
қозғалыстың нақты бір түріне тәуелсіз, жалпылама ортақ қасиеттерге ие
болады. Мысалы, жүзудегі төзімділік, жүгірудегі қозғалыс қимылдары әртүрлі
болғанмен, көбіне ұқсас жолдармен жасалынады.
Дене қабілеттері туралы алғашқы түсінік әдістемелік әдебиеттерде
зерттелді, ал кейін бірте-бірте басқа да ғылыми пәндерде дене тәрбиесінің
теориясы мен әдістемесі спорт физиологиясы ретінде қарастырылды
[48,49,15,20,50].
Дене қасиеттері туралы айтқанда қандайда бір дененің қасиетін тәрбиелеу
және дамыту деген терминдердін айырмашылығын анықтау керек, себебі,
біздіңше, мұның елеулі мәні бар. Денедегі қасиеттерді дамыту дегеніміз -
адамның өмір барысындағы олардың өзгеру процесі. Мысалы, күшті дамытуда
оның 20-25 жасқа қарай бірте-бірте жоғарылайтынын, одан соң тұрақтау
кезеңі, біршама уақыт өткеннен кейін төмендеп отыратыны байқалады.
Дене қасиеттерін тәрбиелеу - әдетте педагогикалық басқару процесі болып
қалыптасқан. Дамуды өзіміз қалаған бағытта өзгерту үшін оған әсер ету;
мысалы, жылдамдықты тәрбиелеу, мұнда дене жаттығуларын таңдау немесе
жинақтау, оларды мөлшерлеу қарастырынады. Басқаша айтқанда, даму терминімен
ағзада өтетін өзгерістер, ал тәрбиелеу терминімен осы өзгерістер тілімізде
сәйкес қажетті іс-әрекеттер деп аталады.
Жылдамдық деп - дене қасиеттерінің аз уақыт арасында қозғалыс әрекетін
жасай алу қабілетін айтады. Мұнда тапсырманы орындау аз ғана уақытта іске
асып, шаршау болмайды деп түсініледі.
Жылдамдық саласын зерттеген ғалымдар [50, 51, 52, 53] жылдамдықтың үш
қарапайым түрін дәлелдейді, бұл:
- қозғалыс әсерінің уақыты;
- жеке қозғалыс жылдамдығы, бұл сыртқы қарсылықтар аз болған жағдайда;
- қозғалыс жылдамдығы.
Бұған қоса [54, 53] жылдамдықтың көрінуінің ең қарапайым түрлері бір-
біріне тәуелсіз, бұл, әсіресе, қозғалыс әсерінің уақыт көрсеткіштеріне
қатысты, олар көбіне қозғалыс шапшандығының көрсеткіштерімен тура келмейді,
қозғалу баяу, жай бола тұрып, өте шапшаң қозғалыс әсеріне ие болуы мүмкін
немесе керісінше де болады.
Көрсетілген жылдамдықтың үш түріндегі сәйкестігі осы қасиеттің барлық
көріністерін бере алады. Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргендегі нәтиже,
сәреден шығу, қадам қарқыны мен жеке қозғалыстар шапшандығы қозғалыс
әсерінің уақытына байланысты болады.
[55, 50, 56, 57] және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, жүйкенің
қозғалыс процесі жылдамдықты көрсетуде маңызды роль атқарады. [58]
есептеуінше, қозғалыстың ең жоғарғы жиілігі болып табылатын жылдамдықтың
даму деңгейі қозғалыс аппаратының физиологиялық тұрақсыздығы, яғни белгілі
уақыт бірлігінде саны ете жоғары импульстер тудыра алу қабілетіне ғана
емес, қозғалыстың жүйке орталықтарының қозу жағдайынан тежелу жағдайына
немесе керісінше өте алу қабілетіне де байланысты. [58] көрсетуінше, басқа
қалыпқа көшу процесі қалай жиі өтетіндігі қозу және тежелу процестерінің
жиілігінің біртіндеп жоғары ауысу кезінде антогонистік бұлшық еттердің
қозғалыс орталықтары қаншалықты бір-бірімен сәйкестенуіне және осы
субъектке тән ырғақтық қозғалыстардың жиілік шегіне байланысты болады.
Көптеген зерттеушілер [53, 54, 52, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67]
жылдамдықты адамның кешенді қозғалыс қабілеті екенін дәлелдейді.
Адам жылдамдығы айқындалуының негізгі белгілері - қозғалыс әсерінің
уақыты, жеке бір қимылды аса жоғары шапшаңдықпен орындау уақыты, тұтас
қозғалыс актісін орындау уақыты. [59, 68, 47, 50, 58, 69, 62] жылдамдық
көрінуінің және бір түрін көрсетеді. "Жылдамдық сапасы"- қозғалысты жылдам
бастау, оны спорт тәжірибесінде "оқыс немесе бірдестен" деп атайды.
Практикалық тұрғыдан ең маңыздысы - тұтас қозғалыс актілерінің жылдамдығы
(жүзуде, жүгіруде және т.б.). Ал жылдамдық көрінуі ең қарапайым оңай болып
табылады [47]. Дегенмен, тұтас қозғалу жылдамдығы адамның жылдамдығын
тікелей емес, жанама түрде ғана сипаттайды.
- Филин В.П. [70] жылдамдық көрсеткіштерінің өзара байланысын, сонымен
бірге олардың сематометрикалық параметрлермен, қозғалыс амплитудасымен және
мөлшерленген жүктемелермен байланыстылығын көрсетеді. Жаттығу деңгейі
жоғарылаған сайын ең қарапайым козғалыстардың жылдамдығына арналған
сынамалардың аралығындағы корреляциялық байланыстардың төмендеу процестері
кезінде анықталды. Автор оқушылардың жергілікті сипаттаған қозғалыстарға
жаттығып, шындалуы локомоторлық қозғалыстар жылдамдығының көрсеткіштерінің
елеулі түрде дамуына келмейтіні туралы маңызды қорытынды жасайды. Сондықтан
да оқу процесінде мақсатты қолданылатын жылдамдықты дамытуға арналған
арнаулы жаттығулар жинағын әртүрлі мақсаттағы бағыттарда жіктеу керек
екендігін атап көрсетеді.
В.П.Филин: "Дененің ең үлкен өлшемдері және мектеп жасындағы балалар
мен ересектердің табиғи қозғалыс жылдамдығы көрсеткіштері бір-біріне
байланысты емес", - деп тұжырым жасайды [70].
Сәрелік және қашықтық шапшандықтар өзара бір-бірімен әлсіз байланысады
деген пікірлер де бар. Бірақ, [63] бұл көзқарасқа келіспейді, жылдамдықты
дамыта алу қабілеті сәрелік жүгіруде, сонымен қатар жүгірушінің қашықтыққа
жылдамдығын дамыту арасында байланыс бар екенін айтады, бұл пікірге қарсы
болатындар да бар.
М.А.Годик, А.Г.Ширяев [59], В.М.Зациорский, В.П.Филин лабораториялық
тәжірибелерде жылдамдықтың құрылымдық негізін факторлық талдауды іске асыра
отырып, жылдамдық тұтастай бір дене қасиеті бола алмайтынын анықтады.
Жылдамдықтың көрінуінің барлық түрлері өзінше бөлек және өзара байланысы
болмайды. Осыған сүйене отырып, авторлар "қозғалыс жылдамдығы" терминін аса
дұрыс емес деп тауып, "жылдамдық сапасы" деген жаңа бір анықтама ұсынды.
А.Е.Валик осы жаңа термин мәселенің мәнін деп айқындайтынын айтады.
Б.И.Бутенко жылдамдықтың әртүрлі қырларының өзара байланысын зерттей
келе осы қозғалыс қабілетінің кейбір қырларының арасында байланыс бар
екенін анықтады. Ал Ю.Н.Примаков болса, жылдамдыққа берілген тапсырмалар
мен 30 метрге жүгірудің нәтижелері арасында әлсіз болса да нақты бір
байланыс бар екенін айтады (жүгірудегі қол қимылдарының жиілігі т.б.). Ал
М.А.Годик болса, үлкен және кіші амплитудадағы жылдамдықтың қозғалыстары
арасында статистикалық елеулі байланыстың жоқтығын көрсетеді. Алайда
қарапайым қозғалыстар жиілігі көрсеткіштерінің арасында біршама байланыс
бар екені анықталған. Көптеген авторлар локомоцияларда көрінетін жылдамдық
және қозғалыстың қарапайым түрлері арасындағы байланыс өте өлсіз немесе
жоққа тән екенін айтады.
L. Smith [66] есептеуінше, қозғалыс тапсырмаларының көпшілігінде ең
жоғарғы жылдамдықтағы қозғалыс ортақ бір [негізгі] факторлармен
анықталмайды.
1.2. Дене сапалығындағы сенімділік дұрыстығын зерттеу,
объектінің қорытынды сәйкестілігін сынамалау
Дене тәрбиесі дайындықты бақылау процесінің міндетті құрамдас бөлігі
болып табылады. Дене тәрбиесіндегі мұндай бақылаудың нәтижелері көптеген
бақылаулар мен педагогикалық шешімдерге негіз бола алады.
Оқушылардың дене тәрбиесін басқару үшін олардың дайыңдығын,
педагогикалық процестің әр түрлі сапалары мен бағалауды ескеру кажет.
Жастардың дене тәрбиесі даярлығын педагогикалық бақылаудың ғылыми
негізі соңғы уақыттарда қарастыра бастады [22]. Соған қарамастан,
бақылаудың еске түсіру әдісі мен ойлары спорт практикасында кеңінен және
табысты қолданылуда [24, 22].
Соңғы жылдары спорттың теориясы мен әдістемесі [24, 22] және сынаманың
математикалық теориясы [52], кәсіпқой әрекет, сонымен қатар спорт
нәтижелерін бақылау теориясы [53, 26, 27] жайындағы біздің біліміміздің
өсуімен, ең бастысы дене тәрбиесі процесінің құрылым заңдылықтарын
тереңірек түсінуімізге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық
аспектілерін нақты түрде қарастыру мүмкіндігін, дене тәрбиесі қозғалыс
дайындық жүйесінде педагогикалық бақылаудың жалпы негізін қалыптастыру
пайда болды.
Практикалық көзқарас тұрғысынан бақылау жүйесін құруда қойылатын
сұрақтың қорытындысы негізгі екі мәселеге әкелді:
1. Сынаманы құру мәселесі - бақылау ретінде потенциалды қолдануға
болатын дене жаттығуларының шексіз көп түрлері бар. Олардың ерекшеліктерін
қалай таңдап алуға болады? Осы "ерекше" жаттығуларды таңдауды жүргізетін
белгі ғылыми тұрғыдан негізделген болуы қажет;
2. Бағалау мәселелері - бағалау [нашар - жақсы - өте жақсы]
нәтижелері ретінде қарастырылатын жетістіктер деңгейін қалай анықтауға
болады?
Әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесі құрылымының мәселелері кемінде
төмендегідей екі сұраққа жауап алуды қарастырады:
а) Объективті қаншалықты қозғалыс сапасы бар болады?
б) Қандай сынамалар әрбір қозғалыс сапасы мен тұрғыдан, оның құрамдас
бөліктерін ерекше түрде сипаттайды?
Фактілерді талдау [ФТ] терминдерінде дене тәрбиесі құрылымын зерттеу -
жорамалданған (гипотезалық) қозғалыс сапасын сипаттайтын, кейде жеткілікті
кең қозғалысты тапсырмалар тобының орындалуына әсер ететін фактілердің
пайда болуына өкелді.
Жылдам қозғалыс сапасы [тездету] - 1938 жылы әртүрлі қозғалыс
тапсырмаларының жылдамдығын сипаттайтын бірдей фактілердің болатындығы
туралы қорытыңды жасалды. Бұл көзқарас ұзаққа бармады. Мысалы, кейбір
авторлар [63] қарсы әсер жылдамдығы мен қозғалыс жылдамдығының арасында
төменгі статистика бойынша, өзара байланыстылық бар екендігін атап
көрсетті. Ал басқа авторлар, [62, 63, 66] керісінше, тез қозғалу мен қарсы
әсер мүмкіндіктері арқасында ешқандай байланыс жоқ деп тұжырымдайды.
Америкалық зерттеулерде верифицириялық екі фактор жиі кездеседі.
а) Локамация жылдамдығы;
б) Соңғы қозғалыс жылдамдығы.
Адамның жылдамдық мүмкіндіктері түрлерінің байқалу ерекшеліктерінің
табылуы мен олардың арасында өзара байланыстың болуымен әрбір түрде
неғұрлым жекелей және тереңірек оқып үйренуді талап етіп [20], құрылымдарды
зерттеуді, мысалы, қозғалыстардың ең жоғары қарқыны қарапайым қозғалыстың,
сонымен қатар кешенді қозғалыстың ең жоғарғы қарқынының тәуелсіз
көрсеткіштерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл факті әртүрлі қозғалыс
тапсырмаларында көрінген адамның ерекше жоғары жылдамдық мүмкіндіктерін
жетілдіруге жағдай жасайды.
Төзімділік факторының құрылымы - дене тәрбиесінің отандық теориясы мен
практикасында төзімділіктің әр түрін, жалпылама жылдамдықты, күштілікті
[47] арнайы төзімділікті статистикалық күшейтуде, сондай-ақ секіру
төзімділігін белгілейді. Төзімділіктің құрылымын оқып-үйретуде факторлы
талдауды пайдалану әрекеті бірнеше рет қолданылады.
Дене тәрбиесіндегі дененің қимыл-қозғалыс қабілеттерінің сұрақтарына
сынамалардың бастапқы іс-тәжірибесінде қолданылатын (шалқалап және етпеттеп
жату жағдайында аяқты көтеру) қозғалыс тапсырмаларын енгізген америка
ғалымдарының еңбектері жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді [63, 46].
Төзімділікті және балаларды бағалау жағдайында ең жоғарғы [максимумнан]
60% жылдамдықпен жүгіру - осы сапаны бағалау үшін пайдалануы мүмкін
екендігі сынамасында (кермеде тартылу, шалқалап және етпеттеп жату
жағдайында аяқты және кеудені көтеру, 2000 м. жүгіру), бақылау жұмысында
көрсетілген [46].
Дағды әрекетінің себептері және жүрек қан тамырлары жүйесі жағдайы
[47], төзімділікті қалыптастыру жетістігін анықтайтындығы көрсетілген.
Сонымен қатар жүйке жүйесінің кейбір қасиеттері, төзімділікті анықтаушы
негізгі факторлардың бірі болатыны туралы болжам жасалған.
Күш мүмкіндіктерінің факторлық құрылымы - негізінен үш фактормен
сипатталады: статистикалық, динамикалық күш және жылдам күш мүмкіндігі.
Статистикалық және динамикалық күш факторларының ортоганальдық бөліну
факторлары көрініс бермейді, өйткені күш мүмкіндіктері бұл түрлердің осы
жаста пайда болуының физиологиялық механизмдері әртүрлі.
Күш мүмкіндіктершің көрсетілген түрлері, негізгі болғандықтан, әрине,
адам көрсетуінің әр түрлілігі тамамдалып қалмайды [47].
Кейбір зерттеулерде [61, 63], мысалы, "жарылғыш күшкең теңестірілген
фактор пайда болған.
Күш сапаларын анықтайтын факторларды бағалау әдістері олардың
антропометриялық белгілермен және басқа да қозғалыс сапаларымен, сонымен
қатар жүйелеудің физиологиялық механизмдерімен тәрбиелеудің әдістері өзара
тығыз байланысты.
Статистикалық күштерді бағалау үшін ең көп қолданылатын сынамалар
(диномометр) күштің ең жоғарғы [максималді] көрсеткішінен, күш салып
белгілі бір пайызын ұстап тұру ұзақтығы [ 116] және асықпай сығымдау
қимылдары диномометрде ең жоғарғы [максималді] күштен әр түрлі 75% ұстап
тұру сынама болып табылады. Бұл сынама аз уақыт ішінде шаршағандықты
көрсетеді және зерттеуге кететін шығынды екі еседей қысқартады.
Күштілік спорт мүмкіндіктерін бағалау үшін спортты педагогикалық іс-
тәжірибеде көбінесе сынамалардың келесі түрлері қолданылады: ұзаққа секіру,
орнында тұрын биіктікке секіру, [қолды сілтеп және сілтемей], үш қадамдап
секіру, 30, 60, 100 метрге жүгіру, қайта жүгіру жүгіру, тығыздалған допты
лақтыру. Қолға және аякқа арналған сынамалардың арасында өзара
байланыстылық бары анықталды.
Иілгіштік факторларының құрылымы - "Иілгіштікң сапасы спортпен тиімді
айналысуға [10] байланысты, даму деңгейінен адамның моторикалық құрамдас
бөлімі ретінде қарастырылды.
Іc-тәжірибеде бұл сапаны бағалау үшін әдістердің кең жиынтығын
қолданады [1-кестені қараңыз].
Икемділікті бағалау үшін қолданылатын барлық әдістер екі топқа
бөлінеді:
1. Алынған нәтижені бұрыштық өлшеммен білдіретін, арнайы құралдардың
көмегімен [мысалы, гипометрлер] буындардағы қимылдарды бағалауға мүмкіндік
ететін әдістер.
2. Қозғалудың әртүрлілігі және сызықты шамамен берілетін, буындағы
қозғалысты бағалауга мүмкіндік беретін жай бейімділіктілер.
Екінші топтың әдістері спортты - педагогикалық зерттеулер іс-тәжірибеде
жиі қолданылады және дұрыстығы аз деп есептелінеді.
Ептілік факторларының құрылымы - бірқатар зерттеулерде жиі аталып
жүрген, үйлесімділіктің жалпы айқындалған факторлары бойынша мамандар
арасында "Ептілік" туралы түсінік жайлы біркелкі ой пікір жоқ. Бұны тез
үйренудің қабілеттілігі және ауыспалы жағдайға сай қозғалыс әрекетін тез
өзгерту деп те есептейді. Америкалық әдебиеттерде ептілік деп дене
қозғалысының бағытын тез өзгерту қабілеттілігін немесе кеңістіктегі оның
бағдарын айтады.
Ептілік - адамның бағытталған қимылына, статистикалық және динамикалық
теңдікке, көру, қозғалыс және вестибулярлық тітіркендіргіштер өзгерген
жағдайға (еңбек, тұрмыс, спорт) байланысты кеңістікте өз денесін игеруі
және басқаруы. Ептілік - еңбек процесін арттыруға қажетті бұлшық ет қимылын
жүргізу, қажет уақытта дене теңдігін ұстау, өндірістегі және спортта
болатын жарақаттарды төмендету болып табылады.
Қорыта айтқанда, ептілік оқушылардың қозғалыс белсенділігінің
дәрежесімен және пубертатты кезеңнің әсерімен, ағзаның және физиологиялық
мүмкіндіктерінін, өзгеруімен, көбінесе келісіп алынған жинақты, көп
факторлы күштер болып бекітілген.
Сондықтан күштерді шынықтыру барысында, ағзаның жас ерекшеліктеріне,
мамандығына, таңдап алынған спорттық ойындардың түрінен басталған бұлшық ет
топтары күштерінің дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Үлкен адамға тән
деңгейге тек 16-20 жаста жететін бұлшық ет күштерінің айрықша өсуі болатын
жас кезеңде жүктемені төмендетпеу маңызды. Бүған осы жас кезендегі дене
салмағының өсіп жетілуі ғана мүмкіндік туғызады. Бұлшық еттің жылдамдығын
арттыру, ұзақ статистикалық ширығуға үдемелі мүмкіндік, бұлшық ет -
антоганистердің әрекетін бұлшық-ет - синергистердегі функциональді моторлы
бірліктердің ең көп санын тез жұмылдыруды камтамасыз ететін қозғалыс
үйлестігін арттыру ерекше мәнге ие болады.
1.3. Дене тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің
мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесінің ерекшелік мәліметтерін ұғыну, дене жаттығуларын
орындауға себептерін оятудан, табиғаттың нақты факторларын тиімді
пайдаланудан және жеке бастың, сондай-ақ, қоғамның мақсаттарға жеткізетін
өмір сүруді қалыптастырудан тұрады. Дене тәрбиесінің соңғы детерминировалды
әлеуметтік мақсаты мемлекет пен қоғамның қызығушылығына қарсы анықталған.
Сондықтан, дене тәрбиесі қоғамның әлеуметтік жағдайының адамға әсер ету
түрі деп қарастыруға болады. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жүйесінің
мақсаттары әр уақытта ауысып тұрады. Бірақ та жастардың дене тәрбиесінің
мақсаты - әрқашан спорттық нәтижеге жеткізу емес, олардың денсаулығын
нығайту. Өйткені, әлеуметтік және экономикалық жағдайда емір сүрудің
негізгі қайнар көзі кажетті денсаулықтың жоғарғы деңгейге жетуі болады.
[24, 25] қазіргі дене тәрбиесі теориясының негізін салушылар: дене
жаттығуларының тазалық сақтау [гигиеналық] шаралары және табиғаттың нақты
күштерінің өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін әсерінің ұйымдастырылған
процесі, денсаулықты қорғау және нығайту, жеке бастың үйлесімді дамуы,
қоғам талаптарына сай білімнің дұрыс және дағдының дұрыс қалыптасу
мақсатында жүзеге асыруды керек деп есептейді.
Дене тәрбиесі педагогикасын дамытуда Қазақстан ғалымдарының [5, 20, 27,
28, 8, 25, 10,12, 13, 34, 33, 15, 29, 30] іргелі жұмыстары үлкен роль
атқарады.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің негізгі құрылымы, сабақтағы дене
жаттығуларының ең негізгі мақсаты - денені қозғалысқа келтіру, денені
қозғауға болатын дене жаттығуларымен айналысу болып табылады. Қозғалыс -
бұлшық етті шынықтырудың қайнар көзі, физиологиялық механизмдерді және
көптеген морфологиялық қызмет атқаратын мүшелер жүйесін ретке келтіреді.
Қозғалыстың белгілі мақсатқа негізделуін шұғыл дәл қазіргі және ұзақ
мерзімді мақсатқа сай анықтайды. Бірақ та, жаттығудың нақты бір түрі
қажетті бағытта және белгілі табысқа жетуге итермелейді, өйткені дене
бөліктерінің қозғалысын реттей отырып, спорттық құрал-жабдықтар мен
тренажер жабдықтары арқылы міндеттеген нәтижелерге қол жетеді. Кешенді
жаттығулар мен олардың жеке бөлімдерін орындау, қандай да бір дене сапасын
игеруге және оны дамытуға әсер етеді, сонымен бірге икемділік пен
мүмкіндікті қалыптастырады. Ұзақ мерзім дене тәрбиесімен айналысу
денсаулықты жетілдіруге, табандылықка тәрбиелеуге еңбек сүйгіштікке, өзін-
езі тәрбиелеуге және де мінез-құлықтың басқа да сапасы мен түрлерінің
дамуына әсер етеді.
Дене тәрбиесі адам ағзасының табиғи, биологиялық дамуын әлеуметтік
формалардың ықпалы ретінде қарастыра отырын, жергілікті тұрғындардың
денсаулығын қорғайтын мемлекеттегі әлеуметтік шараларды ұйымдастырудағы
жеке басты алдын-ала сауықтыру жұмыстары мен қоғамда салауатты өмір салтын
қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқушылардың дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-
экономикалық аспектілердің ерекшелігін атап көрсетеді. Белгілі бір мақсатта
қолданылған дене тәрбиесінің орташа нәтижесі және салдары еңбекке күшті
әсер етіп, қауіпті жағдайлардан, жарақаттанудан сақтап, тіпті адам өлімін
азайтады. Оқушылардың дене тәрбиесін бағалаудағы негізгі мақсат денсаулықты
жақсаруының көрсеткіші, аурулардың алдын-алу және өсіп келе жатқан ағзаның
функциональдық мүмкіндіктерін жоғарылату деп көрсетеді.
Қазақстаңда қолданылын жүрген мектеп жасына дейінгі балалардың, жалпы
білім беретін мектеп және КТУ-оқушыларының дене тәрбиесінің мемлекеттік
бағдарламасы ең алдымен сауықтыру мәселелерін шешуді қарастырады. Қазіргі
қоғамда дене тәрбиесінің негізгі мақсаты - денсаулықты қорғау және нығайту,
адамның әртүрлі әлеуметтік функцияларды орындауға "морфофункционалды
дайындығы", үйлесімді және жан-жақты дамуына әсер ету. Бұл мақсат -
ғылымның және практикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz