Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік –мәдени
құзырлығын қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік -мәдени құзырлығын
қалыптастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру
мәселесінің теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастыру
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..17
1.3 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастырудың сипаты, өлшемдері мен
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...45
2.1 Дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың
педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...45
2.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын

... ... ... ... ..51
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері және
оларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .74
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық
өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-
мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта
ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени
проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын
ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып
келеді.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар
аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады.
Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби
даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру
мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып
отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу
әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті
мәселелердің бірі екені белгілі.
Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен
ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің
әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми
әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені
байқалды.
Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруның
негізгі жолы – тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған
дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. [3,4,5]
адамдар арасындағы әлеуметтік мәселесіне, мәдениеттілік, оның
қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Орта
ғасырлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-
пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев [6,7,8] мұраларында жалғасын тапты.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі
зерттеулер жүргізуде. Мәселен, мынадай еңбектер: педагогикалық әлеуметтік
этномәдени аспектілері Е.Омар, С.А.Ұзақбаева, К.А.Оразбаева,
К.Ж.Қожахметова т.б. [9,10,11,12], болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық
сапаларын қалыптастыру және оның оқу-тәрбие үрдісінде жетілдіру
Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, А.К.Керимов т.б. [13,14,15], жоғары оқу
орындарында болашақ маман даярлау мәселелерінің мәдени құзырлығын
қалыптастырумен К.М.Беркімбаев, Г.Э.Белицкая, К.Құдайбергенова,
Б.А.Тұрғынбаева, Г.Ниязова т.б. [16,17,18,19,20], жастардың дене тәрбиесін
және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру М.Таникеев, Б.М.Сапарбаев,
Б.А.Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, Қ.Т.Жанабаев, Т.А.Ботағариев, Б.Қ.Мұхамеджанов
т.б.[21,22,23,24,25,26,27] еңбектерін атап өтуге болады.
Әлеуметтену-бұл өмiр сүру үшiн қажеттi бiлiмдердi, нормаларды, мәдени
құндылықтарды менгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмiрінiң соңына дейiн
әлеуметтену процесiн өтедi.
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар болашақ мұғалімдердің
әлеуметтік-мәдени құзырлығы мәселесінің мән-маңызына айрықша ден қоюда.
Сондықтан болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.
Демек, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т.б. әдебиеттерге
жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау
үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті
шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін
дәлелдейді. Сондықтан қазіргі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің
әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру қажеттігі мен педагогика
ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір
талабына сай ұйымдастыру мен әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың
арнайы әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу зерттеу
проблемасын айқындап, тақырыпты “Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-
мәдени құзырлығын қалыптастыру” деп таңдауымызға себепші болды.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми
болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен
қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетілді.
“Дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастырудың теориялық негіздері” атты бірінші тарауда жоғары оқу
орындарында дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени
құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған
мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып
көрсетілді. Соның негізінде дене мәдениеті мамандығы студенттерінің
әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үлгісі мен деңгейлеріне сипаттама
берілді.

қалыптастырудың әдістемесі және эксперименттік жұмыстар нәтижелері” атты
екінші тарауда дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени
құзырлығын қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы оқу-тәрбие
үрдісіндегі мүмкіндіктері мен әдістемесі, тәжірибелік-эксперимент
жұмыстарының мазмұны, зерттеу нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып,
негізгі тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар берілді, осы саладағы
болашақта зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалды.
Қосымшада болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени
құзырлығын қалыптастыруға байланысты қосымша әдістемелік нұсқаулар,
карталар, сауалнамалар мен тренинг үлгілері берілді.
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын
қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері
Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымызды, туысқандарымызды,
әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн
адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар
тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап,
қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға
бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де
әлеуметтенуге жатады. Бала туылған кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi,
яғни жанұяда әлеуметтенедi. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да
көп нәрсенi үйренiп бiлiм алады. Одан кейiн жоғары оқу орнына түседi немесе
жұмыс iстейдi, Мұнда да бiлiмiн тереңдетедi, қасындағы достарына, жұмыс
ұжымына бейiмделедi. Ослай әлеуметтену жалғаса бередi.
Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге, қартайғандыққа
байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге
дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi.
Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендiру деген ұғым бар. Әлеуметтену- бұл
үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру-
бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда
айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс
ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.
Адам әлеуметтену процесiн өту арқылы қоғамдағы тәжiрибенi, құнды
бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сiңiрiп, меңгерiп өмiрде қолданады.
Сөйтiп қоғамды одан әрi жетiлдiрiп, дамыта отырып өзi жаңа сапа, қасиетке,
тұлғалыққа ие болады.
Әлеуметтендiрудiң нақтылы жолдары болады. Олар:
а) iс әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
ә) қарым-қатынас, бұл- адамдардың бiр бiрiмен ұдайы, үздiксiз алуан түрлi
қатынастарда болуын талап етедi.
б) өзiндiк сана-сезiмдi дамыту, бұған ми және жүректiң өз бетiнше қызымет
етуi жатады.
Мәдениет пен адамның белгілі бір шамада өзара байланысын қарастыратын
Ә.Қоңыратбаев, Б.Г.Нұржанова, Э.Фромм еңбектері [28,29,30] қызығушылық
тудырады, мәселен, мәдениет адам және адамзаттың барлық сала мен бағыттарда
дамуының, жеке тұлғаның рухани жетілдіруіне қызмет ететін жағдайында,
жиынтығы ретінде ұсынылған мәдениет мәнінде адамның қажеттіліктерін
қанағаттандыру құралдарын табу барысында еңбектену үдерісінде жасаған
туындыларының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл еңбектерде білім беру
және мәдениет түсініктері қатар қойылған: мәдениет – тәжірибе жинақтау,
білім беру – бұл қимыл, қозғалыс үстіндегі мәдениетті іс-әрекет.
Мәдениет ұғымы (латын тілінен cultura – өңдеу, өсіру, тәрбиелеу, білім
беру, дамыту, жетілдіру) барлық адамзаттың ақыл-ойы, күш-жігерімен пайда
болатын рухани өсуін білдіреді. Ғылым, техника, өнер, әдебиет, қоғамдық
даму т.б. да осыған жатады. Мәдениет тасымалдаушылары ішінде белсенді тұлға
педагог болып табылады. Бұл жағдай оларға өзін-өзі жетілдіруге үнемі
ұмтылысын көрсететін, тәжірибелік іс-әрекет үрдісінде педагогикалық
мәдениет негіздері бойынша белгілі бір талаптар жүйесін меңгеруін
айқындайды.
Тұлға мәдениеті ұғымы түрлі әдебиеттерде талқыланғанымен, зерттеулер
нәтижесі бүгінгі таңда ғылыми негіздемесінің толымсыздығын байқатады. Тұлға
мәдениеті феноменін анықтау күрделілігі тұлғалық қасиеттер мен
сипаттамалардың өзгермелілігіне байланысты. Авторлардың бір тобы тұлға
мәдениеті анықтамасын рухани және адамгершілік тұлғалық сапалары мен
қасиеттер жиынтығы ретінде қарастырса [31], екінші біреулері индивидтің
даму деңгейіне сай материалдық және рухани құндылықтардың деңгейі ретінде
талдау жасайды [32], үшінші топ тұлғаның әлеуметтену нәтижесі ретінде [33],
ал төртіншілері қабілеттер жүйесі мен білім жиынтығы ретінде қарастырады
[34].
Тұлға мәдениеті ұғымына берілген түрлі анықтамаларға қарамастан, тұлға
мәдениетін қалыптастыру – қоғамның әлеуметтік талаптарына сәйкес
басқарылатын үдеріс, өйткені базалық мәдениет ұғымына сай әлеуметтік орта
мен жағдай ғана адамды өзгертіп қоймайды, сонымен қатар адам өзі ортаны
және өмір сүру шарттарын өзгерте отырып, өзі өзгереді, дамиды.
Сонымен, тұлға мәдениеті - материалдық және рухани құндылықтарды
жасақтау мақсатында тұлғалық қабілеттерді іс-әрекет негізінде шығармашылық
тұрғыда дамыту болып табылады.
А.А.Бодалев пікірінше, тұлғаның мәдени деңгейін көтерудегі негізгі
қозғаушы күш - адамның ынтасы мен өзіндік сұранысы болып табылады. Адам
қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – тұлға ретінде өзін-өзі жүзеге
асыру қажеттілігі болып саналады. Аталған қажеттіліктің негізін адамның
ойлауға, қарым-қатынасқа, еңбекке деген қабілеті құрайды [35].
Тұлға мәдениетінің мазмұны адамның дамуы дегенді білдіреді. Тұлға
мәдениеті сипаттамасы оны шартты түрде жалпы және кәсіби арнаулы бөлінуге
әкеледі. Осыған байланысты жалпы мәдениетті гуманитарлық негіз, ал кәсіби
мәдениеттің негізін таңдаған мамандыққа сай арнайы дайындық, қабілет пен
білім құрайды.
В.С.Библер пікіріне сүйенсек, жалпы мәдениет дүниетанудың жалпы
заңдылықтарына сүйене отырып, адам қызметінің барлық салаларында байқалады,
ал кәсіби мәдениет тұлғаның белгілі бір салада іс-әрекетін жаңарту қабілеті
мен таным ретінде қарастырылады [36].
Сонымен, жалпы мәдениет білімділіктің жоғары деңгейі ғана емес, сонымен
қатар адамның рухани күш-жігерінің жан-жақты дамуы, белсенді ұстаным мен
тұлғаның өзін-өзі және қоршаған ортаны жаңғыртуға бейімділігі, яғни іс-
әрекет барысында кешенді жүзеге асырылатын қабілеттерден тұрады.
Жоғарыда айтылғандай, тұлғаның мәдени дамуының өлшемі ретінде кәсіби іс-
әрекет мәдениеті есепке алынады.
Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беру мен оқыту
үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Тұлғаның бәсекеге қабілетті моделін құраушылардың маңыздысының бірі
кәсіпқой маманға табысты бағдарлануға мүмкіндік беретін, іскерлік және
мәдениетаралық байланысты орнатe іскерлігін меңгеру болып табылады.
Білім беру стандарттарында көрсетілген құзырлылықтарды қалыптастыру
талаптарында білім берудің жаңа парадигмасына көшу, әлеуметтік-мәдени қарым-
қатынасқа дайындықты қалыптастыру талап етіледі.
Кілттік құзырлылық қалыптастыру технологиясын А.В.Хуторский,
М.В.Рыжаков, Н.Хомский, Дж.Равен және т.б. жасап шығарған [37, 38, 39, 40].
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен
жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан
шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс. Сондықтанда
кәсіби орта білімді мұғалімдерді даярлайтын ұжымдардың дәріс беруші
оқытушылары да педагогтар қауымына ұсынылып отырған заман талабын бұлжытпай
атқаруы міндетті деп санаймын.
Бүгінгі оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр
саясатындағы мақсаттарына сайма-сай болып шығуы қажет, яғни олар еліміздің
әлеуметтік экономикалық жоғарғы қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге
қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей
кадр болып шығуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандықтар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал
қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны
баршамызға аян.
“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста,
әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді.
Мысалы, әдебиеттерде “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) –
анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу
немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.
Қазіргі кезде құзырларқұзырлылықтар негізінде жоғары білім берудің
мемлекеттік стандарттары мен оқытушыларды аттестациялау процедураларының
мазмұнын өзгерту бойынша жұмыстар кең тұрғыда жалғастырылуда. Осы бағытта
жоғары білім берудің дене шынықтыру және спорт мамандығына арналған
мемлекеттік стандартының мәтінінде білім беру құзырлары болатын негізгі
жағдайлар белгіленген.
Білім беру құзырлары - бұл болашақ мұғалімнің мағыналық бағдарлары,
білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге
асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты
тәжірибелерінің жиынтығы.
Құзырлылық ұғымы жайлы авторлар былай дейді: Құзырлылық ұғымы соңғы
жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл
аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен
аудармасы competens белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген
мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде
шешім шығара алады дегенді білдіреді десе [19], бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту еңбегінде ...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз
өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз деп
анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша Құзырлылық
дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын
білімділігі мен абыройлылығы деді [41, б-98].
Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда, жастардың
кәсіптік дайындығының сапасы мен кәсіптік шеберлігінің деңгейі сәттіліктің
кепілі бола алады. Кәсіптік оқу орындарының міндеті мамандарды дайындауда
кәсіптік оқытуды жақсарту және оны іске асыруда әдістердің тиімділігін
арттыруды көздейді. Кәсіптік оқу орнында оқыту процесін іске асыру,
педагогтың саналы іс-әрекет жасай алу қабілетіне байланысты.
Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге
бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан
басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-
әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін,
қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу
қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда
болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне
байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби
міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты
меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог
құзырлылығымен шешіледі.
Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы
болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлылық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары
негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек
нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға
деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі.
Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір
кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған
талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.
Мұғалім құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді
меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге
ұмтылған маман. Мұғалім мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан
мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар
мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын,
біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен рөл
атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің
кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне,
білімгерлердің психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-
өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға
(болашақ мұғалімдерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық
тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары
мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға
бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үдерісінің білім
беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек,
сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық
көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
Болашақ мұғалімдердің шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында
мәліметтерді пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру
арқылы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.
Ал қазіргі мұғалім, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт
бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар
мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды
көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге
де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Оқыту мен жетілдірудің жаңа технологиясын белсенді енгізуге қолдау
көрсету міндет.
Кесте 1. Н.В. Кузмина белгілеуі бойынша мұғалім құзырлылығы
Дифференциал-ды- Коммуникативтік Арнайы Әдістемелік Аутопси-
психологиялық (әлеуметтік- және хологиялық
психолоиялық) кәсіптік
Білімгердің жеке,Мұғалімнің Сабақ Әдіс-тәсілдер Жетістіктері
жас, ата-ана, беретін мен мен
психологиялық әріптестері, пәнін технологиялар-долқылықта-рын
ерекшеліктері оқушылармен терең ы қолдануы білуі, жою
қарым-қатынасы меңгеруі үшін жұмыс
істеуі
Әрбір елдің білім беруі, сол елдің даму сатысын сипаттайтын нақты-
тарихи шарттарға байланысты болып табылады деп болжалады. Егер қоғамда
әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, соның салдарынан
білім беру жүйесі де өзгереді. Біздің елімізде ұзақ уақыттар бойына
дәстүрлі деп саналатын білім түрі қалыптасты. Қазіргі уақытта білім беру
жүйесінде дәстүрлі білім беруден тұлғалық-бағытталған білім беру түріне өту
байқалып жатыр. Дәстүрлі білім беру арқылы тек білім бағыты көзге түседі.
Тұлғалық-бағытталған білім беру дәстүрлі білім беруді жоққа
шығармайды, сонымен бірге бірқатар келесі артықшылықтарға ие: ғылымның,
техника мен өндірістің кең спектріне бағытталған кадрлар даярлау; түрлі
мамандар дайындаудың жан-жақты сипаты; іргелі дайындықтың жоғары деңгейі;
кәсіби іс-әрекетке бағыты және тәжірибемен тығыз байланыстылығы.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер дәстүрлі жоғары оқу орнының
кемшіліктеріне дәлел болғандай. Дәстүрлі білім беру тұлғаның мәдени және
рухани дамуына айтарлықтай зиян келтірді.
Білім берудің дәстүрлі парадигмасынан гуманистік типтегі тұлғалық-
бағытталған білім беру түріне ауысуы білім беру жүйесін дағдарыстан алып
шығуы тиіс.
Т.И.Саломатова [42] көзқарасы айрықша қызығушылық тудырады: “мәдениет
- адам мен әлемнің өзара қарым-қатынасында ерекше рольге ие, ол табиғат пен
қоғамды, сонымен қоса адамның өзінің ішкі әлемін, оның қалыптасу және
дамуында ерекше мәнді болып табылады”. Автор адам мәдениетінің танылуының
үш түрін ажыратады: мәдениеттік (мәдениет жасаушы, мәдениет туындаушы) іс-
әрекет, мәдени болмысты меңгеру, адамзат жинақтаған мәдени байлықты игеру;
мәдениеттің жеке тұлғалық тұрғыда танылуы, яғни адамның барлық күнделікті
іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта, өмір сүру қалпында күштерін
жүзеге асыруы.
Адамның мәдениеттілігі жоғарыда аталған түрлерде жоғары деңгейде
танылған сайын, бұл түрлер үйлесе үндеседі және оларда мәдениет жасаушылық
іс-әрекет адамның негізгі әлеуетін танытудың әлдеқайда белсенді әрі
шығармашыл түрі ретінде маңызды сипатқа ие болады. Жоғарыда айтылған
түрлердің бәрі іс жүзінде педагогикалық қызмет барысында іске асырылуы
тиіс.
Болашақ мұғалімнің, оның мәдениетінің, жеке тұлғасының қалыптасуының
теориясы мен тәжірибесі үшін, мәдениетті шығармашылық іс-әрекет және жеке
тұлғаның осы іс-әрекет үдерісі мен нәтижелері біртұтас өзін-өзі жүзеге
асыруы, яғни өзінің маңызды күштерін жүзеге асыру мен дамыту көзқарасы
тұрғысынан қарастыру маңызды болып табылады. Бастапқы көзқарасты негіздеу
үшін іс-әрекет, маңызды күштер, шығармашылық ұғымдарының мазмұнын
айқындау қажет.
Арнайы зерттеулер пәні болып табылатын іс-әрекет ұғымы – адамның
қоршаған әлемге белсенді қарым-қатынасының ерекше түрі, оның мазмұнын
мақсатқа орай өзгеру мен қайта жаңғыруын құрайтынын атап өтеміз. Адам өз іс-
әрекет үдерісінде өзін қоршаған ортаны қайта жаңғыртады және осының
негізінде өзін өзгертеді, яғни адамның маңызды күштерінің шоғырлануы мен
саралану, олардың, игерілуі,өмірлік үдеріске қосылуы жүргізіледі.
Іс-әрекет пен мәдениет бір-біріне өзара тоғысқан диалектикалық
тұтастықты құрайды. Іс-әрекет мәдениетті өндіреді және оған шынайы болмыс
береді, ал мәдениет іс-әрекетті ұйымдастырады, реттейді оның тәсілдерін,
тиімділігін, оны жетілдіруге қажетті әрі мүмкін бағыттарды айқындайды. Іс-
әрекетке өз субстанциясы тұрғысында қатынастағы мәдениет адамның елеулі
күші жинақталатын ішкі ұйымдастырылуын құрайды [43, 53-б.].
Сөйтіп, іс-әрекет бір жағынан, жеке тұлғаның елеулі сапаларын дамыту
көзі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, іс-әрекетте адамның негізгі
күштері танылады, әрі жинақталады.
Адам іс-әрекет үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырып, өзінің
адамдық табиғатын шынайы негізгі сапалар арқылы танытады.
Адам заттық әлемді жасай отырып, өзінің ерекше адамдық немесе негізгі
қасиеттерін дамытады. Негізгі қасиеттер ықпалын тигізе отырып, адамның
сапалық көрінісіне айналады, дегенмен негізгі сапалар да мәдениетпен
біртұтастықта танылады. Мәдениет адамдық сипатқа ие, онда адамның өмір
сүретін қоғамдық қарым-қатынастары, қоғам тәжірибесі, білім-біліктері
көрінеді. Олар мәдениет болмысының түрі ретінде өзінде адамның маңызды
сапалары қаншалықты көрініс табуы мен жүзеге асырылуының сипаттамасын
түзеді [44,15-б.].
Әлеуметтік-мәдени іс-әрекет - адамның ерекше іс-әрекеті ретінде өз мәні
бойынша шығармашылық іс-әрекет болып табылады. Адам өз іс-әрекетінің тарихи
сипатының арқасында ғана бар мәдениетті меңгерумен шектелмейді, мәдениетті
де, оны құрушы ретінде өзін-өзі де өзгертетін, дамытатын, жетілдіретін
жасаушы тұлға болып табылады.
Сөйтіп, жоғарыда баяндалған мәселені жалпылай келе, мынадай тұжырымдарды
жасауға болады: біріншіден, әлеуметтік-мәдени мәнін ашу көп аспектілі тәсіл
негізінде мүмкін болады; екіншіден, мәдениет - әлеуметтік тәжірибені сақтау
мен жеткізудің әмбебап құралы болып табылады; үшіншіден, мәдениеттің мәнін
анықтауға орай, жеке тұлға мәдениетін, кәсіптік және педагогикалық қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін әдіснамалық негіз ретінде қабылдауға
болады деп есептейміз.
Зерттеу жұмыстарын талдау нәтижелері кәсіби педагогикалық этиканы
педагогтың адамгершілік тәрбие нормасының жүйесі, оның педагогикалық ұжым,
оқушылар, олардың ата-аналары мен қоғам алдындағы жауапкершілігі ретінде
түсінуге мүмкіндік береді; педагогикалық этиканың негізі қағидалары
-ізгілік, ұжымшылдық, кәсіби борыш, педагогикалық бедел, болашаққа
сенімділік және адалдық болып саналады.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер адамдардың арасында байланысты
орнатуын, тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілдіруін, қарым-қатынасқа
қатысушылардың арасындағы өзара байланыстың дамуын, топтық үрдістердің
тиімділігі мен топтардың пайда болуын, топтық бірлікті және бүтіндікті
қамтиды. Сонымен қатар, бұл міндеттерге қоғамдағы тұлғаның дамуымен
байланысты, оның әлеуметтендіруімен және қоғамда мүше ретінде
қалыптасуымен, тұлғаның сана-сезімі, еліктеу, сендіру, топтық қысым көрсету
және топтық санкция ықпалдарымен қалыптасуы жатады.
Әлеуметтік міндеттер өзіндік және қоғамдық тәжірибенің алдыңғы ұрпақтан
келесі ұрпаққа тапсыру, сабақтастықты қамтамасыз ету және адам өмірінде
дамыту; әлеуметтік әрекеттесуді ұйымдастыру; қоғамдық қатынастардың барлық
түрлерін қалыптастыруға (ойындық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық)
бағытталған.
Қорыта келе, әлеуметтік-мәдени негізінде терең психологиялық-
педагогикалық танымдар, әр бағыттағы білімділік, үнемі педагогикалық ойды
жетілдіру, жұмыс нәтижесіне іштей қанағаттанушылық, өзіндік сыншылдық,
жүйелі кәсіптік әрекетке ұмтылыс (оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға),
мәжбүрлеусіз оқу-тәрбие ісіне толық берілу жатады да, ал ішкі
қажеттіліктерге назар аударсақ, өзіндік еркіндік; рухани байлық, ұнамды
тазалық, педагогикалық этика, шығармашылық, жаңашылдық, ізденімпаздық
жатады.
Ұлы ғұлама әл – Фараби [3, 19 б.] тәлім-тәрбие туралы былай деп
көрсеткен: Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген
этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы – өзіне-өзі адал
болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады.
Адамның әуелден тоқымашы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен
жаман қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Сөз жүзінде емес, мінез-
құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.
Денсаулық туралы даналық бойынша: Егер денің сау болса, онда оны
сақтамақ керек; ал, егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек. Егер тән
ауырса, көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылыс. Сондайда алдымен сазды
әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға
бастайды.
әл – Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық,
еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Дене
күші, рухани және ақыл-ой, осы үшеуі толық адамды үйлесімді жеке тұлға деп
атады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген теориялық талдаулар зерттеліп отырған
мәселенің қазіргі таңда жастарымыздың қазақ елінің ардақты, рухани санасы
мен мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор екенін
көрсетіп отыр.
Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні
дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден,
түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын
шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.
Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл
анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын
қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін
арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі
дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қазақстан
Республикасы бойынша дене тәрбиесі мемлекеттік дәрежеде жүйелі түрде
ұйымдастырылып келеді (1-сурет).
Педагогика ғылымы жеке тұлғаның ар-ожданына, денесіне зиянын
келтіретін “қисынсыз жарыстар” мен “төбелесқорлық” тәсілдердің дене
тәрбиесіне жат екенін уағыздайды.
Дейтұрғанмен, дене тәрбиесіне ұжым, қоғам, ұйымдармен қатар, әрбір
жеке тұлға аса зор жауапкершілікпен қарауға міндетті.
Тағы да ұлы Баукеңнің өмірлік көзқарасына жүгінер болсақ:
Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік [45,12 б.].
Жеке тұлға мен ұжымдық мақсаты бір болғандықтан, олар бір-бірімен
тығыз байланыста болып, бірін-бірі қуаттап отырады. “Жалғыз ағаш - орман
емес, жалғыз адам – қорған емес”, “Жалғыздық құдайға ғана жарасқан” деп,
халық жеке тұлғаның тек ұжымда ғана қалыптасатынын дәлелдеген.
1-сурет – Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
1.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени
құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктері
Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім
беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру
үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып
табылады. Бұл екі үдерістен: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асырудан тұрады. Білім
беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау мақсатында,
жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты
қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейін
даму тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы жасалды [46]. Онда білім
беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандардың білім сапасын
арттыру, оларды даярлаудың жаңа бағыттарын мен инновациялық дамуын
қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалдастығы, ғылыми
зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, білім беру және
ақпараттық технологияларды жетілдіруді көрсетеді.
Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және
жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне сай жоспарлы
интеграциялануы қазіргі заманның талаптарына сай жаңаша тәсілдерді талап
етеді. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың шығармашылық
мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім берудің кредиттік жүйесін енгізу
жағдайларында кәсіби бейімделуін, оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы
өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Құзырлылық ұғымы соңғы уақытта жалпы дидактикалық және әдіснамалық
деңгейде қолданысқа еніп отыр деп айтуға болады. Ғылыми әдебиеттерде
құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, бір нәрсені
жасау, оқушының қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы
ретінде қарастырылады.
Соmpetent сөзі французша компетентті заңға сай , латынша сай
болу, қабілетті, талап қою, жарамды, ағылшынша қабілетті деген
мағынаны білдіреді.
Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты компетенттілік жеке
тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу
қабілеті деген түсінік берілген. Осы компетенттілік шетелдік түсіндірме
сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған.
Компетенттілік (құзырлылық) деп оқушының алған білімі мен дағдыларын
тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады.
Компетентті ұғымының мазмұны мынадай екі аспектіде көрініс береді
1) Компетенттілікті меңгерген, заңға сәйкес
2) Белгілі бір саланы білетін тұлға.
Компетенция деп – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде
қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білім
мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы
қабілеттерді айтады.
Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы
компетенттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз
етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-
әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне
негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық.
Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді:
1) Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенциялар.
Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу және түрлі жиындарда өз
ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай
алу, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинақтап білуді меңгерту
жатады (кітаптан, газет-журналдардан, теле-радиохабарлардан,
интернеттен т.б.)
2) Мәдени іс-әрекетіндегі компетенцияларға бос уақытын өзінің рухани
және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиеттер оқу, түрлі
лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар,
конференциялар) жатады.
3) Тұрмыстық саладағы компетенциялар: жеке гигиенаға, өз денсаулығын
нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.
4) Әлеуметтік еңбек іс-әрекеттері саласындағы компетенциялар – бұл оқу
еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-
қатынас этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілік жүгін
арқалай білу.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің
еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:
1) Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;
2) Оқытудағы іс-әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды
ығыстырған;
3) Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады.
4) Мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады.
5) Мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-катынастар оқу ісі
әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.
Соңғы кезде елімізде білімге деген көзқарас өзгерді: бұрын ғылым-өндіріс-
білім деп қарайтын болсақ, қазір мәдениет- білім –тарих деп қарайтын
болдық. Бұдан орта білім берудің мақсаты нақтыланды: алған білімнің, кәсіби
дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай
алатын, өзінің алған білімін қолдана алатын, өзін-өзі дамытуға және
адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті
тұлға қалыптастыру.
Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу процесінің түрлі
кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктеріне, талпыныстары мен оқыту
мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі оқыту сапасы деп аталады.
Ал білім беру сапасы дегеніміз – бұл білім берудің белгілі бір нормалар
мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері
мен қажеттіліктеріне сай болуы.
С.И.Архангельскийдің пікірінше, ғылыми даму болашақ мұғалімдер
білімінің мазмұны мен деңгейіне, оның шығармашылық дамуына қойылатын
талаптарды өзгертеді. Ал, жоғары оқу орындарының дамуы өз кезегінде ғылыми-
техникалық даму шарттарының бірі болып табылады немесе онымен дайындалған
мамандар ғылым мен техниканың ары қарай дамуын іске асырады [47].
Біз “педагогикалық қызметтің кәсіби стандарты ретінде өзінің бүтіндігі
мен мүмкіндігін және педагогикалық қызметтің табыстылығын анықтайтын
қызметтік субъекттің (құзырлылық) сапасына қойылатын талаптар жүйесін
түсінеміз”, онда негізгі басқарушы құжат келесі төрт сапада іске асырылуы
тиіс:
1. Жоғары және арнайы орта педагогикалық білім берудің мазмұны мен
формаларын қайта құруға (модернизациялау, жаңарту, дамыту) негіз ретінде.
2. Мұғалім қызметін оның түрлі конкурстарда, әлеуметтік гранттық
жобаларда және т.б. қатысуын эксперименттік бағалау үшін негіз, яғни жақсы
мұғалім бағасының мемлекеттік деңгейде мектептегі бағасынан айырмашылығы
болмауы (мұғалім құзырлылығын басқарудың стратегиялық деңгейі).
3. Мұғалімнің кәсіби қызметінің (сапа, нәтижелік, ықпалдылық)
табыстылығын бағалау үшін негіз (мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық
деңгейі).
4. Диплом алды білім беру жүйесін үздіксіз педагогикалық білім беру
ресурсы ретінде мақсатқа бағдарлап жобалау үшін негіз (білім жетілдіру
курстары, аймақтық, қалалық семинарлар және т.б.) (мұғалім құзырлылығын
басқарудың тактикалық деңгейі).
Мұғалімнің құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейін мектеп,
әдістемелік орталықтар деңгейінде іске асыру, кәсіби қызмет сапасын бағалау
технологиясы тұрғысынан “мөлдірлікті” талап етеді, басқаша айтқанда, әрбір
мұғалім, аймақтық әдістемелік орталықтың әдіскері, әдістемелік орталық
басқарушысы – мұғалім жұмысының сапасын басқарушы барлық субъектілер кәсіби
білім беру стандартындағы әрбір сөзді бірдей деңгейде түсінулері тиіс.
Бұл: мұғалімнің кәсіпқойлылығының мониторингіне, оның жеке әдістемелік
жұмысының бағыттары мен формаларын бөлуге; жұмыс сапасы үшін үстемелер
ақыларды анықтауға негіз болады.
Демек, бұл құжаттардың әрбір сөздерінің мәнін біртұтас түсінілуіне
ұжымдағы психологиялық ахуал, әкімшілік пен мұғалім арасындағы сұхбат
мүмкіндігі тәуелді.
Жеке тұлғалық бағыт оқу жүйесі және оқу тәрбие ісінің (үйренуші мен
үйретушінің қарым-қатынасына, оқушымен оқу құралдарына т.б.) барлық
компоненттеріне әсер етеді, болашақ мұғалім үшін ыңғайлы оқу-тәрбие ортасын
құруға көмектеседі.
Болашақ маманның кәсіби тұлға болуының мәні – әрдайым білімін
жетілдіріп отыру, тәрбие мен қоғамдағы барлық сұрақтарға жауап іздеу,
тыныштық пен қамсыздыққа жол бермеу, қанша қиын болсада, зерделі адам
болуға ұмтылу. Қазіргі уақытта интеллект түрліше талдау кезеңін бастан
кешуде, жаңа мағыналар көбеюде, ескішілдіктен құтылу мен оған деген
қатынастың болымсыз жақтары көрініс табуда. Қазіргі интеллигентті адамға
ақыл мен білім ғана қажет емес, жаңа кезеңнің күрделілігіне сай бола
алатындай ақылгөйлік керек. Бұл болашақ маманға қоғамның кез-келген
қарбаласынан шығуына көмек береді, рухани және материалдық мәселелер
арасынан жол тауып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарап, өз мамандығының
нағыз іскері болуға мүмкіндік береді.
Қоғамның сапалы жаңа деңгейге өтуі барысында, тұлғаның адами мінез-
құлқы мен құнды көзқарастары сияқты басты әлеуметтік кейіптеріде өзгереді.
Қазіргі әлеуметтік өмір барысында қарқынды өмірге бейімді тенденциялар
өзіне объективті түрде жол ашуда. Қазір, күн сайын өзгеріп жатқан заманда,
кез-келген жаңа нәрсеге бетбұрыс жасап, жаңалыққа ене алатын, өмірге
бейімді тұлға қалыптасу керек. Жағдайлардың әртүрлілігі, уақыт талаптарына
сай әлеуметтің өсіп жатқандығын көрсетеді. Жаңа уақытты ықылас, білім,
кәсібилік, өз күшіне сену сияқты қасиеттер ғана сипаттай алады.

О.Абдуллина болашақ мамандарды кәсіби даярлау келесі факторларға
байланысты деп ұсынады [48]:
1. Білім сапасын әуелгі материалдан яғни оқушылардың білімділік,
икемділік және машық қабілеттерінен байқауға болады;
2. Орта және жоғары оқу орнының синхронды байланысы;
3. Кәсіби білім сатыларының сабақтастығы;
4. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының және оқыту әдістемесінің
сапасы;
5. Оқу үдерісінің материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі;
6. Оқытушының тәжірибелілігі – үздіксіз ізденуді ұстанған және ғылым,
инновациялық жаңалық ізденуші яғни, оқытушының кәсіби деңгейі;
7. Болашақ мұғалімге жоғары сапалы білімді игертуге мүмкіншілік жасай
алатын жоғары оқу орындарының басшылығы және оқу үдерісінің ұйымдастырылуы;
8. Болашақ мұғалімдерді еңбек нарығындағы қиындықтарға дайындау;
9. Мамандардың икемділігі, талапшылдығы, өзінің жұмыс орнын даярлау,
өзінің таңдау талғамын өзі басқару және өзінің кәсіби іс-әрекетінің қолдану
аясын табу;
10. Талап – маманға деген жан-жақты әлеуметтік сұраныс: мемлекеттік,
жергілікті, мекемеаралық, әлеуметтік-топтық, жеке, халықаралық;
11. Әлемдік стандарттарға сай сапалы маман даярлау.
Сапалы дайындық:
- білімнің пәндік бөліміне терең бойлау оқытылып жатқан танымдық сфераға
терең ену машықтарын иелену;
- белгісізді тануға деген қызығушылықтың өсуі мен ішкі қажеттілік
механизмінің қалыптасуы;
- шығармашылық сипаттағы оқыту мен үйрету мотивацияларын иемдену;
- болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмысының икемділігі мен қабілетін
қалыптастыратын стимулдарын анықтауды ұсынады.
И.А.Зимняя өз еңбектерінде, студенттік уақыт – адамның жалпы тұлғаға
айналуының, әртүрлі қызығушылықтарның пайда болу кезеңінің орталығы – деп
жазған. Студенттік жас – болашақ іскер ретінде адамның қарқынды және
белсенді әлеуметтенуі мен интеллекттің қалыптасу уақыты [49].
Жоғары оқу орнының терең ойлайтын, білімді мамандарын дайындау туралы
айта отырып, болашақ жаңа заманға лайық маманның негізгі қасиеттерінің
кейбіріне тоқтала кеткен жөн:
– тоқталған шешімдеріне, олардың әлеуметтік және экономикалық
салдарына, кәсіптік-этикалық нормаларды сақтауда өз жауапкершілігін
түсіну;
– проблемалық жағдайларды жүйелі талдауды іске асыра білу;
– белгісіз проблемалық жағдайлардан мақсат тауып, оларды дұрыс
тұжырымдау;
– болжамдар жасау;
– өз ой инерциясын жеңу;
– бір мәселе бойынша ғылыми-техникалық ақпаратқа қажетті мақсатты
ізденіс жүргізу және т.б..
Осылайша, адамның жеке жақтары студент пен мұғалімнің мақсатты қарым-
қатынасы барысында қажеттіліктерін ашу, оның қызығушылығы мен мотивінің
қалыптасуы сияқты адамның мүмкіншіліктерін болжайды. Осы тұста, болашақ
мамандарға мынадай талаптар қойылады:
- өз мамандығының әлеуметтік сапасы мен мазмұнын түсіну;
- адамдар арасындағы заң мен оны тәжірибеде қолдана алу
икемділігі;
- шешім қабылдау және ондағы жауапкершілікті сезіну қабілеті.
Тұлғалық – бағдарланған әдіс, әлеуметтік – мәдени құзырлылықпен ерекше
әсер етеді. Бұл, оқу үдерісіне, студенттердің ел мәдениетіне тартылуы, өз
елінің мәдениетін жақсы тану, оны таныстыру, мәдениет диалогына енуі сияқты
мәдени бағытты ашып береді. Қазіргі кезде ЖОО-нын модернизациялау
құжаттарында коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыруға қол жеткізу
жобаланып жатыр, яғни түлектердің оны игергендігін іспен көрсетуі, өзінің
жеке мақсатында және халықаралық ынтымақтастық мақсатында қарым-қатынас
жасай алу мүмкіндігі.
Дегенмен, болашақ мұғалімдердің әртүрлі қабілеттері мен
мүмкіндіктерін, болашаққа құрған әртүрлі жоспарларын және әрине, әртүрлі
кәсіби мақсаттарын ескере отырып, оқытудың әртүрлі деңгейі болады.
Осылайша, тұлғалық – бағдарланған әдіс мақсатты анықтауда жұмсақтықты талап
етеді, болашақ мұғалімдердің жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарын
ескереді және білімнің жоғары нәтижелілігіне алғышарт бола алады.
О.П.Молчанова құзырлылыққа келесі жолмен түсінік береді: Құзырлылық –
адамның, шындықты дұрыс және терең түсінуі, жағдайды дұрыс бағалауы және өз
білімін дұрыс қолдануы сияқты қабілеттері. Шындығында, құзырлылық – бұл
адамның қиындықтарды шеше алу қабілеті. Адамның міндеттерді тиімді шеше
алу қабілеті, оның құзырлылығына байланысты екені анық. Құзырлылық тек қана
біліммен емес, сонымен қатар тұлғаның табиғат, қоғам және адам сияқты жалпы
түсініктерімен, оның дүниетанымдық ұстанымдарымен анықталады [50].
Құзырлылық түсінігі, бір жағынан адамның танымы мен тәжірибесімен
байланысты жаңа жобаларды және жаңалықтарды ассимиляциялай алатындай,
екінші жағынан білім жүйесінің әрбір баспалдағы, саласы, типінің білім
талаптарын анықтауға мүмкіндік бере алатындай құрылуы тиіс.
Құзырлылықтың келесі аспектілері қарастырылады:
- мағыналық – жалпы мәдени контекстте жағдайды дұрыс саралау;
- мәселелі – тәжірибелі – жағдайды дұрыс тану, нақты құру және берілген
жағдайда нормаларды, міндеттерді, мақсаттарды тиімді орындау;
- коммуникативті – осы сияқты жағдайда дұрыс қатынас жасау және
өзара қарым-қатынас жасауда дұрыс мәдениет түрін ұстану;
Адам, өз мамандығынан тыс жағдайларда құзырлы бола алмаса (жоғарыда
айтылған үш аспектіде), онда ол жалпымәдени құзырлы болып саналмайды.
Сонымен қатар, егер кәсіби құзырлылықта, мәселелі – тәжірибелі аспект
маңызды орын алса, жалпымәдени құзырлылықта мағыналық және коммуникативтік
құзырлылықтар маңызды рөл атқарады.
Білім берудің соңғы мақсатын, маман тұлғасының нарықтық қатынас
талаптарында еңбек ете алу қабілетін, қоғамдық және ғылыми – техникалық
прогресс талаптарында нақты жетістіктерге жете алатындығын анықтайтын, бір
жағынан кәсіби дайындықты, екінші жағынан әлеуметтік – психологиялық және
рухани – шығармашылық қасиеттерді қамтыған маманның жобаланған моделі
ретінде елестетуге болады.
Қазіргі заман талаптарында, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлану
маңызды. Сондықтан, мамандарға, ЖОО түлектеріне қойылған талаптарда,
мәдениетаралық байланыс пен этникалық қарым-қатынастың гумандандырудың
дамуына мүмкіндік беретін, коммуникативті элемент қамтылған.
Білімнің мазмұнын, оның таңдауын және құрылымының негізін ашатын ең
маңызды түсініктер маман моделі, жоғары білімді маманның квалификациялы
қасиеттері сияқты түсініктер болып табылады. Сондықтан, квалификациялы
қасиеттерді қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде маманның моделін ашу,
көптеген жерде оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын анықтайды.
Модель арқылы түпнұсқаның кейбір қасиеттерін дамытушы белгілер мен
объекттер жүйесін түсінеміз. Болашақ мұғалімнің моделі ЖОО дайындығын іске
асыру арқылы қол жетуге тиісті бір идеал ретінде түсіндіріледі. Оған қоса,
ол кәсіби шығармашылық талаптарына және өндіріс пен әлеуметтік
қатынастардың қазіргі деңгейіне сай болуы тиіс.
Қай жағынан алсақта барлық моделдерде келесі параметрлер болуға тиіс:
А) маманның жұмыс орны және өндірістік міндеттердің қасиеттеріне
сәйкес маманға қойылатын талаптар;
Б) икемділік үшін қажетті білім;
В) іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның ерекше
әлеуметтік және психологиялық қасиеттері.
Осылайша, маманның моделі, кең мағынада адамның нарықтық қатынас
жағдайында қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сай
нәтижеге қол жеткізе отырып еңбек ету қабілетін анықтайтын, кәсіби,
әлеуметтік-психологиялық, шығармашылық (креативті) және тұлғалық
қасиеттерімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz