Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық
және практикалық процесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби
қалыптастырудағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 12
1.2 Студенттердің кәсіби мамандығының маңызы мен міндеттері ... ... ... .
21
1.3 Жоғары оқу орнында дене мәдениеті кәсіби саласында оқитын
студенттер контингентінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

2 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениетінің
әдістемесі ... ... ... ... ... . 32
2.2 Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің оку процесіндегі
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапасына
тәжірибелік-эксперимент жұмысының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42
2.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін
қосымша
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда мамандандырылған дене
мәдениеті жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен
қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты
жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене мәдениеті жүйесін
жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның
құрамдас бөлігі бола отырып дене мәдениеті жүйесі жалпы халықтық
кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің
дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына
әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы
тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық
қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене мәдениетіне елеулі
өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін,
пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін
дамытуға ықпал жасады [1].
Барлық материалдық және рухани игіліктер қоғамның дене мәдениеті
саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесетін, ұлттық
мәдени дәстүрлер ғана болып қоймайды, сонымен қатар оны пайдалануға және
қолдануға итермелеп, нәтижесінде алдағы уақытта оны толықтырып отыруды
қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық ғылыми,
сонымен бірге спорт саласындағы педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында
жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншіден, арнаулы ұйымдастырылған
педагогикалық қызметте, екіншіден тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен
шұғылдану түрінде, үшіншіден көпшілік тұрғындарды кең ауқымда қамтитын
баспасөз, радио, теледидар т.б. көпшілік ақпарат құралдары арқылы әртүрлі
таралымдар түрінде пайдалануға болады [2].
Дене шынықтыру, спорт саласында мұғалім кадрларды даярлау бойынша
көптеген ғылыми жұмыстар (Т.Ш.Қуанышев, К.И.Адаімбеков, Т.А.Ақпаев.
Н.А.Құрышева, Е.Ю.Шуберт және т.б.) болды. Ал дене тәрбиесінің ілімі,
педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін
дамыту мәселесін М.Сапарбаев, Е.Уаңбаев, Ж.Оңалбек, С.Тайжанов,
Б.А.Тойлыбаев, Т.Ж.Бекбатчаев, Б.Төтенаев, Э.Ж.Тлеуов т.б. зерттеген [7].
Дене мәдениеті деген түсінікті ұғыну дене тәрбиелеу деген ұғымды
білдіреді. Басқаша айтқанда дене мәдениеті халық мәдениетінің құрамдас
негіздегі бір бөлігі болып табылады. Дене мәдениеті, яғни денені тәрбиелеу
адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы
жұмыс тәртібі деп ұғынуымыз қажет. Мұндағы материалдық игілік іс жүзінде
дене тәрбиесі сабағы, шұғылдану сабақтарын өткізетін әртүрлі спорт
ғимараттары, арнаулы спорт ғимараттары мен құрал жабдыктар, спорт
ұйымдарын, жеке спортшыларды қаржыландыру, дене тәрбиесі жүйесінін
идеологиялық, ұйымдастырушылық және бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік
жетістіктерді айтады. Әрбір қоғам мүшесінің денесін шынықтыру жөніндегі
игілікті шаралар тұтастай алғанда, мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі
тиіс. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы шаралар халыққа білім беру
мекемелері мен сауықтырумен шұғылданатын қызметкерлер үлесінде. Дене
тәрбиесінің құрамдас бөлігі спорттық дайындық болып табылады. Спорт
ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ ол адамдардың дене қызметі
үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды
игілігіне пайдалануы деп білеміз. Сонымен қатар, спорт түрлерінен өтетін
жарыстар арқылы жоғары спорттық шеберлігі мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы
шапшаң қарқынмеы морфологиялық қызметін және психологиялық даярлығын
айқындайды [4].
Спорттың басқа да қызмет аясы жеткілікті. Біріншіден, спорт өз алдына
адамның тәрбиелік жағына оңды ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне
дайындаушылық міндеттерді де шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт
өндірістік қызметке жатпайды және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге
байланысы жоқ.
Спорт спорттық - сайыстық , бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары
нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет
Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық, ерекше қатынас
талап және нәтижеге жету кіреді.
Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани
және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорт
түрінен жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек дене, әдістік және
тәсілдік дайындығын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар адамгершілік,
өнегелілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де
алады. Спорттын адамды тәрбиелеудегі манызы өте зор [5].
Қазіргі заманғы өскелең өмір жағдайында спорт түрлерінен, оның ішінде
жаттықтырушы мамандар даярлауда болашақ мамандар анатомия, физиология,
биохимия, дене жаттығуларының биомеханикасы, спорт менеджменті, педагогика
және психология сияқты қатарлас пәндер мен спорттық жаттығуды үйлестіруі
тиіс. Негізінен спорттық қозғалыстың екі бағыты бар. Жалпы көпшілік спорт
және жоғары нәтижелер спорты. Жалпы көпшілік шұғылданатын бұқаралык спорт,
спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысу мүмкіндігі
қатынасымен сипатталады. Бұқаралык спортта - спорттық нәтижелер арттырумен
қатар елеулі орын мен уакыт сауықтыру міндеттерін шешуге, оқудан, еңбектен
тыс бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік - сауыктыру спорты),
сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби
қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт ел тұрғындарының (жас
өспірімдер мен ересек жас аралығында) дене тәрбиесіне және салауатты өмір
бейнесін насихаттап, тарту міндетін шешуде басты рол ойнайды [6].
Ал жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен
байланысты (әлемдік рекордтар, олимпиада ойындарында, әлем, құрлық
чемпионаттарында және Қ.Р. біріншіліктерінде). Дегенмен спорттык нәтиже
неғүрлым жоғары болған сайын, бұл нәтижеге жетушілердің саны да азаяды.
Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі
ерекшеліктері бар.
Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық резонанс туғызады және қандай
мектепте сол спорттық даму деңгейі, әлемдік, халықаралық жарыстарға жоғары
екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер жанкүйерлер қауымының
әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге әртүрлі
халықтар арасында тегіне қарамастан бейбітшілік пен достықты нығайтуға
мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың жалпы
көпшліктік сипат алуының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі,
оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорт тек денені дамыту
және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қоймайды, сонымен бірге
спорттың өзіне тарту күші дене және психикалык күштердің көрінуіне жоғары
талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей бағытты тәрбиелеу
үшін кең көлемдегі мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы
нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің
әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік
мүмкіндіктері өзінен - өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған, тәрбиелік
бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады [7].
Спорт әлеуметтік - педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінін
ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың кәсіби - қолданбалы түрлерімен
шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне
айналады.
Зерттеудің мақсаты: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің
кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу.
Зерттеу нысаны: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби
сапаларының теориялық және практикалық процесі.
Зерттеу пәні: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби
сапаларын теориялық және практикалық сабақтарының педагогикалық іс-
шаралары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Дене мәдениеті жоғары оқу орны
студенттерінің кәсіби сапаларын теориялық және практикалық қалыптастырудың
тиімділігі артады, егерде:
- дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі қолданылса;
- дене мәдениеті курсында әдістемелік сабақтастық сақталатын болса.
Зерттеу міндеттері:
1. Дене мәдениетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін саралау;
2. Дене мәдениеті жоғары оку орны студенттерінің кәсіби сапаларынын
әдістемесін пайдалану;
3. Жоғары оқу орны студенттерінің болашақ жаттыктырушылық мамандығына
кәсіби бейімделудің ұйымдастыру педагогикалық іс-шараларының негіздерін
қалыптастыру;
4. 3ерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, дене мәдениеті мамандарын
даярлаудың үйлесімді жүйесін жасаудың ғылыми-практикалық ұсынысын беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орындарында, спорт
секцияларындағы оқу, жаттығу сабақтары оку-тәрбие процесінің бөлінбейтін
бөлігі болып есептеледі, сондықтан дене мәдениетін яғни дене мәдениетіне
тәрбиелеуді қалыптастыру, олардың жаттыктырушылық қызметінде меңгерген
іскерлік пен дағдыларды іс жүзінде пайдалану, дәрежелі спортшы-мамаы
даярлауда біліктілік қабілеттерін арттыру.
Зерттеудің дереккөздері: Дене мәдениеті және спорт теориясы мен
практикасы бойынша ғылыми басылымдар, дене мәдениетінің теория және ілімі
курстары, материалдары, революцияға дейінгі анатомия, физиология, медицина
өкілдері мен педагогтардың ғылыми тұжырымдамалары; жоғары оқу орындары дене
тәрбиесі мен спорт факультеттерінің озық оқу-тәрбие, оқу - әдістемелік
үрдістеріндегі бағдарламалық материалдарды ұтымды іске асыру тәжірибелері.
Зерттеудің әдістері: зерттеудің туындаған мәселелері бойынша оқу-
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындарының
денешынықтыру және спорт кафедрасының студенттеріне талдау жасап,
әңгімелесу; байқау, бақылау, қорытынды бағалау, оларды статистикалық
тұрғыда өңдеу.
Зерттеу базасы: Ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмысы Түркістан олимпиада
ізбасарларын даярлайтын кешенді жоғары спорт мектебінде, қалалық спорт
мектебінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жаратылыстану және медицина
институты, денешынықтыру және спорт мамандығының базасында жүргізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы (өзектілігі); 031140 (050108)
Денешынықтыру және спорт мамандығы студенттері үшін, спорт мектептері мен
жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларында олимпиада ізбасарларын
даярлайтын жоғары кешенді спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарында
болашақ жаттықтырушы мамандығына кәсіби бейімделудің жолдарын арттыруға
ұсынылды.
Жұмыстың саралануы мен талқылануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен
бағыттары бойынша мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері "Денешынықтыру және спорт'" кафедрасында
алдын ала талқылаудан өтті.

1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби
қалыптастырудағы мәні

Дене мәдениеті - қоғамдық құбылыс ретінде пайда болу, қалыптасуы және
дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары
бар ғылым. Бұл теорияны біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір
талабы принциптеріне сай дене тәрбиесін жүргізуге дұрыс бағыт береді. Бұл
теорияны оқып, үйрену барысында келесі міндеттерді анықтап алу керек:
денені тәрбиелеу жүйесінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам
өмірінде алатын орны, дене мәдениетінің тарихи даму сипаты, таптық
қоғамдағы дене тәрбиесінің мақсаты, қоғамның материалдық өмірі, еңбек
қызметінің сипаты мен мазмұны, әскери іс, ғылымның жетістіктері, саясаттың
ықпалы т.б. Бұл әсер етуші күштердің дене мәдениетіне бір-бірінен бөлінбей,
керсінше күрделі, өзара қарым-қатынаста ықпал ететінін білу бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне жатады. Дене мәдениетінің мәнін түсіну үшін болашақ маман
алдымен оның мағыналык мазмүнын анықтап алуы қажет. Дене мәдениетіне тән
қасиет коғам өмірінде адамның дене күштерін барлық уақытта өмірге қажетті
арнайы қозғалыс дағдыларын, жылдамдық , икемділік, төзімділік сияқты дене
сапаларын, әдіс-тәсіл шеберлігін дамыту үшін пайдаланып келген және
пайдалана береді.Дене мәдениетінің бұл мағыналық ерекшеліктері дене
тәрбиесіне салыстырмалы дербес тәрбие түрі ретінде білуге
мүмкіндік
береді [5].
Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін
жаратылыстану және қоғамдық ғылымдары, жекелеген ғылымдар физиология,
биохимия, жалпы педагогика және спорттық педагогика, таңдап алған спорт
түрлері әдістемелері және т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда
қолданылады. Дене мәдениеті теориясының жоғарыда аталған тектес пәндермен
байланысын
терең зерттеп, оқып, үйрену арқылы педагогика ғылымы бола тұрып, оларды
оқыту және тәрбиелеудің заңдылықтарын ашу үшін, жаратылыстану ғылымдарының
мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатынын білген маңызды. Дене тәрбиесі
жүйесі қоғамның басқа экономика, мәдениет, саясат сияқты маңызды
салаларымен тығыз байланыста. Ол үшін педагогика ғылымдары жүйесіндегі дене
мәдениеті теориясының алатын орнының маңызын білу үшін оның ішінде жалпы
педагогикамен олардың байланыстарын нақты көз алдына елестету қажет. Дене
мәдениеті жүйесінің толық сипаттамасы дене мәдениеті теориясының барлық
тақырыптарында арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық пәндер арқылы
айқындалады. Қоғамдық құбылыс ретінде дене мәдениетінің пайда болуы мен
бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланыста белгілі мақсатты
шешу болды. Мыңдаған жылдар бойы адам баласы күш, шыдамдылық, жылдамдық,
икемділік және ептілікте аңдармен, жануарлармен күш сынасқан. Бұл
сайыстарда табысқа бүкіл аңшылар тобынан жан-жақты дене дайындығы жақсы
дамыған, батыл адамдар ғана жеңіске жете алатын болған. Найза, тас, таяқша
лақтыру арқылы және тағы басқа еңбек құралдарын пайдалану арқылы адам
қозғалыс дағдыларын игерді.Адамның мұндай қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеру
нәтижесінде келе-келе оның кәсіби қызметіне айналады. Алайда, өндіріспен
күнделікті тіршілік адамдарының шынығуды қажет етуіне, дене мәдениетінің
қалыптасып, одан әрі дамуына ықпалын тигізеді [6].
Адам бір нәрсеге үнемі жаттығып, үйренуге саналы түрде баруы қажет
болды, сонымен бірге еңбек ету барысында пайдаланылатын еңбек құралдарын
тиімді меңгеру үшін алдын-ала қажетті қимылға тән дене дайындығының маңызын
түсінді. Осы қажеттіліктердің маңызын түсіне келе адамдар еңбек етуден тыс
уақыттарында тіршілікке қажетті қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталап
отырған. Осы кезден бастап бұл қимыл-қозғалыстар дене жаттығуларына
айналып, арнайы шұғылдануды бастаған. Дене жаттығуларының жәрдемімен
адамдардың өздеріне нақты еңбек дағдыларын алатындай мүмкіндіктің
бар екеніне көзі жетті, осылайша денені шынықтыру, яғни қажетті дене
жаттығуларымен шұғылдану адамның материалдық құндылықтарды игеруіне белгілі
дәрежеде әсер етті. Еңбек барысындағы қимыл-қозғалыстардың дене
жаттығуларына айналуы, оның адамға әсер ету ауқымын өлшеусіз кеңейтті,
сонымен қатар денені жан-жақты жетілдіру мүмкіндігін туғызды. Сөйтіп, еңбек
құралын дайындау және оны қолданудағы жинақталған тәжірибе дене
жаттығуларының пайда болуының дәлелді себептеріне айналды[7].
Ғылыми тұрғыдан алғанда, адам қызметінің бірде-бір түрі биологиялык
жағынан тұқым қуаламайды, дене мәдениетіндегі тәрбие жетістігі тек қана
жаттығуларды көп қайталау нәтижесінде игеріледі, адам игілігіне айналады.
Дене мәдениетінің мақсаттары мен міндеттерінің өздері дене тәрбиесінің
негізгі құралы дене жаттығуларының өзгеруіне әсерін тигізді. Мысалы, кейбір
жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса, енді біреулері жойылып,
орнына жаңасы пайда болып жатады. Бұл өзгерістер екі себепке байланысты,
яғни біріншіден қоғамның материалдык өмірінің даму кезеңдерінде адамның
үйлестіктегі қозғалыс дағдыларының талап етілуі, жаттығулардың жаңа
жүйесінің пайда болуы, екіншіден, дене мәдениетін зерттейтін ғылымның дамуы
адамның қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды тереңірек ұғынуы, бұрын соңды
адам өмірінде кездеспеген жаттығуларды жасауы, адамға жағымды әсер ететін
тиімді құралдарды іздестіруі жатады[8].
Дене шынықтыру жэне спорт мамандарының кәсіби дайындықтарын жақсарту
бағыттарының бірі ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениетті қалыптастыру
болып табылады. Берілген мақсатта ЖОО студенттерінде қарым-қатынас
мәдениетті қалыптастырудың арнайы
педагогикалық жүйесін эзірлеу қажет. Бұл жүйе -студенттердің жеке басына
тиянақты әсер етуші болып табылатын оқу процесі және педагогикалық
құбылыстар жиынтығы болып табылады.
Жүйеде кез келген басқа да педагогикалық жүйедегідей келесі түрдегі
құрылымдық компоненттері қарастырылады, яғни:
1. Педагогикалық мақсаты.
2. Оқу және ғылыми мәліметі.
3. Педагогикалық қарым-қатынас құралдары. Педагогикалық процесс.
4. Студенттер.
5. Оқытушылар.
Берілген жүйенің мақсаты - студенттердің алдағы кәсіби қызметіне қажет
психологиялық-педагогикалық білімдеріне, педагогикалық ептіліктеріне әсер
ету жеке адамдық қасиеттерін және мәдениеттілігін дамыту болып табылады.
Берілген жүйенің маңызы және ғылыми сапасы болашақ мамандарды дайындау
мақсаттарымен ЖОО студенттерінің психологтық-педагогикалық білімдеріне,
ептіліктері мен жеке адамдық қасиеттеріне қойылатын талаптарымен
анықталады.
ЖОО ең бастысы қазіргі заманға сай мамандарды дайындайтындықтан
олардың бітірушілері өзінің жэне басқа да адамдардың іс-әрекеттерімен
есептесе алуы тиіс, сонымен қатар оны дене шынықтыру және спорт
мамандарының алдында тұрған негізгі мақсаттарды шешуге бағыттап, одан қарым-
қатынас мәдениетінің жоғарғы дәрежесін талап етуі тиіс. Бұл үшін ЖОО
студенттерінде мұндай талантты оқудың алғашқы жылынан бастап-ақ
қалыптастыра бастау қажет.
Бірінші курстан бастап-ақ, Мамандыкқа кіріспе сабағында студенттерге
талқылау үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады:
1.Спорт мектептеріндегі, үйірмелердегі, жаттығулардағы
жұмыстардың ерекшеліктері.
2. Дене шынықытудың жэне спорт мамандарының тэрбие
мәселесіндегі міндеттері.
3. Қарым-қатынас мэдениеті.
4. Қарым-қатынас - әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде.
Сондай-ақ төменгі курстарда өтілетін жалпы білім беретін пәндер циклы
ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде де алғашқы қадамдар
жасайды.
Мысалы, орыс, қазақ тілі, ағылшын тілі бойынша сабақтарда жеке адамның
әлеуметтік құрылымын жақсартушы белгілі бір мінез-құлық нормалары мен
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін арнайы тілдік материалдарды
іріктеп алуға болады. Бұл тіл ұқсастық реакциясын жеке дара қарым-
қатынастың өмірлік мән-жайларын оқытуды, өміршеңдікті болжауға жағдай
жасайды.
Одан басқа, жағдайға байланысты тілдік қарым-қатынас диалогтық сөз
мүмкіндіктерін кеңейтеді, ал кәсіби сауаттылықты тілден тілге аудару өз
кезегіыде, болашақ спорт мамандарында адамдармен қарым-қатынасты жасай
білуді қалыптастыруға себеп береді.
Теорияда қиындататын психологиялық кедергілерді болдырмау, мамандыққа
деген қызығушылықты жоғарылату студенттердің ағылшын тілі сабақтарындағы
рольдік ойын қызметтерін ептілікпен пайдалануға көмек береді. Рольдік ойын
элементтерін қолдану іс-әрекетті шын мәнінде қызметте қолдануға мүмкіндік
береді. Одан басқа орыс, қазақ ағылшын тілдеріндегі рольдік ойындар төменгі
курс студенттерінде келешек жоғарғы курстарда мамандық бойынша өткізілетін
кәсіби ойындарына қатысуға дайындықты қамтамасыз етеді.
ЖОО жоғарғы курстарында Дене шынықтыру жэне спорт мамандарының
өзгешелігі мен ерекшеліктері атты арнайы семинар әзірлеп, өткізу
ұсынылады. Берілген арнайы семинардың бағдарламасы төмендегіше болып
келеді:
1.Қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі мәдени
карым-қатынас мәселесі.
2.Дене шынықтырудың және спорт мамандарының кәсіби қызметінің
ерекшеліктері.
3.Дене шынықтырудың және спорт мамандарының алдында тұрған
педагогикалық міндеттердің сипаттамасы.
4. Дене шынықтыру және спорт мамандарының педагогикалық
мәдениетінің қалыптасуының маңызы, негізі компоненттері және деңгейі.
5. Болашақ спортсмендердің кәсіби қызметіне қажетті
негізгі психологиялық-педагогикалық сауаттылығы.
6. Спортсмендерді педагогикалық мәдениеттің жоғарғы деңгейімен
сипаттаушы психологиялық-педагогикалық ептіліктерінің өзгешелігі.
7. Жаттығушылармен қарым-қатынастың психологиялық негізері.
8.жаттықтырушы рөлі. Тренер мен жаттықтырушының коммуникативті
қызметінің моделі.
9. Дене шынықтыру және спорт мамандарының кәсіби қызметінде қажет жеке
психологиялық ерекшеліктері мен қызметтік және адамгершілік
қасиеттері.
1О.Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты.
Мұндай арнайы семинарды 4 курстың екінші семестріндегі оқу процесіне
енгізген тиімді, яғни студенттің өзін-өзі басқаруға етене қатысуы арқылы
олардың адамдармен өзара қарым-қатынасының кейбір бастапқы дағдылары
калыптасады. Арнайы пәндер бойынша өткізілген сабақтарда және 3 курстан
кейігі өндірістік тәжірибе кезінде алынған кейбір кәсіби тәжірибелері бұл
курсты дұрыс игеруге себеп болады.
Арнайы семинар лекциялық жэне тәжірибелік сабақтары түрінде өткізілуі
тиіс. Лекция бөлімдері студенттердің ізденіс қызметін болжайтын мәселелерін
көрсетіп беруді талап етеді, ал тәжірибелік сабақтары студенттер карым-
қатынас қызметіне қосылатындай етіп, ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, спорттық іс-
әрекетте жаттықтырушы мен оқушы, жаттығушы арасындағы өзара әрекеттерді
мысал, рольдік ойындар түрінде активті, интерактивті формада ұйымдастыру
қажет
Лекциялық және тәжрибелік сабақтарды бір оқу тобымен жүргізу
ұсынылады, себебі біріншіден, әр сабақ теориялық материалды зерттеумен және
алған білімдерін тәжірибелі түрде бекітумен өтуі тиіс; екіншіден, топтық-
дискуссия мен ойындарды ұйымдастыру кезінде студенттердің оптимальді саны
15-20 адамнан аспауы тиіс ал, студенттердің, жоғарғы курстардың топтарына
кіреді.
Студенттердің кейбір құрамды бөлігі үй тапсырмалары арқылы, өзіндік
жұмыстары арқылы қалыптасады. Тапсырмалары төмендегіше.
- Студент тәжірибені өткізген сол спорттық алаңда, залда орын алған,
өзара қарым-қатынас әрекетінің іс жүзіндегі мән-жайын суреттеу;
- Жаттықтырушы, немесе тренердің іс жүзіндегі мән-жайды шешуі
кезіндегі жасаған әрекеттерін суреттеу және бағалау;
- Студенттің жаттықтырушы орнында болғандағы өзара әрекетінің берілген
іс жүзіндегі мән-жайдағы әрекеттерін суреттеу.
Тапсырма өндірістік тәжірибе бойынша жазбаша есеп түрінде дайындалуы
мүмкін.
Оқушылар. Студенттердің оқу процесін ұйымдастыру кезінде аса маңыздысы
болып олармен жеке жұмыс жүргізу болып табылады:
- студентке оның болашақ кәсіби қызметіне қажет жеке диагностика;
мәліметтендіру;
- жеке адамдық қасиеттерін өзін-өзі тәрбиелеу бойынша тәжірибелік
ұсыныстар.
Бұл үшін анкета, жауап алу, байқау және әңгіме өткізулерді пайдалану
ұсынылады.
Студенттермен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру тек мәліметтік сипатты
ғана алып баруды емес, қалыптастыру қызметінде орындауы тиіс, себебі біздің
басқа адамдардан алып отырған біздің мінез-құлқымыз туралы мәлімет мінез-
құлықтың стилін сақтауды немесе өзгертуді болжайды. Жеке адам үшін
көзделген тура осындай қызметті оның психологиялық ерекшеліктерінің
диагностикасы мен бағалауы орындайды.
Студенттің психологиялық ерекшеліктерін бағалау және оның
диагностикасы-оған өзінің қасиеттерін бағалауға және қайта бағалауға,
оларды сол немесе басқа қасиеттерінің құндылығына сәйкес сақтап, өзгертуіне
көмектеседі.
Студенттердің жеке қобалжулы сәттеріндегі зерттеу нәтижесі-олардың
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайларды жасау
мақсатында оқушылардың психологиялық жағдайын оптимизациялау үшін оларды
аутогендік шынықтыру әдістеріне үйрету қажеттілігін көрсетті.
Қалыптастыру эксперименті нәтижелері сонымен қатар, студенттердің жеке
адамдық қасиеттерін коррекциялау кезінде негізгі назарды олардың
адамгершілік тәрбиелілігі мен сөз мәдениетін сипаттаушы қасиеттерінің
дамуына аудару керектігін көрсетті. Осы мақсатпен арнайы семинар
бағдарламасьшда этикалық жоспардың іс жүзіндегі бірқатар мән-жайларын
талқылауды алдын ала қарастырып, бір сабақты ораторлық өнерге аудару қажет.
Өзгермелі жағдайда жұмыс істеуге педагог дайын болу үшін педагогикалық
міндеттер тиімді түрде шешілуі қажет. Ол үшін бұған психологиялық-
педагогикалық жағдайлар туғызу керек. Осы мақсатпен біз вариативті
технологиялардың кешенін пайдаланған жағдайда студенттің карым-қатынас
қызметінің даму жүйесін тексеріп, тәжірибеден өткіздік.
Осыған орай, сүйенгеніміз — болашақ кәсіпқой педагогті жоғары оқу орны
қабырғасында-ақ дайындау қажеттілігі заңды талап. А.П.Сейтешевтің
пікірінше, педагогикалық білім беруді жобалаудағы басты идея сол: жоғары
оқу орны қазіргі бағдарын өзгертіп, кәсіпқой педагогті даярлап шығаруға
бағыт алуға тиіс. Жас маман, педагогикалық жұмыстың (антропотехникалық)
өзіндік керемет әдістемелері мен құралдарын құрастыру, қалыптастыру
амалдарын кәсіби тұрғыдан меңгере білуге міндетті. Кәсіби педагог-
мүғалімнің өз мамандығын ең алдымен оқушыларды дамыту құралы ретінде
меңгеруі-заман талабы.
Мұндай мұғалім тұлғасыз транслятор, талассыз ақиқат болудан қалады
да, шығармашылық міндеттерді шешу жолында, оқушылардың ойлау техникасын,
көпөлшемді санасын, тарих пен мәдениет жөніндегі өзіндік пікірге қабілетін
қалыптастыру санасын, тарих пен мәдениет жөніндегі өзіндік пікірге
қабілетін қалыптастыру жөнінде күрделі де қызу жұмыстың ұйымдастырушысына
айналады. Педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі-адам санасымен
практикалық жұмыс жүргізе білетін, бала-ересек қауымдастығы білімденуінің
дамушы процестерін жобалауға қабілетті кәсіпқой педагог, антропотехник.
Негізгі кәсіби білім берудің мақсаты болашақ педагогтің тұлғасын
қалыптастырып, дамыту болатын. Оның жолы көп: іргелі (білім) даярлығын
арттыру, педагогикалық білім берудің мазмұндық, практикалық бағытын үштау,
оны гуманистік, жаңалық енгізушілік, мәдениеттанушылық, шығармашылық,
аксиологиялық, технологиялық, тұлғаға бағдарлаушы әдістер, білім беру
жүйесінде, білім беру мекемелерінде жүріп жатқан шынай педагогикалық
процестердің өзара байланысын бекіту, білім берудің жаңа мақсаттарына сай
педагогикалық технологияларды даярлау мен пайдалануды күшейту. Осы түста
мүны қалай істеу керек? деген сауал талабына айрықша назар аударылды.
Аталмыш тұрғыға қатысты А.П.Сейтешевтің тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Оның бағамынша: ...болашақ маман тұлғасының кәсіптік тұрғыдан қалыптасу
үдерісі үш заңды сатыдан өтеді. Бірінші сатыда кәсіби іс-әрекет меңгеруге
тиісті әйтеуір бір сыртқы, объективті бір нәрсе болып көрінеді. Екінші
сатыда студент болашақ іс-әрекетін ұғынып, оған енеді де, сонда әрекет
етеді, кәсіпке өзгеше бір тұрғыдан бойлайды. Тек үшінші сатыда,
педагогикалық іс-әрекетті енгізгенде (интериоризденгенде) ғана студент
педагогикалық іс-әрекет субъектісіне айналады. Осыған қатысты болашақ
педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуының кейбір маңызды заңдылықтары ашылды.
Бірішіден, студент тұлғасының субъектілік тұрғыдан қалыптасуы оның
белсенділігіне, қандай танымдық іс орындайтынына, өзінің тұлға ретіндегі
іскерлігі, қабілеті мен сапасын қалыптастыратынына толықтай тәуелділікте
болады. Екіншіден, болашақ педагогтің қалыптасуы өзіндік тәрбиеге қабілетін
дамыту баспалдақтарымен толық сәйкеседі [15].
Студент тұлғасын дамытуға бет алу, білім беру, мазмұнын жаңарту,
оқытудың университеттік үлгісін жасау және бірінші кезектегі өзекті
мәселелерді шешуге бағдар беру негізінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын
көтеру қажет. Проблемаларды санамалап өтейік: дәстүрлі оқу-тәрбие үдерісін
қайта құру; ондағы шығармашылық негізді дамыту; университеттің мектеппен
және білім беру орындарымен байланысы; университет, кафедра және жеке
оқытушылар деңгейіндегі оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың бірлігі;
жоғарғы оқу орны және студенттік өзіндік басқаруға сүйеніп өмірдің бар
саласын демократтандыру мен гумандандыру. Аталмыш мәселелерге бір-бірімен
тығыз байланыс және осыған орай, кешенді шешім талап етіледі.
Сонымен қатар әр проблеманың бір-бірімен байланысты бірқатар
аспектілері бар. Оларды университеттегі тұтас педагогикалық процесті
ұйымдастыру кезінде ескерту қажет болды. Сөйтіп дәстүрлі оқу-тәрбие
процесін қайта құру болашақ дене тәрбиесі және спот мұғалімдерінің кәсіби
дамуына деген бағдарды оқыту кезінде идеологияланған ниеттен бас тартуды,
тұлғаға бағдарланған әдісті күшейтуді, студенттердің шығармашылық қабілетін
дамытуды, өзіндік білімденуге сүйенуді, ғылыми зерттеулерге белсене
қатысуды көздейді. Жинақтай келсек, бұл – нәтиже алуға бағдар; болашақ
маманды даярлау сапасын көтеру; оқудың мотивтенуінің қоғамдық маңызын
көрсетіп оңтайландыру; оқу қарқынының үдеуі; белсенді формалар мен
әдістерді енгізу; өзіндік жұмыс дағдысын дамыту; өзінің педагогикалық
кәсібіне қарай студент тұлғасының белсенділігімен сабақтастыра отыру т.б.
Болашақ мұғалімді оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңартуда тарихилық,
жүйелілік, ғылым мен практиканың байланысы, пәнаралық байланыстарды
белгілеу, дәйім жаңалық іздеуге ден қойылды. Іс-әрекетті ұйымдастыруда
басты бағдар - жауапкершілік, оқыту мен тәрбиенің белсенді әдістерін
пайдалану, ұжымдық жәнеп топтық формалардың сабақтасуы, ықпалдастық,
әріптестік және өзіндік басқару болды.
Оқытудың кері байланыс орнататын екіжақты сипатын ескеру қажет болды.
Әр студент - педагогикалық процестің субъектісі, оған белсенді қатысушы,
педагогтың көмекшісі, өзінің білімдену іс-әрекетін, кәсіби тәрбиесін өзі
ұйымдастырушы болмақ еді. Болашақ педагогтың өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуі
тұлғаның кәсіби маңызды сапаларының дамуына бағдар береді, студенттің
тырысуьга күшейтеді, демек, бұл - оның (студентің) кәсіби қалыптасудағы
табысының кілті болды. Университеттің әр оқытушысының басты назарында үш
нысан - тұлға, ұжым, іс-әрекет болуға тиіс.
Біздің тәжірибемізде дәстүрлі оқу-тәрбие процесі түрліше жағдайларды
ескере отырып жүргізілді. Сөйтіп педагогикалық білім мазмұнын жаңғырту
іргелі ғылымдарының ролін арттыру талап етілді. Олар сан салалы: қоғамдық,
мәдениеттану, педагогикалық-психологиялық және арнайы ғылым. Бұлардың
кәсіби педагогикалық бағытын, оқыту мен практиканың, мектеп өмірінің
байланысын талап етті. Болашақ дене шынықтыру және спорт маманы сабақ
беретін жайтты жете меңгеруі керек, оқу мазмұнын жақсы білуі, балалар мен
жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелей білуі мәселесін алға тарту қажеттілігі
туды. Ол - мазмұны мен формаларды жетілдіре түсу, педагогикалық үдерістегі
уақыттың үлесін көбейту, оқу іс-әрекетін ерекше түрде реттеу негізінде
студенттерді өзіндік дербес жұмыс істеуге деген біліктілік пен дағдыларға
үйріп шығару.
Көп жылғы тәжірибеде дәлелденгендей, студенттің болашақ кәсіби педагог
ретіндегі тұлғасының қалыптасуы оқытушыдан, оның студентті біріккен іс-
әрекетке тартуға деген, студенттің өзін-өзі кәсіби дамытуға қажеттілігін
қалыптастыруға деген, студент мүддесін оқу-тәрбие процесіне белсенді
қатысуға бағыттауға деген тілегі мен іскерлігінен болады.
Негізгі әдістер жүйелілік, технологиялық, ізгілік (гуманистік),
мәдениеттанушылық, инновациялық, креативтік, аксикологиялық, тұлғалық
әдістер болды. Мәселен, жүйелілік әдісте кафедраның алдында іс-әрекетті
тұтастай қайта қарау, жүйенің құрылымдық элементтерін, ұжымның және әр
оқытушының бағыты мен әрекеттерін айқын бір педагогикалық жүйеге түсіру
міндеті тұрды.
Студенттердің қоғамдық ғылымдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырудағы педагогикалық бағыты-ЖОО барлық оқу көлемінде, сонымен
бірге, студенттерді болашақ кәсіби қызметіне дайындау үшін белгілі
мүмкіндіктерін жасауға көмектеседі. Ғылыми конференцияларға қатысу
студенттерде баяндаудың өзіндік дайындығы мен көпшілік алдындағы
баяндамаларын жасау дағдыларын, шығармашылық дискуссияларда қатысу
ептіліктерін дамытуда көмектеседі, бұл олар үшін өндірістің, болашақ
спорттың ұйымдастырушылары ретінде өте маңызды.
Қоғамдық кәсіп факультетінде дұрыс ұйымдастырылған шаралар-студенттің
болашақ кәсіби қызметіне тиімді дайындық жасауына көмектеседі. Мамандарды
дайындаудың казіргі заманғы талаптарында окытушының кәсіби деңгейіне,
педагогикалық шеберлігіне және жеке басы ерекшелігіне деген талаптар ерекше
күшейтілген. Зерттеу барысында, біз жоғарғы оқу орындары оқытушыларының
қарым-қатынас мәдениеті-болашақ денешынықтыру және спорт мамандығы
студенттерінде мәдениетті қалыптастыруға әсер етуші маңызды факторлардың
бірі болып табылады деген қорытындыға келдік.
Бұдан шығатын ұсыныс, арнайы пәндер бойынша ЖОО педагогикалық жүйесіне
оқытушылар үшін қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мақсатында арнайы курсты
енгізу қажеттілігі туады. Мұндай курсты әзірлеу кейінгі бар ғылыми
зерттеулердің объектісі болуы мүмкін.
Осылайша, ЖОО дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша
студенттеріне ұсынылып отырған жүйесі педагогикалық жүйенің барлык
құрылымдық компоненттерін игерген жүйе деп айтуға болады.

1.2 Студенттердің кәсіби мамандығының маңызы мен міндеттері

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт туралы Негізгі
заңдарында дене мәдениеті жоғары оқу орындарында оқу пәні ретінде және жеке
тұлғаны бүтіндей дамытудың маңызды құралы (компоненті) ретінде ұсынылған.
Жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде және студенттерді оқу жылдарының
барысында кәсіби дайындауда дене мәдениеті гуманитарлык білім берудің
компонентінде міндетті бөлім болып, оның маңызы рухани және дене күштері
арқылы дансаулық, дене және психикалық аман-саулық, дене жетілуі сияқты
жалпы адам құндылықтарын қалыптастыруда көрінеді.
Дене мәдениеті өзінің білім беру және дамыту қызметтерін дене
тәрбиесінің мақсатты бағыттағы педагогикалық процесінде барынша толық іске
асырады.
Студенттер дене тәрбиесінің мақсаты жеке тұлғаның дене мәдениетін
қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесінің міндеттері Студенттердің дене тәрбиесі процесінде
келесі негізгі міндеттер шешіледі:
- жеке тұлға дамуында және оны кәсіби қызметке дайындауда
дене мәдениетінің рөлін түсіну;
- дене мәдениетінің ғылыми-практикалық негіздерін және салауатты өмір
бейнесін білу;
- дене мәдениетіне, салауатты өмір стилін қалыптастыру, өзінің денесін
өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, дене жаттығуларымен және спортпен
тұрақты шұғылдануға қажеттілік сүраныс мотивациялық-құндылық
- денсаулықты сақтау және нығайту, психикалық сәттілік, психикалық
дене қабілеттерін дамыту және жетілдіру, тұлғаның сапасы мен қасиеті дене
мәдениетіндегі өзін-өзі қамтамасыз ететін біліктілік пен дағдылардың
практикалық жүйесін меңгеру;
- студенттің болашақ кәсіби мамандығына психикалық дене дайындығын
анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене дайындығын қамтамасыз ету;
- өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру және
спорттық қызметті шығармашылықпен пайдаланудың тәжірибесін алу.
Жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандартының негізінде
жоғары оқу орындары факультеттерінің оқу жоспарларында барлык бағыттағы
және жалпы мәдениет дайындығы пәнінің арнайы жоғары кәсіби білім беру
циклында "Дене мәдениеті" пәніне барлық оку кезеңдеріне дене тәрбиесі
жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес семестр
сайын сынақ алынуымен міндетті түрде жылына 408 оқу сағаттарын бөлу
қаралған.
Дене тәрбиесі студенттердің оқу жұмыстары режимінде оқу жоспарлары
және бағдарламаларымен белгілі ережелерге бағындырылады және олар өңделіп,
дайындалып Қ.Р. Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. Дене
тәрбиесінен мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық жоғары оку орындарының
студенттері үшін дене мәдениетінен білім, қозғалыс біліктілігі мен
дағдылары, дене сапаларын дамыту деңгейінің міндетті түрдегі орындайтын
көлемін анықтайды.
Студенттердің дене тәрбиесінен бағдарламасы үш негізгі тараулардан
түрады: ілімдік, практикалық және бақылау.
Ілімдік тарау. Тараудың материалы студенттерге табиғи және әлеуметтік
процестерді түсіну үшін қоғам мен жеке түлға дене мәдениеті қызметін
жүргізуде ғылыми-практикалық және арнайы білімді, олардың бейімді
біліктілігі, жеке тұлға ретінде және кәсіби дамуы үшін шығармашылықпен
қатынасты қалыптастыру; пайдалану, жетілдіру, оқу, кәсіби және әлеуметтік
мәдени қызметін орындау барысында салауатты өмір бейнесін қалыптастыруды
ұйымдастыру болып табылады.
Ілімдік тарау ғылыми-практикалық білімнің және дене мәдениетіне
қатынаста дүние танымдық жүйесін қалыптастырады.
Білім дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының лектер бойынша лекция
сабақтарында 26 сағат көлемінде оқытылады.
Лекциялық курс келесі тақырыптар бойынша оқытылады: "Студенттерді
жалпы мәдени және кәсіби дайындаудағы дене мәдениеті", "Дене мәдениетінің
әлеуметтік-биологиялық негіздері", "Студенттің салауатты өмір бейнесі
негіздері", "Оқу еңбегі мен интеллектуалдық қызметтегі психофизиологиялық
негіздері". "Жұмыс қабілеттілігін реттеудегі дене мәдениеті құралдары",
"Дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы және спорттык, дайындық", "Дене
жаттығуларымен өз бетінше шұғылдану әдістемесінің негіздері", "Спорт. Спорт
түрін немесе дене жаттығуларының сауықтыру жүйесін жеке таңдау", "Таңдап
алған спорт түрлерімен шүғылданудың немесе дене жаттығуларының сауықтыру
жүйесінің ерекшеліктері", "Дене жаттығуларымен және спортпен
шұғылданушылардың өзін-өзі бақылауы", "Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене
дайындығы".
Бұдан басқа студенттер практикалық сабақтарда және ұсынылған
әдебиеттерді өзбетінше оқып зерттеу жолымен білім алады және оны одан әрі
тереңдетеді.
Практикалық тарау. Бұл тараудағы оқу материалы дене мәдениеті мен
спорт құралдары және әдістерін меңгеруге, онда өздері жеке тәжірибе
алуларына, яғни өздігінен, мақсатты бағытта және шығармашылықпен дене
мәдениеті және спорт құралдарын пайдалануға қызметтік және қозғалыс
қабілеттерінің деңгейін арттыруға, жеке тұлғаның қабілеттері мен
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның практикалық тарауы оқу топтарындағы (12-15 адам)
әдістемелік-практикалық және оқу-жаттығу сабақтарында іске асырылады.
Әдістемелік-практикалық сабақ дене мәдениеті және спорт құралдары
арқылы оқу, кәсіби және өмірге қажетті біліктілік . пен дағдыларды
қалыптастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін студенттердің меңгеруін
қарастырады.
Бұл сабақтардағы студенттер қызметі іс жүзінде нәтижеге жетуді
қамтамасыз ететін әдістерді шығармашылықпен меңгеруге бағытталады. Әрбір
әдістемелік-практикалық сабақ сәйкес келетін ілімдік тақырыпқа
сәйкестендірі леді.
Бағдарламаға лекциялық курспен байланысы бар міндетті әдістемелік-
практикалық сабақтардың келесі тізімі қарастырылады:
- өмірде маңызды біліктілік пен дағдыларды (жүру, жүгіру, шаңғымен
жүру, жүзу) тиімді және үнемді меңгерудің әдістемелері;
- шаршауды, шалдығуды және дене мәдениеті құралдарын олардың бағытты
түзетілуі үшін жұмыс қабілеттілігіне өзі баға берудің
қарапайым әдістемелері;
- дене тәрбиесінің сауықтыру, рекреациялық және қалпына
келтіру бағытындағы жеке бағдарламасын құру әдістемесі;
- өзіне-өзі массаж жасау әдістемесінің негіздері;
- көзге арналған өңдеу (коррегирующий) гимнастикасының әдістемесі;
- гигиеналық немесе жаттығу бағытындағы дене жаттығуларымен өз
бетінше шүғылдануды қөру және өткізу әдістемесі;
- дене мүсіні мен дене бітімін түзету және бағалау әдістемесі;
- денсаулық жағдайы мен дене дамуын (стандарты, бағдарламасы,
формуласы және т.б.) өзін-өзі бақылау әдістері;
-ағзаның кызметтік жағдайын (функциональдық сынау) өзін-өзі бақылау
әдістері;
- оқу-жаттығу сабағын өткізу әдістемесі;
- таңдап алған спорт түрінен арнайы, дене және спорттық дайындығын
өзін-өзі бақылау әдістері;
- жекелеген дене сапаларын бағытты дамыту үшін дене мәдениеті
қүралдарын пайдалану және жеке жолын табу әдістемесі;
- таңдап алған спорт түрінен өтетін жарысқа төрешілікті үйымдастыру
әдістемесінің негіздері;
- дене мәдениеті және спортпен шүғылдану сабақтарында қолданылатын
психологиялық сезім жағдайын реттеу әдістері;
- спорттағы бұлшық ет ширықтыру (релаксациясы) қүралдары мен әдістері;
- кәсіби-қолданбалы дене дайындығының жекелеген элементтерін
өздігінен меңгеру әдістемесі;
- жасалынған жағдай мен еңбек сипаты ескеріліп өндірістік гимнастика
өткізу әдістемесі.
Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі шығармашылық іс тәжірибелік
қызметте тәжірибе жинақтауға тандап алған спорт түрінен жоғары нәтижелерге
жету үшін денені жетілдіруге жеткізу мақсатында әрекетшілдікті дамыту
қызметтік және қозғалыс қабілеттерінің деңгейін арттыру, жеке тұлғаның дене
сапасы мен қасиеттерін қалаптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарында оқыған кезеңдерінде студенттердің қажетті
козғалыс белсенділігін қамтамасыз етуге, дене жаттығулары мен қызмет етуге
дайындалғандығының үйлесімді деңгейін ұстаудың практикалык тарауының
құралына жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері (негізінен жүгіру және
секіру), суға жүзу, спорт ойындары, шаңғымен сырғанау, туризм, кәсіби-
қолданбалы дене дайындығы және күштік бағыттағы жаттығулары жатады.
Практикалық тарау оқытып үйрету ретінде шүғылданушыларды жаңа козғалыс
әрекетіне, сонымен бірге дене сапаларын тәрбиелеуді алдын-ала карастырады.
Бақылау тарауы. Тараудың материалдары студенттердің оқу қызметі
процесі мен нәтижелерін дифференцирлі және объективті есепке алуға
бағытталған.
Ілімдік, практикалық және әдістемелік білімді меңгеру және дене
дамуының динамикасы, әрбір студенттің дене және кәсіби қолданбалы дайындығы
жағдайы жайлы бақылау сабақтары жедел, ағымдағы және қортынды ақпараттарды
қамтамасыз етеді.
Оқу-жаттығу сабақтарының нәтижелілігінің өлшем белгісі ретінде,
сонымен бірге өз оқу орнының мамандарды дайындау ерекшелігі ескеріліп
жоғары оқу орнының дене тәрбие кафедрасы өңдеп, дайындаған жоғары оқу
орындарьша арналған оқу бағдарламасында мазмұндалған сынақ талаптары мен
практикалық нормативтер саналады.
Студенттердің дене дайындығын анықтайтын міндетті тест мыналар болып
табылады: 1 І00м. жүгіру; 2 жатып кеудені көтеріп, түсіру, аяқтары
бекітілген, қолы басында (әйелдер үшін), белтемірге тартылу (ерлер); 3
2000м. (әйелдер) және З000м. (ерлер) жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру
т.б.
Тесттер оқу жылының басында оқуға түскен студенттердің дайындық
деңгейін бақылау ретінде және оқу жылының соңында оқу жылы барысындағы алға
басушылықты анықтау үшін өткізіледі.

1.3 Жоғары оқу орнында дене мәдениеті кәсіби саласында оқитын студенттер
контингентінің ерекшеліктері

Жоғары оқу орнында оқитын студенттер жасөспірімдер және жастар тобына
(жастар тобы 19-28 жас) жатады. Бұл жастардағы оқитын контингентпен сабақты
ұйымдастырып өткізгенде олардың морфологиялық қызметтік және психологиялық
ерекшеліктері назарға алынуы тиіс.
Медициналық-биологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей студенттердің
бойларының өсуі тоқтағаннан кейін ағзаның морфо-функционалдық дамуы
жалғасады. Дене массасы, көкірек қаңқасының ауқымы,
өкпенің өмірлік сиымдылығының, бұлшық ет күшінің дене жұмыс
қабілеттілігінің артқаны байқалады. Бұл кезеңде биологиялық даму, жас
адамның ағзасының қалыптасу кезеңі, яғни оның ағзасы жоғары дәрежеде
икемді, иілгіш, дене жүктемелеріне бейімді болады.
Студенттердің дене дамуының үйлесімділігі олардың жетілмеген дене
сапалары мен морфофункционалдық көрсеткіштері деңгейін арттыруға
бағытталған болуы тиіс (мүсінінің сүлулануы, дене массасын игеру, өкпенің
өмір сиымдылығын ұлғайту). Шұғылданушылардың морфофункционалдық
мәліметтерін бағалау, әдебиеттегі бар дене дамуының бар стандартының жеке
көрсеткіштерін салыстыру, дене дамуы үйлестігінің деңгейін бағалау
кестесімен, индекстер әдісін пайдалану негізінде өткізіледі. Адамның жасы
оның психологиясына, көңіл күйі жағдайына, қызығушылығына белгілі дәрежеде
із қалдырады. Социологиялык зерттеулер көрсеткендей бүтіндей алғанда
студент жастар дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға оң көзқараспен
қарайды. Солай бола түрсада бозбалалардың көпшілігі және әсіресе, қыздарда
дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық және белсенді қозғалыс әрекетіне
деген қажеттілік олардың бойында қалыптаспаған. Бұған қосымша осыған
байланысты пәннің оқу бағдарламасын жақсы меңгеру үшін қажетті
психолоғиялық алғы шарттары жасалмаған. Бұл студенттердің дене дайындығына
және денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтанда сәйкес келетін қызмет
мотивациясын педагогикалық міндеттердің ішіндегі маңыздыларының бірі
ретінде қарау қажет.
Студенттердің дене мәдениеті мен спортка қызығушылығын дамыту
мыналардың негізінде іске асады:
- қызығушылықтың әлеуметтік маңызды мотивациясының артуы;
-оқу процесі сапасының артуы;
- дене тәрбиесімен шұғылдану жағдайының одан әрі жақсаруы;
- студенттерге арнайы білімнің үлкен көлемін хабардар ету және осының
негізінде дене мәдениетімен және спортпен шұғылдануға сапалы түрдегі
қажеттілігін қалыптастыру;
-студенттердің дене мәдениті мен спортқа қызығушылығын
басқа қызығушылықтарымен байланыстыру (кәсіби мамандығына, өнерге және
т.б.);
- оқу бөлімдері мен спорт түрлеріне оларды бөлгенде студенттердің
талабы мен бейімі барынша үқыпты ескерілуі тиіс.
Негізгі оқу бөліміне медициналық тексеруден өткен студенттер негізгі
және дайындық медициналық топтарына қабылданады, яғни оған денсаулық
жағдайында ауытқушылығы жоқ, бірақ дене күші жағынан әлсіз дайындалғандар
кіреді.
Негізгі бөлімде оқу процесі мыналарға бағытталған:
- студенттердің жан-жақты дене дайындығы, олардың жалпы дене, кәсіби-
қолданбалы және медициналық-практикалық дайындығының деңгейін
арттыру;
- дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға белсенді қатынасы мен
қызығушылығын қалыптастыру;
Сабақтың ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) тәріздес елеулі байқалатын
аэробты төзімділікті тәрбиелеу басымырақ кешенді бағыты болады, өйткені тек
сол ғана жалпы жұмыс кабілеттілігі мен жүрек кан тамыры және тыныс алу
жүйесінің қызметін арттыруды қамтамасыз етеді. Күштік және үйлесімділік
қабілеттерін тәрбиелеуге, жалпы және кәсіби-колданбалы бағыттағы қозғалыс
тәсілдерін үйретуге лайықты дәрежеде назар аударылады. Сабақтың өткізілу
әдістемесі басымырақ оқу-жаттығу сипатында болады. Сабақтың моторлы
тығыздығы 50% төмендемейді, ЖСЖ бойынша жүктеме қарқыны минутына 130-160
рет соғу аралығында болады.
Арнайы медициналық оқу бөліміне медициналық тексерудің нәтижесі
бойынша арнайы топқа жіберілген студенттер, яғни денсаулық жағдайында
елеулі ауытқуы барлар кіреді. Арнайы оқу бөлімі үшін практикалық материалды
әрбір студентке мазмұндары ескеріліп, дене тәрбиесінің құралдарын
пайдаланудың түзету және сауықтыру-сақтандыру бағытында дәрігермен кеңесе
отырып дене пәні мұғалімі дайындайды.
Арнайы медициналық бөлімде оқу процесінің өзіндік белгілі
ерекшеліктері болады және олар басымырақ мыналарға бағытталған:
- студенттердің денсаулығын нығайту, функционалдық ауытқуын, дене
дамуы мен дене дайындығының жетімсіздігін барлық оқыту кезеңі барысында
жою;
- студенттерге өз ауруының сипаты және ағымы, туралы білімін
пайдалану, ауруынан сақтандыруға бағытталған жалпы дамыту және
арнайы жаттығулар кешендерін өз беттерінше құрастыру және орындау;
- студенттерге қажетті дене тәрбиесінің ілімі,
әдістемесі және ұйымдастырылуы негіздерінен қажетті білімді беру;
Оқу сабақтарының бағыты айқын көрсетілген сауықтыру-қалпына келтіру
сипатында болады.
Ғылыми негізделген сипаттамаға сәйкес арнайы медицина бөлімінің
студенттері ауру сипатына байланысты төрт топқа бөлінеді: А,Б,В және емдеу.
А тобы жүрек кан-тамыры, тыныс алу және орталық жүйке жүйесі аурулары
бар студенттерден жасақталады. Сондықтан бұл топтағы сабақтың негізгі
мазмұнына тыныс алу жаттығулары, қатаң жеке мөлшерленетін (дозируемые),
шұғылданушылардың аэробтық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын
жаттығулар кіреді.
Б тобы ас қорыту, бауыр, бүйрек, жыныс мүшелері, эндокринді жүйелер,
сонымен бірге нашар көретін студенттерден құралады. Бұл топта нақтылы
аурудың емдеу бағдарламасына кіргізілген негізгі гимнастика жаттығулары
басымырақ пайдаланылады.
В тобы тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар студенттерден жасақталады.
Бүл топта дене мүсінін, тірек-қозғалыс аппаратын жетілдіретін,
сонымен бірге жалпы дамыту және бағытты түзету (коррегирующие) дене
жаттығулары көбірек қолданылады.
Емдеу тобы анық көрінетін, денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы бар
студенттерден жасақталады. Бұл топта сабақ түгелдей жеке емдеу бағдарламасы
мен әдістемесі бойынша өткізеледі.
Денеге берілетін жүктеме барлық төрт топта да қатаң және жеке уақытпен
белгіленеді, жирылу және қатаң демалыс аралығымен орындалатын жаттығулар
алып тасталынады. Сабақтың моторлы (қозғалыс) тығыздығы жоғары емес,
жекелеген жүктемелер арасындағы демалыс қалпына келу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Циклдық жаттығулар орташа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру туралы ақпарат
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау
Пәндер