Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

«Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің

дамуының әдістемелік негіздері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

Мазмұны

Кіріспе 6

I . Волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

  1. Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру. 7
  2. Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау16

1. 3. Жаттығу күрделілігінің көлемін бақылау17

II-тарау . Ойынның психологиялық сипаттамасы.

2. 1. Объективтік сипаттағы қиындықтар тобы, оларды жеңу жолдары. ___40 2. 2. Жаттықтырушының жарыс кезінде команданы басқарудағы ролі. 42

2. 3 Волейбол ойыны жарыстарын өткізу ережелері

ойын туралы жалпы мағлұматтар43

2. 4 Техника-тактикалық дағдыны қалыптастыруда қолданылатын

қимыл-қозғалыс ойындары және оны өткізу методикасы48

Қорытынды64

Әдебиеттер тізімі65

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.

Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.

Зерттеу міндеті:

Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
  • Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды.

Зерттеу жұмыстарының практикалық мәні:

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
  • балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процесс жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде ұлттық және спорттық ойындарын тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
  • зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында дене мәдениеті профиліндегі колледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен волейбол клубтарының іс-әрекетінде қолдануға болады.

Қорғауға мына қағидалар ұсынылады:

  • Дене қасиеті-тұлғаның дене мәдениеттілігіне бағытталуын анықтайтын және жас ерекшеліктерін есепке алуға негізделген белсенді спорттық іс-әрекетте тәрбиеленетін интерагтивткік қасиет;
  • Жаттықтырушы мен оқушының өзара байланысы іс әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамасын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі;
  • Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процестерінде оқушылардың дене касиеттерін тәрбиелеуде спорттық және ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттары. Дағдыланбаған ауа-райының жағдайы. ойын уақытының ұзақтығына байланысты шаршап-шалдығу, спортшының шынығу дәрежесінің жетіспеуі, әлсіз қарсыластың күтпеген жерден жақсы ойнап кетуі,
  • жетекші ойыншының нашар ойыны, жарақатқа ұшырату.

І. Волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

  1. Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.

Спорт және қимыл ойындары - дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.

Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады.

Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.

Волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Волейбол ойыны аумағы 9x18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі-220 см, қыздар үшін 210см болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі 65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі рет қолын тигізуіне рұқсат етілмейді.

Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу хұқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Қарсыласынан екі ұпай артықшылыкпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі кезеңде ұтқан команда жеңген болып есептеледі. әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады. Шешуші кезеңдерде бір команда 8 ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады.

Волейбол- елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.

Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.

Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетті жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар. Орын ауысытыру дегеніміз - техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы-оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақтан сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

  1. волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
  2. Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда ұстау;
  3. 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен - анатомиялық -физиологиялық құрылымын зерделі тексеру;
  4. Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатын арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
  5. Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
  6. Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
  7. алдағы болатын спорт жарыстарының мақсаты мен міндетін ойыншылармен бірлесе отырып талқылау;
  8. Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
  9. Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10. Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спортта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.

Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мұлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалғасы да болуы мүмкін.

Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі мүмкін, олар күз-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ, әрбір кезеңге тән жаттығу, ойын техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл - спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің командалық ойында атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де қүнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.

Сонымен, оқу-жаттғудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оку-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.

Волейболшылар - оқу - жаттығу процесіндегі басты тұлға. Егер бапкер әрбір спортшыға жаттығу барысында дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, талапкерге зер салса, онда әрбір волейболшы өзін бапкердің сенімді шәкіртімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен кабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жаттығушылар шыныға білуді, ойын өрнегін өзі жасауды, сүйеді, өзі таңдаған спорт түрінен болашақ қуаныш зор табыс, мәртебе күтеді.

Волейболшылар үшін әр жылдық оқу-жаттығу жұмыстарының нормаларының дұрыс орындалуы негізгі заңға айналуы қажет.

Оқу-жаттығу процесіне бөлінген жаттығу уақыты жаңадан жаттығушылар үшін 2 академиялық сағат, дайындығы жеткілікті оқу-жаттығу уақыты 4 сағат мөлшерінде. Оқу-жаттығу мерзімі мен оның жалғасының уақыты, спорт мектебінің педагогикалык ұжымының басшысының келісімімен белгіленуі міндетті.

Сол сияқты, арнайы спорттық бағыттағы мектептердің волейболға машықтанушы топтарға арналған төмендегілердей құжаттардың болуы міндетті: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу сағаттарының жылдық тізбесі, жеке топтардың командалық жеке дара және болашақ жоспарлары, жаттығу кестесі, сынақ-бақылау нормативтерін тапсыру кезіндегі нәтижелері көрсетілген құжаттар және жаттықтырушы-бапкердің дәріс мазмұны жазылған колжазбасы, ең кемінде бір айға арналған жұмыс-дәріс жоспары болуы кажеттілік.

Жаттығушылармен спорттық шеберліктерін жетілдірушілердің өз әрекеті мен міндеттерінің нәтижесіне арналған күнделіктері болуы шарт, онда әрбір жаттығушы өзіне тән ерекшеліктер мен дене және бұлшық еттеріндегі өзгерістерді бақылай отыруларын әдетке айналыдарыд.

Волейболшылардың оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған денешынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, ойын техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық -интегралдық дайындықтар жиындықтары.

Болашақ волейболшы - шеберлер мектебіне қабылданатын спортышлардың дайындау барысында-оларға қойылатын негізі талаптардың бірі, оның ұжымдық ойындағы жеке рөліне ерекше назар аударылу қажеттілігі осы жерде тәжірибелі бапкер «жалғыз шауып бәйге алмас, жалғыз ағаш орман емес», «Жалғыздың үні шықпас- жаяудың шаңы шықпас»- деген халық мақалының педагогикалық мәніне көңіл бөлгендері жөн демекпіз.

Волейболшылар дайындайтын мектептің әрбір жылы, белгілі сынақ, емтихан және болашаққа жолдама беретін оқу-жаттығу мектебіне айналғанда ғана көздеген нысанасына жетеді.

Мысалы, келесі оқу-жаттығу процесінің жаңа белестер мен биік тұғырға көтерілуіне арналған бапкердің жаңа бағдарламасы мен оқу жоспары, спортшының әрбір жарыстан кейінгі ой толғанысы яғни, жетістіктері мен кәтеліктерін таразылай келіп, өзінің алдына жаңа талаптар қоюға қабілеттілігі т. с. с.

Арнайы дайындық мектебінен өткен спортышлардың жылдық қорытынды нормативтер тапсырудағы көрсеткіштері екі жақтылық педагогикалық-спорттық мәселелерді шешеді. Олар, біріншіден, жаттықтырушының білімі мен өзі маманданған спортты меңгергендігін көрсетсе, екіншіден, жаттығушылардың өздері таңдаған спорт түріне деген сүйіспеншілігін және өз борышына деген адал ниетін де білдіреді, үшіншіден, спорт мектебінің педагогикалық ұжымымен басшылардың мемлекеттік мәні бар іс-шараны іске асыра алу қабілетінде көрсететін факторлар жиынтығы екендігі хақ.

Біз жоғарыда әңгіме еткен енгізгі оқу-жаттығу процесінің өзекті көзі болып табылатын негізгі құжаттар спорт мектептерінің оқу жоспарлары мен оку-жаттығу процестерінің негізгі кезеңдері көрсетілген үлгі-жобаны оқушылар назарына ұсынамыз.

Ескерту: Бұл оқу жоспарына өзгеріс енгізуге әрбір спорт мектебінің құқығы бар екендігін естеріңе саламыз.

Ескерту: оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін есепке алу әр жылдың қыркүйек айының 1-ші аптасынан басталады. Сол сияқты оқу-жаттығу мерзімімен оның бағдарламасына жеке облыстардың, аудандардың, қалалар мен елді мекендердің ауа райына, мектептегі құрал-жабдықтардың даярлығына байланысты мектептің педагогикалық кеңесі өзгертулер енгізуге құқығы бар екендігін тағы да оқушыларымызға ескертеміз. Сол сияқты игерілген әдістерден жаттығушылар қозғалыс әрекетінің нақты тәсілдерін құруға бейімделулері қажет. Мысалы, тордың алдында тұрып және секіріп волейбол өткізе доп беру қимылы сияқты. Сонымен қатар дайындық кезінде ойынға машықтанушылар торға теріс қарап тұрып та, секіріп тордан өткізіп доп беру элементтеріменен де жаттығулары дұрыс. Дайындық кезеңінің ең бір күрделі жаттығуы-алаңның қорғау шебіндегі кеңістігі барлай алу қабілетінің күрделенуі оның қарсыластары алаңынан берілген допты қабылдауға машықтану және волейбол алаңының әрбір зонасын ыждағатты түрде меңгеру болып табылады.

Оқу-жаттығу кезеңінде жаттығушылар тек қорғаныста ойнау менен ғана шектелмей, оңтайлы-нәтижелі шабуыл шебін де меңгер-гендері жөн. Олар-ойыншылардың келісімді бағытта орын алмаса отырып шабуыл сәтін шалт ұйымдастыру, тез алма-кезек өз орнын ауыстырып отыру мүмкіншілктерін меңгерулері. Бапкерлер бұл кезеңде -2:1, 3:1, 2:2, 3:2, 3:3 сияқты ойын барысын шәкірттердің меңгеруіне жағдай жасаулары негізгі қажеттіліктердің бірі.

Жалпы білім беретін мектептердің Х-ХІ сыныптарындағы дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері барлығын мұғалімдер зерделі түрде ұйымдастырулары керек. Себебі бұл сыныптар оқушылары спорт ойындарының бір түрімен тиянақты, зор ыждағаттылықпен шүғылдануға ерекше мән береді, сондықтан да олардың ойын шеберлігіне мән беріп, жүелі, мақсатты жаттығулар ұйымдастыру мақсаты қойылуы міндетті. Бұл жастағы окушылар психологиясына тән ерекшеліктер спорт ойындарының әдіс-тәсілін меңгерумен бірге оларға тән қимыл-қозғалыстардағы үйлесімділік, өзара келісімділік, ақыл- ой, сана -сезім және еріктілік сияқты қасиеттердің жүйелену кезеңдерінің бастау алулары. Сондықтан да мұғалімдер мен жаттықтырушылар мидың бұл кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі олардың ойын ережелерінің күрделі тәсілдерін үйреніп меңгерулеріне ерекше уақыт бөлулері болашақтағы олар іс-әрекеттерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететінін ескертеміз. Оқушылардың волейбол ойыны дәрісін нәтижелі ұйымдастырудың бір пайдалы- тиімді түрі « арнайы бағытта өткізілетін тәжірибе дәрісі болып былады. Бұл кезеңде ойын-жаттығу барысында жан-жақты дамыту жаттығуларын тиімді пайдалану арқылы талапқа сәйкес тәжірибелер жинақталады, шеберліктері арттыратын жалпы спорттық жаттығулар түрінде өз беттерінше таңдауғ мүмкіншілік алады. Жоғары сыныптарда спорт ойындарының жеке түрлері мен оларға тән сипаттар да күрделене түскені дұрыс, себебі іс-әрекеттің күрделілік сипаты-жеке тұлғаның мазмұнын арттыратын құбылыс.

Ескерту. Жалпы білім беретін орта мектепке арналған дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасында-негізгі спорттық ойындар аяқ добы, волейбол, қол добы, баскетбол, хоккей және басқа ойын түрлерінен мұғалімдер бұл ойындардың ережесін үйретіп, бағдарламасын жасап, оқытуларына рұқсат етілген, бұл спорттық ойын түрлерінің барлығынан да ер балалармен қатар қыздар командаларын да жасақтау қажеттілігін назардан тыс қалдырмау міндетті, себебі-бұл спорт түрлері ерлермен қатар эйелдердің олимпиадалық ойындарда күш санасуына рұқсат етілген.

Дене тәрбиесі мұғалімдері болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екендігін назардан тыс калдырмауы қажеттілік демекпіз, себебі тек дамудың осы кезеңінде төмендегілердей сапалық өлшемдер бар. Олар: теориялық және әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгеру дәрежелері, денешынықтыру- сауықтыру, салауатты өмір салтын баянды ету және спорттық қызметін іске асыру қабілеттері. Окушының денешынықтыру және ойнау даярлығы жөніндегі жетістіктерін бағалаған кезде табиғи дарындылықты байқататын қасиетті ғана емес, сонымен бірге нақты сапа және үйлесімділік қабілетін жетілдірудегі жеке қимыл-козғалыс әрекеттеріне баса назар -бағыт ұстап отыру болашақ үшін маңызды.

Мектептегі дене тәрбиесінің оқу-жаттығу бағдарламасын орындауда окушылардың тәжірибелік қабілеттері мен спорттық дағдыларды жете меңгеруін, денешынықтыру даярлығын деңгейі мен жауапкершілігін, спорттың жеке бір түрінен шеберлігін бағалау мақсатында оқуды бітіретін ІХ-ХІ сыныптарда дене тәрбиесі бойынша «есептелінетіндігі» туралы байқаулар спорттық жеке түрлерін қатесіз таңдауына жағдай туғызатын негізгі шаралардың бірі, яғни үлкен спорт әлеміне «Жолдама» беру деуге де болады.

Мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасы бойынша волейбол ойынына машықтану V сыныптан XI сыныпқа дейін жалғасатын спорттық, денетәрбиесі процестері екендігін ескертеміз. Мектептегі спорттық ойындар оқу, тәрбие, уықтыру мәселелерін шенгуге көмектеседі және оларды спорт пен денешынықтыруға қызықтырады.

Мектептегі волейбол дәрісінде негізінен біртұтастық оықту әдісі

қолданылады, ал бөліп оқыту айла-тәсілдерді толык игерілген соң барып ғана басталады. Оқу-үйрену және спортык ойындардың соңғы кезеңі, даңғдылану мен спорттық шеберлікті орнықтыру болып табылады. Спорт ойындарына ар налған дәрістер мен жаттығуларды өткізерде жаракатттануды болдырмау ша ралары: оқу-жаттығу тәртібін қатаң сактау, кажетті спорт киімдерінің ойын түріне сәйкес болуы, спорт алаңында немесе спорт залында қауіпті заттар мен құрал-жабдықтардың болмауы.

2. Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерін спорттық шынықтыру рухани бай, адамгершілігі жоғары және дене тәрбиесі жағынан жетілген болашақ мамандарды қалыптастырудың бірегей процесінің кұрамдас бөлігі болып табылады.

Волейболдан факультативтік курс спорт ойындары бойынша негізгілердің бірі. Оның оқу жылы бойындағы көлемі 210-240 сағат болады. Оқу сағаттарының осынша көп болуына қарамастан волейболмен айналысып жүрген студенттердің жаттығу процесін ұйымдастыру және басқару жөнінде жетекші боларлық оқу құралы жоқ. Осы методикалық ұсыныстарда спорттық жетілу барысында волейболшыларды даярлау процесінің тиімділігін арттыруға, онымен шұғылданушыларды секциялық жұмыстарды жүргізуге кажетті білімнен хабардар етуге талпыныс жасалады.

Үлгілі оқу жоспары

№:
Сабақтар мазмұны: Сабақтар мазмұны
Уақыт көлемі: Уақыт көлемі
№: 1
Сабақтар мазмұны: Теориялық дайындық
Уақыт көлемі: 18
№: *■
Сабақтар мазмұны: Жалпы дайындық
Уақыт көлемі: 40
№: 3
Сабақтар мазмұны: Арнаулы күш дайындығы
Уақыт көлемі: 20
№: 4
Сабақтар мазмұны: Техникалық дайындық
Уақыт көлемі: 60
№: 5
Сабақтар мазмұны: Тактикалық дайындық
Уақыт көлемі: 32
№: 6
Сабақтар мазмұны: Интегралдық дайындық, оның ішінде бақылау ойындары
Уақыт көлемі: 46
№: 7
Сабақтар мазмұны: Инструкталдық және төрешілер практикасы
Уақыт көлемі: 8
№: 8
Сабақтар мазмұны: Зачет, бақылау сынағы
Уақыт көлемі: 16
№: Жалпы уақыт көлемі:
Сабақтар мазмұны: 240 сағат

Теориялық дайындық сабағының үлгілі жоспары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Күш қабілеттерінің маңызы
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Волейбол оқыту әдістемесі
Допты боссаусақтармен соғу
Дене шынықтыру жабдықтары
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушыларының дене тәрбиесі
ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫН ЖЕТІЛДІРУ
Спорттың жекелеген түрінен жарыс өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz