Допты қос қолмен жоғарыдан беру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Волейболшы қыздарды жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдану негізінде
техникалық даярлау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

І.- тарау 1.1.Волейболшылардың оқу-жаттығу процесін біркелкілендір
етін тренажер
қондырғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...8
1.1.Волейболшылардың дене қасиеттерін
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2.Зертеулердің міндеттері, әдістері және
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ..13
1.3. Негізгі
ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22
1.4.Шабуылдағы топтық іс-
қимылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

1.5. Қорғаныс тәсілі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...41

II-тарау Жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолдана отырып, допты қабылдау-
беру техникасын жетілдіру процесін оптималдандыру. ... ... ..46
2.1.Жаңа тренажерлік
қондырғылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.2.Салыстырмалы педагогикалық эксперимент зерттеудің ұйымдастырылуы
мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Кеңес волейболының халықаралық аренадағы табыстары жалпыға мәлім. КСРО
ерлер және әйелдер құрама командалары – Еуропаның, әлемнің, Олимпиада
ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары, көптеген өзге де халықаралық
жарыстардың жеңімпаздары.
Зерттеудің өзектілігі. Осы жетістіктеріне қарамастан, елдің құрама
командаларында осы күнге дейін ойыншылардың техникалық даярлығында
айтарлықтай ақаулар кездесіп отырады. Мәселен, В.А.Тюрин әр ойыншының
серігіне пас беруге қабілетті бола бермейтіндігін және елдің құрама
командасының өзінде де жаттықтырушыларға волейболшы қыздарды жоғарыдан доп
берген кезде қолдарын қою секілді негізгі тәсілге үйретуге тура келетінін
атап көрсеткен болатын.
Техникалық даярлықтағы осындай ақаулар бізде оқытудың, үйретудің
бірыңғай мектебі жоқ екендігінен, ал жалпы қабылданған әдістемеде
техниканың бөлшектеріне операция бойынша бақылаудың қамтамасыз
етілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан осыларды жаттықтырушылар
спортшылардың дербес ерекшеліктеріне жатқызатын, эталонды техникадан үлкен
ауытқулар пайда болады. Кемшіліктерді түзетуге және техникалық даярлықтың
тиімділігін арттыруға қимылдарды орындау барысы бойынша тұрақты кері
байланысты ұйымдастыру көмектесуге тиіс. Осы талаптарға спортшыға оның
қимыл-қозғалыстарының сапасы туралы белгі беретін тренажер қондырғылары
жауап береді. Демек, жаңа тренажер қондырғыларын жасау әрқашан да оқу-
жаттығу процесінің тиімділігінің арттырылуын қамтамасыз ететін өзекті
бағыттардың бірі болып табылады.
Гипотеза. Соққы жасау теориясы тұрғысынан екі серпімді дененің соққы
жасау іс-әрекеттері ретінде волейболшының қолының доппен өзара әрекеттесуін
қарастыра отырып:
а) олардың құрылымдық айырмашылықтарына қарамастан, ойынның негізгі
техникалық тәсілдерін (қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазаларының
бірқатар кинематикалық және динамикалық сипаттамаларының көрсеткіштерінің
жақын мәндері бойынша) жеке топтарға біріктіруге болады;
ә) техникалық тәсілдер тобының бірі допты екі қолмен қабылдау-беру
бола алады;
б) қабылдау-беру сипаттамаларының кейбір мәндерін техниканы жетілдіру
процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа тренажер қондырғыларын жасап
шығару үшін қолдануға болады деп болжанды.
Жұмыстың мақсаты. Қабылданған гипотезаға сәйкес, жұмыстың мақсаты
жасап шығарылған жаңа тренажер қондырғыларын және оларды қолдану
әдістемесін пайдалану негізінде білікті волейболшы қыздарда қос қолмен
қабылдау-беру техникасын одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып
табылады.
Ғылыми жаңашылдығы. Осы жұмыста спорт шеберлері және жаңадан
шұғылданушылар орындаған волейболдың негізгі техникалық тәсілдерін
жылдамдықпен киноға түсіру нәтижелерін жүргізілген биомеханикалық және
факторлық талдау негізінде қолдардың доппен өзара әрекеттесуінің факторлық
құрылымы және соққылардың динамикалық сипаттамаларының кейбір
көрсеткіштерінің сандық мәндері алғаш рет анықталды.
Біз Спорт снарядтарына жанасу уақытын тіркеуге арналған қондырғыны
(1 қосымша) және жаттығу жағдайларында қолдардың доппен өзара
әрекеттесуінің уақыты туралы шұғыл ақпарат алу үшін оны пайдалану
әдістемесін жасап шығардық.
Қондырғыны спорттың әр түрлерінде соққыларды орындаған кезде өзара
әрекеттесу фазасын зерттеу үшін қолдануға болады.
Жаңа тренажер қондырғыларының жүйесі және допты қабылдау-беру
техникасын жетілдіру үшін оны қолдану әдістемесі алғаш рет жасап шығарылып,
эксперименттік түрде тексерілді.
Практикалық маңыздылығы. Жаңа тренажер қондырғылары жүйесін қолданудың
жасап шығарылған әдістемесін енгізу волейболшы қыздардың допты қабылдау-
беруді орындаудың тиімділігін арттыру есебінен техникалық даярлық жөніндегі
оқу-жаттығу процесін ұтымды етуімізге мүмкіндік береді. Әдістеме Алматы
қаласының екі әйелдер командасының жаттығу процесінде қолданылды. Бірінші
команда – Қазақтың спорт және туризм академиясының командасы, екіншісі –
Алматиночка Қазақстан біріншілігінің Б класында өнер көрсететін
командасы. Бұл волейболшы қыздардың допты қабылдау-беруді орындау
тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, мұны зерттеу нәтижелерін практикаға
енгізу актілері дәлелдеп берді (2 қосымша, 3 қосымша). Жаңа тренажер
қондырғыларының жүйесі біліктілігі әр түрлі волейболшы қыздарды даярлауда
қолданыла алады. Жасап шығарылған тренажер қондырғыларын жаппай жасап
шығару олардың қолданылу аясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

І-тарау. Волейболшылардың оқу-жаттығу процесін
біркелкілендіретін тренажер қондырғылары.

1. Волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау.

Тренажер сөзі ағылшынның train деген сөзінен шыққан, аударғанда бұл
тәрбиелеу, үйрету, жаттықтыру дегенді білдіреді. Тренажер деп жұмыс
дағдыларын жасап шығаруға, механизмдерді басқаруды жасап шығаруға және
жетілдіруге арналған оқу-жаттықтыру құрылғысы аталады.
В.Л.Уткиннің анықтамасы бойынша, дене шынықтыру мен спортта тренажер
деп адамды қимыл іс-әрекеттеріне оқытудың тиімділігін арттыратын кез келген
техникалық құрылғы аталады.
Спортта қолданылатын барлық тренажерлерді автор міндеті бойынша және
құрылымы бойынша жіктейді. Міндеті бойынша тренажерлер дене қасиеттерін
даярлауға, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық даярлауға
арналған болып бөлінеді. Құрылымы бойынша тренажерлер кері байланысты және
кері байланыссыз болып бөлінеді. Кері байланысы бар тренажерлер шұғыл
ақпаратсыз және шұғыл ақпаратпен деп, ал соңғылары бір контурлы және көп
контурлы болып бөлінеді. Қазіргі таңда осы жіктемені, біздің пікірімізше,
тренажер қондырғыларының кешендерінің, сонымен қатар экспресс-ақпараты бар
тренажерлердің пайда болуына байланысты толықтыру қажет.
Жіктемеде келтірілген тренажерлердің алуан түрлерінің ішінен,
тренажерлердің құрастырылуына тоқталмай-ақ, оларды волейболда қолданудың
бірнеше мысалын ғана келтіре кетейік.
Мәселен, волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау үшін бірқатар
қарапайым тренажерлер қолданылады: секіргіштікті дамытуға арналған еңіс
рама; балтыр-табан буындарын бекітуге және аяқ бұлшық еттерін дамытуға
арналған балтыр-табан колодкалары; секіргіштікті және секіру төзімділігін
арттыруға арналған секіру тумбасы және секіру экспандері; арқа мен қарынның
бұлшық еттерінің күшін дамытуға арналған еңіс тақтай және т.б.
А.Г.Фурманов спортшының кейбір дене қасиеттерін және жаттыққандығын
анықтауға арналған құрал-тренажерді жасап шығарды. Сигнал берілген соң
спортшы волейболға тән бірқатар іс-әрекетті жасай отырып, алға қарай жылжи
бастауға тиіс, бұл кезде құрал-тренажердің пультінде спортшы бүкіл
тапсырманы орындауға жұмсаған уақыт, оның ішінде реакция уақыты, бастапқы
жылдамдық пен ойын нормативінің уақыты көрсетіліп, жазылып отырады.
Волейболдағы техникалық даярлыққа арналған тренажердің мысалы болып
допты ұстағыш қызмет ете алады. Ол шабуылдаушы соққыларға оқыту және оларды
жетілдіру үшін қолданылады. Екпіндеп келу мен итерілуді орындай отырып,
шабуылдаушы оптималды биіктікте ұстағышта бекітілген допқа секірудің
жоғарғы нүктесінде соққы жасайды.
Волейболшыларды тактикалық даярлауға арналған тренажерлер айтарлықтай
азырақ жасап шығарылған. Тренажерлердің осы тобынан О.П.Топышев,
Г.Н.Ромашин, А.П.Гольцов жасап шығарған, волейболшылардың болжамдық
қабілеттерін бағалауға және жаттықтыруға арналған құрылғыны келтіруімізге
болады. Осы қондырғының көмегімен қорғаушы міндеттерін атқарушы ойыншылар
шабуылдаушының қолы доппен жанасқан сәтке дейін соққының бағытын анықтап,
болжамдау жөніндегі қабылданған шешімге байланысты құрылғының
лампочкаларының бірін қосуға тиіс. Бұл болжамның шабуылдаушы орындаған
тапсырмамен дұрыстығын салыстыруға, сонымен қатар шабуылдаушы соққы жасаған
сәтке дейін болжау уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Шабуылдаушы ойыншыға
біртіндеп күрделендіре отырып, белгілі бір бағдарламаны белгілей отырып,
болжам жасау қабілеттерін, сонымен қатар қорғаушылардың тактикалық
дағдыларын меңгеру процесін басқаруға болады.
Психологиялық даярлық үшін негізінен алғанда тренажерлер емес,
спортшылардың кейбір психологиялық сипаттамаларын бақылайтын аспаптар
қолданылады. Мәселен, көшірілмелі психологиялық зертханаларда треморды,
зейіннің көлемін, теппинг-тесті, күрделі қимыл-қозғалыс реакциясын,
қарқындылықты, көңіл аударуды, зейіннің бөлінуін және ауыстырылуын,
кеңістіктегі елестетуді және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар
аспаптар қолданылады. Осы аспаптардың барлығы кез келген спорт түрінде
спортшыларға арналған ортақ аспаптар болып табылады.
Біздің пікірімізше, болашақтағы жуырда, сірә, волейболдың ерекшелігін
ескеретін, психологиялыққа арналған арнайы тренажерлердің пайда
болатындығын да күтуіміз керек.
Спортшыларды теориялық даярлау үшін сонымен қатар спорттың барлық
түрлері үшін унификацияланған аспаптар да қолданылады. Спорттың нақтылы
түріне қатысты дифференциациялау негізінен алғанда тиісті бағдарламаларды
құрастырған кезде жүзеге асырылады. Осыған тән мысал болып КИСИ-5
машинасы табылады. Білімдерді бақылау барысында спортшыларға сұрақтар
сериясы ұсынылады, осылардың әрқайсысына 2-4 жауап бар болып, олардың
біреуі ғана қойылған сұраққа жауап береді.
Кері байланысы жоқ тренажерлерге доптарды лақтыруға арналған құрылғыны
жатқызуымыз керек. Ол допты белгіленген жылдамдықпен және категориямен көп
мәрте лақтыруға мүмкіндік береді. Бұл допты қабылдау-беру техникасына
үйретуге және оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы құрылғының жылдам
атқыштығы минутына 6-8 допты құрайды.
Алайда спорттық жаттығудағы келешек, спорттағы бірқатар мамандар
осыған басты назар аударатындықтан, кері байланысы бар тренажерлерге
тиесілі болып отыр.
Кері байланысы бар, бірақ шұғыл ақпараты жоқ тренажерлердің мысалы
болып спорттың көптеген түрлерінде қолданылатын бейнемагнитофондар
табылады. Бейнемагнитофондардың кейбір маркалары стоп-кадр мен
бейнелердің баяу көрсетілуін орындауға мүмкіндік береді. Бейнежазбаның
арқасында жекелеген спортшылардың техниканың бөлшектерін орындауын және
команданың тұтастай техникалық іс-әрекеттерді орындауын мұқият және
объективті талдау мүмкін болады. В.С.Фарфелдің зерттеулерімен шұғыл
ақпараттың спортшының санасына қимыл-қозғалыстың сандық және сапалық
сипаттамаларын жеткізуге, сонымен қатар оларға тілдік ақпаратты тіптен ең
тәжірибелі жаттықтырушының кәдімгі беру әдістері кезінде қол жеткізілмейтін
дәл де нәзік түзетулер енгізуге мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.
Бір контурлы, кері байланысы және шұғыл ақпараты бар тренажердің
мысалы болып допқа қол буынының алақан бөлігінің жанасуын бекітетін
П.А.Антоновичтің 8 тренажері қызмет ете алады, ал алақан бөлігінің
жанасуы қос қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде техникалық қате
болып табылады. Егер лампочка жанбаса, қате жоқ деген сөз.
Құрастырылуы бойынша ең күрделі болып кері байланысы және шұғыл
ақпараты бар, көпконтурлы басқару принципіне негізделген көпконтурлы
тренажерлер табылады. Бұл тренажерлер спортшыларда бірқатар көрсеткіштерді
бақылайтын, кері байланыстың бірнеше, бір мезгілде әрекет жасайтын
контурларын қолдануды қарастырады.
Волейбол бойынша қол жеткізетін әдебиеттен біз мұндай тренажерлерді
кездестірмедік. Бізді қызықтырып отырған допты қабылдау-беру техникасын
үйретуде және жетілдіруде қолданылатын, әдебиетте кездесетін тренажерлерді
қарастырып шығайық. Бұл тренажерлер көптеген авторлардың, мысалы,
А.В.Ивойловтың, А.Н.Якушевтің; А.Ивойловтың; тең авторлармен бірге
Ю.Д.Железняктың, Л.Н.Слупскийдің және басқалардың еңбектерінде келтірілген.
Алпысыншы жылдары ұсынылатын тренажерлерден допты қабылдау-берудің
дәлдігін жетілдіруге бағытталған тренажерлер көбіне көп ұсынылады. Оларға
ұсынған маяктар: Маяк-1 мен Маяк-2 жатқызылады. Маяк-1-дің биіктігі бойынша
реттеліп отыратын екі баскетбол сақинасы бар. Маяк-2-де горизонталь
кеңістікте де, вертикаль кеңістікте де болуы мүмкін шеңбері бар. Шеңбердің
биіктігі де реттеліп отырады. Олардың көмегімен волейболшылар, доппен
сақинаға немесе шеңберге дәл тиюге тырыса отырып, әр түрлі қалыптан және әр
түрлі қашықтықтан допты қабылдау-беру дәлдігін жетілдіріп отырады.
Қос қолмен жоғары жақтан дәл доп беру дағдыларын қалыптастыруға
арналған тренажерлердің жеңілдетілген конструкцияларын Ю.Д.Железняк,
Ю.Н.Клещев суреттеп берген болатын. Бұл тордың ұялары арқылы өткізілген
сырықта орналасқан шеңбер. Шеңбер тікелей торға бекітілуі мүмкін, бұл
пайдаланған кезде анағұрлым қолайлырақ келеді. Авторлар сонымен қатар 3-4
метр биіктікте қабырғада орнатылатын немесе салынатын қалқан-нысаналарды
ұсынады. Допты нысанаға қабылдау-беруді орындай отырып, волейболшыға,
нысананың ортасынан алысырақ кете отырып, жанында салынған сандарға қарау
қажет. Осылайша, волейболшыларда допты қабылдау-берудің дәлдігінен өзге
перифериялық көру қасиеті де дамиды.
В.В.Мерзляков пен В.П.Пелипак авторлардың есептеуінше, тек жаттығу
үшін емес, сонымен бірге ойын техникасы бойынша нормативтер тапсыру үшін
қолданылуы мүмкін, биіктігі реттелетін ауыстырылмалы сақиналарды ұсынды.
Кейінірек Г.Н.Россо, А.Г.Фурманов допты беруге үйретуге арналған
құрылғыны ұсынды. Ол волейболдағы екінші доп беруді оқыту және жетілдіру
үшін қолданылады. Алға қойылған мақсатқа байланысты, байланыстырушы екінші
доп беруді орындап, допты секторларға бөлінген ағаш шеңберге (ату нысанасы
түріндегі) түсіруге тиіс. Доппен қандай да бір секторға тиген кезде тиісті
лампочка жанады.
Тренажерлердің басқа бір тобы допты қабылдау-беру техникасын оқыту
және жетілдіру үшін арналған. Бұл, негізінен алғанда, жаңадан үйренушілерге
доппен өзара әрекеттескен сәтте қолдардың доппен түйісу нүктесін анықтауға
көмектесетін аспалы доптар. Ойыншы алдымен бір орнында, кейіннен қозғалыста
допты тиісті бағытта қабылдау-беруді орындауға тиіс.
Сонымен қатар асылған доптарға арналған арнайы құрылғыы да ұсынылған.
Ол тек қана айырмашылығы, доптар осылар бойынша сақиналар орын ауыстыруы
мүмкін арнайы кронштейнге асылған, аспалы доптардың модернизациясы болып
табылады. Сақиналарға жіңішке арқанмен доптар асылған.
Серіппелі доп. Ойыншы үш резеңке амортизаторлардың кедергісін жеңе
отырып, әр түрлі дене қалпында допты қабылдау-беруді жүзеге асырады.
Құламалы доп. Допты қабылдау-беруді орындай отырып, волейболшы кез
келген тәсілмен металл түтіктің екінші ұшындағы амортизатордың резеңкесін
кез келген тәсілмен тартады. Содан соң доп кері қарай қайтып келеді
(құлайды). Осы тренажердің өзге бір түр тармағы болып түтіктің екінші ұшын
жеңіл атлетика ядросына бекіту болып табылады, бұл кезде доп өз салмағының
күші есебінен құлайды.
Қабырғалы қалқан. Допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру үшін де,
спортшының жылдамдығын, ептілігін, қозғалғыштығын дамыту үшін де
қолданылады. Қабырғалы қалқанға лақтырған кезде доптың ең күтпеген бағытта
ұшуы мүмкін. Ал спортшының міндеті допты қабылдау-беруді орындаудан тұрады.
Олар допты қабылдау-беруді орындаған кезде кері байланысты қажетті
шамада қамтамасыз етпегендіктен, осы тренажерлер практика сұраныстарын
толығымен қанағттандыра бермеді. Сондықтан А.Г.Фурманов доп берудің соңғы
фазасында шынтақтардың толық созылуы туралы белгі беретін тренажер жасап
шығарды.
Тренажерлерді пайдалану әдістемесін талдай отырып, кей көздерде
авторлардың жаттықтырушыларға оларды өз қалаулары бойынша пайдалану құқығын
бере отырып, тренажерлерді суреттеумен шектеліп қоятындығы атай кеткен жөн.
Өзге бір көздерде әр тренажер үшін оны пайдалану үшін жаттығулар
тізімі ұсынылады, мәселен. Осы жаттығуларды іріктеп алу принципі
тренажерлерді қолдану мақсаттарына негізделеді. Допты қабылдау-беруді
үйреткен және жетілдірген кезде тренажерлерді қолдану мақсаты болып қолдар
мен аяқтарды дұрыс қою мен олардың дұрыс жұмыс істеуі, қол буындары мен
саусақтардың бұлшық ет топтарын күшейту және сабақтардың тығыздығын арттыру
болып табылады. Жаттығуларда орындалу дәлдігін бағалай отырып, әр түрлі
бастапқы қалыптардан қайталаулардың көп саны (50-100 рет) қарастырылады.
Сөз жоқ, әдістемені баяндау тренажерлерді қолдануға құнды толықтыру болып
табылады және жаттықтырушыларға үйрету мен жетілдірудің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылған көздерден ерекшелік болып А.Г.Фурмановтың оқу құралы
табылады, мұнда волейболшылардың бағдарланған үйретілуінде қолданылатын
бірнеше тренажер көрсетілген. өкінішке орай, автор техникалық тәсілдерді
жетілдіру бағдарламасын келтірмеген, алайда солай бола тұрса да,
техникадағы ақауды түзету үшін допты қабылдау-беру үшін ұсынылып отырған
бағдарламаны қолдану өте пайдалы болуы мүмкін.
Допты қабылдау-берулерді жетілдіру үшін тренажерлерді қолданудың
мақсатқа лайықтылығы күмән тудырмайды және, Ю.Д.Железняктың есептеуінше,
олар волейболшыларды көпжылдық даярлау жүйесінде үлкен орын алуға тиіс.
Онымен қоймай, В.М.Зациорскийдің пікірінше, кері байланысы және шұғыл
ақпараты бар тренажерлерге зор болашақ тиесілі. Спортшылардың дене
қасиеттерін даярлау әдістемесінде спортшының жүріс-тұрысын басқарудан шұғыл
жаттықтыру әсерін тікелей басқаруға көшу қарастырылуда, мұның өзі ниет етіп
отырған нәтижені бағдарлауға мүмкіндік береді. Айтылғандардың барлығы,
сірә, спортшылардың техникалық даярлығын жетілдіруге де, оның ішінде,
волейболдағы допты қабылдау-беру техникасын жетілдіруге де толық шамада
жатқызылуы мүмкін.
Әдебиет мәліметтерін талдай отырып, көптеген дәрежеде соққылардың ең
көп практикалық маңызы бар техникада зерттелгендігін атай кету керек. Олар
техниканы үйрету және жетілдіру процесін басқарумен байланысты
болғандықтан, олар да спорт практикасы үшін айтарлықтай маңызға ие болып
отырғанымен, спортта соққы жасау қимылдары азырақ зерттелген.
Спорттағы, жекелей алғанда волейболдағы соққыларды одан әрі зерттеу
және оларды басқару үшін, басқа әдістермен табу мүмкін болмаған
құбылыстардың заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін, қазіргі
ғылыми танымның ең алдыңғы қатарлы әдісі ретінде жүйелік-құрылымдық амалды
қолданған жөн.
Көптеген мамандардың пікірінше, қимыл-қозғалыстың жетекші құрылымы
болып өзіне қимыл-қозғалыстың энергетикалық сипаттамаларын қосатын
динамикалық құрылым табылады. Алайда зерттеушілер соққы теориясын
салыстырмалы түрде аз қолданады, соққылардың энергетикалық сипаттамаларының
сандық мәліметтеріне тиісті көңіл бөлмейді, бұл, біздің пікірімізше, қимыл-
қозғалыс құрылымын көбірек ашып, оларды басқару процесін одан әрі танып
білуге мүмкіндік берер еді. Осының барлығы спорттық техникаға үйрету мен
оны жетілдіруге ықпалын тигізетін болады.
Сабақтағы үйлестіру жөніндегі ең алуан түрлі жұмыс жұмысқа
қабілеттілікті және материалдың меңгерілуін арттыра түсетіндігі белгілі
болып отырғандықтан, қос қолмен төменнен қабылдау және үстіден беру
техникасын үйрету мен жетілдіруді бір мезгілде жүргізген мақсатқа лайықты
болып келеді.
Шұғыл ақпараты бар тренажерлердің үлкен ролін мамандар үнемі атап
көрсететіндігіне қарамастан, допты қабылдау-беру техникасын жетілдіру
барысында бірқатар тренажерлер, бірақ та негізінен алғанда кері байланыссыз
және шұғыл ақпаратсыз тренажерлер қолданылады. Және де онымен қоймай,
техниканы үйрету мен жетілдірудегі прогрессивтік бағыт техникалық
тәсілдерді орындаған кездегі бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық
үйлестіру туралы мәліметтерді қамтамасыз ету мүмкіндігінен көрініс табады.
Осы міндетті жүзеге асыруды қамтамасыз ету техникалық тәсілдердің арнайы
кешенін жасап шығару және пайдалану, ал атап айтар болсақ оқу-жаттығу
процесін басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы тренажерлерді
жасау арқылы мүмкін болады.

2. Зерттеулердің міндеттері, әдістері және ұйымдастырылуы

Зерттеулердің міндеттері
Алға қойылған гипотезаны тексеру үшін жұмыстың алдында келесі
міндеттер қойылған болатын:
1. Соққы теориясы тұрғысынан алғанда негізгі техникалық тәсілдері
спорт шеберлері және жаңадан шұғылданушылар орындаған кездегі қолдардың
доппен өзара әреекттесу фазаларының кейбір кинематикалық және динамикалық
сипаттамаларын талдауды жүргізу.
2. Біліктілігі әртүрлі волейболшы қыздарда жаттықтыру жүргізген
жағдайларда доп беру тәсілдерін орындау тиімділігінің қолдардың доппен
өзара әрекеттесу уақытына байланыстылығын зерттеу.
3. Жүйелік-құрылымдық амалдың негізінде жаңа тренажерлік қондырғылар
құру, оларды білікті волейболшы қыздарда допты қабылдау-беру техникасын
жетілдіру үшін пайдалану әдістемесін жасап шығару және эксперименталды
түрде тексеру.
Зерттеулердің әдістері
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін біз төменде баяндалған бірқатар
зерттеу әдістерін қолдандық.
1. Әдебиет көздерін талдау және жалпылау.
2. Жылдамдықпен киноға түсіру және оның нәтижелерін биомеханикалық
талдау.
3. Құрал-аспаптық әдістемені қолдана отырып тестілеу.
4. Ойындағы іс-әрекетке педагогикалық бақылау жасау.
5. Сауалнама жүргізу.
6. Зертханалық педагогикалық эксперимент.
7. Салыстырмалы педагогикалық эксперимент.
8. Математикалық өңдеу әдістері.
Бірінші міндет жылдамдықпен киноға түсіруді қолдана отырып шешілді.
1982 жылы шығарылған, №720111, объектив Р03-3М №714867 СКС-1М-16
жылдамдықпен кино түсіру камерасы қолданылды. Камера негізінен алғанда
түсіру нысанының орын ауыстыру алаңы қатаң шектелген техникадағы жылдам
өтетін оқиғаларды түсіруге арналған. Камера камера пленкамен жабдықталмаған
кезде бағыттау процесінен кейін стационарлы түрде бекітіледі. Камераны
пленкамен жабдықтағаннан кейін кескін іздегіштің қалқаны жабылуға тиіс,
олай болмаған жағдайда пленка іш жағынан бүлдіріліп алынады. Осылайша
түсірген кезде кескін іздегіш жабық тұрады және оператор нысанды көрмей,
яғни соқыр күйінде барлық процесті түсіріп алады. Мұнда оператор түсіріп
жатқан кезде кадр шекараларын міндетті түрде көріп тұруға тиіс болатын,
қолдардың доппен өзара әрекеттесуін жылдамдықпен киноға түсіріп алу үшін
біз СКС-1М-16 камерасын біршама түр өзгерту ісін жүзеге асырдық. Кескін
іздегішке қатарластырып, квадрат тесіктері бар екі пластина түріндегі
екінші кескін іздегіш жасалды. Пластиналар 9 м қашықтықтағы кеңістіктегі
кадр алаңы кескін іздестіргіш арқылы көрінетін ауданмен дәл келетіндей
етіп, камераның оптикалық осіне параллель орнатылды. Түсірген кезде
кадрлардың шекараларын көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзіндік диоптрлік
көздегіш алынды.
Камераның негізгі техникалық мәліметтері:
- түсіру жиілігі – 150ден 4000 кадрсек дейін;
- қолданылатын пленка – стандартты, 16 мм;
- кадрдың өлшемі 7,5х10,4 мм;
- бобинаның сыйымдылығы – 30 м;
- пленканы тасымалдау ұзақтығы – 1,5 с-тан 25 с дейін;
- электрқозғалтқыш әмбебап, 30 В-тан 127 В айнымалы ток және 10 В-тан
120 В дейінгі тұрақты ток;
- уақытты белгілеушінің (кадрлар жиілігін есептеушінің) неон
лампасы – типі МН-7, кернеу 127 В айнымалы ток, жиілігі 50 Гц.
Объектив:
- фокустық қашықтығы 50 мм;
- салыстырмалы тесік 1:2;
- алаңның ортасындағы шешуші қабілет – 25 штрихмм, алаңның
шетіндегі шешуші қабілет – 15 штрихмм.
СКС-1М-16 камерасының габариттік өлшемдері: ұзындығы 382 мм; ені 280
мм; биіктігі 354 мм. Тіремесімен бірге камераның салмағы 15,5 кг.
Бес негізгі волейболдың техникалық тәсілдерінің қолдардың доппен өзара
әрекеттесу фазасы ғана жылдамдықпен түсіруге ұшырады:
1. Допты қос қолмен жоғарыдан беру.
2. Допты қос қолмен төменнен қабылдап алу.
3. Жоғарыдан тік беру.
4. Тік шабуылдаушы соққы.
5. Бірлі блоктау.
Түсіріліп алынған пленка биомеханикалық талдауға ұшырады 120. Бұл
мақсатта біз Школьный түріндегі проекторды қолдандық, оның көмегімен
бейне сынып тақтасына 1:4 ауқымда проекцияланып, өлшеулер жүргізілді.
Бейненің ауқымын бақылау әр кадрда болатын екі перпендикуляр өлшем
планкаларының проекцияларының ұзындығы бойынша жүзеге асырылды. Өлшем
планкаларындағы рискалардың нақтылы ұзындығы 10 см құрайды, ал проекцияда
ол 2,5 см құрады. Сынып тақтасында алдын ала екі перпендикуляр сызық
сызылды. Бұл сызықтар өлшем планкаларының проекциясымен үйлестіріліп,
осылайша координаталар басының екі ось – абсцисса және ордината осьтері
бойынша үйлесімі қамтамасыз етілді. Массалар орталықтары: қол буындарының
(доп беруді, шабуылдаушы соққыны, блокты және қос қолмен жоғарыдан доп
беруді орындаған кезде), иық маңының (төменнен қос қолдап доп қабылдауды
орындаған кезде) масса орталықтары, сонымен қатар доп салмағының орталығы
тиісті проекциялар бойынша тақтаға бормен түсіріліп отырды. Пленканы
жылжытып және кадрлардың санын есептей отырып, қолдар доппен өзара
әрекеттескен кезде кадрға тоқталып, координаталар бастауын үйлестірдік,
қолдар доппен өзара әрекеттескенге (жанасқанға) дейін жеке-жеке доп
салмағының орталығы және қол буындарының масса орталығы өткен жолды (см-
мен) өлшедік. Өзара әрекеттесу кезінде және одан кейін де дәл осылайша
жасадық. Бұл ретте уақыт белгілеуіш қалдырған, пленканың перфорацияларының
біріндегі күңгірт сызықтар бойынша осы сәттегі түсіру кадрларының жиілігін
анықтадық. Уақыт белгілеуіш токтың жиілігі 50 Гц болған кезде секундына 100
жарқыл беретін неон лампа болып табылады. Одан келген жарық пленкаға келіп
түсіп, перфорациялардың бірі бойынша түсіру кадрынан тысқары жерде ені 0,8
мм болатын, шеттің ұзына бойына жолақ қалдырады. Біреуінің бастауынан
екіншісінің бастауына дейінгі екі белгілер (кадрлардағы) арасындағы
қашықтық өткен уақытты анықтайды. Бір белгінің бастауынан екіншісінің
бастауына дейінгі уақыт аралығы 1100 с құрайтын болғандықтан, егер мысалы
бір белгінің бастауынан екіншісінің бастауына дейін 5 кадр өтетін болса,
түсіру жиілігі 1100: 5 = 1500 с құрайды, яғни түсіру 500 кадрс
жиілікпен жүргізілген.
Жанасу сәтіне дейін, жанасқан кезде және одан кейін өткен уақытты
анықтау үшін есептелген кадрлардың санын түсіру жиілігіне бөлу қажет болды.
Нәтиже үтірден кейінгі үшінші белгіге дейін есептелді. Проекция ауқымын
ескере отырып, доп пен қолдар өткен жол былайша есептелді: өтілген жолдың
см-мен өлшенген қашықтығын 4-ке көбейтіп, туындыны 100-ге бөлдік, метрмен
көрсетілген жолды алдық. Соққыға дейінгі доптың Vм, қолдың (қолдардың) Vp
сызықтық жылдамдықтарын, сонымен қатар соққыдан кейінгі тиісті Им мен Ир
мәндерін әдеттегідей, нәтижені 0,001-ге дейін дөңгелете отырып, тиісті
өткен жолды уақытқа бөле отырып анықтадық. Қалпына келу коэффициенті К,
соққы уақытындағы қолдар мен доптың кинетикалық энергиясының қосынды
шығындалуы Тпот, қолдардың (қолдың) кинетикалық энергиясының допқа берілу
тиімділігінің коэффициенті ŋ 1 тарауда келтірілген тиісті (5), (4), (7)
формулалар бойынша есептеп шығарылды. Бұл ретте қолдың белсенді салмағы
деп аталатын, біздің есептеулерімізде қол буындары салмағы мен иық маңы
салмағының қосындысын құрады. Бұл массалар В.М.Зациорский, А.С.Аруин,
В.Н.Селуянов дененің салмағының геометриясын анықтаудың радиоизотопты
әдісінің негізінде шығарылған формулалар бойынша анықталды. Әйелдердің
денесінің сегменттерінің массаларын – инерциялық сипаттамаларын дененің
ұзындығы (X2) және салмағы (X1) бойынша анықтау үшін төмендегі түрдегі
регрессия теңдеуі қолданылды:
У = Во + В1Х1 + В2Х2. (9)
Мұндағы у – қол буынының (иық маңының салмағы), кг;
Во; В1;В2 – әр сегмент үшін сан көптеген тәжірибелердің негізінде
шығарылған коэффициенттер.
С.Л.Фетисованың зерттеулерінің мәліметтері бойынша, механикалық
тұрғыдан алғанда допқа ұшудың ең үлкен жылдамдығын беру үшін соққыштың
(қолдың) салмағы 1,5-2 кг-нан аспауға тиіс. Сондықтан өзіміздің
есептеулерімізде қолдың соққылы (белсенді) салмағы деп біз тек қана 1,4 кг-
нан аспайтын қол буындары салмағы мен иық маңы салмағының қосындысын
есептедік.
Жаңадан шұғылданушылардағы және спорт шеберлеріндегі алынған
көрсеткіштердің айырмашылығының растығы Вилкоксон-Манн-Уитни критерийін
қолдана отырып жүргізілді.
Факторлық талдау негізгі компоненттер әдісі бойынша жүргізілді
66,102,161. Барлық есептеулер Фортран тіліндегі бағдарлама бойынша ЕС-
1022 электронды есептеу машинасында орындалды.
Екінші міндет құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу әдісімен
және педагогикалық бақылаумен шешілді.
Құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу.
Жылдамдықта киноға түсіруді қолдана отырып спорттағы соққыларды
зерттеген кезде уақыттық сипаттамаларды тіркеудің бірқатар кемшіліктері
бар. Мысалы, жылдамдықта киноға түсіру шұғыл ақпаратты қамтамасыз ете,
сонымен қатар соқтығысу фазасында снарядпен (доппен) тікелей өзара
әрекеттесетін соққыштық бөліктерінің құрылымын аша алмайды.
Осы кемшіліктерді жою мақсатында біз Спорт снарядтарының жанасу
уақытын тіркеуге арналған құрылғыны жасап шығардық (1 қосымша).
Волейболға қатысты алғанда құрылғы:
1) Ток өткізетін желімнің қабатымен жабылған волейбол добынан;
2) Саусақтардың ұшынан шынтақ буынына дейін қолдың алақан жағы бойынша
сымтемірлік түйіспелерден және крагалы қолғаптан;
3) Тіркегіштерден - Н-327-5 типті екі бес арналы өздігінен жазатын
аспаптан (әр саусаққа бір арнадан);
4) Құрылғыға арналған қоректендіру блогынан – 4,5 В батарейкадан
(тіркегіштер 220 В желіден қоректенеді);
5) Спортшы беліне киетін белдікте бекітілген ажыратқышы бар
байланыстырғыш сымнан тұрады.
Құрылғының жұмыс істеу принципі 4,5 В электр тізбегін қолдармен өзара
әрекеттескен сәттегі доптағы ток өткізгіш желімнің қабаты арқылы
волейболшының қолында тұйықтаудан тұрады. Контакт тұйықталған кезде Н-327-5
өздігінен жазатын аспаптардың тілдері ауытқиды. Доп қолдан ұшып кеткеннен-
ақ тізбек ажыратылады, тілдері бастапқы қалпына оралады. Осылайша қос
қолмен жоғарыдан доп беруді орындаған кезде әр саусақтың доппен өзара
әрекеттесуі туралы шұғыл ақпаратты алып отырдық. Төменнен қос қолдап допты
қабылдауды орындаған кезде де дәл осылай болады. Бұл кезде, алақандардағы
сымтемір контактілерінің кездейсоқ тұйықталуын болдырмау үшін қол
буындарының біріне алдын ала целлофаннан жасалған қапшық кигізіледі.
аталған құрылғыны пайдалану қолдардың доппен өзара әрекеттесу фазасындағы
қимылдың анатомиялық құрылымын ашуға мүмкіндік береді. Қажет болған
жағдайда қимылдың қарқыны мен фрғағын анықтауға болады.
Волейбол добын жабуға арналған ток өткізгіш желім былайша дайындалады.
1:10 пропорцияда ВФ-2 желімімен ұнтақ тәріздес графит араластырылды. Одан
соң кисточканың көмегімен дайындалған желім тігістері толатындай етіп допқа
тегіс қабатпен жағылды. Одан соң желімді кептіріп, кейін осылайша жабуды
доптың бетінде 3 см қашықтықта өлшенген кедергі 10 кОм жеткенше қайталап
отырдық. Краснодар қаласының өлшеу аспаптары заводының қолданылатын Н-327-5
аспаптарының келесідей негізгі сипаттамалары бар:
- Жазбадағы арналардың саны – 5;
- Диаграмма лентасының жалпы ені, мм – 240;
- Диаграмма лентасының қозғалыс жылдамдығы, ммс – 1; 2; 5; 10;
25; 50;125; 250;
- Аспаптың қоректенуі – 50 Гц желі, кернеу 220 В.
Құрылғыны пайдаланудың жасап шығарылған әдістемесі:
1. Сыналушының киінуін (қолғап және белдік киюді);
2. Өздігінен жазатын аспаптардың лентасындағы белгіні – арнаның
жоғарыдан доп беруді орнаған кезде қолдардың әрбір саусағына немесе
тәсілді төменнен орындаған кезде иық маңының бөлігіне сәйкестігі;
3. Көмекшіге өздігінен жазатын аспаптардың лента тарту механизмінің
қосылу және ажырау сәті туралы нұсқау беруді;
4. Жалпы алғанда құрылғы жұмысын сынап көруді қарастырады.
Қолдардың доппен өзара әрекеттесу (жанасу) уақытын есептеу былайша
жүргізілді. Штангенциркулмен 0,1 мм дәлдікке дейін ауытқудың басынан аяғына
дейін Н-327-5 өздігінен жазатын аспаптарының он арнасының әр тілінің
ауытқуы өлшеніп отырды. Бұл жоғарыдан қос қолмен доп беруді орындаған кезде
қол саусақтарының және төменнен қос қолмен қабылдауды орындаған кезде иық
маңы бөліктерінің доппен өзара әрекеттесу уақытына сәйкес келді. Өздігінен
жазу аспабының лентасының тартылу жылдамдығы тұрақты болғандықтан, өзара
әрекеттесу уақытын есептеп шығару үшін тілдің мм-мен көрсетілген ауытқу
жолын лентаның тартылу жылдамдығына (125 ммс) бөліп, секундпен көрсетілген
уақытты алдық. Есептеулер үтірден кейінгі үшінші белгіге дейін жүргізілді.
Доп ұшуының жылдамдығы мен траекториясының тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін арнайы катапульта қолданылды. Оны алдын ала сынақтан өткізу соққы
жасау механизміндегі серіппенің қатаң дозаланып тартылуы есебінен доптардың
ұшуының айтарлықтай жоғары тұрақтылығын көрсетіп берді.
Мысалы, бір орыннан №5 аймаққа, яғни 17 м-ге доп берулерді орындаған
кездегі ақаулық барлық жақтарға +0,7 м аспады, бұл 4% құрайды, ал доптарды
5-ші аймақтан 2-ші аймаққа 7 метрге катапульттеген кезде
+0,3 м аспады – 4,2%. Біздің пікірімізше қабылдау-беруді орындау
сапасының көрсеткіші болып табылатын, қолдардың доппен өзара әрекеттесу
(жанасу) уақытынан өзге, олардың жаттығу процесіндегі тиімділігі, сонымен
қатар қолғаптардың іс-әрекеттертер тиімділігіне әсері үлкен қызығушылық
тудырды. Осы мақсатта біз ойын жағдайларына мейлінше жақындастырылған екі
тестті (бақылау жаттығуларын) жасап шығардық.
Бірінші тестте қос қолмен жоғарыдан дәлдікке екінші доп беру
орындалды. Доп катапультамен 5 аймақтан 2 және 3 аймақ арасындағы алаңға
жіберілді. Допты катапульта соққан кезде сыналушы шабуыл сызығының (1
аймақ) артынан жүгіріп шығып, диаметрі 80 см маяк сақинасына екінші доп
беруді орындауға тиіс. Сақина горизонталь кеңістікте, 4 аймақтағы тордың
деңгейінде орналасқан (сақинаның ортасы бүйір сызықтан 1,5 м және ортаңғы
сызықтан 0,5 м жерде). Сақинаға доп түсіру 3 баллмен, сақинаны жанай отырып
түсіруц – 2 баллмен, сақинаға тиіп, оған доп түсірмеу – 1 боллмен және мүлт
кету – 0 баллмен бағаланды.
Екінші доп беруді орындайтын жерді таңдауды біздер байланыстырушы
ойыншы тұрған негізгі аймақты ескере отырып жасадық. Катапультамен доп
жіберілген 5 аймақ байланыстырушы ойыншыдан ең қашықтағы аймақ ретінде
таңдап алынды. Бірінші доп беруден кейінгі доптың әдеттегі жылдамдығы 6-8
мсек құрайды. Біз орташа жылдамдықты – 7 мсек таңдап алдық, оны
катапульта қамтамасыз етеді.
Екінші жаттығуда катапульте орындаған доп беруден доп екі қолмен
төменгі жақтан қабылданып алды. Доп 5 аймаққа жіберіледі, мұнда сыналушы
оны қабылдап, тордың үстіңгі шетінің деңгейінде тартылған бау арқылы оны 2
және 3 аймақ арасындағы аралыққа жеткізуге тиіс. Алаңда диаметрлері, 1,2
және 3 м болатын 3 концентрациялық шеңбер сызылды. Шеңбердің ортасы 2 және
3 аймақтардың арасында, бүйір сызықтан үш метр және ортаңғы сызықтан бір
жарым метр жерде орналасты. Доп беруді қабылдаған кезде доппен диаметрі 1 м
шеңберге тию 3 баллмен, 2 м диаметрлі шеңберге – 2 баллмен, диаметрі 3 м
шеңберге тию – 1 баллмен және мүлт кету – 0 баллмен бағаланды.
Доп беруді қабылдағаннан кейін допты оған жақын қашықтыққа қарағанда,
ең алыс қашықтықтан байланыстырушы ойыншыға дәл жеткізу қиынырақ келеді,
сондықтан осы жаттығуды орындаған кезде 5 аймақ таңдап алынды.
С.Л.Фетисованың мәліметтері бойынша, қорғаныс аймағына жіберген
кездегі доптың ұшу жылдамдығы орташа алғанда 16 мс құрайды. Осыны
басшылыққа ала отырып, доп беретін орында орналасқан катапультаның соққыш
механизмінің серіппесін қатаң дозалай отырып тарту арқылы біз осы
жылдамдықты бердік. Бақылау жаттығуларындағы допты қабылдау-беруді орындау
тиімділігі баллдарды максималды мүмкін болатын жинаудан пайыздармен
есептелді.
Волейболшылардың техникалық даярлығын анықтау үшін осындай тесттерді
Ю.Д.Железняк және А.Г.Фурманов ұсынған болатын.
Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу корреляциялық талдауды және
қатар қалыпты бөлінген кезде қолданылатын Стьюдент t критерийін қолдана
отырып жүргізілді.
Ойын іс-әрекеттеріне педагогикалық бақылау жасау. Ол 1 дәрежелі
волейболшы қыздардың жарыс жағдайларында допты қабылдау-беруді орындау
тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілді. Бақылау кезінде М.Е.Амалин мен
О.С.Шилов ұсынған әмбебап әдіс қолданылды. Допты қос қолмен төменнен
қабылдау және қос қолмен жоғарыдан беру тәсілінің тиімділігі жазылып
отырды.
Үшінші міндетті шешу үшін біздер: сауалнама жасау әдісін, зертханалық
педагогикалық экспериментті және салыстырмалы педагогикалық экспериментті
пайдаландық.
Сауалнама жасау. Волейбол жөніндегі жаттықтырушылардан допты қабылдау-
беруді орындау тиімділігін арттыру үшін қолданылатын тренажерлер туралы
мәліметтер алу, сонымен қатар оларды жасау үшін жаңа тренажерлерге
қойылатын талаптарды анықтау мақсатында біз арнайы сауалнама жасап шығардық
(5 қосымша).
Сауалнама мәліметтерін математикалық өңдеу конкордация коэффициентін
есептей отырып, сараптамалық бағалаулар әдісімен жүргізілді.
Зертханалық педагогикалық экспериментте волейболшы қыздардың допты
қабылдау-берудегі техникалық даярлығы анықталды, осының нәтижелері бойынша
екі біртекті топ – эксперименттік және бақылау топтары құрылды. Жасап
шығарылған тесттер валидтілік пен сенімділікке тексерілді.
Тесттердің валидтілігі дәл бір сол волейболшы қыздарда педагогикалық
бақылау нәтижелері бойынша және зертханалық эксперимент нәтижелері бойынша
қабылдау-берудің екі тәсілінің тиімділігі арасындағы корреляция
коэффициенттерін есептеу шығару арқылы тексерілді 11.
Сенімділікке тесттерді тексеру ішкі тұрақтылықты, яғни тесттің
тұрақтылығын сипаттайтын тәсіл бойынша жүргізілді. Барлық сыналушылардың
тесттерді қолғапсыз орындау барлық тақ және жұп әрекеттерінің нәтижелері
өзара салыстырылды.
Салыстырмалы педагогикалық эксперимент. Ол екі әдістемені салыстыру
мақсатында жүргізілді. Оқуға ыңғайлы болу үшін пэ IV тарауда баяндалған.
Зерттеулерді ұйымдастыру
Сыналушылар
Жылдамдықта киноға түсіруді жүргізген кезде сыналушылар ретінде 7 адам
болды, оның 3 – ҚР-ның спорт шеберлері және 4 – жаңадан шұғылданушылар. Екі
шеберді қоспағанда, олардың барлығы – Алматы қаласының Спорт және Туризм
академиясының студенттері (1 кесте).
Құралдық әдістемені қолдана отырып, тестілеу кезінде сыналушылар
ретінде 20 қыз алынды – олардың барлығы Алматы қаласының Спорт және Туризм
академиясының студенттері. Көркем гимнастикаға маманданған 10 қыз
(волейболды жаңадан үйренушілер) бірінші топты құрады. Екінші топқа бірінші
спорт дәрежесі бар, волейболға маманданған 10 қыз енді. Екі топтағы да
сыналушылардың жасы 18 жастан 22 жасқа дейін.
1 кесте
Жылдамдықпен киноға түсіруге қатысушылар туралы мәліметтер
Сына-луБілік тілігіБойы Сал- Салмағы (кг) Орындалған техникалық
шы-лар (cм) мағы тәсіл
(кг)
Қол Иық
буыны маңы
С-а ЕССШ 175 73 0,358 1,004 Астыдан қабылдау, бірлі
блок қою, жоғарғы тік
беру.
П-а СШ 178 76 0,369 1,032 Шабуылдаушы соққы.
П-а СШ 174 76 0,361 1,031 Жоғарыдан беру.
Л-а Разрядсыз 170 59 0,324 0,877 Жоғарыдан беру. Жоғарғы
тік беру.
А-а - “ – 177 71 0,359 0,987 Бірлі блок қою.
К-е - “ – 177 76 0,367 1,032 Төменнен қабылдап алу.
Р-я - “ - 170 73 0,348 1,003 Тік шабуылдаушы соққы.

Педагогикалық бақылау волейбол бойынша Алматы қаласының Спорт және
Туризм академиясының студенттер қыздар құрама командасының ойыншыларына
тікелей жарыстарда жүргізілді. Команданың құрамы 12 адам, оның ішінде:
спорт шеберлігіне үміткер – 2 адам, 1 разряд – 10 адам. Спортшылардың жасы
19-дан 22 жасқа дейін. Ойындарға 10 адам қатысты.
Сауалнама жүргізу барысына бірінші лигалардың әйелдер және ерлер
құрама командаларының 11 жаттықтырушысы қатысты. Орташа жасы 39 жас,
волейбол жөніндегі жаттықтырушы болып жұмыс істеудің орташа стажы – 22 жыл.
Осылардың ішіндегі үш адам Қазақстан Республиканың еңбек сіңірген
жаттықтырушысы атағына ие.
Зертханалық педагогикалық эксперимент 20 адам құрамдағы волейболға
маманданған Шымкент қаласының ХҚТУШИ студенттер қыздарымен ұйымдастырылды.
Олардың ішінде: спорт шеберлігіне үміткер -2 адам, 1 дәреже – 17 адам, 2
дәреже – 1 адам. Жастары 18-ден 23 жасқа дейін.
Зерттеулерге барлығы 68 адам қатысты.
Зерттеулерді жүргізу
Жылдамдықпен киноға түсіру 2010 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласындағы
ХҚТУШИ спорт залында жүргізілді.
Түсіруге даярлаған кезде сыналушылардың қол буындарына және иық
маңына, қолдың бетінде салмақ орталықтары проекцияланатын нүктелерде
лейкопластырьдан жасалған, диаметрі 2 см қара шеңберлер желімделді.
Байқап көрген 3-5 әрекеттен кейін камераға ұзындығы 30 м кассета
салынып, техникалық тәсілдерді түсіру жүргізілді. Бір кассета 18-20 с
экспонацияланды, одан кейін СКС-1М-16 камерасын қайта зарядтау жүргізілді.
Біз жүргізген камераны модернизациялаудың арқасында түсірген кезде кадрдың
шекараларын көру мүмкіндігі пайда болды. Кадрға тек спортшы қыздардың
қолдары, доп және бір біріне перпендикуляр, арнайы жасалған екі өлшегіш
планка түсіп отырды. Планкалар техникалық тәсілдерді орындауға кедергі
келтірмей, спортшы қыздың артындағы қараңғы фонда бекітілді. Сыналушылар
бір біріне кезекпе кезек көмектесіп отырды, яғни доптарды әртүрлі
жылдамдықтармен лақтырды, доптарды беріп отырды және т.с. Шабуылдаушы соққы
сыналушының өзінің допты аспанға әуелетуімен жүргізіліп отырды. Түсірулер
әрқайсысы 500 вт төрт лампамен қосымша жарықтандыра отырып, залда күндізгі
уақытта жүргізіліп отырды. Камера сыналушыдан 9 м қашықтықта, қара фонның
кеңістігіне қатаң перпендикуляр орнатылды. Сыналушылар барлық кезеңде
камераға қатысты бүйірлерімен орналасты, яғни барлық түсірулер профильге
жүргізілді. Тік шабуылдаушы соққыларды және блок қоюды түсірген кезде
жылдамдықпен түсіретін камера арнайы арбамен, соққы жасаған сәтте қолдармен
және доппен бір кеңістікте болатындай етіп, волейбол торының жоғарғы
деңгейінен жоғарырақ орналасты. Жылдамдықпен түсіретін камераның кадрлар
жиілігі барлық бес техникалық тәсілді орындаған кезде 200 кс-дан 500 кс-
ға дейін ауытқып отырды.бұл ауытқулар түсірудің әртүрлі жағдайларында
камераның электр моторына екпін берумен туындайды. Барлығы 900 м кинопленка
түсірілді. Құралдық әдістемені қолдана отырып тестілеу 2009 жылғы қарашада
Қазақтың спорт және туризм академиясының спорттық ойындар залында
жүргізілді. Ол екі топ үшін де бірдей жағдайларда, тәуліктің бір уақытында
жүргізілді.
Әдеттегі дене қыздырудан және 2-3 байқап көру әрекеттерінен кейін
әрбір қатысушы екі тестті де үш рет, алдымен қолғапсыз, содан кейін
қолғаппен орындады. Катапультаға және екі өздігінен жазатын аспапқа
қызмет көрсететін көмекшілер арнайы нұсқаудан өткен эксперименттік
топтардағы қыздар болды.
Тестілеудің нәтижелері арнайы жасалған хаттамаға енгізілді. Қолдардың
доппен өзара әрекеттесу уақыты мен доп беру тәсілдерін орындаудың
тиімділігі арасындағы корреляция коэффициенттерін (p) есептеген кезде
барлық 20 сыналушының нәтижелері ескерілді. Педагогикалық бақылау 2009
жылдың қараша-желтоқсанында қала біріншілігі жарыстарында және Студент
күніне арналған жарыста жүзеге асырылды. Барлығы бес ойын қарастырылды.
Төменнен қабылдау-беру және жоғарыдан қос қолмен беру тәсілдерін орындаудың
тиімділігі ойындарға қатысушы барлық команда волейболшы қыздарнда
техникалық хаттамада жазылып отырды. Доп қабылдау-берудің әр тәсілі үшін
бес ойынның нәтижелері бойынша орташа тиімділік шығарылды.
Бірінші лига әйелдер командаларының, сонымен қатар бірінші лига ерлер
командаларының жаттықтырушыларына сауалнама қою 2010 жылдан бастап 2011
жылға дейінгі кезеңде Шымкент қаласындағы жарыстарда жүргізілді. Әр
жаттықтырушыға сауалнама дербес, байыпты, жұмыстан бос жағдайда берілді.
Бұл ретте, мамандардың ұсынысы бойынша психологиялық фактор ескерілді, атап
айтар болсақ: жаттықтырушыларға сауалнама оның командасының ойыны
басталғанша және жеңіліп қалған ойыннан кейін берілмеді.

1.3. Негізгі ұғымдар

Ойын тәсілі – бұл команданың спорттық сайысын жеке, топтық және
командалық іс-қимылдар көмегімен ұйымдастыру болып табылады.

Тәсілдің негізгі міндеті – ойынды белгілі бір қарсыласының қарсы нақты
жағдайда жүргізудің құралдары, түрлері мен әдістерін анықтау болып
саналады.

Ойын тәсілі ойыншылардың әдістік шеберлігі деңгейімен анықталады.оның
дамуындағы басты қозғаушы күш шабуыл мен қорғаныс арасындағы күрес болып
табылады. Шабуылдың тиімді жаңа әдістері мен құралдарын табу қорғаныстың да
тиімді құралдары мен әдістерін табуды талап етеді.

Ойынды жүргізу құралдары барлық амалдар мен олардың орындалу әдістері
болып есептеледі.

Ойынды жүргізу әдістері деп ойыншылардың қарсыласымен сайыста
қолданылатын жеке, топтық және командалық іс-қимылдарын атаймыз.

Жеке іс-қимылдар – бұл ойыншының аталған ойын сәтінде белгілі бір
тәсілдік міндетті шешуге бағытталған іс-әрекеті.

Топтық іс-қимылдар – нақты міндетті атқаратын екі немесе бірнеше
ойыншылардың өзара қарым-қатынасы.

Командалық іс-қимылдар – бұл командадағы барлық ойыншылардың қорғаныс
пен шабуылдағы белгілі бір міндетті орындауға бағытталған өзара қарым-
қатынасы.

Ойын жүйесі – ойыншылардың қызметі мен олардың алаңда орналасуына
негізделген іс-қимылдарын ұйымдастыру.

Тәсілдік айла-шарғы – бұл ойыншылардың шабуылға немесе бақылауға
арналған шарттардың бірін құруға бағытталған өзара қарым-қатынасы.

Ойынды жүргізу түрлері – бұл ойынды жүргізудің белгілі бір ырғағы мен
стилінде, ауысу мен үзілістің тәсілінде, ойын тәртібін сақтауда, белсенді
күрес жүргізуде, т.б. көрінетін команданың іс-қимылының көріну сипаты.

Ойын тәртібі – бұл әрбір ойыншыны команданың іс-әрекетіне бағындыру,
бүкіл ойын мен турнир бойына қойылған міндеттерді дәл орындауға ұмтылу,
тапсырмаға сәйкес бір іс-қимылдан келесі іс-әрекетке ауыса білуі мен
жинақылығын сақтау.

Заманауй волейболда шабуылдағы тәсілдік іс-қимылдарды анықтайтын жаңа
терминдер пайда болды, олардың мәні мынадай.

Қарапайым. Бұл термин күрделі жағдайда доп беретін ойыншы жақын
тұрған әріптесіне айла-шарғысыз, жоғары ұшу аймағымен допты беруі тиіс
екенін білдіреді. Бұл сәттер шабуылшы ойыншылар тәсілдік айла-шарғыны
ұйымдастыруға қатысып үлгермей немесе доп беруші ойыншының өзі қолайсыз
жағдайда қалып, не болмаса доптың орны айла-шарғыны іске асыруға тиімсіз
болған түрлі жағдайларда туындайды.

Бірінші екпінмен. Бұлай аталуына ойыншының айла-шарғыны бірінші болып
бастауы (немесе бірінші екпіндегі ойыншы) себеп болады. Әрине, ол төменнен
доп беруге бірінші болып барады, себебі келесі ойыншы да төменнен доп беруі
мүмкін, бірақ бірінші ойыншыдан кейін кіріседі.

Екінші екпінмен. Бұ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тордан алыс берілген допты шабуылдай соғу
Волейбол алаңы
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Бір ойыншы қолында допты
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
Допты боссаусақтармен соғу
Допты билел техникасы
Спорттық ойындар
Алаңда жүргізілген сызықтар
Волейболдың даму тарихы
Пәндер