Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ спортшылардың кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

2015
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары және мінез-құлықтың ерік-күшін
1 дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.Көңіл-күй аясына ықпал ететін құрал ретіндегі дене тәрбиесі мен
2 спортпен 10
шұғылдану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
1.Эстетикалық тәрбие құралы ретінде дене тәрбиесі және спортпен
3 шұғылдану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаның оң мінез-құлқын
4 қалыпастыру 12
шарттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

2 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ 16
ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі жоспар 16
1 түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.Дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру
2 түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының 17
3 құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізу әдістемесінің бірнеше
4 мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.Дене мәдениеті мен спорт сабақтары нәтижесінің есебі және процесті
5 бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.Дене тәрбиесі мен спорт мұғалімі – сабақтың басқарушысы мен
6 ұйымдастырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

3 СПОРТ 51
ЖАРЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3.Спорт жарыстарының 51
1 мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
3.Спорт жарыстарының пәні ретіндегі спорт 52
2 түрі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3.Спорт жарыстарын ұйымдастырудың негізгі 53
3 мәселелері ... ... ... ... ... ... ...
3.Бұлшықетті өнімді босаңсыту қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... 59
4 ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары адамның ақыл –
ой, ерік және көңіл-күй аясын, оның эстетикалық ұғымдары мен
қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл – ойға нысандық әсер ету
жақтары, оның ақыл – ой және дене еңбегі бір-бірімен бірлікте және өзара
байланыста болады.
Бізді қоршаған ортада және біздің ағзамызда болып жатқан көптеген
құбылыстар тек қимыл әрекетінің нәтижесінде танылуы мүмкін. Бұл ең алдымен
қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттарына қатысты болып
табылады, яғни уақыт, кеңістік, қимыл ұзақтығы, жылдамдық, ырғақ, сол
сияқты дененің беткі қабаты мен салмағы және оның өзіндік мүмкіндіктері
туралы ұғымға қатысты болады.
П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесі ілімінде бұл ережені толық әрі ғылыми
дәлелмен көрсетті. Адамның дене және психикалық бірлігі идеясына сүйене
отырып және қимыл әрекетін тұлғаны дамыту ықпалы ретінде қарастыра келе, ол
тәрбиедегі жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін (немесе оның өзі айтқандай
жеке тұлғаны қалыптастыруда) сондай дене жаттығуларын пайдаланып, сабақты
да соған сәйкес ұйымдастыру керек деп көрсетті.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ойдың мынадай жақтарын
дамытуға ықпал етеді: зейін (күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын меңгеру
оның орындалатын жаттығуларға, туындаған қимыл сезімдері мен жағдайларына,
сәйкес қимылдарға шоғырлануын талап етеді), байқампаздық (сезім мүшелерінің
даму әсері), тапқырлық пен ойлау шапшаңдығы (өзгермелі жағдайда қимылдың
шапшаң әрі адекваттық бағдарлау қабілетіне жоғары талаптар қойылады) және
ойлау (табысты немесе сәтті емес қимылдардың себебін тауып, оның мақсатын,
құрылымы мен нәтижесін, т.б. ой елегінен өткізу).
Қимыл және ақыл – ой дарындылығы арасында байланыс орнаған. Белсенді
қимыл тәртібіндегі балалар әдетте жоғары және тұрақты ақыл – ой үлгерімінде
болады. Ақыл – ойы кеш дамыған балалар нашар біліктеледі және қимыл
дағдыларын үлкен қиындықпен меңгереді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі
шұғылдану ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне жан-жақты әсер етеді. Олар
тірек-қимыл аппаратын нығайтып, дамытуға көмектеседі: қуыс сүйектер
диафазасының көлденең мөлшері ұлғаяды; олардың қыртыс қабаты қалыңдайды,
т.б. Бұл өзгеріс қаңқаны нығайтып, жұмысшы гипертрофиясының сипаты болады.
Бұндай өзгерістер үлкен жүктеме арқалайтын сүйек – буын аппараттары
тобында көрінеді. Мысалы, теннисшілерде, лақтырушылар мен
семесерлесушілерде қол сүйегі үлкен жүктемеге лайық болса, ал
секірушілердің аяғы жүктеме есебінен ұлғаяды. А.И.Кураченовтың айтуынша,
лақтырушы-спортшыларда бір жыл ішінде жаттығатын аяқ қыртыс қабаттың 1,5-2
мм, ал үш жыл тәжірибесі болса-2,5-3мм, он жыл жүйелі жаттықғу онда иық
сүйгенің диафазасының көлденең өлшемі 8 мм-ге ұлғаяды. Жаттығулар бой
ұзындығына, иық ендігіне және денені түгелдей атлетикалық жаққа өзгертеді.
Олар буын мен омыртқа қозғалмалылығын арттырып, дәнекердің сырғымалылығын
жақсартады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсартуға
жәрдемдеседі. Бұл ереже көптеген зерттеулерде дәлелденген. Мысалы, В.М.
Коврыгин мен А.П. Гемба 1600 студенттің үлгерімін зерттеп, өте-жақсы және
жақсы бағалардың спортпен айналыспайтындарда 11,9% көп екенін, ал
қанағаттанарлық және қанағаттандырмайтын бағалар 7,5 және 4,4%-ға аз екенін
көрсетті. К.В. Волков, Г.Д. Горбунов, Е.Е. Шецольд, Л.И. Александрова, Г.М.
Краковяк, және басқалар да осындай мәліметтер алды.
Зерттеудің мақсаты м ен міндеті. Дене жаттығуларымен айналысу әсерінен
ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсарту іс-әрекет сипатын кезектестіру, ақыл –
ой мен дене жұмысын ауыстыру, сол сияқты әдеттегіден тыс болса да
психикалық процестің жүруіне жақсы әсер ететін қысқа мерзімді дене
жүктемелерін қолданудың жақсы әсерлері нәтижесінде жүргізіледі. Қимыл
әрекетін шектеу, керісінше, ақыл-ой қабілетін төмендетуге әкеледі.
Одан бөлек спортпен шұғылданатын оқушылардың үлгерімін жақсартуға дұрыс
ықпал ету күн тәртібін дәл сақтауға әсер етеді. Спортпен шұғылдану аталғанғ
спорт түрінің тәсілі мен әдістемесі мәселелері бойынша, спорт педагогикасы,
спорт физиологиясы, жеке гигиена бойынша білімді меңгеруді реттейді.
Зерттеудің объектісі. Спортшылардың басқа елдерге, қалаларға жарысқа
баруы, барлық саяхаттар тәрізді білім беру міндеттерін орындауға
көмектеседі.
Алайда, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл –ойға кері әсер етуі
де мүмкін. Спортпен айналысатын оқушылар мен студенттердің нашар үлгерімі
жайлы мәліметтер де жетерлік. Бұл негізінен спортпен бір жақты қатты
қызығуға (оқудағы басқа пәндерге зиян) немесе үлкен жүктемесі бар машықтану
сабақтарының салдарынан шаршауға байланысты. Спортшы ақыл – ойын басуға
әсер ету ықпалы аталған спортшының әдеттегі ақыл–ой және дене еңбегінен тыс
ұзақ оқу- машықтану жиынының да салдары болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1  ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.1 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары және мінез-құлықтың ерік-күшін дамыту

Ерік-жігер күші мен жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі арасында тікелей
байланыс бар. Қимыл әрекетіне туындайтын күш, шапшаңдық, төзімділік және
басқа сапалардың көрінуі жоғары болған сайын ерік қысымы да соған лайық
болуы тиіс. Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мінез-құлықтың
ерік-күшін дамытуға оң әсер ету жақтары олардың ерік-күшін тудыру
қажеттігімен байланысынан құралады. Ерік-күш бұлшықет тәрізді қимыл барысы
мен нәтижесінде, нысанды және субъективті қиындықтарды бағындыруда дамиды.
Мінездің ерік-жігерін дамытуға көмектесетін спорттағы қиындықтар спорт
жаттығуларының күрделі тәсілін меңгеру, ерік күшін тудыру, шаршау мен
ауруды бағындыру, өзін-өзі басқаруды сақтау, көңіл күй жағдайын реттеу,
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайдағы жұмыс қабілетін сақтау және орнатылған
күн тәртібін сақтау қажеттігіне құрылған. Көп жағдайда бұл қиындықтардың
барлығы спорт жарыстарында байқалады. Олар спортшының ерік сапасын негізгі
дамыту құралдарының бірі болып табылады.
Оқу-машықтану сабақтары кезінде мінездің ерік сипатын қалыптастырудың
басты құралы жүктеме болып табылады. Жаттығуды аталған спорт түрінен тәсіл
мен тактиканы жетілдіруге бағытталған әдіс ретінде қарамай дене дайындығын
қамтамасыз ететін және ерікті дамытатын әдіс ретінде қарау керек.
Ерік сапасы адамның басқа да психикалық және қимыл туындысы сияқты
арнайы және басқарушы сипатқа ие болады. Ерік сапасының арнайылығы оны
дамытатын әрекет түрінде үлкен көлемде көрінеді. Жеңіске жету үшін, мысалы,
бокста, семсерлесу де, балға лақтыруда, конькимен жүгіруде түрлі қимыл
сапаларын дамыту қажет, яғни спорттың алуан түрі спортшыдан даму түрі мен
ерікті тудыру түрлерін талап етеді. Ұзақ және орта қашықтыққа жүгіретін,
жүзу, шаңғымен жүру, ескек есу, коньки тебу және велосипед спортында
маманданатын спортшылар машықтану сабақтары мен жарыстарда машықтанбаған
адамдардан да көп шаршайды, себебі машықтанбаған адамдар өзінің шамасы
келетін қарқынмен жаттығуды орындайды. Жоғары нәтижеге жетпес бұрын, соған
жету үшін спортшылар көптеген айлар шаршауға мойымай, онымен күресті.
Спорттың басқа түрлерінде ерік дамыту басқа бағыт алады. Ауыр атлеттер,
лақтырушылар, секірушілер мен қысқа қашықтыққа жүгіретін желаяқтар ерік пен
зейінді қысқа мерзімді әрі қысым күші жоғары жаттығуларды орындауға
жұмылдырады. Жекпе-жек пен спорт ойындарында, боксшылар, палуандар мен
хоккейшілер өз еркін шаршаумен күресу үшін және бірқалыптылығын сақтау
үшін, туындаған жағдайды мезетте бағалап, адекватты әрекеттерді таразылау
қабілетін машықтандырады.
Ерікті басқару спорт сабақтарында дамыған, ол өмірдің басқа да
жағдайларында, яғни еңбекке, оқуда т.б. көрінуден тұрады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында басқа да өмірдегі
жағдайларындағыдай ерік сапалары өзара қарама-қарсы оң және теріс
құбылыстар түрінде бейнеленеді: батылдық пен қорқақтық, еріктің табандылығы
мен әлсіздігі сенім мен күдік, шешімталдық пен шешімге келе алмау,
ұстамдылық пен асығыстық, т.б. шұғылданушылардың жеке тұлғалық
ерекшеліктерін ескере отырып, мінездің күшті жақтарын туындатып, бекітеді.
Олай болмаған жағдайда дене тәрбиесі мен спорт еріктің әлсіз жақтарын
анықтап, бекіту құралы болады, сол арқылы мінез-құлықтың ерік сипатын
қалыптастыруға кері әсер ететін ықпал болуы мүмкін.

1.2 Көңіл-күй аясына ықпал ететін құрал ретіндегі дене тәрбиесі мен
спортпен шұғылдану

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану оқушылардың көтеріңкі көңіл-
күйінің қалыптасуына әсер етеді. Бұл құбылыстың себептері мыналар: белгілі
бір қарқындылық шегінде болған бұлшықет қысымы дені сау адамдарда жақсы
сезімдердің туындауымен байланысты. Бұны бір таңертең ұйқыдан тұрып
керілген кездегі бұлшықеттің бірінші қысымынан рахаттанғанда білеміз.
И.П.Павлов Дене еңбегінен сезген қанағатпен ақыл-ой еңбегінен алған
қанағатты салыстыруға келмейді деді, бірақ біз ақыл-ой еңбегімен өмір
сүреміз.
Қойылған мақсатқа жету тіпті оған санамен жақындаудың өзі адамның өз
әрекетіне қанағаттанатынын білдіретін басты ықпал болып табылады. Дене
тәрбиесі мен спорт сабақтарында – бұл кемшілік спорт жаттығуларының тәсілін
меңгерудегі ілгерілеушілікті тану салдарынан, қимыл және психикалық сапалар
дамуымен, спорт дәрежесін және атағын алу, жарыстағы жеңіс салдарынан
болады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында адам өзін бұрын таныс емес, жаңа
жағынан танып, өзін өзінің санасында бекітеді. Спорт адамға қоршаған
адамдар мен айналасының зейін қоятын нысанға айналуына мүмкіндік береді.
Ірі халықаралық жарыстарда жеңіске, жоғары нәтижеге қол жеткізген
спортшылардың танымалдығы оқымыстылардың, актерлар мен сазгерлердің
танымалдығынан кем емес.
Спортта адам сабақ пәнін таңдауға, ауыстыруға еркін болады. Көп
жағдайларда ол туындаған қимыл міндеттерін шешу үшін қимыл мен әрекет
түрлерін таңдауға да ерікті болады. Спортшы неғұрлым жоғары дәрежелі болған
сайын, онда көптеген спорт әрекетінде қимыл еркіндігін сезіну пайда болады.
Таңдау еркіндігі мен қимыл еркіндігін тану дұрыс көңіл күй тудырады. Қандай
жағдайда да спорт кәдімгі әрекеттер мен қызығушылық шеңберінен шығуға
мүмкіндік береді. Бұл спорт сабақтары мен спорт жарыстарына тән жоғары
қысым мен драмалық жағдайларда қол жеткізіледі. Қимыл сипатының ауысуы,
оның ырғағы, жаңа қоздырғыштардың пайда болуы, олардың күнделіктілігі
көтеріңкі күй береді.
Белсенді қимыл әрекеттері аралық жүйке жүйесінің қоздыру және тежеу
қызметін реттейді. Жаттықтыру сабақтары, спорт ойындары мен спорт
жарыстарына қатысу ағзаға барынша жоғары талаптар қойып, бұның алдында
туындаған кері әсерлі көңіл-күй жағдайын төмендетіп, кейде жойып жібереді.
Алайда, спортпен шұғылдану көтеріңкі көңіл күйге кепіл болатын ықпал.
Олар өткір кері әсерлердің қайнар көздері болуы мүмкін. Спортпен
шұғылданғанда адам өз күшінің әлсіздігін көруі мүмкін. Ол талап етілгенді
дереу орындауға, жоспарланған қимыл түріне жетуге, қалаған спорт нәтижесіне
жетуге үнемі қабілетті бола бермейді. Көңіл-күй аясына спорт жарыстарында
нашар өнер көрсету кері әсер етеді. Спортшы өзінің азған жолдастарын көріп,
өзінің қойылған талапқа сай емес екенін туралы ой қорытады. Спортшының
дәрежесі жоғарылаған сайын команда алдындағы оның жауапкершілігі артқан
сайын, ол өз сәтсіздігіне қатты қайғырады. Бұндай спортшы өзін ұжымда
өзінен үміт күткен адамдардың сенімін ақтамаған адам деп сезінеді. Кері
көңіл-күй жарақаттың ұзақ және қысымды дайындық жүргізілген спорт
сабақтарында, жарыстарына қатыса алмаудан туындайды. Нәтижесі ойша
бейнелермен негізделіп, бағаланатын спорт түрлерінде немесе спорт жекпе-
жегінің нәтижелерінің көрсеткіштерін жасанды жолмен орнатуда (спорт
ойындары, күрес) спортшы санасында кейде толық нысанды емес сараптау кері
әсер етуі мүмкін.

1.3 Эстетикалық тәрбие құралы ретінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану

Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарының мәнінің екі жағы бар. Біріншісі оқушылардағы қимыл әсемдігін
мінез-құлқы мен дене тұлғасын қалыптастыруға әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ең алдымен адамның өз қозғалыс аясын
меңгеруге, қимыл, ұғымдарын байытуға, қимыл қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Дене мәдениеті ұғымының мәндік мазмұны қимылды ұлағаттау,
олардың үнемділігін, тиімділігін, орындылығын арттыру, яғни олардың жетілуі
мен әсемдігін сипаттайтын қимылдың жақтарын меңгеру ретінде ашылуы мүмкін.
Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтары қимыл көркемдігін қалыптастыру
ықпалы болып табылады.
Психикалық процестер, атап айтқанда көңіл-күй мазасындануы қимыл
жасағанда көрініс табатыны белгілі және керісінше қимыл әрекетінің
сіттілігі, оның ішінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану адамның өз
көңіл-күйін игеруіне сенімсіз және орынсыз қимылдан алшақтану қабілетіне
байланысты. Өзінің сәтсіздігіне, төрешінің шешілетіне, көрермендердің кері
көзқарастарына өзінің ашуын ұстай алмайтын спортшы тәрбиесіздік белгілерін
көрсетіп, өзі туралы кері тартпа пікір қалдырады. Дене тәрбиесі мен спорт
сабақтары осындай талаптар қоя отырып, осы арқылы мінез-құлық әсемдігін
қалыптастыруға да әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының маңызды сілтемелерінің бірі дене
пішіні болып табылады. Бұлшықет салмағын ұлғайтып, май бөлінуді реттеп,
сымбатты көркемдеп, теріні сауықтырып, олар адамның сыртқы келбетін
сымбаттандыруға, ең алдымен тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарының мәнінің екінші жағы оқушылар мен спорт жарыстарының
көрермендерінде адамның әсем қимылы олардың мінез-құлқы мен дене дамуы
туралы эстетикалық сенімнен шыққан ұғымдарды қалыптастыруға құрылған.
Қимыл қатынасы бойынша аз оқыған адамды спорт жарыстарында ең алдымен
сыртқы жақтары ғана қызықтырады. Соғылған голдар, драматикалық немесе
күлкілі жағдайлар жасалған рекордтардың сенсациялылығы. Спорт мәдениетінің
белгілі бір деңгейі спортшы қимылындағы барлық әділілікті, олардың нақты
жағдай мен шешілетін міндеттерге сәйкес тиімділігін ондағы ақыл мен қуаттың
көрініс табуын қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен, дене тәрбиесі мен
спорт ұғымы адамның қимыл көркемдігі туралы эстетикалық тұрғыдан ақталған
ұғымды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы өзіндік мән күшінде ондағы қорқақтықтың
еріксіздіктің, дөрекілікпен тәртіпсіздіктің пайда болуы сүйкімсіз,
керітартпа мінез құлық ретінде қабылданса, ал батылдық, шешімталдық, ерлік
қолдауға тұратын идеал ретінде қабылданады. Осы арқылы дене мәдениеті мен
спорт сабақтары адамның дұрыс мінез-құлқы жөніндегі сенімді ұғымдарды
қалыптастыруға көмектеседі.
Жақсы дене дамуы мен денсаулық бірлікте көрінеді. Бұл көзқарасты Н.Г.
Черышевский дамытып, қорғады. Өзінің Ақиқатқа эстетикалық көзқарас өнері
атты диссертациясын да Өмірдің өзі тамаша. Адамдағы тамаша мен әдемілікті
адам денсаулығы мен ағзасы үйлесімді дамуы туралы ұғымсыз түсіну мәнсіз,
деді.
Спортпен шұғылданатын адам мен спорттық жекпе-жектерді бақылаушы
көрермен адам денесіндегі әсемдікті, күшті дамыған денсаулықты бағалауға
үйренеді. Әрине, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары нәтижесінде адамның
сыртқы сымбат, оның тұлғасы туралы нағыз эстетикалық ұғым қалыптасады.

1.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаның оң
мінез-құлқын қалыпастыру шарттары

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда
жететін нәтижелер бірнеше шарттарды сақтауға тәуелді болады. Олардың бірі
жанұяда, оқу орындарында, жұмыста, ұжымдарда, өнер, баспасөз, радио
теледидар және т.б.-да іске асырылатын, яғни адам тәрбиесіне бағытталған
басқа да әрекет түрлеріне спорт сабақтарының үйлесуі болып табылады.
Спорт сабақтарын еңбектен, оқудан, қоғамдық-саяси жұмыстардан бөліп
тастасаң, олар кері тәрбие ықпалын беруі мүмкін.
Екінші маңызды шарт мінез-құлықтың айқын рухани-эстетикалық негіздерін
үнемі басшылыққа алу болып табылады. Мұнда үш жақын, бірақ бір-біріне
ұқсамайтын көзқарастар бар: а) белгілі бір әлеуметтік-эстетикалық
жағдайларда тұратын адамдарға арналған рухани-эстетикалық ережелер; ә)
спортпен шұғылдануға итермелейтін жағдайлар; б) спортшы мінез-құлқының
этикалық негіздері.
Спортпен шұғылдану барысында және оның нәтижесінде тұлғаны
қалыптастыруға арналған сарынның мәні адамды орнықтыру, оның әрекетінің
мақсаты, ол оны қалай түсінеді. Мінез құрылады, көбіне спортпен
шұғылданудың тәрбиелік әсерін анықтайды. Адам денсаулықты нығайтуға, дене
дамуы мен дене дайындығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, белгілі бір
қимыл әрекеттерін меңгеруге тырысып, спортпен шұғылдануы мүмкін. Өзін-өзі
жетілдіру, өзінің қимыл мүмкіндіктерін басқа адамдардың мүмкіндіктерімен
салыстырып қарау мұқтаждығы түрткі болуы мүмкін. Жас адамды спорт
сабақтарына тартуға болады. Спорт жекпе-жегінің өзі романтика, оны қимыл
әсемдігі, спортшының ержүректілігі мен тартымдылығы, өз қабілетін көрсету
мүмкіндігі т.б. қызықтыруы мүмкін. Оқытушының міндеті спорт сабақтарына
қызығушылық себептерін орнатуға және педагогикалық сенімді сарынды
қалыптастыруға ықпал етуден тұрады.
Мінез-құлықтың рухани-этикалық мөлшерін белгілі бір қоғамдық
қалыптасуды түгелдей ғана емес, сол сияқты кәсіби, оқу және басқа да
қызығушылықтарымен біріккен адамдардың мінез-құлқын орнатады. Спортшы – бұл
спортпен жүйелі айналысатын және салауатты өмір салтын сақтауға өзінің дене
және психикалық қабілеттерін дамытуға тырысатын адам, ол спорт мінез-құлқы
– адамдары сыпайы, құрметпен қарауға, өзінің спорттағы қарсыластарын
құрметтеуге синоним екені біледі. Спортшы кез-келген қимындықты жеңеді және
қаншалықты үлкен болса да ол өзінің жетістіктеріне бір қалыпты қарайды. Ол
шешімтал, қандай да болмасын өзін-өзі игеруін жоғалтпайды, өзінің алдына
қойылған міндеттерге жетуде табандылық пен ерікті көрсетіп, өз мінезінде
шектен аспайды. Бұның барлығы спортшы атағын алғысы келгендердің барлығы
тек спорт тәсілін, тактикасын, арнайы білімді меңгеріп, қажетті дене
дайындығы деңгейін қамтамасыз етіп, спорт нәтижелеріне жетіп қана қоймай,
сондай-ақ мінез-құлықтың өзіндегі дұрыс сипаттарын қалыптастырып, өзін
сабақ, жарыс, еңбек ұжымында спорттың әдептік негізгі талаптарына сәйкес
ұстауы керектігін білдіреді.
Аталған шарттардан басқалардың барлығын дене тәрбиесі және спортпен
шұғылданушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың оң нәтижеге жетуі
оқытушының жеке тұлғасының шешуші мәніне, оның әрекетінің бағыттығына, сол
сияқты спортшының тұратын, еңбек ететін, спортпен айналысатын қоғамдық орта
мен басшылық жасайтын ақыл-ой райын көрсету қажет.
Тәрбиелік жұмыс педагог қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Дене
тәрбиесі мен спорт сабақтарында ол үлкен маңызға ие болады. Бұл бірінші
кезекте танымал спортшылар, балалар, жасөспірімдер мен бозбалалар үшін
еліктеу бейнесі болып табылады. Жастар тек олардың спорт тәсілін ғана салып
қоймай, сондай-ақ олардың мінез-құлқы, мәнері, кейде олардың дүниетанымы
мен көзқарастарына да еліктейді. Әрбір тәрбиесіз адам қоғам үшін де, ондағы
адамдар үшін де ұнамсыз жағдай. Бірақ тәрбиесіз спортшы одан бөлек
еліктеуде кері әсер қалдырады. Біздің елімізден тыс шет елдерде Қазақстан
Республикасының спортшысы Қазақстанның өкілі ретінде қатысады. Жарыс
кезінде ол туралы белгілі қимыл міндеттерін шешетін спортшы дейді. Ол
әрдайым спорт жекпе-жегі кезінде де және одан тыс өзінің мінез-құлқын
қадағалап, қазақ азаматына лайық сапасын көрсетуі қажет. Тең жағдайларда
машықтану сабақтары мен спорт жарыстарындағы жетістік көбіне спортшының
ақыл-ойының дамуына, оның ерік күші мен көңіл-күйіне байланысты болады.
Осы айтылғандардың соңғысын толық түсіндіндіру керек.
Спорт жарыстарындағы табыс пен жетістікке жетпеудің маңызды шарты
спортшының орнықтылығы және оның ақыл-ой кеңдігі болып табылады. Спортшы
егер оның қарсыласының беделі күшті болса, жекпе-жекте жеңе алмауы мүмкін.
Қарсыластың жоғары титулыда спортшының санасына кері әсер жасамауын
қадағалау керек.
Ең маңыздысы өзі қабілеті жететін жақсы нәтижеге жетуі қажет екеніне
көз жеткізуі тиіс. Ал, бұл ой жеңіске жеткізе ме, жоқ па, ол спортшыны
қатты ойландырумауы керек.
Табысқа деген толық сенімділік те жекпе-жекке кері әсер етеді. Өзіне
қатты сенген алаңсыздық әрдайым қауіпті. Спорт сол үшін спорт онда
жеңімпазды алдын ала толық кепілдікпен айту мүмкін емес. Күптеген жағдайлар
да болуы мүмкін. Бұндай жарыс кезінде ешкім өз тұрғысын өзгерте алмайды.
Бұл кенеттен пайда болған қиындықта спортшы немесе команда олар жарысқа
дейінгі дайындықта даярланғаннан да көп күш жұмсайды.
Жарыс алдында спортшының жүйке жүйесі үлкен жарты шар қыртысының жеке
бөліктерінің тежелуінен қозу жағдайында болады. Осының салдарынан
спортшының өзін сендіруі арта түседі. Кейде ұсақ дәйектер, жеке ескертулер
де оның психикасына теріс немесе оң әсер береді. Спортшы санасын жарысқа
оның өзінің белсенді қатысуынсыз дайындау мүмкін емес. Өзін-өзі айқын көңіл-
күй жағдайына келтіру қажет. Сезімсіз адамның әрекеті өнімді болмайды.
Спортшы бәріне дайын болуы керек. Егер сөреге дейін сәл уақытта спортшы
жағдайын нашар игерсе, онда ол терең, ырғақты демалып, әуен тыңдап, ойында
қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындап, босаңсу жаттығуларын жасап,
өзін-өзі сендіру амалдарын пайдалану қажет.
Өз жағдайын аутогенді машықтану мен оның көптүрлілігінің әдістемесін
пайдалану қажет. Жарыс кезінде орындалатын қимылдарды, жұмсалатын күшті
өзінің айқын санасын сақтау қажет.
Спорт жарыстарына қатысарда және спортшы жағдайына жарыс өтетін
жағдайдың әдеттегіден тыс жағдайы әсер етуі мүмкін (мысалы, бой жазуға
демалысқа арналған орынның болмауы, нашар жарықтану); жарысты бірінші болып
бастау; қарсыластың ерекшелігі мен әрекеті басқа адамдардың әсері (төреші,
көрермен, командадағы жолдастары); жарыс тізімінің бұзылуы; жарыс кезіндегі
сәтсіздік; жарақаттар салдары; турнир ережесін бағалаудағы қате, өз
нәтижесін, қарсыласын дұрыс бағаламау т.б. әсер етуі мүмкін.
Бұл жағдайда спортшыда кейде депрессия жағдайы басталып қорқыныш,
шектен тыс толқу, сенімсіздік сезімі болады. Бұл жағдай өтіп кетеді, оны
бағындыратын күш табылатынына сену қажет. Өзінің өнер көрсетуі арасындағы
үзілістерде спортшы жарыстан алшақтауы қажет, бірақ кейде өзінің алдыңғы
әрекеттерін талдап, келесі көрініс жоспарын ойша құруы керек.
Бұл тақырыптағы айтылғандарды қорыта келе, дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарының маңызды міндеті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Оқытушы әрекетінің барлық түрінің тәрбиелік шараларын ендіру жолымен және
оқушының өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жетеді. Дене тәрбиесі мен спорт
сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда дұрыс нәтижелерге жетудің
негізгі жағдайы дене, идеялық саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің
құралдары мен әдістерінің оқушыларға әсер ету бірлігін сақтау міндеттейтін
кешенді жұмыс болып табылады. Сабақтардағы және спорт жарыстарындағы
жетістіктің негізгі шарттарының бірі спортшының ақыл-ой, ерік және көңіл-
күй жағдайын дамыту болып табылады.

2 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ

2.1 Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі жоспар түрлері

Жоспар – бұл белгі бір уақытқа белгіленген жұмысты (қызмет, қимыл
түрлері) орындаудың маңыздылығы мен бірізділігін мыңыздау. Дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарының жұмыс жоспарын қызметі, мерзімі және ауқымы бойынша
оларды келесі жұмыс түрлеріне бөледі: а) ұйымдастырылған; ә) шаруашылық
және қаржы; б) мамандарды даярлау мен олардың білімін көтеру; в) дәрігерлік
қызмет көрсету; г) көпшілік-спорт; д) көпшілік-сауықтыру және насихаттау;
е) оқу-жаттықтыру және тәрбиелік. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының
міндеттерін шешу үшін оқу-жаттықтыру мен тәрбиелік жұмыстарының маңызды
жоспары болады. Жоспардың басқа барлық қалған түрлері оған бағынады және
оны орындауды қамтамасыз етеді. Бұдан кейін біз тек оқу-жаттықтыру және
тәрбиелік жұмыстарының жоспарлауы мен құрылу қатысына қарай мәселелерді
қарастырамыз, яғни сабақтар мен дәрістерді оқу барысын ұйымдастырудың
негізгі түрі ретінде қарастырамыз.
Оқу-тәрбиелеу жоспарлары бір сабаққа (белгілі бір шаралар); жеке
кезеңге (апта, ай, маусым); бір жылға, бірнеше жылға құрылады.
Бұдан бөлек, жеке адамға (тұлғалық жоспар) арналған оқу тәрбиелік
жұмыстар жоспары бар, сол сияқты мекемеге, дене тәрбиесінің ұжымына, спорт
мектептеріне және т.б. жоспар жасалады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жоспары аталған спортшының немесе
спортшылар тобының дайындығы мен жағдайы есебінен, мекеме мен жұмыс
ауқымының ерекшеліктеріне, бұрын жүргізілген жұмыстар мен оның
нәтижелеріне, материалдық жағдайлардың қажеттілігіне; метеорологиялық және
климаттық жағдайларға, басқарушы идеялық-ілімдік және бағдарламалық
нормативтік материалдар және ресми нұсқаулар мен құжаттарға қарай жасалады.

2.2 Дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

Дене тәрбиесі мен спорт барысындағы оқу түрлерін ұйымдастыру түрлері
сабақ өтетін мекемеге байланысты және аталған мекеме мемлекеттік немесе
қоғамдық - өзін-өзі басқару жүйесіне жататынына қарай байланысты болады.
Мемлекеттік мекемелер жүйесіндегі дене тәрбиесі мен спорт бойынша оқу
жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп, ал қоғамдық-көпшілік
спорт мекемелеріндегі шаралар - оқу жаттықтыру сабақтары деп аталады.
Сабаққа мыналар тән: оқушылардың тұрақты құрамы; оқытушының үнемі
қатысуы; оның мазмұнын айқындайтын бағдарлама; қатаң сабақ кестесі.
Сабаққа қарағанда дене тәрбиесі мен спорттың оқу-жаттықтыру сабақтары
шұғылданушының өзінің басқаруы бойынша ұйымдастырылып, жүргізілуі мүмкін;
оның мазмұны таңдаған спорт түрімен немесе жарыс туралы ережелермен
анықталады; сабақ ырғағы мен ұзақтығы оқушылардың жағдайы мен айналысуына
байланысты жаттықтыру кезеңі және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін.
Дене тәрбиесі және спортпен айналысу мен сабақтарда бірдей міндеттер
шешіледі, ал ғылыми-әдістемелік ережелерде оларды алу қажеттілігі бірдей.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары мазмұны, оқушылардың құрамы және
шешілетін міндеттері бойынша былай бөлінеді: а) спорттың жеке түрлері мен
олардың көптүрлілігі бойынша; ә) гимнастика бойынша (негізгі, тұлғалық,
өндірістік және т.б.); б) ойындық; в) туристік; г) кешенді (дене
тәрбиелік).
Спорттың жеке түрлері бойынша сабақтарда және олардың түрлеріне
спортшылар негізгі құрал ретінде белгілі бір спорт жаттығуларын пайдаланып,
қимыл қабілеттерін дамытудан жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше
спорт жаттығуларын орындауды жетілдіруге тырысады.
Гимнастикамен айналысу жан-жақты дене дамуына жетуге, қарапайым қимыл
дағдыларын меңгеруге, дененің жеке бөліктеріне, ағза қызметіне, қимыл
сапаларына таңдап әсер етуге және жүктемені ағзаға қатаң реттеуге, сабақты
бір адаммен де және бір үлкен топпен де бір мезгілде жүргізуге,
педагогикалық процесті қарапайым ұйымдастыру; қимылдың бір қалыптылығы мен
мінез-құлық тәртібіне жетуге мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары үшін ойыншылардың көңіл-күй әрекетінің, балалармен
сабақтардағы тәрбиелік міндеттерді шешудің кең мүмкіндігі, туындаған қимыл
міндеттерін шешуге арналған нақты құралдарды таңдауда шығармашылық пен
бастама көтеруде мүмкіндік беру тән (ойындарға тағайындалған заңдылықтар
аясында).
Туризм сабақтарында еңбек, тұрмыс және әскери жағдайда қажетті және
табиғи құбылыстармен танысуға қажет білім мен дағдыны меңгеруге, ағзаны
шыңдауға арналған қолайлы жағдайлар мен алдын ала мұқият дайындық қажет
(снарядтар қою, тамақ өнімдерін тасымалдау, т.б.) мүмкіндіктерді кең
қолдану тән. Кешенді дене тәрбиелік сабақтарының мақсаты–жалпы дене
дайындығын қамтамасыз ету; бұнда қимыл құралдары ретінде түрлі спорт және
гимнастикалық жаттығулар, бір және бір топтама сабақтарында үйлесетін
ойындар мен туристік шаралар пайдаланады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқушылардың құрылымы бойынша жас
ерекшеліктеріне (балалар мен жасөспірімдер, бозбалалар, ересектер мен егсе
тартқан және қарт адамдар) қарай, жынысына, денсаулық жағдайына, дайындығы
мен спорт мамандығына қарай бөлінеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында мына міндеттер орындалады:
тазалық, оқу, машықтану, емдік, демалыс үшін рекреациондық, бақылау
(тексеру, курс жұмыстары).

2.3 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында басқа да кез-келген басқару
процесіндегідей анық жүйе бар.сабақты жүргізу жүйесі көбінесе оның
құрылымымен анықталады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымы – бұл оның міндеттерін
шешудің анық бірізділігі болып табылады (жүйелілігі).
Дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерінің қалыптасуының
басында (1617-1930 жж.) дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құруға ғылыми
қызметтің белгісі дене жаттығулары мен ағза жүктемесінің өзгеруін орындау
жүйелілігін мұқият қатаң сақтау деп есептеледі.
Бұл кезеңде қалыпты педагогикалық сабақ деп аталатын құрылым кең
таралады, оны А.А. Зикмунд ұсынды және алты бөлімнен құрылған (кей
нұсқаларында сегіз түрі бар): реттік жаттығулар, дайындық жаттығулары,
тартылу мен өрмелеу жаттығулары, көтеру мен ауыстыру жаттығулары т.б.
1938 жылға дейін Бірінші бүкілодақтық гимнастикалық конференцияның
шешіміне сәйкес сабақтарды бес бөлікке бөледі. Үлгерілеушілік мынадан
көрінеді: әрбір бөлікте пайдаланылатын құралдарды ғана қарастырмайды, сол
сияқты оларды қолдануға тиіс шешімдерге арналған міндеттер де
қарастырылады. Сабақтың бірінші бөлімінің міндеті оқушыларды ұйымдастыру,
екінші–тазалық міндеттерін шешу, үшінші–білім беру мен тәрбиелік
міндеттерін шешу, төртінші–қолданбалы дайындық міндеттерін шешу, бесінші-
сабақты ұйымдастырып аяқтау.
1938 жылдан бастап, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары төрт бөліктен
тұратын болды. Бұл кезеңде, алдыңғы бірінші, екінші және сабақтың соңғы
бөлігіндегі пайдаланатын құралдар оның негізгі бөлігінің мазмұнынан
тәуелсіз болып қалады. Бұл қолданбалы даңдыны қатар меңгеруге жәрдемдесетін
және барлық оқушылардың дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге
тырысумен түсіндіріледі.
Бұл кезеңдегі дене тәбиесінің іліміндегі басқарушы тенденция жалпы
педагогика ережелерін дене тәрбиесі мен спортқа таратуға тырысу болып
табылады. Сол кездегі дене тәрбиесі ілімінің танымал өкілі В.Н. Короновский
орта мектептің басқа да оқу пәндері бойынша сабақтарды жүргізуге сәйкес
келетін дене тәрбиесі сабақтарының мынадай жүйесін ұсынады: сабақтың
бірінші бөлімі- оқушыларды ұйымдастыру, сауалнама; екіншісі-жаңа
материалдарды мазмұндау, оны бекіту; үшінші- үйге тапсырма беру.
1946 жылдан кейін сабақ құрылымының мәнін бағалауға адамның қимыл
әрекетінің логикасы тұрғысынан келе бастады, барлық жағдайларда оның
басталуын ұйымдастыру, алдына қойылған әрекеттер сипатына сәйкес
оқушылардың физиологиялық процестердің кері тебілуі мен психикалық жасалуды
бағындыру, айтылған міндеттерді шешу; аталған әрекет түрінен
ұйымдастырылған түрде шығу.
Бұндай құрылымның физиологиялық негіздері адамның кез-келген қимыл
әрекетіне тән жағдайдың төрт бірізді аймақтары болып табылады: а) сөре
алдындағы жағдай; ә) жұмыс жасау жағдайы; б) тұрақты жағдай; в) төмендеген
жұмыс қабілетінің жағдайы.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында көрсетілген заңдылықтарға қарай
төрт құрылымдық міндеттерді белгілейді: бірінші міндет- оқушыларды
ұйымдастыру; екінші-оқушыларды жалпы және арнайы алдын ала дайындау,ол
аталған сабақ міндеттерін өнімді шешуді қамтамасыз етеді; үшінші-аталған
сабақ міндеттерін шешу; төртінші-сабақты ұйымдастырып аяқтау. Осы
міндеттерге сәйкес сабақтар кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды бөлім
болып бөлінеді. Кей жағдайларда (мысалы, жеке тұлғалық сабақтарда)
оқушыларды ұйымдастырумен байланысты мәселелер өте қарапайым шешіледі, онда
бірінші және екінші бөлімдер бір бөлімге біріктіріледі және онда сабақ үш
бөлікке бөлінеді: кіріспе немесе кіріспе дайындық, негізгі және қорытынды.
Сабақтың бұрыңғы түрлеріне қарағанда құрылымы туралы қазіргі заман
ұғымдарынан түбегейлі айырмашылықтары бар, қазір оның бірінші және соңғы
бөлімдеріне ғана тән құралдар мен әдістерді сабақ пәніне, оның міндеттері
мен оқушылар құрамы мен сәйкес жағдайларға тәуелсіз белгілеу мүмкін емес
деп есептеледі. Кейде бір сабақтың мазмұны тек бір ғана жаттығу болуы
мүмкін. Мысалы, жүгірудің машықтану сабақтарында кіріспе, негізгі және
қорытынды бөлімдердің (үш бөлімдік жүйе бойынша) міндеттері негізінен
жүгіру көмегімен, ал баскетболшының, теннистшінің және жүзгіштің, т.б.
сабақтарында баскетбол, тенис, жүзу, т.б. ойындары көмегіне сәйкес шешілуі
мүмкін.
Сабақтың әрбір бөлігінің міндеттерін шешуге тән құралдар туралы тек
белгілі бір спорт түріне сәйкес айтуға болады. Мысалы, спорт
гимнастикасымен топтық сабақтарға арналған типтік құралдардан кіріспе бөлім
үшін реттік және бой жазу жаттығулары; негізгі бөлім үшін-еркін жаттығулар
және акробатикалық жаттығулар, ал қорытынды бөлімде-бұлшықетті босаңсытуға
арналған жаттығулар және басқалар.
Адамның қимыл әрекетінің логикасы түгелдей сабақта ғана емес, сол
сияқты кез-келген дене жаттығуларды орындауда көрінеді. Тіпті қарапайым
жаттығуды орындау үшін ең алдымен оның басталуын ұйымдастыру қажет-бастапқы
қалыпты лайықты қабылдау және қимыл дұрыстығын бақылау, сосын аталған
жаттығуды орындап, қойылған міндеттерді шешу керек, соңында оны
ұйымдастырып аяқтайды.
Кейде сабақтың бірінші бөлімі (кіріспе-дайындық) оқытушысыз өтеді. Бұл
оқушының ағзасына дербес жалпы және арнайы дайындықтан кейін алдын ала
белгіленген кезектен соң оқытушының басқаруымен сабақтың негізгі
міндеттерін шешуге кіріседі.
Сабақ құрылымы мен сәйкес оқу құжаттарын басшылыққа ала отырып,
оқытушы нақты сабақты жүргізуге арналған жоспар немесе конспект құрады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жоспары-бұл оның негізгі
бөлімінің маңызын қысқаша мазмұндау.
Сабақ конспектісі-оның барлық маңызын түбегейлі мазмұндау.
Конспект негізінен топтық сабақтар үшін, барлық оқушыларға біркелкі
мазмұны бар, яғни ең бастысы жаңадан бастаушылар үшін жалпы оқу міндеттері
қарқын алған жағдайда құрылады.
Конспектінің тиянақтылық деңгейі көбіне оқытушының тәжірибелілігіне
байланысты болады. Оның тәжірибесі аз болған сайын, конспектіде мұқият
баяндалады. Онымен жұмыс жасау сабақ маңызы мен оны жүргізу әдістемесін
толық ойластыруды талап етеді.
Сабақтың жоспары мен конспектісі жұмыс жоспары негізінде жасалады.
Бұнда алдыңғы сабақтардағы қойылған міндеттер қаншалықты сәтті шешілгені,
оқушылардың жағдайы мен сәйкес жағдайлар ескеріледі. Спорт жаттықтыруында
сондай-ақ алдағы жарыстың машықтану кезеңі, мерзімі және сипаты ескеріледі.
Конспектіні құрған кезде де аталған сабақтың негізгі міндеттерін
орындау маңызды (құрылымдық және жалпы немесе аралық міндеттерден
айырмашылығына қарай). Бұл дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының жалпы
міндеттерін бөлшектеу жолымен жасалады. Оқыту, дамыту, тәрбиелеу
міндеттерінен бөлек, сол сияқты ұйымдастыру сипатындағы міндеттер де
орындалуы мүмкін. Қойылған негізгі міндеттерге сәйкес оқытушы конспектіде
сабақтың жеке бөліктерінің мазмұнын, жаттығуларды мөлшерлеу, сол сияқты
жеке жаттығуларды орындауға бірнеше ұйымдастыру-әдістемелік ескертулер
жасайды, қателерді түзетіп, оқушыларды орналастырады, т.б.

2.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізу
әдістемесінің бірнеше мәселелері

Жаттықтыру сипатындағы дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында дайындық
бөлімінің тапсырмалары бой жазу кезінде орындалады.
Бой жазу – бұл дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының негізгі
міндеттерін шешу үшін ағзаны дайындауға бағытталған дене жаттығуларының
жүйесі.
Бой жазу туралы сауалдар спорттың ілімдік-физиологтарын негізінен 1934-
1935 жылдардан кейін қызықтыра бастады. Осы уақыттан бастап, спорт
машықтануы мен оны қамтамасыз ету әдістемесіндегі орындалу заңдылықтары
зерттеліп келеді (М.Я.Горкин, Ю.С.Гиппенрейтер, А.Н. Крестников,
З.Я.Старорусская, И.А.Вардишвили, және басқалар).
Бой жазуды жүргізу әдістемесінің басты мәселелері мыналар: а) бой
жазуды бөлімдерге бөлу; ә) қолданылатын дене жаттығуларының сипаты мен
мөлшері; б) қайталау мен қимыл қарқынының саны; в) бой жазудың
жеткіліктілігі; г) оқушылардың бой жазу аяқталғаннан негізгі жаттығулар
басталғанға дейінгі мінез қалпы.
Бой жазуды жалпы және арнайы бөлімдерге бөледі. Жалпы бөлімнің міндеті
– функционалдық процестердің кері тебілуін бағындыру, ағзаның қызмет
мүмкіндігін жұмыс қабілетінің ең жоғарғы деңгейіне көтеру, вегетативтік
қызметтің жалпы қозуын қамтамасыз ету; ағзаны қыздыру, бұлшықеттің
былжырауын болдырмау, ағзаны жұмысқа бейімдеу. Бой жазудың арнайы бөлімінің
міндеті-қимыл аппараты мен ішкі мүшелерді сабақтың негізгі бөлімінде
қойылатын талаптарға бейімдеуге дайындау болып табылады.
Көптеген спорт түрлерінде бой жазу жүгіруден басталады. Жүгірудің
артынан немесе соған араластыра дәлдігі жөнінен қарапайым, бұрын
меңгерілген жаттығулар, сол сияқты Шеңбердегі доп, кіші алаңда
жеңілдетілген футбол ойыны орындалады.
Барынша көп жаттығулар қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы аз
мөлшерде бірнеше рет қолданылады. Ешқандай жаттығу түгел қысыммен
орындалмайды. Қайталаудың жалпы саны үлкен. Қолданылатын жаттығуларды тез
ауыстырып және оны орындау ерекшелігіне қарай бой жазудың бұл бөлігі
ойындарды еске түсіреді. Бұлшықеттің түрлі топтары мен дене бөлігінің
қимылын кезектестіріп қана қоймай, сол сияқты күшті, иілгіштікті,
бұлшықетті босаңсытуға қабілеттілігін дамытатын жаттығуларды араластыру,
яғни уақытша және жалпы әсер ететін жаттығуларды кеңестіру өте маңызды.
Бұнда дене салмақтанып, ағзаның жұмысқа дайындығы, кинестезиялық
сезімдердің нәзіктігі, қимыл ұғымдарының айқындығы, өз қимылын бақылау
қабілеттілігі тексеріледі. Егер сабақтың негізгі бөлімінде вегетативтік
қызметті қоздыратын жаттығулардан бөлек бұлшықет қысымының жоғарғы
қарқындылығы қажет болса, онда бой жазуға мүмкін жарақаттардың алдын алатын
қимыл топтамаларын ендіреді. Бұл үшін бірнеше динамикалық күш жаттығуларын
жасап, сосын жарақатқа көп ұшырайтын бұлшықет топтарына арналған статикалық
сипаттағы жаттығуларды орындау пайдалы. Бой жазудың арнайы бөлігінде
негізінен сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнын құрайтын дене жаттығуларының
элементтерін пайдаланады.
Бүкіл топ болып, топшаларға, жұптасып,жеке снарядпен немесе түрлі
снарядтарды (спорт құрал-жабдықтарымен түрліше бастапқы қалыптан, яғни
отыру, тұру, тізеден, жатып, жүре басып, бір орнында, секеңдеу кезінде және
жүгіруде бой жазуға болады. Таныс емес қимылдар алдын ала көрсеткеннен
кейін орындалады және оны топтық әдіспен түсіндіруден соң орындалады,
оқушыларға жақсы таныс, дәлдігі бойынша қарапайым қимылдар ұзақ үзіліссіз-
ақ бірінен кейін бірі орындалады, онда бір жаттығудың соңы келесін бастау
үшін бастапқы қалып болады, яғни топтық әдіспен орындалады.
Оқу-жабдықтыру сабақтарында бой жазулар 5-тен 30 минутқа дейін
созылады. Бұл шамадағы оның ұзақтығы метеорологиялық жағдайға қарай өзгеріп
отырады (температура, жел күші, ылғалдылық). Яғни, ыстық ауа райында оның
жалпы бөлімі қысқартылады. Бой жазу ұзақтығы сол сияқты дайындалушылардың
машықтану деңгейі мен тұлғалық ерекшеліктеріне, сол сияқты сабақтың негізгі
бөлімінің мазмұнына да байланысты. Бой жазудың жеткіліктілігі субъективті
өлшеуі дене жаттығуларына дайындықты сезіну болып табылады. Ол барлық
қимылдар еркін жасалады, кей жерлердегі бұлшықеттің қатып қалуы жоғалады,
олар ыңғайлы, серпімді болады. Бой жазуды дер кезінде аяқтаудың нысанды
белгісі минутына 130-150 соққыға дейін жететін пульс жиілігі болып
табылады. Бой жазуды дұрыс жүргізген кезде пульс жиілігі 1-2 минуттан соң
бастапқы шамаға қайта келеді. Бой жазудан кейін 8-10 минут бұлшықет
топтарын уқалап, оларды негізгі жаттығуды орындауға белсене қатысуға
лайықтау керек (қарқынды массаж жасау керек).
Оның негізгі бөлігіндегі сабақты ұйымдастырудың ең маңызды
мәселелерінің бірі-сипаты жағынан әр түрлі жаттығуларды орындау
бірізділігін анықтау. Жалпы кеңестер мыналар:
1) дәлдігі бойынша күрделі жаттығуларды немесе жаңа қимылдарды
сабақтың бірінші бөлімінде орындап, үйрену қажет; ағзаның вегетативті
қызметіне үлкен талап қоятын жаттығуларды сабақтың екінші жартысында
орындайды.
2) егер сабақтың басты міндеті спорт жаттығуларының тәсілін үйрену
болса, онда негізгі бөлімнің соңына қарай күшті дамытуға арналған
жаттығуларды орындаған дұрыс. Бұл жаттығулар тек оқушылардың дене
дайындығын арттыруға ғана жәрдемдесіп қоймай, сондай-ақ қимыл
мүмкіндіктерін келесі сабаққа қайта қалпына келтіруді де жақсартады.
Алайда, сабақтың ең соңында үйренген жаттығуды тағы қайталау керек, себебі
сабақтың бірінші және соңғы бөлімдерінде орындалған (үйренген) жаттығулар
орта бөлімдегіге қарағанда бұдан кейін жақсы жасалады;
3) егер сабақтың негізгі мақсаты күшті; шапшаңдық пен иілгіштікті
дамыту болса, онда оның дамуына бой жазудан кейін, яғни оқушылар әлі
шаршамаған уақытта орындау керек.
4) көп жағдайда шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығулар төзімділікті
дамытуға арналған жаттығулардың алдында болуы тиіс. Алайда, жоғары білікті
спортшылар керісінше жасай алады, себебі олар шаршау кезінде де жоғары күш
жұмсауға дайын болуы керек (әсіресе айналымдық спорт түлерінде);
5) егер сабақтың мақсаты-төзімділікті дамыту болса, онда бой жазудан
соң бастапқыда анаэробтық қызметті (жылдамдық төзімділігі), сосын аэробтық
(жалпы төзімділік) қызметті дамытуға арналған жаттығулар қолдану керек;
6) жекелеген спорт жаттығуларын машықтану сабақтарының негізгі
бөлімдеріне бөлу спорт жарыстарының бағдарламасына байланысты болады.
Осыған сәйкес үлгілерді құру үшін, жарысқа немесе соған өте жақын жағдайда
белгіленген бірізділікті ұстану пайдалы.
Сабақ барысында жүктеменің ағзаға қатысы толқынданып өзгеріп отырады,
яғни өте төменгісінен шектен тыс жоғарыға дейін көбейеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының оқушыларын ұйымдастыру құралы
бұйрық деп аталады. Ол мынадай мүмкіндіктер береді: а) оқушыларды тұрғызу
және орналастыру; ә) бастапқы қалыпта тұру; б) қимылды бастауға және
аяқтауға бұйрық беру; в) оқушылардың қимылдары мен әрекеттерін басқару;
жүктеменің ағзаға әсері мен орындалатын қимылдар сипатын реттеу; г) дененің
жеке бөліктеріне, ағза қызметіне таңдап әсер ету; д) қажетті тәртіпті
орнату.
Бұйрықтың сипаты спорт түріне, оқущылардың құрамы, олардың аталған
бұйрықпен және жаттығумен таныс болуы, қойылған міндет пен сабақты жүргізу
шартына байланысты өзгереді. Бұйрық жаттығуды орындау мәнерін анықтайды:
кілт, үзбелі бұйрық қимылды шапшаң әрі дәл орындауға, созылмалы және
сарынды бұйрық қимылды баяу, қысымсыз орындауға міндеттейді.
Бұйрық беруге жиі ұрынбау керек. Оны шектен тыс көп пайдалану сабақтың
көңіл-күйін түсіреді, орындалатын қимылды жеке ерекшелікке сай жасауға
мүмкіндік бермейді, оқушылардың бастама көтерушілігін түсіреді. Кей
жағдайларда бұйрықты әуенмен, қол шапалақтаумен, ысқырықпен немесе қысқа
тықылдатумен алмастыруға болады. Бұл арқылы оқытушы жекелеген дене
бөліктері қимылының бірізділігі, оның бағыты, құрамы, туындаған күш
сипатын, тыныс алу мен тыныс шығару сәттері, күшті реттеп, қимыл қарқыны
мен ырғағы туралы ұғым қалыптастыру туралы ескертеді.
Жаттығуды ұйымдастырып жүргізу үшін оқушыларды сабақ пәні, оқушылардың
жынысы, жасы және дайындығына қарай (білігі мен спорт дәрежесі) бөлу қажет.
Кейде бір немесе бірнеше сабақтар бойына нақты міндеттерді шешу үшін топтар
құрылады (күрделі дене жаттығуларының жекелеген топшаларын меңгеру, өзара
бақылауды ұйымдастыру, белгілі тактикалық қосындыларды үйрену үшін, т.б.).
Тұлғалық спорт түрлерінің машықтану сабақтарында топшада 5-6 кейде тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшының психологиялық дайындығы
Қозғалыс кезінде
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Гигиеналық дене шынықтыру
Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Қимыл-қозғалыстарға үйрету
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Пәндер