Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
Кіріспе ... ... ..
І-тарау Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті анықтайтын
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Өсіп келе жатқан организмнің функционалдық жүйелерін
төзімділікті дамыту тәсілдерімен
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Спорт секцияларындағы сабақтарда және спортпен шұғылданбайтын
балаларда төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатты бағыттай отырып
қолданған кездегі төзімділік дамуының әдістемелік негіздері
... ... ... ...
1.4. Дене шынықтыру сабақтарында төменгі мектеп жасындағы
балаларда төзімділікті арттырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II- тарау Зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері мен
әдістері ... ... ... ... ... .
2.1. Зерттеудің мақсаты және міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. II-IV сынып оқушыларында дене шынықтыру сабақтарында
төзімділікті дамытуға арналған тәсілдерді пайдалану әдістемесін
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге
бөлу ... ... ... ..
Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Адамның негізгі қозғаушы қасиеттерінің бірі
ретіндегі төзімділіктің қандай да бір қызметті, әрекетті оның нәтижелілігін
төмендетпей, ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттіліктен көрініс табатындығы
белгілі. Төзімділік организмнің бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігінің
критерийі болып табылады – төзімділік неғұрлым жоғары болған сайын, жұмыс
соғұрлым ұзағырақ орындалады және қажып, болдыру соғұрлым табыстырақ жеңіп
шығарылады.
Қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін
іздестіру мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті шешу - қимыл-қозғалыс
қабілеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуына қол жеткізуіміз деген сөз.
Сондықтан да оқушылардың жан-жақты қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз
ету бұдан әрі қоғамдық пайдалы еңбекке және қорғаныс қызметіне даярлау үшін
қолайлы жағдайлар тудыра алатын қажетті алғышарт, функционалдық база болып
табылады. Төзімділіктің құрамдас бөлігі болып жалпы аэробтық төзімділік
табылады, ол бұлшық ет жүйесінің глобальды қызмет етуі кезінде қарқындылығы
орташа жұмысты ұзақ уақыт бойы орындауға деген қабілеттілікті анықтайды.
Сондықтан да жалпы аэробтық төзімділік бастауыш сынып оқушыларының дене
қасиеттерін жан-жақты даярлаудың бір бөлігі болып табылады.
Төзімділікті дамытудың мектеп оқушыларының өзге де қимыл-қозғалыс
қасиеттерімен, дене қасиеттерінің дамуымен және функциялық мүмкіндіктерімен
өзара байланысын зерттеудің маңызды мәні бар. Жалпы төзімділікті дамытудың
ең тиімді жолдарын анықтау аталған процеске әсерін тигізетін факторларды
анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің осы зерттеуімізде
төзімділікті дамытуға ықпал ететін бірқатар факторлардың жас топтарында
өзгеруін зерттеу ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта, оның ішінде дене шынықтыру сабақтарында, мектеп
оқушыларында төзімділікті дамытудың көптеген аспекттерінің бетін ашатын
әдістемелік әдебиеттер санының жеткілікті болғанына қарамастан,
қарастырылып отырған проблема әлі де болса өзінің шешімін таба қойған жоқ.
Дене қасиеттерін тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесінде төзімділікті
дамытуға арналған күш түсірудің тәсілдері, әдістері және сипаты туралы
пікір айтуда пікірлердің бірлігі болмай отыр.
Мамандар төзімділікті әртүрлі тәсілдермен дамытуды ұсынады: максималды
пәрменділіктегі жаттығуларды көп мәрте орындау - Шпаков П.Ф. төзімділікті
арттыруға бағытталған субмаксималды пәрменділіктегі жаттығуларды орындау -
Мамардашвили Ш.А., Полунин Л.И.; 8 - 20 мин бойы үздіксіз жүгіру - Матвеев
А.П.
Осылайша 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытуға арналған қандай
тәсілді қолданған мақсатқа лайықтырақ келеді деген сұрақ ашық түрінде
қалуда.
Мектеп оқушыларында төзімділікті қалыптастыруға деген осындай қарама-
қайшылықты көзқарас зерттеудің мақсатын анықтау және педагогикалық
экспериментті құру үшін негіз болып қызмет етті.
Жұмыстың мақсаты. Дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында
төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару.
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектеп оқушыларының дене қасиеттерін
тәрбиелеу процесі.
Зерттеу тақырыбы. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту
тәсілдері мен әдістері.
Зерттеу гипотезасы. Жүгіру жаттығуларын 8 - 20 мин бойы үздіксіз
орындауды қолдану 8-10 жастағы оқушыларда қимыл-қозғалыс және функционалдық
даярлығының тиімділігін арттырады деп болжанады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
2-4 сыныптарда оқитын балалардың дене қасиеттерін тәрбиелеудегі
төзімділікті дамытудың тәсілдерін мөлшерлеу анықталған (еркін қарқынмен
жүру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүру, қиындатылған жағдайларда жүру,
жүрумен үйлестіре отырып, баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып
жүгіру, қойылған заттардың арасынан жыландай ирелеңдеп жүгіру, 8-20 мин
бойы үздіксіз жүгіру, әр түрлі қарқындылықпен шаңғымен қозғалу,
төзімділікті дамытуға арналған эстафеталар, спорт залында - 90 с бойы
үздіксіз жүгіру, қозғалмалы ойындар мен эстафеталар);
төменгі сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту
амалдарының, тәсілдерінің орны анықталды;
төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдаланудың негізінде II-IV сынып
оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша авторлық бағдарлама жасап шығарылды;
төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдалана отырып, 2-4 сынып
оқушыларының физикалық және функционалдық күйінің құрылымы анықталды;
осындай құрылымның негізгі құрамдас бөліктері болып:
фактор I – аэробтық қасиеттер;
фактор II —функционалдық қасиеттер;
фактор III — буындардың қозғалғыштығы;
фактор IV — шапшаңдық және қуаттылық қабілеттері табылатындығы анықталды.
- оқушылардың дене қасиеттерінің даярлық деңгейін және функционалдық
күйі мен денсаулығын арттыру үшін бастауыш мектептегі дене шынықтыру
сабақтарында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі
дәлелденген.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы бастауыш мектепте
дене шынықтыру сабақтарын төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ қолдана
отырып өткізудің мазмұны мен әдістемесін жасап шығарудан және енгізуден
тұрады. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласының № 131 орта мектебінің бастауыш
сынып оқушыларын оқыту, үйрету практикасына енгізілген. Жасап шығарылған
әдістеменің әсер етуімен төзімділікке арналған тесттерді орындаған кездегі
нәтижелердің өсуі, сонымен қатар функционалдық қабілеттерінің артуы
байқалады. Қорғауға шығарылып отырған негізгі ережелер:
1. Төзімділікті дамытудың тәсілдері мен әдістерін 2-4 сынып оқушыларында
басымырақ пайдалана отырып жасалған бағдарламадағы жаттығулардың Дене
шынықтыру сабағының базалық және вариативті бөліктеріндегі орны мен ара
қатынасы анықталған.
2. Эксперименттің соңында өзіне дене қасиеттерін дамытудың келесідей
жетекші факторларын:
I – аэробтық қасиеттерді;
II - функционалдық қасиеттерді;
III – буындардың қозғалғыштығын;
IV – шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерін қосатын, бастауыш мектеп
оқушыларының қозғалу даярлығының құрылымы анықталған.
Жүргізілген факторлық талдау төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың
дене қасиеттері даярлығының құрамдас бөліктерінің (жалпы төзімділіктің,
шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерінің) және функционалдық көрсеткіштердің
(ӨӨС; ОМТ; ОМТкг) дамуына әсер еткендігін растап берді.
3. Жасап шығарылған әдістемені қолдану төзімділіктің өсуіне, төменгі
мектеп жасындағы оқушылардың денсаулық жағдайы мен функционалдық
мүмкіндіктерін арттыруға айтарлықтай ықпалын тигізеді. 8-20 мин бойы
үздіксіз жүгіру қолданылған эксперименттік топтағы төзімділік көрсеткіштері
орташа алғанда 12,4%-ға артты. Функциялық көрсеткіштер (ӨӨС, ОМТ, ОМТкг)
орташа алғанда 12,5%-ға артты. Ауруға шалдығу деңгейі 2,7%-ға төмендеді.
I-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті
дамыту әдістемесінің негіздері
Зерттеудің төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту
жөніндегі әдістемелік тәсілдерге қатысты нәтижелерін зерттеген кезде оны
дамыту әдістемесі жөніндегі көзқарастардың қарама-қайшылықты екендігіне
назар аудару керек, осы жәйт біздің зерттеуіміздің негізі болып қызмет
етті.
Төзімділік терминімен оның нәтижелілігін төмендетпей, қандай да бір іс-
қимыл, әрекетті ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттілік түсініледі.
Төзімділік — бұл белгіленген бұлшық ет қызметі барысында физикалық қажып,
болдыруға қарсы тұру қабілеті.
Ю.Г. Травиннің пікірінше, төзімділікті өлшеу шамасы болып осы уақыт
бойы белгілі бір сипаттағы және қарқындылықтағы бұлшық ет қызметі
орындалатын уақыт табылады. Осылайша, төзімділік бұлшық ет белсенділігінің
белгілі бір деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша бағаланады.
Кейбір авторлар жаттығуды орындау қарқындылығы бойынша күш салулардың
келесідей бөлінуін анықтауда:
1) шағын – жүрек қысқаруларының жиілігі (ЖҚЖ) 140 cоққымин дейін;
2) орташа - ЖҚЖ 170 cоққымин дейін;
3) күшті - ЖҚЖ 190 cоққымин дейін;
4) шекті - 190 cоққымин жоғары.
Төзімділік проблемасымен көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер
айналысқан болатын. Біздің елдегі де, шетелдегі де көптеген зерттеулер
балалар мен жасөспірімдердің қандай да болсын дене қасиеттерін дамыту
әдістемесінің қозғалу функцияларының жас заңдылықтарын ескере отырып
құрылуға тиісті екендігін дәлелді түрде көрсетіп берді.
Мектептің оқу-педагогикалық процесіндегі төзімділікті дамытудың
қандай орын алып отырғандығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шүбәсіз
қызығушылық тудырып келеді. Істің мәнісі, бастауыш сыныптарға
(1-4 сыныптар) арналған
мектеп бағдарламасында төзімділікті дамытудың арнайы міндеті
қойылмайтындығында болып отыр. Оқытудың осы кезеңінде шапшаңдық пен
ептілікті дамыту барысында төзімділікке де әсер ету жүріп отырады. Бұл үшін
алуан түрлі ойындар (ережелері қарапайым етілген қозғалмалы және спорттық
ойындар), ұзаққа созылмайтын жүгіру және шаңғымен қозғалу пайдаланылады.
Төзімділікке күш түсіруді мөлшерлеудің күрделілігіне орай, мектептерде дене
қасиеттерінің даярлығының осы бір құрамдас бөлігінің көрініс табуын көбіне
көп шектеп отырады.
Ғалымдарда төзімділікті мектеп оқушыларының денсаулығы үшін зиянсыз
қанша жастан бастап дамыту керектігі жөнінде бірыңғай пікір болмай отыр.
Бір авторлар төзімділікті ертерек дасмыта бастау керектігі туралы пікір
айтуда және бала организміне ұзақ уақыт жүгіру, суда жүзу, конькимен
сырғанау және т.б. зиянсыз деп есептейді.
Өзге ғалымдар жалпы төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастау мүмкін
болады деп есептейді.
А.П. Макаров жас жүгірушіні даярлаудың бастапқы кезеңінде жалпы
төзімділікке маңызды мән беруде. Аралас орын ауыстырудың және бірқалыпты
ырғақпен ұзақ уақыт жүгірудің көмегімен төзімділікті жетілдіру төзімділікке
арнайы жұмыс істеуге көшу үшін даярлаудың маңызды тәсілі болып қызмет
етеді. 2-4 сыныптарда сабақтардың негізгі мақсаты мектеп бағдарламаларының
негізінде дене қасиеттерін жан-жақты даярлау болып табылады. Мектеп
оқушыларында төзімділікті дамытудың шұғылданушылардың ересек топтарын
жаттықтырудың әдістемесінен ерекшеленіп отыруы өте маңызды.
Балалардың организміне циклдік жаттығуларды (жүгіру, шаңғы тебу және
т.с.) орындау кезіндегі ұзаққа созылатын күш салулар зиянын келтіре алмайды
деп есептегендіктен, кейбір авторлар сонымен қатар спортпен (жалпы алғанда)
шұғылдануды ерте бастау қажеттігі туралы пікірлер айтуда.
Алешина M.X. төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастауды мүмкін
болады деп есептейді.
Кейбір ғалымдар төзімділікті, күш пен шапшаңдықты кешенді дамытудың,
бірақ жалпы төзімділікті аздап күш салумен ұзақ уақыт жұмыс істеу арқылы
алдын ала тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсетеді. Осындай тәсілдер ретінде
спорттың алуан түрлерін (шаңғы, коньки, волейбол, футбол, ұзақ уақыт
қозғалумен байланысты келетін қозғалмалы ойындар және т.б.) пайдалану
ұсынылады.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесі мен зерттеу нәтижелері
төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту – олардың жан-жақты
физикалық даярлығының маңызды құрамдас бөлігі екендігін көрсетіп отыр.
Жалпы дене қасиеттерін даярлаудың басқа да тәсілдерімен ұтымды үйлесімін
таба отырып, төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығуларға айтарлықтай көп
орын бөлінетін сабақтар тек қана төзімділіктің емес, шапшаңдықтың, күштің,
қуат қасиеттерінің даму деңгейінің артуына ықпалын тигізеді. Бұл негізгі
дене қасиеттерінің арасында тығыз функционалдық байланыс пен өзара
себепшілік бар екендігімен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда жан-жақты физикалық даярлық қажет екендігі туралы ереже
жалпыға бірдей танымға ие бола бастады. Физиологиялық зерттеулер мен
дәрігерлік бақылаулардың мәліметтеріне арқа сүйей отырып, кейбір авторлар
мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің жалпы жүйесінде
төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын пайдалануға жол беруге болады,
бірақ тәсілдерді дұрыс таңдау және күш түсулерді мұқият мөлшерлеу шарты
орындалуға тиіс деп санайды. Жекелеген отандық және шетелдік мамандардың
айтқан пікірінше, балалық шақтың өзінде-ақ төзімділікті дамытуға үшін
қолайлы алғышарттар бар.
Қолданылатын педагогикалық әдістердің (жол берілетін күш салулар,
жаттығу жұмыстарының, арнайы және жалпы дене қасиеттері даярлығының
амалдарының қарқындылығы мен көлемдерінің ұтымды өзара байланыстары және
т.б.) тиімділігін анықтау оқушылардың морфо-функционалдық дамуын бақылаудың
негізінде жүргізілуге тиіс. Әсіресе төзімділікке бағытталған жаттығулардың
негізгі ауырлығы осыларға түсетін жүйке, жүйке-тамыр және тыныс алу
жүйелерінің күйін мұқият зерттеу маңызды болып келеді. Осы міндетпен
байланысты мәселелер шеңберіне өзіне, жекелей алатын болсақ, жүректі ерте
жастан бастап шектінің маңындағы қуаттылықпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге
бейімдеудің мүмкін болатын зардаптарын зерттеуді қосады. Жүйке жүйесінің,
зат алмасудың және реттеудің бүкіл жүйесінің бала жастан басталған, ұзақ
уақытқа созылған денеге күш салулармен жүргізілетін жүйелі түрде
шұғылданудың нәтижесіндегі күйін зерттеу де қызығушылық тудырады.
Төменгі мектеп жасындағы балалардың аэробтық жұмысқа қабілетін
зерттеулер келесіні растап отыр: төзімділікті анықтайтын күш салулар
кезіндегі жалпы жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері организмнің аэробтық
өнімділігімен тығыз байланысты және жас өсе келе заңды түрде арта түседі.
Зерттеулер төзімділікті дамытатын күш салулардың әсерімен шұғылданушыларда
тыныш жағдайда жүрек қысқару жиілігінің төмендеуі байқалатындығын көрсетіп
отыр. Осылайша, бұл жағдай қан айналымының тиімділігін азайтпай, керісінше,
функционалдық мүмкіндіктер диапазонын кеңейте түседі. Жүрек қысқаруларының
жиілігі күш салуларға бейімделу барысында жүрекке күш түсу көрсеткіші болып
қызмет атқарады.
Тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы күш түсу қарқындылығымен тығыз
байланысты. Циркуляциялаушы қандағы анаэробтық метаболиттердің
концентрациясы төмен болып қалып отыратын салыстырмалы түрдегі шағын жұмыс
қуаты кезінде тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы жұмыс істеп тұрған
бұлшық еттердің қанмен жабдықталуына байланысты болып келеді. Қарқындырақ
жұмыс істеген кезде және анаробты метаболиттердің, оның ішінде сүт
қышқылының жоғары концентрациясы кезінде күш түскеннен кейін тамыр соғуы
жұмысының қалпына келуі қанның минуттық көлемінің адекватты арту дәрежесіне
байланысты болады.
1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті
анықтайтын факторлар
Мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту олардың жан-жақты дене
қасиеттерінің даярлануының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Төзімділік қимыл-қозғалыс әрекетінің айтарлықтай көлемін орындауға;
орындалып отырған жұмыстың жоғарғы деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға;
айтарлықтай күш түскеннен кейін күштерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік
береді.
Субмаксималды қарқындылықта жұмыс істеген кездегі төзімділікті және
жетілген организмнің қажып, болдыруын зерттеуге арналған жұмыстар көлемінің
көп болғанына қарамастан, бұл мәселелер мектеп жасындағы балаларда
жеткіліксіз түрде шешілген болып табылады. Төзімділікке әсер ететін
факторларды анықтау оны дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік
береді. Сондықтан біздің зерттеуімізде дене қасиеттерінің
дайындалғандығының осы бір маңызды құрамдас бөлігінің дамуына ықпал ететін
факторлардың үлкен шеңберінің жас өсе өзгеруін зерттеуге ұмтылыс жасалды.
Әсіресе мұны дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеттеріне кереғар
келмеуге тиіс болатын, мектеп жағдайларында төзімділікті дамытуға
бағытталған педагогикалық процесті құрған кезде ескерген маңызды.
Жоғарыда айтылып кеткеніндей, төзімділіктің көрініс табуына
факторлардың кешені себепші болады. Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес,
қарқынды бұлшық ет жұмысын орындаған кезде төзімділік осыларға байланысты
болып келетін негізгі факторлар болып өзіне энергиямен жабдықтаудың үш
негізгі түрін: аэробты, анаэробты-гликолиздік және анаэробтық лактатты
түрлерін қосатын, организмнің аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері
табылады. Өз кезегінде энергиямен жабдықтау көздері қуатпен – энергияның
босану жылдамдығымен, сыйымдылықпен – пайдалану үшін жол берілетін
субмаксималды қорлардың (майлар, көміртектер, гликоген, аденозин үшфосфорлы
қышқыл, креатипфосфат) мөлшерімен және организмдегі метаболалық
өзгерістердің жол берілетін мөлшерімен сипатталады.
Б.Ф. Прокудин мен В.Г. Никитушкин келесідей факторларды ажыратуды
ұсынады:
- Белгіленген қарқындылықтағы қызметті, іс-әрекетті энергиямен қамтамасыз
етудің (аэробтық энергоөнімділіктің, яғни жұмыс істеп тұрған бұлшық ет
бірліктеріне оттегін жеткізу (негізінен алғанда орта және ұзын
қашықтықтарға жүгіруде және спорттық жүрісте) тиімділігі;
- анаэробтық лактатты энергоөнімділік (көбіне көп орта қашықтықтарға
жүгіруде);
- анаэробтық алактатты (фосфатты) энергоөнімділік (көбіне көп қысқа
қашықтықтарға жүгіруде, секірулерде және лақтыруларда);
- шұғылданушының координациялық қабілеттері;
- төзімділіктің көрініс табуы үшін жасалатын қимылдардың үйлесімділігі,
энергетикалық мүмкіндіктерді шығындаудың үнемділігін анықтайтын іс-
әрекеттер кешенін меңгеру маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл ретте кемеліне
жеткізілген техника энергияны үнемдеуге, күшті сақтап қалуға, келіп жететін
шаршап, қажудың дәрежесін төмендетуге, яғни төзімділіктің жоғарырақ
деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- шұғылданушының ерік-жігер қабілеттері, яғни іс-әрекетті, қызметті
орындаудың ішкі де, сыртқы да өзгеріп отыратын орта жағдайларындағы
тиімділігін қамтамасыз ететін жеке бас қасиеттері (жолдан тайдыратын
факторларға қарамастан, мақсатқа жетуге ұмтылу, шамадан тыс күш түскенде
ауыруды жеңіп шығу, қолайсыз жағдайларда жұмыс істеу және т.с.). Сүт
қышқылының шамадан тыс жиналуына тұрақтылық (әдетте, орта және алыс
қашықтықтарға жүгіргенде).
Б.Ф. Прокудиннің пікіріне сәйкес жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас
бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функциялық
және биохимиялық экономикаландыру, жеке бас-психика факторлары табылады.
- Жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары және энергия алмасу мен
түрлендіруді қамтамасыз ететін жүйелердің функционалдық қуаты (ішкі және
сыртқы тыныс алу, оттегін өкпеден жұмыс істеп тұрған органдарға көшіру
жүйелерінің қызметін сипаттайтын аэробтық энергия өндіргіштік); анаэробтық
лактаттық өндіргіштік); анаэробтық алактатты (фосфатты) өндіргіштік;
- функционалдық және биохимиялық үнемшілдік факторлары жаттығуды орындау
нәтижелері мен оған қол жеткізуге кеткен шығындардың ара қатынасын
анықтайды; үнемшілдіктің екі қыры бар: техникаға және оны меңгеру деңгейіне
немесе жарысу іс-әрекетінің, қызметінің ұтымды тактикасына байланысты болып
келетін биомеханикалық үнемшілдік; тотықтырғыш жүйесінің сүт қышқылын
жинаусыз энергиясы есебінен жұмыстың қандай үлесі орындалатындығымен
анықталатын функционалдық үнемшілдік.
- жеке бас-психикалық факторлар. Оларға жоғарғы нәтижеге жетуге деген
мотивация, ұзақ уақыт қызмет етуге, іс-әрекет жасауға тұрақтылық, ерік-
жігер қасиеттері (мақсатқа ұмтылғыштық, табандылық, организмнің ішкі
ортасындағы қолайсыз қозғалыстарға шыдай білу) жатқызылады.
Жалпы төзімділіктің анықтаушы факторларыеның бірі организмнің жұмыстың
қуаттылығына сәйкес қан айналысының тұрақты деңгейін ұстап тұруға
қабілеттілігі болып табылады. Бұл ерекшелікті арта түсетін қуаттылықтағы
велоэргометриялық күш түсу жағдайларында тамыр соғуының және артериялық
қысымның қисығын жалпы қабылданған әдістермен зерттей отырып тексеруге
болады.
Жалпы төзімділікті дамыту тәсілдерінің тиімді пайдаланылуын анықтайтын
факторлар болып: оларды қолданудың дер кезіндегі мерзімдері, күш түсудің
мөлшері мен қарқындылығының дұрыс ара қатынасын, олардың ұтымды реттілігі
мен жинақталуын қарастыратын ойластырылған жүйе табылады.
Төзімділікке күш түсіру кезіндегі организмнің жұмысқа қабілеттілігі
адамның жасымен тығыз байланысты. Бұл қуаттылығы арта түсетін
велоэргометриялық күш түсірумен сынаған кезде айдан анық білінеді.
Шұғылданушының жасы неғұрлым көбірек болған сайын, сыналушы қол жеткізетін
шекті қуаттың деңгейі соғұрлым айтарлықтай болады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, төзімділікке күш түсірген кезде
жұмысқа қабілеттілікті анықтайтын маңызды фактор болып организмнің аэробтық
өнімділігі табылады.

төзімділікті дамыту тәсілдерімен қалыптастыру
Қан айналу жүйесінің қалыптасуы және функционалдық күйі балалардың
дені сау болуы мен дене қасиеттерінің толыққанды болуының маңызды шарты
болып табылады. Қан айналу жүйесінің қызметі заттардың ұлпалық алмасу
деңгейін, оның ішінде газ алмасуды да қалыпты ұстап тұруға қызмет етеді.
Жүректің салмағы жас өсе келе, дене салмағының артуына сәйкес арта түседі.
Төзімділікті жетілдіруге бағытталған жаттығуларды орындаған кезде
балалардың жүрек қысқарулары, әдетте, минутына 200 соққыдан арта отырып,
айтарлықтай өсе түседі. Зерттеулер қашықтық ұзағырақ болған сайын, жүректің
минуттық көлемі соғұрлым көбірек екендігін көрсетіп берді. 800 м жүгіріп
өтудің аяғына қарай жүрек уақыт бірлігінде тамырларға өзі лақтыруға
қабілетті болатындай қанның мөлшерін лақтырады екен. Баланың дене
қасиеттерін тәрбиелеу процесінің тиісті деңгейде өтуі және оны дене
қасиеттерін жетілдіру жолымен бағыттау дене қасиеттерін тәрбиелеудегі
белгілі бір шарттар кезінде мүмкін болады. Негізгі шарттардың бірі адам
организмнің жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады [9; 11; 15].
Сондықтан бұдан әрі төменгі мектеп жасындағы балалардың организмінің
маңызды морфо-функционалдық сипаттамаларын және олардың тіршілікті
қамтамасыз ететін жүйелерінің күйін қарастыру керек болады. Дене
қасиеттерін тәрбиелеу практикасы үшін бала организмінің функционалдық
мүмкіндіктерінің көрсеткіштері денеге күш түсіруді, қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің құрылымын, организмге әсер ету әдістерін таңдаған кезде
жетекші критерийлер болып табылады [10; 20].
Біздің заманымызда педагогика ғылымы адам моторикасының дамуының
заңдылықтары туралы үлкен фактілік материал жинақтаған
[10, 14;].
Төменгі мектеп жасында (7 жастан 10 жасқа дейін) организмнің қарқынды
жетілуі, сонымен қатар дене қасиеттерінің дамуы мен ойлау қабілеттерінің
жетілуі жалғасын табады.
Бастауыш сыныптарда оқитын балалардың бұлшық еттері мен буындары
қарқынды түрде дамиды, нығая түседі, бұлшық ет көлемінің айтарлықтай өсімі
байқалады. Ірі бұлшық еттер ұсақ бұлшық еттерден ертерек дамиды, сондықтан
балалар үлкен амплитуданы талап ететін қозғалыстарды жеңілірек, ал үлкен
дәлдігімен ерекшеленетін ұсақ қимылдарды қиынырақ орындайды. Демек,
төзімділікті көрсету талап етілетін, циклдік сипаттағы жаттығуларды
(жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу) орындау балаларға қимылдардың жоғарғы
үйлесімін талап ететін жаттығуларға қарағанда оңайырақ түседі [6].
Қимыл-қозғалыс қызметі қасиеттерінің бастапқы деңгейін, сонымен қатар
организмнің вегетативтік жүйелерінің бейімделгіштігін және төзімділікті
дамыту барысында олардың өзара әрекеттесу динамикасын анықтау адамның
морфологиялық және функционалдық бейімделу көрсеткіштеріне бақылау жасалуын
талап етеді. [2; 8]
Организмнің жалпы алғандағы немесе қандай да бір функционалдық
жүйесінің жұмысқа қабілеттілік диапазонын қалай анықтауға болады? Осы
анықтаудың белгілі қиындығы адекватты күш түсіруді дұрыс таңдау
керектігімен байланысты. Осылардың организмнің функционалдық резервтерін
анықтауға шын мәнінде мүмкіндік беруі маңызды болып келеді [13; 20].
Ақыр соңында бұлшық еттің тыныштық қалпындағы тыныс алудың минуттыө
мөлшерін анықайтын, тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі белгілі бір
қызығушылық тудырады. Жас өсе келе тыныс алу жиілігінің абсолюттік мөлшері
біршама төмендеп, ал тыныс алу тереңдігінікі болса арта түседі [17].
Тыныс алудың минустық көлемінің өзгерулері қимыл-қозғалыс режимінің
көлемі мен сипатына байланысты болып келеді. Зерттеулерге сәйкес,
төзімділікті дамытумен жүйелі түрде айналысатын балаларда, басқа топтарға
қарағанда, тыныс алудың минуттық көлемі азырақ және, жас өсе келе (демек,
шұғылдану стажына да қарай) азаяды. Төзімділікті дамытумен шұғылданып
жүрген балалардағы тыныс алудың минуттық мөлшерінің өзгеру динамикасы –
жаттығудың тыныс алу жүйесіне үнемдегіш әсер ету көріністерінің бірі
.Төзімділікті дамытатын спорт түрлерімен айналысатын 9-10 жасар мектеп
оқушыларында, өкпенің максималды вентиляциясының абсолюттік мәні олардың
спорттың басқа түрлеріне маманданған құрбыларына қарағанда жоғарырақ
келеді.
Төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі шұғылданулардың барысында
көптеген спирометриялық көрсеткіштердің: өкпенің өмірлік сыйымдылығының,
тыныс алудың минуттық көлемінің және т.с. қандай да бір дәрежеде көрініс
тапқан оңды қозғалыстары байқалады [5].
Зерттеулер дене қасиеттерінің дамуы мен сыртқы тыныс алу
көрсеткіштері арасында айтарлықтай тығыз байланыс байқалатындығын көрсетіп
отыр. Әрине, сыртқы тыныс алудың жекелеген көрсеткіштері де өзара
корреляцияланып отырады. Демек, төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатқа
лайықтап қолдану жағдайларында, организмнің морфологиялық қайта құрылуымен
бірге, сыртқы тыныс алу органдарының функционалдық күйі жетіле түседі деген
сөз [8; 17].
Жаттығып жүрген балаларда, ересек мектеп оқушыларындағыдай дәрежеде
болмаса да, екпінді көлемнің артуы есебінен циркуляцияның минуттық
көлемінің артуы айтарықтай көрінеді [4; 15;].
Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі жаттығулардың,
сабақтардың маңызы олардың балғын организмде бар потенциалдық
мүмкіндіктерді арттыратын әсерлерімен анықталады. Бұған, соның ішінде
жекелей алатын болсақ, гемодинамиканың және басқа да функционалдық
жүйелердің функционалдық қайта құрылуы ықпал етеді: ол бұлшық ет тыныштығы
жағдайында, организм оған шамадан жоғары талаптар қойылған кезде
пайдаланатын бай қорларды жасайтын, функциялардың үнемділігін қамтамасыз
етеді [17].
Төзімділіктің физиологиялық негізі болып аэробтық қабілеттер
табылады: олар салыстырмалы түрде шағын спецификалы және орындалатын
жаттығулардың түріне шағын дәрежеде байланысты болып келеді [6, 4].
Сондықтан, мәселен, егер адам өзінің аэробтық мүмкіндіктерін арттырған
болса, бұл оңды жәйт қимылдың алуан түрлі жаттығуларын орындауға септігін
тигізеді. Орындалатын жұмыстың қуаттылығы неғұрлым төмен болып, оған
қатысатын бұлшық еттердің саны көбірек болған сайын, оның нәтижелілігі
соғұрлым азырақ дәрежеде қимыл-қозғалыс дағдысының жетілгендігіне және
көбірек дәрежеде – аэробтық мүмкіндіктерге байланысты болады [15; 18; ].
Организмнің вегетативті жүйесінің функционалдық көрсеткіштерінің жақсаруы
аэробтық бағытталған барлық жаттығуларды орындаған кезде байқалатын болады.
Міне, сондықтан да аэробтық энергетикалық қамтамасыз ету жұмысына жататын
төзімділікті жалпы төзімділік деп атайды.
Жұмысқа қабілеттілік адамның табысты тіршілік әрекетін жасауы үшін
қажетті төзімділіктің негізі болып табылады [7; 8]. Аэробтық мүмкіндіктер:
- оттегін максималды тұтынудың абсолюттік және салыстырмалы шамасымен
анықталатын аэробтық қуаттылықпен (ОМТ);
- аэробтық сыйымдылықпен – бүкіл жұмысқа оттегін тұтынудың қосынды
шамасымен;
- анаэробтық алмасу табалдырығымен (ПАНО) сипатталады.
Аэробтық процестердің жоғары қуаттылығының және тұрақтылығының
есебінен бұлшық ет ішінің ресурстары тезірек қалпына келеді және жұмыстың
өзінің барысында организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз өзгерістер
жылдамырақ өтеледі, қарқынды күш салуға, жылдамдық-күштік денеге күш түсуге
және үйлестірілуі жағынан күрделі қимыл-қозғалыс әрекеттеріне төзімділік
қамтамасыз етіледі, сабақтар арасындағы кезеңдердегі қалпына келу
процестерінің өтуі жылдамдай түседі деп есептеледі [25; 8].
Төзімділік проблемасының әр түрлі ғылымдар (педагогика, психология,
медицина, физиология және т.б.) тұрғысынан зерттелуі мүмкін. Алайда
төзімділік қандай аспектте қарастырылса да, өзінің мәнісі бойынша ол
адамның жұмысқа қабілеттілігі секілді түсініктен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда дененің жұмысқа қабілеттілігі спорт практикасында ең кең
зерттелуде және медициналық-биологиялық та, спорттық-педагогикалық та
бағыттағы мамандар үшін зор қызығушылық тудыруда. Дененің жұмысқа
қабілеттілігі – спорттық табыстың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі
[4; 5]. Бұл қасиет сондай-ақ өндірістік қызметтің көптеген түрлерінде
анықтаушы, күнделікті өмірде қажетті, жаттықтырылатын және жанама түрде
адамның дене қасиеттерінің дамуы мен денсаулығының хал-жайын, оның дене
шынықтырумен және спортпен шұғылдануға жарамдылығын көрсететін қасиет болып
табылады [14; 2]. Тұжырымдамалардың айырмашылығына қарамастан, барлық
авторлар жұмысқа қабілеттілік адамның орындауға жағдайы бар жұмыстар
максимумы, яғни өзі үшін жұмыстың максималды мүмкін болатын көлемін
орындауға қабілеттілігі болып табылады дегенде бірауызды болып отыр [14;
12].
Көптеген мамандардың пікірінше, төзімділік еңбек, спорттық және әскери
іс-әрекетте нақтылы көрінісін табатын, адам организмінің жалпы қасиеті
болып табылады [7; 17; ]. Демек, осы сөздің жалпылама мағынасында
төзімділікті анықтаған кезде тар көзқарас болмауы керек. Өте күрделі
құбылыс болып келетіндіктен, бұл анықтама әр түрлі жақтарды, қырларды
қамтуы керек. Аталмыш құбылыстың буындарының бірі, жекелей алар болсақ,
қандай да болсын қызметті, іс-әрекетті орындауға орай дененің жұмысқа
қабілеттілігінің төмендеуінен көрініс табатын қажып, болдырумен, қалжумен
тығыз байланысты [5; 15]. Қажып, болдыру механизмдерін және оның даму
кезеңдерін білу мектеп оқушыларының функционалдық күйін және жұмысқа
қабілеттілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Адамның қажып, болдыруының
негізгі және объективті белгісі оның дене жұмысына қабілеттілігінің
төмендеуі болып табылады. Алайда жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі әрқашан
да қажып, болдыру белгісі бола бермейді. Дене жұмысына қабілеттілік адамның
жоғары температура мен ауаның ылғалдылығы және т.б. секілді қолайсыз
жағдайларда болуының салдарынан төмендеуі де мүмкін .
Екінші жағынан алсақ, орташа күш түсірумен ұзақ уақыт жұмыс істеу
айқын білінетін қажып болдыру фонында, бірақ өнімділіктің төмендеуінсіз
өрбуі мүмкін [6: 10]. Демек, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі оның нақтылы
орындалған дене жұмысының салдарынан болғандығы белгілі болғанда ғана
қажып, болдыру белгісі болып табылады [7]. Қажып-болдырған кезде жұмысқа
қабілеттілік уақытша төмендейді, ол күн сайынғы күнделікті демалыс кезінде
жылдам қалпына келеді. Қажып, болдыру күйінің өз динамикасы бар – жұмыс
кезінде күшейе түседі және демалыс барысында азаяды [19; 2]. Қажып,
болдыруды дене іс-әрекетінің, жұмысының барысындағы организм күйінің
табиғи, қалыпты функционалдық күйі ретінде қарастыруымызға болады [6; 14].
Қажып, болдыруды бағалаудың келесі бір маңызды критерийі организм
функциясының жұмыс істеу кезінде өзгеруі болып табылады. Бұл ретте қажып,
болдыру дәрежесіне сәйкес функционалдық өзгерістер әр түрлі сипатқа ие
болуы мүмкін. Қажып, болдырудың бастапқы кезеңінде клиникалық-физиологиялық
көрсеткіштер тұрақсыздығымен және өзгерістердің әр түрлі бағытталған
сипатымен ерекшеленеді, алайда олардың ауытқулары, әдетте, физиологиялық
нормативтердің шегінен шықпайды [16; 10].
Созылмалы қажып болдырған кезде, әсіресе шамадан тыс қажып,
болдырғанда, бір мезгілде адамның кәсіптік қызметінің деңгейі төмендей
отырып, организмнің барлық функционалдық көрсеткіштерінің бір бағытта
айтарлықтай нашарлап кетуі орын алады [7; 14]. Қайталанып отыратын
қоздырғыш кезінде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне себепші болатын
негізгі механизм қозу іздерінің қозғалу анализаторының қыртыс бөлімдерінде
ұзақ уақыт жинақталуы болып табылады, ол қозғалу жүйесінің элементтерінің
қозушылығының төмендеуіне және тұрақсыздығына алып келеді [6, 2].
Осылайша, бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, жоғары дене
жұмысына қабілеттіліктің негізінде жұмыс істеу қозғалыстарының қарқыны
ұлғайған кезде бұзылып, жұмысқа қабілеттілік деңгейін төмендетуі мүмкін,
қозу мен тежелу процестерінің оптималды кезектесіп отыруы жатыр [7; 15].
Дамып келе жатқан қажып, болдырудың себебі қарқынды немесе ұзаққа созылған
іздік қозудың жинақталуы болып шығады. Бұл ретте, жұмыс істеу
қозғалыстарының қарқыны неғұрлым жоғары болған сайын, қозу іздері соғұрлым
қарқындырақ жинақталады және қозғалыс аппаратының жүйке орталықтарындағы
болатын тежелудің даму жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Алайда қазіргі кездегі зерттеудің электрофизиологиялық және
биохимиялық әдістері және олардың негізінде алынған эксперименттік
мәліметтер қажып, болдырудың себептерін қандай да бір жалғыз ағзада немесе
ағзалар жүйесінде, оның ішінде жүйке жүйесінде болатын өзгерістерге әкеп
таңуға мүмкіндік бермей отыр. Демек, алғашқы қажып, болдырудың пайда болуын
қандай да бір жүйеге таңу, телу дұрыс емес. Организм функцияларының күйіне
және адамның іс-қимыл, қызметінің сипатына байланысты, қажып, болдырудың
бастапқы пайда болуы организмнің әр түрлі ағзаларында және жүйелерінде
вариативті байқалуы мүмкін [17].
Бұлшық ет жұмысы қызметке, қимылға көптеген ағзалардың тартылуымен
және организмде адамның нақтылы қызметін, әрекетін қамтамасыз ететін,
бейімделудің арнайы функционалдық жүйесінің қалыптасуымен байланысты.
Сондықтан да жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне тек қана жүйке жүйесінде
ғана емес, басқа да жұмыс буындарында – қаңқа бұлшық еттерінде, тыныс алу,
қан айналу ағзаларында, қан жүйесінде және т.б. функционалдық
өзгерістердің пайда болуы әсерін тигізеді [3; 15].
Осылайша, дененің қажып, болдыруы туралы қазіргі түсініктерге сәйкес
ол, біріншіден, көптеген ағзалар мен жүйелердегі функционалдық
өзгерістердің дамуымен, екіншіден, осылардың функцияларының нашарлап кетуі
дене жаттығуларының қандай да бір түрі кезінде байқалатын, ағзалар мен
жүйелер қызметінің әр түрлі үйлесімімен байланысты [6; 16].
Сонымен, қажу, болдыру организмнің жұмысқа қалыпты физиологиялық
реакциясы болып табылады. Бір жағынан алғанда ол, жұмысты доғарып,
демалысқа көшуге белгі бола отырып, организмнің шекті әлсіреуіне, оның
патологиялық күйге өтуіне кедергі келтіретіндіктен, жұмыс істеп жатқан адам
үшін өте маңызды фактор болып қызмет атқарады [12]. Осымен қатар, организм
функцияларын жаттықтыруға, олардың жетілуіне және дамуына ықпал ете отырып,
қажып, болдыру айтарлықтай роль ойнайды [2; 19]. Екінші жағынан, қажып,
болдыру адамның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, энергияны тиімсіз
шығындауына және организмнің функционалдық қорларының азаюына алып келеді.
Қажып, болдырудың осы бір қыры тиімсіз, спорттық күш салулардың ұзақ уақыт
орындалуын бұзатын қыры болып табылады [9: 15].
Функционалдық жүйе өзінің құрылымдық негізін өзгертіп, орталық жүйке
жүйесінің әр түрлі бөлімдерін икемділікпен пайдалану қабілетіне ие.
Мақсатты бағытталған жаттығулардың әсер етуімен функционалдық жүйенің
жетілуі жүріп отырады, мұның өзі метаболалық процестердің үнемді, өнімді
өрбуге жөнге салынуына алып келеді, жоғары энергетикалық потенциалдың
жылдам қалпына келуін пайдалану үшін жағдайлар жасайды. Сондықтан, бұлшық
еттің жұмысқа қабілеттілігі туралы қазіргі түсініктер төзімділік деңгейінің
жаттығулардың қарқындылығына және қозғалыс аппатарының мүмкіндіктеріне
себепші болатын реттеу процестерінің жетілгендігіне байланысты екендігін
куәландырып отыр [15; 17]. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі барлық энергия
шығындары дене қызметінің өзінің барысында жүретін, ұлпаның тотығу
реакцияларымен қамтамасыз етіледі [9; 10]. Осыған орай, төзімділіктің даму
деңгейін сипаттайтын жетекші факторлардың ішінде аденозинтрифосфорлы қышқыл
(АТФ) ресинтезінің биохимиялық процестерін бөліп көрсетуге болады. Шамасына
және қарқындылығына байланысты тиісінше оттегіне сұраныстың құрылымы
өзгеріп отырады, осыған орай АТФ ресинтезінде биохимиялық реакциялардың
аэробтық және анаэробтық жолдары басым болып келеді [4, 8]. АТФ
ресинтезінің ең тиімді механизмі тыныс алу фосфорилденуі болып табылады,
оның белсенді көрінуі үшін бұлшық еттердің орындалып жатқан жұмысқа
адекватты оттегімен жабдықталуы қажет болады [3: 16]. Спорттың циклдық
түрлерінде төзімділіктің даму деңгейін талдаған кезде көптеген авторлар
оттегін максималды тұтыну (МПК) мен стайерлік жүгірудегі, суда жүзудегі,
шаңғы жарыстарындағы, ұзақ қашықтыққа конькимен жүгірудегі нәтижелер
арасындағы жоғары корреляциялық байланыстың бар екендігін атап көрсетеді
[7; 17]. Көптеген авторлардың пікірінше [3; 17], оттегін жұмыс істеп тұрған
бұлшық еттерге тасымалдау жүйесінде ОМТ-ның жоғары шамаларына қол
жеткізудегі негізгі буын қан айналымы аппараты болып табылады. Оттегін
тұтынудың максималды деңгейі жүректің өнімділігіне байланысты болып келеді.
Бұл ретте төзімділікті дамыту жүрек бұлшық етінің систолалық көлемін
арттыру негізінде жүзеге асырылады. 80-100 cоққымин бастап 170-190
cоққымин дейінгі диапазонда сақталатын сызықтық тәуелділік жүректің
өнімділігімен және оттегін тұтыну деңгейімен атап өтіледі [15; 10].
9-10 жаста, қыз балалармен салыстырғанда, ұл балаларда өкпе
вентиляциясы айтарлықтай аса түседі. Оның шамалары да балалардың дербес
ерекшеліктеріне байланысты айтарлықтай кең шамада өзгеріп отырады. Өкпе
вентиляциясының оқушылардың бойымен және салмағымен байланысы әсіресе айқын
көрінеді. Баланың бойы мен салмағы неғұрлым көбірек болса, әдетте
вентиляция да соғұрлым көбірек болады. 3-4 сынып оқушыларының тыныс алу
аппараты азырақ өнімділікпен қызмет атқарады. Вентиляцияланатын ауа
көлемінің бірлігіне олардың организмі ересек жастағы балаларға қарағанда
оттегін азырақ сіңіреді [17; 6].
Төменгі мектеп жасында, ересектерге қарағанда, өкпе ұлпасының
созылғыштығы азырақ болады. Осыған сәйкес, тыныс алу бұлшық еттерінің
жұмысы оқушыларда салыстырмалы түрде азырақ тиімді жағдайларда жүреді.
Осыған сәйкес тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысы оқушыларда салыстырмалы
түрде қолайсыздау жағдайларда жүреді. Осыған сәйкес, тыныс алу бұлшық
еттерінің жұмысы оқушыларда салыстырмалы түрде пайдасыздау жағдайларда
жүреді. Өкпені вентиляциялайтын ауаның әрбір литріне энергияның шығындалуы
ересектеу жас өкілдеріне қарағанда, балаларда көбірек болып келеді [4; 8].
9-10 жаста тыныс алуды реттеу ересектерге қарағанда өзгеше альвеола
ауасының құрамында өтеді. Баланың тыныс алу орталығы өкпе вентиляциясының
жоғары деңгейін және оттегінің альвеолаларда көбірек шоғырлануын қамтамасыз
етеді Балалардың ересектер секілді тыныс алуды соншама ұзақ кідірте
алмайтындығы анықталған. Тыныс алуды кідірту 3-4 сынып оқушыларында қанның
оттегімен қанығу пайызы шамалы ғана төмендеген кезде, көбіне көп
ересектердегі 80-85% - дың орнына 90-92% - ға дейін төмендеген кезде
үзіледі. Алайда, зерттеулер балалардағы тыныс алу орталығының қозушылығы
ересектердің тыныс алу орталығының қозушылығынан аса қатты ерекшелене
қоймайтындығын көрсетіп отыр. Тыныс алуды кідірткен кезде диафрагманың
еріксіз қысқаруы ересектерде де туындайды. Тұйық кеңістікте тыныс алған
кезде балалар, тыныс алуды кідірткенге қарағанда, қанның оттегімен
қанығуының көбірек төмендеуіне төзеді.
Осылайша, жас ерекшелікері әдетте тыныс алу қимылдарын ерікті түрде
басудың бірдей емес қабілеттілігінен көрініс табады. Осындай қабілеттілік
кіші жастағы мектеп оқушыларында ересектерге қарағанда айтарлықтай аз болып
шығады [15].
Бұл мәліметтерді тыныс алу мен қан айналымы аппараттарына жоғары
талаптар қоятын физикалық күш салуларды мөлшерлеген кезде ескеру қажет [16;
2].
9-10 жаста жүйке жүйесінің морфологиялық дамуы толығымен дерлік
аяқталады, алайда функциялық көрсеткіштердің қалыптасуы әлі де болса
аяқтала қоймайды. Қозу процестері ішкі сақтандырғыш тежеу процестерінен
басым болады, бұл жүйке жүйесінің қозғалғыштығының төмендеуіне және қажып,
болдырудың пайда болуына әсерін тигізеді [8, 19].
Т.Ю. Круцевичтің пікірінше [9], оларды игеру барысында барлық қимылдарды
орындауға бала организмінің барлық дерлік афферентті жүйелері қатысады, бұл
ретте қозғалу анализаторы бас миы қыртысының барлық анализаторларының
кешеніндегі негізгі біріктіруші буын болып табылады.
Демек, жүрек-қан тамыры мен тыныс алу жүйелері жеткілікті дамуына
жетіп, оттегін максималды тұтынудың мәні арта түсетін осы жылдары
төзімділікті дамытқан пайдалы әрі тиімді болып келеді [6].
Балалардағы негізгі алғышарттар болып функциялардың көпшілігінің
резервтік мүмкіндіктерінің кеңеюі табылады. Қаңқа бұлшық еттерінің негізгі
массасы оларда 1 типтегі талшықтардан тұрады (аэробтық энергетиканың басым
болуымен сипатталады) [17]. Оның үстіне бұлшық еттердегі тотығу процестері
үшін жауап беретін ферменттердің шоғырлануы мен белсенділігі өте жоғары,
сондықтан да осы жаста жалпы төзімділікті дамытқан бәрінен де тиімді [3;
6].
Ғылыми әдебиетті талдау осыларды, біздің пікірімізше, дене шынықтыру
сабақтарында алуан түрлі тәсілдер мен әдістерді жоспарлаған және
пайдаланған кезде ескеруіміз тиіс, бастауыш сынып оқушыларының организмінің
маңызды морфологиялық-функционалдық сипаттамаларын анықтауымызға мүмкіндік
берді.
Балалық шақ кезеңіне тән ерекшелік болып ең алдымен ұлпа ақуыздарының
қарқынды синтезделуімен байланысты болып келетін, қарқынды жүретін
морфогенез процестері табылады. Ақуыздарды синтездеу олардың ыдырауынан
басым болады. Осыған орай балаларда ақуызға деген қажеттілік оған деген
ересек адамдардағы қажеттіліктен бірнеше есе артып түседі. Бұл синтез
бірінші кезекте энергияның ағып келуін талап етеді және энергияға бай
фосфор қосылыстарының шығындалуымен байланысты. Осыдан барып балалардағы
энергетика алмасуының қарқындылығы ересектерге қарағанда жоғарырақ келеді.
Тотығу процестерінің өрбу қарқындылығының артуының себебі болып
негізгі алмасу жағдайларында салмақтың 1 кг-на жылудың бір сағатта
бөлінуінің және тұтынылатын оттегі мөлшерінің артуы табылады. Негізгі
алмасудың мөлшері ересек адамдарға қарағанда, балаларда жоғарырақ. Жас
неғұрлым кіші болған сайын, осы көрсеткіш те соғұрлым жоғарырақ келеді [5].
Ю.С. Ванюшиннің пікірінше [3], негізгі алмасу жағдайларында
ересектерге қарағанда көбірек болатын оттегін сіңіру қарқындылығымен қатар,
оттегін максималды сіңіру мүмкіндіктері балаларда бұлшық ет қызметі кезінде
ересектерге қарағанда азырақ. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер оларға
қол жетерліктей оттегін максималды тұтынуды ұзақ уақыт бойы ұстап тұра
алмайды. Балалардағы оттегін максималды тұтынудың азырақ шамасы ішінара
алғанда сыртқы тыныс алу функциясына, организмнің оттектік сыйымдылығына
және жүрек-қан тамыры жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Балалар мен жасөспірімдер организмнің оттегіне деген қажеттіліктерін сыртқы
тыныс алу ағзаларының қауырттырақ жұмыс істеуімен, жүректің қызу жұмысымен
қамтамасыз ете алады [18; 10].
Бұл ретте бала организмінің маңызды ерекшелігі төменірек арттериялық
қысым, жүрек қызметінің азырақ жетілген жүйкелік реттелуі болып табылады.
Сондықтан да, бірдей орындалатын жұмыс балалар мен жасөспірімдерде, ересек
жастағы оқушыларға қарағанда, жүрек-қан тамыры жүйесінің анағұрлым көбірек
жұмыс істеуін талап етеді [9; 15]. Ересек адамның организміне қарағанда,
жұмыс қарқындылығының кез келген артуы бала организміне анағұрлым
қымбатырақ түседі.
Міне, сондықтан да бұлшық ет жұмыс істеген кезде балалардағы жүрек
қызметінің күшеюі негізінен алғанда жүрек қысқару жиілігінің артуы есебінен
жүреді. Тамыр соғуы ересек адамның шамаларына жетеді, ал артериялық қысым
болса шамалы ғана өзгереді [8; 16].
Бұлшық ет тыныштығы жағдайындағы спирометриялық мәліметтердің
балаларды балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің төзімділікті
дамытатын спорт түрлері бойынша бөлімдеріне спорттық іріктеген кезде
белгілі бір шамаға ие болуы мүмкін екендігі практикалық тұрғыдан алғанда
маңызды болып келеді [7; 14].
Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес, организмнің аэробтық
өнімділігін ең көп дәрежеде оттегін максималды тұтыну мөлшері анықтайды [6;
8]. Аэробтық өнімділік тыныс алу мен қан айналысы жүйелерінің функционалдық
қабілетіне байланысты. Сондықтан оттегінің максималды тұтынылуын анықтау –
организмнің осы бір аса маңызды функцияларының даму диапазонын анықтаудың
сенімді әдісі.
Оттегін максималды тұтынудың деңгейі көбірек шамада дене салмағына,
әсіресе оның белсенді массасына байланысты келетіні белгілі [14; 11].
Оттектік тамыр соғуының шамасын анықтауға зор маңыз беріледі. Өзімізге
белгілі болып отырғанындай, оның шамасы бойынша жүректің әрбір қысқаруына
оттегінің қанша миллиметрі келетіндігін (сіңірілетіндігін және
тасымалданатындығын) біліп отырады. Оттектік тамыр соғуын анықтау жүрек
жұмысының үнемділігі туралы жанама түрде топшылауға, тұжырым жасауға
мүмкіндік береді және субмаксимальды қарқындылықтағы күш түсірулер кезінде
әсіресе құнды ақпарат бере алады. Жас өсе келе оттектік импульстің шамасы
айтарлықтай арта түседі [7; 19].
Төзімділікті талап ететін күш түсіру барысында ішке енгізілетін ауадан
оттегін пайдалану пайызының төмендеуі шұғылданушылардың жасы неғұрлым
азырақ болған сайын соғұрлым жиірек және ертерек жүретіндігі қызғылықты
жәйт [17].
Осылайша, саты түрінде арта түсетін күш түсулер кезіндегі тыныс алу
аппаратының функционалдық мүмкіндіктері туралы мәселе шешіліп жатқан кезде,
өкпе вентиляциясы мен оттегін тұтыну шамаларын, мөлшерлерін бір бірінен
оқшаулай қарастыру мақсатқа лайықты емес [7].
Төзімділік көрсеткіштерінің бірі болып қуаттылығы айтарлықтай жоғары,
ұзаққа созылған жұмысты орындағаннан кейінгі оттектік борыш (кислородный
долг) шамасы қызмет етеді [3; 2]. Қуаты арта түсетін велоэргометриялық күш
түсірудің көмегімен төзімділікке сынау оттектік борыштың абсолюттік шамасы
жас өсе келе арта түсетінін көрсетіп отыр [18]. Мұны оттектік борыштың
жалпы оттек сұранысының өсуімен және жұмыстың өзінің барысында оттегін
тұтынумен қатарлас өсетіндігімен байланыстыруымызға болады. Бұл ретте
оттектік борыштың үлкен шамасы оттегі жетіспеушілігіне қатысты көбірек
төзімділік, организмнің жоғарырақ анаэробтық жұмысқа қабілеттілігі туралы
куәландыруы мүмкін [7,12].
Осылайша, көптеген ғалымдардың [14; 16] төзімділік – бұл бұлшық еттің
іс-әрекет жасауы барысында физикалық қажып, болдыруға қарама қарсы тұру
қабілеттілігі деген пікірлері үйлесіп отыр. Қандай да бір әрекетті
орындауға орай жұмысқа қабілеттілік деңгейінің төмендеуінен көрініс табатын
қажып, болдырудың организмнің жұмысқа деген қалыпты реакциясы болып
табылатындығын атай кетуіміз қажет [6; 17]. Төзімділіктің физиологиялық
негізі болып осылардың есебінен бұлшық ет іші ресурстары тезірек қалпына
келетін және жұмыстың өзінің барысында организмнің ішкі ортасындағы
қолайсыз өзгерістер өтелетін аэробтық қабілеттер табылады [2; 8]. Кейбір
ғалымдар [7; 14] төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділіктің көрініс
табуының келесідей негізгі құрамдас элементтерін бөліп көрсетеді:
белгіленген тиімділіктегі әрекетті энергиямен қамтамасыз ету тиімділігі,
үйлестіру қабілеттері, ерік-жігер қабілеттері, сүт қышқылының шамадан тыс
жинақталуына тұрақтылық. Жоғарыда айтылғанның бәрі дене жаттығуларымен
мақсатты бағыттай шұғылданудың организмнің орталық және перифериялық
жүйелерінің қызметін жетілдіретіндігін, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің
энергиямен қамтамасыз етілуінің тиімділігін арттыратындығын, мұның өзі
төзімділіктің дамуына жәрдем ететіндігін көрсетіп отыр.

Төменгі сыныптарда төзімділікті дамыту жөніндегі жұмысты бастай
отырып, алуан түрлі физиологиялық бағыттағы күш түсірулерді ұтымсыз түрде
үйлестіру осы дене қасиетінің көрсеткіштерінің жақсаруына емес, керісінше,
нашарлап кетуіне алып келуі мүмкін болатындықтан, дене шынықтыру сабақтарын
құрудың белгілі бір логикасын ұстану қажет.
Төзімділікті дамытқан кезде ең алдымен зейінді жүрек-қан тамыры және
тыныс алу жүйелерінің функцияларын жетілдіре, тірек-қимыл аппаратын күшейте
отырып, аэробтық мүмкіндіктерді дамытуға шоғырландыру қажет[7; 2; 6]. Бұл
міндет әдістемелік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz