Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Бекланова А.

Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В060800 - Экология

Алматы 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекланова А.

Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Беттер саны ______________

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны ______________

Қосымшалар _____________

2013 ж. __________________________қорғауғ а жіберілді

Топырақтану, агрохимия және
экология кафедрасының меңгерушісі
аш.ғ.к., доцент _______________________________Рама занова
Р.Х.

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы _______________________________ Байшалов
Н.Б.

Арнайы тараулар кеңесшілері:

______Еңбек қорғау ________________ Есіркепов
У.Ш.__

Норма бақылаушы ________________ Ошақбаева Ж.О.

______Рецензент__ __________________ Мұсаев Қ.Л.

АЛМАТЫ 2013

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ 8
1.1Алматы қаласының географиялық орны 8
1.2Алматы қаласының су көздері, оның таралуы 9
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ 11
2.1Алматы өзендерінің ластануы 11
2.2 Алматының қалдық сулар проблемасы 17
2.3 Су ресурстарының экологиялық жағдайы мен ауыз 20
су проблемалары
3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЛАСТАНҒАН СУЛАРЫН ТАЗАРТУ 27
ЖОЛДАРЫ
3.1 Ластанған суларды тазалау әдістері және оларды қорғау шаралары 27
3.2Қалдық суларды биологиялық тазарту шаралары және суды 33
үнемдеу
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

КІРІСПЕ

Ғылыми техникалық прогресс заманында қоғамның табиғатқа белсенді
әсер етуі қоршаған ортаның өзгеруіне әкелді. Нәтижесінде адамзат қоғамының
өмірі жақсарып, керісінше қоршаған ортада келеңсіз құбылыстар пайда бола
бастады.Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат – ауа, су, топырақ, бәрі
де белгілі бір дәрежеде ластанған. Адамның бүкіл өмірі – бұл оның
табиғатпен және қоғаммен қатынасы, өзара әрекеттесуі.Адам табиғаттан тыс
өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды
бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар, жел т.б.) өзінің қажетін,
түрлі мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланады. Адам айналадағы ортаны өзгерте
отырып, өзі де өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.Адам баласы өзінің қолы
тиген табиғи ортада өмір сүріп, еңбек етеді. Бұл, айталық егістік жер,
қолдан жасалған бақ пен саябақтар, өздерінің ерекше жылу режимі,
микроклиматы, сумен жабдықталу жүйесі бар үлкен қалалар, түрлі қалдықтарды
қоса шығарып жатқан өнеркәсіп орындары және т.б. Бүгінгі урбандалу
үрдісінің ғаламдық сипат алып отырған кезеңінде, адам баласы мен қоршаған
ортадағы барлық тірі организмдер мен тіршілік иелерінің қалыпты
функционалдық қызметінде судың алатын орнын және маңыздылығын ешқандай тіл
байлығымен жеткізе алу мүмкін болмайды. Өкінішке орай гидросферадағы аса
көлемді су қорының басым бөлігі (гидросфера көлемі литосферадан 2 ,2 есе
үлкен) адамның тұтынуына жарамайтын су көздері болып табылады. Ал , адамға
аса қажетті саналатын таза, сапалы тұщы сулардың басым бөлігі, адам сирек
қоныстанатын Арктика, Антарктиданың құрлықтық мұздықтары мен биік таулық
өлкелердегі мұздықтардың қойнауында жатыр. Осы жағдай, бүгінгі күні тұщы су
проблемасын Адамзат баласы алдына , Ғаламдық проблема ретінде қойып отыр,
болжамдар бойынша жақын онжылдықтар арасында ,әлем халқының үлкен бөлігі
тұщы су проблемасын басынан өткізуі мүмкін. Экология мәселелері адамнан –
ойлаудың жаңаша түріне көшуді талап етіп отыр, әрбір адам машинаны өзенде
жуу, орман – тоғайда қоқыс, консерві қалбырлары мен бөтелкелерді тастап
кетуді– табиғат алдындағы қылмыс ретінде ұғынуы керек. Табиғат әкімшілік,
мемлекеттік шекара дегенді мойындамайды, себебі климаттың, өзен, көлдердегі
судың сапалық өзгерістері бүгінгі күні әлемдік масштабтағы проблемаларды
тудырып отыр. 2 миллионнан астам халқы бар, оңтүстік астанамыз, өндірістік
орталық, ең әдемі қалалардың бірі ретінде өзінен өте көп мөлшерде су
өткізеді. Бұл сулар өнеркәсіптерде, ұжымдар мен мекемелерде, үйлер мен
пәтерлерде пайдаланылып, құрамында әртүрлі элементтер, химикаттар,
металлдар, мұнай өнімдері, жуғыш заттар бар қалдық су ретінде қаладан
шығарылады. Ағынды сулардың көлемі жыл мезгілдеріне, тәулік бойына,
климаттық ерекшеліктерге байланысты үнемі өзгеріп отырады, оның мөлшері 3-
8 м3с. Алматы қаласының тазалау құрылғыларына келіп түсетін осы қалдық
сулардың жылдық мөлшері қала өскен сайын артып отыр. 1991 жылдан бастап
қалдық сулардың көлемі азая бастаған дегенмен, соңғы 2 жылда оның мөлшері
тәулігіне 380 мың. м3 құрап отыр. Сәйкесінше, ластаушы заттардың
концентрациясы да артып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
ұзақ мерзімдік Қазақстан -2030 стратегиясының Экология және табиғат
ресурстары - 2030 бөлімінде қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін қажетті
шешімдер қабылданған. Ол қоршаған ортаны қорғау, жерді тиімді пайдалану,
оның байлықтарын, су көздерін, өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау үшін
ғылыми негізделген жобалар мен ұсыныстар енгізу және оларды белсенді түрде
қолданысқа енгізе отырып, оларды қолданудың технологиясын барынша жетілдіру
болып табылады. Тек осындай қарқынды үрдістерді өз деңгейінде, ұтымды
жолдармен шешу арқылы ғана, бүгінгі күні жахандық деңгейдегі проблемаларға
айналып отырған экологиялық проблемалардың күрделі түйінді мәселелерін
жемісті түрде шешуге мүмкіндіктер туындайтыны нақтылы факт болмақ.
Қазақстан-2030 даму стратегиясының Экологиялық қауіпсіздік бөлімінде
қоршаған орта мен қоғам арасында үйлесімділікке жетуі, және Қазақстан
Республикасының табиғат қорғау қызметінің негізгі приоритеті болып
табылатын экологиялық қолайлы тіршілік ортасын дамыту жолдары
қарастырылған. Қоршаған орта сапасын жақсарту үшін республикада Қазақстан
Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясы, Қазақстан
Республикасының экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының тұрақты
даму стратегиясы және басқа да табиғи ресурстарды қорғау және тиімді
пайдалану бойынша мөлшерлік – әдістемелік және құқықтық құжаттар
қабылданды. Өндіргіш күштер дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау,
тиімді пайдалану және оны ластамау қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттырудың ең маңызды факторларының бірі болып отыр.Су пайдаланудың
нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін арттыруға әкеледі.Шаруашылық әрекеттерінің су ресурстарына
әсері артқан сайын суға байланысты технологияларға көзқарас , оларды
бағалау өзгеріп отырады.Суды пайдалану қарқыны артумен байланысты, олардың
сапалық өзгерістері зерттеліп, жер беті және жер үсті суларын ластамау
шаралары жетілдіріле түседі. Осындай су қорларын тиімді пайдалану үшін су
шаруашылық кешендерін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет.Бұл шаралардың
барлығы суды сарқылтпай, сапасын нашарлатпай пайдалануға жеткізетін қалыпты
деңгейдегі су жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Су пайдаланудың нормалық
жағдайын қалыптастыру, қоғамдық өндірістің әлеуметттік-экономикалық
тиімділігін арттыруға қол жеткізеді.Су пайдаланушылардың осындай қалыпты
жағдайын біртіндеп қалыптастыру үшін , мүмкіндіктер ескеріліп, экономикалық
механизмдері іске қосылуы керек. Шаруашылық іс-әрекеттерінің су
ресурстарына әсері артқан сайын, суға байланысты технологияларға деген
көзқарас, оларды бағалау өзгеріп отырады.Бұл тұрғыдан ең озық
технологияларға суды аз қолданатын, су көздерін ластамайтын технологиялар
жатады. Осы орайда адамзат баласының күнделікті өмірлік талаптарын
қанағаттандыру үрдісінде пайда болған биология мен ауылшаруашылығы
ғылымдарының жаңа саласы – биотехнология ғылымы пайда болды.Ол әртүрлі
микробиологиялық синтезді, генетикалық және клеткалық инженерияны,
ферменттер инженериясын қолдану арқылы өсімдіктердің, жан – жануарлардың
организміне ықпал ететін және жасанды қосылыстарды өндірістік реакторларды
алу үшін көп бағытта жүргізілетін ғылыми – техникалық прогрестің кешенді
саласы.Сондықтан еліміздің ең үлкен қаласы Алматының су ресурстарының
(өзендері, көлдері, тоғандары т.б) қазіргі экологиялық жағдайын айта келе,
оларды тазалау тиімділігі, оның қайтадан шаруашылыққа пайдаланылуы туралы
пікірлерді жинақтап- зерттеп, жұмысымда көрсетуді міндет етіп
қойдым.Зерттеу проблемасының көкейкестілігі, теориялық және практиқалық
тұрғыдан маңыздылығы Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың
тиімділігі атты зерттеу тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Ғылыми жаңалығы:

1.Алматы қаласының негізгі су көздері және олардың таралу ерекшелігі

анықталды;

2.Өзендердің негізгі ластаушы көздері анықталып, қорғау шаралары
сипатталды:

3.Қалдық сулардың құрамы, оларды тазарту жолдары және тиімділігі

анықталды;

4.Алматы қаласы суларын қорғау шаралары туралы ұсыныстар берілді;

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңызы: Зерттеу нәтижелерін экология
мамандығында оқып жүрген студенттерге және оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне
Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық жағдайын түсіндіру
барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады. Бүгінгі күні
Қазақстан республикасының оңтүстік астанасы саналатын, республика
деңгейінде ең көлемді агломерация болып табылатын Алматы қаласында 2 млн.
астам тұрғындар тіркелген деп есептеледі. Осындай тығыздық жағдайында
халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығы өте ерекше сезіледі,
себебі басқаша жағдайда, қала көлемінде , ауыз сумен таралатын жұқпалы
аурулардың алдын-алу аса үлкен материалдық шығын алып келетіндігі
түсінікті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Еліміздің аса маңызды стратегиялық
нысанды, ең үлкен агломерациясы болып табылатын 2 миллиондық Алматы
қаласының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылатын- су көздерінің
ластаушы көздерінің сипатын анықтап, осы аса маңызды ресурс түрінің
қалыптасу көздерінің мүмкіндікті потенциалын айқындау және қалдық суларды
тазартудың жаңа биологиялық жолдарының тиімділігін негіздеп, қолданысқа
кеңінен ендіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Зерттеуден алынған нәтижелер еліміздегі шағын өзендердің қазіргі
жағдайына көпшіліктің назарын аудару, оларды пайдалануда табиғат
ерекшеліктерін ескеру болып табылады және мектепте, оқу орындарында қосымша
құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.Дипломдық жұмыс ғылыми әдебиеттеріне
теориялық шолу: дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті газеттердің
материалдары, ғылыми тұжырымдар, ҚР Атласының материалдары енгізілді.
Жұмыста Қазақстан Ғылым Академиясы Республикалық ғылыми – педагогикалық
кітапхананың, ұлттық кітапхананың кітап қорлары және ақпараттық
технологиялар пайдаланылды.

1. Алматы қаласының табиғат жағдайына шолу
1.1. Алматы қаласының географиялық орны
Алматы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында, дала және биік
таулы аудандардың шекарасындағы Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Қаланың үлкен бөлігінің ауданы таулы жотаның төменгі зонасында орналасқан.
Тау сілемдері қалаға шығыс жағынан тікелей жалғасады. Қаланың оңтүстік
шығыс бөлік жағына тау жотасындағы тау жотасынан үлкен Алматы шатқалы
басталады.Алматы – Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар
қала. Қазақстанның оңтүстік – шығысында, Іле Алатауының солтүстік
баурайында орналасқан. Аумағы 190 км2, 2 млн. астам адам мекен ететін қала
аумағы 6 әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы
қалалық әкімшілігі болып табылады. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын
Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай т.б. өзендер атырабында
орналасқан. Қаланың өткен тарихында бірнеше рет апатты жер сілкінулері
болып, көптеген материалдық шығындармен бірге көптеген адам құрбандығы
болған(28.05.1887 ж; 22.12.1910 ж). Сондай–ақ лайлы тасқындар мен сел
қатері Алматы үшін үйреншікті жағдайға айналды. Қала және қала
төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа
температурасы 90С, ең жоғарғы температурасы 43,40С, ең төменгісі -380С.
Алматыда қаңтар айының орташа температурасы -7,80С, шілде айынікі 23,30С.
Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 575мм, таулық бөлігінде 1000мм – ге
жетеді. Қала арқылы үлкен Алматы мен кіші Алматы және олардың салалары –
Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Алматының топырағы мен
өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемелерде әр түрлі. Ең төменгі белдем
қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900 – 1300м биіктіктегі қарашіріндісі
орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің қара топырағын
ылғалды – шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде алманың
бірнеше түрі, оның ішінде дүние – жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие,
қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен
құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі кездеседі. Алматының
құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылы жоспар
бойынша Алматы батыс және оңтүстік–батыс бағытқа кеңейіп, оңтүстік шекара
Басарық, ал батыста Қастек көшесіне жетті.[4] қосу керек
1.2. Алматы қаласының су көздері, оның таралуы

Алматы қаласында 22 өзен және 4 жасанды арналы су қоймалары орналасқан.
Өзендердің арналарының жалпы ұзындығы 220,8 км, су қоры айналарының жалпы
ауданы -1116 га.
Қаланы сумен қамтамасыз ету көздері- бұл Үлкен және Кіші Алматы
көлдері, жер асты су көздері - Алматы, Талғар, Кіші Алматы су көздері және
Каменское плато үлескісі.Қала аумағында айналымдық сумен жабдықтау
құралдары бар 118сумен жабдықтау кәсіпорындары орналасқан.
Іле Алатау маңында бірқатар көркем көлдер бар. Солардың бірі –
Үлкен Алматы көлі. Іле Алатауының орта бөлігінде, 2511м биіктікте жатыр,
оның тереңдігі 35 м, ұзындығы 1 шақырым шамасында, ені 500 м дейін жетеді.
Жазда судың температурасы 10 - 12 градусты құрайды. Өзен жағасының
айналасындағы көз тартатын тау шыңдары ашылады. Өзеннің ар жағында Совет
және Озерная шыңдары мен Үлкен Алматы шыңы орналасқан.

Сурет . Үлкен Алматы көлі

Қала маңында Іле Алатауының негізгі тізбегінен солтүстікке қарай
Озерная және Теріскей Талғар өзендерінің бассейндерін бөлетін ауқымды Кіші
Алматы сілемі созылып жатыр. Бірнеше шақырымнан кейін, Туристер асуынан
солтүстікке қарай, ол екіге – шығыс және батыс тармақтарға бөлініп кетеді,
осылайша Тұйықсу атындағы Алматы мұздықтарының ұланғайыр алабы құралады.
Кіші Алматы өзені осы жерден бастау алады. Құмбел жотасы деген атпен
белгілі Кіші Алматы сілемінің батыс бөлігі Үлкен және Кіші Алматы өзендерін
бөліп жатыр. Құмбел жотасы әлсіз бөлшектелген және мұздықтарға аса бай
емес. Жота шыңынан (3210 метр) Терісбұрақ деген жалпы атауға ие бірнеше
бүйір жоталар таралып кетеді. Құмбелдің қарсыз шыңы қаланың кез келген
нүктесінен жақсы көрінеді.Есентай – Іле алабындағы өзен, Кіші Алматы
өзенінің сол жақ саласы. Бастауын Іле Алатауының солтүстік баурайынан алып
Алматы арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 43 км. Жылдық орташа су ағымы 0,06
м3с. Жалпы ұзындығы 19 км болатын 8 саласы бар. Өзен бойында 7 тоған
салынған. Мамыр – маусым айларында суы тасиды да өзен сулары қар, жауын-
шашын суларымен толығады. Қала ішіндегі жағалауы бетонмен қапталған. Алматы
қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін көздердің бірі саналады.

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ

2.1. Алматы өзендерінің ластануы

Алматының жерасты сулары Үлкен және Кiшi Алматы өзендерiнiң
ысырандылық конусында орын тепкен. Бактериологиялық сараптамаларға сенсек,
Алматы қаласының солтүстiк бөлiгiнде, терең жерасты емес суларының
құрамында органикалық ластанулар байқалған. Олар қолдан қазылған шұңқырлар
мен әртүрi жағдайда жиналған лас қалдықтарға байланысты болып отыр. Демек,
бiз Алматы қаласы маңындағы жерасты суларын ластаушы заттардан қорғай алмай
отырмыз.
Әрине, өндiрiстiк, тұрмыстық және ауыл шаруашылығымен байланысты зиянды
қалдықтармен ластанған топырақ қабаты жерасты суларына да әсер етпей
қоймайды. Мысалы, Алматы маңында қоршаған ортаны ластаушы негiзгi көздер —
жеңiл өнеркәсiп, автотранспорт, нан өнiмдерiн шығаратын зауыттар,
энергетика, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар және т.б. Аталған
мекемелердiң көбiсiнде әртүрлi дәрежедегi тазалағыш құрылғылары болғанымен,
осы мекемелердің өзі мүмкіндікті ластағыш қатарларына жатады.
Қарапайым мысал, Алматыда аттаған сайын кездесетiн көлiк жуу орындары
көп. Қаламызда тәулiгiне қанша көлiк жуылатынын ескерсек, жер астына
қаншама зиянды қоспалардың кететiнiн есептей беріңіз. Алматы жер
сiлкiнiсiне қауiптi аймақ болғаннан кейiн құрылыс салу үшін оның іргетасын
тереңдетіп қазу керек болады. Осы терең қазылған шұңқырлар — жерасты
суларының бұзылуына тiкелей әкеп соғатын факторлар.
Лас сулар елді мекендердің , өнеркәсіп кәсіпорындарының, өңдеуші
және ауылшаруашылық кәсіпорындардың пайдаланылған суларын суларды жіберу
нәтижесінде пайда болады. Тұрмыстық лас сулардың құрамында 60%-ға дейін
органикалық заттар және беткейлі-белсенді бактериялар мен гельминт
жұмыртқаларының мөлшері әдетте жоғары болып келеді. Ең көп таралған
ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай,
минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс
қалдықтары жатады. Табиғи су көздері кейбір өндіріс орындарынан шығатын
судың құрамындағы синтетикалық беткейлі-белсенді заттармен (ББЗ) ластануы
мүмкін.Мұндай судың физикалық қасиеті өзгеріп, биохимиялық белсендігі
нашарлайды жіне оның көбіктенуі артады. Азғантай ғана ББЗ мөлшері
жиналғанның өзінде балдырлар, планктондар және т.б. су өсімдіктерінің өсуі,
судағы еріген оттегінің мөлшерінің азаюына байланысты тоқырап қалады.
синтетикалық өнiмдер. Бiрақ, қала аумағында мұнай өндіріс орны,
металлургия, дәрi-дәрмек шығаратын зиянды өндiрiс орындары болмағанның
өзінде де
Алматы суының ластануы жоғары дәрежеде болып отыр.
Кесте 1. Өндіріс орындарының лас суларды жіберу үлесі

№ Кәсіпорындар типтері Лас суларды жіберу
үлесі, %
1. Қара металлургия саласының 17,5
кәсіпорындары
2. Химия өнеркәсібі саласының 14,0
кәсіпорындары
3. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласының 14,0
кәсіпорындары
4. Машина жасау өнеркәсібі саласының 13,0
кәсіпорындары
5. Мұнай өңдеу өнеркәсібі саласының 9,5
кәсіпорындары
6. Тағам-ет және сүт өнеркәсібі саласының 9,5
кәсіпорындары
7. Түсті металлургия өнеркәсібі саласының 7,5
кәсіпорындары
8. Жеңіл өнеркәсіп саласының 3,0
кәсіпорындары
9. Басқа да өнеркәсіп саласының 12,0
кәсіпорындары

Лас сулардың құрамындағы бөгде заттардан арылуды механикалық
тазалау жолдарымен жүргізетін болса, ал осындағы органикалық заттардан
арылуды биологиялық тазалау әдісімен жүргізеді. Лас суларды механикалық
тазалау арнайы құм ұстағыштар арқылы және сүзгінің көмегімен іске
асырылады. Суда қалқып жүрген ірі заттар арнайы сүзгіде ұсталып қалады. Құм
ұстағыштар – бұл орташа көлемді көлбеу тұндырғыштар болып табылады, осылар
арқылы су үлкен жылдамдықпен (30-60 мсек) ағып өтеді. Осының нәтижесінде,
құм ұстағыштың түбіне тек ауыр минералды бөлшектер тұнып үлгереді, мысалы
құм, уақ тастар және т.б.
Лас суларды биологиялық тазарту арнайы құрылысты
биототықтырғыштарда жүзеге асырылады, осы тазартулар барысы биохимиялық
үрдістер түрінде өтеді, яғни органикалық заттардың минералдануы орын
алады.Биототықтырушы ретінде өте жиілендірілген биологиялық сүзгі (фильтр)
қолданылады, Мұндай тазалау түрі ,әдетте шағын көлемді стансаларда жүзеге
асырылады. Биологиялық сүзгі- бұл түбінде көптеген тесігі бар дренаж құбыр
орналасқан, қалыңдығы екі метрлік шлак, ұсақ тастар немесе басқа да ірі
түйіршікті материалдардан тұратын қабатты резервуар болып табылады.
Ластанған сулар осы тұндырғышта мөлдірленеді және де ластанған судағы
еріген заттар, осында пайда болған биологиялық пленкаға сіңіріледі де , осы
жерде микроорганизмдердің әсерімен минералданады.Биологиялық сүзгіден су
екінші реттік тұндырғышқа жіберіледі. Ластанған сулар осындай өңдеулерден
кейін тап-таза қалпына келіп, жағымсыз иісінен айырылады.
Тұндырғыштардың екі түрін қолданады: біріншісі жаңа таза шөгінді, ал
екіншісі шіріген шөгіндіні тұндыру. Үлкен тазалау стансаларында лас
сулардың жаңа шөгіндісін арнайы қондырғы- метатенкте залалсыздандырады. Ал
орташа және кіші стансаларда тұндырғыштың екінші түрін жиі қолданады. Бұған
септиктенк және екі ярусты тұндырғыштар жатады. Ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдеу барысында пайда болатын лас ағынды сулардың химиялық құрамы төмендегі
Кестеде беріліп отыр.

Кесте

Көрсеткіштер Сүт Ет Нан Консерві Балық
мгл зауыты комбинаты комбинаты зауыты өндірісі
Құрғақ 1090 1528 1708 893 19435
қалдық
БПК-5 490 468 189 170 518
Перманганатты 343 232 133 96 193
тотығу
Хлоридтер 136 392 907 62 8549
Сульфаттар 110 143 67 61 1148
Фосфаттар 510 4,3 1,22 0,64 4,79
Темір 1,8 4,7 1,7 2,5 0,6
Нитриттер 0,08 0,12 0,08 0,03 0,03
Натрий 359 48 32 155 2900
Калий 38 5,5 10 9 40

Үлкен және Кiшi Алматы өзен сулары әлi күнге шейiн тау бөктерiндегi су
тартқыштар арқылы Алматы қаласын сумен қамтамасыз етiп келедi. Бұл сулар
ауызсу талаптарына сәйкес. Бiрақ, өзендердiң сулары таулы аудандардан
шығысымен-ақ бiрден сапасын төмендетедi. Соңғы жылдары жеке құрылыстар
салудың нәтижесiнде өзен арналары топырақпен көмiлiп, олардың арнасы
табиғи бұзылуда. Күнделiктi пайдаланып жүрген ауыз суымызға жеке адамдар да
араласып, техногендiк апат туғызып отыр. 

Кесте 1. Өзендер ластануының көрсеткіштері

Су Су ластануының индексі ШЖК мөлшерін жоғарылатушы ластаушы
нысанының (СЛИ) – су сапасының заттардың құрамы,
атауы сипаттамасы 2010 жылға арналған
2009 жыл 2010 жыл Қоспалар Орташа ШЖК
шоғырлану көтерілуіні
мгл ң
еселігі
Кіші 1,68 (3 кл.) 1,47 (3 кл.)Мыс 0,0043 4,3
Алматы Орташа Орташа Фторидтер 0,92 1,2
өзені ластанған ластанған нитриттік 0,021 1,1
Азот
Есентай 1,58 (3 кл.) 1,56 (3 Мыс 0,0051 5,1
өзені Орташа кл.)
ластанған Орташа
ластанған
Үлкен 1,43 (3 1,53 (3 Мыс, 0,0049 4,9
Алматы кл.) кл.) темір 0,80 1,1
өзені Орташа Орташа
 ластанған ластанған

2010 жылғы есеп беру кезеңінде Кіші Алматы, Үлкен Алматы және Есентай
көлдерінің сулары сапасы жағынан орташа ластанған деп есептелінеді (3
класс, ИЗВ – 1,47-1,56). Барлық көлдерде мыстың мүмкіншілік мөлшері
қадағаланды, шамамен  4,3-5,1 ШЖК. Кіші Алматы көлінде 1 ШЖК-дан асатын
фторид және нитридтік азот мөлшерлері бақылауға алынды, Үлкен Алматы
көлінде  1,1 ШЖК темір мөлшері (Кіші Алматы көлінде ластану индексі-1,68,
Есентай- 1,58, Үлкен Алматы- 1,43).
Үлкен Алматы өзеніне жеке меншік үйлердің кәріз жүйесіндегі лас сулар
жіберілуде. Үлкен Алматы өзенінің арнасын бойлай қарап шығу нәтижесінде
экологиялық одақ төрағасы жеке меншік үйлерден кәріз жүйесінің ағызынды
суларының өзенге жіберілетінін хабарлады. Шаруашылық субъектілердің ағынды
суларының шығарылуы қала ішінде орталықтандырылған кәріз жүйесі арқылы іске
асырылады. Нөсерлі канализацияның жауынды және еріген сулары Байсат ЖШС
тазарту құрал-жабдықтары арқылы (2,2621 тонна) ЖШТ нормативтік
көрсеткіштері арқылы Есентай көліне құйылады.

Алматы қаласының аумағында жалпы алғанда 22 өзен, 4 су айдыны мен
қолдан жасалған 2 канал бар. Өзендердiң жалпы ұзындығы 220 шақырымды
құрайды. Су айдындарының жалпы аумағы 1116 гектар. Бұл қала жерiнiң жалпы
аумағының 4 % тең.Ең үлкен өзендерге: Үлкен Алматы – 29 шқ., Кiшi Алматы –
28 шқ. және Есентай – 25 шқ. жатады. Соңғы деректер бойынша Алматы
өзендерiнiң суын қорғау аймағына 1252 нысан орналасыпты. Олардың iшiнде
1090 – тұрғын үй, 3 – АЖБ, 11 – ТЖО, 27 – кафе, 20 – дүкен, 5 – жел үрлеу
бекеттерi, 45 – гараж, 26 – кәсiпорындар мен ұйымдар.

Осыдан келiп Алматы өзендерiнiң бактериологиялық ластану
көрсеткіші жоғары деңгейге жеткен. Мысалы, Үлкен Алматы мен Есентай
өзендерiнде мыс бойынша рұқсат етiлетiн шектi жоғары шоғырлану мөлшерi
(РШМ) – 3 есе, Кiшi Алматы өзенiнде мыс РШМ – 2,5 есе, фенол РШМ – 2 еседен
асып түсетiн дәрежеге жеткен. Алматы суларының сапасына жүргізілген
сараптама оның көптеген көрсеткіштер бойынша мәдени-тұрмыстық талаптарға
сай екендігін көрсетті, бірақ қала бойына ағып өтетін өзендерге қойылатын
гигиеналық талаптардан гөрі балық шаруашылығы талаптары өте қатаң.Кіші
өзендер Мойка, Қарасу, Сұлтан Қарасу, Жарбұлақ, Боралдай, Ақсай, Қарғалы
антисанитарлық жағдайда. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойы
түгелімен тұрмыстық және құрылыстық қалдықтармен толған, жағалау
ұстағыштар бүлінген.Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700
текше шақырым су жұмсалады, олардың ішінде 130-150 текше шақырымы
гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз және жерасты
суларына қосылады [20].

Қалдық суларды қанша тазалағанымен 10-20 пайыз шамасында
ластаушы заттар бөлінбей сақталады. Бір рет пайдаланылған қалдық суларды
тазалау үшін оларды 7-14 есе (кейбіреулерін 30 есе) көп таза, оттегі мол
сумен араластыру қажет. Өндірістік технологияның жаңаруына қарамай XX
ғасырдың аяғында қалдық сулар көлемі 6000 текше шақырымға жетті. Ал мұншама
қалдық суды таза сумен араластыру үшін барлық өзендердің бір жылдық ағыны
жетпейді.Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен, Алматы, кіші Алматы,
Есентай, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар
көп. Автобазарлардың, тері комбинатының, қаладан жоғары кәріз жүйесі жоқ
елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластап жатырҚала ішінде бұрыннан
бар арықтар бітеліп, оған уақтылы тазалау жұмыстары жүргізілмегеннен жауын-
шашын суына таудан аққан су қосылып, арықтардан асып, көшеге жайылуы соңғы
кездері қалыпты құбылысқа айналды. Беталды аққан сулар тас жолдарды
бүлдіріп, көшедегі көліктердің жүруіне де кедергі келтіруде. Ал аулалармен
аққан су тұрғындардың жер үйлерінің іргетастарын үгітіп, материалдық
шығындар келтіруде.

Биологиялық стансаларда ағынды ластанған сулардың мөлдірленген
бөліктері аэротенкте тазартылады. Аэротенктен оттегімен байытылған және лай
жентекпен араластырылған ағынды суды баяулатып өткізеді. Лай жентек
(белсенді тұнба) гетеротрофты микробтар мен омыртқасыз жануарлардың
(балдырлар, ашытқы саңырауқұлақтар, су саңырауқұлақтары т.б.) және қатты
субстрат жиынтығы болып табылады. Бактериялар бір-бірімен жабысып ірі
жентекке айналады да, ферменттер бөліп шығарады. Ферменттер ластағыш
органикалық заттарды минералды молекулаға дейін ыдыратады. Сөйтіп,
аэротенкте органикалық заттарды минералдық молекулаға дейін ыдыратады.

Осылайша, аэротенкте органикалық заттарды минералдық заттарға
айналдыру процесі жүреді.Айналасындағы көп мөлшердегі органикалық заттарды
пайдалану арқылы тез бөлініп, массасы арта түседі. Бірте-бірте лай
жентектер бактериялардың әсерінен тазартылып, судың түбіне шөгеді.осы
жолмен тазарып тұнған суды ауыз су ретінде пайдалануға болады, ал лай
жентектер қайтадан су тазалау процесіне жұмсалатын болады. Лас суды
биологиялық жолмен тазалау топырақтың көмегімен де жүзеге асады. Топырақ
арқылы тазалау әдістеріне суару алқабы және сүзгі алқабының көмегімен
тазалау жатқызылады. Суару алқабы- бұл арнайы бөлінген жер көлемі болып
табылады, бұл әдісте ластанған суды табиғи сүзгі топырақтың жеке
қабаттарынан сүзіп өткізеді. Егер, суды тазалауға арналған алқапта
ауылшаруашылықтық дақылдар егілмесе, онда мұндай алқапты сүзгі алқабы деп
атайды.

Рис 14

Ластанған суларды физика-химиялық жолмен тазарту осындағы ұсақ
дисперсті (0,1-10 мкм) және коллоидты (0,001-0,1 мкм) қоспаларды , сондай-
ақ қышқылдарды, негіздерді және кейбір иондарды тазарту үшін қолданады.Лас
суларды физика-химиялық тазарту барысында бейтараптандыру, коагуляция,
флокуляция, гиперфильтрация, ион алмасу тәсілдері
қолданылады.Бейтараптандыру тәсілі қышқыл мен сілті арасында жүретін
реакцияға негізделген. Көп жағдайда бейтараптандыруға қышқыл сарқындылар
жіберіледі.Бейтараптаушы заттар ретінде сода, аммиак, әктас, мрамор
ұнтақтары, сілтілі күл, күлдек және басқа да сілтілі реагенттер
қолданылады.Коагуляция және флокуляция өзара ұқсас тәсілдер болып табылады.
Сарқынды құрамындағы ластаушы заттардың минералдық қосылыстармен
әрекеттесуін –коагуляция, ал жоғары молекулалы заттармен әрекеттесуін
флокуляция деп атайды. Коагулянт ретінде негізінен алюминий және темір
тұздары қолданылады. Олар гидролиз нәтижесінде ерігіштігі төмен
гидрооксидтерге айналады. Бұл гидрооксидтер органикалық және бейорганикалық
заттармен қосылып, үлпершектер түзеді және оларды ластанған сулардан оңай
бөліп алуға болады. Флокуляция тәсілі көбінесе коагуляциямен қатар жүреді.
Флокулянттардың функционалдық топтары ластауыш заттар бетіне жабысып,
үлпершектер түзеді. Тиімді флокулянт ретінде белсендірілген кремний
қышқылы және органикалық полимерлер (крахмал, полиакриламид,
полиэтиленамин) қолданылады. Лас суларды терең тазарту үшін
гиперфильтрация немесе кері осмос тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл л (3-8
мпА)ластанған суды қысыммен жартылай өткізгіш мембрана арқылы өткізуге
негізделген. Мұндай сүзгі арқылы өткізілген ластанған заттардың
молекулалары немесе иондары сүзіліп қалып қояды.
Гиперфильтрацияның тиімділігі мембрананың әр ластауыш түріне байланысты
дұрыс таңдалуына және өткізгіштігіне байлансты болады. Бұл тәсіл арқылы
ластанған сулардың құрамындағы еріген төмен молекулалы заттарды (қанттар,
тұздар, қышқылдар) бөліп алуға болады. Лас суларды ион алмасу тәсілімен
тазарту үшін тазартатын сарқындыны ион алмасушы шайыр (ионит) арқылы
сүзеді.

Иониттердің күшті және әлсіз сілтілі аниониттері болады. Лас
сулар ионит арқылы өткенде құрамында катионы бар ластауыш заттар
катиониттермен әрекеттесіп, соның бетінде қалады және керісінше , құрамында
анионы бар ластауыш заттар алмасушы аниониттермен әрекеттеседі. Екінші рет
тұндырғаннан кейін ағынды су хлор немесе басқа препараттармен
залалсыздандырылады. Ластанған суларды залалсыздандырудың үш түрлі әдістері
белгілі. Олар физикалық, химиялық және биологиялық әдістер. Ластанған
суларды физикалық әдіспен залалсыздандыру термикалық өңдеу жолымен немесе
иондалған сәуленің әсерімен жүргізіледі. Термикалық тәсіл ірі мал
кешендеріндегі сарқынды суларды және сұйық көңді залалсыздандыру үшін
қолданылады.Мал кешендерінен шыққан сұйық көң және ластанған сулар садыра
жинағышқа түсіп, одан жылу алмастырғышқа жіберіледі де , мұнда 600 дейін
қыздырылады да резервуарға жіберіліп, 3, минут өткеннен соң -400 дейін
салқындатылады. Ионды сәулелендірілу- ластанған суларды залалсыздандырудың
бірден-бір тиімді жолы. Ол патогенді микроорганизмдермен , споралармен,
вирустармен гельминт жұмыртқаларымен және балаң құрттармен зақымданған лас
суларды заласыздандырады.Ластанған сулардың микроорганизмдермен ластану
дәрежесі жоғары болған сайын, соғұрлым сәулелену дозасы да жоғары болады.
Ионды сәулеленудің тиімділігі радиацияның тура және жанама әсеріне
байланысты.Радиацияның тура әсерінде микроб клеткасының биологиялық маңызды
компоненттерінің молекулалары иондалады. Ал жанама әсерінде су молекулалары
иондалады, нәтижесінде химиялық белсенді су тотығының бос радикалдары пайда
болады. Осылардың әсерінен микроорганизмдер жойылады.

Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі- химиялық тәсіл болып
табылады. Бұл әдістің кең тарағаны- хлорлау әдісі. Осы бастапқы элементтің
мөлшері микроорганизмдердің төзімділігіне, ластанған судың сипатына, оның
тазалану дәрежесіне, хлормен жанасу уақытына да байланысты. Ресми норма
бойынша биологиялық тазалаудан өткен ластанған суға қажетті хлордың
мөлшері- 70 мгл. Үлкен стансаларда (мысалы тәулігіне 10000 м3) ластанған
суларды залалсыздандырудың ең тиімдісі- биологиялық әдіс немесе метатенкте
ащыту әдісі болып табылады. Осы термофильді ащыту кезінде (600С) патогенді
микробтар жойылып, шөгінді толық тазарады.Ақаба сулардың жіберілуін
қадағалау санитарлық бақылаудың міндетіне жатады. Су қоймасына жіберілетін
ағынды суларға бірқатар санитарлық талаптар қойылады. Олар шіріген немесе
басқадай бір иісі жоқ болуы керек,жануар және май қоспасы , өсімдік және
минерал тектес, адамға жануарларға, балыққа қауіпті және улы заттар болмауы
тиіс. Емдік-санитарлық және ветеринарлық мекемелерден шыққан ақаба сулар,
су қоймасына түспестен бұрын міндетті түрде залалсыздандырылады. Ластанған
сулардың тұнбасы экологиялық қауіп төндіреді, себебі олардың құрамында
макро , микро элементтер, органикалық және бейорганикалық уытты заттар,
сапрофитті және патогенді микроорганизмдер, микроскопиялық саңырауқұлақтар,
сондай-ақ ауыр металдар(күміс, мырыш, мыс, хром, аллюминий, кадмий,
молибден, кобальт, темір, сынап және т.б.) болады.Осы тұрғыдан алғанда
ластанған сулардың тұнбасын ауылшаруашылық мақсатта қолдану топырақ
микрофлорасына кері әсер етуі, өсімдіктерге уытты болуы мүмкін. Дегенмен,
ластанған сулардың тұнбасындағы органикалық заттардың мөлшері минералдық
тыңайтқыштардан кем болмайды, сондықтан оларды тыңайтқыш ретінде пайдалану
үшін 17.43.07-2001 Табиғатты қорғаустандарттарына сай жүргізіледі.

Кесте 2. Ластанған су тұнбаларының жіктелуі.

Көрсеткіштер Белгіленген шекті мөлшері
Қорғасын 250-500
Кадмий 15-30
Никель 200-400
Хром 500-1000
Мырыш 1750-3500
Мыс 750-1500
Сынап 7,5-15
Мышьяк 10-20
1г.тұнбадағы ішек таяқшасының саны, 100-1000
КТБ
1г. тұнбадағы гельминт жұмыртқалары Жоқ
және ішек қарапайымдарының саны, дана
1г. тұнбадағы патогенді Жоқ
микроорганизмдер , сондай-ақ
сальмонелалар саны,
КТБ

2.2. Алматының қалдық сулар проблемасы

Сорбұлақ жинақтаушысы жөніндегі мәселе де маңызды болып саналады.
Алматы қаласының шаруашылық–тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулары 45
км2 болатын арнамен Сорбұлақ жинақтаушысына тасталады. 10.03.2010 жылғы
ахуалмен салыстырғанда жинақтаушы суының деңгейі 620,1 м, көлемі 875
млн.м3.Сорбұлақ жинақтаушысының қалыпты деңгейінің бақылау белгісі 620,5
м, көлемі 875 млн.м3.Тәуліктік төгінділердің көлемі 355 мың м3.
Сорбұлақ  тарапынан егістік алқапты және Алматы-Қарағанды автожолын
су басудан сақтау мақсатында кәріздік қондырғылармен және кәріздік
ағындарды айдайтын сорғыш стансалары бар екі жоғары сейсмикалық бөген
салынды. Көктемгі және күзгі кезеңдерде судың бір бөлігі жинақтаушыдағы
суды азайту үшін Алматы қаласының сарқынды сулары ағып баратын 38
шақырымның оң жақ жағалауындағы Сорбұлақ арнасына тасталады. Оның  Іле
өзеніне дейінгі жалпы ұзындығы -63 шақырым, ені жоғары бөлікте -14, төменгі
бөлікте –4 шақырым. Алматы қаласының кешенді тазарту құрылыстары
нысандарының техникалық жағдайына жүргізілген тексерулер нәтижесі, барлық
технологиялық құрал-жабдықтардың күрделі жөндеуді, жетілдіруді және
жаңалауды қажет ететінін анықтады.
Алматы қаласының тұрмыстық қалдық сулары Су арна мекемесінің
механикалық және биологиялық тазарту құрылғыларынан өткеннен кейін, ашық
каналдар арқылы жасанды көл Сорбұлаққа немесе трасса маңындағы жинақтаушы
су қоймаларына кеп құйылып, сосын Іле өзеніне жіберіледі. Бұл жүйелердің
барлығы Қаскелең және Қаройда орналасқан. Осы су жинақтаушы ағынсыз
бассейндерге кеп құйылып жатқан суларға көп жылдан бері жүргізіліп келе
жатқан зерттеулер көрсеткендей тазалаудан өтіп жатқан су мөлшері азайған.
Жыл бойына зертханаларда 56000 астам сынамалар алынып оның сапалық және
сандық құрамы 40 көрсеткіш бойынша тексерілген. Төмендегі кестеде 1 жыл
ішінде тазалау құрылғыларынан өткен су мөлшері көрсетілген.(2 - кесте)

толтыру

Кесте 2. 2006-2011 жылдар аралығында аэрациялық тазалау станцияларынан
өткен қалдық сулар саны. (млн.м3)

АйларЖыл 2006 2007 2008 2009 2010 2011
Қаңтар 17,441 16,652 17,702 16,89 14,991 14,801
Ақпан 15,793 14,944 15,229 16,386 14,143 13,538
Наурыз 17,192 17,965 17,056 17,356 15,746 15,305
Сәуір 16,063 18,150 16,079 16,386 14,809 14,575
Мамыр 16,818 18,077 14,703 15,4 14,856 15,259
Маусым 16,094 16,198 12,283 13,649 14,159 14,7
Шілде 16,202 16,697 13,507 12,917 14,838 15,169
Тамыз 16,2 16,622 13,04 13,145 14,708 14,919
Қыркүйек 16,03 16,213 14,418 13,047 14,129 14,473
Қазан 16,557 16,886 15,851 15,202 14,385 14,815
Қараша 16,155 16,706 16,279 15,082 14,316 13,78
Желтоқсан 16,602 17,777 16,134 15,045 14,771 14,404
Барлығы 197,147 202,888 182,295 180,505 175,851 175,738
жылына:

Кесте 3. 2007-2011 жылдар аралығында Сорбұлаққа кеп құйылған қалдық
сулардың сапалық көрсеткіші

№ Ластаушы зат Өлшем Жылдар
түрлері бірлігі
2006 2007
Тазалауға 1,768 0,0572 0,00031 0,0084
дейін
Тазалаудан 0,773 0,043 0,00027 0,0062
кейін

Кестеден көріп отырғандай Алматы қалдық суларында темір мен қорғасын
жоғары мөлшерде кездеседі, ол ШРК-дан 3 есе жоғары.Өнеркәсіптік
кәсіпорындардың суды қолдануының жалпы көлемі 20409,4 мың м3, сол уақыттағы
айналымдық сумен жабдықтауда пайданылатын судың көлемі 1401 мың м3 немесе
өнеркәсіптік кәсіпорындардың суды қолдануының жалпы көлемінің 9,8%-ы. Қала
бойынша 2010 жылы суды қолданудың жалпы көлемі 97315,9 мың м3, сондай-ақ
қала халқына – 42120,7 мың м3, жылумен жабдықтау мекемелері – 34785,8 мың
м3; шағын және орта бизнес субъектілері – 20409,4 мың м3.Алматы қаласының
2010 жылғы аэрация станциясына құйылған ағынды суларының жалпы көлемі
122966,54 мың м3  құрады, Сорбұлақ жинақтамасына 44894,1 мың м3, сондай-ақ
су Сорбұлақ каналының оң жақ жағалауына келіп түскен су көлемі 50862,3 мың
м3.Орта және шағын кәсіпорындардың Сорбұлақ жинақтамасына төгетін
шығарындылары 2010 жылы 8,9 мың м3, бұл жалпы шығындылар көлемінің  20%
құрайды.

2.3. Су ресурстарының экологиялық жағдайы мен ауыз

су проблемалары

Алматыда қажетті су көздері жеткілікті болса да, ауыз су құбырлары
соңғы 20 жылда бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпегендіктен, алдағы
уақыттарда тұрғындардың су тапшылығын көру қауіпі жоғары. Мәселен, қаланы
22 өзен кесіп өтсе, қала аумағында 4 бұлақ пен 2 қолдан қазылған су арнасы
бар. Осыған орай, қалалық әкімшілік мәселенің алдын- алу шарасына көшіп,
нақты жобаларды іске асыра бастады. Алматыны сел мен тасқыннан қорғайтын
екі бөген бар. Оның бірі – Медеу шатқалындағы Медеу бөгені, екіншісі
-Үлкен Алматы бөгені. Осы екі бөген бүгінде бұрынғыдан да жіті бақылауға
алынған. Қала әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, олардағы
гидротехникалық құралдардың қызметтері қалыпты атқарылуда екен. Қала әкімі
Ахметжан Есімов бастаған штаб құрамы арнайы тікұшақпен ұшып шығып, тау
бөктерлері мен шың-шатқалдарға шолу жасапты. Тағы бір айтарлығы, биыл
Алатау бөктеріне қар жылдағы мөлшерден 1,5 есе артық түскендіктен, жазық
жерлердің еріген қар сулары да бөгендерге шамадан тыс мөлшерде құйылуда. Су
сыйымды мөлшерден асқанда Үлкен және Кіші Алматы мен Есентай өзендеріне
қарай ағытылады деп күтілуде.Бірақ қала басшылығы , осындай төтенше
жағдайлардың барлығының алдын алып, қажетті шаралар жасалған деп берік
сенімділік көрсетіп отыр.

Бас жоспар қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың
төмендегідей бағыттарын көздейді: қолданыстағы су құбырларының зональды
жүйесін сақтау және дамыту. Бұл ретте оның өнімділігін 1081 мың м3тәулікке
дейін ұлғайту, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы су құбырларын дамыту
көзделген;  су қоймалары ғимараттарын реконструкциялау және жаңасын салу
есебінен сумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін нығайту аз қабатты
үйлері бар аудандарды (Шаңырақ 1-6, Әйгерім, Ұлжан, Школьник 1,2, Дубок,
Таугүл-3, Дархан, Қалқаман 2,3, Думан 1,2 және басқалары), сондай-ақ қала
шегіне кіретін кенттерді (Киров, Трудовик, Өжет, Ақбұлақ, Дружба, Қарасу
және басқалары), жаңадан игеріліп жатқан қала құрылысы аудандарын
(шығысында Алғабас кенті, батысында Первомайка кенті, Мамыр тұрғын үйлер
ауданы) жаңа су құбырларын сала отырып, қолданыстағы сумен қамтамасыз ету
жүйесіне магистралді желілер салып тұрақты сумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру;  қаладағы сумен қамтамасыз етудің қолданыстағы көздерін сақтау
және дамыту (Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің жер үсті суы, Алматы
және Талғар жерасты суларының көзі), қоршаған ортаны сауықтыру есебінен
судың сапасын жақсарту және сумен қамтамасыз етудің беткі көздері
аймақтарында суды пайдалану жағдайын жақсарту, сол сияқты барлық
қолданыстағы су өткізу стансаларын су тазартудың жаңа технологиясына көшіре
отырып, біртіндеп реконструкциялау мен түрлендіру есебінен жақсарту.
Бас жоспарда кәріз жүйесін дамытуда мыналар көзделген: кәріз
жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру. Қолданыстағы толықтай
биологиялық тазарту ғимаратын дамыту және ағын суларды тазартуды көздейтін
биотоғандар салу, ағын суларды апатты жағдайда Іле өзеніне жібергішті және
қала сыртындағы коллектордың үш торабын салу есебінен оның жалпы
қуаттылығын 626 мың м3тәулікке дейін жеткізу; кәріз желісін дамыту, жаңа
магистральды коллекторлар салу, жарамсыз болып қалған ескі желілерді
қайта салу, су айдайтын жаңа су сорғыш стансалар салу (2 дана), қуатты
айдағыш су құбырларын ( 37 км ), Үлкен Алматы өзенінде су бөгеттерін ( 4 км
) салу, балық тоғандары арқылы өту ( 1 км );  зиянды заттардың қалалық
кәріздерге түсіп кетуінің алдын алу мақсатында кәсіпорындарда технологиялық
процестерді жетілдіру есебінен ағын суларды тазарту технологиясы мен
сапасын жақсарту, аэрация стансасына жаңа биологиялық тазарту технологиясын
енгізу. 

Таза ауыз су проблемасы. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген
мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы
елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы
адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге
Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су
ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да
тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері
қолдануда. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам кәріз жүйесі бар жағдайға
қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл
сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан көз жұмуда.
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және
қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен
оны қолдануға бақылау жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес,
халықаралық бірлестік тарапынан да дамытуды талап етеді.Жер бетіндегі таза
судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көптеген аймақтарында таза су
жетіспеушілігі орын алуда.

Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600
мың км3, ал бұл 1995 жылғы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м3
келеді. Бірақта адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде.
Мысалы, 1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м3-ге дейін
төмендеді.Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз
пайдалануға келмейтін су нысандарының саны көбейіп келеді. Су қоймаларының
ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына
келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайларда
табиғи су нысандарынан алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су
экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі топыраққа сіңіріледі немесе
буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар
қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады.

БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-ын
құрайтын болса, бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су
проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне
айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып
пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының
азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3
таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына
қайтып келмейді. Таза суға деген жетіспеушілік пен оны ұқыпты түрде қолдану
мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол
елдің тұрақты түрде дамуына, халқының денсаулығы және тұрмыстық жағдайының
деңгейіне, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды рөл атқарады. Болашақта бұл
жағдайдың қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі
стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.

Деректер бойынша 2013 ж. әлемнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Көкшетау қаласының сарқынды суын тазарту үшін биологиялық тазарту ғимараттарын жетілдіру
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТОСПА СУ» МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА)
Тұрмыстық ақаба суларды тазарту
Көкшетау қаласындағы ағынды судың экологиялық жағдайы және оны тазалау жолдары
Төменгі мөлшерлі сарқынды суларды тазарту үшін кең таралған әдіс биологиялық тазарту әдісі
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Төгінді сулардың топыраққа әсері
Пәндер