Web-технология бойынша электронды оқу кұралын құрастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Физика-математика факультеті

Оқытудың ақпараттық жҮйелері кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Web-технология бойынша электронды оқу кұралын құрастыру .

МАК қорғауына жіберілді Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі п.ғ.д.,
профессор ________________Баймулдина Н.

_______________ Мусин К.С. Жұмыс авторы: 4 курс түлегі

_________________2011ж. ______________ Шалкажанова Ш.


Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Электрондық оқу құралы 5
1.2 Қойылатын талаптар 7
1.3 Құрамына қойылатын талаптар 8
1.4 Мазмұнына қойылатын талаптар 9

БӨЛІМ 2. WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 12
2.1 Интернет және web сайт туралы түсінік 12
2.2 Сайтқа қойылатын талаптар 14
2.3 Сайт жоспары 16
2.4 Бағдарламалау технологиясы 17

БӨЛІМ 3. DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 21
3.1 DELPHI ортасы, негізгі түсініктер 21
3.2 Web-технология бойынша электронды оқу кұралымен жұмыс 35
3.3 Оқулық сипаттамасы 36

ҚОРЫТЫНДЫ 55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМША 1. ПӘН СИЛЛАБУСЫ 58
ҚОСЫМША 1. БАҒДАРЛАМА КОДЫ 58

КІРІСПЕ

Оқытуда қолданылатын электрондық ресурстар жоғары оқу орындарындағы
сәйкес пәндердің тиімділігін көтеріп қана қоймайды, студенттің ақпаратпен
жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін жақсартады.
Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық құралдар мен
телекоммуникациялық технологияларды қолдану жаңа қоғамның дамуындағы
практикалар мен негізгі тенденцияларға сәйкес болғандықтан заңды болып
табылады. Қазіргі заманғы мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін
өзгерістерді талдау, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
• біріншіден, жаңа қоғам, ақпараттық мәдениеттің жоғары деңгейін
меңгерген және ақпараттық орта жағдайында шешім қабылдауға қабілетті
мамандардың жаңа түрлерін қажет етеді;
• екіншіден, осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның
әлеуметтік тапсырысын толық орындауға қабілетсіз болып отырған, жоғары
оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау жүйесіне өзгеріс
енгізу керек.  
    Бұл мәселені шешуде, жоғары оқу орындарында мамандар дайындау процесіне
оқытуды жекелендіруге, білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге,
кәсібилікке жақындатуға көмегін тигізетін, ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды енгізу керектігін зерттеулер нәтижесі
көрсетіп отыр.
Осы түлектік жұмыста Web-технология бойынша электронды оқу кұралын
құру толығымен қарастырылады.
Электрондық оқулықтар мен ақпараттық технологиялар оқытуға маңызды
басымдылықтар әкеледі. Олар:
• оқу процесін интенсификациялау;
• студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
• оқытушыларды оқу сабақтарын қалыптастыру мен нәтижелерін тексерудің
жаңалығы;
• білім алушының білімін жиі әрі жедел түрде бақылап отыру мүмкіндігі.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана
білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен
тепе-тең саналуда. Осыған орай, түлекті жұмыс тақырыбы өзекті мәселердің
бірі.

БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Электрондық оқу құралы

Заман талабына сай білімнің беру саласын жетілдіру әрі сапасын арттыру
процессі жүріп жатыр. Білімнің беру саласының жетілдіруде және сапасын
арттыруда электрондық оқу құралының маңызы өте жоғары.
Оқу процесінде ақпараттық технологияларды енгізу білім алушының
озіндік жұмыстарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Студенттердің
өзіндік жұмысының сферасын кеңейту оның оқу процесінде үлесін ұлғайтуға
алып келеді.
- Электрондық оқу құралы – программалық басқару құралдары мен
құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында
орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтінді,
графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы;
- Электрондық оқу құралы – оқыту және білім бақылауды автоматтандыруға
арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген,
сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртұрлі
оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, электрондық оқұ құралы;
- Электрондық оқу құралы құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің
жүйелі мазмұны бар және берілген оқу құралы тұріне мемлекеттік мекеме
беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы;
- Электрондық оқу құралы – құрамында оқу курсының ең маңызды
бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар,
карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, пракикумға, курстық
және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген оқу
құралы тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу
құралы.
Электронды оқулықтардың негізгі түрлері оқу процессінде олардың
мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған
мәтіндік оқу құралы болып табылады
1. Бағдарламалық - әдістемелік электроныд оқулық: оқу жоспары, оқу
багдарламасы.
2. Үйретуші электронды оқулықтар: мультимедиалық оқулықтар, электронды
мәтіндік оқулық, электронды оқу құралы, лекциялар электронды
нұсқасымен.
3. Қосымша электронды оқулықтар: практикум, құжаттардың және
материалдардың, сөздіктердің жиынтығы.
4. Оқу - әдістемелік электронды оқулық: әдістемелік нұсқаулар,
әдістемелік ұсыныстар.
5. Бақылаушы электронды оқулық: тестілейтін бағдарлама, бақылау
сұрақтарының және тапсырмаларының бланктері.
6. Оқу – әдістемелік материалдар оқу іс әрекетінің барлық түрін
қамтамасыз ету керек.

1.2 Қойылатын талаптар

- ЭОҚ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын
объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен
қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік,
графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- ЭОҚ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және
қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет
етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОҚ әртұрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- ЭОҚ-да интерфейс көрнекті, тұсінікті, бірмәнді және қолданушы
қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОҚ -ның тұгел және оның бөлек
бөліктерінің функцияларының логикасын тұсінуге көмектесетін тұрінде
келтірулі керек.
- ЭОҚ-да имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер,
үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және
өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы
құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-
әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін
дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
- ЭОҚ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие
болу керек. ЭОҚ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды
компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу
мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОҚ ашық ортада глобальды компьютерлік
желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді
қолданады.
- ЭОҚ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық
жүйенің версиясын ескере автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие
болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық
стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет
шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
- ЭОҚ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (элект өшуі,
операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау
керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОҚ -ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін
қабілеті болу керек.
- ЭОҚ қолдану процесінде ЭОҚ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді
енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және
статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау
мүмкіндіктері болу керек.

1.3 Құрамына қойылатын талаптар

Электрондық оқу құралының құрамына :
- мазмұны
- утилиталар
- көмекші
- құжаттама енгізілуі керек.

- Титулда электрондық оқу құралының шығу мәліметтері орналасады.Шығу
мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
- Тақырыптамада электрондық оқу құралының құрылымы мен барлық
семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
- Мазмұнда электрондық оқу құралының мақсаттары және есептеріне қатысты
және сол арқылы білімдерін қорытынды бағалауынөткізуге қажет барлық
оқу материалы берілуі керек.Оқу материалы ғылыми технологияны
пайдаланып тұсінікті, дәл , толық және қарамақайшылықсыз жазылуы
керек.
- Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу,статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту,
ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін
арналған.
- Көмекші элементі электрондық оқу құралының жұмысын басқару бойынша
ақпарат және электрондық оқу құралын іске қосылу моментінен бастап
іске қосылуын қамту керек.

1.4 Мазмұнына қойылатын талаптар

- Электрондық оқу құралының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну
керек:
1-деңгей. Модулдер
2-деңгей.Блоктар
3-деңгей.Сабақтар
- Модул блоктан бұлаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы
ірі семантикалық оқу бірлігі.
- Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу құралыындағы
орташа семантикалық оқу бірлігі.
- Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен
тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар,
сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес
элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, тұсіну және еске сақтауға себебін
тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық,
графикалық, аудио және видео жатады.
- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны тұсінікті, нақты,
толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс
және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу,
тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек.
Теорияда мәтіндердің астын сызу және тұсін өзгерту сияқты арнаулы
дидактикалық құралдарды қолдану керек.
- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті
шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. тұріндегі детальдық
таңдауын қамтамасыз етуі керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі
байланысын анықтауға, олардың әртұрлі сыртқы әсерлер кезіндегі
функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен
есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу
керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің
реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын
талаптарға тұсініктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды
орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар
білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық
деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша
вариациялануы керек.
- Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес
жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым
әдісін қолданбау үшін мағынасын тұсінбей жауап беретін сұрақтар
болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім
алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін
дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-
әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер
және сол қателіктерді жібермеу мен тұзету туралы тұсініктемелер қамту
мүмкін.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау,
есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т.б.
жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа
оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және
көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге
арналған.

БӨЛІМ 2. WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

2.1 Интернет және web сайт туралы түсінік

Сайттардан ақпарат алу үшін немесе есептерді орындау үшін
жасалғандығы жайлы анықтап барып оның түрлеріне сипаттама береміз. Кей
жағдайда құжатты–бағытталған және мәселелік (өрнектер) ерекшеліктеріне
сәйкес айыруға болады. Құжаттық бағытталған немесе ақпараттық сайттар
қолданушы үшін ақпаратты алу, бірақта интерактивтік жағынан шектеулі ғана
мүмкіндігі бар болады. Қолданбалы немесе бағдарламалық бағытталған сайттар
қолданушыға ақпарат алмасу немесе қандай да бір әрекеттерді жасауға
мүмкіндік береді. Мысалы, банкілік счеттан ақша аудару. Ал гибериттік
сайттарда барлық функция түрлері бар. Гиберидтік сайт түрі қазіргі кезде
ерекше дамысын табуда.
WEB сайт түрлері мынандай:
– Қоғамдық сайт: Мұндай сайттарда мемлекеттік ақпараттар және
жаңалықтар көрсетіледі. Мұндай сайттарда операцияларды
байланыстыруға байланысты қолданушылар арасыннан өз ара
әрекеттеседі.
– Қызықты сайттар: Мұндай сайттар ойындар немесе басқада
интерактивті тіл қызықтаушылық үшін құрылады. Сайттарды ұйымдастыру
негіздеріне сүйеніп бөледі. Олар қандай да бір жағдаймен төлем
төлейді немесе басқадай жағдайлармен қолдаулар көрсетеді. Мұндай
түрлерге сайттың негізгі түрін алып негіз етіп салыстырамыз.
– Сауда сайттары: Сауда жасауға, елмен қарым–қатынас жасауға, өз
тауарларын жарнамалауға арналған сайттар және мұндай сайттар
көмегімен электрондық коммерция мен тікелей айналысады.
– Мемлекеттік сайттар: Мұндай сайт түрлеріне мемлекеттік жоғарғы
органдар, мемлекеттік органдар жатады. Сайттың негізгі мақсаты
қоғамға немесе заңға бағынышты болу, қажеттілігін қанағаттандыру.
– Білім сайттары: Мұндай сайттар әр түрлі білім орындары
университет, жоғарғы оқу орындары, мектептер сияқтылар жатады. Бұл
сайт зерттеу және білім орындарын таныстыру мақсатында көптеп
қолданылады.
– Филантроптық сайттар: Филантроптық сайт коммерциялық емес сайттар
немесе жеке адамдар, қоғамдық қарапайым мекемелер жатады.
– Персональды сайттар: Бұл сайтқа кез–келген тұлға немесе адамдар
тобы, кез – келген мақсатта жасалады. Олар еркін тақырыпта кез–
келген жағдайда болуы мүмкін.
Сайттарды классификациялау күрделі мәселе. Мысалға, білім сайттары
кей жағдайда басқадай мемлекеттік сайттарға кіруі мүмкін.
Визуальды классификациялар: Визуальды ерекшелігі мен сайттарды
ерекшелейтін болсақ, біз диапозон мен жұмыс жасайтын боламыз. Сайттың енді
бір жағына текстік құрамына көпрек мән береміз. Бірақта тек мәтінге ғана
емес графикалық таныстырулар және бейнелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Internet–те 4 ең көп таралған дизайнерлік мектептер орналасқан.
– Текст бағытталған сайттар: Мұндай сайттардың тексттік
құрамына көбірек мән беру қажет. Мұндай сайтты жөндеу қиынға
соқпайды, дизайыны онша қиын емес өте қарапайым.
– GUI түріндегі сайттар-: (Graphic User Interface) бұл сайт
түрі қолданушы сайт интерфейсі мен байланысты, бағдарламалық
жобалық жабдақтауы кіреді. GUI–бағытталған ортасында
қарапайым сайттар бар. Басқаша айтқанда GUI–ге қосылатын
компанентке байланысты.
– Метафоралық сайттар: Метафоралық сайттар көбінесе өмірлік
мысалдардан алынады. Мысалы, дизайн машиналарға байланысты
болуы мүмкін. Метафоралық сайттар жалпы жағдайда визуальды
немесе интерактивті емес болады.
Тәжірибелік сайттар: Мұндай сайтты жасаушылар, көрсетілген
нормалдардан артық жасайды. Мұндай сайттарда шығармашылық жағдайына көбірек
мән береді. Бұл дизайнерлік жағынан көптеген сайттарда қолданылады.

2.2 Сайтқа қойылатын талаптар

Сайты құрудың мақсатын бір сөзбен түсіндіру мүмкін әрине әр істе
өзіндік талап бағыттары болады, сол негіздеріне негізделе отырып сайттында
өз ереже талаптарыда жоқ емес. Сайтта қойылатын талаптар сайттың жалпы
құрылымдық жағына оның ішіндегі жасалған және де жазылған мәтіндерге
тікелей байланысы болады. Қойылатын негізгі сұрақтары төмендегілер:
− Сайттың жалпы құрлымы кандай талаптарға сай болу керек?
− Сайттың жалпы сыртқы көрінісі қандай болу керек?
− Қандай типтегі бағдарламаны қолдану жасауышыға тиімді екендігін
анықтау қажет?
− Тұтынушлар үшін қанша сервер қызмет ететін болады?
− Сайттың жалпы көлемі жайында, экран өлшемі қандай болу қажет, қандай
броузерларге негізделетіндігі деген сияақты өзекті мәселелер туындайды.
Жоғардағы аталмыш талаптарға сәйкес шешім шығаратын болсақ дазайнер
үшін одан ары жұмыс жасауыне оңай болатын болады. Бастапқы үш сұрақ
қайта–қайта туындейтын болады. Оған сәйкес сайттың жалпы жоспарында құруға
болады.
Техниқалық талаптар: Бұл бөлім жалпы сайт жасауға қолданатын
технологияларға зерттеу және талдау жасап оларға шолу жүргізеді. Мысалға,
оларды атап өтер болсақ: HTML, JavaScript, CGI, Java, Plug-in және т.б.
Жалпы техникалық талаптар негізінде барлық жағдайларды қарастыруға болады.
Оларды жеке–жеке талдап айтар қойсақ: шығарылған жалпы сапасы және қорғаныс
қауыпсіздігі, бейнелеуі, көпаппараттық сипаттамаларға сәйкес келуі және
көпплатформалы және де басқадай техникалық талаптарға сәйкестіріледі.
Сыртқы көрінісіне жалпы сипаттамасы: Бұл бөлімде сайттың жалпы
сырткы көрінісі туралы және жалпы дизайндық турғыдан қарастырлады. Мұнда
сайттқа қолданылатын бейнелер, суреттер, логотиптер, экран өлшемдері, және
мультимедиялық технологиялар, графикалық бейнелердің қолданылуы деген
сияқтылар бұл бөлімде қарастырлады. Мұнда тағы бір неше визуальды
элементтер негізінде де қарастырлады. Сыртқы сипаттамасын жасағанан кейін
сайтты жасауға негізгі қадамдар жасалды деуге болады, бірақта бұлар әлі
жеткілікті емес келесі кезекке сайтты жіберу қызметі жатады.
Жіберу қызметі: Бұл бөлімде сайттың жалпы интернетте таралуы
қарастырлады. Тарату қызметінің қандай серверге жіберу тиімді екендігін
анықтау қажет анықтау кезінде ең арзан және қызметінің жылдамдығын ескере
кеткен жөн.
Құрылымды сайт сызбасы: Бұд бөлімде сайттың құрылымын немесе блок
сызба түрінде сайттың әр бір бөлшектерін көрсету қажет. Ресурстары әр түрлі
өлшеммен өлшенуі мүмкін. Дәлірек айтсақ барын дайындау, технологиялық
базаны құру, визуальды дизайн және менежмент ұйымдастыру тағы с.с.
Сайттың жалпы жоспарын жобалау дизайнердің өзіне тікелей байланысты.
Еске сақтайтын бір жайт: сайт жобалау кезінде нәтижесін позитипті нәтижеге
жеткізу қажет екендігін ескеру. Жобалау қанша күрделі болғанмен де үлгі
немесе JAD эвалюциялық үлгілерін қолданамыз.

2.3 Сайт жоспары

Сайттың жалпы жоспары қағаз бетіне құжат ретінде түскенен кейін оның
шынайы жоспарын іс жүзінде жасау қажет болады. Сайттын жалпы жоспары
төмендегідей сипатта болады.
Мақсаттын қысқаша сипаттамасы. Бұл бөлімде сайттың қысқаша
сипаттамасы сипатталу қажет. Сайт неден жасалғандығы жайылы, оның жалпы
жетістігі жайлы, оның глобальды мақсаты жайлы сипаттамалар берілу қажет.
Мақсаттың детальды түсініктемесі. Бұл бөлімде сайттың мән жайын
жалпы сипаттын детальдап түсіндіру қажет болады.
Аудитория пікірі. Бұл бөлім тікелей қолданушыға ғана қатысты,
қолданушы өз пікірін бұл бөлімде білдіру қажет, яғни қолданушының пікіріне
негізделу қажет деп түсінуге болады.
Сайт туралы дискуссиялық сценариялық әдістемелер: Қолданушының
барлық күй жағдайын сипаттайтын әдіс. Бұл көбінесе қолданушы пікіріне
негізделеді және қолданушылар арасына дискуссия жүріледі.Сол дискуссия
негіздеріне сүйеніп сайттың жалпы сипаты және жоспары жасалады.
Сайт құрлымына қойылатын талаптар: Жалпы сайттың бөлімдеріне
қойылатын талаптар бұл қара черновик деуге болады. Черновикте сайтқа
қолданылатын суреттер, мәтіндер және материальдар жатады. Жалпы сайттың
құрылымын анықтау үшін әр бағытта көрсетілген кесте құру өте тиімді болып
есептеледі. Кесте құрудың қарапайым бір мысалы, кесте 2.3–де көрсетілген.
Құрамындағы Сипаттамасы Құрамындағы Құрылым Қазіргі
бөлім атаулары бөлім жалпы форматы кездегі бөлім
сипаттамасы сипаттамасы
Поресс релиз Поресс релиз Мәтін Құжаттық Иә
Butler Robot жаңаден пайда
фирмасы болған робот
түрлері
Бағдарламалық Қысқаша Мәтін Қағаз Иә
жабдықтаманы сипаттамасы
қолдану бағдараманың
сипаттамасы қолданлуы
келешегі
жасалған
роботтарға
тәжірибе
жасалған
Тасымал супер Жаңашыл сурет Сурет Gif Жоқ
компьютерлер бейнелері (Бейнелер)
сериясы жаңашыл
технология
негізінде
жасалған
Cray-9000
сериялы
компьютер
маркасы. Demo
Company-сының
технологиясына
сүйеніп жасалған

2.4 Бағдарламалау технологиясы

Сайтты бағдарламалау күрделі процесс емес тек оның жасалу мақсатын
қолданатын бағдарламалық жабдықтаманың тиімдісін анықтау, әр бағдарламада
өзіндік бір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Жалпы жағдайда WEB технологияны
негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады: Клиенттік жағынан жұмыс жасау
технологиясы және сарвер жағынан жұмыс жасау технологиясы деп.
Клиент технология түсінігінде–бұл клиент клиенттің өз бетінше жасаған
бағдарламалары яғни сол бағдарламалардың броузерде көрінуі жатады, кейбір
Javа апплеттары және ActiveX технологиясы сияқтылар жұмыстың нағыз қандай
екендігін және оның нағыз броузер сыртында жұмыс жасауға болатын
мүмкіндікетерін көрсете біледі. Сонымен қатар ең маңызды бір бөлік
серверлік бөлік деуге болады интернет ортасында сервер қызметі ең маңызды
екендігін білеміз.
WEB бағдарламалаудың негізгі мәні дәл сәйкес есептерді шығару үшін ең
тиімді технологиясын таңдау. Көп жағдайда мұндай кезде бағдарлама жасаушы
дизайнерлер өзінің ең жақсы көретін технологияларын таңдайды. Шындығына
келсек әр технологияның өз жетіспеушлігі өз артықшылықтары бар. Төмендегі
кестеде клиенттік тарапынан қолданатын бағдарламалық жабдықтар тізімі
көрсетілген.

Клиенттік тарапынан Серверлік тарапынан
Қосымша көмекші жабдықтамалар Сценария және GUI бағдарламасы
Броузер интерфейсінің бағдарламалықСервер интерфейсінің бағдарламалық
бағдарламасы: бағдарламасы:
– Netscape ауыспалы модульдер – Apache модульдері
– Басқару элементтері ActiveX – ISAPI кеңеіткіштер және сүзгілер
– Апплеттер Java – JAVA сервлеты
– Тілдік сценариялар Сервер сценариясы
– JavaScript – Active Server Pages (ASPASP.NET)
– VBScript – Gold Fusion
– PHP

Кесте 2.1 Клиенттік тарапынан қолданатын бағдарламалық жабдықтар тізімі.

ActiveX технологиясы. Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет
тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model, Com)–бұл Microsoft
технологиясының компоненттері, WEB басқару элементтерін және
компоненттерін құруға арналған. Бұл элементтерді ActiveX интернет жүйесі
ішінде таратады және Internet Explorer–ге жаңа функцианальды мүмкіндіктерді
береді. ActiveX басқару элементтері Netscape ауыспалы модульдерін еске
түсіреді. Ресурстарды қолдануда қиындық туындамайды. Компоненттер автоматты
түрде орнатылып, жүктеледі.
Басқару элементтеріне қауыпсіздік шаралары, онша үлкен емес блок
кодтары потенциальды түрде жүйде орналасу мүмкін, олар бағдарламаға
қиндықтар туғызады. Әрине қолданушы кез–келген сәтте функция орындау үшін
түймеше орналастыру мүмкін. Бұл жүйеге және бағдарламаға көптеген қателер
тұғызатын болады. Мүмкін бағдарламаның ары қарай жұмыс жасауына күрделілік
тұғызады.
WEB беттерге ActiveX басқару элементтерін қолдану кезінде object
тегиларын қолданады. Мысалға, төменде жазылған код беттке Flash файлын
қолдану мүмкіндігін береді:
object classid=”clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-9 6B8-444553540000”
Codebase=”http:download.macromedi a.compubshockwavecabsflash
Swflash.cab#version=5.0.0.0”
Width=”406” height=”59”
param name =”movie” value=”welcome.swf”
param name=”quality” value =”high”
param name =”scale” value =”exactfit”
strong кешіріңіз сізің броузерде орналаспаған
ActiveX! strong
object
Белгі-кодтық ActiveX сертификаттары.
Броузерде берілген қысқаша хабарлама, қолданушыда компоненттің жоқ
екендігін хабарлайды. Бірақта хабарлама шықпас бұрын беттегі қателіктерді
алтернативті технологиялар көмегі мен жөнделген болуы қажет. Мысалға,
ауыспалы мольдер embded тәгилермен қамтамасыз етеледі.
Ескертпе: Егер сайтқа аталмыш басқару элементтерін қолданатын болса
альтернативті Netscape броузерлеріне қолдануды ұсыныс етеміз.
Java
ActiveX басқару элементтерін қолданудағы кемшілігі оның Netscape
ауыспалы модульдерін қолдану және белгілі операциялық жүйелер негізінде
жұмыс жасау болып табылады. Әр адам әр түрлі оперциялық ортада жұмыс
жасайды. Сондықтан олардың барлаығына ортақ жұмыс жасай алатын технология
Java болып есептеледі.
Java бағдарламасы Sun Microsystems компаниясының технологиясы
Internet базасына негізделген платформалық өңдеу бағдарламаларына
қолданады. Өзіндігімен тәуелсіз жұмыс жасай алады ешбір платформаға
бағынбайды, бағдарламалык кодты бір мәрте жазуға болады сол жазылған код
кез–келген бағдарламалық ортада өз бетінше жұмыс жасай алады. Көптеген
сайттарда Java технологиясын аздап қолданады, оларды бағдарламада апплет
деп атаймыз Олар тек броузерде орындалып және жаңа функцианальдық
мүмкіндіктер косып орындап сол ортада жүктеледі. Java–да апплеттер кодтар
арқылы жазылады және машинаға тәуелсіз машиналық байттарда формалық .class
файл түрінде компилярланады. Процесс жылдам болған күнің өзінде де
бағдарлама өте акырын жүктеледі. Жалпы бағдарлама жасаушылардың пікірі
боынша Java мүмкіндігі мол өте акырын бағдарлама деп айтылады. Шынына
келсек Java ақырын емес оның интерпретациялық машина тіліне аударлуы өте
күрделі процесс. Бағдарламаны жаңа ортада жүктеседе ол өз ортасы арқылы
жүктелетін жағдайы жоқ емес.

БӨЛІМ 3. DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ

3.1 DELPHI ортасы, негізгі түсініктер

Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала
компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске
қосу командасы:
Іске қосу нәтижесінде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет).

3.1-сурет. Delphi ортасы

1 - Delphi 5-тiң негiзгi терезесi;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске қосылады
(Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасқандықтан, ол экранда
көрiнбейдi.
Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және
компоненттер палитрасы (2.2-сурет) енгiзiлген. Негiзгi мәзiр

3.2-сурет. Delphi-дiң негiзгi терезесi

пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар
панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын
түймелер орналастырылған.
Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма -
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi.
Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-
сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты
нҮсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.
Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер орнатылады.
Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында
орналасқан.
Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi
қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық
күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi,
өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма
қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның
кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект
инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор
терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған
форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына
таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде
форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер
терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events
(Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның
Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда – қасиет
атаулары жазылған, екiншi бағанға – олардың мәндерi енгiзiледi.
Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға болады.
Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға
Form1.Font.Size := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object
Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi басылған кезде де
көрiнедi.
Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct
терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау
жеткiлiктi.

Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс
Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы,
пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада
орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет
(тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жҮмыс
iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi
шақырады.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны – 35 (3-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша
бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi
(қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн
белгi.

3.3-сурет. Форма оқиғалары

Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick – тышқан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove – тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты
түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas
атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар)
енгiзiледi (олар 1.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған). Программа мәтiнiн
программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша
редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
- форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы
(үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура
атауларынан тұрады (4-сурет), т.б.
Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн
F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне
енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура
оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура
дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мҮндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде
барлық жарияланулардың қҮрылымын көрiп шығуға болады.

3.4-сурет. Программалық код терезесi. Онда көрiнген процедура дайындамасы
Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр
не бiрнеше модульдерден тҮрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне
енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады.
Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны
проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол
автоматты түрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа
кездерде қосымша нҮсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект):

program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

{$R *.RES}

begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
мҮндағы,
Project1 – негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа
атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына
программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен
Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-
ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен
байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен
дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы,
шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану
керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - .res);
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм -
қосымшаның алғашқы жүктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-
әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi):
Application.Initialize – қосымша объектiсiн инициалдау (программаны
алғашқы рет дайындау) әдiсi;
Application.CreateForm – проект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Sigil программасында Адам анатомиясынан электронды оқулық құрастыру
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Электрондық оқулық ұғымы
Жоба дайындау үшін компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктерін қарастыру
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Пәндер