Оқытудың электрондық құралдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
Мазмұны:
Кіріспе . . .
Мазмұны: І. тарау
Электрондық басылымдар немесе ақпараттық сайт жасау мен оны қолдануға қойылатын талаптар және олардың комконенттік құрамы мен жіктеу . . .
Мазмұны: 1. 1
Электрондық басылымдарды жасау мен оны қолдануға қойылатын талаптар . . .
Мазмұны: 1. 2
Электрондық басылымдардың компонненттік құрамы және оларды жіктеу . . .
Мазмұны: 1. 3
Ақпараттық сайттарды жасаушыларға берілетін кеңестер және жасау технологиясы . . .
Мазмұны: ІІ. тарау
HTML тілінің негіздері және ақпараттық сайтты жасау мен оған сипаттама . . .
Мазмұны: 2. 1
HTML тілінің негіздері . . .
Мазмұны: 2. 1. 1
Қарапайым бет құру . . .
Мазмұны: 2. 1. 2
HTML тіліндегі бағдарлама құру негізгі құрылымы және фонның, мәтіннің түстерін енгізу тегтері . . .
Мазмұны: 2. 1. 3
Гипермәтіндік сілтеме . . .
Мазмұны: 2. 1. 4
Тізімдерді құрушы тегтер, құжат ішіндегі графика . . .
Мазмұны: 2. 1. 5
Кесте құру, фреймдер, формалар, терезе, жүгіретін жол, апплет, web беттегі мультимедиа . . .
Мазмұны: 2. 1. 6
HTML тілі бойынша анықтамалық жүйе . . .
Мазмұны: 2. 2
«Ақпараттық жүйені оқыту» кафедрасынның ақпараттық сайттын жасау және оған сипаттама . . .
Мазмұны:
Қорытынды . . .
Мазмұны:
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Мазмұны:
Бағдарлама листингі

Кіріспе

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігі қазіргі кезде күрт арта бастады және Интернет жаһандық желісінің пайда болуымен қатар адам өмірінің барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласына енуімен кеңейе түсуде.

Қазіргі уақытта 20-дан астам ауқымды желілер (глобальный сеть) бар. Солардың ішінен ең танымалысы " ИНТЕРНЕТ " желісі. Интернет - өзара байланысқан компьютер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтып жатқан бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып табылады.

1969 жылы АҚШ-та, осы елдің қорғаныс министрінің тапсырысы бойынша жасалған.

Бұл желі алғашында оқу орындарын, әскери желілерді біріктірген желі болып табылады. Ұзамай бұған файлдарды, электрнды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктерін беру қосылды. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын интернет дүниеге келді. Ең танымалысы электронды почта E-mail, WWW мәліметтер базасы. WWW қызметтері құжатар үшін арнайы программалар баузерлер болып табылады. Олар құжаттарды экранда көрсете алады. Браузер көмегі арқылы біз WWW құжат көпшілігіне шыға аламыз.

Енді осы интернеттегі барлық ақпаратты тасымалдаушы немесе броузерлер арқылы пайдаланушыға ұсынушы құралы ретінде web беттерді айтатын болсақ, онда оның қалай жасалатындығын, қалай құрастырылатындығын алдын ала анықтау бүгінгі жасалатын немесе жасалып жатқан сайттардың өзекті мәселесінің бірі. Осындай мәселелерді шешуге көмекші құрал болады деген оймен дипломдық жұмысты интернеттегі бағдарламалау тілі HTML-ді пайдалана отырып Ақпаратты жүйені оқыту кафедрасының ақпараттық сайтын жасау мәселесіне арнаймыз. Сайттарды жасаудың өзі бүгінгі күнде талғамға байланысты әр түрге ие болуда, сондай-ақ олардың дайын шаблондарын да сатып алуға болады. Олардың бәрі тұтынушыға бағытталуы тиіс, өйткені олар көп жағдайларда ақпаратты-энциклопедиялы болады.

Ашық электрондық басылымдар немесе сайттар қандай да бір сәтте тууымен одан кейін бірте - бірте эволюциялық жүйе бола отырып жаңартылып, түзетіліп, кеңейтіліп отыруымен сипатталады.

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, дипломдық жұмыстың мақсаты келесідей болып анықталды:

- гипер мәтінді бағдарламалау тілінің негізін әдістемелеік құрал ретінде ұсыну;

- ақпараттық сайт жасаудың мүмкіндігінше біріңғай технологиясын ұсыну;

- ақпараттық сайттарға қойылатын талаптарды анықтау;

Дипломдық жұмыстың мақсаттары бойынша зерттеу барысында алынған нәтижелер ретінде HTML тілінің негізін, ақпараттық сайт «Ақпараттық жүйелерді оқыту кафедрасы» жасау мен сайт жасау технологиясын айтуға болады.


І тарау. Электрондық басылымдар немесе ақпараттық сайт жасау мен оны қолдануға қойылатын талаптар және олардың компоненттік құрамы мен жіктеу

1. 1. Электрондық басылымдарды жасау мен оны қолдануға қойылатын талаптар

Ақпараттық сайттар деп - әлемдік желі арқылы таратылатын, яғни жарияланатын электрондық басылымдарды айтамыз. Электрондық басылымдар, олар кәдімгі қағаз басылымдардың электрондық аналогы. Дегенмен де электрондық басылымдар қағаз басылымдарға қарағанда бірқатар өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктерімен де ерекшеленеді. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі осындай мәселелерді ескере отырып, яғни оларға қойылатын талаптарды алдын ала анықтап алу болып табылады. Тек осы талаптар анықталғаннан кейін ғана барып, сайт жасаудың технологиясын ұсынуға болатындығы белгілі. Ендеше алдымен жалпы барлық электрондық басылымдарға (ЭБ) қойылатын талаптарға тоқтала кетейік.

ЭБ жасау үрдісі психологиялық-педагогикалық, техникалық-технологиялық, эстетикалық және эргономикалық жүйе талаптарына жауап беретін ЭБ өнеркәсібін қамтамасыз етуі керек. ЭБ мен оларға қойылатын талаптарды бірнеше әртүрлі критерийлеріне сәйкес топтастыруға болды.

ЭБ қойылатын барлық талаптарды екі негізгі топқа бөлуге болады: барлығына қатысты білім беру деңгейіне сәйкес инвариантты талаптар, ЭБ және арнайы талаптар, барлық жалпы, орта, жоғары кәсіптік, қосымша білім беруде, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардаға қойылатын талаптар.

ЭБ дәстүрлі оқу басылымдарына, оқулық немесе әдістемелік құралдарға қойылатын стандартты дидактикалық талаптарға жауап беруі керек. Дидактикалық талаптар оқытудың ерекше заңдылықтарына және сәйкесінше оқытудың дидактикалық принциптеріне сәйкес болады. Ары қарай бірінші топқа қойылатын талаптарға жататын ЭБ-на қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптар қарастырылады.

1. ЭБ қолданып оқытудың ғылымилық талабы ЭБ жалпы қарастырылатын материалының мазмұнын беруде соңғы ғылым жетістіктерін есепке ала отырып, баяндаудың жеткілікті тереңдігін, ғылыми дұрыстығын білдіреді. ЭБ көмегімен жарияланатын материалды меңгеру үрдісі қазіргі заманғы ғылыми таным әдістеріне: тәжірибе, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, үйлестіру, индукция және дедукция, модельдеу әдісі, яғни математикалық сонымен қатар, жүйелік талдау әдісіне сәйкес құрылуы қажет.

2. ЭБ арқылы іске асырылатын оқытудың түсініктілік талабы пайдаланушылардың жекеше және жас ерекшеліктеріне сәйкес ондағы материалдардың теориялық қиындық дәрежесі мен тереңдігін анықтау қажеттігін білдіреді.

3. Оқытуды проблемалық қамтамасыз ету талабы оқу-танымдық іс-әрекет түрі мен мәніне негізделген. ЭБ көмегімен осындай дидактикалық талаптардың орындалу деңгейі дәстүрлі оқулықтар мен құралдарды пайдаланудан едәуір жоғары болуы мүмкін.

4. Оқытудың көрнекілік талабын қамтамасыз ету оқытылатын объектілерді, олардың макетін немесе моделін сезіммен қабылдауын және оларды оқушылардың өздерінің бақылауын ескеру қажеттігін білдіреді. ЭБ жағдайында оқытудың көрнекілік талабын қамтамасыз ету жаңа негізде және біршама жоғарғы деңгейде іске асырылады. Виртуальді нақтылық жүйесін тарату алдағы уақытта тек қана көрнекілік қана емес, оны пайдаланудың полисенсорлығы жайлы айтуға мүмкіндік береді.

5. ЭБ қолданудың жүйелілік және тізбекті талаптары пайдаланушылардың тұтыну бойынша анықталған ақпараттарды тізбекті меңгеруін қамтамасыз етуді білдіреді. Білім, біліктілік пен дағды қатаң логикалық ретте және өмірде қолданатындай анықталған жүйеде қалыптасуы қажет. Ол үшін:

  • ақпаратты жүйеленген және құрылымдық түрде беру керек;
  • өткенде, сонымен қатар, болашақта жарияланатын ақпаратының әрбір бөлігін ұйымдастырудағы қалыптасатын білім, біліктілік пен дағдыны ескеру;
  • жарияланатын материалдың өндіріс аралық байланысын ескеру;
  • жарияланатын материалы мен пайдаланушы әсерлердің берілу тізбегін мұқият ойластыру, әрбір қадамды тұтынушыға қатысты дәлелдеу;
  • логикалық түрде анықталатын жариялану үрдісін тізбектеп құру;

7. ЭБ қолданудағы ақпаратты меңгерудің беріктік талабы.

8. ЭБ ақпаратты беруші, дамытушы және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі талабы.

ЭБ-да және әр түрлі мақсаттардағы дәстүрлі басылымдарға қойылатын талаптар сияқты дәстүрлі дидактикалық талаптардан басқа ЭБ құру және қызмет етуіне жағдай жасайтын қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жетістіктерін қолдануға негізделген ЭБ-на ерекше дидактикалық талаптар қойылады.

1. Бейімділік талабы тұтынушының өзіндік мүмкіндігіне қарай ЭБ-на бейімділігін білдіреді. Ол пайдаланушының тұтыну үрдісінің білім мен біліктілік деңгейіне үйренуін, психологиялық ерекшеліктерін, икемділігін білдіреді. ЭБ бейімделудің үш деңгейі бар. Бейімделудің бірінші деңгейі тұтынушылардың қажетті материалын өзіне сай неғұрлым жекеше мүмкіндіктерін таңдап алуы болып саналады. Бейімделудің екінші деңгейі ақпараттың берілу әдісі мен мазмұны ұсынылатын нәтижелер негізінде тұтынушының жағдайына диагностика жасауды жобалайды. Бейімделудің үшінші деңгейі ашық жағдайда, яғни мүмкін қолданушыларды топтауды ұсынбайды және бағдарламалардың авторлары тұтынушылардың қалайда көп мөлшерін қамту үшін оның көптеген нұсқаларын жасауға ұмтылады.

2. Интерактивтік талабы жариялау үрдісінде тұтынушының ЭБ-мен өзара әрекетінің орын алу қажеттілігін білдіреді. ЭБ құралдары интерактивті сұхбат пен суггестивті (ағылшынның suggest-ұсыну, кеңес беру сөзінен шыққан) кері байланысты қамтамасыз етуі керек. Сұхбат ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі ЭБ-ның қолданушының әрекетіне әсері болып табылады. Суггестивті кері байланыс тұтынушының іс-әрекетін бақылайды және түзетеді, алдағы жұмысына нұсқау береді, анықтамалық және түсіндіруші ақпаратқа үнемі кіруге мүмкіндік береді. Тұтыну нәтижесі бойынша қатені диагностика жасауды бақылауда суггестивті кері байланыс білім деңгейін көтеруге нұсқаулар беру арқылы жұмыстың қорытындысын шығарады.

3. ЭБ көрсетілген оқу ақпаратын компьютерлік визуализациялау мүмкіндіктерін іске асыру талабы. Талап ақпаратты бейнелеудің қазіргі заманғы мүмкіндіктерін талдауды (ақпаратты бейнелеу құралдарының техникалық мүмкіндіктері - компьютерлер, мультимедиа проекторы, виртуальді нақтылық құралдары мен қазіргі заманғы программалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері) ЭБ-де оқу ақпаратын беру сапасын салыстыру арқылы болжайды.

4. ЭБ-мен жұмыс істеу барысында тұтынушының интеллектульді потенциалының өсу талабы ойлау стилін (алгоритмдік, көрнекі-бейнелі, теориялық) қалыптастыру, қиын жағдайда ұтымды немесе вариативті шешім қабылдау біліктілігін, ақпаратты өңдеу біліктілігін (мәліметтерді өңдеу жүйесін, ақпаратты-іздеу жүйесі, мәліметтер қоры және т. б. қолдану негізінде) ұсынады.

5. ЭБ-да тұтынушы материалын берудің жүйелік және құрылымды-фукнционалдық байланыс талабы.

6. ЭБ-да берілетін ақпараттар циклының үздіксіздігі мен толықтық талабы, яғни ЭБ немесе сайттардың ақпараттық және коммуникациялық техникамен жұмыс істеудің бір сеанс шеңберінде ақпараттар циклдың барлық буындарын орындау мүмкіндігін беруге міндетті.

ЭБ қойылатын дидактикалық талаптар әдістемелік талаптармен тығыз байланыста. ЭБ қойылатын әдістемелік талаптар нақты берілетін ақпарат көздерінің өзгешелігі мен ерекшеліктерін, оған сәйкес мәселенің ерекшелігін, оның түсініктілік аппаратын, оның заңдылықтарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін, ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін іске асыру мүмкіндіктерін есепке алуды ұсынады.

Төмендегі психологиялық талаптар барлық ЭБ қойылатын талаптар болып табылады:

1. ЭБ материалды беру тек қана ауызша-логикалық қана емес, сонымен қатар сенсорлы-перцепті және ұсынылғын когнитивті үрдістің кезеңдеріне сәйкес болуы керек. ЭБ танымдық психологиялық үрдістің ерекшеліктерін, яғни қабылдауды (айрықша көзбен көру, сонымен қатар дыбыс есту, дәм тату), көңіл аударуды (оның орнықтылығы, шоғырлануы, қосуы, таратуы және көңіл қою көлемі), ойлауды (теориялық, түсініктілік, теориялы бейнелі, практикалық көрнекі-бейнелік, практикалық көрнекі іс-әрекеттік), елестету, жадыны (шапшаң, қысқа уақытта, жедел, ұзақ уақыт бойы, қысқа жадыда ақпараттың орнын басу құбылысы есепке ала отырып құрылуы керек.

2. ЭБ-да материалды баяндау тұтынушылар мен нақты жас мөлшері және дайындалу ерекшелігінің лингвистикалық үйлесімділігі мен көлеміне бағытталуы керек. ЭБ тұтынушылардың білім жүйесі мен тілді білуін есепке алу арқылы құрылуы қажет.

3. ЭБ бейнелі ойлау сияқты, логикалық ойлауды да дамытуға бағытталуы қажет.

Техникалық-технологиялық талаптарға мыналар жатады:

1. ЭБ Интернет-навигация, MS Wіndows 98, Me, 2000 және жоғары ортада қызмет етуі,

2. Жергілікті (компакт-дискі басқа сыртқы ақпарат тасуымалдаушыларда) және желілік режимде қызмет етуі,

3. Қазіргі заманғы мультимедиа және телекоммуникациялық технологияда көптеп қолдану,

4. Жұмыс істеу қабілетінің орнықтылығы мен сенімділігі,

5. Гетерогендік (ЭБ ерекшелігінде қарастырылған, әр түрлі компьютерлерде және басқа да оған ұқсас құралдарда орнықты жұмыс істеу),

  1. Ақауларға орнықтылық,
  2. Қолданушыны рұқсат етілмеген әрекеттерден сақтаудың бар болуы,
  3. Ресурстарды тиімді және дәлелді қолдану,
  4. Тестілеушілігі,
  5. Инсталяция мен деинсталяцияның қарапайымдығы, сенімділігі және толықтығы.

Әр түрлі ЭБ-ға байланысты тарату техологиясы бойынша арнайы технологиялық талаптар қолданылуы мүмкін.

Жергілікті ЭБ қойылатын технологиялық талаптар:

⬥ әр түрлі электронды тасымалдаушыларды қолдану мүмкіндігі;

⬥ электронды және қағаз тасымалдаушыларды қиыстыру мүмкіндігі.

Желілік ЭБ қойылатын технологиялық талаптар:

⬥ жергілікті және желілік режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;

⬥ “клиент-сервер” желілік құрылымына бағдар жасау;

⬥ желіде таратылған және таратылмаған физикалық компоненттердің болуы;

⬥ үрдісті басқару құралдарының (жеңіл басқару, тіркеу құралдары, бақылау, оқу нәтижесін статистикалық талдау) және жалпы ақпараттық қордың болуы;

⬥ коллективтік жұмыстарды ұйымдастыру құралдарының болуы (ақпаратты таратушылар мен тұтынушылар арасындағы кері байланыс) ;

⬥ платформалық және программалық тәуелсіздік.

ЭБ немесе сайттарға қойылатын эргономикалық талаптар тұтынушылардың жас ерекшеліктері ескеру арқылы құрылады, сонымен қатар пайдаланушының мотивация деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді, ақпаратты бейнелеуге қойылатын талаптар мен Сайттармен жұмыс жасау режимін орнатады.

Негізгі эргономикалық талаптар тұтынушыға адамгершілікпен қатынас жасауды , яғни ЭБ достық интерфейсін ұйымдастыру, тұтынушыға қажетті нәрселерді және әдістемелік нұсқауларды есіне түсіруін, еркін жұмыс жасауын қамтамасыз ету болып табылады. Осылардың барлығы тұтынушылардың психологиясына кері әсер етуден қашуға мүмкіндік береді, яғни Интернеттен қажетті ақпаратты іздеп табуда мейірбандық атмосферасын құрайды.

ЭБ немесе сайттарды құру мен қолдануға қойылатын денсаулық сақтау мен эргономикалық талаптар есептеуіш техникамен жұмыс істеудің гигиеналық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді. ЭБББ талдауда бейне-дисплейлік терминалмен (БДТ) және дербес ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысындағы демалыс пен жұмыс режиміне қойылатын талаптар үлкен роль атқарады: ЭБ немесе сайттар жұмыс істеу уақыты есептеуіш техникамен жұмыс істеудің санитарлық нормасынан аспайтындай құрылуы керек.

Арнайы орта оқу орындарында оқу барысында БДТ немесе ДЭЕМ-да жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс орнын ұйымадастыруға қойылатын гигиеналық талаптарды сақтағанда мынадай болуы керек:

⬥ бірінші курс студенті үшін - күніне 30 минуттан артық емес;

⬥ екінші, үшінші курс студенттері үшін - күніне 1 сағаттан артық емес: қосарланған сабақтарда, бірінші сабақта - 30 минут, екінші сабақта - 30 минут, үзілісті, оқу материалын түсіндіруді, оқушылардын сұрауды және т. б. қосып есептегенде БДТ немесе ДЭЕМ жұмыс істеу аралығы 20 минуттан кем емес;

⬥ үшінші курс студенттері үшін БДТ мен ДЭЕМ-да оқу сабағының ұзақтығын БДТ немесе ДЭЕМ тікелей жұмыс істеудегі уақытты қосып есептегенде, жалпы оқу уақытынан 50% кем емес 3 академиялық сағатқа дейін көбейтуге болады.

ЭБ-ның тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне және есептеуіш техникамен жұмыс жасаудың санитарлық нормаларына сәйкес келуі оның негізгі тиімділік шарттарының бірі болып табылады. Мұндай қойылатын талаптарға сәйкес келмеушілік тұтушылардың ақпараттың кейбір бөліктерін толық қабылдамауына (жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар жағдайында) немесе денсаулығының нашарлауына (санитарлық-гигиеналық талаптар) әкеліп соқтырады.

ЭБ және сайттар қолдану жағдайында жаңа және жоғары деңгейдегі эстетикалық талаптар іске асырылуы мүмкін.

Эстетикалық талаптар эргономикалық талаптармен тығыз байланысты және ЭБ-ның қызмет бағытында эстетикалық баптау сәйкестігін, яғни оқу ортасының графикалық және бейнелеу элементтерінің реттілігі мен айқындылығын, ЭБ түстік калоритіне сәйкестігін орнатады.

ЭБ-ға қойылатын эстетикалық талаптарды әрқашанда сақтау және есепке алып отыру міндетті емес.

ЭБ-да құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар қолданушыларға арналған ережелер мен әдістемелік нұсқауларды сауатты және толық дайындау қажеттілігіне негізделеді.

1. ЭБ жасау мен оны қолдану жасаушылар, тапсырыс берушілер, ЭБ қолданушылар арасындағы интерфейсті, сонымен қатар, ЭБ компоненттерінің қызметін меңгеру мен жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған құжаттармен сәйкесінше бірге жүруі керек.

2. ЭБ құжаттары толық және нақты электронды басылымдар мен ресурстарға сәйкес болуы керек.

3. ЭБ құжаттары ЭБ пайдалану тиімділігін төмендетпеуді қамтамасыз етуі керек.

4. ЭБ құжаттары жұмыла жұмыс істеуге және ЭБ компоненттерін қайталап қолдану тиімділігіне мүмкіндік туғызуы керек.

ЭБ екінші тобына қойылатын талаптар жалпы қызмет атқармайды және ЭБББ жекеше түрлерінде ғана таратылады.

1. 2. Электрондық басылымдардың компонненттік
құрамы және оларды жіктеу

Электронды басылымдар және ресурстар

Бүгінгі таңда құрылып отырған форма мен білім беруді ақпараттандырудың көп образдылығы оқыту процесінің дидактикалық тиімділігін максималды жетістікке қол жеткізілуге бағытталуы тиіс. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жеке құралдарын сабақтың әртүрлі ақпараттық-іздеу, эксперименталды-зерттеу және оқу ісіндегі өзіндік жұмыс түрлерінде, сонымен бірге ақпаратты өңдеу, ұсыну және таратуды оқытуда комплексті қолдану кезінде ғана жоғары дәрежедегі дидактикалық эфектіге қол жеткізуге болады.

Әр түрлі салалық үрдістерде бұрыннан белгілі тұтыну ісі түріне қарай тағайындалған программалық құралдарды ұсынатын, алдыңғы қатарлы әлемдік деңгейдегі жаңа өңдеулерді ұсынатын көпфункционалды ақпарат беретін электронды баспаларды (ЭБ) немесе сайттарды жасау, пайдалану арқылы ИКТ құралдарын комплексті түрде пайдалануды іске асыруға болады.

Мұндай ЭБ-ды сала ісінде пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты мәліметті жеткізу, ақпаратты бекіту және қалыптастыру, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру, меңгеру мен талдап қорыту болып табылады.

Көпфункционалды ЭБ мынандай мүмкіндіктері бар:

  • Пайдаланушыі әрекетінің әртүрлі өзіндік шығару және ақпаратын жеткізу формаларын ұйымдастыру;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды әртүрлі іс-әрекеттерінде, сондай-ақ ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу, интерактивті сұхбат, объектілерді, туындыларды, үрдістерді модельдеу, лабораторияларды орындау (виртуалды, нақты құралға алыстан қол жеткезу) және т. б мүмкіндіктерінің барлық жиынын қолдану;
  • Әр түрлі сала үрдісінде мультимедиа, гипермәтін және гипермедиа жүйе технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану.
  • Үйренушілердің білім, іскерлік, дағды, нақты сабаққа дайындалу деңгейі интелектуалды мүмкіндіктерін диагностикалау;
  • Жаңа телекоммуникациялық құралдарда ақпараттар ағынын басқаруды қатамасыз ету;

Жалпы қазіргі кездегі бар БЭ компонентік құрамы

БЭ компонентері болып қарастырылатын оқу ісіне тағайындалған компьютерлік құралдардың негізгі түрлері:

  • Жалпы тағайындалған сервистік программалық құралдар;
  • Үйренушілердің білім деңгейін, дағдысын және іскерлігін бақылау және өлшеу программалық құралдары;
  • Электрондық транежерлар;
  • Математикалық және имитациялық модульдерге арналған программалық құралдар;
  • Алыстағыға қол жеткізу және виртуалды лабораториялық программалық құралдары;
  • Ақпараттық-іздеу анықтамалық жүйесі;
  • Автоматтандырылған білім беру жүйесі(АББЖ) ;
  • Электронды оқулықтар(ЭО) ;
  • Эксперттік оқыту жүйесі (ЭОЖ) ;
  • Интелектуалды оқыту жүйесі(ИББЖ) ;
  • Кәсіптенген әрекетті автоматтандыру құралы (өнеркәсіптік жүйе немесе олардың оқу үйлестігі) ;

Жалпы тағайындалған сервистік программалық құралдар ескірген есептеулерді автоматтандыруға, оқу документерін дайындауға, экспериментальды зерттеу мәліметтерін өңдеуге қолданылады. Оларды лабороториялық практиаклық сабақтарда, студентердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда, курстық және дипломдық жұмыстарын жобалауда пайдалануға болады.

Үйренушілердің білім деңгейін бақылау және өлшеу программалық құралдары олардың құрылу жеңілдіктеріне қарай кеңінен қолданылады. Программалау негіздерінен еш хабары жоқ, тақырыпқа сұрақтар жинақтау және мүмкін болатын жауаптарды дайындай алатын, оқытушыға көмектесетін, пайдалана алатын бірнеше инструменталды жүйе-қабықшалар бар. Үйренуші тек ұсынылған тізімне дұрыс деген бір жауапты таңдайды. Мұндай программалар оқытушыны бақылау тапсырмаларын тарату және олардың дұрыстығын тексеру кезіндегі ескірген жұмыстардан босатылады, әсіресе ол жаппай білім беру шартында көкейтесті меселе. Көпдеңгейлі және жиі білімді бақылау мүмкіндігі пайда болды. Сонымен бірге қайталау арқылы оқу материалдарын бекітеді, өзін-өзі бақылай алады.

Электрондық транежерлар практикалық білімі мен дағдысын шыңдауға арналған. Мұндай құралдар әсіресе қиын жұмыстар және кездейсоқ жағдайлармен оқыту үшін тиімді. Электрондық транежерлар сонымен бірге есеп шығару білімі мен дағдысын дамыту үшінде қолданылады. Бұл кезде олар теориядан қысқаша ақпаратпен қамтамасыз етіп, алжаттығуды әртүлі өзбетінше, бақылау, өзін-өзі бақылау дәрежелерінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері
Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz