МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздері пәнін оқыту
Түркістан - 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ
1.1 Әлемдік білім беру жүйесіндегі 12 жылдық оқытудың үлгілері
1.2 Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық оқытуға көшу
қажеттілігі
2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ
2.1 Қаржы рыногының мәні мен функциялары
2.2 Қор рыногы және оның қалыптасуының ерекшеліктері
3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Нарықты экономика тұсында мектеп оқушыларына экономикалық білім мен
тәрбие берудің қажеттілігі
3.2 Мектеп оқушыларына Экономикалық негіздері пәні бойынша сабақ
берудің үлгілерін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға
қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның
саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар
білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы
білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті
мәселеге айналды.
ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы
және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу
үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам
мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру
жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу
толықтай жүзеге асырылады деп көрсетілді [1].
Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге
қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны
нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына
талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен
оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде.
ҚР 12 жылдық білім беру жағдайындағы мәселелердің бірі оқушылардың
экономикалық білімі мен мәдениетін арттыру болмақшы. Өйткені, нарықты
экономика тұсында халық қоғамдағы қаржы айналымындағы инфляциялық
құбылыстарға, валюта (ұлттық және шетел валюта курстарына), банктік,
сақтандыру және бағалы қағаздар рыногындағы жағдайлармен жақын таныс
болулары қажет. Мәселен, 2007 жылғы экономикалық дағдарыс тұсында халықтың
қаржылық сауаттылықтарының жетіспеуі салдарынан адамдардың көбісі
коммерциялық банктерден жоғары пайызбен алған несиелерін тиімсіз жұмсаудың
нәтижесінде оларды уақытында қайтара алмай, кепілдікке қойған мүліктерінен
айырылып талай шығынға ұшырады. Сондықтан бүгінгі жасұрпақтың келешекте
осындай келеңсіз жағдайларға тап болмаудың алдын алу үшін экономикалық
білім міндетті түрде берілуі тиіс .
Қазіргі кезде де қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі төмен,
олар банктен басқа қаржы құралдарына сенімсіздік білдіреді. Жиі адамдар өз
ақшаларын қайда саларын және қалай пайдалануды біле бермейді, себебі
капиталды салудың балама көздері мен ақша сақтаудың жолдарынан бейхабар,
яғни өз капиталдарын басқару жүйелері туралы үнемі хабардар бола бермейді.
Дамыған нарықты экономикалы елдерде ақшаны көбейтудің немесе ақшаны
капиталдандырудың бірнеше көздері бар. Оларға коммерциялық банктер,
сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтары жатады.
Қазіргі кезде мемлекеттің басыңқы бағыттарының бірі бағалы қағаздар
рыногына халықты тарту, сондықтан бұл мәселеге үкіметтің назары ерекше.
2012 жылы Үкімет халықты бағалы қағаздар рыногына тарту үшін ІРО
бағдарламасын іске асыруға байланысты насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Ол
осы жылдың екінші жартысында Ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарының 10-
15 пайызын қор биржасына шығаруды жоспарлауда. Өйткені, бұл рыноктың
экономикалық және әлеуметтік мәні орасан үлкен. Бүгінгі күні еліміздегі
бағалы қағаздар рыногындағы акционерлердің үлесі өте төмен. Қазақстандағы
халықтың көпшілігі артық бос жатқан ақшаларын банктік депозитке салуды
артық көреді. Ал, әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған қарапайым адамдар
ақшаларын құнды қағаздарға салып табыс табуды әдетке айналдырған.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканы инвестициялау мен халықтың табыс
табуын қамтамасыз етуге әсері ерекше. Алайда, ҚР бағалы қағаздар
рыногындағы өзекті мәселелерге АҚ-дың қор рыногына құнды қағаздардың
шығарылуының төмен деңгейі және сатып алушылардың да аз болуы жатады.
Бірақ соңғы жылдары халықтың бағалы қағаздар рыногына қызығушылығын
арттыру мақсатында инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру үшін
бұқаралық ақпарат құралдарында жиі мақалалар жазылуда, ал теледидардан
Капитал әліппесі, Ақшаң болса сияқты бағдарламалар жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген мәселелердің тиімді шешілуі үшін, жастарды қаржы
рыногындағы жағдайларды талдау жасауға, адамдардың бар ақшасын
капиталдандыруға байланысты экономикалық білім мен мәдениетке, соның ішінде
қаржылық сауаттылыққа отбасы мен мектеп қабырғасында үйренген жөн. Қазіргі
кезде бұл мәселеге байланысты білім жүйесінде біршама жұмыстар атқарылуда,
орта мектептерде Қолданбалы экономика, Экономикалық білім негіздері
және Қаржылық сауаттылық пәндері оқу бағдарламасына енгізілген. Алайда,
олар барлық мектептерде бірдей жүргізілмейді. Кейбір мектептерде 4 сыныптан
басталса, басқа мектептерде жоғары сыныптардан басталады. Ал, ауыл
мектептерінің бәрінде бірдей бұл пәндер жүргізілмейді. Сондықтан келешекте
экономикалық пәндердің барлық мектептерде оқытылуын бір жүйеге келтіру
қажет сияқты. Келесі мәселе мектептердегі осы пәндерді жүргізетін
мұғалімдерге қатысты, өйткені жиі бұл пәндерді арнаулы мамандығы жоқ
адамдар оқытады. Осындай мәселенің болуына қарамастан құқық және экономика
негіздері мамандығын бітірушілерге облыстық білім беру басқармасы
мектептерге орын бөлмей отыр.
Халықтың, оның ішінде жастардың экономикалық білімдерін арттыру
мәселесі экономикалық пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдердің оқу
үрдісінде қолданатын әдістеріне де байланысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәні: Қоғамымыздың
әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына
байланысты, білім беру жүйесіне жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап
қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі оқу үрдісінде
балалардың экономикалық білім деңгейінің дамуын, олардың экономикалық
құбылыстарды әрі қарай өз өмірлерінде қолдануын, тәжірибеде пайдалануларына
мүмкіндік беру. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінде мұғалімдер
экономикалық білім мен мәдениетті оқушылардың жоғары деңгейде игеруі үшін
оқытудың инновациялық технологияларын кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар
оқушылардың жоғары деңгейде білім алуы әр педагогтың жетік білім деңгейіне,
біліктілігіне, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданып сабақ берулеріне де
байланысты.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Қаржы рыногының теориялық
негіздерін зерттеу. Мектеп оқушыларына бағалы қағаздар туралы сабақ берудің
жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің, бағалы
қағаздардың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей
отырып, мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын
анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына
келесідей міндеттер қойылады:
- 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі мен оның әлемдік
тәжірибесін қарастыру;
- бағалы қағаздардың теориялық және тәжірибелік мазмұнын зерттеу;
- мектеп оқушыларына қаржы жүйесіндегі бағалы қағаздар рыногы туралы
сабақтар өту арқылы қаржылық сауаттылықтарын қалыптастыруды қарастыру;
- мектеп оқушыларына Бағалы қағаздар рыногы атты тақырыпты оқытудың
тиімді әдістерін анықтау.
Диплом жұмысының ғылыми және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді
12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер, соған лайықты ұстаздар даярлау
мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар А. Құсаинұлы, М.Н.
Сарыбеков, А. Құсаинов және тағы басқалар. Қазақстандағы қаржы рыногының
қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері
қазақстандық экономистер Я.Әубәкіров, Қ.Қ. Ілиясов, М.Ә. Тілеужанова,
Г.С. Сейтқасымов, Б.А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А.А. Арыстановтардың ғылыми
еңбектерінде қарастырылған. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің
мазмұны Қ. Ағанинаның еңбектерінде орын алған. Дипломдық жұмыс осы
авторлардың еңбектеріне сүйеніп орындалды. Сонымен қатар БАҚ шыққан
мақалалар пайдаланылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің
қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау
Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы: Түркістан қаласының №
8-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында, осы
мектептің 5-7 сыныптарында қаржы сауаттылық пәнінен қаржы тақырыптары
бойынша ашық сабақтар өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспе, тарау, параграфтан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең
өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшу болып отыр, яғни қазіргі кездегі білім берудің бұл
үлгісі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады, ал оның пайда болуы соңғы
жиырма-отыз жылдар арасындағы ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге
қол жеткізуіне және жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында
кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай, сондықтан жастарды жаңа
кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары
деңгейде білім беру қажет. Бүгінгі таңда осындай өзекті мәселені шешу үшін
жаһандық білім беру жүйесі оқытудың 12 жылдық жүйесіне көшуді қолға алды.
Әрине, Қазақстан Республикасы да, әлемдік кеңістіктің бірі ретінде, бұл
мәселеден шет қалмай, керісінше, Қазақстанның білім беру жүйесі
дүниежүзілік білім қауымдастығына енуге бар күшін салып, осы салада жаңарту
іс шаралары жоғары деңгейде жүргізілуде. Еуропа Кеңесінің Декларациясына
(1992) сай әлемнің 140-қа жуық мемлекеттерінде білім жүйесі 12 - жылдық
оқытуға көшірілуде, оның ішінде дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия,
Франция, Финляндия және т.б, ал бұрынғы Кеңес одағына мүше елдерінен
бірқатар мемлекеттердің осы жүйеге өткеніне хабардармыз.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты келешекте
жастарды дамыған қоғам тұсында өмір сүре алатын, еліне пайдасын тигізетін,
өз-бетінше білім алып, оны тәжірибеде тиімді қолдана алатын, білімге
қызығушылықпен қарайтын, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі: пәнді оқыту барысында оқушылардың
терең білім алуы үшін, яғни білімді, білікті мамандыққа бағыттауды,
құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуға мүмкіндік беру.
Сонымен қатар, оқушылардың денсаулығына үлкен мән беріліп оған барлық
жағдайлар жасалады, яғни олардың сабақ уақытын қысқарту, ауылды жерлерде
оқушыларды тасымалдау үшін көлік мәселесінің шешілуі қарастырылады.
12 жылдыққа көшу барысында оқу үрдісін ұйымдастыру белгілі қағидаларға
негізделеді:
- жеке тұлғаның жас ерекшелігінің, оның денсаулығының жағдайының
ескерілуі;
- алдына мақсат қойып әрекет етуі;
- ашықтығы;
- интерактивтігі.
12-жылдық білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылған интеграцияланған
пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:
- Қоршаған әлем,
- Өзін-өзі тану,
- Көркем еңбек,
-Жаратылыстану,
- Қоғамдық білім негіздері,
- Көркем мәдениет,
- Әлемдік көркем мәдениет,
- Экономика,
-Құқық
Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:
-мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына
сәйкестендіру;
-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс
жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты,
үздіксіз дамуға жағдай жасау;
-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру ортасы
ретінде қарастыру;
-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім
мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі құзыреттілікті
компетенцияларды, технологияларды енгізу;
-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен
таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны
қалыптастыратын оқу ситуацияларын кеңінен қолдану;
- білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының
білім алудағы талғамын ескеру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды
іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық
өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін
қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық,
технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары
бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.
Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер)
барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге
асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:
- білім алушының дайын білімдерді алушы ретіндегі енжар қалыптан
танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын
қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін
көтеруді;
- оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың
құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;
- білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен
мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне,
олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;
- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін
сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда
сабақтастықтың сақталуын;
- білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші түлектердің тұлғалық
сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін
нәтижелерді болжауды;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі
әлеуметтендіруді;
- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу
жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың,
мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.
Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат міндеттері 12 жылдық білім беру
жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген
мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері
белгіленген:
- білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар
жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
- метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты
өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің
әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
- пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім
беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Жалпы орта білім беру саласына прогрессивті өзгерістерді енгізу
ұсынылуда. Бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі ғылым негіздері бойынша
білім мазмұнын жетілдіру десек, мектептегі оқытылатын білім көлемін
әрдайым үстемелеп отыру қажетілігі дәлелденіп отыр.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі пәндермен қатар экономика ,
экология, валеология, психология, саясаттану, дінтану ғылымдары негіздерін
оқыту заман талабына айналуда. Сонымен қатар, балалардың жалпы
психологиялық дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен шықпай,
талапқа сай келуін қадағалау, білім мазмұнының оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагог ғалымдардың
жұмысына қойылатын негізгі талап болуда. Осындай талаптарды қанағаттандыру
мүмкіндіктерінің бірі ретінде мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді
түзіп, оны мектеп практикасына енгізу болып отыр.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда материалдық-
техникалық базаны жаңартуға және білім беру саласын қаржыландыруға
айтарлықтай көңіл бөлінуде.
2008-2009 ж.ж. оқу жылдарында Республиканың 96% мектептері интернет
желісіне қосылды. Қазақстандық білім беру порталы құрылды.
Ауыл мектептерінің дамуын қамтамасыз ету үшін Ауыл мектебі
бағдарламасы іске асырылды. Қазақстан мектептерді компьютерлендіруді ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып аяқтады. 100 мектеп, 100 аурухана, Жол
картасы бағдарламалары жемісті түрде жүзеге асырылуда.
12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық
базаны жаңарту жэне жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика,
химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр.
Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1,04 млрд. теңгеге 1000
интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бүл мектептерді толығымен жабдықтау
үшін тағы да 721 мектепке интерактивті қүралдар алу үшін бюджеттен 7,3
млрд. теңге қарастырылған.
2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін
мектептердің 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен
физика, химия жэне биология кабинеттері жабдықталатын болады. 2008-2010
жылдары лингофондық жэне мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092
мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға - 2 676 454 мың теңге,
2009 жылға -2 543 319 теңге жэне 2010 жылға - 2 3 31 193 мың теңге.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді
қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды
әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер жүргізілді. 2009 жылға
Оқулық РҒПО-ға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты. Қазақстанда білім
беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын
жүзеге асыру нәтижесінде:
- қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық
базасын нақтылауға;
- мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары
оқу орындарындағы білім мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей
етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын
іріктеуге;
- түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу
жүктемесін азайтуға;
- білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын
ендіруге;
- білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу
жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы
дайындауға;
- өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін
құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
- қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби
дайындау жүйесін жетілдіруге;
- Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты
кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы
жаңа жүйелерді ұсынуға;
- мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен
балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық
ұсыныстар жасауға;
- мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне тиімді жолмен көшуіне;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының
сапалық деңгейін көтеруге;
- жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
- білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
- жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету
жұмыстарын жетілдіруге;
- педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
- білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына,
жағдай жасауға;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға
бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.Қазіргі
таңда құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім беру мүмкіндіктері
қарастырылу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім
беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей
алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру
жоспарланған [3]. 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді
ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы
білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [4].
Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам
дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық
өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға
қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң
ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн. “Тұлға ”-адамның келешек
өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп,
қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі,
көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық психологиялық
тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе
күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория
болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт
озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын
үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл процесте жеке тұлғаның
психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар
дәлелдеп отыр.
Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім
беру жүйесі, мектеп үлгісі және орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі
құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда,
Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда
14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек
экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.
Мәселен, АҚШ ХХ ғасырдың 90-жылдарынан білім жүйелеріне жаңа бағыт
беруге бет бұрды. ХХ ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа
негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде америкалық
прагматикалық педагогика экземплярлық, кафетериялық деп аталып кеткен
білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп
оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. 1983
жылы АҚШ Үкіметінің Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет атты
баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы
бөлінді.
АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар
аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас
аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып
келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші
орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары
таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті
түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік
пәндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пәнге қоса
келешектегі мамандығына жақын бейінді пәндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы
бағалармен бітіргендері грантқа ие болады.
Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады.
Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет
тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушының білімін бағалаудағы басты әдіс –
тест. Қазіргі таңда көбіне тесттердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті
көп қолданады.
Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің
бірі болды. 80 жылдары бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу
орындарын көбейткен. Жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген,
барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан әрі балалар өз
қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра
алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сәйкес барлық
мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін
білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымды
болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан
жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа
көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5-10
сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз
білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға
жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-
практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия,
биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты
училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-
техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар)
толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие
болады. Гимназиядағы міндетті пәндер: неміс тілі мен әдебиеті, тарих,
география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану болып
табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада
оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту
барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: тіл-әдебиет-
өнер, әлеуметтік білімдер, әлеуметтік-экономикалық және т.б. Неміс
тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті
пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-
дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік,
әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми
пәндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пән бойынша емтихан
тапсыру арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған
оқушылар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл
аттестат кез-келген бейінді оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ға түсуде
оқушының аттестаты, яғни орташа ұпайы негізгі рөл атқарады.
Сонымен Германияда он, он бір, он екі жылдық мектептер арасында
жүйеліліктің сақталғаны көрінеді.
Францияда ХХ ғасырдың ортасында білімді қаржыландыру 14 есеге өсіп,
ақысыз оқу мен ақылы оқудың ара қатынасы 80 бен 20 пайыз болған. Бұл
мемлекет мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы
қатарлы мемлекет болып табылады. Онда Аналық мектебі және Бүлдіршіндер
сыныбы балабақшалары бар. Францияда 12 жылдық білім беру жүйесі
бекітілген. Онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп
ақысыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар
мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде
жалғастырады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж
–бастауыш сынып негізінде құралған. Бітірушінің кәсіби мамандығына сәйкес
(бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие болады. Бастауыш
және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда
арнайы екі шкаланы қолданады. Мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылардың
барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.
Англия және ағылшын тілді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді 4
түрлі мектеп түрі қызмет етеді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан
кейін балалар мектептің берген сертификатымен жұмысқа орналасуларына
болады. Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай
және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның
шешімімен қабылданады. Оқушылардың үлгірім деңгейлеріне қарай оқуларын әрі
қарай жалғастыруға болатын мемлекеттер қатарына Германия, Франция, Жапония
сияқты елдер жатады.
Әлемдік тәжірибе мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығуымен бірге
білім саласын қаржыландыру қатар жүргенін көрсетеді. Мәселен, 1955 пен 1985
жылдар аралығында Жапонияда білімді қаржыландыру 20 есе артқан. Бұл елде
мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл
шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапонияда
балабақшалар білім берудің маңызды бөлімі емес. Балалар балабақшаға ата-
аналарының қалауымен 4 жаста да баруы мүмкін. Жапон елінде 9 жылдық білім
беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық бастауыш мектеп - чугакко,
3 жылдық кіші орта мектеп – чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-
гакко). Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған
сабақтар – жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, өнер,
қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке
емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест.
Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте
жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).
Моңғол елінде 12 жылдық білім беру жүйесіне 2006 жылы көшірілу
басталып, кейбір аймақтар мен аудандарда эксперимент жүргізілген. 12
жылдықтың алғашқы түлектері 2014-2015 аралығында бітіреді. Балаларды
мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. Монғолияда 12 жылдық білім беру жүйесі
6+3+3 сатыларынан тұрады.
Қытайда 1990 жылдардың аяғында жаппай білім беруге байланысты 9 жылдық
білім беру енгізілді. Ал жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ
бұл барлығына міндетті емес. Қытайда мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас
аралығын қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды,
бастауыш, орта толық емес, толық орта білім беру жатады. Қытай білім беру
конституциясында жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық мерзім бекітілген. Оқу
бағдарламасында бастапқы 1-2 сынып, негізгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар),
бастауыш орта 3 жыл (7-9 сыныптар). Бастауыш сыныпта енгізілген жаңа пән
Адамгершілік және өмір. Бұл пән орта бастауыш сыныпта (3-6 сыныпта)
Адамгершілік және қоғам болып күрделенеді де Ғылым пәні деп оқытыла
бастайды. Бұл пән балаларды ғылыми жұмыстың негізгі әдістерімен таныстыра
отырып, олар жасерекшелігіне қарай ғылыми жобалар даярлайды. ҚХР
мектептерінде тест арқылы педагогикалық бақылау жасалынады.
Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және
тәрбиеден басталады. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және
жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады.
Одан А дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға
болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар ЖОО-на түсе алады.
Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы
№9 заңда енгізілген болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік
білім беру жөнінде №30 заңда өзгертулер енгізген. 2001-2002 оқу жылына
сәйкес мектептік білім берудің екі дәрежесі енгізілген: базалық мектеп (1-7
сыныптар) және толық орта мектеп (8-12 сыныптар). Базалық мектепке 6
жастағы балаларды бастауыш мектепке қабылдайды.
Канадада 12 жылдық білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен
сипатталады. Балалар мектепке 6 жастан барады. Басқа елдердегідей Канадада
білім беру бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардан тұрады. Оқу жылы
қыркүйекте басталып, келер жылдың маусым айында аяқталады. Оқу мерзімі әр
түрлі көп аймақтарда ( Квебек провинциясында ғана оқу 11 жылдық) 12 жылдық
білім беру орын алған, тек Онтарио провинциясында 13 жылдық білім алу
бекітілген әрі арнайы емтихан тапсырумен аяқталады. Канададағы мектептегі
білім берудің құрылымы мынадай: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 7-9
сыныптар, толық орта білім 10-12 сыныптар. Міндетті білім беру 16 жасқа
дейін деп бекітілген. Толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқушылардың 90% бітіреді. Бастапқы кәсіби білім беру орта мектептің жоғары
сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады. Мектептегі білім беру
ағылшын және француз тілдерінде жүргізіледі. Мектептегі білім алу ақысыз
және он жылдық оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13)
сыныптарда жалғастыруы мүмкін, болмаса колледжге барып оқуға құқығы бар.
Финляндиядағы білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау
нәтижесінде талай жетістіктерге жетті: экономиканың өсуіне, елдің
әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық
пәрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық
өркениетті елдері қатарынан көрінуде. Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл
қоғамды жұмылдырды, мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінді,
мұғалімдердің айлық жалақысы 2-3 мың евроға өсті, оқушылар мен студенттерге
стипендия тағайындалды, оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро бөлінеді.
Оқушылардың денешынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын
азайту, салауатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен
технология жетістіктерімен кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер
аясында өткізу арқылы қол жеткізуде.
Норвегияда 1994 мен 1998 жылдар аралығында орта білім беру реформасы
жүргізілді. Орта білім жүйесі 13 жылға дейін бекітілді. Он жылдыққа
бастауыш және орта сыныптар кіреді, қалған үш жыл жоғары сыныптар болып
саналады. Бастауыш мектепте сурет, музыка, математика және физика, ағылшын
тілі мен ана тілінен басқа христиандық дінтану, үй экономикасы және таңдау
пәндері міндетті түрде оқытылады. Норвегиялық мектептерде оқушыға баға қою
тек 8 сыныпта ғана басталады 12-13 жаста. 8-сыныпта баға қоюмен қатар жаңа
пәндер енгізіледі: бухгалтерлік есеп, экономика, әрі алғашқы кәсіби бағдар
беретін пәндер. Мұғалім оқушының жетістіктерін арнайы дәптерлерде
жинақтайды, егер қажет болса оқушыда оқу-тәрбие үдерісі барысында кездейсоқ
жағдайлар, көкейкесті мәселелер туындаса мұғалім ата-анамен жазбаша түрде
байланыс жасай алады. Мектептерде 16 мен 19 жас аралығындағы оқушылардың
толық орта білімді тәмамдап шығуы заңды түрде бекітілген, ол 3 жылдық білім
берумен шектеледі. Жоғары сыныптарда кәсіби бағдар беру тереңнен
қарастырылады. Әрбір мектепте екі негізгі міндетті бөлімдер бар:
академиялық және кәсіби шеберлік. Кейбір жағдайларда мектептегі оқу бағыты
үшке бөлінеді: академиялық, дәстүрлі, кәсіби шеберлік пәндер (құрылыс ісі,
жөндеуші) болып табылады. Бір жыл ішінде 36 оқу аптасы жоспарланған.
Бастауыш мектепте 20 оқу сағаты бекітілген, ол: математика - 4, норвеж тілі
- 6, табиғаттану - 1, ағылшын тілі - 1, сурет өнер, еңбек, дене тәрбиесі,
музыка 1-2 сағаттан және дінтану 2 сағат болып жоспарланған. Әрбір сыныпта
10 оқушы оқиды, кейбір жағдайда 1-2-ші сыныптар мен 3-4 сыныптар
біріктіріледі. Оқу жоспарын мұғалімдер мемлекеттік бағдарламаға сүйене
отырып жарты жылға жоспарлайды, ал әр аптаның жұмасында әр пәнге сәйкес
тақырыптар таңдалады. Журналдар жоқ, мұғалімдер тақырыптық және күнтізбелік
жоспарлар жазбайды. Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп ЖОО-ға
түсуіне көп көңіл бөлінген. Жоғары сыныптарда оқушылардың өздері таңдаған
пәндері сабақ кестесіне қойылып жүргізіледі. Егер бірінші оқу жылында
апталық оқу жүктемесі 30 сағатқа тең келсе, келесі жылы бұл сағат
өзгертіледі. Екінші жылы 18 сағат міндетті пәндер қойылса, қалған 12 сағат
оқушының таңдаған пәні оқу жүктемесіне енгізіледі. Ал, үшінші жылы аталмыш
оқушылар міндетті пәнге аптасына тек 14 сағат бөліп, қалған 16 сағатты
өздерінің таңдаған пәндерін меңгеруіне рұқсат етіледі. Оқушылардың пәнді
қаншалықты меңгергенін анықтау үшін Норвегияның емтихандық секретариаты
таңдау емтихан-сынағын жүргізеді. Аталмыш уақытқа екі күн қалғанда мектепке
арнайы оқушылардың тізімі бар конверт жіберіледі, аталмыш тізімдегі
оқушылар ғана емтихан тапсырады. Ережеге сәйкес бірінші жылғы оқуда
оқушылардың тек 10%-ы, екінші жылдан кейін 25%-ы, мектепті бітіргенде 50%-ы
емтихан тапсырады. Емтиханның негізгі мақсаты ұлттық білім деңгейін
анықтау. Негізгі мектепті бітіргенде оған тағы міндетті екі емтихан
қосылады, ол - норвеж тілі мен таңдауы бойынша бір пән тапсырылады. Негізгі
мектепті бітіргенде 80% оқушылар ЖОО түседі, ал 20% колледждердің
студенттері қатарына қосылады. Норвегияда университеттер мен колледждерге
түсуге емтихан тапсырылмайды. ЖОО түсуге оқушының мектепті бітіруі туралы
алған аттестаты негізгі рөл атқарады.
Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге
асырылатындығы анықталды, олар:
1.Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру, білімнің ашықтығы,
біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.
2.Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен
талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін
қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен
қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге,
дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.
3.Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына,
қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша
дамыту көзделген.
4.Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез
бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.
5.Әрбір оқушыда сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты
рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекітілуі.
Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім
беруге көшу Қазақстан мектептерін:
1. Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.
2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.
3. Кәсіптік білім береді.
4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Қорыта келгенде, әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік
ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз
Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты
дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді
жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар, білім саласына өзгерістер енгізу
үшін оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет
сұранысына бейімдеу керек.

Дамыған елдердегі білім беруді реформалау эволюциялық, революциялық
жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп,
интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолымен дамуда.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
еліміздің Қазақстан - 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында көрініс
тапқан әлеуметтік сектордағы құрамдас үш мәселеге, яғни халықтың
денсаулығы, жоғары білім деңгейі және ұлттық рухани – адамгершілік
мәселелеріне Қазақстан халқының назарын аударды. Аталған стратегияны
орындауға байланысты Ел Президенті әр жылы Қазақстан халқына үндеу жолдап,
стратегияның орындалғаны және келесі кезекте нені орындауға болатыны туралы
бағыт-бағдар беруде. Соның ішінде білім саласы да бар. Мәселен, 2006 жылғы
Жолдауының төртінші басымдығы білім саласына арналып, онда білім жүйесінің
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы айтылған
еді [2]. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз атты Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді. Мен
үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және
тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім деп атап көрсетті [3]. Ал 2012
жылғы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты
атты Жолдауында мектеп оқушыларына сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін арттыруға байланысты Әр өңірде педагогтардың біліктілігін
арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс деді [4].
Білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға
білім беруде оның өмірлік тәжірибесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту
және оқушыларға экономикалық тәлім – тәрбие берудің бәрі соған лайықты
жаңа тұрпатты ұстаздар даярлауды қажет етеді.
Елімізде бейіндік мектеп, соған лайықты ұстаздар даярлау
мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар: олар Амангелді Құсайынов,
Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Асқарбек Құсаинов, Д. Қазақбаева және тағы
басқалар. Аталған ғалымдардың ішінде академик М.Н.Сарыбеков он екі жылдық
мектептерге қандай ұстаздар керектігін айтып, 21 ғасырдың жаңа тұрпатты
ұстаздарды даярлаудың нобайын ұсынған еді [5].
Жалпы орта білім 12 жылдық білім берудің нобайы 2007 жылғы “
Білім туралы” заңында қарастырылған еді. Ол бойынша: бастауыш мектепте оқу
мерзімі 4 жыл, негізгі мектепте 6 жыл, ал жоғары мектепте 2 жыл [6]. Ал
2008 жылғы Жолдауда “білім саласының басты міндеті -2010 жылға дейінгі
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы
саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту” делінген [7]. Мұндай құжат-
тұжырымдамалар әрбір шет мемлекеттерде де бар. Әрине, олардың басты бағыты
жастарға лайықты білім беру.
Білім беру мемлекеттік тапсырыс болғандықтан, мемлекеттің
қаржысына сәйкес білім беру жоспарын жасау және соны орындау керек.
Бүгінгі жалпы орта білімнің бағыты өркениетті елдерден
қалмау, тегін, міндетті орта, үзіліссіз білім беру, мектептердің әр түрін
енгізу.
2008 жылдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің 12
жылдыққа көшуі басталып, ол 2015-2020 жылдары толығымен іске асуы
қарастырылған еді. Бірақ бұл жоспар 2008 жылы жүзеге аспай қалды, оның
кейінге шегерілуіне әсер еткен кейбір төмендегі себептерді атап өтуге
болады: 201 мектеп апатты жағдайда, 70 мектеп 3 аусымда, 1 мектеп 4 аусымда
жұмыс істеген, мектептердің 25,1 пайызы күрделі жөндеуді қажет еткен.
Сонымен қатар жеткіліксіз деңгейде ағылшын, химия, физика және биология
кабинеттері жаңа құралдармен жабдықталған болып шықты. Осылардың бәрі 12
жылдық моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.
“Құзыреттілік”- сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге
асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара
байланысқан қасиеттерінің жиынтығы). Оқушылардың негізгі құзыреттілігі
ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу- танымдық, ақпараттық
технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту
құзыреттіліктері белгіленген [4]. Яғни, оқушылар мектепте алған терең
білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге
асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Демек,
бүгінгі таңда құзыреттілік тұрғы білім мазмұнын таңдау, білім берудің
мақсаты мен міндетін, нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттармен тікелей
байланыста бола отырып, білім берудің жетекші үлгісіне айналуда.
Мамандардың пікіріне сүйене отырып, 12- жылдық білім жүйесіндегі жалпы
орта білім мазмұнын анықтауды тікелей құзыреттілік тұрғылар негізінде
анықтаған орынды болады деп есептеп, әрбір білім аймақтары бойынша,
ғалымдар мен білікті мамандардан құралған ұжым білім беру аймақтары
бойынша құзыреттіліктерді анықтады. Қазіргі уақытта жеке пәндік
құзыреттіліктерді анықтауға кірісті. Осы пәндік құзыреттіліктер негізінде
оқушылардың болашақ өміріне ең қажетті деген білім мазмұны таңдалынып
алынады. Бұл Қазақстан Республикасы 12-жылдық жалпы орта білім берудің
мемлекеттік стандартының негізгі ерекшеліктерінің бірі болмақшы. Осы
айтылған білім аймақтарының бірі “ Қоғамдық білім” білім аймағына қатысты
анықталған құзыреттіліктер жобамен төмендегіше сұрыпталды:
Қоғамдық білім білім беру аймағы бойынша құзыреттіліктерді
айқындау басты мәселе.
Коммуникативті құзыреттілік: тарих, қоғам, тұлға, қарапайым
экономикалық терминдер, заң және құқық туралы өзіндік пікірлер
қалыптастыру; тарихты кезеңдерге бөлудің принциптерін, қоғам мен заң
арасындағы өзара байланыстарды, қоғамның тарихи және экономикалық дамуының
негізгі заңдылықтарын білу;
Ақпаратты-технологиялық құзыреттілік: жалпы тарихи оқиғаларды
білу, қоғамның экономикалық дамуының, тарихи оқиғалардың себеп-салдарларын,
заңдылықтарын талдау, түсіну және түсіндіре білу.
Кеңістікті-графикалық құзыреттілік: тарихи оқиғаларды уақыт және
кеңістіктер арқылы баяндауды қалыптастыру, тарихи материалдар арқылы
мемлекетер мен халықтардың орналасуын анықтай білу,
Ғылыми-логикалық құзыреттілік: Тарихи оқиғаларды баяндай білу,
зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру, экономикалық теория негіздерінің
мәнін түсіну, қоғамдық қатынастар және адам құқы туралы негізгі принциптер
мен ережелерді білу.
Жалпы білім мазмұнын жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын
дамытуға бағытталған білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі
ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын
анықтау – білім мазмұнын таңдау ұстанымдарына тәуелді деуге болады.
Мамандар оқу материалдарын іріктеуде белгілі дидактикалық ұстанымдарды:
ғылымилық. тарихилық, тұтастық, жүйелілік, тиімділік, сабақтастық,
көрнекілік, бірізділік, жас ерекшелігіне сәйкестілік және соңғы уақытта
ұсынылып жүрген: ұлттық, аймақтық ерекшеліктерін ескеру мен мазмұнның
еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылығына тікелей сәйкес келу
ұстанымдарына міндетті түрде сүйенеді.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, білім мазмұнын жетілдіру
жұмыстарында басты ескерілетін мәселенің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиесінің
негізі боп саналатын Қазақстан Республикасы азаматтарының осы өлкедегі ата-
бабаларының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, туған өлке тарихымен
тереңірек танысу болуы шарт екендігінде .
Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ ойшылдарының
өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа таныстырып, олардың адамгершілік,
отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жаңғырта түсуге
қазақстан ғалымдары да өз зерттеулерімен үлес қосуда. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz