Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Түйін
12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен
тәрбие берудің аспектілері. Бұл диплом жұмысында 12 жылдық білім беру
ерекшеліктері мен оқушыларға құқықтық білім беру мен тәрбие беру жолдары
қамтылған.

Аннотация
Основные аспекты обучение правовым знаниям и воспиание учащихся школ в
системе 12 летнего обучения. В дипломной работе рассмотрены особенности 12-
летнего образования и пути правового обучения и воспитания учащихся.

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-8

1 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен
тәрбие берудің негізгі аспектілері
1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудегі негізгі күтілетін
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-16
1.2 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттілігіне байланысты
негіздемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-24
1.3 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24-32

2 12 жылдық мектепте құқықтық білім берудің ерекшеліктері
2.1 Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-38
2.2 Мектеп оқушыларына құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастырудың маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .38 -45
2.3 Құқық негіздері оқулығы бойынша оқушыларға құқықтық тәрбие беруді
ұйымдастырудың негізгі
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...45-50

3 Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмыстарының жүйесі
3.1 Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сана сезімдерін
қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..51-56
3.2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні мен танымдық сипаты ... ... ... ..56-
65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық
жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным - тұлғаның жеке
дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп,
сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде
еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық
мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі
жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды
дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді.
Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар,
оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал
бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей:
• жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі;
• жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;
• жеке тұлғаның өз ойын еркін, нақты айта білуі;
• өз еркімен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейімділігі;
• жоғары білімді, білікті шығармашыл дамыған тұлға ретінде болуы.

Жалпы білім беретін мектептерге құқықтық тәрбиемен қатар, құқықтық
білім беру жұмыстары да жүргізіліп келеді. Оқушы жастардың ең сенімді
ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы мұғалім деп ұлы қаламгер
Ғ.Мүсірепов айтпақшы, Мектептің тірегі де, жүрегі де-мұғалім

Сондықтан мұғалім, баланың оның жеке қабілеттерін ашу арқылы азамат етіп
тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, баланың танымдық күшін
қалыптастыру, дамыту, әрбір мұғалімнің қасиетті борышы мен міндеті.
Құқықтық білім беру мен тәрбие алудың ең негізгі ережелері Республикадағы
заңдарды оқып үйрену және қоғамдағы тәртіпті сақтау болып табылды. Құқықты
оқу арқылы кез-келген бала өзінің қоғамдағы орнын, құқығы мен міндеттерін,
бостандығын түсіне алады. Құқық негіздері пәні оқушыларды адамгершілік
идеясын тәрбиелеп, жоғарғы мәдениетті, тәрбиелі, парасатты азамат болып
шығуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаз оқушы бойына мынандай қасиеттерді
қалыптастыра білу керек. Жеке тұлғаның күш-қуат, талант мүмкіндіктерін ашу,
әрбір оқушының ой-жүйесін кеңейте түсуге қолайлы жағдай жасау, азаматтың
қоғам алдындағы жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін білу, туған
жерін, Отанын, өскен елін, ата-атанасын сүюге тәрбиелеу, ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрыпты, тілді, дінді құрметтеу, қоғамның мәдени экологиялық
және саяси өміріне белсене қатысуға тәрбиелеу. Құқықтық білім, тәрбие –
құқықтық сауаттылықтан басталады. Азаматтарға құқықтық білім беруге
құқықтық қарым – қатынас мынандай жолдармен іске асырылады:
1. қарым қатынас
2. қарым қатынастағы мұғалімнің жылулық сезімі
3. оқушымен (жеке тұлғамен пікірлес болуы)
Құқықтық білім берудің реформалауына ҚР–ның Конститутциясы, ҚР білім
беру туралы заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясы, балалардың құқығы туралы конвенция, білім
туралы концепция және басқа құқықтық нормативтік актілер негізі болады.
Концепцияның негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңарту болса,
Конвенцияның негізі – бала құқығын қорғау болып табылады. Еліміз құқықтық
мемлекет құруға кірісті. Бұл іс – шараның басты принциптерінің бірі –
құқықтың білім берудің сапасын арттыру. Құқықтық білім – адамға да,
қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен
уақытта, біздің қоғамымызға жан – жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай
алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз ұлтжанды азаматтар
қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ал,
құқық пәнін оқыту барысында әрбір ұстаз оқушылардың өмірлік тәжірибелерін,
сенімдерін қалыптастырып, олрдың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл,
ынтымақтастық, ұлтжандылық мұраттарына дұрыс бағыт беріп отыру керек.
12 жылдық білім беруге көшу қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін
жетілдіруді көздейді.
Білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай
өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім,
құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, болашақ кәсіби
бағдарын айқындауға игі ықпал ету болып табылады.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Ел
Президенті өзінің 2010 жылғы кезекті Жолдауында 2020 жылға қарай 12 жылдық
оқыту моделінің табысты жұмыс істеуіне жағдай жасау керектігін атап
көрсетті.
Әлемдік және Отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта
білім беруге көшудің негіздемесіне сәйкес білім беру жүйесінде әлемдік
дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы;
- постиндустриялдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдени аралысу өзара қатынас
ауқымының кеңеюі;
12 жылдыққа байланысты көптеген ғалымдар біраз ұсыныстар жасады:
-мұғалімнің құзіреттілігін, жалақысын көбейту;
-жаңа типтегі мұғалімдерге сұраныс пен қабылдауда әділеттілік болуы.
-ұсынысын білім моделін жасау, дене тәрбиесі, салауаттылық, имандылықты
уағыздау;
-қазақ тілін өз деңгейіне көтеру;
Қазіргі таңда білім беру саласында мынандай жұмыстар атқарылып
келеді:
-балаларды мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуін
арттыруға бағытталған Болашақ арнайы бағдарламасы іске-асырылуда.
-2015 жылға қарай ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020ж.
енгізілген талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз
нәтижелерін беруге тиіс.
-2020ж. қарай 2020ж. орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты
жұмыс істеуі үшін қажет.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз
пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып,
келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық,
мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-
педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Ал 12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік
талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі
ықпал етуді мақсат етеді.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана
білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына
қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы.
12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты ұйымдастырылып
жатқан іс-шараларды атап өтетін болсақ: біріншіден, педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі және жоспарлы өтіп жатыр.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік
позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана
айқындала түседі.
Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен
дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез-келген әдіс-тәсілді оқу-
тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны ата-
анасымен, құрдастарымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің
педагогикалық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді. 12 жылдық білім беру
жүйесі бойынша бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі 3 компонентпен
таныс болуы тиіс. Олар:
-профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында
көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара
байланыстылығын меңгеру;
-инварианттық компонент – мемлекетттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі
талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының
бөлімін меңгеру;
-тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын
қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу
жоспарларын меңгеру.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның
кәсіби шеберлігі жөнінде, жаңа реформалау үлгідегі талаптарды орындауы.
Сонымен, білім реформасы инновациялық – дидактикалық іс-әрекетті,
инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет
субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына жол ашады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдің тұрақты
өзгерістерді ескерте отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын
қамтамасыз ететін жалпы орат білімді дамытудың қарқынды арттыру
қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту
міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын
сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы
зор. [1].
Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары ме дамыту
стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
1) 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып
көрсету;
2) 12 жылдық білім беру көшудің қаржылық-эконоикалық негіздемесін
дайындау.
3) Осы Тұжырымдадаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибе сүйене отырып, 12 жылдық жалпы
орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
12 жылдық мектептің педагогигы қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін
игеруге міндетті:
Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсәби қызметпен жоғары деңгейде
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жлбалай білетін қабілет;
Әлеуметтік құзіреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу
қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылдаған
кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби
білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық
және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуыныа
ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана
білу қабілеті.
12 жылдық мектепте психологтың түзету-дамыту жұмыстары мен
жеке тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту
жұмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес
психолог психодиагностикалаудың, кеңес берудің түзету мен түсіндірудің
қажетті әдістерін білуі тиіс.
Мектепті басқару білім берудің сапасын үнемі өзіндік бағалауды
қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім
беру білім алушылырдың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бітімен
шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардыңбілімдік және жеке жетістіктері
деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму
міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті
қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы
тиіс:
1)есеп беру және басшылық, басқару,тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін
жетілдіру:
2)білім сапасын диагностикалаумен маниторингтеу мектеп қызметінің
жүйесіне:
3)тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерне негізделген оқытудың
әдістемелік жүйесіне;
4)ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге
асыруға;
5)әр түрлі қажеттіліктермен бірге балаларды ерте жастан диагностикалау үшін
отбасыы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және
оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;
6)білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін еңгізуге;
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне
ықпал ететін жетекші технологияларды игеру тиіс.
1992 жылы Қазақстанда қабылданған Білім туралы Заңы бойынша
Міндетті, тегін 9 жылдық білім, деп атап көрсетілген. Бірақ араға бір жыл
толмай сол заңға түзетулер енгізді. 1999 жылы заң қайта жазылды. Ондағы
негізгі мәселе міндетті, тегін 9 жылдық білімді 11 жылдыққа созылды. Оның
себебі 9 сыныпты бітіргендер, ары қарай оқысы келмегендер көше қыдырып,
құқық бұзушылар санын көбейтті. Кәсіби – техникалық оқу орындарынан
көпшілігі жабылып, жұмыссыздардың саны артқан кез болатын.
Бүгінде Өзбекістанда 1000-нан аса кәсіби орта оқу орындары бар.
Онда 9 сыныптарды бітіргендердің 70 пайызы оқуларын жалғастырады, мамандық
алады. Оқу орындарының материалдық базасы жаман емес: керекті құрал-
жабдықтармен қаруланған, кадр мәселесі жеткілікті. Сонымен қатар өзбек
ағайындардың балалары еңбекқор, жоқ дегенде нан пісіріп, сауда саттықпен
айналысады.
Институт ұстаздары ҚР білімді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлама жобасына да толықтыру енгізіп, ұсыныстар
береді.Мәселен:
- бейінді мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үрдісі;
- Республикадағы 60 пайызды құрайтын шағын комплектті мектептерге бірнеше
пәндерден сабақ бере алатын әмбебап оқытушыларды даярлау;
- 12 жылдық жоғарғы мектептерге арнайы мамандар даярлау;
- Шағын комплктті мектеп оқушыларын 12 жылдыққа тарту үшін, солардың ішінде
жақсы оқитындарын іріктеп аудан орталықтарынан 12 жылдық мектеп –
интернаттар ашып, оны қаржыландыруды мемлекет есебіне жүргізу;
- Аймақтық педагогикалық оқу орындарының жанында балабақша, мектеп, колледж
комплексін ашу;
- Аймақтық университеттерде грантқа оқып бітіргендерді міндетті түрде үш
жақты (университет – департамент - мектеп) келісімімен жұмысқа
орналастыру.
Зерттеудің нысаны: 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларға
құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі аспектілері мен жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының бойына құқықтық білім мен тәрбие
беруді қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім стандарттарына сәйкес келетін білім
берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен
білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі шыңдауға және кәсіби білім
беру жобаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-
жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және құқықтық тәрбие
беруде баланың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, олардың бойына жоғары
адамгершілік идеялык қасиеттерін ашу арқылы жастарды заңды құрметтеуге
тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы: Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты,
жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.
Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің қазіргі кезеңде
қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта
мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор
шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім беруде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен
құқықтық тәрбие беру үдерістерін қалыптастырудың теориялық негіздерін
анықтау;
- құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды
кәсіби қалыптастырудың құрылымдық және мазмұндық үлгісін құру;
- құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды
кәсіби қалыптастырудың әдістемелік тиімділігін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ маманның кәсіби құқықтық білімі
мен құқықтық тәрбиені ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде
жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі мектептерде
құқықтық білім мен құқықтық тәрбие беру, үдерістерін басқаруды кәсіби
қалыптастыру жоғары деңгейге болуы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: құқықтық білім мен
тәрбие берудің іс-әрекетін жүзеге асыру, мамандар даярлау және олардың
біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі
ақпараттың әлеуметтік рөлі туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы
педагогикалық тұжырымдамаларды айқындау. [2].

1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ МЕН
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін
нәтижелері

Республикамыздағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға
себеп болған да осы жаңа білім беру стандартына көшу негізі болып отыр.
Осыған дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға
дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Бүгінде 12
жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын
өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап
етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет деп жан-жақты талдап айтқан.
Осының өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын
айғақтайды.Бүгінде 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне
сәйкес, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды
бағыттары мына негіздерден тұрады:
- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам сұранысына сай білім
құрылымымен сәйкестігі;
- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға,
оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін
ашуға , жан-жақты бейімделуі;
- болашақ ұрпақ кезеңіндегі негізгі педагогикалық жаңа құрылымдарды
қалыптастыру барысында оқу үрдісін жоғары деңгейге көтеру;
- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде
тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен
қолдану арқылы тәрбиелеу.
Бүгінгі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет
бұру мынадай міндеттерді жіктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде
мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына толық жағдай жасау;
Тұлғаның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болумен
қатар, педагогикада білім берудің негізін, оның мазмұны мен құрылымын
анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы
берік қалыптасумен қатар, жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу
моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын анықтайды:
психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның
жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам
қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге
12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін
жасаудың теориялық негізі қалануда. [3].
Білім жүйесінде 12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы
оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас
сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық,
физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай жан-жақты қарастырылады.
Бұл тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық
жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар мәселесі.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару негіздері.
9. Білім беруде 12 жылдық жалпы тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары,
еліміздің жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін
өзгертумен қатар, білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалынуда, олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі
үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің
енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстары
қолға алынуда.Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен
орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмаумен қатар, білім
берудің негізі толық қолға алынбаған.
Еліміздің білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін
мынадай негіздер қалыптасып отыр:
1. Оқушының оқуға қызығушылығын білім мазмұнының төмендететін және
денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы мен
жетістігі жан-жақты қарастырылуда.
2. Орта білім беру жүйесінде негізгі идеялар мен мақсаттардың болмауы.
3. Жеке тұлғаның дамуына білім берудің негізгі нәтижелерінің бағдарлануы
және саралануы.
4. Оқушыны оқу жетістіктерін бағалауда қызықтырмайтын, шынайылықты
қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген
жүйенің сақталуы жеке тұлғаға теріс әсерін тигізеді.
5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы,
өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмен болуы.

Сурет №1 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаттары

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы
бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап
қабылданады,алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік
дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі болып табылады.
Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы
қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке
тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу,
санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар болып табылады:
1. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны
тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу жүйесін
арттырумен қатар саналы турбие беру;
2. Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге
асыру және шығармашылыққа баулу;
3. Жеке тұлғаны азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке,
өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру;
4. Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін
игерумен қатар– бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.
1-саты. Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы - 6 жас болып табылады
Оқытудың ұзақтығы - 4 жыл болып есептеледі
Негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған
ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын
және білігін қалыптастыру, және оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық
қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін
қалыптастыруға жан-жақты жағдай жасау.
Жеке тұлғаның тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай
дамуын қамтамасыз етумен қатар, бастауыш мектепте қажетті біліктер
дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау
элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына
ықпал ететін оқу әрекетін қарастыру.
2-саты. Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл болып есептелінеді.
2-саты бойынша – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар
арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін сақтап, тұлғаның біртұтас
көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру
тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау
тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының
қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін дамыту.
Мектеп негізгі оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және
орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылумен қатар, бұл
сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды дайындықтың мектеп
қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына жағдай жасау,
дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық,
ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйені іске асыру.
3-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы - 2 жыл болып есептелінеді
Орта білім берудің жалпы соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының
негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта
білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау
жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау, іс-әрекеттің
мәнін түсіну. Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік
-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырумен қатар,
бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін,
білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның
сұранысын ескере отырып анықталып, негізге қалануы тиіс
Қазіргі таңда бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін
мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы
мектептерде жүзеге асырылумен қатар, бейіндік оқыту кеңінен қолға алынуда.
[6].
Күнделікті өмірде, білім беру саласында материалдық-техникалық
жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере
отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары
бойынша мына нысандар бойынша құрылады:
1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру және ұйымдастыру;
2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыруға негіздейді.
Білім берудің басым бағыты 12 жылдық жүйеде – педагогикалық іс-
әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас –
педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты өзара қатынас
нормаларын нығайтуға негізделеді.
Қазіргі қоғамының геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы,
әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының Жалпы орта
білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етумен қатар, өз білімінің басты байлығы мен құнарлығын жеткізе білу керек.

Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық
білім беру стандарты бойынша, өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі
белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім,
бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді қалыптастыру және
тұлғаны дамыту. Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа
сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықтама беріледі:
1. Бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз
қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен
елжандылығы мен қатар,бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім
қабылдай білу білігін қамтамасыз ететін тәсіл болып табылады. Ең бастысы,
өзінің туған Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси
жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу,және
қарым-қатынас жеке тұлғаның сана-сезімін қалыптастыру.

Жеке тұлға санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілік
тәжірибесін оқыту материалын игеруде пайдалану туралы Л.С.Выготский:
тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден бір
тәрбиеші – организмнің өзіндік тәжірибесі, тек қана өз тәжірибесінде
басынан өткізгендер ғана сыртқы байланыс жасай алады, сондықтан оқушының
жеке тәжірибесін ескеруге бағытталмаған, оны жоққа шығаратын, сөйтіп
мұғалімді жоғары санайтын көзқарас өте жалған екенін ғылыми психологтар
дәлелдеді. Тәрбиелеу үрдісі оқушыны жан-жақты тәрбиелеуге емес, оқушы өзін-
өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс болуға тиіс, - деп қарастырған.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның
көптің бірі немесе көптің ең жақсысы болуымен емес, өз тұлғасының
мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігімен қатар, қайталанбайтын
тұлғалық құндылығымен маңызды болып сипатталады. Бұл жердегі субъектілік
ұғымы өз сансының иесі, өзіндік таным мен өзіндік бағытталуға, өз идеялары
мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға қабілетті тұлға дегенді білдірумен
қатар, тұлғаның субъектілік сипаты қоршаған ортамен ұстамдылық қарым-
қатынасынан, өз көзқарасынан, оқу материалдарын игерудегі өзіндік
әрекеттерінің қалыптасқандығымен айқындалады. Субъектінің тәжірибесі бұл –
тұлғаның өзінің басынан өткергендері негізінде құрылатын жеке тәжірибесіне
сәйкес білім беру – бұл тек оқыту емес оқу, ал оқу оқушының жеке
субъектілік тәжірибесі болып есептелінеді. Оның мәні – тұлғаның өзінің
әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға
және шешу жолдарын таба білуге бағыттаумен қатар, бір-бірімен демократиялық
қарым-қатынасқа үлкен көңіл аударылады, сөйтіп өмірлік тәжірибеге
геізделген өз білімін оқушының да, мұғалімнің де пайдалана білуі іске
асырылады, сондықтан, жаңа үрдісті тәжірибеде ендіруде мұғалімдердің сыртқы
форманы ғана басшылыққа алмауы үшін оның философиясын ұғыну маңызды.
Өйткені, оқытудың басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін
бере білуі емес, бүгінгі алған білімін өмрілік қажеттіктеріне сай пайдаға
асыра білуіне, соған сәйкес бейнелеу мен зерделеуді қалыптастыру. [7].
Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері
талданып, объективті баға беріледі және үрдіс пен нәтижеге баға беру
мұғалім тұрғысынан ған емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен
бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, коррекциялау, өз
әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі,
сөйтіп баланың құндылық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға
қолайлы орта жасай білу керек.
• Әрекеттер барысында рефлекциялық оқытудың жолдары талданады, өзіндік
шешім қабылдауға жағдай туғызылады және бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу,
өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады, өз ерекшелігі мен деңгейін
танып, біледі.
• Рефлексиялық тәсілдердің қолданылуы интерактивтік, диалогтік, сабақ
үрдісіне қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын, әдістемелік танымын
арттырады және оның дәстүрлі оқытудан тиімділігін жақсартады.
• Тұлғаның танымдық қызығушылығы кері байланыс нәтижессінде, күрделі ойлау
қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой-
пікірінде өзгерістерге ықпал етеді.
• Ұжымдық ойлау мен жұмыс істеу тәжірибе жүзінде меңгерген, қарым-қатынас
жасау дағдыларын, ұжымдық ұстанымдарды бағалау әрекеттерін өзінің білім
алу әрекеттері мен кәсіби педагогикалық қызметінде пайдаланып, модельдей
алатындай және әрбір адамның жан дүниесін, сауатын ашады.
Оқыту үрдісін 12 жылдық мектептегі тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің
мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері қамтылған:
• білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделіп,
қалыптасады;
• оқу үрдісінде барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың
шаршатуын болдырмауды көздейді, оларға қолайлы жағдай жасайды;
• педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан
емес, субъектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуына, жаңаша
әдістерінен байқалады;
• білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың –
оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана - өөзіндік дамуын қамтамасыз ететін
жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
• мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз
қызметінің бүгінгі күн талабымен, қоғам сұранысына сай сәйкестігін
біледі;
• тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу,
авторлық, адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз
тұрғысынан өзгерте алу және өз бойына жинақтау.
Білім беру оқушы тұлғасына шоғырланған мұғалім тарапынан әр оқушының
өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды
оқыту мен оқу құндылықтары қатар жүретін практикалық әрекеттерге баулу,
баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге
көмектесу және баға беру болып табылады.
Білім беру жүйесінде білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны болып жатқан
өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық
және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді сонымен қатар
аталған қарым-қатынастық шарттарды игеру 12 жылдық білім беру барысында
тұлғаның субъектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық ролін өз әрекетін
ұйымдастырушы ролімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен
орындауға жағдай жасайды.

1.2 12 жылдық оқу жүйесіне ауысу қажеттілігіне байланысты
негіздемелер

Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның
теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса
маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
кәсіби даярлаудың жалпы ед агогик а курсы ерекше орын алады. 12 жылдық
білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға
бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің
методологиялық жаңа бағыты басты негіздемелер бойынша айқындалады.Сол
негіздемелерге тоқтала кетсек:
1-негіздеме. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға
бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру
емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар
аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер
жасайтын білім кеңіcтігін құру.
2-негіздеме. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22
сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін
орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша,
республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік
есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу
мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының
зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу
жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос
уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-негіздеме. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті
төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне
орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете
алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби
бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.
4-негіздеме. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету
есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей
саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық
жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.
5-негіздеме. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі
әлемдік іс-тәжірибелер.
Баспасөз беттерінде педагогикалық 12 жылдық білім беруге көшуге
дайындық, оның мақсаты туралы пікірталастар көп қозғалуда, яғни ХХІ
ғасырдың табалдырығында мектеп алдына қойылған жаңа мәселелердің шешімі
мектеп үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңартуды талап етуге,
осыған байланысты білім беру процесінде қазіргі қоғам талабына сай арнайы
білім енгізу қажеттілігі енгізілуде. Оқу үрдісінде дамудың жаңа сатысына
бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – оқушылардың зерттеулік ізденісі
мен білімі қарастырылып, осы бағытта білім алып отырған әрбір жас
жеткіншек, қоршаған ортамен оның салаларын әр қырынан зерттей отырып, өз
бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі қажет.
Өйткені, еліміздегі педагогтардың басым бөлігі оқушылардың өздігінен білім
алу әрекеттеріне осы кезге дейін немқұрайлықпен қарады. [8].
Білім беру жүйесінде дәстүрлі оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің
репродуктивті әдістеріне жүгінетін болсақ, зерттеу арқылы оқыту идеялары
білім беру процесінде осы уақытқа дейін көрініс тапқанымен, іс жүзінде өз
дәрежесінде қолданылмады, себебі - қазіргі таңда жалпы білім беретін
мектептерде оқушылардың өздігінен білім алуы үшін арнайы зерттеушілік білім
беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін
оқушыларды зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды
қалыптастыру (проблемаларды анықтаудан ұсынуға дейін және алынған
қорытындыларды қорғау) проблемасы әдістеме ғылымына тапсырылады,соған орай,
оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу
қабілеттерін дамыта білу педагогтардың кәсіби шеберліктерін қажет деп
санайды.
Оқушыларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педагог
әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауымыз керек, осы
тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге септігін
тигізумен қатар, психология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Савенков
ұсынысы бойынша оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік
құралдарына сүйене отырып, ізденіс белсенділігін былай көрсетуге болады.
Зерттеу қабiлетi жүйесiнiң моделiн төмендегi үш құрамдас бөлiктің
кешені ретінде құрастыруға болады:
- iзденiс белсендiлiгiнің жоғары болуы;
- ойлау деңгейiнің дивергентті ойлауда сана – сезімінің жоғары болуы;
- конвергенттi ойлау деңгейінде шығармашылықтың дамуы ;
Бұл өзара қатынасты мынадай үлгіде көрсетуге болады:

Сурет №2 Зерттеу қабілеттерінің құрылымдық моделі

Зерттеу әрекетінің ізденіс белсенділігінің өлшемі - басты қайнар
көзі және негізгі қозғаушы күші ретінде роль атқарумен қатар- бұл зерттеу
қабілетінің мотивациялық құрамдас бөлігін сипаттайды және ізденіс
белсенділігіне деген талпыныс биологиялық қасиет болғанымен, кейде сыртқы
факторлардың әсерінен де дамуы мүмкін. Жоғары мақсаттылық (мотивация),
қызығушылық, сезіммен берілу – ізденіс белсенділігіне бағытталған зерттеу
әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Дивергенттi нәтижелiлiк немесе дивергенттi ойлау қабiлетi мен
бейiмдiлiк зерттеу мiнез құлқы жағдайындағы аса маңызды қасиет болып
табылады,себебi ол проблеманы көру және оны шешу варианттарын iздеу
(гипотеза) этапында үлкен роль атқарумен қатар,дивергенттi ойлаудың
нәтижелiк, өзгешелiк, ойлау икемдiлiгi, идеяларды өңдеу қабiлеттiлiгi
деген сияқты маңызды сипаттамалары зерттеу iс-әрекетiн табысты жүзеге
асырудың мiндеттi шарттары болып есептелінеді.
Зерттеу әрекетін қажет ететiн нақты жағдайларда жоғары дамыған
конвергенттi ойлау қабiлетi болмаса, дивергенттi ойлаудың да, iздену
белсендiлiгiнiң де пайдасы жеткiлiксiз, себебi, конвергенттi ойлау –
проблеманы талдау мен синтездей білу қабілеттері арқылы қисынды алгоритмдер
негізінде мәселені шешу дағдысымен тығыз байланысты болғандықтан, бұл
сатыларда жағдайды саралау мен бағалау, ойлар мен тұжырымдар жасаған
маңызды болады. Бұл зерттеу объектісін табысты дайындау және жетілдірудің,
берілген ақпараттың, бағалаудың және рефлексияның басты жағдайы болып
табылғандықтан білімділікке жету мүмкіндіктерін ашады.
Оқу үрдісінде қорытындылау мен ой бекiтудi қалыптастыру,
зерттеу объектiсiн сәттi талдау және жетiлдiру, табылған ақпараттарды
бағалау, өзін-өзі тану, өз-өзіне әсер беру сияқты маңызды шарттармен
негізделеді.
Оқушының жеке шығармашылығына бағытталған әрекет - зерттеу әрекеті,
сондықтан - мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы
нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, себебі оқушыларда арнайы бiлімдi
қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен
дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны өңдеу қағидаларын талдауға болады.
Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков
әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін
5 қағидатты ажыратып көрсеткен:
“Зерттеу” ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы бұл - зерттеулiк оқыту
жағдайында “зерттеу” ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны
максималды кең ашу неғұрлым нәтижелi болатыны сөзсiз анықталған,осыған
байланысты кейбiр аспектiлер жеке пәндердi оқыту әдiстемесiнде
қарастырылған. Тарих және құқық пәндерi бойынша көптеген зерттеулер мен
бақылауларды өткiзу әдiстемелерi өңделіп шығуына байланысты, бұл оқушылар
үшiн өте құнды екенi рас, бiрақ зерттеулiк iзденiс дағдылары, бiлiк,
арнайы бiлiм мұнымен байланысты.
Мұндай байланыстардың бiрнеше себептерi бар, оның бiрi –
“зерттеу” ұғымын жете түсiнбеу сияқты, мысалы көптеген әдiскерлер, пән
мұғалiмдерi, “зерттеу” ұғымын тек эмпирикамен шектелетiндiгiне сенiмдi,
нәтижесiнде олар зерттеулiк бiлiк пен дағдыға тек соның көлемiндегi
тәжiрибелi танымға тiкелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды,
мысалы: проблемаларды көре бiлу, өзiндiк iзденiс нәтижесiнде материалдарды
жинақтай бiлу, тiптi басқалармен жазылған мәтiндердi анализдеу кезiнде
түпкiлiктi жаңа ақпарат таба бiлуге негізделген.
Оқытуда зерттеулік баланың жалпы зерттеу бiлiмдерi мен дағдыларын
дамыту мәселесi жеке танымдық iс-әрекетi емес, өмiрдiң ерекше стилiн
қалыптастырудың негiзгi жолы ретiнде танылады, өйткені мұндай өмiр сүру
стилiнде iздену белсендiлiгi алдыңғы жүргiзушi орында болады.
Жалпы зерттеу бiлiктiлiгi мен дағдылары табиғаттың қандай-да бiр
қарапайым заңды iс-әрекеттерiн көрсетуге ғана емес, қазiргi динамикалы
өмiрге сәйкес жеке тұлғаның үнемi ауыспалы қоршаған ортаға бейiмделуiнiң
маңызды тәсiлi ретiнде кеңінен қарастырылып, зерттелуде.
Пәнаралық байланыс қағидасы- бұл әртүрлі ғылымдардың пәндерi әртүрлi
болатыны ақиқат, себебі- зерттеу әдiстерiнiң мазмұнынан әр ғылым жеке өзiне
керек бөлiгiн ғана алумен қатар, мәселен, тарихта қолданылатын әдiстердiң
өнертануда пайдасы аз, керiсiнше социологтардың қолданатын әдiстерi
көлемiнде жүргiзiлетiн iс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай тиімді.
Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулiк әдiстер мен олар талап
ететiн зерттеу бiлiктiгi мен дағдыларының өзiндiк ерекшелiгi - оларды
бiр ғана ғылыми пәнге жүктеп қою идеясын болдырмау. Оқушылардың жалпы
зерттеу iзденiсiнiң бiлiктерi мен дағдыларын дамыту бiр пәннiң төңiрегiнде
бүкiл зерттеулiк әдiстеме қорын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Зерттеулiк
iзденiстiң жалпы бiлiк пен дағдыларын дамыту мәселесiн тек бiр пәнмен
байланыстыру қате шешiм деп есептейді.
Сабақтарда тренингтерге сүйену қағидасына негізделеді- бұл баланың
когнитивтi өрiсiн арнайы бiлiмдермен байыту, оның зерттеулiк iзденiс
бiлiктерi мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлi бiлiм беруден өздігінше
дербес, арнайы тренингтiк сабақтар өткiзу неғұрлым нәтижелi болады себебі,
мұндай сабақтар зерттеулiк iзденiс ситуацияларын қажет ететiн арнайы бiлiм
алуға, барлық зерттеулiк iзденiстер мен дағдыларды өңдеп, жүзеге асыруға
жол ашады.
Оқу үрдісіндегі импровизация қағидасы – бұл балаларды арнайы бiлiммен
оқытуға, олардың зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамытуға
бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргiзу кезiнде мұны қатаң, алдын-ала
өңделген алгоритм бойынша жасау мүмкiн емес екенiн ескерумен қатар,
зерттеу iс-әрекетi – шығармашылық iс-әрекет, ол икемдiлiктi, жоғары
мобильдiктi қажет етедi, сондықтан да, мұнда импровизация сәттерiнiң
болғаны дұрыс деп есептелінеді.
Әр сыныптың өзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады,
әр уақытта сыртқы факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр
құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн, яғни бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi
қабылдауына байланысты. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен
дағдылары көрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн,сондықтан педагог балалардың осы
ерекшелiктерiне икемделуі керек, бұл үшiн ол өз жоспарларын әрқашан
өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге
әр уақытта дайын болуы қажет .
Қазіргі заманғы білім беру практикасында балаларды зерттеп оқытудың
маңызы арта түсуде, себебі оқушыны оқыту барысында кез-келген пән бойынша
зерттеу ізденістері көптеген мектептерде қолға алынуда. Осыған орай Әр
облыстарда да өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеулік
білім деңгейі мен барысын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарының
байқаулары өткізіліп келеді, оның маңызы - байқаулардың көрсеткіштері
бойынша оқушылардың проблеманы көре білу қабілеттілігі, танымдық құндылығы,
ой қорыту деңгейі және өз жұмыстарын мазмұндау ерекшелігі бағаланып,
сонымен қатар педагогтардың оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру сапасы анықталды. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған
жағдайда ғана оқушының зерттеулік білімді тосқауылсыз жоғары дәрежеде
меңгеруіне толық мүмкіндігі болады.
Оқушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Педагогиканың жалпы негіздері (Дәріс,тақырып бойынша тест сұрақтары, әдебиет тізбесі т.б.)
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды камтамасыз ету
Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу
Педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Педагогика пәнінен оқу құралы
Пәндер