Эмоционалдық қарым - қатынастардың толықтығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Неке және отбасы институттар.

Неке және отбасы көпшілік қызығушылық танытатын құбылыстарға жатады. Адамның ой-өрісінің кеңдігіне, саясатта, экономикада және басқа салада түрлі ұйымдардың кең түрлілігіне қарамастан, қарапайым тайпадан бастап, өркениетті дамыған, күрделі қоғамдық құрылымы бар мемлекетке дейінгі кез келген қоғамда, отбасы- айқын көрнекті қоғамдық бірлік болып табылады.

Отбасы- ең ежелгі, маңызды қоғамдық институттардың бірі. Алайда басқа социалдық институттар өз бастауын отбасынан алады және ондағы қарым-қатынастар ата-ана мен бала арасындағы, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастарға негізделген деуге ешбір негіз жоқ.

Қоғамда отбасының өзгеріссіз сақтауын қалай түсіндіруге болады? Позицияларының кең түрлілігіне қарамастан, социологтар бұл сұраққа былай деп жауап береді: отбасы мен оны сақтап қалу керектігі халықтың рухани және физикалық қажеттіліктерінен туады.

Кез келген отбасының екі түрлі сипаты бар. Бір жағынан, бұл социолдық институт, екінші жағынан, өзінің даму заңдылықтары бар кішкене топ. Ол қоғамдық құрылымдарға, экономикалық, саясаттық, діндік қатынастарға тәуелді бола тұра салыстырмалы түрде жеке дара бола алады. Отбасы институты мен неке институты тығыз байланысты болады. Неке институты- қоғаммен рұқсат етілген жыныстық қатынастардың қоғамдық және жеке мақсатты тұрақты формасы. Отбасы- туыстық қатынастарға негізделген, ерлі- зайыптылар, ата-аналар мен балалар және жақын туыстар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін кішкене топ. Отбасының негізгі қасиеті- үй шаруашылығын бірлесіп жүргізу.

Отбасы негізін некелік жұп құрады. Алайда, үй шаруашылығын бірге жүргізіп, бірге тұратын, бірақ заңды түрде некесін қидыртқан отбасылар бар. Соңғы кездері мұндай жанұялардың саны өсуде. Әсіресе, дамыған өркениетті елдерде халықтың неке қиюға қажеттілігі мен дайындығының төмендеуі айқын көрініс алды. Одан басқа толық емес жанұяларда болады, оларда ата-ананың біреуі болмайды немесе балалар ата-анасыз атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленуімен сипатталады.

Отбасы типтері:

Жанұялар ондағы ұрпақтар санына қарай нуклеарлы ( ата-анасы мен баласы) және кеңейтілген ( ерлі- зайыптылар, балалары, олардың ата-аналары, басқа да туыстары) болады. Индустриализация мен урбанизация үрдістерінің дамуына байланысты, нуклеарлы жанұялар кең өріс алды. Отбасы құрылымының өзгеруі жанұялық- туыстық қарым-қатынастардың әлсіреуіне себепкер болуы мүмкін. Конт бойынша, қалыпты жағдайда, отбасында балалар ата-аналарына жас ерекшеліктеріне қарай, әйелдер ер кісіге жыныстық ерекшелігіне байланысты бағынуы тиіс. Қазіргі кезде бұл қатынастар өзгеруде. Көптеген жастар ата-аналарының үйінен ерте жаста кетеді, бөлек тұруға ұмтылады, ата-анасынан бөлек басқа мамандық түрлерін таңдайды. Отбасылық міндеттерді бөлісуіне, кімнің жетекшілік етуіне байланысты, қазіргі кезде отбасының негізгі 3 типін ажыратады:

  1. Дәстүрлі отбасы немесе патриархалды. Мұндай жанұяда бір үйде кем дегенде 3 ұрпақ тұрады және де жетекшілік рөлін ең үлкен ер кісі атқарады. Дәстүрлі отбасына тән қасиеттері:

• Әйел адамның ер кісіге экономикалық тұрғыдан

тәуелділігі.

• Отбасылық өмір мен ерлі-зайыптылардың міндеттерін

айқын бөлісу ( күйеуі асыраушы, әйелі үй жұмысын

атқарушы.

• Отбасын басқару мәселесінде ер кісінің басшылығын

мойындау.

  1. Дәстүрлі емес отбасы. Мұндай жанұяда дәстүрлі жанұяға қарағанда, ер кісінің жетекшілігі мен ерлі зайыптылардың отбасылық міндеттерін бөлісу ешбір объективті экономикалық негізсіз жүргізіледі. Дәстүрлі емес жанұяда зайыбы күйеуімен салыстырғанда тең дәрежеде қоғамдық жұмыстарға қатысады, сонымен қатар үй шаруашылығын жүргізеді.
  2. Эгалитарлық отбасы (тепе-тең) . Бұл типтес жанұяға тән қасиеттер:

• Үй шаруашылығында жұмысты теңдей бөлісу,

тұрмыстық мәселелерде ерлі-зайыптылар бір-бірін

алмастыра алады.

• Негізгі мәселелерді талдау және де отбасылық

шешімдерді бірге қабылдау.

• Эмоционалдық қарым-қатынастардың толықтығы.

Отбасының өтпелі типтері болады, оларда ерлердің атқаратын қызметтері дәстүрлі сипатта болады, бірақ шын мәнінде үй шаруашылығына да араласады немесе керісінше демократиялық типтес отбасында ерлердің тұрмыстық мәселелерге қатыспауы мүмкін. Осылайша қазіргі жанұяларда әйел адамның қоғамдық жұмыстарға көптеп қатысуына байланысты тек олардың ғана емес, ерлердің де дәстүрлі рөлдері өзгеруде. Мысалы: Батыс Европа елдерінде ер кісі балаға қарау үшін демалыс алуы ешкімді таң қалдырмайтын қалыпты жағдай болып саналады. Сондықтан да, ерлі-зайыптылар отбасылық міндеттерді бөлісіп, жетекшілікті қолына кім алатынын шешіп алуы дұрыс.

Отбасының маңызды қызметтері.

Отбасы көптеген қызметтерді атқарады, соның ішінде ең маңыздылары:

Репродуктивті қызмет- бұл бала санын өсіруге бағытталған қызметі. 25-30 жылдан кейін біздің елімізде халық деңгейі төмендеп кетпес үшін әр жанұяда балалар саны екеуден кем болмауы тиіс. Бірақ қазіргі кезде туу деңгейінің төмендеуі, халықтың қартаюы, бір ғана бала немесе мүлдем балалары жоқ жанұялар санының көбеюі, некеден тыс бала туылуының өсуі сияқты қоғамдық-демографиялық жағдай көптеген мамандарды алаңдаттырады. Социологиялық зерттеулердің мәлеметтері бойынша, соңғы жылдары туылған барлық нәрестелердің үштен бірі некеден тыс туылса, ал 16-17 аналар тең жартысын құрайды. Әр түрлі себептерге байланысты ата-анасы бұл балаларға деген жауапкершілігінен бас тартып, оларды балалар үйіне өткізеді. Туу көрсеткіштерінің төмен болып сақталуының себептері: материалдық- экономикалық жағдайдың төмендігі мен ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарау. Жан ұялардың бестен бірі тіпті бала табуды қаламайды. Мұндай жағдайлардың кең өріс алу себебін атап көрсетсек: Балаға қарайтын адамның болмауы, тұрғын-үй мәселесі, материалдық қиыншылықтар, “ өзі үшін” өмір сүргісі келу. Отбасында балалар санының төмендеуі ажырасуларға әкелуі жиеленеді. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша еліміздің әр түрлі облыстарында, халықтың әр түрлі топтарында туудың көрсеткіштері бірегей емес екендігі көрінеді. Ең ірі көрсеткіш үлкен қалаларда байқалады және де жоғары білімді әйелдердің орта білімді әйелдерге қарағанда балалар саны 3 есе аз екені анықталды. Бұған қоса жұмыссыздық, балалар заттарының қымбат болуы, ақысыз медициналық көмек деңгейі мен сапасының төмендігі және де оның біртіндеп ақылы түрге ауысуын айта кету қажет. Осылайша, жаңа ұрпақты дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеуге мүмкіндіктері бар жанұялар өздерінің репродуктивті қызметін шектейді.

Тәрбие беру қызметі- репродуктивті қызметпен бірге жүретін қызмет түрі. Баланың дұрыс, тәрбиелі өсуі үшін отбасы қажет екені белгілі және де оны басқа ешбір қоғамдық мекемелермен алмастыруға болмайды. Психологтар мен педагогтардың айтуынша, егер де бала туылғаннан 3 жасқа дейінгі кезеңде жылулық, қамқорлық, ересектермен, әсіресе анасымен эмоционалдық қатынастан айырылған болса, оның бойында қоғамдық маңызы бар қасиеттерінің қалыптасуы бұзылады немесе ұзаққа созылады, е болмаса тіпті тоқтайды. Баланың тұлға ретінде дамуына отбасындағы жағдай да әсер етеді. Әке-шешесінің арақ-шарапқа салынуы жасөспірімдер арасында қылмыскерліктің өсуі мен балалар тәртібінің негативті болуына себепкер болатын бірден-бір жағдай. Кәмілетке толмаған заң бұзушылардың 80% -да ата-анасының екеуі де, не біреуі ішімдікке салынғаны анықталды. Әсіресе, әйелдер арасында алкоголизмнің өсуі, ер кісілерге қарағанда 1, 5-2 есе тез дамуы. Сондықтан балаға тәрбие беру жауапкершілігі төмен болмауы тиіс және де отбасының әр бір мүшесі жеке тұлға болып дамуына жанұя көп ықпал етеді.

Шаруашылық- экономикалық қызмет- отбасы қарым қатынастардың түрлі аспектілерін қарастырады. Зерттеулер көрсеткендей, тек 5% әйелдер жұмыс істемей, өзінің бос уақытын тек балалар мен күйеуіне арнауға келіседі. Өздерін ерлермен қатар теңдей жұмыс істеуге тек 1% әйелдер ұмтылады және т. б

Отбасы-некелік қатынастардың даму тенденциялары

Отбасына байланысты туған проблемаларды зерттеу өмірлік, теориялық және практикалық жоспарда маңызды. Кез-келген мемлекеттерде неке мен жанұя тұрақсыздығы неке бұзылуына алып келеді. Ол урбанизация, интенсивті, миграция, ғылыми техникалық революция, қоғамдық-экономикалық, мәдени, этникалық, діндік сипатта болуы мен түсіндіріледі. Көптеген қоғамтанушы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, ерлі- зайыптылар арасындағы дау неке бұзылуна дейін әкеледі. Ерлі-зайыптылардың арасында дау тууына алып келуі мүмкін қарым-қатынастардың бірнеше деңгейін бөліп қарастыруға болады:

  • Психофизиологиялық. Жыныстық қатынастарының бұзылуынан дисгормония көрінеді. Жиі кездесетін түрі, бірақ неке бұзуға жетерліктей жағдай деп саналмайды.
  • Психологиялық. Жанұяда үнемі ұрыс-керіс, мазасыз жағдай болып тұрады.
  • Қоғамдық рөлдік. Отбасылық-тұрмыстық жүктеменің бірегей емес бөлінуі, тұрақтылықтың жойылуы.
  • Қоғамдық- мәдени (рухани) . Ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінбей, сыйламағаннан, қызығушылығының жоқтығынан болады.

Даудың тууына түрлі себептер әсер етеді. Оларды пайда болу уақытына қарай үлкен екі топқа бөліп қарауға болады: Некедегі және некеге дейінгі.

Неке бұзылу қаупін сақтайтын жанұя құрмастан бұрын пайда болған себептер тобы. Олар адамға, оның тегіне, тәлім-тәрбиесіне, неке қию шарттарымен тығыз байланыста болады. Оларға жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Этика ұғымы және оның заты туралы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Экзистенциализм философиясы адамның мәні туралы
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Қағаздан аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz