Қыш - құмыра кәсіпшілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығының дамуы
а) Қыш-құмыра кәсіпшілігі
ә) Шыны жасау
б) Ұсталық кәсіп
в) Мыс кәсіпшілігі
г) Зергерлік кәсіп
ғ) Сүйек өңдеу мен ою кәсібінің дамуы
д) Тас өңдеу
е) Сауда және ақша айналымы
ж) Егіншілік

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, қала халқының өсуі қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Көбейе түскен қала халқын ауыл шаруашылық өнімімен жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін барған сайын артық өндіруді талап етті.
Қолөнер өнімін тұтынушылар құрамы өзгереді, егер бұрын, VII-VIII ғасырларда олар бай көпестер мен диқандар болса, енді қатардағы тұрғындар да өнімді негізгі тұтынушыларға айналады. Қала мен ауылдағы тоқыма ендірісінің жай-күйі туралы ешнәрсе белгілі емес деуге болады. Әл-Макдисидің Испиджабтан құлдармен бірге ақ маталар сыртқа шығарылатыны туралы ескертпесі ғана бар. Алайда, тоқыма өндірісінің дамығаны даусыз, мұны ұршықбастардың көп табылуы дәлелдейді.

ҚОЛӨНЕРДІҢ, САУДАНЫҢ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

Қыш-құмыра кәсіпшілігі Құйрықтөбедегі XI ғасырдағы қыш-құмырашылар махалласындағы пештер мен шеберханаларды қазу жұмыстары бойынша белгілі. Шеберхана екі бөліктен: ендірістік және тұрғын жайдан тұрады. Өндірістік бөлім де екі белмеге белінген. Көлемі 24 шаршы метр болатын біреуі саз балшық және басқа да өндіріс керек-жарағын сақтауға арналған үш бөліктен тұрады. Бөлменін оңтүстік жағы бос, еденінде керамикамен толтырылған қоқыс төгетін шұнқырлар бар. Қыш-құмыра пеші көлемі 22,5 шаршы метр болатын жабық орында орналасқан. Оның оттығы алмұрт бітімдес болып келеді, күйдіру қуысы сақталмаған. Оттық қабырғамен екіге бөлінген, қабырға күйдіру қуысының табанына тірек етілген. Шеберхананың адамдар тұратын жағы бүйірдегі дәлізбен қосылған үш бөлмеден тұрады. Шеберхананың бір өзі қолөнерді ұйымдастырудың сипаты және оның мамандандырылуы туралы қандай да болсын қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Ал мұның өзі өте маңызды нәрсе, өйткені ол қолөнердің даму дәрежесі мен онда болатын сапалық езгерістерді анықтайды. Әзірше Орта Азияның Мерв қаласындағы қыш-құмырашылар махаллаларын қазу жұмыстарына ғана жүгінуге болады, олар XI—XII ғасырлардың өзінде-ақ кемінде 10 адам жұмыс істеген шағын қолөнер шеберханаларының пайда болғаны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Афрасиаб қаласының жұртындағы X-XIII ғасырлардағы деп аныкталған қыш-құмырашылардың махаллалары мен жекелеген шеберханаларды қазу жұмыстарынын материалдарына сүйене отырып, зерттеушілер сол кездің өзінде-ақ шеберханалар бір салаға мамандандырылған, ал қыш-құмырашылар цехтық ұйымдарға біріктірілген деп санайды.
Қазақстан материалдары мамандандырылу туралы жанама материалдар негізінде ғана айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қыш-құмырашылар махаллалары шұңқырларының ақаулы керамикалармен, ендіріс қалдықтарымен, сынған керамикамен толтырылғаны, белгілі бір ыдыстар жиынтығы бар екені аңғарылды. Бір жағдайда оларда ас пісіретін, басқа бір жағдайда ас ішетін керамика ыдыстар ғана болды. Егер шұңкырлар түрлі шеберлердікі болса, сол кездің езінде-ақ олар маманданған болып шығады. Тараздан табылған, тек үшкіл нәрселер ғана күйдірілген шағын пеш те соны дәледейді.
ІХ-Х ғасырлардағы керамика жапсырма және қалыпта жасалған топтарының өзгеруімен сипатталады; жапсырып жасалған ыдыстың үлесі 35-40 проценттен 15-20 процентке дейін азаяды. Жапсырып жасалған керамика үлгілері — қазандар, дастарқандар мен қақдақтар болып келеді, шағын ыдыстардың бірлі-жарым даналары ғана кездеседі. Қазандардың ернеулері сәл жалпақтау, кесіндісінен қарағанда үш бұрыш бітімдес жасалған. Құлақтары тұзактәрізді, бұрама түрінде, жапсырмалы, шығыңқы түрде болып келеді. Қазандардың түрі мен олардың бөлшектері өзгермейді.
Қакпақтар әдетте сфералық түрде, көлемі әр түрлі болып келеді, ортасыңда мүйізді, құс екені аңғарылатын зооморфтық мүсіншелер түрінде тұтқа орнатылған. Қақпақтардың сыртқы беті түгелдей өрнектермен безендірілген. Өрнектің салыну әдісі мейлінше әр түрлі: ойылып, қалыптап, жапсырып, саусакпен басып жасалған. Өрнектің элементтері де мейлінше алуан түрлі: бір нүктеде түйісетін жолақтар, қиылысқан жолактар және иректеп салынған, тарамдалған сызыктар, шырмауык тәріздес өрнектер немесе бір-бірімен бұрыштары түйісетін секторлар таралатын түрдегі әр түрлі гүлдер сияқты етіліп композициялық тұрғыдан байланыстырылмаған жекелеген стильдер, сызылған шеңберлерді және жүйесіз орналастырылған шұнқырларды ұштастыру, геометриялық етіп белінген өрнектері бар дөнгстеу етіп салынған гүл шоғы тұріндегі өсімдік тәрізді өрнек болып келеді. Дастаркандар геометриялық тұлғалар, сызыктар, өсімдік шырмауықтары, бұтактар мен бүрлер түрінде қалыппен басып безендірілген.
Қалыпта жасалған ыдыстар арасында көзелер мен саптыаяқтар, құмыра тәрізді ыдыстар мен тегенелер көбірек. Ас ішетін көзелердің бетін әдетте қызыл ангобпен бояп, жылтыратып тегістеген. Бүйірі дөңгелек, ұзын тар мойыны шүмек тәрізді болып келеді. Кезелердін сырты сына тәрізді таңбалармен, шабақты доңғалактар, шеңберлер мен түрлі сызықтар түсіріліп безендірілген. Бұрынғысынша, қызылмен бояп жылтыратылған, шүмегі бар әдемі көзелер, теріге бедерлі ернек салғандай етіп сәнделген оюлы көзелер дайындалған. Мұндай керамика Талас аңғарында көп кездеседі, сірә, оны өндіретін орталық сонда болуы мүмкін.
Кеспектер ұршықша шеңберінде жасалған. Әдетте ернеуі кесіндісінен қарағанда үтір сияқты немесе сәл қайырылып, жоғарғы жағы жалпактау етіп жасалады. Жасыл және сары ангоб алқызыл және қызыл ангобпен алмастырылып отырады. Бүйірі дөңгелек және тұтқасы ілмешек тәрізді саптыаяқтар таралған. Құмыралар өзеннің ірі топырағы араластырылған саз балшықтан жасалған. Ернеуі сыртына қарай қайырылған. Құмыралардың ілмешек тәрізді етіп жапсырылған екі тұтқасы болады, олардың бүйірге қосылған жері саусақпен басып сәнделген.
Кұйма керамика түбі дөңгелек тостағандар болып келеді. Мөлдір етіп жылтыратылып, ақ түсті сырмен боялған. Қоңыр, жасыл және қызыл түспен әшекей салынған. Ақ қызғылт немесе қара түске құйма жалатылған керамика басқа жақтан әкелінген ыдыстан, атап айтқанда, эпиграфиялық өрнектері бар тостағандар мен табақшалардан күрт ерекшеленеді.
XI—XIII ғасырлардағы керамиканың бәрі құмырашының ұршықшасында жасалған деуге болады. Қолдан жапсырылған бұйымдар ендіру азайған, олар негізінен балаларға арналған ыдыстар, шырағдандар болып келеді. Ыдыстардың жаңатүрлері: тостағандар, тегенелер, табақтар таралады, жапсырма дастарқандар мен қақпактар жасау қысқарады. Ою-өрнекте елеулі өзгерістер байқалады. Егер бұрын ою, жапсыру кең қолданылса, енді сурепер ықшам, біртектес, нақты сюжетке құрылған болып келеді. Қалыппен басып орнектеу кеңінен пайдаланылады. Жылтыратылған құйма керамика кең таралады. XI—XII ғасырларда жылтыр жағылмаған ыдыстың дені бұрынғысынша құмыра болып табылады. Оның бітімі де бір ізге түседі. Енді олар негізінен көлемі жағынан сараланады. Тегенелер, құмыралар саны көбейеді. Қазандар да қыш-құмыра ұршықшасында дайындала бастайды. ХІ-ХШ ғасырдың басындағы ыдыстардың мерзімін аныктайтын белгілер - кеспектер ернеуінің сыртына қарай қайырылған кесіндісінін үшбұрыш түрінде жасалуы, қалыпты пайдаланудың кеңінен таралуы болып табылады, қалып арқылы, ІХ-Х ғасырларда болғанындай, қызыл ангоб жалатылған құмыралар ғана емес, сонымен қатар кеспектердің, құмыралардың, тостағандардың бүйірлері, ернеулері безендірілген; қызғылт және сұр ангоб пайда болады; қазандар құлағының түрі өзгереді. Құмыралар, бұрынғысы сияқты, ас ішетін және су таситын болып бөлінеді. Иіліп келген тұтқасы мойыны мен иінін байланыстырады. Кеспек құмыраларға қызғылт-сары бояу жағылады, ернеуінің бітімі өзгеріп, олар кебіне үшбұрышталып шығарылады. Ернеуі сыртына қарай жайпақтала қайырылған кеспек-құмыралар көбейеді, кейде осы жайпақ ернеуге қалыппен басылып өрнек сағынады. Құмыралардың көпшілігі өте қарапайым: айқыштап ойып салынған бірнеше жолақпен немесе бірқалыпты толқынды сызықпен безендірілген. Құмыралардың түрі де, ернектелуі де базарда сату үшін өндірілетін бұйымдардың белгіленген қалыпқа түсірілгендігін атап өткен жөн. Онтүстік-Батыс Жетісуда минералдық сырмен боялған құмыралар сирек кездеседі.
Саптыаяқтардың пішіні неғұрлым бір сипатта бола түседі. Әдетте бұл ыдыстардың бүйірлері кең, түбі орнықты, тұтқалары ілмешек тәрізді, кесіндісінен қарағанда жалпақ болып келеді. Қазандардың, бітімі сфера тәрізді жайпақ, түбі дөңгелек және ернеуі сәл қайырылған болады. Құлақтары жапсырылып, ілмешек тәрізді немесе деңес доға етіліп жасалған. Арқа бітімдес жапсырмалармен сәнделіп, олардың, түйіскен жерлеріне шығыңқы ілмек жапсырылып жасалған қазандар пайда болады. Тостағандардың түбі дөңгелек бітімді келеді. Сыртқы және ішкі жағына сары бояу жағылады. Құйма ыдыстың ең көп таралған түрі - түбі дөңгелек тостағандар мен табақтар. Шырақтар, кұтылар, кеспектерге де жылтыр жалатылған.
Құю үлгілері мен әшекей салу мәнері әр түрлі. Ақ, алқызыл немесе сары бояудың үстінен мелдір қабықша жалатылған керамика кездеседі. Қабықша астындағы сурет қоңыр, жасыл және сары бояулармен салынған. Әдетте, бояулы құймалардың бедерленген ою-өрнекпен ұштасқан түрлері де ұшырасады. Қалақшалап салынған сурет, көп шұғылалы жұлдыз, стильді гүл немесе ірі нүктелер, желбіреген жапырақтар түрінде өрнектеу кең таралған. Ыдыс ернеулеріне қиғаш немесе Г тәрізді бояу қатарлап жағылады. Кейде бос ыдыстың беті стильдендірілген гүл шоқтарымен және қауырсын сияқты ірі жапырақтармен өрнектеледі. Жетісу ыдысында антропоморфтық және зооморфтық бейнелер сирек кездеседі. Жалтырап тұратын жасыл бояу жағылған, кейде сарғыш сәуле шашып тұратын керамика таралған.
Қазақстанның жылтыратылған құйма керамикасына Орта Азия қалал-арының ыдыстары кешенінде ұқсастары ұшырасады. Шалғай аумақтардағы жылтыратылған керамиканын ұқсас болып келуі экономикалык және мәдени тығыз байланыстар, жетекші мәдениет орталықтарының өлшемдеріне бағдар алған қала тұрғындары талғамдарының бір болғанын дәлелдейді. Қазақстан ыдысы Шаш пен Ферғана керамикасына мейлінше жақын. Жалпы алғанда, Қазақстан қалаларындағы IX ғасырдың екінші жартысы - XIII ғасырдың басындағы керамиканың ерекшелігі осында VI—VIII ғасырларда болған түрлерден өтуі болып табылады; бай безендірілген қақпақтар мен дастарқандардың көпшілігі солярлық белгілермен безендірілген көзелермен, алып жүруге ыңғайлы және тұрақты ошақтармен бірге алғанда біртүтас керамикалық кешен болып табылады. Бұл керамика мұнда, сірә, Орта Азия қалаларының қалыптанып шыққан көп ыдысын алмастырған болса керек.
Алдындағы кезеңнің қыш-құмыра енімімен салыстырғанда Орта Азияның қала орталықтарынан алынған құйма ыдыстың пайда болуы мен кен таралуы сияқты маңызды жаңалықты атап өту керек. Сонымен бірге, Қазақстан мен Орта Азияның қалалары арасында жалпы сән-салтанаттың дамуындағы бағытты бейнелейтін жылтыратылған керамикамен қатар қалыппен ойып, сызып және жапсырып өрнектелген керамика (сандалдар, алып жүретін ошактар, қақпактар, дастарқандар) таралады. Қыш-құмыралар қайталанбас бірегей өнер туындысы саналады және керамика өндірісі дамуынын ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың талғамдары, талаптілектері мен қажеттері туралы түсінік береді. Ойып және сызып өрнектелген ас пісіретін және ас ішетін ыдыстар (құмыралар, көзелер, құты тәрізді ыдыстар) тобы ерекшеленеді, олар қалалардағы отырықшыланған көшпелілермен байланыстырылады. Жалпы алғанда, сол кездің керамикасындағы жаңалыктар едәуір: оларға керамиканың жана түрлері мен топтарының пайда болуы, қолдан жапсырып жасалған ыдыстың өндірістен ығыстырып шығарылуы, едәуір дәрежеде қолөнердің ұйымдастыруы барысында бұйымдардың бір ізге түсірілуі жатады.
Шыны жасау. Қазақстан қалаларынан көп табылған шыны бұйымдары X ғасырға жатады. Сол кезден XIII ғасырдың басына дейін шыны бұйымдарының түрлері, үлгілері және жиынтығы өзгермейтіні байқалды. Қазақстанның түрлі қалаларынан табылған шынының жақын ұксастығы аңғарылады.
Шыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен, енді біразы қалыпка құю арқылы жасалған. Қалып ретінде пайдаланылған ыдыстың қабырғалары мен түптерінде ара ұясы, шеңберлес сызықтар, розеткалар түріндегі ою-өрнектер болады. Үрлеп жасалған ыдыс сыртынан жапсырылған қайырмалармен, шыны тіндерімен жөне жолақтарымен өрнектеледі, кейде түрлі-түсті жапсырмалары бар өрнектермен безендіріледі. Шынылардың көп кездесуі орта ғасырлардагы қалаларда шыны өндірісінің жоғары деңгейге жеткенін және халықтың мейлінше алуан түрлі топтары пайдаланғанын дәлелдейді.
Бұйымдарды топтау ыдыстардың бірнеше негізгі түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Шыныдан жасалған бұйымдардың ең көп кездесетін түрлері мөлдіреген жасыл не көгілдір шынының бірнеше үлгісіндегі графиндер болып табылады. Графиндер көбінесе қою-жасыл, қызғылт не қою-көкшіл түсті сыртынан жапсырылған тіндермен әсемделген. Зерттеліп отырған аймақтың графиндері мен Орта Азия қалаларынан табылған шыны бұйымдар арасында тікелей ұқсастыктар байқалады.
Таралу дәрежесі жағынан графиндерден кейінгі орынды - құмыралар алады. Кеселердің бүйірі аласа және аузы кен болып келеді. Кейбіреулерінде бүйірі біртіндеп сыртына қарай кеңейе берсе, екіншілерінде қусырыңқы келеді, үшінші біреулердің сыртқы қалыбы күрделі кескінде болып келеді. Кейбір кеселер шаршылай орналастырылған ромбылар мен сопакшалар түріндегі өрнектермен безендірілген. Тостағандар мен саптыаяқтардын тұрқы цилиндр немесе шар тәрізді, тік, жұқа болып келеді. Тостағандардан айырмашылығы - саптыаяқтар бүйірінің ортасында ілмек тәрізді тұтқасы болады. Бүйірлері ромбылар, сопақшалар, алтыбүрыштар (кәрездік өрнек) түріндегі өрнектермен безендірілген. Қалыпқа салып үрлегенде түбінде шырмауық немесе шеңбер түрінде өрнек салынған. Рюмка бітімдес ыдыстардың негізі цилиндр тәрізді, аяқтары бар сыйымдылығында жұмсақ абристі болып келеді. Кішкене құтылардың ернеуі кенейіп, түбі ішіне қарай қайырылған дөңгелек бүйіріне бірте-бірте ұласатын мойыны болады.
Қалың көгілдір шыныдан жасалған және аламбиктері - бу шығатын түтікті қақпақшалар түріндегі алхимиялық ыдыстары бар сфералык үшкіл сынықтар сияқты сирек кездесетін шыны бұйымдар ұшырасады. Аламбиктер - орта ғасырлардағы қалалардың шыны бұйымдары кешендерінде кездесетін дағдылы олжалар. Шыны жасаушылар ыдыс-аяқтан басқа шағын дөңгелектер түрінле терезе әйнектерін жасай білген. Тараздан олардын ақ, көмескі, жасыл және алқызыл түстілері табылды.
Ұсталық кәсіп темір буйымдар жасаумен байланысты, олар, табылған олжалардың көрсетіп отырғанындай, кең таралған кәсіп болған. Қала ұсталары әдетте жеке махаллаларға орналасқан.
Темірдің кең өндірілген жерлерде өнделгені анықталды. Металл да сонда балқытылған. Ұста дүкендеріне темір қорытпалар әзірленген құйма және темір сынықтары түрінде әкелінген. Қорытпаның екі түрі болған. Біріншісі - арнаулы крица деп аталады, ол құрамы әр түрлі, металдың қоспа кесектері көп араласқан, күл-қоқыстары мол болып келеді. Бұл әлі де шикі материал38. Мұндай қорытпаларды қосымша өңдеу — күл-қоқыстан тазарту, темірді шыңдауға келетіндей етіп қыздыру қажет. Мұндай қайта өнделген қорытпа темірдің тығыз кесегі болып табылады, одан жартылай дайын өнімдер, тілімдер, сым шыбықтар, кесінділер - болашақ бұйымдардың бейімделген нұсқалары жасалған. Алматы қаласының жұртындағы ұста дүкенінен нақ, сондай қорытпалар табылды. Олар тік бұрышты, көлемі 10—15x5—7 см сом темірлер болып табылады. Кейбір қорытпаларда металдың сапасын анықтау үшін жасалған кесік іздері бар. Талғар ұста дүкенінен жартылай дайын өнімдер - тілімдер мен кесінді тәрізді тағалар табылды. Темір және шойын бұйымдардың сынығы, енделетін материал ретінде пайдаланылған қорытпалармен бірге Алматы ұста дүкенінен шойын қазанның сынықтары табылды.
Нашар сақталуы себепті ұста дукендерінің құрылысын көзге елестету қиын. Алматы ұста дүкенінде темір балқытатын көрік шикі кірпіштен қаланған, ол цилиндр тәрізді, түбінің диаметрі 2 метрге жуық. Оның іші күлге, көмірге және төбесінен құлап түскен күйген кірпіштің кесектеріне толы. Көріктің жанында ыдыстар - су таситын төрт кезе тұрды. Оларда су немесе бұйымдарды шындауға арналған ерітінділер сақталған. Осы жерде қабырғасы қалың керамикалык астауша табылды.
Талғар мен Алматы ұста дүкендерінен ұста құралдары жинап алынды. Олардың арасында қашау, кішкене төс және астауша, қалақша бар. Шеберханалардан табылған бұйымдарға қарағанда, тар шеңберде мамандану әлі болмаған. Мәселен, Александровское қала жұртының (Шу аңғары) ұста дүкендері дайын бұйымдарының жиынтығы мынадай: балталар, жер жыртатын соқа ұштары, кетпендер, жонғылар, шоттар, қайшылар, шегелер, тұтқалар, қашаулар және жауынгерлік дулыға.
Талғар мен Алматы ұста дүкендерінің құрамындағы затгар да алуан түрлі. Бұлар — жер жыртатын соқалардың соғып және құйып жасалған ұштары, кетпендер, балталар, шот балғалар. Темірден ағаш ұстасының кішкене балталары — шоттар да жасалған.
Қала жұрттарын қазғанда, әдетте, бір жүзді пышақтар көп табылды. Темірден қару-жарақ — қылыш, семсер, жебелердің ұштары, сауыттар және сауыт шығыршықтары, дулығалар соғылды.
Тұрмыстық құрал-саймандардан қайшылар, шегелер, жонғылар, шынжырлар, қармақтар, деңес құлакты қазандар жасалған.
Мыс кәсіпшілігі. Мыс бұйымдарын жасау барлық қалаларда таралған, оның үстіне полиметалл мен мыс қала орталықтарына жақын Қаратауда, Қырғыз, Іле және Талас Алатауларында өндірілген.
Орталық Қазақстан аймағы бұрынғысынша кең өндірудің, мыс пен қола балқытудың аса ірі орталықтарының бірі болып қала берді. Осында, Жезқазған теңірегінде орта ғасырлардағы Милықұдық қонысы зерттелді. Қонысқа кең осы кезге дейін пайдаланылып келе жатқан Кресто, Петрэ, Покро кеніштерінен екелінген. Кең ашық және штольнялар мен шахталар салып, үңгіп қазу әдістерімен өндірілген. Қазып алынған кен бірнеше рет байытылып, қонысқа әкелінген де, онда арнаулы пештерде балқытылған. Олардың қалдықтары, сондай-ақ күл-қоқыстар, металл кесектері, астаушалар, мыс шихтасы салынған көзелер табылды. Мыс қана емес, сонымен бірге қорғасын, қалайы, күміс және темір балқытылған. Ер-тұрманды сәндеуге арналған мыс қаптырмалар, жез тоғалар, шойын қазандардың сынықтары сияқты бұйымдар табылды.
Зерттеушілердің пайымдауынша, мыс кәсіпшілігі маңызы және шеберлер саны жағынан екінші орындағы мамандық болған. Соның алдындағы кезеңмен салыстырғанда, мыс бұйымдар көбірек мәлім. Мыс шеберлері ыдыс-аяқ, шырағдандар, әсемдік заттар жасаған. Олар екінің бірінде зергерлер де болып, қымбат тұратын металлдармен жұмыс істеген. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының жұртын қазған кезде мыс пен қола бұйымдар табылды. Көптеген заттар Қазақстан мұражайларына кездейсоқ олжалар ретінде келіп түсті.
IX—XII ғасырлардағы металл бұйымдар негізінен, қола шырағдандар мен оларга арналған тұғырлар болып келеді. Шырағдандарға арналған тұғырлар зор көркемдік талғаммен жасалған. Олар үш аяқты жарты шеңбер түпшелерге бекитін, биіктігі 25—35 сантиметрге дейін жететін дөңгелек немесе көп қырлы салалардан тұрады. Үстіңгі жағында жайпақ табақшасы бар, оған шырақ қойылады. Тұғырлар бедерлі өсімдік және әріп өрнегімен әшекейленген. Х-ХII ғасырлардағы Отырардың моншаларын қазған кезде табылған тұғырлар өнердің шынайы туындылары болып табылады. Металдан жасалған көркемдік бұйымдар қатарында құмыралар өте на-зар аударарлық. Құйрықтөбе қала жұртының XI ғасырдағы қабатынан табылған екі қола құмыра мыс өндеушілердін жергілікті өніміне жатқызылды. Бұл үлгідегі құмыралар Таяу Шығыстын Эрмитаж бен Меторополитен Музейінің мұражайлық жинағынан мәлім көркемдігі жоғары бұйымдары-на ұқсайды. Олардың жасалу мерзімі — X ғасыр.
Жетісудан (Тараз маңы) бүйірі алмұрт бітімдес құмыра табылды, оның жоғарғы жағы қасқырдың басы түрінде орындалған. Қасқырдың көзі қызыл мыстан салынған. Тұмсығының ұшына екі пальметтаның бейнесі және ішінде төрт нүктесі бар, жүрек тәрізді өсімдік оратылып ойып жасалған. Жануардың құлақтары да жүрек тәрізді ширатылып безендірілген. Бүйірінде медальон түріндегі әшекей бар, оған әрқайсысында жиырма шұңқырдың ұшы еңгізілген (сірә, шұңқырлар түрлі-түсті шыны көз салуға арналған ұя болар). Құмыра XI—XII ғасырларда жасалған.
Зергерлік кәсіп. Қоладан, күміс пен алтыннан білезіктер, шолпылар, сырғалар, қапсырмалар жасалған.
Талас аңғарының таулы белігінде, орта ғасырлардағы Шелже аймағын-да күміс пен алтын кеніші болға. Бұл жерден күміс көп көлемде қазып алынып, оның Қазақстан, Орта Азия және Орта Шығыс қалаларына тасылғанын Х ғасырдағы автор әл-Макдиси хабарлайды. Бұл арадан көптеген кен орындары табылды, кен кәсібінің құралдары жиналып, балқыту орындары, күл-қоқыстар, астаушалар, балқыту пештерінің орындары ашылды. Шымкент көмбесінен және Шу аңғарынан табылған, X—XI ғасырларға жататын ширатпалы бұратылған күміс білезіктер назар аудартады. Жеті-су-Сырдария аймағына тән мұндай білезіктер неғұрлым кейінгі кезде де жасалынған. Отырардан XIII ғасырдың басына жататын әшекейлердің қызықты жиынтығы табылды. Бұл — ұштарында сегіз қырлы басы бар қола білезік, күрделі нақышталған, қола шарлар тізілген шаш ұстағыш, айшықты шыны мен көгілдір ұнтақтан қатырып жасалған моншақтар. Отырардан арабша әріптер танбаланған, XI ғасырдағы белдіктің құйма тоғасы табылды. Жақсылық қала жұртын қазған кезде XI ғасырдың қабатынан қалқаны бар қола балдақ табылды, онда руналық жазу жазылған. Әшекейлердін бір бөлігі қалыпта құйылған, олардың екеуі Таразда X—XII ғасырдың қаб-атынан, біреуі Құйрықтөбе қаласының орнынан табылды.
Әшекейлердің ең көп тобы — шыны мен түрлі-түсті тастардан — ақық-тан, жұзақтан, хрустальдан, көктастан, яшмадан, інжу-маржандардан жасалған моншақтар. Олар Отырарды, Құйрықтөбені, Қызылөзенді, Талғарды, Сүмбе мен Антоновканы қазған кезде табылды.
Сүйекті өңдеу мен сүйек ою кәсібінің дамығанын жабайы жануарлар мен үй жануарларының кесіп алынған мүйіздерінің бейімделген нұсқаларының табылуы дәлелдейді. Садақтарға арналған сүйек каптамалар табылды; Құйрықтөбеде қоқыс төгілетін бір шұңқырдан кесілген сүйектер, қалақшалар ұшырасты. Талғардан сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды.
Тас өндеу, негізінен, орта ғасырлардағы қалалардың жұрттарында ең көп таралған олжалардың бірі — диірмендер жасауға келіп саяды. Олардың ертедегі орта ғасырларда жасалған түрі бүкіл кейінгі ғасырлар бойында сақ-талып қалды.
Сауда және ақша айналымы. IX—XII ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстыратын Жібек жолы бұрынғысынша белсенді жұмыс істей береді. Бірак енді одан көптеген тармақтар бөлініп шығады.
Жібек жолының Қазақстандағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджа-бқа, Таразға, одан Құланға, сонан соң Невакетке, Баласағұнға, Бедел және Аксу асулары арқылы Шығыс Түркістанға барады. Тараздан Бешташ және Кугарт асулары арқылы Ферғана аңғарына, ал Адахкес және Дех-Нуджи-кет қалалары арқылы кимектерге баратын еді.
Бұл жерден сауда жолдары Енисей хакастарына бет алып, ол жаққа әрбір үш жылда бір керуен жібек апарып тұрды.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Жанкент-ке жетті. Усбаникеттен, Кедер мен Сығанақтан Қаратаудың теріскей беткейіндегі қалалар — Балаж бен Созаққа жол шығып, одан әрі Бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Жанкенттен кимектерге шығатын жол басталып, ол Сарысудан Ұлытау етегіне және Есілдің жағалауымен Ертіс аңғарына өтетін.
X ғасырда Іле анғары арқылы керуен жолы өтетін болды. Мұнда жол Шу аңғарынан Қордай асуы, Қастек және Сынтас арқылы келетін. Тал-хизде керуен жолы тармақталып бөлінеді. Оңтүстік Іле жолы Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, одан әрі Шығыс Түркістанға өткен. Екінші тармағы Шелектен Сүмбе қаласына, одан әрі Алмалыққа барған. Солтүстік Іле жолы Жақсылық қаласына, Таңбалы-тас шаткалына беттеп, Іле арқылы өткен де, содан соң Екі-Оғыз және Қаялық қалалары арқылы Алакөлдің жағасымен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіс аңғарларындағы кимектерге барған. Солтүстік және оңтүстік жолдар Шелектен Борохудзирге апаратын жолмен қосылып, Іле арқылы өткелден өтіп, одан әрі Көктал, Өсек және Хоргос алқабы арқылы Алмалыққа шыққан.
Қазақстанның оңтүстігінде Испиджаб, Кедер, Отырар және Жанкент, Оңтүстік-Батыста Тараз бен Баласағүн, Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар мен Қаялық ең ірі сауда орталықтары болды.
Испиджабта жабық базар және мата базары болған. Испиджабтың басқа сауда орындары арасында тималар аталады. Бұлар карбас-маталармен сауда жасалатын арнаулы орындары бар үлкен керуен-сарайлар болған. Әл-Макдиси айтатын рабадтар керуен-сарайлар осылар. Олардың кейбіреулерінде нахшибтіктер мен самарқандықтар тұрған. Сонымен бірге Испид-жаб көпестері Бағдадқа дейін товар апарып, онда Мервтен, Балхыдан, Бұхара мен Хорезмнен барған көпестермен бірге Харб ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында тұрған.
Отырар алқабы жөнінде деректемелерде Фараб - бай өңір, оның басты қаласы Кедер деп аталады... - бұл көпестер жиналатын жер делінген. Кедер деп саналатын Құйрықтөбе қаласы жұртының бір махалласынан сауда дүңгіршегінін орны аршылды.
Алғаш рет дүңгіршектер Соғды мен Пенджикенттен қазып алынды.
Қазір Оңтүстік Қазақстан қаласында да дүңгіршектер болғаны белгілі. Мы-салы, олардың бірі мынадай. Ол үйдің тұтас қабырғасына жапсарласып жатыр. Оның көлемі 8,5 шаршы метр. Көше жағынан дүңгіршек ені 1,45 м ойық арқылы қосылған. Солтүстік-батыс бұрышында қамба, оңтүстік-батысында сәкі бар.
Дүңгіршектердің едендерінде жерошактар болған. Осында жерге көмілген кеспектері бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андроновтықтар. Беғазы-Дәндібай
X-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс,ежелгі Тас дәуірі, Мезолит, Неолит және Қола дәуірі
Қола дәуір мәдениеті
Шеберлердің керамика өнімдерінің белгілі бір түрлерін дайындау жөнінде мамандануы
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Ыдыс жасаудың технологиясы
Құлажорға мәдениеті
ЛОГИКА (Экономикалық математика) Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 1 - 4 – сыныптар
Сарайшықта билік еткен хандарды анықтау
Пәндер