Сақ өнеріне түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сақтардың өнері мен мифологиясы.

Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың аң стиліндегі өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларынан: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен заулап бара жатқан бұғылар, аттар, мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз стиль дес есептейді.
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару - жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту мәдениетімен танысып, олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композиция мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарынан Мидия патшасы Киаксар талқандағанна кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді.
Тувадағы Аржан обасын қазған кезде - оның диаметрі 120 м, биіктігі 3 м орасан зор құрылыс - оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8 * 8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы тағы бірнеше еркектің - көсемнің туыстары мен серіктернің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер - тұрмандарымен 160 ат қойылыпты.
Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы шеңберлі қабырлардан табылды. Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен.
Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесіне де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з. дейінгі VIII ғ. тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың аң стилі Азия даласында туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғылады, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. дейінгі ІІ-мыңжылдық соңы мен І-мыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі аң стилі емес еді.
Аң стилі өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәп сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, өмір дарағы образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелірмен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап, өңдеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, феруздан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам мен оның киім-кешегін, аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар басымен әсемдеоген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған.
Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті-дәулетті сақтардың киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару-жарағы туралы біраз мәлімет алдық.
Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы
Бала бақшадағы бейнелеу өнер сабақтарында сәндік өнерді оқытудың маңызы
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Сақ тайпаларының мәдениетi
Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп
Сақ өнерінің кейбір белгілері
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Сақтардың мәдениеті мен өнері жайлы
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Сарматтардың аң стилі мен өнері
Пәндер