Nash pub кафесінің Веб-сайтын құру


Аңдатпа
Бұл дипломдық жұмыста "Nash pub" кафесінің Веб-сайтын құру жүзеге
асырылды. Осы сайт арқылы пайдаланушы "Nash pub" кафесі жайында толық
ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Дипломдық жоба PHP, HTML, СSS және
JavaScript тілдерін қолдана отырып құрылған, ал деректер қоры MуSQL
Server негізінде жүргізілген.
Дипломдық жобада
кафе жұмысын
автоматтандыру, қызметкерлердің жұмысын жеңілдету, клиенттердің
қызығушылығын арттыру, желіде жұмыс жасау принципін кафеге енгізу
мәселелері қарастырылған.
Аннотация
В данном дипломном проекте был разработан Веб-сайт кафе "Nash
pub". С помощю этого сайта пользователь может получить полную
информацию о кафе "Nash pub". Дипломный проект разработан с
использованием языков PHP, CSS, HTML и JavaScript, а база данных
проведена на оснавании MуSQL Server. В дипломном проекте были
рассмотрены вопросы о автоматизировании работы кафе, облегчении работы
служащим, увеличении интереса клиентов, внедрения в кафе принцип
работаты в сети.
Annotation
In the given degree proje ct a website of "Nash pub" café was designed. With
the help of this site the user can get full information on "Nash pub" cafe. The
degree project is designed with the use the languages PHP, CSS, HTML and
JavaScript, and the database is carried out on the basis of MySQL Server.
Problems of automatization of the café functioning, simplification of the
employee’s work, increase the interest of the clients, introduction of the principle
of work in a network were considered in the degree project.
Мазмұны
Кіріспе . . . Ошибка! Закладка не определена.
1 Қазіргі замандағы интернеттің маңызы . . . Ошибка! Закладка не определена.
1. 1 Интернет ұғымы . . . 9
1. 2 Интернет жетістігі . . . Ошибка! Закладка не определена.
1. 3 Интернеттің негізгі принциптері . . . 12
1. 4 Қазақстан интернеті . . . 13
1. 5 DNS server ұғымы . . . Ошибка! Закладка не определена.
2 Сайтты құру құралдары . . . Ошибка! Закладка не определена.
2. 1 Интернеттегі бағдарламалау тілдері . . . Ошибка! Закладка не определена.
2. 2 РНР бағдарламалау тілі . . . 20
2. 2. 1 РНР тілінің артықшылықтары . . . Ошибка! Закладка не определена.
2. 3 HTML бағдарламалау тілі . . . 16
2. 4 JavaScript бағдарламалау тілі . . . 30
2. 5 CSS бағдарламалау тілі . . . 43
2. 6 MySQL дерек қоры . . . 37
3 Интернет- дүкенді құруды жобалау және оны іске асыру . . . 43
3. 1 Интернет- дүкенді құру кезеңдері . . . 44
3. 2 Жобаны іске асыру мерзімі . . . 44
3. 3 Сайт жасау технологиялары . . . 45
3. 4 Сайтты жылжыту . . . 49
3. 5 Бағдарлама скриншоттары . . . 54
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . Ошибка! Закладка не определена.
4. 1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау . . Ошибка! Закладка не определена.
4. 2 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . . Ошибка! Закладка не определена.
5 Бизнес жоспар . . . Ошибка! Закладка не определена.
5. 1 Жоба мақсаты . . . Ошибка! Закладка не определена.
5. 2 Жобаның іске асырылуы . . . Ошибка! Закладка не определена.
5. 3 Жобалау және өңдеу бойынша жұмыс құнын есептеу Ошибка! Закладка не опре
5. 4 Еңбекақы қорына кететін шығындарды есептеу Ошибка! Закладка не определен
5. 5 Амортизациялық төлемдердi есептеу . . . Ошибка! Закладка не определена.
5. 6 Электр энергиясына шығынды есептеу . Ошибка! Закладка не определена.
5. 7 Зияткерлiк еңбектiң бағасы . . . Ошибка! Закладка не определена.
Қорытынды . . . 87
Әдебиеттер тізімі . . . Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша А . . . 89
Кіріспе
Бүгінгі күнде ақпараттық технологиялар өндірісінде ең танымал
қызметтердің бірі сайт құру болып есептеледі. Біздің ғасырымызда интернет
- кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру
мүмкіндігі бар желілер жүйесі болып табылады. Дүниежүзілік компьютерлік
интернет желісінің дамуына World Wide Web жүйесі үлкен әсерін тигізгені
барлығымызға мәлім. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан
тұрады. Қазіргі таңда сайттарды пайдалана білумен қатар оны жасай білуде
өте маңызды. Жаңа инновациялық - технологиялардың дамуын, олардың
пайдаланылуын ескерсек, Web сайттарды құруда қарапайымдылық пен
әмбебаптық ерекше орын алады.
Электрондық сайт арқылы талапкерлер, студенттер, ата-аналар,
мұғалімдер өздеріне қажетті мәліметтерді алуы өте тимді және осы заманға
сай жетістіктердің бірі болып табылады. Осындай жетістіктер арқылы біз
қоғамның дамып жатқанын байқауымызға болады. Интернет жүйесiн
пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдердi, қалаларды аралап,
музейлердi, кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми
жетiстiктермен танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз
үлесiңiздi қосып, өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну
мүмкiндiгiне ие боласыз.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі
ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және
бейне. Web беттердің файлдарын құру үшін арнайы гипермәтіндік белгілеу
тілі HTML (Hyper Text Markup Language), PHP (Personal Home Page немесе
officially “PHP: Hypertext Preprocessor”) - бұл Apache WEB-сервері үшін
арналған WEB-қосымшаларды өндіру жүйесі, клиенттің жағында да,
сервердің жағында да жұмыс жасайтын сценарийлерді жазуға арналған ОБП
(объектілік бағытталған программалау) тілі - JavaScript және мәліметтер
базасын басқару жүйесі MySQL.
Мен PHP, HTML, CSS, MySQL және JavaScript бағдарламалау тілдерін
қолдана отырып, «Nash Pub» кафесінің сайтын жасадым. Бұл тақырыпты
таңдау себебім, қазіргі танда бірде-бір кафені, ресторанды өзінің сайтысыз
елестету мүмкін емес. Сондықтан кафе жұмыскерлерімен ақылдаса отырып
кафе сайтын жасауды ұйғардым. Мұндағы мақсат клиенттерді қызықтыру,
олардың санын көбейту, кафе жұмысын автоматтандыру болып табылады.
Сайттың көптеген жетістіктері бар. Біріншіден, сайт біздің кафеге желі
арқылы жаңа клиенттер мен серіктестер табуға мүмкіндік береді. Екіншіден,
көптеген жарнамаларға бере беруден үнемдейді. Енді осы сайт арқылы кафе
өзінің өнімін қолданушыларға интернет - ресурсы арқылы көрсете алады,
мұнда қолданушы осы кафе жайлы толық ақпарат алады. Үшіншіден, кафеде
клиенттермен жұмыс істеуде сапалық сервисі қамтамасыз етіледі. Мысалы,
біздің кафе жайлы ақпаратты кафеге келмей-ақ, сайтқа кез келген уақытта
кіріп, толық ақпарат алуға болады.
1 Қазіргі замандағы интернеттің маңызы және технология
мүмкіншіліктері.
1. 1 Интернет ұғымы
Интернет (бас әрiппен жазылса) − кез келген компьютердi жер
шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына
қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын желілердің
бірлескен жүйесі. Әдетте Дүниежүзілік желі немесе Глобальдық желі деп
айтылады, немесе жәй ғана желі. Интернет негізінде дүниежүзілік тор (World
Wide Web, WWW) және басқа да көптеген ақпарат жолдау жүйелері жұмыс
жасайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер
бiр-бiрiмен ТСР/IР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады,
оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде сөйлейдi деп айтса да болады.
Дүниежүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды,
ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен басқа
компьютерлердегi ақпаратты көрiп, білім беру мекемелері, мемлекеттік
ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар жайлы көптеген
ақпарат
алып (берiп),
қашықтан телеконференцияларға қатынасу
жұмыстарын жүргiзуге болады.
Қарапайым интернет қолданушы көзімен қарасақ интернет - бір-
бірімен өзара ақпарат алмасу құралы. Ал егер техникалық жағынан
қарастырсақ онда ол бір-бірімен өзара байланысқан, бір желіге біріккен
тораптардың жиынтығы.
TCP/IP - Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi
немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Интернет Protocol) − мәлiметтердi
оны алушының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше
бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама. TCP (Transmisson
Control Protocol) − мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi
ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады. Интернет
(кiшi әрiппен жазылса) − TCP/IP хаттамалары негiзiнде желi аралық
байланысу технологиясы.
Интернет желiсiнiң құрылымы − әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi
телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi
немесе негiзгi машиналар бiр−бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе
спутниктi арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай
компьютерлер арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша
үзiлiссiз жұмыс iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда
жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын
мәлiмет жинақтауыш компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi
байланыстыру iсiн қамтамасыз етедi. Ақпаратты сервер - дегенiмiз қалың
көпшiлiкке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар
түрлерi жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi
баспасөз (газет−журналдар), жарнамалар, т. с. с. мәлiметтер
сақталады. Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл
бастама 1969 жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім
орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші
болды. Содан көп ұзамай-ақ Internet (желі аралықтары) желілерді біріктіру
термині пайда болды.
Интернетте қызмет көрсету провайдерi - ISP (Интернет Service
Provider), Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық
почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруда компьютерлік
телекоммуникацияны пайдалану таптырмас құрал болып табылады. Сондай-
ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес болып табылады.
Сонымен, Интернет - барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай
стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды)
компьютерлік желі
1. 2 Интернеттің дамуы
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлімі
болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
а) техникалық немесе ақпараттық компонент;
ә) программалық компонент;
б) ақпараттық компонент.
Ақпараттық компонент. Интернеттің ақпараттық компоненті
компьютер-дің әртүрлі модельдері мен жүйелерінен, физикадық негізі
әртүрлі болып келген байланыс араларынан, компьютерлермен байланыс
аралары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін
құрылғылардан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың
кабельдік және спутниктік арналарынан радиореле жүйесіен, теледидарға
арналған кабельдік арналардан тұрады.
Программалық компонент.
Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді
жұмыс істеуін олардың программалры қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді кез-келген байланыс арналары арқылы
тасымалдайтындай және кез-келген компьютерде оларды қабылдап алуға
болатындай етіп түрлендіре алады:
а) біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
ә) тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы
аймақтар табылса мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен
аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін
басқа жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциолары:
а) информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе таңдау;
ә) желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау.
Аппаратураның функционалдық сәйкестікткрін қамтамасыз ету істері
болып табылады.
Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
а) сервер - программалар тұтынушылар компьютеріне қызмет ететін
желі торабында орналасады;
ә) клиент - программалар тұтынушы компьютерлерінде орналасып,
сервердің қызметін пайдаланады.
Информациялық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын
әртүрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың
бір ерекшелігі-олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір
компьютерде, дыбыс пен әуен-екіншісінде, ал графика басқа желідегі,
үшінші компьютерден алына береді желідегі құжаттар бір-бірімен сілтеме
адрестермен береді.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және
информациялық қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына
байланысты әртүрлі меншікте (мемлекеттік, қоғамдық, корпаративті немесе
жеке меншіктерде) бола береді.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты
таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet және тағы басқалар, электрондық
мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалар.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың
әртүрлі функциоларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп
жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді [2] .
Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды іздеуді және қарауды
жеңілдету үшін Internet Explorer броузерімен жұмыс істеудің бірқатар
тәртібін меңгеру қажет. Интернет желісін қарауды үй парағын, яғни Internet
Explorer іске қосылған кезде ашылған алғашқы парақтан бастауға болады.
Басқа параққа ауысу үшін осы парақтағы кез-келген сілтемені таңдау қажет.
Интернет желісінде басқа елде жүрген адамдармен желілік чат арқылы
әңгімелесуге немесе электрондық почта арқылы хат алмасып сөйлесуге,
басқа елдердің жаңалықтарын білуге, жұлдызнама жаңалықтарды қарауға
және өзімізге керекті мәліметтерді іздеуге болады.
1. 3 Интернет мүмкіндіктерін талдау
Интернет желісі жекелеген желілерді біріктіретін, ақпараттық жүйенің
барлық маңызды қасиеттерін қамтитын ғаламдық компьютерлік желі болып
табылады. Интернеттің негізгі артықшылығы ретінде интерактивтілігі, яғни
қолданушының сұранысына қысқа уақыт аралығында жауап қайтаруы.
Интернеттің басымдылығы ретінде:
- интернет желіге қосылған барлық компьютерлер арасындағы
байланыстың қамтамасыз етілуі;
- компьютер түріне және операциялық жүйеге байланыссыздығы;
- кез келген уақытта керекті ақпаратқа қол жетімділік;
- қолжеткізу каналдарының анықтылығы;
- бәсекелестерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін ашық нарық;
- қолданушы үшін жоғары тиімділігі;
- интернет пайдаланушылар іс - қымылын статистикалық түрде
бақылауға мүмкіндік;
- жүйенің атқаратын қызметтерінің кеңдігі;
- адамдарды, компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді
қысқа уақыт ішінде алу мүмкіндігі;
- әлемде болып жатқан барлық оқиғаларды әр түрлі көзқараста қарау
мүмкіндігі;
Интернеттің тағы
бір маңызды ерекшелігі оның аймақ
таңдамайтындығы. Интернетте көрсетілетін қызметтердің жиынтығы
дүниежүзінің 90 елінде бар, ал электронды поштамен хабарландырулар
жіберу және алу дүниежүзінің 93 елінде жасауға болады.
Интернет дегеніміз бірнеше мақсаттарға қатар қолданылатын бірден -
бір коммуникациялы жүйе. Ақпараттық жүйе құру кезінде көптеген салалар
үшін әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану оның басқа жүйелерден ерекшелігі
болып табылады.
1. 4 Интернеттің негізгі принциптері
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй
желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді
біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі
физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық
мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де
байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы
маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің
қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін
сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем
көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік
адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру
маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік
береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында
конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап
тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік
желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым
пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын
жариялайды. Бұл құжаттарда
көптеген сұрақтардың
техникалық
спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
- бүкіләлемдік тор;
- веб-форумдар;
- блогтар;
- вики-проекттер;
- интернет-дүкен;
- электронды почта;
- жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet) ;
- файл-алмасу желілері;
- интернет-радио;
- интернет-теледидар;
- IP-телефония;
- мессенджерлер;
- FTP-серверлер;
- IRC (веб-чаттар) ;
- іздеу жүйелері;
- интернет-жарнама;
- өшірілген терминал;
- төлеу жүйелері.
URL-адрестер Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн жазудың
арнайы формасы. Ол желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi мәлiметтi
айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi. URL адрестерiнiң
жазылуынан мысал келтiрейiк:
-
-
-
-
-
http:// www. soccer. ru/dinamo/rus/index. html
мұндағы:
http - протокол, яғни хаттама;
www. soccer. ru - адрестiң домендiк бөлiгi;
soccer. ru - доменнiң аты;
- dinamo/rus - сервердегi каталог аты;
- index. html - веб парақтың файлының аты.
Домен - бiр компьютермен басқарылатын немесе бiр желiлiк жұмыс
машинасының (желi торабының) басшылық етуiмен iстейтiн информациялық
желi қорлар(ресурстар) тобы.
1. 5 Қазақстан интернеті
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық
компанияларының басқаруымен телекомуникация ассоцияциясы деген жаңа
ұйым пайда болды .
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кәсіпорынның
іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын,
ақпараттық технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсынады.
Ассоцияның негізгісан есебінде : отандық және шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету
көзделген . Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы
қызметті де қамтиды. Мұнда - электрондық World Wide Web-тің өсуімен
қоса, көптеген қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта,
әртүрлі анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры (солардың ішінде
неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта
өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм
туралы толық анықтама алуға болады. Оның жанрын, актерлік бөлімін,
режисерлік және де фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол
жерден сізді қызықтыратын кино актерлері, режисерлері және де дауыс
операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.
World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі .
Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген
қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін.
Электронды Wed - құжаттар принтерде басу үшін емес, компьютер
экранында қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында
екені алдын ала белгісіз . Web - парақтарды қарап шығуға арналған
программалар броузерлер деп аталады . World Wide Web түп- түгел
гипермәтіндерден тұрады . Гипермәтін-мәтінің дара блоктарымен байланысты
ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Қазірде әрбір үшінші қазақстандық интернет желісіне қосылған. Зерттеу
деректеріне жүгінсек интернет пайдаланушыларының арасында 39%-ы
ғаламторды әлеуметтік желілерге кіру үшін қостырған, 12%-ы электрондық
поштаны пайдалану үшін. Бұл ретте 60%-дан астамы күнделікті әлеуметтік
желіні және пошталық сервистерді қолданады, 40%-ы іздеу сервистеріне
және жаңалықтар сайттарына кіреді және 20% ғана кинофильмдерды
онлайн кореді.
1. 6 Веб-сайтқа қажеттіліктің дәйектемесі
Қазірде әрбір ұйымның жеке веб-сайттары бар. Осы заманғы
ақпараттық технологияларды қолдану шарты - жарнамалық саланы кеңейту
арқылы және осы арқылы қосымша клиенттерді тарту, нарық заманында өмір
сүрудің бірден-бір жолы.
Веб-сайтты құру және өңдеу:
- веб-сайтты өңдеуге алғашқы техникалық тапсырманы қабылдау;
- сайттың құрылымдық сұлбасын
-
деректердің, бөлімдердің,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz