Точка KZ компаниясыны жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

9

10

11

Аннотация

12

Название дипломной работы «Организация рабочего времени

сотрудников компании Точка KZ». Эта программа сохраняет все задачи в базе

данных и доступно в любой момент из интернета. В этой дипломной работе

показано как веб-технологии могут помочь в организации рабочего времени.

В дипломной работе 47 иллюстрации и 21 таблиц.

Annotation

The title of degree work is «Organization work time workers of company

Tochka KZ». This program save all tasks in database and accessible anytime from

internet. In this degree work show how web technologies help to organize work

time. This work had 47 pictures and 21 tables.

Аңдатпа

Дипломдық жұмыстың тақырыбы

«Точка

KZ»

компаниясыны

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру. Бұл

бағдарлама барлық тапсырмаларды деректер қорында сақтап, кез-келген

уақытта қол жетімді болады. Мұнда веб-технологиялардың жұмыс уақытын

қалай тиімді пайдалануға болатындығы көрсетілген.

Дипломдық жұмыста 47 сурет және 21 кесте бар.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Аналитикалық бөлім 1. 1 Бағдарламаның тиімділігін анықтау

1. 2 Құрал-жабдыұты анықтау

2. Жобалық бөлім

2. 1 Бағдарламаның негізгі қағидаларын анықтау

2. 2 Деректер

3. Тәжірибелік бөлім

3. 1 Бағдарламаның міндеті

3. 2 Бағдарламаның орындалу шарты

13

8

9

9

15

20

20

23

32

32

32

3. 3 Бағдарламаны орнату немесе

3. 4 Бағдарламаны пайдалану

3. 4. 1 Бағдарламаның кіру беті

3. 4. 2 Бағдарламаның негізгі тапсырмалар тізімі беті

3. 4. 3 Бағдарламаның іздеу

3. 4. 4 Бағдарламаның қорытынды шығаруға арналған

4. Экономикалық бөлім

4. 1 Жұмыстың сипаттамасы мен қажеттілігінің негіздемесі

4. 2 АЖ бөлшегін жобалауға жіне құруға кететін уақыт

5. Еңбекті қорғау бөлімі

5. 1 Программист жұмысы

5. 2 Шу және діріл үшін талаптар

5. 3 Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар

5. 4 Электр қауіпсіздігі

5. 5 Өрт қауіпсіздігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

А қосымшасы

Ә қосымшасы

14

33

33

33

34

43

44

51

52

52

60

60

64

65

66

67

76

77

78

81

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Точка

KZ

компаниясының

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыру бағдарламасы». Бұл бағдарлама

жұмысшыларға жұмысты тиімді бөлу үшін арналған. Компанияда клиенттер

көп болғандықтан - барлық жұмысты есте сақтау мүмкін емес. Соның

салдарынан кейбір жұмыстар ұмытылып қалуы жиі орын алады. Ол келісімде

көрсетілген уақытта жұмысты бітіріп тапсыра алмауға алып келеді. Кей кезде

осындай жағдайлар клиенттен айырылуға да алып келеді.

Бұл бағдарламаны жасаудың тағы бір қажеттігі - ол жұмысшылардың

қанша жұмыс жасағандығын қадағалау. Осыған орай олардың жалақысын

реттеу. Керек болса сыйақы тағайындау немесе керісінше айлығын қысқарту.

Қадағалау болмаса жұмысшылар жұмыс істеп отырған сыңай танытып өте аз

жұмыс істеп отыруы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар айлық мөлшері

істеген жұмысына байланысты емес жағдайларда көп орын алады.

Тағы да бір қажеттілігі жұмысшылардың айлығын көтеру немесе азайту

үшін керек болады. Мысалға бір жұмысшы басқаларға қарағанда көп жұмыс

жасайтын болса ол айлығын немесе деңгейін көтеруге ең басты үміткер

болады.

Мұндай келеңсіздікке ұшырамау үшін бір күнделік тәрізді барлақ

тапсырмаларды еске салып отыратын бағдарлама керек болды. Негізі мұндай

бағдарлама «1С предприятие» - де болатын. Бірақ ол бағдарлама өте жәй

жұмыс істейтін және көп жағдайда қатып қалады. Бұл жағдайлар өз кезегінде

уақытты жоғалтуға алып келеді. Онымен қоса ол бағдарламаның басты

ыңғайсыздықтарының бірі - онда біткен жұмыстарды қағазға толтыру

керектігі. Оны кейіннен бөлім бастығы өз қолымен барлығын бағдарламаға

енгізу керек еді, бұл өте көп уақытты қажет ететін.

Сондықтан біз осы бағдарламаны жасауға шешім қабылдадық. Бұл

бағдарламаның басты артықшылығы оның кез-келген жерде интернет желісі

арқылы қол жетімділігі.

Бағдарлама сайт болғандықтан оны сайт жасаудағы ең әйгілі php тілінде

жасаймыз. Таза php-да сайтты құрастыру өте ыңғайсыз болғандықтан

CodeIgniter фреймворкің пайдаланамыз. Бұл фреймворктың басты

артықшылығы оның бағдарламаны тез жазуға жол беруінде. Онымен қоса ол

өте жылдам жұмыс істейді. Бұл фреймворк MVC идеологиясын өте қатты

ұстанады. CodeIgniter туралы алда әлі толығырақ айтатын боламыз.

Деректер қоры ретінде MySQL деректер қорын пайдаланамыз. Бұл

деректер қоры да өте оңай және ыңғайлы деректер қоры. Бұл деректер қоры

веб-те өте кең тараған. Oracle және Microsoft SQL - келген адамдар

менсінбегенімен бұл өте жақсы деректер қоры екендігін Facebook және

Вконтакте әлеуметтік желілерінің пайдалануы дәлел бола алады. Толығырақ

алда айтамыз.

15

Клиентте HTML, JavaScript ( jQuery ) тілдерін пайдаланамыз. Және

әдемілеу үшін CSS3-ді пайдаланамыз. Бұл технололгиялар туралы да алда

толығырақ айтамыз.

16

1.

1. 1


Аналитикалық бөлім

Бағдарламаның тиімділігін анықтау

Дипломдық жұмыстың тақырыбы

«Точка

KZ»

компаниясыны

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру. Компанияда

клиенттер көп болғандықтан барлығын есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан

олардың бәрін бір жерде сақтап және кез-келген уақытта қол жетімді болу

үшін бағдарлама керек. Яғни, бұл бағдарламада барлық тапсырмалар

сақталады. Әрбір тапсырма алдымен бағдарламаға енгізіледі. Әрбір жұмысшы

бағдарламаға өз аккаунтына кіргенде тек өзінің тапсырмалары көрінеді.

Барлық орындалмаған тапсырмалар қызғылт түспен боялады да, орындалған

тапсырмалар жасыл түспен боялады. Жұмысшы тапсырманы орындап болған

соң оны орындалды деп маркерлейді. Барлық тапсырма көз алдында

тұрғандықтан ешқандай клиент ұмытылып қалмайды. Бұл бағдарламаның

арқасында клиенттерден айырылу жәйты орын алмайды.

Онымен қоса барлық ақпарат деректер қорында сақталғандықтан әрбір

жұмысшының қанша жұмыс атқарғанын қадағаласа болады. Сол атқарған

жұмыс көлеміне қарай оның жалақысын есептеуге болады. Әсіресе айлығы

істеген жұмыс көлеміне байланысты емес компанияларда бекер уақыт ұткізіп

отыратын жұмысшыларды анықтауда өте көп көмек береді. Осының бәрі

қадағалатын болғандықтан жұмысшылар уақытын бекер өткізбеуге тырысады.

Осының арқасында уақыт үнемді пайдаланылады. Осындай CRM жүйесі

қызметін көрсететін «Мегаплан» компаниясының зерттеуіне сенсек

укомпания уақытты 1, 75 есе үнемді пайдалана бастайды дейді. Әсіресе осы

уақыт тез өтетін заманда уақыт ең қымбат заттардың бірі болғандықтан бұл

бағдарлама компанияға экономикалық та тиімділік алып келеді.

Әрбір тапсырманы орындауға кеткен уақытты сақтағандыұтан белгілі

бір тапсырма түріне қанша уақыт кеткеніне қарап оның бағасын есептеуге

болады. Бағдарламаның басты мақсаты жұмыс уақытын үнемдеу. Бұл

бағдарламаны қажеттігі - ол жұмысшылардың қанша жұмыс жасағандығын

қадағалау. Осыған орай олардың жалақысын реттеу. Керек болса сыйақы

тағайындау немесе керісінше айлығын қысқарту. Қадағалау болмаса

жұмысшылар жұмыс істеп отырған сыңай танытып өте аз жұмыс істеп

отыруы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар айлық мөлшері істеген жұмысына

байланысты емес жағдайларда көп орын алады. Тағы да бір қажеттілігі

жұмысшылардың айлығын көтеру немесе азайту үшін керек болады. Мысалға

бір жұмысшы басқаларға қарағанда көп жұмыс жасайтын болса ол айлығын

немесе деңгейін көтеруге ең басты үміткер болады.

17

1. 1 сурет - Сайттың кіру беті

1. 2 сурет - Тапсырмалар тізімі беті

18

1. 3 сурет - Жұмысшылар тізімі беті

1. 4 сурет - Әр түрлі статустағы тапсырмалар тізімі

19

Мұндай келеңсіздікке ұшырамау үшін бір күнделік тәрізді барлақ

тапсырмаларды еске салып отыратын бағдарлама керек болды. Негізі мұндай

бағдарлама «1С предприятие» - де болатын. Бірақ ол бағдарлама өте жәй

жұмыс істейтін және көп жағдайда қатып қалады. Бұл жағдайлар өз кезегінде

уақытты жоғалтуға алып келеді. Онымен қоса ол бағдарламаның басты

ыңғайсыздықтарының бірі - онда біткен жұмыстарды қағазға толтыру

керектігі. Оны кейіннен бөлім бастығы өз қолымен барлығын бағдарламаға

енгізу керек еді, бұл өте көп уақытты қажет ететін. Бағдарманың басты

міндеті жұмысшы уақытын барынша үнемді пайдалануға негізделген. Бұл

бағдарлама арқылы қызметкердің тиімділігін анықтауға болады және белгілі

бір жұмыс түрінің қанша уақытта істелгеніне қарап оның бағасын орнатуға

болады. Мысалы бір сайтқа жаңа «Слайдшоу» модулін орнату керек болсын.

Компанияға жаңа клиент келеді де маған осындай модуль керек, оны қанша

ақшаға орната аласыңдар дейді. Сол кезде ол жұмысқа кететін уақытқа қарап

қанша тұратындығын клиентке айтады. Осы арқылы жұмысты орындаушы

өзіне және клиентке тиімді шешім қабылдайды. Себебі орындаушы өте

қымбат баға айтса клиент басқа компанияға кетіп қалады. Ал керісінше аз

айтса финанстық тұрғыдан ұтылып қалады. Сондықтан оның таза бағасын

анықтаған жөн. Онымен қоса ай соңында айлыққа бонустар есептегенде

графикті ашып қанша жұмыс істелгеніне байланысты қызметкерге айлық

есептелініп шығарады. Осындай қадағалау болғандықтан жұмыста бос

отыратын адамдар жоқ болады.

Сондықтан біз осы бағдарламаны жасауға шешім қабылдадық. Бұл

бағдарламаның басты артықшылығы оның кез-келген жерде интернет желісі

арқылы қол жетімділігі.

Бағдарламаның басты мақсаттары:

- Бағдарламада қызметкерлер, менеджерлер мен администратор болу

керек;

- Администратор бағдарламадағы билігі шексіз пайдаланушы. Ол

барлығын қадағалайтын, қызметкерлерді қадағалайтын, оларға тапсырма

орнататын болуы керек;

- Әрбір қызметкердің жеке кабинеті болуы керек. Ол тек өзіне тиісті

ғана тапсырмаларды көруі керек. Тапсырманы орындағасын орындалғаны

туралы хабарлай алатын болуы керек;

- Барлық ақпарат сақтауы керек;

- Менеджерлер өзіне қарасты қызметкерлерге тапсырмса беріп және

оны қадағалайтындай болуы керек;

- Кез-келген уақытта істелген жұмыстар туралы ақпарат алуға

мүмкіндік болуы керек;

- Тапсырмалар және басқада объектілер арасында іздеу болуы керек.

Бағдарлама SaaS технологиясын пайдаланады. SaaS - (software as a

service - бағдарлама қызмет ретінде) - бағдарламаны сатудың бір түрі, бұл

жағдайда ұсынушы веб-бағдарламаны жасап оны өзі басқарады да клиентке

20

веб-интерфейс арқылы пайдалануға жол береді. Бұл технологияның басты

артықшылығы оны орнатуға немесе жаңартуға клиент шығын жасамайды.

1. 5 сурет - SaaS технологиясы

SaaS технологиясының басты қасиеттері мынадай:

- Бағдарлама алыстан пайдалануға дағдыланған;

- Бір бағдарламаны бірнеше пайдаланушы пайдалана алады;

- Төлемдер айлық төлем ретінде немесе пайдалану деңгейіне қарай

жасалады;

- Бағдарламаның техникалық көмек қызметі сол айлық төлемнің ішіне

кіреді;

- Бағдарламаның жаңаруы немесе күрделенуі пайдаланушыға анық

байқалады.

Бұл жағдайда пайдаланушылар бағдарламаны иемдену үшін төлемейді,

олар оны жалға алғаны үшін төлейді. Соның арқасында пайдаланушы

бағдарламаны сатып алуға, оны пайдаланатын аппаратқа және бағдарлама

жұмысын қадағалауға шығын жасамайды. Тағы бір жақсы қасиеті

пайдаланушы бағдарламаны тек керек кезінде ғана ақшасын төлеп пайдалана

алады. Мұндай жағдайлар жұмысы мезгілге байланысты мекемелерге өте

тиімді. Мысалы: «Қиял әлемі паркі», жағажайлар.

Бағдарлама авторы үшін де жақсы жағы бар. SaaS бағдарламаны

лицензиясыз. Онымен қоса авторға техникалық көмек қызметіне және

бағдарламаны әр клиентке орнатуға шығын кетпейді.

21

1. 2 Құрал-жабдықты анықтау

1. 6 сурет - CodeIgniter фреймворкі

Бағдарлама сайт болғандықтан оны сайт жасаудағы ең әйгілі php тілінде

жасаймыз. Таза php-да сайтты құрастыру өте ыңғайсыз болғандықтан

CodeIgniter фреймворкің пайдаланамыз. Бұл php тілінде жазылған коды ашық

түрде таратылатын және әр түрлі деңгейдегі сайттарды немесе веб-

бағдарламаларды жасауға арналған

MVC

фреймворк.

Ол

EllisLab

компаниясының өнімі.

Codeigniter’дің басты артықшылығы оның

оңайлығында. Бұл жеңілдікке қол жеткізетін бірнеше фактор бар:

- Өте сапалы дакументация мен жақсы мысалдар, үлкен қауым мен wiki-

дің көптігі;

- Видеосабақтардың ресми сайтта да және басқа сайттардағы кө өптігі.

Видеосабақтар материалды өте жылдам меңгеруге көмеек береді;

- Фреймворк программистке белгілі бір шектер қоймай толық еркіндік

береді;

- Codeigniter кез-келген хостинг тарифында жұмыс істей береді. Ең

басты талап онда php 5. 1-ден үлкен болуы керек;

- Codeigniter ең жылдам фреймворктар қатарына датады;

- Дистрибутив көлемінің аздығы, 2. 1. 1 версиясының көлемі 2. Мб.

Бұл фреймворк MVC идеологиясын өте қатты ұстанады. Яғни прект үш

негізгі объекттерден тұрады: Model, Controller, View.

22

1. 7 сурет - MVC технологиясы

Модель - бағдарламаның негізгі объекттерін сипаттайды. Осы модель

арқылы бағдарламаның негізгі объектілерінің қасиеттерін өзгертуге болады.

Оны ActiveRecord деп атайды. Бұл жерде деректер қорындағы кесте

параметрлері php объектінің қасиеттеріне (орысша свойства)

аударылады.

Мысалға worker кестесінің моделінің бір параметрін өзгертсек:

$work = Work::model->findByPk(1) ; // жаңа объект жасаймыз

$work->important = 1; // маңыздылығын өзгертеміз

$work->save() ; // және сақтаймыз

Жоғарыдағы кодқа қарасаңыз бізге деректер қорына сұраныс жасааудың

қажеті жоқ. Оларды фреймворк өзі жасайды. Салыстыру үшін осы кодты таза

фреймворксыз жазып көрейік:

$db = mysql_connect(‘localhost’, ‘root’, ’’) ;

mysql_select_db(‘diplom’, $db) ;

mysql_query(‘UPDATE work SET important = 1 WHERE id = 1’) ;

Осы екі кодты салыстырсақ аса айырмашылық байқалмайды. Бірақ бұл

өте қарапайым мысал. Өмірде тек бір параметрді өзгертуден басқа да күрделі

жұмыстар болады. Оларға валидация, объектінің қосымша функциялары тағы

да басқа заттар қажет болады. Сондықтан осының бәрін бойында сақтайтын

объектінің қолыңда болғаны өте тиімді.

Контроллер - бұл барлық орындалатын іс-қимылдарды немесе

әрекеттердің беттерін орындайды. Мысалға тіркелу, жұмыстар тізімін көру

сияқты әрекеттерді орындайды.

Ол мысалға бір бетті экранға шығару

алдында деректер қорына сұраныстар жасап керек ақпараттарды шығаруға

23

даындап, формадан келген деректерді сақтайды немесе өшіреді және т. б.

керек іс-әрекеттерді орындайды. Контроллер орындалып болғансын керек

view-ді қажет болса параметрлерімен шақырады.

Барлық контроллерлер ең басты CI_Controller класынан немесе осы

кластан тараған кластардан таралады. Негізгі класс осы класс. Бұл класс өте

қажетті көп параметрлермен функциялары код жазушыға көптеген қайталана

беретін жұмыстардан арылуға көмек береді. Мысалға Admin контроллерін

жасаау үшін былай жазу қажет:

class Admin extends CI_Controller {

// контроллер функциялары

}

Бұл жерде фреймворк барлық алдын ала тұрақты ақпараттарды

дайындап контроллерді шақырады. GET параматрлердің бәрі алдын ала

фильтрдан өткізіліп контроллер функцияға аргумент ретінде береді. GET

сұраныс жолындағы параметрлер сол аттарымен контроллерде қол жетімді

болады. Мысалы бір блог болсын. Сондағы бір мақаланы уникалды нөмірі id

бойынша бетте көрсету үшін сол көрсетуді орындайтын контроллерді былай

жазса болады:

public function work_week_move($id)

{

// бұл жерде $id = $_GET[‘id’] ;

// мақаланы $id бойынша деректер

қорына

сұраныс

жасап

шығарамыз

}

Контроллер орындалып біткесін керек болса сол беттің view - ін

шақырады.

Оны шақыру төмендегідей жазылады:

public function work_week_move($id)

{

$this->load->view('admin/admin_header', $data) ;

$this->load->view('admin/admin_otchet', $data1) ;

}

View - барлық бетте көрсету керек ақпаратты көрсету үшін арналған.

Жоғарыда айтқандай view орындалу үшін оны контроллерде шақыру керек.

Шақыру функциясының 0-ші ден кейінгі барлық параметрлер сол атымен

view-да қол жетімді болады. Мысалға:

// контроллерден үзінді

public function work_week_move($id)

{

$data = ‘docxplusgmoon’;

24

$this->load->view('admin/admin_otchet', $data) ;

}

// view

<?

echo $data;

?>

1. 8 сурет - MySQL деректер қоры

Деректер қоры ретінде MySQL 5. 5 деректер қорын пайдаланамыз. Бұл

деректер қоры да өте оңай және ыңғайлы деректер қоры. MySQL - коды ашық

таралатын релюционды деректер қорын басқару жүйесі. MySQL Oracle

компаниясына тиесілі. MySQL - дің ыңғайлылығы оның көп кестелер түрін

пайдалануға мүмкіндік беруінде. Бұл деректер қоры веб-те өте кең тараған.

Бұл өте жақсы деректер қоры екендігін Facebook және Вконтакте әлеуметтік

желілерінің пайдалануы дәлел бола алады.

MySQL 5. 5 ерекшеліктері:

- InnoDB кесте түрін негізгі кесте түрі ретінде пайдалануы;

- Ақпараттын дискіде сақтау механизмдерінің жақсаруы, соның

арқасында көлемі үлкен кестелерді сақтау диксті тиімді пайдаланады;

- Жаңартылған JOIN мнханизмдерін өңдеу алгоритмі;

- Ішкі бұғаттау жүйесі қайтадан жазылған;

-

Көп ядролы процессорларда InnoDB кестелерін пайдалану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын адам ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Тауарлар мен сауда ұйымдары - БЕРIЛГЕНДЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Техникалық - экономикалық негіздеме
Электронды құжаталмасу жүйесін жобалауда қолданылған бағдарламалық қамтамалар
“Қазпочта” АҚ-ның Алматы филиалының персоналды бақарудағы қызметін талдау
Сабақтың кәсіби бағыттылығы
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Фирма менеджментіндегі персоналды басқару жүйесі және оны талдау («Zhersu power» ЖШС мысалында)
Суретті сақтау сұхбаттық терезесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz