Altyntau Kokshetau ЖШС – ті жылумен қамтамасыз ету жүйесін автоматты басқаруды жетілдіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Дипломдық жобаның тақырыбы - «Altyntau Kokshetau» ЖШС - ті

жылумен қамтамасыз ету жүйесін автоматты басқаруды жетілдіру.

«Altyntau Kokshetau» ЖШС - ті жылумен және ыстық сумен

қамдайтын өндірістегі қазандық қарастырылды. Қазандықта орналасқан

КВТФ- 25-150 қазанының техникалық есептемесі жүргізілді.

Жылутехнологиялық процесстерді бақылайтын автоматты

жабдықтардың жұмысы, ерекшеліктері қарастырылды.

Жобада өміртіршілік

қауіпсіздігі бөлімінде қазандықтағы

автоматты жабдықтар орналасқан щит орнын жарықтандыру есептемесі

және микорклимат келтірілді. Экономикалық бөлімде қазандық

жұмысының жылдық жүктемесі анықталып, биснес - жоспар құрылды.

Аннотация

Название дипломного проекта - Модернизация автоматического

управления системы теплоснабжения ТОО - «Altyntau Kokshetau» .

Рассматривалась котельная ТОО - «Altyntau Kokshetau» которая

снабжает площадку отоплением и ГВС. Был осуществлен технический

расчет котла КВТФ-25-150.

Были

рассмотрены автоматические оборудования которые

управляют технологическими процессами.

В разделе безопасность жизнедеятельности был осуществлен

расчет освещения щитовой и микроклимат. В разделе экономики была

расчитана годовая нагрузка котельной и был составлен бизнес - план.

Abstract

Title of diploma project - Modernization of automatic control system

heating LLP - «Altyntau Kokshetau».

Considered boiler LLP - «Altyntau Kokshetau» which supplies heating

and hot water pad . Was carried out technical calculation boiler KVTF -25-

150.

Were considered automatic equipment that control of technological

processes .

In the life safety lighting calculation was carried shield and

microclimate. In the economy was raschitana annual load boiler and was

composed of business - plan

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 БӨЛІМ

Жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін мекенге

сипаттама

1. 1 Жұмыстың мақсаты . . .

1. 2 Объектінің сипаттамасы . . . . . .

1. 3 Қазандық сипаттамасы . . .

. . .

1. 4 Қосалқы жабдықтары . . .

2 БӨЛІМ Жылумен қамтамасыз ету жүйесі

2. 1 Жылулық жүктемені реттеудің тәсілдерімен сатылары . . .

2. 2 Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтері . . .

2. 3 Жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі жылу жіберуді реттеу . . .

2. 4 Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің режимдер жұмысы . . .

3 БӨЛІМ Жылумен қамтаммасыз ету жүйесін автоматты басқару

3. 1 Автоматты басқарудың тағайындалуы және принциптері . . .

3. 2 Жылутехникалық процестің параметрлері . . .

3. 3 Жылутехникалық процестің параметрлерін өлшеу қағидалары . . .

3. 4 Қазандықты автоматты реттеу жүйесінің сұлбасы және

түсініктемесі . . .

3. 5 Жылу желісіндегі судың температурасын автоматты реттеу . . .

3. 6 Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің режимдерінің және

технологиялық процесстердің автоматтандырылуының ерекшеліктері .

3. 7 Жылутехнологиялық процесстерді автоматты басқару жүйесі . . .

3. 8 Аспаптарға сипаттама . . .

3. 9 КВТФ қазандығының операторлық нұсқаулығы . . .

4 БӨЛІМ Есептік бөлім

4. 1 Қатты отын құрамын қайта есептеу . . .

4. 2 Қазанның газ жолындағы ауаның артық мөлшерін есептеу . . .

4. 3 Ауа көлемін және жану өнімдерін есептеу . . .

4. 4 Ауаның және жану өнімдерінің энтальпияларын есептеу . . .

4. 5. Жылу балансын және отын шығынын есептеу . . .

4. 6 Ошақ камерасының жылулық есептемесі . . .

5 БӨЛІМ Өміртіршілік қауіпсіздігі

5. 1 Жұмыс орындарын жарықтандыру . . .

5. 2 Жарық ағынынын пайдалану коэффициенті бойынша есептеу . . .

5. 3 Жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеу . . .

5. 4. Жұмыс орнындағы микроклимат параметрлері . . .

6 БӨЛІМ Экономикалық бөлім

6. 1 “Altyntau Kokshetau” ЖШС - ті жылумен қамтамасыз ету жүйесін

автоматты басқаруды жетілдірудегі технико - экономикалық

негіздемесі . . .

6. 2 Қазандықтан жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу . . .

6. 3 Жылумен қамдау нұсқасын салуды және оны пайдалануды

экономикалық бағалау . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда қуатты энергоблоктарда өтетін жылу технологиялық

процестерді сапалы және тиімді жүргізу үшін жүздеген параметрлерді ұдайы

бақылап, қадағалап, реттеп отыру керек. Электр стансалары мен жылумен

жабдықтау объектілерінде күтілмеген жағдайлардың арқасында, мысалы,

отын сапасының нашарлауы, жүйеге қосылған тұтынушылардың қуатының

төмендеп кетуі т. с. с. себептердің салдарынан реттелетін параметрлерге

қобалжытушы әсер түсіріліп, олардың мәндері ауытқып кетуіне байланысты

технологиялық процеске зақым тиіп, апат қауіпі де төнуі мумкін. Сондықтан

жылутехникалық бақылау мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып

табылады.

Осы уақытқа дейін қазандықтарда технологиялық бақылауды жүзеге

асыратын комплекстер ескіріп, сенімділіктері төмендегендіктен

қолданылатын аспаптарды жаңартып, қазіргі заманғы жетілдірілген

қондырғылармен алмастыруды талап етеді. Технологиялық бақылаудың

негізгі мәселелерін шешу төмендегідей талаптарға сай болуы керек:

1. Ресей және ТМД елдерінде қолданылып, біртекті өлшеулерді

қамтамасыз ететін аспаптарды енгізу.

2. Қондырғы датчиктер мен сигнал көздерінің кез келген түрімен жұмыс

істеуі қажет.

3. Кез келген релелік немесе аналогтық шығыстардың көмегімен

басқарылатын мүмкіндіктің болуы.

4. Өлшеу каналдарының соның ішінде датчиктермен байланыс

линияларының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын үздіксіз бақылау мүмкіндігі.

Қазіргі заманғы қуатты энергоблоктардың технологиялық бақылау жүйесін

жоспарлауда 1500-ден астам параметрлер бақылауға алынып, 1000-нан астам

реттегіш блоктар мен 120 локальді реттеу контурлары қолданылады.

жылдамдықтары мен параметрлерінің жылдан

жылға өсіп отыруы (қысымның 36 МПа-ға дейін артуы, температураның

565С-ге жетуі) жылутехникалық процестерді бақылау жүйесін жоғары

дәрежеде жобалауды талап етеді.

Дипломдық жобада «Altyntau Kokshetau» ЖШС - ті жылумен

қамтамасыз ету жүйесін автоматты басқаруды жетілдіру жұмыстары

жүргізіліп, қондырғылар таңдалады.

Жобада «Altyntau Kokshetau» ЖШС - ті жылумен және ыстық сумен

қамдайтын өндірістегі қазандықтағы КВТФ-25-150 су ысытушы қазанының

техникалық есептемесі жүргізіледі.

1 БӨЛІМ ЖЫЛУМЕН, ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН

МЕКЕНГЕ СИПАТТАМА

1. 1 Жұмыстың мақсаты

Бұл жұмыста Көкшетау қаласындағы ТОО “ Altyntau Kokshetau”

өндірісіндегі қазандықтың жылутехникалық бақылау жүйесі қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты - ТОО “ Altyntau Kokshetau” өндірісіндегі қазандық

қондырғылырымен, автоматтандыру жүйесімен танысып, жылумен

қамтамасыз ету жүйесіндегі тиімді бақылау өлшеу аспаптарын таңдау.

Қазандықтың жылутехникалық бақылау жүйесін жетілдіру өте

маңызды процесс болып табылады, себебі мұнда технологиялық

параметрлердің мәндері, апаттық сигналдар аспаптардың көрсетуі арқылы

тікелей диспетчерге беріліп тұрады және пульт арқылы қазандықтың

технологиялық процесстерін басқару мүмкіндігі пайда болады.

1. 2 Объектінің сипаттамасы

Көкшетау қаласының ТОО “Altyntau Kokshetau” өндірісін жылумен

қамту. Жылумен қамту кезінде Майкубе көмірі қолданылады. Қазандықтың

басты міндеті ТОО “Altyntau Kokshetau” өндірісін жылумен, ыстық сумен

қамтамасыз ету. Қазандықта КВТ-Ф-25-150 үш су ысытушы қазандары

орналасқан. Олардың біреуі жөндеу жұмысында, біреуі резервте, біреуі

жұмыста. КВТ-Ф-25-150 су ысытушы қазаны еріксіз айналымды, жылу

өндірулігі 25 Гкал/сағ (29МВт), қысымы 16 кгс/см және температурасы 1500С

болатын ыстық су өндіреді.

1. 3 Қазандық сипаттамасы

Қазандық жұмыс температурасы 70-1500С болатын суды өндіреді.

Өндірілетін су жылумен қамтамасыз ету жүйесінде және ыстық сумен

қамтамасыз ету жүйесінде қолданылады.

Қазандықтағы ауа температурасы +120С,

жылу бөлінуін ескере отырғанда. Жылутасығыш ретінде -су қолданылады.

Параметрлері: 150-700С қазандықтың бөлмелеріне және сулы тұз

қоймаларына; жылу беру корпусында жылумен қамтамасыз ету жүйесінде

130-700С.

Қазандықта жылыту ауалы. Бөлмелердің ысуы ауалы жылыту

агрегаттарымен жүзеге асады.

Суды химиялы тазалау, қосалқы және тұрмыстық бөлмелері қазандық

ғимаратында орналасқан.

Қазандыққа отын темір жол көлігімен әкелінеді. Темір жол вагонның

жүгін түсіру механикаландырылған қабылдау құрылғысының қоймасында

жүзеге асырылады. Қоймадан кейін көмір отын жіберу жолына жіберіледі.

Көмірдің ұсақталуы ұнтақтағыш корпуста жасалады.

Қазандықтың техникалық сипаттамасы

КВТ-Ф-25-150 су ысытушы қазандары жылуөндірулігі 25Гкал/сағ

қысымы 16кгс/см² және көрсетілген температурасы 150ºС ыстық су

алуға, жылыту жүйесіне, өнеркәсіпте және тұрмыстық қолданыста желдету мен

ыстық су алуға арналған.

Кесте 1. 1 - Қазандықтың техникалық сипаттамалары

1. 4 Қосалқы жабдықтары

Су ысытқыш қазандарының жұмыс қабілеттілігін тікелей қамтамасыз

ету үшін қазан қосалқы қондырғылармен жабдықталады. Сонымен

қатар, қазандықтың

технологиялық циклінің жұмыс қабілеттілігін

қамтамасыз етуде, жалпы қазандықтың қосалқы жабдықтары ескеріледі.

Кесте 1. 2 - Қосалқы қондырғылардың техникалық сипаттамасы

Кесте 1. 2- нің жалғасы

2 БӨЛІМ ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ

2. 1 Жылулық жүктемені реттеудің тәсілдерімен сатылары

Жылулық жүктемені реттеудің үш тәсілі қолданылады: сапалық,

сандық, сапалық - сандық реттеу.

Сапалық реттеуде жылутасығыш шығынын жылу тұтынатын қондырғы

арқылы тұрақты етіп ұстайды, ал жылулық жүктеме өзгеретін болса,

жылутасығыш температурасын өзгертеді.

Сандық реттеуде жылутасығыш температурасын жылу тұтынатын

қондырғы алдында тұрақты етіп ұстайды, ал жылутасығаш шығынын

жылулық жүктеме өзгеретін болса, жылу тұтынатын қондырғы арқылы

өзгертеді.

Сапалық - сандық реттеуде жылулық жүктеме өзгеретін болса,

жылутасығыш шығынын жылу тұтынатын қондырғы арқылы, ал

температурасын жылу тұтынатын қондырғы алдында өзгертеді.

Жылулық жүктемені реттеудің төрт сатысын ажыратады: орталықтан,

топтық, жергілікті, жеке реттеу.

Орталықтан реттеу жылумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық

тұтынушыларын жылу көзі арқылы жүзеге асырады, жылу жіберетін желі

құбырларының температурасын ұстап тұрады.

Топтық реттеу орталық жылу бөлімінде жүзеге асады. Бұл сатыда

жылытатын жүйелерге қажет шығын, су температурасы қамтамасыз етіледі

және ыстық су жүйесіне берілетін су температурасы тұрақты етіп ұсталынады.

Жергілікті реттеу жеке жылу бөлімінде жүзеге асады. Ол әдетте ыстық

сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі ыстық су температурасын және желдендіру

жүйесіндегі ауа температурасын белгілі деңгейде ұстап тұрады. Тұрақты су

шығынын қамтамасыз етеді.

Жеке реттеу жылуды жылуды қолданатын қондырғыда іске асырылады.

Мысалы: жылынатын бөлмедегі жылуды белгілі деңгейде ұстау үшін

термостатикалық жылжымасы бар қондырғыға берілетін суды реттеу.

Тұрмыстық үйдегі ыстық суды реттеу.

Жылумен қамтамасыз ету жүйесін дұрыс пайдалану жылу беретін

қондырғыларды жоғары дәрежеде басқаруды, берілген деңгейде

температураны ұстауды, қолданып жатқан жылу қуатын ескеруді, апат болған

жағдайда хабарлауды талап етеді.

2. 2 Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтері

Жылумен қамту жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады: жылу

энергия көзінен, жылу желісінен, аабоненттік кірістерден және жергілікті

жылумен тұтыну жүйесінен.

Жылумен қамту жүйесі келесі белгілері бойынша жіктеледі: жылуды

дайындайтын көзі бойынша; жылутасығыштың тегі бойынша; ыстық суға

жіберу тәсілі бойынша; жылу желісінің құбыр саны бойынша;

тұтынушыларды жылумен қамту тәсілі бойынша;

Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің үш түрі бар:

1)

ЖЭС - ғы жылумен электр қайратының өндіруі нәтижесіндегі

орталықтандырылған жылумен қамту;

2)

Аудандық жылыту және өндірістік жылуту қазандықтарынан

отралықтандырылған жылумен қамту;

3)

Кіші қазандықтармен, жеке жылыту пештерінен

орталықсыздандырылған жылумен қамту;

Жылутасығыштың тегі бойынша су және бу жылумен қамту жүйесі

ажыратылады. Су жүйесін көбінесе маусымдық тұтынушылар және ыстық

сумен қамтамасыз ету үшін кейде технологиялық процесстер үшін

қолданады.

Бу жүйесін өндірістік кісірорындар пайдаланады. Онда жоғары

температуралы жүктеме қажет.

Ыстық суға жіберу тәсілі бойынша су жүйесін ашық және жабық болып

ажыратады. Жабық су жүйесінде жылу желісіндегі суды қыздырғыштарда

ысыту үшін қолданады. Ашық су жүйесінде ыстық су жылу желісінен келеді.

Құбыр саны бойынша бірқұбырлы және көпқұбырлы болып бөлінеді.

Тұтынушыларды жылумен қамту тәсілі бойынша бірсатылы және

көпсатылы болып ажыратылады.

Жылумен қамту жүйесінде жылутасығыш ретінде қалаларда ыстық су,

ал өндірістік кәсіпорындарда су буы пайдаланылады. Жылутасығышты жылу

құбырлары арқылы тасымалдайды. Ыстық су тұтынушыларға беріс жылу

құбырлары арқылы беріледі, жылуалмастырғышқа өз жылуын беріп,

суығаннан кейін жылу құбырлары арқылы жылу көзіне қайтып келеді. Яғни,

жылутасығыш жылу көзімен тұтынушы арасында айналымда жүреді.

Жылутасығыштың айналымын сорғыш стансасы қамтамасыз етеді. Су буы

өндірістік тұтынушыларға бу құбырлары арқылы өз қысымы нәтижесінде

жіберіледі, жылуалмастырғышта шықтанып, өз жылуын береді. Өңделген

шық жылу көзіне артық қысым және шықтағыш сорғыштар көмегімен қайтып

келеді.

Гидравликалық және жылу режимдерін басқару үшін жылумен қамту

жүйесін автоматтандырады, ал берілетін жылуды тұтынушылар

қажеттіліктеріне байланысты реттейді. Жылудың көп бөлігі ғимараттың

жылытуына жіберіледі. Жылыту жүктемесінің өзгерісі сыртқы температура

өзгерісіне тікелей байланысты. Жылумен қамту жүйесінің жоғары сапасына

орталықтан реттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан жылу

орталықтары және тұтынушылар қосымша автоматты реттеуді пайдаланады.

Ыстық сумен қамтамасыз ету үшін су шығыны әрқашан өзгеріп отырады, сол

себептен жылумен қамту жүйесінің тұрақтылығы үшін гидравликалық

режимді реттеп отырады, ал ыстық су температурасын тұрақты 650С етіп

ұстайды.

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесі күрделі кешенді,

өз кезегінде ол жылу көздерімен, жылу желісі, сорғыш стансамен, жылу

орталығымен, автоматты басқару жүйесімен қамтамасыз етілген абоненттік

кірістермен жабдықталған.

2. 3 Жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі жылу жіберуді реттеу

Тұтынушыларға жылу орталықтан немесе жеке жылу бөлімдерінен

беріледі. Жылу бөлімі арқылы екі контур өтеді: жылту және ыстық сумен

қамтамасыз ету. Жылу контуры тұйықталған, ондағы судың барлығы қайта

келеді, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінен тұтынушылар ыстық суды

алады, ал пайдаланылмаған су жылу бөліміне келеді де, суық сумен

араласады.

Суды қыздыру ысытқыштарда немесе жылуалмастырғыштарда

жылутасығышпен жүзеге асырылады. Жылутасығыш жылу желісінен үшінші

контур арқылы беріледі.

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде және жылыту контурларында

су жүруі үшін сорғылар пайдаланылады. Суық суды жібері үшін де сорғылар

қолданылады. Жылу бөлімі осы контурлардың қиылысуын, барлық

қондырғыларды: сорғылар, жылуалмастырғыштар, температура және

қысымды өлшейтін датчиктер орналастыруды, олардың параметрлерін белгілі

деңгейде ұстап отыруды қамтамасыз етеді.

2. 4 Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің режимдер жұмысы

Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің режимдік параметрлері сыртқы ауа

температурасының меншікті шығынның нормативті мәндерімен жылумен

қамтамасыз ету жүйесіне берілетін желідегі судың температурасының

айырмашылығымен сипатталады.

Режимдер жұмысының ұтымдысы ретінде жылу тұтынатын жүйелердің

қалыпты жұмысы қабылданады. Жылуды тұтынушылардың қалыпты жұмысы

үшін жылу желісінің гидравликалық режимімен жергілікті жүйелердің

гидравликалық режимдерінің параметрлерінің сәйкестігі болу керек:

• Динамикалық режимде - Но > hжқ , Ро < Рд жергілікті жүйелердегі

жабдықтардың бүлінуісіз; Δ Н > Δ жергілікті жүйеге желілің судың есептік

шығынының беру мүмкіндігі;

• Статикалық режимде - Нст > hжқ , Рст < Рд жергілікті жүйелердегі

ысытқыш жабдықтардың бүлінуісіз;

Егер жеке жылу бөлімі үшін келтірілген шарттар орындалмаса, жеке

жылу бөлімінің сызбасына және оның автоматтандыруына өзгеріс енгізіледі.

Жеке жылу бөлімінің гидравликалық жұмыс режимі реттеу

параметрлерінің белгілі мәндерін тапсырысымен жүзеге асады.

Өндірулігі 35МВт -тан аспайтын жабық жылумен қамтамасыз ету

жүйесі үшін мына сызбалар таңдалады:

• 0, 2 ≤ ρм ≤ 1 және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі бак

аккумулятор болмаған жағдайда жеке жылу бөліміне жылыту жүйесін

сорғы арқылы немесе су қыздырғыш және элеватор арқылы жалғанғанда;

• 0, 2 ≤ ρм ≤ 1 бак - аккумулятор бар болғанда;

• ρм < 0, 2 и ρм > 1 егер бөліп сумен қолданса;

Кесте 2. 1 - Жеке жылу бөлімінің жұмыс режимінің параметрлерін жылу

желісінің режимдері қалыпты режимнен ауытқу кезінде

3 БӨЛІМ ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН

АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ

3. 1 Автоматты басқарудың тағайындалуы және принциптері

Жылумен қамтамасыз ету жүйесі дегеніміз белгілі тұтынушыларды

жылумен қамтамасыз ету. Жылу жылутасығыш арқылы беріледі,

жылутасығыш ретінде ыстық су немесе бу қолданылады. Жылутасығышты

қажет параметрлерімен (температура, қысым) жылумен қамтамасыз ету

жүйесінің көздерінен алады. Онда органикалық отынның жану жылуы

жылутасығыштың энтальпиясына айналады.

Оның қызуы үшін жылу көздері : атом станциясындағы ядролы

реакциялар нәтижесінде пайда болатын жылу; Жер жылуы (геотермалды су) ;

Күн жылуы; өндірістік кәсіпорындардың екіншілік энергетикалық

ресурстары; Жылу көздерінің көп бөлігі органикалық отынды қолданады.

Тұрмыстық ғимараттарды жылумен қамту кезінде жылуды жылыту,

желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында жібереді, ал өндірістік

тұтынушыларды жылумен қамту - буды жылу оқшаулағыш қондырғылар

арқылы жібереді. Ыстық сумен буды жіберу, жылу тұтынушылардың жұмыс

режиміне байланысты, ол өз кезегінде автоматтандырылған.

Жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі автоматты басқару дегеніміз

жылумен қамтамасыз ету жүйесінің технологиялық процесстерін басқару

үшін автоматты қондырғыларды пайдалану. Жылумен қамтамасыз ету

жүйесінің автоматтандырылуы өз кезегінде көрсеткіштердің реттелуін,

қондырғылармен, агрегаттардың жұмысын, қорғанысын, олардың бақылауын

және өлшенуін қамтамасыз етеді. Автоматты реттеудің жылумен қамтамасыз

ету жүйесіндегі жылуды жіберу бірнеше сатылардан тұрады:

• Орталықтандырылған реттеу. Жылу көзі - қазандықтар, жылуэлектр

орталықтар;

• Орталықтандырылған жылу орталығында топтап реттеу;

Ғимарат бөлмелерінде қыздыру қондырғыларын жеке реттеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи желдету жүйелері
Персоналды басқарудың құрамы
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері
KAZZINC ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы
Ақмола облысы
Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау
Қазан түрі
ТАУАР-АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
Ілеспе мұнай газының құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz