Басқару мақсаттарын қою
Мазмұны
Кіріспе 2
I. Комерциялық емес ұйымдардың қаржысы 4
1.1 Ұйым туралы түсінік және оның түрлері 4
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 8
1.3 Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц көздері. 11
1.4 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары. 14
II. Matrix ЖШС мысалында кәсіпорынның талдауы 19
2.1 Кәсіпорының жалпы сипаттамасы 19
2.2 Матрица ЖШС микроорталығының факторларын талдау. 20
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиет тізімі 25
Кіріспе
Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын - БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаржылық есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік "2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын" бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: "бугалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты - бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру. Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету". Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың жаңа методологиясы терең зерттеу жүргізуді талап етеді.
Диплом жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есепті құрудың теориялық мәселелерін зерттеу, нақты бір ұйымның қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының мазмұны мен құрылымына зерттеу жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ субъектінің қаржылық жағдайына талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты дипломдық жұмыста алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында қаржылық қорытынды есеп берудің теориялық мәселелерін зерттеу
- нақты кәсіпорынның экономикалық даму жағдайына зерттеу жүргізу;
- субъектінің қаржылық есептілігінің тиісті нысандарының құрылымы мен мазмұнына зерттеу жүргізу және оны ары қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары мен методикалық нұсқаулары, сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен талдау мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Зерттеу жүргізу объектісі Алматы қаласындағы "Индустриальное снабжение" жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы заңдық, нормативтік актілері, зерттеу жүргізілген кәсіпорынның соңғы екі жылдың қаржылық қорытынды есебі пайдаланылды.
Комерциялық емес ұйымдардың қаржысы
1.1 Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері:
Ресми ұйымдар - мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар - қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар - құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.
Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі - басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Тік еңбек бөлінісі - басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.
Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.
Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.
Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.
4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
Басқарудың мақсаты - кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:
Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу;
Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
Басқаруды шоғырландыру - мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;
Басқаруды орталықтандыру - қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.
Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы - проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;
Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:
Мақсат - нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;
Мақсат - б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.
Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:
өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;
жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;
қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;
басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;
мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;
тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.
Сонымен менеджер - басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.
Менеджер қызметінің жүйесі:
Менеджердің кәсіби шеберлігі
тәуекелділік
мақсаттылық
ықпал ете білу
байланыс орнатуға қабілеттілік
қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі
ұйымдылық мәдениеті
тәуелсіздік
жан-жақты білім
болашақты ойлау
өзіне сенімділік
өжеттілік
жаңашылдық
Басқарушылар үлгісі - қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:
Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.
Басқарушы-әкім - ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.
Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
Басқарушы-кәсіпкер - ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.
Кәсіпкерлік басқару - субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы). Басқару мақсаттарын қою.
Міндетті істің мазмұны мен маңызы.
Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары.
Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.
Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек.
Мақсат түрлері:
стратегиялық мақсат - ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат.
тктикалық мақсат - стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат.
ағымдағы мақсат - тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар.
Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:
саясат
стратегия
процедуралар
ереже
бюджет
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен белігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ган таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң кемегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді жөне өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытгалған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық, қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нэтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындагы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын бөлумен жоне орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық -- түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды -- кіру және мүшслік жарналарды телеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарында қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.б.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарга біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдардың қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мөдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметті дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері сметалық қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезінде) және шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі кезінде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізінде көшуде -- көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Сметалық қаржыландыру -- меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны белу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржылавдырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен толемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді телеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерция-лық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта болуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жургізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды матсриалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметгері ақыға көрсстіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шыгындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып -- үйренудің курстары мен мсктептері) қолданылады.
Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады, олардың мазмүны 10.1. бөлімде баяндалған. Қоғамдық тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруді едөуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық, негізі өндірістік емес арналымдагы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады. Материалдық емес өнім мен кызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда әдетгегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материаддық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруга болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріңдегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, озгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде ондірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
1.3 Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц көздері.
Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен гана түсіңдірілмейді. Жеңіддік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды, сарайларды, мүндағы басты критерий -- көрсетілетін қызметгердің қогамдық пайдалылығының дөрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммсрциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру жоніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жоніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық емес түрлерінен алатын пайда немесе табысты пай-даланудың қаржы механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.) бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық пракгикасы басқаша іс-әрекет етеді; мүнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың езге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, етеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бүл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
бюджет қаражаттары;
мемлекетгік бюджеттен тыс қорлар;
жаппай шараларға билетгер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түскен түсім-ақша;
түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сөйкес орындалған жұмыстар менқызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері;
мүлікті жалга беруден түскен түсім-ақша;
халықтың қаражаттары;
кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, біліктілікті артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджвттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру жөне денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулсрге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, тсатрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтердсн, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (тусім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі ездігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражатгар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі -- банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның
1997 жылдан бері бюджет ұйымдары бұл к.аражаттарды жергілікті бюджеттерге аударады.
179 кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржы-ландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствога қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы бо-лып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың каржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіюгердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материаддық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік багытылық, мәдени жоне шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаыдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар -- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz