Қауіп - қатерлі факторлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  • Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер;
  • Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде В. Д. Беляков ұсынған ұғымдар;
  • Аурудың нозареалы (әлемдік, аумақтық) ;
  • Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттауда жұқпалы аурулардың көп жылдық және бір жылдық серпінісін зерттеу;

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады. Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік-табиғи факторлардың әсері өте мол болады. Эпидемиялық процестің осы қырына Л. В. Громашевский көп көңіл бөлген.

Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, циклділік, халық топтары, жылдық, көп жылдық, т. б. ) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектеседі.

Осы келтірілген дәстүрлі терминдердің қысқаша анықтамасын былай айтуға болады: эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық сыртқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады. Осының салдарынан эндемиялық, ал малдарға тән аурулар әкелінсе, энзоотиялық сырқаттанушылық қалыптасуы ықтимал. Мұндай аурулардың мөлшері және ұзақ түрде болуы қоздырғыштарының жаңа жағдайға (жерге) икемделуімен анықталады. Мысалы, Марбург және Эбола қызбаларының қоздырғыштарын тасушы маса біздің аумақтарда кездеседі, сондықтан осы вирусты аурулардың қыздырғыштары әйтеуір бір жағдайда бізге жеткізілсе, бұл аса қатерлі аурулардың эпидемиясының болуы қауіпі сақталады.

Эпидемия спорадиялық, эпидемиялық, пандемиялық сырқаттанушылық түрлерімен сипатталады. Эпидемиялық сырқаттанушылықты кең және тар мағынада пайдалануға болады: кең мағынада осы науқастың жалпы болуын айтады, тар мағынада оның сырқаттанушылықтың белгілі деңгейден артық болуын немесе оның бұрын осы жерде болмай, жаңадан пайда болуын айтады.

Эпидемиялық процестің көрінуін сандық анықтау тәсілдері арқылы сипаттауға болады. Бұл әдіс нақты сандық анықтау тәсілдері арқылы сипаттауға болады. Бұл әдіс нақты аурудың түрлеріне мінездеме беруде пайдаланылады. Оларға жататын көрсеткіштер: сырқаттанушылық, өлім-жітім, мүгедектік, превалнеттілік, жұмыс қабілеттілігін жоғалту, экономикалық зардап, т. б. Олардың сандық көрсеткіштері пайызбен, белгілі халық санына шаққан санмен, күнмен, ақшаның мөлшерімен және т. б. көрсеткіштерімен сипатталады.

Эпидемиляық процестің көрінуін зерттеу негізінде сырқаттанушылыққа әсер ететін әр түрлі факторлар туралы ұғымдар қолданылады. В. Д. Беляков осы үғымдарға төмендегілерді жатқызады: қауіп қатерлі аумақ, қауіпқатерлі топ пен ұжымдар, қауіпқатерлі уақыт. Қауіпқатерлі аумақ немесе уақыт деген түсінікті «жұғу кауіпі» және «ауру қауіпі» деп ұғынуға болады.

Аталған қауіпқатерлердің жиынтығын «қауіпқатерлі факторлар» деп атайды. Эпидемиялық процестің көрінуін және оның дамуын сипаттайтын мәліметтер жиынтығы халықтың эпидемиялық жағдайын айқындайды. Бұл жағдай сәтті, тұрақсыз, сәтсіз және төтенше болуы мүмкін.

Қауіпқатерлі факторлар туралы ұғымдардың қысқаша анықтамасы

Түсінік
Анықтама
Түсінік: Қауіпқатерлі аумақ
Анықтама: Қоздырғыштың вирулентті (эпидемиялық) түрінің қалыптасуының және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ.
Түсінік: Қауіпқатерлі әлеуметтік әр түрлі жастағы топтар
Анықтама: Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бойынша сипатталатын тұрмыстық және өндірістік, ересектер, оқушылар, ұйымдасқан және ұйымадаспаған балалар топтары.
Түсінік: Қауіпқатерлі ұжым
Анықтама: Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен сыртқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар (ясли, балалар бақшасы, мектеп, жатақхана және т. б. )
Түсінік: Қауіпқатерлі уақыт
Анықтама: Эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың өсе бастаған уақыты.
Түсінік: Қауіпқатерлі факторлар
Анықтама:

Сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштерін қалыптастыруға жағдай жасайтын факторлар:

  • Қоздырғыштың эпидемиялық түрін қалыптастыратын қауіпқатер;
  • Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіпқатерлік;
  • Жұғу қауіпқатері;
  • Ауру қауіпқатері;

Осы кестедегі қауіпқатерлі топтардың кейбіреуіне мысалдар келтірейік. Аэрозоль механизмі бойынша таралатын аурулар үшін (грипп, менингит және т. б. ) ұйымдасқан ұжымдардағы (балабақша, үлкен фабрика, зауыттар т. б. ) адамдардың сырқаттанушылық қаупі өте зор. Қауіпқатерлі уақыт болып қысқы және көктемгі уақыт кезеңі саналады. Немесе асханаларда қызмет істейтін адамдардың нәжісауыз механизмі арқылы берілетін инфекциялармен (сальмонеллез, дизентерия, т. б. ) сырқаттану қауіптілігі басым. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, әсіресе шопандардың, мал сойылатын комбинаттарда жұмыс істейтін адамдардың бруцеллез қоздырғышын қабылдау қауіпқатері молырақ болады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіпқатерлі топтарды анықтайды. Мысалы, АИВинфекцисы Африка, Америка, Еуропа және басқа елдерде көбінесе жыныстық жұғысу жолмен берілетіндіктен, қауіпқатерлі топтарға гомо, гетеросексуалистер, жезөкше әйелдер жатады. Қазақстанда кейінгі жылдары осы инфекцияның көбінесе (70-80%) парентеральдық (ластанған шприц арқылы) жолмен берілуі басым болғандықтан, қауіпқатерлі топты нашақорлар құрауда. Олардың ішіндегі 15-жастағы, тіпті, онда да жас адамдар осы топқа кіреді.

Белгілі бір науқастың аумақта таралуын нозоареал деп атайды. Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі әлемдік және аймақты нозоареал болып бөлінеді.

Әлемдік нозоареал деп науқастың бүкіл дүниежүзінде таралуын айтады. Мысалы, туберкулез, бруцеллез, дизентерия, грипп, вирусты гепатиттер және т. б. Жер шарының барлық жерінде кездеседі.

Аймақты нозоареал дегеніміз аурудың кейбір шектелген аумақтарда таралуы. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зоонозды инфекцияларға тән. Мысалы: тырысқақ ошақтары оңтүстік шығыс Азия аумақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметтік-табиғи жағдай тырысқақ қоздырғышының өніп-өсіп таралуына ыңғайлы болып келеді.

Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор. Бір аумақтың ішінде белгілі бір аурумен сырқаттанушылық әртүрлі топтарда әрқалай болып келеді. Сырқаттанушылықтың әртүрлі халық топтарындағы мөлшерін анықтау кезінде оларды жасына, кәсібіне, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарға жататынына, халықтың тығыздығына, санитарлық жағдайына, иммундығына, алдын ала жұқпаларға қарсы егілуіне баса көңіл бөлінеді.

Жұқпалы аурулардың көп жылдық және бір жылдық серпінісін зерттеу эпидемиялық процестің көрінуін сипаттауда маңызды орын алады. Ол ең алдымен, осы процестің болашақта даму барысын болжау үшін, әртүрлі болжамдар жасау үшін және стретегиялық алдын алу шараларын қарастыру үшін маңызды болып табылады. Эпидемиялық тенденция көп жылдық дамуындағы қарқынды өзгерісінің негізгі бағытын көрсетеді. Ол сырқаттанушылықтың тұрақтағанын, жоғарлағанын немесе төмендегенін сипаттайды. Эпидемиялық тенденцияның осы үш түрі эпидемиялық процестің реттелу динамикасының жағдайын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана – нәресте функциялық жүйесі
Артериялық гипертензияға анықтама
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Қатерлі сүт безінің эпидемиологиясы
Қазақстанның зардап шеккен аудандары
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Эпидемиялық процесс тізбектері
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Сүт бездерінің кистасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz