Шоқанның жастық шағы
Жоспар
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері
2. Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
3. Ш.Уәлиханов қазақ психологиясын зерттеу ісінде
1. Ш.Уәлихановтың еңбектері
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған
дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы
демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына
даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай
қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-
сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж)
өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар
семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында
туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады.
Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне
байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер,
жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте
осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған
Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы
да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы
ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және
географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес,
тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол
жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын
серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: Айкөкек,
Сырымбет, Көкенің аманаты сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді.
Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені
Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды.
Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді.
Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі
Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық
даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен
аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.
Сол кез дің дәстүрі бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін
білу парыз еді, сондықтан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс
тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін меңгерген.
Шоқанның жас кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Жас
Шоқан сұңқар салып, салттық құпуға өте құмар болған.
Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман өзен алабының қалың тоғайлары
мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат
алғандайды.
1847 жылдың күзінде туған елінен 1-ші рет ұзақ сапар шеккен он екі
жасар Шоқан әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс
достарының көмегімен баласын Сібір кадет корпусына түсіреді. Герцен мен
Белинскийдің идеялары, сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да
жетті. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан,
Монғолиямен, ОРта Азияны зерттеуші П.Н:Потанин оқыды. Кадетте аса көрнекті
тәрбиеленушілердің қатарына Ш.Уәлиханов пен П.Н.Потаниннің досы, ақырында
атақты ғалым – публицист және статистик Н.Ф.Аненский де жатады. корпустың
оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы тарих, орыс және Батыс
Европа әдебиеттері, жалпы география, философия негіздері, химия, физика,
арифметика, ал гебра, тригонометрия, геометрия, пәндері де қамтылған,
сонымен бірге сурет салу, сызу, орыс француз тілдері де оқытылатын. Кадет
корпусы сегіз жылдық оқу орны еді.
Қазақ әншілер мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне әкесі келіп жүргендегі
де Шоқанның халық поэзиясын қастарлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер
еткен. Ш.Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның
классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу және Ер көкше атты халық дастанынан ол тіпті
бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Косылецкийге берген.
Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңға қатарлы орыс
интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді.
Академик А.И.Шренк, Сібір казактарының облыстың басқармасында жұмыс істеген
декабристер С.М.Семенов, В.М.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан
университетінің студенттері С.Соткиков, Н.Ф.Костылецкий, С.Сейфуллин сияқты
көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған.
3. Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі
Ш.Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп, шығысымен-ақ
бірден басталды. Ресми жағынан сібірдің қазақ әскерлерінің алтыншы атты
әскер полкының официері болып тағайындағанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір
генерал губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін
Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған
генерал. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Сонымен қатар өлкенің Бас
басқармасы бойынша Ш.Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер
қызметі де жүктелді. Бұл ортаның көпшілігі қаризмнің отаршылдық аппаратын
билеп төстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чиновниктер еді. Сондықтан ол
өзіне қарама ортаға тап болды. Олардың басында генерал Гасфортпен Сібірлік
қырғыздар облысын басқарған оның көмекшісі Фон Фридрихс тұрды.
Отаршылдық аппараттағы чиновниктердің қылмысты әрекеттері жөнінде Батыс-
Сібір мен Қазақстанға келіп-кетіп жүрген прогресшіл ғалымдар мен
(жолаушылардың) ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz