Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
а) Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі
б) Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері
в) Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері
г) Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен қырғыз халықтарын зерттеуі
д) Ш.Уалихановтың Қытай жеріндегі зерттеулері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа
өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті
ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен
жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих,
этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға,
сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып,
оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда,
Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі
мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен
ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі
шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану
ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” дегеніндей, Шоқан отыз
жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып
қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси
тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар
өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына
үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді.
“Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім
қажет” деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын
жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми
өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің
ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының
этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті
мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық
зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі
жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен
шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз
заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін
кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның
достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев,
К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-
Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және
еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына
құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді.

Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны.

Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.

Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан – анасының
еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған,
әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы
ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның
балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте
өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне
әжесі айғаным үлкен әсер еткен.
Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының
негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар
араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық
поэзиясына да құмартады. Ол Қозы көрпеш – Баян сұлу, Еркөкше халық
дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық
танытқан. Н.М.Ядринцевтің айтуынша Шоқан ақын жанды ... алам еді. Оған араб
өлеңдері қатты ұнайтын және ол өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол
өлеңдерге рахаттанып, мәз болып отыратын дейді.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ
сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын
Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен
сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен
танысады. Ол Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский, ұстаздары Н.Ф.Костылецкиймен
достық қатынастарын орнатады. Шоқан Уалиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап
оқып үлгереді. С.Ф.Дуров, П.П.Семеов-Тяншанский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев
Уалихановтың көп білетіндігін, әсіресе шығыс әдебиетінен көп мағлұматы бар
екенін жоғары бағалаған.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты
әскердің корнеті деген офицерлік атақ алып шығады.
Ресми жағынан Сібірдің казак әскерінің алтыншы әскер полькінің офицері
болып тағайындалғанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының
жанында қалдырылады да, бір жыл өткеннен соң Батыс Сібір мен Қазақстанның
Солтүстік аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың адьютанты болып
тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің бас басқармасы бойынша Шоқан
Уалихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктеледі.
1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздардан бұғы,
сарыбағыш және солту руларының Россияға бейбіт жолмен қосылуы туралы
мәселені шешуге жігерлі түрде қатысады.
1855 жылы Шоқан генерал Гасфорттың сапарына қатысады. Орталық
Қазақстанды, Жетісуды және Тарбағатайды аралады. Оның маршруты Омбыдан
Семейге дейін, одан Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін болды. Ал
қайтар жолда Шоқан Алтын Емел жотасына дейін ғана Гасфортмен бірге болып,
осы жерден Жоңғар қақпасына дейін барады. Алакөл ауданы мен Тарбағатайға
сапар шекті, содан кейін Орталық Қазақсстанға беттеп Қарқаралы, Баянауыл
және Көкшетау арқылы жүрді, Күзде Омбыға оралды.
1856 жылдың басында Уалихановқа поручик шені берілді. 1856 жылы
Уалихановтың ғылыми еңбегінің дамып өркендей беруіне кең өріс ашылады. Ол
Коментовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен
әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Экспедиция мақсаты қырғыз халқымен
танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді.
1856 жылы күзінде Шоқан Семенов-Тяншанскиймен бірлесіп Құлжаға саяхат
жасайды. 1856 жылы тамыз айының бас кезінде Шоқан Уалиханов ресми түрде
Құлжа құлжа қаласына барады және жолшыбай Батыс Қытайдың бірнеше шекаралық
аудандарына соға түседі. Уалиханов Құлжа өлкесінде үш айдай болып содан
кейін күздің соңғы айларында Омбы қаласына қайтып оралады. 1857 жылы Шоқан
Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді.
1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты
Қашқар саяхатына барып қайтады. Бұл кезде Қашқарға бару өте қауіпті еді,
Цин әулетінің феодалдық езуіне наразы болған жергілікті халықтардың
көтерілісі бүкіл Шығыс Түркістанға тегіс жайылған болатын. Әйтсе де ғылымға
мүлдем белгісіз болып отырған ертеде қалыптасқан мәдениеті бар Қашқариядай
бай елді зерттеудің маңызы өте зор еді. Шоқан Қашқарияға сапар шегетін
керуенге Қарамолада 1958 жылы 28 маусымда қосылады. Осылайша 1958 жылы
қыркүйек айында Қытай империясының шекарасынан өтеді. Ал Қашқарияда
Уалиханов жарты жылдай болады. “Ш.Уалиханов өзінің Қашқарияға деген
саяхатын он ай, он төрт күнде ойдағыдай аяқтап, 1859 жылдың он екінші
сәуірінде Верныйға (Алматыға) келеді. Он бір жарым ай дем алып, Омбыға
қайтады да, өзінің жинаған материалдарын өңдеуге кіріседі”. Жалпы Қашқар
саяхаты Уалихановтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Қашқарияға сапарын
Уалиханов Петербургке баяндамен алып барады. Уалиханов Петербургте әртүрлі
салада қызмет атқарады. Ол бірнеше мекемеде бас штабтың әскери-ғылыми
комитеті мен Азия департаментінде, Университет пен географиялық қоғамда
қызмет істейді. Бас штабтың ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орта Азия
мен Шығыс Түркістан карталарын құрастырады. Шоқанның редакциясымен “Балқаш
көлі мен Алатау жоталарының аралығындағы кеңістіктің картасы”, “Іле
сыртындағы өлкенің батыс бөлімін барлау” (1856), “Құлжа қапасының жоспары”,
“Ыстықкөл экспедициясының нәтижелері туралы есепті баяндамаға қажетті
карта” (1856), “Қытай империясының Батыс өлкесінің картасы” және басқалары
жасалынды.
1861 жылдың көктемінде Шоқан Уалиханов қатты ауруға шалдығып,
Петербургтен еліне қайтады.
1864 жылы Шоқан Уалиханов генерал Черняевтің әскери экспедициясына
шақырылып, Әулиеата бекінісін, олардағы соғыс әрекеттеріне қатысады. Алайда
генерал Черняевтың әділетсіз істеріне Шоқан қатты наразы болады, тіпті,
жалғыз Шоқан емес, Россияның бүкіл алдыңғы қатарлы адамдары наразылық
білдіреді.
Шоқан Уалиханов Черняевпен келісе алмайды. 1864 жылдың июль айында ол
Черняевтың әрекеттеріне наразы болған бір топ офицерлермен бірге Верный
қаласына қайтады.
Содан соң Шоқан Верныйдан кетіп, албан руының аға сұлтаны Теректің
ауылына барады. Сонда тұры ол Терек сұлтанның қарындасына үйленеді.
Ауылда трған кезінде Шоқан Ұлы жүз қазақтарының тарихи аңыздарын
зерттеп, Батыс Қытайдағы дүнген көтерілісіне көңіл аударып, Петербургпен
және Батыс Сібір әкімшілігімен байланысып отырады .
Бас штаб пенАзия департаменті Шоқан Уалихановты өмірінің ең соңғы
күніне дейін орнынан босатпай оны қызметте деп есептеді.
Уалиханов өзінің бірден бірге мендей түскен науқасынан айырыла алмайды.
1865 жылы, сәуір айында Шоқан Алтын Емел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны
деген жерде, Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болады. Осылайша қазақтың аса
көрнекті ғалымы және ағартушысы Шоқан Уалихановтан мол тарихи,
географиялық, этнографиялық, әдеби, мәдени мұа қалдырылды. Ол тым қысқа
өмірінің ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы
мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси
тақырыптағы толып жатқан шығармаларын да жазып үлгерді. Шоқан Уалиханов
терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда да бірқатар
мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым еді. Шынында да Шоқан өз
тағдырын аз ғана жаспен өткізседағы осыған дейін зерттелмеген Орта Азия мен
Қазақстан жерлерін зерттеуге үлкен көңіл бөліп зор мұра мен ғылыми дүние
қалдыра алды. Осыған Шоқанды итермелеген оның зеректілігі, білімділігі және
таланттылығы десек те сонымен қатар Шоқанды зор ғылыми мұра қалдыруына
өскен ортасы, достары мен заман талабы да әсер етті. Осы кездегі алғашқы
этнографтардың қатарына Шоқанның әкесі Шыңғыс Уалиханұлында жатқызған
болатын.
Ш.Уалихановтың тарихи зерттеулері

Ш.Уалихановтың мол ғылыми мұрасының негізгі бөлігі халық ауыз
әдебиетіндегі туындыларға негізделген екенін байқауға болады. Шоқан
Уалихановтыңаңыз эпостарды жинап талдау жасауы, сол арқылы Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының тарихын, тағдырының бұралаң жолдарын, шығу тегін,
қоныс өрісін өзге елдермен мәдени байланыс дәрежесін дүниетанымын наным
сенімін анықтамақ болып, қыруар жұмыс атқарғанын ғылыми ерлік деп айтуға
тұрарлық. Осындай жұмыстары арқылы Шоқан іргелес жатқан бауыр-туыс елдің
рухани әлемін сол кездегі зиял жұртшылыққа таныстырып, халықтар достығын
нығайтуға нақтылы қадам жасаумен қатар, тарих ғылымы нысанасы жетуге
тырысты.
Шоқан тарихи маңызы бар мақалаларындағы негізгі тақырып Абылай ханның
жүргізген саясаты мен қазақ және жоңғар қарым-қатынасы төңірегінен шығады.
Оның Абылай, Шуна - батыр, ХVІІІ ғасырдағы батырлар жөніндегі тарихи
мұра және тағыда басқа мақалалары қазақ-жоңғар қарым-қатынасында және
тарихтағы Абылай ханға деген көзқарастарда жаңа бетті ашқандай болды.
Жоғарыда аталғандай Шоқан өз шығармаларының көпшілігін ауыз әдебиетінің
туындыларына жүгінген әсіресе ақын және жыраулардың шығармаларына жүгінеді.
Ол өз еңбектерінде тарихты зерттеу жағынан халықтың поэзиялық рухы тамаша.
Себебі: біріншіден дала халқында тарих таңқаларлық есте сақтау қабілеті бар
импровизатор арқылы жетеді, екіншіден ақын жыраулар өз заманының жағдайын
толықтай суреттеуі, үшіншіден ауыз әдебиетіндегі поэмалар салт-санамен,
мақал-мәтелмен, құқықтық кодекстерімен бірегей болып табылады. Сондықтан ол
өткен кездегі халықтың тарихи және рухани дүниесін танытады және де бізге
көптеген тарихи қосымша мәліметтерді береді және олардың қайдан шықанын
түсіндіреді деп ауыз әдебиетін зерттеуге деген құлшынысын түсіндіреді.
Сонымен қатар Шоқан Уалиханов дерек ретінде орыс-жоңғар, және Қытай қарым-
қатынасына байланысты архивтік деректерді пайдалана білді.
Ш.Ш.Уалихановтың қазақ-жоңғар және Абылай хан мәселесіне көп еңбек
етті, алайда оның зерттеулеріндегі кейбір қорытындылар, көзқарастар мен
пікірлер қазіргі тарихта қолдау таппайды. Ол өз мақалаларында XVIII
ғасырдың ортасындағы жоңғар еліндегі жағдайды былайша суреттеуге тырысқан:
1745 жылы қырғыздар арасындағы үлкен болып саналған Қалдан Церен өледі,
және жоңғарияда біріншілік үшін талас тартыстар байқалады. Қалмақтық
Тайдзилер Абылайдан көмек іздеуге мәжбүр болды. Ал Абылай хан жоңағрларға
деген ескі кекшілдіктен бұл жағдайды пайдаланып жоңғарларды әлсіретуге
тырысып, талас тартысты бірде бірінші, бірде екінші жақты жақтап созуға
тырысты.
Айта кететін жайт Абылай хан көрегенділік пен даналық таныта білген
сұлтан. Ол осы кездегі өзгерістерді түсіне білді. Оның көз алдында осыдан
аз ғана бұрын құдіретті мемлекет талқандалды және Абылай бұл оқиғадағы Цин
империясының ролін бағалай білген. Сондықтан оның түсінігінше жақын көрші
ретінде Циндіктерді көргенше, жоңғарларды таныған дұрысырақ болады, себебі
Циндіктер қазақ хандығы үшін үлкен қауіпті тудыратын еді. Ал жоңғарлар
үнемі жаугершілікте жүргендіктен онсызда әлсіреп қазақ хандығы үшін
ешқандай қауіпті тудырмайтын. Жоңғар қонтайшысы Әмірсанаға әскери көмек
бере отырып Абылай досына бірегей мемлекетті сақтауға жәрдемдесті. Бұл
тарихи тұжырым бүгінде көпшілік тарихшылар мен зерттеушілердің көңілінен
шығады. Неліктен Ш.Уалихановта осындай тұжырымға келмейді деген сұраққа
келсек Шоқан жыраулардың деректері мен орыс архивтерінің деректеріне
сүйенді, сондықтан өзіндік заманына да сай тұжырымдарға, зерттеулеріндегі
нәтижелерге келіп отырды.
Жалпы Шоқан Уалихановтың тарихи зерттеулердегі тереңдік пен кеңдіктің
нағыз белгілері айқын көрінетін екі тақырыптың бағытында жұмыс жүргізгені
мәлім, яғни жоғарыда аталған Абылай мен қазақ-жоңғар қатынастарына аса көп
назар аударады. Шынында да бүгінде бұл екі тақырып айналасында бірқатар
көзқарастар деректермен ашылмаған істер де бар. Міне осындай өзіндік
тұжырымдарын алғашқылардың бірі болып Шоқан Уалиханов салған.
Шоқан Уалиханов сонымен қатар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
тарихында зерттеуге аса назарлықпен қарағаны белгілі. Ең бастысы Шоқан
Уалиханов қырғыз халқы жөніндегі зерттеулер жүргізе отырып халықтың шығуын
тарихи оқиғаларын дерек көзі ретінде ауыз әдебиетін пайдалана отырып
зерттейді. Сонымен қатар өз зерттеулерінде “Қытай шежірелері мен Абылғазы
еңбектерінен біз қырғыз халқы жайлы деректер таптық ...”деп атайды. Осылайша
Шоқан қырғыз халқын зерттеуде Қытай шежірелері мен Абылғазы шежіресі және
Риттердің “Erdkunde von Asien” деген еңбегінде дерек ретінде пайдаланады.
Жалпы Шоқан Уалихановтың еңбектерінде қырғыздар, хакастар, ұйғырлар,
дүнгендер, қарақалпақтар және жекелеген тайпалардың шығу тегі соми тарихы
егжей-тегжей қарастырылған. Сондықтан Шоқан Уалихановты тек қазақ халқының
зерттеушісі ретінде қарастырмай Орта Азия халықтарының ғалымы ретінде
көрсету белгіленуде. Шынында да Шоқанның Орта Азия халықтарының тарихын
зерттеуде еңбегі мол. Алайда мұндай еңбектің құны ауыр-ақ болды. Мұнда айта
кететін жайт Шоқанның еңбектері, мақалалары, құнды зерттеулері Ресейдің
Орта Азияны басып алудағы танып білуіне көмекші құрал болғанын ескермей
кетуге болмайды.

Ш.Уалихановтың этнографиялық зерттеулері.
Ш.Уалихановтың Жетісу өңірі мен Қырғыз халықтарын зерттеуі.
Ш.Уалиханов еңбектерінен өз маңызын әлі жоғалтпаған өзіндік және жан-
жақты терең ойлар мен идеяларды, қорытындыларды, қызғылықты гипотезалар мен
фактілік мәліметтерді кездестіреміз. Ғалымның танымының кеңдігі,
білімдарлығы, өзекті және өте күрделі де өте қиын проблемаларды зерттеу
шеберлігі, Шығыс халықттарының өмірі мен мәдениетін, олардың тағдырына
алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің рөлі мен маңызын терең түсіну оқырманды
таң қалдырады.
Шоқан қазақ халқының ежелгі тарихын зерттеуде археологиялық және
архитектуралық ескерткіштерді маңызды дерек деп есептейді. Оның ойынша,
көшпенділер қаланың қираған орны, қоныс қалдықтары сияқты материялдық
мәдениеттің елеулі қалдықтарын қалдыра алмайды. Алайда Қазақ даласында,
деді ол, зерттеушілердің назарын аударатын әр түрлі қабыр үстіндегі
ескерткіштер, қорғандар, мавзолейлер, діни ескерткіштер көп кездеседі,
өйткені қазба кезінде табылған заттар ежелгі халықгардың салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын, діни нанымдарын, кәсібін, материалдық мәдениет деңгейін
сипаттайды.
Төңкеріске дейінгі тарихнамада қазақтардың шығу тегі туралы көптеген
құнды бақылаулар кездеседі. Мәселен, Шоқан еңбектерінде аса қызғылықты
антропологиялық бақылаулар берілген. Бұл мәселені шешуді ол туған халқының
тарихы мен этнографиясын зерттеу қызметінің негізгі міндеті деп есептеді.
Оның “Жоңғар очерктері”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қырғыздар шежіресі”
және тағы да басқа еңбектерінде қазақтардың физикалық кейпі туралы
“түріктер мен маңғолдардың араласуы нәтижесінде қалыптасты, бірақ маңғол
тамыры едәуір басым болған” дейді. Сонымен қатар оның дәлелдеуінше “бұл
халық XIV ғасырдан бұрын қалыптасқан жоқ”. Қазақтардың этникалық бірлігінің
мұндай хронологиясы Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша қазіргі кездегі
ғалымдардың мәліметтерімен сәйкес келеді. Ш.Уәлиханов А.Левшин мен
А.Вамбери қолдаған қазақ халқы маңғолдар дәуіріне дейін құрылды деген
ғылыми болжамды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Бұл оқиғаны ол XIV ғасырдың
екінші жартысында түркі-маңғол ордаларының ыдырап, Қазақ Ордасының
құрылуымен байланыстырады. Бірақ мемлекеттілік халықтың міндетті белгісі
болып табылмайды. Қазақ даласындағы халықтың құрылуы феодалдық құрылыстың
қалыптасуы мен байланысты. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырмен XVI ғасыр
басындағы қазақ халқының ауыртпалықсыз қалыптасуын қамтамасыз еткен қолайлы
жағдай ретінде қарастырған дұрысырақ.
Ш.Уәлиханов қазақ халқы құрылғаннан кейін де оның құрамына жекеклеген
ру-тайпалық құрылымдардың кіргенін түсінді. Қазақ халқының ру-тайпалық
құрылымын, жекелеген тайпалар мен рулардың шығу тегін, олардың жерге
қоныстануын зерттей отырып, бұл халықтың негізін Кіші жүзге кірген тайпалар
құрды деген қорытындыға келеді. XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырда
қазақтарға Ұлы және Кіші жүз тайпалары қосылады. Бұдан кейінгі дәуірде
басқада тайпалардың, мысалы ноғайлардың қосылуы байқалады. Бірақ бөлініп
кеткендер де болған.
Уәлихановтың еңбектерінде қазақ халқын құраған әр түрлі ру-тайпалық
топтардың тарихы бойынша көптеген құнды мәліметтер келтірілген.
Шоқан этногенетикалық мәселелерде, ең алдымен, шындыққа сәйкес келетін
және жан-жақты деректерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Шоқан Уәлиханұлы
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығы
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
Пәндер