ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру
екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі
болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде
оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде
сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары,
сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб
тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан
діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл
кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде
болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері
ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл
білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар
алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға
арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу
орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап
айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор
қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында
балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы)
қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825
жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі
қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей
Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы,
географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.Қазақ
балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық
комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды.1857 жылы бұл мектепті
Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шықты. 1865 жылы Омбыда қазақ
балаларына арналған тағы бір мектеп ашылды, ал 1869жылы Орынбор гимназиясы
жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын
даярлайтын бөлімше құрылды.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш
мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл
педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін
салушылардың бірі-Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889)есімімен тығыз
байланысты.Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы
әліп-би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл
шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты.Ол қазақ
қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-
интернаты1888жылы Ырғызда, 1891жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы
Қарабұтақта,1896жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады.Оны бітірген қыздар кейін
қазақ даласында білім ұрығын септі.Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық
қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
ХІХ ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училище-лер,
шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училещелері
мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды.Олар
мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін
атқарды.1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің
саны
730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың
адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын
ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе
білуді және арифметиканың алғашқы төрт амалын үйретумен ғана шектелу
жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының
нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оқу орындарының,соның ішінде
реалдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты.
1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың оқушы білім алды.
1917 жылға дейін өлкеде халық санының өсуімен және қазақтардың білімге
деген құштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп,
47 жоғары бастауыш училище,17 орта мектеп, 4 реалдық училище, 4 ерлер және
9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылық төменгі мектебі мен қолөнер
училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және қазақ
қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар
даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен
байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833жылы Орынбор
қазақ мұғалімдер мектебі құрылды.Кейінірек мұғалімдер семинариялары
Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға
дейін небәрі 300 қазақ мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін
оқытушы кадрларымен жеткілікті қамтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп
айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде
институт немесе университете болмады.
Ресей мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи
байлықтарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол
үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедияцияларын жіберіп, қазақ халқының
жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын
зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми
экспедияцияларының бірін П.С. Палас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор,
Елек, Орск, Гурьев, Жайық, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның
қорытындысы бойынша П.С. Палас 1773 жылы өзінің Ресей империясының әр
түрлі шет аймақтары бойынша саяхат - деген еңбегін жариялады. 1769-1772
жылдары Н. Рычков патша әскерлерінің құрамында Қара Торғай, Терісаққан,
Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазақ
өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның
Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік
жазбалары - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен
этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсіруде белгілі тарихшы
және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) Қырғыз-қазақ немесе
қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы деген іргелі еңбегінің зор маңызы
болды. Сондай-ақ өлкені жан-жақты зертту көрнекті орыс ғалымдары П. П.
Семенов-Тяньшаньский 1827-1914, Н. А. Северцев 1827-1885, И. В.
Мушкетов 1850-1902, В. В. Радлов 1837-1918 және басқалардың есімдерін
тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның
өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен
тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В.
Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.
б. есімдерін атап өтуге болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталистік
өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы
қатынас күшейді .Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық
губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге
өлкенің өз ішінде тауар айналысының өсуін шапшаңдатты . Өлкеде үстем
болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады .
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша
өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады .Қазақтарға ақшалай
көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін
рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті .Мал мен астық барған
сайын тауарға айналды .
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың
көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп тауарларын өткізу рыногы және
бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар көзі ретінде капиталистік
Ресейге барынша тәуелді болып шықты .
70-80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің
шапшаң өсуімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Әлеуметтік реформаның мәні мен мазмұны. 1950 – 1960 жж. әлеуметтік реформалар
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
Пәндер