Халықаралық маркетингтің мәні
Жоспар.
Кіріспе
І. Халықаралық маркетингтің ұғымы мен маңызы
1.Халықаралық маркетингтің мәні
ІІ.Халықаралық маркетингтің тұжырымдамалары
2.Халықаралық маркетингтің тұжырымдамалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Падаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Маркетинг – іскерлік, кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен
мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік
өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы
талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу
кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар
бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты
экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық
дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік
ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг
туралы айта кету қажет.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес
әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде
трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне
мегамаркетинг әрекет етеді.
Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан
Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай
өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына)
кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын
рөлі біздер үшін ұлғая түспек. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпты терең
түсініп, оны пайымдап келешекте қолдануға біздер дайын болуымыз керек.
Мысалы, Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қауырт өсу жолына
түскен кезде Министрлер кабинеті арнайы 25-жылдық жоспар жасап шетелдердегі
нарықтарды жіті бақылап және соған жауап қата отырып әлемдегі экономикалық
күш – қуаты жөнінен АҚШ-тан кейінгі ірі державаға айналды. Осындай кезеңді
ГФР-да бастан кешірді. Яғни, халықаралық маркетингті ұғынудың маңызызор
екні осы мысалдардан – ақ байқалып отыр емес пе?
Біздер мән беріп отырған халықаралық маркетинг тақырыбы біздің еңсесін
жаңа тіктеп, қанатын енді жайып келе жатқан еліміз үшін өте өзекті мәселе.
Біздердің құрдастарымыз жапон, корей, елдеріндегі студенттер де осы салаға
зор мән беріп келешекте біздің сауда – экономикалық бәсекелестеріміз
болады. Сондықтан осынау өскелең заманда еліміздегі саяси тұрақтылықты
баянды ете отырып, еліміздің экономикалық ахуалын өркендету жолында біздер
ешкімнен ұтылмауға мейлінше күш сала отырып осындай маңызды экономикалық
білім көздеріне ден қоюымыз қажет.
I. Халықаралық маркетингтің ұғымы мен маңызы
1.1.Халықаралық маркетингтің мәні
Халықаралық маркетинг “маркетингтің жоғары мектебі” болып саналады.
Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейімен
сипатталады, ал сыртқы рынокта әрекеттенетін кәсіпорындар маркетинг
жетістіктерін қолдау қажеттілігін сезеді.
“Халықаралық маркетинг” ұғымын “экспорт” ұғымынан айырған жөн.
Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет
фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізумен ғана айналысады.
Жабдықтаушылардың өнімге ие болғаны, тұтынушылардың қажетті қаншалықты
қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетингке келер
болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық рыноктың әр
сатысын белсенді, жоспарлы әрі жүйелі игеру, оны өңдеу іс әрекеті
қамтылады. Халықаралық маркетинг дамуының бірнеше сатысын қарастыруға
болады (1-кесте).
1-кесте. Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
Даму сатысы Мәндік сипаты
Дәстүрлі Тауарды түпкі тұтынушыға қарай жылжытусыз шетелге сату.
экспорт Экспортшының сатып алушының алдында жауапкершілік тауарды
жеткізгенге дейін ғана болады және тауар сатылғаннан кейін
қамы болмайды.
Экспорт Экспортшы жүйелі түрде шетел рыногын зерттейді және сол
маркетингі рынок талабына сай өзінің өндірісін бейімдейді. Экспортшы
тауардың түпкі тұтынушыға жылжу жолын бақылауға тырысады.
Халықаралық Экспортшы рынокты терең зерттейді және оны игеру үшін
маркетинг барлық маркетинг құралдарын, сонымен қатар әртүрлі сыртқы
экономикалық байланыстары түрлерін (ғылыми – техникалық
айырбасты, келісімшарт өндірістерін, бірлескен
кәсіпорындарын, еншілес кәсіпорындарын құру, экспорт)
толық қолданады.
Әлемдік Шетелге тек тауарды өткізу ғана емес, сонымен қатар
(глобальный) шетелдегі кәсіпорын әрекеттерінің барлық іс-әрекеттері:
маркетинг жабдықтау, зерттеу мен өңдеу, кадр, қаржы және т.б.
қамтылады.
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі
фактор бар. Біріншіден, ішкі рыноктың даму деңгей; рынокты тауарлармен
толықтыруы; бәсекелестердің көбеюі; делдалдық сауда тәуекелділігінің өсуі.
Осыдан шет ел рыноктарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа қою қажеттілігі
қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктері
қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға
қарамастан ішкі рыноктан қол үзбей-ақ, фирма өзіне тартымды сыртқы
рыноктарды игеруі мүмкін. Осындай жағдайда фирмалар халықаралық
маркетингпен кеңірек айналысады және олар трансұлттық компанияларға
біздің тәуелсіз елімізде орын тепкен, күнделікті аты аузымыздағы “Кока-
кола”, “Шеврон”, “Аджип” және т.б. жатады.
Соңғы кезде ірі трансұлттық компаниялар әлемдік (глобалды) сипат
алған. өйткені олар әлемдік (глобалды) маркетингпен айналысады.

Шетелде тауар не қызмет өткізуге бел бумай тұрып, фирма көп нәрседен
мағлұматты болады. Ол халықаралық маркетинг ортасының ерекшеліктерін жан-
жақты тануы керек. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада керемет
өзгерістер болды. Жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар орын тепті. Көзге
түсерлік өзгерістерден мыналарды айталық: 1) дүниежүзілік экономиканың
интернационалдануы, бұл халықаралық сауда және шетелдерде қаржы салудың
қарқынды өсуінен көрініс тапты; 2) АҚШ-тың бірте-бірте үстемдік рөлін
жоғалтуы (азайтуы) және осыған байланысты сауда теңдігінің пассивті
проблемалары және дүниежүзі нарығыда доллар құнының өзгерулері; 3) Жапония
экономикасы қуатының дүниежүзілік нарықта өсуі; 4) валюталар
алмасылымдылығына көбірек еркіндік беретін халықаралық қаржылық жүйенің
енгізілуі; 5) 1973 жылдан кейін дүниежүзілік табыстардың мұндай өндіруші
компаниялардың пайдасына ауысуы; 6) бірте-бірте ҚХР, ТМД және араб елдері
секілді рыноктардың ашылуы.
Саясаттық, мәдени, экономикалық және институционалдық қоршаулар
айырмашылықтары мен ықпалдылығы маңызды факторлар болады және маркетинг
кешеніне айтарлықтай әсер етеді. Анықталған қажеттіліктерді, бұлармен
маркетинг кешені шұғылданады, қанағаттандыруға арналған тауар және
қызметтер жиынын Франция бойынша алсақ, мысалы, Қазақстанға арналаған
жиынмен салыстырғанда көзге түсерліктей өзгеше болады. Қоршаудың
халықаралық маркетинг контексіндегі маңызы жеке қандай да бір елдің
аумағындағы маркетингтің маңызынан әлдеқайда артық. Осы есепті қоршау
маркетинг кешенінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа сөзбен
айтсақ, маркетинг кешені, бейне бір екі топтан тұрады: сыртқы (бақылаусыз,
экзогендік), ішкі (бақылаулы, эндогендік) элементтер.
Экономикалық орта
Сыртқы нарыққа шығуды жоспарлай отырып, халықаралық маркетинг
қайраткері оны қызықтыратын әрбір елдің экономикасын зерттеу қажет.
Экспорттық рынок ретінде елдің тартымдылығы екі сипаттамамен анықталады.
Оның бірі шаруашылық (қожалық) құрылым. Елдің шаруашылық құрылымы оның
тауар және қызметке мұқтаждығын, табыстар және жұмыстылық деңгейін
анықтайды.
Саяси – құқықтық орта
Әр түрлі елдер бір-бірінен өздерінің саяси-құқықтық ортасына қатысты
да айырмашылық көрсетеді. Қандай да болсын елмен іскерлік қарым-қатынас
орнату мәселесін шешерде ең кемінде төрт факторды ескеру жөн.
Шетелден сатып алуға көзқарас. Мұндай сатып алуларға кейбір елдер оң
көзқарас, тіпті ынталандыру көрсетсе, ал кейбіреулері теріс қарайды. Оң
көзқарасты елдерге мысал ретінде біздің елді, яғни Қазақстанды жатқызуға
болады. Себебі біздің еліміз бірнеше жыл бойы шетелдерден қаржы тартуды
іске асырып отыр. Қарама-қарсы мысал айтар болсақ, Үндістан
экспорттаушылардан импорттық квоталарды сақтауды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz