Функционализм бағытының алғы шарты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Психологияда функциялық бағыт алғашында бірден табысты түрде де
дамыған жоқ, механикалық структурализмді ығыстырып шығарып, ол енді өзі
жеке дара бірнеше мектептер мен бағыттарға ыдырап кетті. Функционализмнің
ықпалы АҚШ-ғы бихе-виоризм мен Германияда дамыған –ХХ ғасырдағы аса танымал
мек
тептердің бірі-гештальт-психология концепцияларынан, ал кейін біздің
ғасырымыздың ірі психологы Ж.Пиаженің еңбектерінен көрініс тапты.
Психиканы функциялық жолмен түсіндірудің қиындығы біріншіден, осы
бағытқа қатысты әдістемелік нақты бағдар-бағытты болдырмаудан туды.
Психиканы функциялық жүйелер деп талдау ең алдымен функцияның табиғатын
нақты материалистік тұрғыда түсінуді талап етеді. Функцияны айқын түсіндіру
Аристотельде де болған жоқ, ол оны (форма), (жан) немесе (энтелехия)
ұғымдары мәнінің мысалдары мен ұқсастықтары арқылы ашып бере алмады.
Функционалистер өздерінің бастау түсініктерін Аристотельдің діни-идеалистік
пайымдауларынан алды. Сондықтан олар психиканың белсенділігі мен функциялық
бағытын субъекті санасынан шыққан сияқты қабылдап, психиканы сыртқы
дүниеден бөліп тастады, оны материалдық мәнінен айырды.
Бихевиористтік революцияның басталуына барлық кездесана құбылыстарын
зерттеуге көмекші болған интроспекция әдісінен бас тарту түрткі болады.
Вюрцбургшілер мен структуралисттердің татысы тұйыққа тірелгендіктен, өзін-
өзі бақылау арқылы психиканың дәлелді көрінісін жасай алмайтындықтары анық
болады. Бақылаушының ішкі назарына психикалық процестердің механизмі ғана
ілікпей қалған жоқ, сана құбылысының өзін қатаң тіркеуден өткізу мүмкін
болмай қалды. Бихевиоризмнің пайда болуы үшін, зоопсихология және балалар
психологиясы сияқты салалардың дамуы қатты әсе етті. Шынында оларға бақылау
жасау мүмкін емес еді.
Бихевиористер сананы зерттеуден толық бас тарту керек деген ұсыныс
жасап, брлық назарды адамның мінез-құлқына аудару керек, себебі оны тікелей
бақылауға және объективті тіркеуге болады деп санады.жаңа бағыттың негізін
салушы Д. Уотсон (1878-1958) өзінің Психология бихевиористің көзқарасы
тұрғысында деген еңбегінде ескі психология тіліндегі
сана,ерік,назар,эмоция,қабылдау,бей нелеу т.с.с. терминдерден бас тартуды
дұрыс деп есептеді, адамның мінез-құлқы сәтін түсінуге объективті
тіркелетін стимул мен реакциялар жеткілікті деп есептеді.Олар үшін
бихевиористік бағдарлама жағында
құрылымдық-ассоциациативті психологияға да, функциялық психологияға да
бірдей қарсы болды. Бихевиористер үшін бұл мектептердің өзіндік
ерекшеліктерінің ешқандай мәні болған жоқ. Себебі екі бағытта бір ғана
терминдерді қолданатын еді (ассоционистер де,функционалистер де) ал
бихевиористердің басты соққысы осы терминдерге бағытталған болатын.
Функционализмді сынаға бір әділеттілігі, онда шынында да функциялық
түсініктердің әлсіз жақтары көрсетілді, мәселен, психологиялық актіледің
құрылымының субъектінің сыртқы мінез-құлқынан бөлініп тасталуы.
Функционолистер психикалық процестер қызметін адамың материалдық іс-
әрекетінен бөліп алып қарады, сонымен сананың таза рухани белсенділігі
шеңберінде қалып қойды.
Дәстүрлі ассоцианизмге қарсы бихевиористік бүлік бұрын басталған,
функциялық психологияның шеңберінде өткен күрестің жалғасы болып табылады.
Бихевиористер ассоцианистердің психикаға қатысты мінез-құлықты талдаудан
бас тартуын тілге тиек еттіп қарсы шықты. Бихевиористер мінез-құлыққадеген
бағыт-бағдары өздерінің тікелей ұстаздары-американдық функционалистерден
қабылдады, бірақ мінез-құлыққа бір жақты ғана сипат берді.
Функционализм идеясының дамуы Европада басқаша сипат алды, 10-20-
жылдары неміс психологтарының тобы құрған гештальтпсихология мектебі
психикалық құбылыстардың бүтіндігіне басты назар аударды. Психикалық
актіледің бүтіндігі жайлы функционалистік түсініктерді Ф.Брентаноның
шәкірттері-К.Штумпфт(1848-1936) және Э.Гуссерлядан(1859-1938) алғаш
гештальтпсихологтар психикалық зерттеуге аталған көзқарастар мен
эксерименттік әдістерді пайдалана білді.
Функциалық мән туралы түсінік арқылы гештальтпсихологтар пайда болған
заттың құрылымын анықтайтын аристотельдік форматуралы идеяны
нақтылап,қайта қалпына келтіргендей болды. Психикалық бөліктің формасы
жалпы алғанда оны бүтін құрылымға қосатын, осы бөлікті құылыи үшін қажетті
орган ретінде туғызатын нәрсе болып табылады.
Алайда, функциялық қосу принципін гештальтпсихологтар психикаға
бүтіндей ауыстырмайды. Гештальтистер адамның мінез-құлқының сыртқы ортаға
бейімделу жүйесіндегі психиканың барлық функциясын назардан тыс қалдырды.
Сөйтіп, өзіне адам санасының саласын қосып алды және органдардың өзінің
мінез-құлықты реттеуші функциясынан тәуелсіз жағдайда дамыды. Психиканың
табиғи табиғатын оның биологиялық бағдарлаушы функциясынсыз ұғыну мүмкін
емес, ал адамның психикасын әлеуметтік детерминацияланған іс-әрекеттің
механизмінен тыс ұғыну да мүмкін емес. Алайда,гештальтистердің психологияға
өз кездеріндегі физикалық идеяларды енгізулері ,яғни бүтіндік ұғымын
жасаулары, жүйенің құрылымын, өздігінен теңдестірілетін жүйелерді және
бөліктерді функциялық тұрғыда егізулері психика туралы ғылыми түсініктердің
дамуында үлкен маңыз болды.
ХХ ғасыр психологиясының дамуында швейцарлық психолог Ж.Пиаженің
(1896-1980) жұмыстары бүтін бір дәуірді құрайды. Оның дамытқан көзқаастарын
және оның кең ауқымды сындарын ескермей дүие жүзінде психика туралы, оның
механизмі жайында қазіргі заманның білімін меңгеру мүмкін емес. Пиаже үшін
басты объект ойлау болып табылады.Ойлауды ол ішкі әрекеттер жүйесі-ой
операциялары ретінде түсіндіеді.Сондай-ақ, функционалистер психиканы
сананың ішкі актілер жүйесі ретінде қарастырса, ал бихевиористер ойлауды
ішкі мінез-құлық ретінде түсіндірді.Ойлауды ішкі операциялар жүйесі ретінде
осы ғасыр басында өмір сүрген неміс психологы О.Зельц анықтаған еді.
Алайда, Пиаже бұл түсініктерден бас тартып, психиканы әрекеттер жүйесі
ретінде түсінндіріп, оған үлкен мән берді және бұрығы тұжырымдамалардағы
кемшіліктерден арылтты.
Ойлауды ішкі қозғалыстардың жинағы деп білген бихевиористерден
Пиаженің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен үйлестірілген ой әрекетінің
логикалық күрделі тұтас құылымын ашты және оның қалыптасуының функциялық
механизмін ашып көрсетті. Ол өз тұжырымына негізгі етіп мынадай маңызды
функциялық психологияның биологиялық адаптация және психологиялық
құрылымының ішкі тепе-теңдігі деген ұғымдады алды. Соымен бірге Пиажеде
ойлау, функционалистер дәлелдегендей, өзінің ұйымдасуында сыртқы дүиеден
ажыраған рухани идеалдық актілердің жүйесі емес, ол заттармен сыртқы
материалдық әрекеттесуі арқылы генетикалық түрде жүзеге асады. Пиаже ойлау
әректінің табиғатын түсінуге интериоризация туралы түсінікті негізге етіп,
алады, ол сыртқы заттық әрекеттер ақылға өтеді, онда олар бастапқы сыртқы
әрекеттерге ұқсас схемамен орындалады.
Пиаже іс-әрекетті психиканы қалыптастыру механизмі және ойлауды
интериоризацияланған әрекеттер жүйесі ретінде ғана көрсетпейді, сондай-ақ,
іс-әрекетті биологиялық процесстің жекелеген жағдайы ретінде көрсетеді және
оның өздігінің дамуының функциялық механизмін тапты. Пиаже психиканың
оргаизмнің басқа физиологиялық процестерімен іштей жалпы ортақтығын ашып,
психиканың биологиялық теориясын жасады.Адамның психикасын талдаудағы Пиаже
көзқарастарының кеңес психологиясында дамыған қоғамдық-тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірдің мәні
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Әлеуметтану
Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Бихевиоризм әдістері
Пәндер