Фирманың экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономикалық теория кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі

Орындаған: Ф-11к тобының студенті
Шнетова Г.А.
Қабылдаған: Ғабит Ж.Х.

Астана 2008
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Фирманың экономикалық мәні
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
3. Фирманы басқару жүйелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Фирма – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі.
Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе
шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін фирмада табады.
Фирмада өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және фирманың толық экономикалық, құқықтық
өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп
фирманың айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Фирма өзінің экономикалық және элеуметтік
қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет фирмаға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін
және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, фирма шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық фирмадар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік
орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса,
соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы
бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте
халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі
болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп
емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен
тауарлар шығарушы өздерінің меншікті фирмадарының болуына және бір уақытта
мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік
береді.

1. Фирманың экономикалық мәні

Қазіргі әлем әртүрлі ресми және ресми емес ұйымдар ретінде
қарастырылады, яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе
еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің
шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында
біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; фирмадар, қоғамдық бірлестіатер,
мемлекеттік мекемелер. Фирмадар мен ұйымдар тұтынушылардың әртүрлі
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып, әрқилы атауларға,
көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие.
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді
қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек
фирма ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен қатар,
ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара
өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз
байланыста болатын фирмадардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші фирма
қызметіцнің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты.
Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып
көретін болсақ, оның негізі ретінде фирма түрады. Фирма деңгейіндегі
үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтык және ведомстволық басқару екінші
кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты басқару жүйесіндегі
кез келген өзгерістер фирма қарекетіне жағымды әсері болмаса, оның қажеті
шамалы-ақ.
Фирма – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу
мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз
шаруашылық субъектісі.
Фирма (ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға ретінде елдің заңдар
жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді. Заңды
тұлғаның сипаттамаларына келесілер жатады: өз мүлкінің болуы; тәуелсіз
мүліктік жауапкершілік; сатып алу, қолдану және өз мүлкіне үкім шығаруға,
сонымен қатар, заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттерді өз атынын жузеге
асыруға құқығы бар; сотта өз атынан талапкер және жауапкер бола алатын,
жеке бухгалтерлік баланс жүргізуге және банкте есеп айырысу немесе басқа да
шоттарды иемденуге құқығы бар.
Шаруашылықтың кез келген формасындағы фирма мемлекет экономикасында
маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша фирма келесі
жағдайларға негіз бола алады:
ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің көбеюіне;
мемлекеттің өмір сүру мен өз қызметтерін орындауға мумкіндік береді.
Яғни мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігі фирмадардан алынатын алым-
салықтар есебінен қалыптасады;
мемлекеттің қоғанысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
қарапайым және кеңейтілген өндіріске;
ұлттық ғылым мен ғылыми-техникалық прогрессті дамытуға;
елдің барлық деңгейдегі азаматтарының материалдық жағдайын көтеруге;
медицина, білім, мәдениеттің дамуына;
жұмыссыздық проблемасының шешілуіне;
басқа да көптеген әлеуметтік проблемалардың шешілуіне негіз болады.
Фирма бұл жетістіктерге нетижелі қызмет ету жағдайында ғана қол
жеткізе алады.
Фирма мен әртүрлі тұлғалардың арасындағы қарым-қатынас әрқайсысының
мүдделеріне сәйкес келуі керек. Олай болмаған жағдайда олардың арасындағы
ынтымақтастық жойылады.
Жоғарыда келтірілген суретте фирманың мақсатын анықтауға ықпал ететін
әртүрлі топтардың мүдделері көрсетілген. Бұл топтардың кей біреулері,
әсіресе, иегерлер мен заемдық капиталды ұсынушылар, фирманың мақсат жүйесін
қалыптастыруда ерекше күшті ықпалын тигізеді. Тікелей байланысты басқа
тұлғалар, мысалға, жалданбалы қызметкерлер, фирмаға тікелей және аталған
тұлғалардың мудделерін қорғаушы, ұсынушы ұйымдар арқылы әсер етеді.
Дегенмен фирма тікелей әсері болмайтын топтардың да мүддесін ескеру керек.
Тұтынушылардың ұйымдарын мысалға алайық. Олар тесттер жүргізу жолымен
бұйымның сапасын бағалайды, экологиялық тазалығын анықтайды. Бұл топтартың
мұддесін ескермеген немесе бір мәмілеге келмеген жағдайда фирманың кызметі
сәтсіздікке ұшырауы мумкін.
Осылайша, фирманың мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен
ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын
қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Шартты түрде фирманың мақсаттарын үш топқа бөлуге болады:
экономикалық мақсат. Бұл фирманың мақсаттар жүйесінің негізін құрайды
және нарықтық шаруашылықтағы фирма ның жұмыс пен қызметке қабілеттілігін
қамтамасыз етуге бағытталған;
әлеуметтік мақсат. Бұл фирмада әртүрлі мүдделері бар адамдардың өзара
әрекет жасауының айқын көрінісі. Сонымен қатар фирмады қоғамдық экономика
жүйесінің құрамдас бөлігі деп көрсетеді.
экологиялық мақсат коршаған ортаға экономикалық қарекеттің әсерін
ескереді.
Мақсаттар жүйесінің толық қалыптасып, ресімделуі үшін мақсаттар
жоғарғы деңгейде анық сипатталып жазылуы тиіс және қолданыста жүретін
формада қисыны келу керек. Яғни мақсаттар шынайы болып, нәтижесі тексеріле,
бақылана алатындай болуы керек.

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап
шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды
жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына
меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін
атап кетуге болады:
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік немесе партнерлік;
• корпорация (акционерлік қоғам)

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес.
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді,
өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін
бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және
фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы:
ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту
мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан
қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле
түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді
бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік
кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының
мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында
ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау
үшін қосылғанадамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар
акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері
акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі – акционерлік қоғам деп аталады.
Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлесітеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация
иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың
шексіз мүмкіндігі;
• акционерлік құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке
құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивидент алу және фирма
жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу
құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін
басқаруға қатыса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын
жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы
бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір
акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың корпоротивтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін корпорация
табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі –
корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі – акция ұстаушы
табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы
мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер
барынша көп дивидент алуға ынталы болады, менеджер оны азайтып
ақшаны айналысқа жіберуге тырысды.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары
одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес
болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг(franchise –
жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture – бел байлау, тәуекел ету )
кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі
сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контрак жасасады. Бұлардың баға
жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші
фирмалар ірі комнаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметері
арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар
ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі
фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына
алғандардан ұдайы төлем алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, сонымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың
әрекеттілігі тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына,
сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төлеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету
мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез
аяқтап, оның басқа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-
да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады,бірақ жалпы
шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі құратын жағдайы төмен адамдар үшін
соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер
өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске
тартуға көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік
береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол
қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын орташа таптың
даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны
қанағаттандырылады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
Ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• Банкілермен байланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
• қисынсыз салық жүйесі;
• заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• криминалдық прессиег.

Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүргізу
керек:
• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ
кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы
мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім
шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға
арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік
береді.
Енді, мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық
экономика жаппай, түгел нарық түрін алмайды?
Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия,
бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды. Мәселе
нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі
өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы,
келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация
алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар
трансакциондық (лат. transaction келісім ) шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынастарын келістіру
процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан
тұрып, жаппай, тағы нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан,
трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы
шығындарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма ішіне жоспарлаудың теориялық негізі
Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер
Экономикалық мақсат
Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Фирма туралы
«Өндірісті ұйымдастру және басқару» пәнінен оқу құралы
«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Фирма экономикасының теориялары
Кәсіпорынның маркетингтік ұйымы
Маркетинг пайда болуының және дамуының экономикалық алғы шарттары
Пәндер