Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ең алғаш этикасөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол
мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын
алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік,сабырлылық және
т.б)оқып-танитын ғылым. Фармацевтикалық этика- ол фармацевтикалық
қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен,науқаспен,әріптестерімен,
өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган
қызметкерлері және т.б)қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының
формальды емес нормасының жиынтығы.

Ең алғаш Ресейде кәсіби этиканың талаптары 1789ж. Дәріханашылар
уставында сипатын таба бастады. Онда былай делінген: Дәріханашы,
мейірімді, өз міндетіне берік ұстанатын адал, ары таза, әр нәрсені ақылға
пайымдайтын, тәні сау азамат. Халық игілігі үшін қызмет етуге дайын
тұлға.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ),Халықаралық
фармацевттер одағының ( FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын
ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы
атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын
сезіне отырып, Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей
фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және
онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты,
шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгілері төмендегідей:
Әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік
мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және
кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;Кәсіби деңгейін
жоғары ұстау;Аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар
ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;Кәсіби тәуелсіздігі;Дәрілік
заттарды таңдауда,тағайындауда және қолдануда көмек көрсету; Әріптестерімен
жақсы қарым-қатынаста болу; Мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет
көрсету,алғыс білдіру;Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;Таңдаған
мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің
туындауы;

1997ж.(FIP)Өкілдерінің қатысуымен Болашақ фармацевтерді дайындау: оқу
бағдарламаларын жасау (Ванкувер,Канада)мәселесі туралы ДДҰ-ның (ВОЗ)
өткізген жиынында: Фармацевт 7 жұлдызша атағын алған маандарға қойылатын
қазіргі заман талаптарын қалыптастырады, ондада жеке тұлғалардың мінез-
құлқына көп мән берілді. Осы талаптарға сәйкес фармацевт (провизор)мынадай
болады: Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері, команда мүшесі;Жауапты
шешімді қабылдауға қабілетті;Дәрігер мен науқас арасындағы қарым- қатынасты
байланыстырушы, коммуникация бойынша маман;Қоғам мақсаты үшін көшбасшылық
көрсетуге дайын; Ресурстар (игіліктер) мен ақпараттарды басқаруға қабілетті
жетекші; Өмір бойы ізденуге, білім алуға дайын;Жас фармацевтер
(провизорлар) дайындауда тәлімгер, жетекші;Тәуелсіз Қазақстан
Республикасында да осындай жұмыстардан тыс қалған жоқ.

2008ж. ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі
туралы кодексі жасалды, ол 2009 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық
сақтау жүйесі туралы Кодекстің 184 бабына енгізілді.Адамдар тек, ауырып
қалған жағдайда ғана фармацевтпен кездеседі. Фармацевт еңбегінің
маңыздылығы, құндылығы мынада, егер болар болмас қателессе немесе салқын
қандық танытса, онда оның соңы орны толмас өкінішке әкеледі. Фармацевтің
мінез- құлқы мен өмірлік жолын медицинаның адамгершілік мақсаты айқындап
береді. Фармацевтің қызметінде көрсеткен жеке сапасының оң жақтары айталық,
достығы,сергектігі, даралығы (ерекшелігі) аурудың қандай кеселмен
ауырғанына қарамастан, оның психикасына әсерін тигізеді.Науқас ауруының
сипатына, ақыл-ойының дамуына, жүйке жүйесінің жағдайына байланысты,
ауырған кезде мазасы кетіп, қырсықтық, дөрекілік, түсініксіздік танытуы
мүмкін. Осының бәрін сабырлылықпен түсініп, фармацевт өз тарапынан ашу
көрсетпей, науқасқа тиісті көмегін көрсетуі тиіс.

Осыдан кейін фармацевт жоғары сападан көрінеді, адамгершілік
ұғымымен қатар тұрады. Осы көп салалы сөздің мағынасында оның жайдарлылығы,
пысықтығы, ақ көңілдігі, жұбата білуі сияқты түсініктер жатыр.Науқас
дәріханаға көбіне жабырқаған күйде келеді.Ол ауруына шипа іздеп, соны
дәріханадан табатындығына сеніп келеді.Фармацевтің парызы –сол сенімді
ақтау,қолдау.Дегенмен,дәрілік заттардың барлығы аурудың себебін жойып
немесе одан оны мүлдем жазып жібермейді.

Фармацевтің міндеті ауруды жеңу үшін тағайындалған дәріні ғана
қолданудың қажет екендігін науқасқа түсіндіріп айту. Сөз адамзатқа,әсіресе
науқасқа әсер ететін құдіретті құрал. Жақсы сөз жарым ырыс деген. Науқас
дертіне шипа боларлық дәрі сатып алумен қатар,фармацевтің қимылынан,
әңгімелесу мәнерінен, көзқарасынан жазылып кетерліктей әсер алу керек.
Науқастың бойында тез сенгіштік,қиындықпен көндіре алмау белгілері басым
болады. Адам денсаулығының қандай дәрежеде екеніндігін білмей тұрып,
дәрінің ағзаға тигізетін әсерін пайымдау қиын.

Дегенмен де,дәрігердің нұсқауымен, науқастың толық емдеу курсын алуына
сенімділігін арттыру қажет. Науқастың дертіне шипа алатындығына сендіре
отырып,дәрілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Денсаулық сақтау (фармация) мекемелерінде маркетинг қызметінің тиімділігін көтеру
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Пәндер