Жеке адамдар арасындағы байланыстар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.
Ұйымдарға өзара қарым-қатынас және оларды басқару
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Байланыс (коммуникациялық) процестері
2.2. Кері байланыс
2.3. Кедергілер немесе шуылдар
2.4. Жеке адамдар арасындағы байланыстар
2.5. Қабылдаудағы, түсінудегі кедергілер
2.6. Симантикалық (сөздердің мағынасы) кедергілер
2.7. Сөзбен емес пайда болатын кедергілер
2.8. Кері байланыстың нашарлығы немесе оның сапасыздығы
ІІІ. Қорытынды

Ұйымдарға өзара қарым-қатынас және оларды басқару

Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін
хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған
шешімдерді жеткізуі. Басқару қызметтерінің барлық түрлерін-дегі
ақпараттар хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс
процестері деп аталынады.
Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде
көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа
жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа
тура ықпал етеді. Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді
қарастырамыз.
Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары.
Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу,
формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т.б. қарым-
қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы
қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады.
Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамаларды және
тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың
халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі көрінеді. Өзінің бір жылдық
есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу
т.б. туралы мәліметтер береді.
Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс
шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі
немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы туралы хабарланады. Мысалы,
өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер
туралы хабар береді. Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы
мүмкін өзгеріс ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс.
Ұйымдарда жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен
бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы
жаңа қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтуы
керек. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі
буындарда болған жағдаймен таныстыру немесе хабардар ету. Бұл байланыс
әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, ьүсініктеме хаттар жазу түрлерінде
жасалынады.
Үшінші-түрі бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымдарда жоғарыдан
төмен және төменнен жоғары хабардар байланысы болып қана қоймай, сонымен
бірге, көлденең байланыстар да болуы қажет. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден
тұратын алмасуы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін
қажет.Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе-тең қалыптасуына әсер етеді.
Төртінші, басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстар.
Байланыстыңең негізгі компоненті ретінде басшы және бағынышты арасындағы
байланыстар қарастырылады.
Бұл қатынастардағы жан-жақты және түрлі хабарлар – мақсаттарды
белгілеу, бір нәрсені ойлап табу және оның қорытындысы, бөлімшелердің
мақсатқа жетулері үшін атсалысуы, тиімді жұмыс істеу үшін талқылаулар
жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктері үшін ынталандыру,
бағыныштылар қабілетін дамыту және жетілдіру, бағыныштыларды алдағы
өзгерістер жайлы хабардар ету, идеялар туралы мәліметтер, ұсыныстар, т.б.
арқылы іс жүзіне асады.
Бесінші, басшы мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар.
Басшы мен бағыныштылар арасындағы байланысқа қосымша ретінде,
басшылар мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар қарастырылады. Бұл
байланыс жалпы басшыларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет.
Хабарлар, мәліметтер айналысы кезінде топтардың барлық мүшелері қатынасатын
болғандықтан, олар болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерістер мен
жаңалықтар т.б. туралы өз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап, шешім
қабылдайды. Кейде жұмысшы топтары басшының қатынасуынсыз да өздері көптеген
мәселлер бойынша жинала береді. Мұндай жиналыстар әр жұмысшының өзінің
қызметіне деген жауапкершіліктерін арттырады және өз еңбегіне
қанағаттанады.
Алтыншы, бейресми байланыстар. Жоғарыда айтылғандай жалпы ұйымдар:
ресми және бейресми ретіндегі екі компоненттен тұрады. Бейресми байланыстар
арнасы – сыбыс-қауесет таратушы арналары деп айтуға болады. Жалпы
байланыстар туралы ұғымдарды зерттеуші белгілі Кит Дэвис болған.
Дәл емес хабарлар мен мәліметтер жиынтығы сыбыс-қауесет немесе
сырттай естіп білген хабар-ошарлар деп аталады. Сыбыс-қаусеттер немесе
сырттай естіп білген хабар-ошарлар адамдардың топ болып жиналған жерлерінде
болып тұрады. Мысалы: асхана. Дәліздерде, көше, аулада, т.б. жерлерде.
Бейресми, арналар арқылы берілген мәліметтер мен хабарлар немесе сыбыс-
қауесеттердің 80-90%-і әрқашанда дәл деп танылады.
Байланыс (коммуникациялық) процестері
Алмасу немесе айырбас процестері тиімді болуы үшін юағынышты адамыңыз
өзіне тапсырманы қалай түсінді және оның қорытындысы жөнінде не
күтетініңізді түсінуі қажет. Хабар, мәліметтердің айырбасы немесе
алмасулары берген хабарыңызды тек келесі адамның қабылдауы кезінде ғана
пайда болады. Осы айтылған мәселелерді қарастыру үшін байланыс процестеріне
тоқталған жөн.
Коммуникациялық процесс дегеніміз – екі немесе одан да көп адамдар
топтарының хабарлар, мәліметтер, т.б. алмасулары. Оның негізгі мақсаты
хабарлардың осы алмасуы үстінде түсінушілікті қалыптастыру болып табылады.
Хабарлар алмасу процесінде мынадай негізгі төрт элементті қрастыру қажет:
1. Жөнелтуші, жіберуші – хабарларды жинақтап, өңдеп жіберуші адам;
2. Хабардар ету немесе жариялау – шартты түрде символдар арқылы берілген
хабар;
3. Арналар – хабарлардың берілу құралдары;
4. Хабар алып тұрушы немесе хабар алу – хабарлар арналған және оны
өзбетінше түсіндіретін адам.
Хабар алмасу үстінде хабарды жіберуші мен қабылдаушы арасында бірнеше
өзара байланыс кезеңдері болады. Олардың мақсаты – хабарды құрастыру және
оны қолдану үшін екі жақтың да бастапқы идеяларын түсінетін және
ортақтасатын арналары болады.
І кезең. Ойлар мен идеялардың тууы (пайда болуы). Информациялар мен
алмасу әрқашанда ойда немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады. Хабарды
жөнелтуші алмасу болу үшін қандай мәліметті айырбас процесі етуі керек
екенін ойластырады. Айырбас немесе алмасу процесі тиімді болуы үшін басшы
оны көптеген факторларды есіне ала отырып шешкені дұрыс. Мысалы, басшы
информациямен алмасқысы келсе өз ұжымындағы қызмет туралы, оның ішінде
жұмыстың бәсең және күшті жақтарын бағыныштыларын айтуы қажет. Сонымен
бірге, бұл алмасу жұмысты одан әрі де тиімдірек ету шараларын көрсетуі
қажет. Басшы қажет деген идеяны бағыныштыларға беруі немесе алмасуы үшін
төмендегідей қорытынды жасауы керек.
ІІ кезең. Шартты белгілер және олардың таңдап алынуы. Идеяны бермес
бұрын жөнелтуші символдардың көмегімен хабарды кодтау керек. Бұл үшін
жөнелтуші сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолданады. Бұндай кодтау и
идеяны хабарға айналдырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелуі
Қоғам - әлеуметтік жүйе
Ұйымдардағы өзара қарым - қатынас және оларды басқару
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
Коммуникациялық үрдіс, олардың сатылары және элементтері
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Іскерлік жиындар мен келіссөздер өткізуді ұйымдастыру
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы
Пәндер