Тыныс алу механизмі
Тақырыбы: Тыныс алу мүшесі.
Жоспары
1. Тыныс алу органдарының маңызы..
2. Мұрын қуысы
3. Көмекей
4. Кеңірдек
5. Бронхы тармақтары.
6. Өкпе.
7. Тыныс алу механизмі
8. Тыныс алу
9. Тыныс алу
10. Тыныс шығару
11. Көкірек қуысының моделі
12. Терең тыныс алу және терең тыныс шығару
13. Өкпе Желдеткіші
14. Тыныстық көлем
15. Тыныс алу қозғалысының жиілігі.
Тақырыбы: Тыныс алу мүшесі.
Тыныс алу органдарының маңызы. Организмде әрқашанда және ұдайы тотығу
арқылы белоктардың, майлардың және углеводтардың ыдырауы болып отырады, бұл
кезде органикалық заттардың күрделі молекулалары оттегін қосып алады және
ыдырайды. Заттардың ыдырауы әр түрлі физиологиялық процестерге және денені
жылытуға пайдаланылатын энергияның бөлінуіне байланысты. Тотығу реакциясына
қажетті оттегі организмге тыныс алу органдар арқылы келіп, клеткаларға қан
арқылы жеткізіледі. Бұл процестің нәтижесінде организмдегі клеткаларда
көмір қышқыл газы түзіледі, оны клеткалардан қан алып кетеді де, тыныс алу
органдары арқылы бөліп шығарады.
Оттегін сіңіруге және көмірқышқыл газының бөлінуіне байланысты
процестерді газ алмасу процесі деп айтады. Атмосфералық ауа мен организм
арасындағы газ алмасудың жүзеге асуында тыныс алу органдарының маңызы бар.
Мұрын қуысы. Тыныс алу системасы мұрынның тар жолдарын, мұрын
шеміршегі бөлетін мүұын қуысынан басталады. Ол оң және сол жақ жартылардан
тұрады.
Мұрын жолдары эпителиймен қапталған. Оның кірпікшелері тыныс алатын
ауамен бірге келген шаңды тұтып қалып, өзінің қозғалысы арқылы сыртқа
шығарып отырады.
Мұрын жолдарының бетінде қан тамырлары көп болады. Ол тамырлармен
ағатын қан, тыныс алатын ауаны жылытады.
Мұрын қуысының кілегейлі затында лейкоциттер болады. Олар өзінің
фагоциттік қабілетінің арқасында тыныс алатын ауада болатын бактерияларды
жояды. Бактерияларға мұрын қуысы бездері бөліп шығаратын кілегейлі зат та
күшті әсер етеді. Бұл кілегейлі заттар бактериялардың тіршілік әрекетін
баяулату арқылы, олардың организмге тигізетін қаупін кемітеді.
Егер ауа өкпеге ауыз арқылы енген болса, онда ауыз қуысындағы ауа,
мұрын қуысындағыдай тазартылмаған, жылытылмаған және залалсызданбаған болар
еді. Сондықтан тынысты ауыз арқылы емес, мұрын арқылы алу керек.
Ауа мұрын қуысынан хоан арқылы жұтқыншақ - таңдай тесігіне өтіп, одан
тыныс алу системасының ең маңызды бөлігі - көмекей басталады.
Көмекей. Көмекей мойындағы 5-7 мойын омыртқаларының алдыңғы жағында
орналасқан. Оның қабырғасында үш үлкен тақ, үш кішкене жұп шеміршектер
болады. Олардың ішіндегі ең ірісі қалқанша шеміршек деп аталады, оны
мойынның алдынғы жағынан саусактармен ұстап тез тауып алуға болады. Оның
үстінде екінші бір үлкен шеміршек - көмекей кацпагы орналасқан.
Бір-бірімен сіңірлер арқылы буындаса байланысқан көмекей шеміршектің
талшықтары әр түрлі бағытталған, бірнеше көлденен жолақты еттер қозғалысқа
келтіреді. Көмекейдің ішкі қуысы кілегейлі қабықпен астарланған. Көмекей
қуысының ең тар жерінде дыбыс сіңірлері орналасқан, оларды ауа өткен кезде
тербетеді де, сол тербелістің нәтижесінде дыбыс пайда болады.
Ауа көмекейден өткен соң кеңірдекке барады.
Кеңірдек. Кеңірдек ұзындығы 10-12 см шамасында болатын түтік тәрізді
болып келеді. Оның қабырғасында екі ұшы толық тұйықталмай, бос ұштары артқа
қарап орналасқан 15-20 шеміршекті сақиналар жатады. Бірінің үстіне бірі
орналасқан сақиналардың арасында, сондай-ақ олардың бос ұштарының арасында
бірінғай салалы ет талшықтарынан тұратын дәнекер жарғақ керіліп тұрады.
Кеңірдекті алдыңғы және екі бүйір жақтарынан қоршап жатқан
шеміршектер, оның қуысының әрқашанда ашық тұруына жағдай жасайды. Егер
шеміршектер болмаса, көйлектің немесе кофтаның жағасының түймесін
түймелеген кезде, мойынның сәл басылып қалуынан - ақ тыныс алуды тоқтатып
тастаған болар еді. Кеңірдектің артқы қабырғасында шеміршектің болмауы,
оның артында жатқан өңеш арқылы тамақтың еркін өтуін қамтамасыз етеді.
Бронхы тармақтары. Кеңірдектің төменгі үшы өкпенің оң жақ және сол жақ
бөлігіне баратын екі бронхыға бөлінеді. Өкпеге бронхылар бұтақтарға
бөлініп, олар тағы да бірнеше рет бұтақшаларға ажырайды да, бронхы
тармақтарына айналады. Бұл тармақтың өте жіңішкелерін бронхиолдар деп
атайды. Бронхиолдар қабырғасы жұқа альвеолдық жолдармен аяқталады, олардың
қабырғаларында альвеол деп аталатын көпіршіктер болады.
Ірі бронхылардың қабырғаларында шеміршек сақиналары болады, ал ұзақ
бронхыларда шеміршек болмайды, тек сақиналанған ет
қабаты болады.
Кеңірдек пен бронхылар кірпікшелі эпителиймен жабылып, кілегейлі
қабықпен астарланған. Эпителий кірпікшелерінің қозғалуының қорғағыштық
маңызы бар. Өйткені олар өкпеге шаң басқа заттардың ұсақ бөлшектерінің
өтуіне кедергі жасайды. Кілегейлі қабықта көптеген кілегейлі бездер болады.
Өкпе. Өкпе бүкіл көкірек қуысын түгелдей дерлік толтырып тұрады. Оң
жақ өкпенің көлемі сол жақ өкпеден үлкен болады. Оның әрқайсысы сай арқылы
бөліктерге: оң жағы - үш, сол жағы екі белікке белінеді.
Өкпелердің арасындағы шағын кеңістікте - аралық қабырғада жүрек, қан
мен лимфаның ірі тамырлары, өңеш және алқым безі орналасқан.
Өкпенің пішіні конус тәрізді, оның төмен қараған түбінде диафрагма
күмбезінің дөңесіне сәйкес келетін ойығы болады.
Өкпе сыртынан дәнекер тканьді қабықпен – плеврамен қапталған, ол екі
қатпардан тұрады: оның біреуі тікелей өкпені жауып тұрады да, екінші
көкірек қуысының ішкі қабырғасын астарлап жатады. Екі қатпардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz