Туберкулез аса қауіпті дерт



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез аса қауіпті дерт

Туберкулездің қоздырғышын тапқан Роберт Кох "ол түзу, сәл имек таяқша
ұзындығы 1,5-3 мкм" деген анықтама береді. Ал енді осы бір кіп-кішкентай
вирус адамның өкпесін ғана мекен етпейді, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек,
буын, бүйрек тіпті жыныс органдарына дейін зақымдайды. Қазақстан
медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда
рөлі қаншалықты?
Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің
өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс
тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз.
Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана,
түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту"
дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200
грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа
отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа
салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз".
Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып
адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн
сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз.
Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен
біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама
сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн
санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз
сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған
ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге
келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған
адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында
сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа
салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде
еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай,
былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу
бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы
иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы
иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да
жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап
қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі
адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда
әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз
керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін
бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды...
Туберкулездің жұқпалы екендігі Гиппократ еңбектерінде тайға таңба
басқандай етіп жазылған. Бірақ Ибн Сина өзінің бір еңбегінде: "Саламенелла
бактериялары туберкулез жасушаларын бөліп шығаратын заттармен қоректеніп,
оны жоюға септігін тигізеді", – депті. Бұл "сүзек, шешек дертімен
сырқаттанғандар құрт ауруымен науқастанбайды" дегенді білдіреді. Сонда
инфекциялық ауру тудыратын бактериялар туберкулезді жоя ала ма?
Жаңағы сіз айтып отырған Роберт Кох құрт ауруының таяқшасын 1882 жылы
тапқан. Сол Кохтан бұрын Ибн Сина осындай тұжырым жасапты. Бірақ ХVІІІ
ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстырғанымыз жөн болар ма екен. Ол кездің адамдары
мен қазіргі заманның адамдары екі басқа. Екі түрлі мүддені көздейтін
адамдардың ой-санасы, ес-ақылы, ішкі ағзасы да екі басқа болады. Рас,
кезінде инфекциялық дертпен сырқаттанған адамдар құрт аурумен
науқастанбаған. Ал қазір әрбір адамға, әр түрлі дертке қарсы алдын ала
вакцина салынатындықтан, сүзек, шешек, қызылша сияқты аурулар біздің
есігімізден сығаламайтын болды. Туберкулез қоздырғышы адам ағзасы қандай
дәріні қабылдайды немесе қандай дәріні қабылдамайды, осының бәрін бақылап,
зерттеу жасап алады. Медицина тілімен айтсақ, адам ағзасына мутация
жасайды. Туберкулез таяқшалары ауырмайтын әрбір адамда болуы мүмкін.
Мысалы, қазір сіздің деніңіз сау болғанымен, сіздің ағзаңызда кез келген
дерттің қоздырғышы бар. Егер сіз күтінбей, дәрігерлік тексеруді
қажетсінбей, өз ағзаңызға немқұрайлы қарайтын болсаңыз, аурудың қоздырғышы
қозып, жасырынып жүрген дертіңіз анықталады. Негізі, медицина саласы түпсіз
тұңғиық сияқты, адам түсініп болмайды. Мысалы, таяуда жапондық ғалымдар
операция жасағаннан кейін, "науқастың операция жасаған жері іріңдеп кететін
болса, бұл жайт кері әсер етіп, науқастың жағдайын нашарлатудың орнына
жақсарта түседі" деген қызық ақпарат таратты. Осындай түсініксіз қағидаға
сүйеніп: "Инфекциялық ауру тудыратын бактериялар түрлі қатерлі дерттен
сақтайды" деп отыра беретін болсақ, "әттеген-ай" деп қалмасымызға ешкім
кепілдік бере алмайды.
Бұл дертпен иммунитеті жетілмеген жас баладан бастап, балиғатқа толу
кезінде эндокринді жүйесі толық қалыптаспаған жасөспірімдер, ағзаларының
тіршілік әрекеті бұзылған егде адамдар сырқаттанып жатады. Осылардың жас
аралығын зерттеген дәрігерлер "туберкулездің жұғуы адамның жасына
байланысты" дегенді айтады. Дүние есігін жаңа ашқан нәресте де осы дертпен
науқастанып жатады. Осыған қарағанда, дерт тұқым қуалайтын сияқты...
Халыққа қандай ақпаратты жеткізсең, көпшілік соны жүрегіне жақын алады.
Егер мен сіздердің газеттеріңізге "құрт ауруы тұқым қуалайды" деп сұхбат
беретін болсам, сіздердің 200 мыңнан асып жығылатын оқырмандарыңызды
қателестірген болар едім. Сондықтан "құрт ауруы тұқым қуалайды" деген
түсінікпен келіспеймін. Ана құрсағында жатып, осы дерттің шырмауына ілінген
сәбилер болады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилердің ағзасында құрт ауруының
таяқшасы пайда болып жатса, ол анасынан жұғады. Туберкулез балаға қанмен
бармайды. Ол адамнан адамға жұғады. Жалпы, мен ата-бабаларымыздың: "Жеті
атаға толмай қыз алысып, қыз беріспеу керек" деген қағидасын қолдаймын.
Кейбір елдер туған-туыстарымен отбасын құра береді. Ал бұл – тұқым
қуалайтын дерттің тамырына жан бітіреді. Әсіресе, обыр, лейкоз, ауруларының
көптеп таралуына осы жайттың әсері мол. Міне, біздің бабаларымыз
генетикадан хабары жоқ болса да, осы жағына қатты назар аударған. Сондықтан
бізде тұқым қуалайтын дерттердің қатары сирек.
Туберкулез өткен жердің тканінде кішкентай төмпешік пайда болып, бұл
төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштеніп кететін көрінеді.
Бұл "гона" төмпешігі – әсіресе, лимфа түйіндерінде, цлеврада, ми қабығында
жақсы өсіп-өнеді екен. Бұл адамның миы да осы дерттің алдында дәрменсіз
дегенді білдіре ме?
Бұл төмпешік адамның кез келген жеріне орнығып алады. Негізгі ұясы –
өкпе, тыныс жолдары органдары. Туберкулез таяқшаларының адам ағзасында
пайда болғанына 150 жылдан асты. Бірақ бұл дерттен ешқандай мемлекет
түбегейлі басын арашалап ала алмай отыр. Қарапайым халық дәрігерге
барғанның орнына, үйінде жатып, өз білген емін қолданады. Олар анализ
тапсырып, тексерілгенен гөрі, "суық тигеннен жөтеліп жүрмін" деп өзіне-өзі
диагноз қойып алып, алдыңа келеді. "Құрт ауруы", "Тубдиспансер" деген
атауды естігісі келмейтін адамдар, ағзасын жайлап алған ауруды мойындағысы
келмейді. Әбден әлі бітіп, төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен адам
анализін алып, ем қабылдау жүйесін түсіндіргенде ғана өзінің жанын көзіне
көрсеткен дерттің аты шулы екенін біліп, сары уайымға салынады. Ал оған
дейін ол денсаулығына көңіл бөлмек түгілі, "осы мен неге әлсірей берем,
неге дұрыс тамақтанбай жүрмін?" деп ойламайды. Осылай өзін-өзі
психологиялық тұрғыдан күйзелтіп жүрген адамның миын дерт мекендемегенде
қайтеді? Қандай ауруды болсын, жеңіп шығуға болады. Ол үшін адам ешқандай
жан күйзелісіне салынбай, салауатты өмір салтына ден қою керек.
Бұл дерт елдің қоғамдық құрылысына, халықтың тұрмыс жағдайына
байланысты екеніне айтар уәжіміз жоқ. АҚШ-та ақ нәсілділерге қарағанда,
қара нәсілділер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ
Туберкулез- өте жұқпалы
Сібір жарасы. Туберкулез
Қазақстанда аса қауіпті, әлеуметтік мағыналы аурулар
Туберкулез – проблемалы инфекция
Туберкулез ауруының сипаттамасы
Туберкулезді алдын алу туралы науқастармен әңгіме өткізу
Жалған туберкулез ауруы
Ірі қара туберкулез ауруы
Пәндер