Толғау жанрының табиғаты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Тақырыбы: Толғау жанрының табиғаты
Орындаған: Фи 08 -5К
Тойболова С.
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент
Қалдыбаев Т.
Шымкент 2009
Жоспар
І Кіріспе
1. Таза мінсіз асыл сөз – ой түбінде жатады...
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақ ғалымдарының толғауға берген анықтамасы
2. Толғау жанры А.Байтұрсыновтың еңбегінде
3. Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса... (Жыраулардың шығармалары
жайында)
ІІІ Қорытынды
1. Толғау жанры хақында
Таза
мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза
мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады.
Асан қайғы
XV-XVIII ғасырлардағы поэзиямыз өзінің барша сәбилік, балаңдық
болмысымен, халқымыздың бай фольклорымен бірге әдебиетіміздің кейінгі
кезеңдері үшін бастапқы бұлақ арнасы қызметін атқарды. Мұндай халқымыздың
бірнеше ғасырлық көркемдік, поэзиялық тәжірибесі жинақталып, іріктеліп, сан
ұрпақтың ақыл-ойы арқасында ауызша өмір сүріп біздің дәуірімізге жетті.
Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастаулары алғашқы шығармалар біздің
заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл оның ауыз әдебиетінен жеке
авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден-бір
көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанының белгісі.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы әдеби тілді сипаттайтын
мұраларға ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан
көптеген саяси, әлеуметтік, мәдени шаруашылық өзгерістермен байланысты
рухани байлықтың, мәдениет өндірісінің құралы болып табылатын ана тілдің,
әдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол
тұста жыраулар мектебінің шарықтау биікке көтерілуімен, олардың алдында ел
қорғау, халық бірлігі, отанды сақтау мәселесінің тікелей күн тәртібіне
қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген, халық данасы
болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел басқарған адамдарға адал,
әділетті, көреген ақылшы бола білуіне де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен
өмірге ынтық болып, соны көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де,
әдебиеттің де, мәдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы
игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көрегендікпен болжай,
бағдарлай білді. Бұқар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен
азаматтық поэзияның жыршысы... Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан
басталған азаматтық поэзияны тақырып әр түр жағынан жетілдіріп, кемелденген
поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы
халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа
айналуына зор ықпал етті. Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы
биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына
негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз
жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен
елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды
ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара
даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол
тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз
алдыңа анық елестетеді. [7, 165]
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге
түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани
құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын
тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық
жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды.
Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен
көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да,
сезімге де қатысы бар.
Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі
ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді:
Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар
творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да
зер салу, содан ой қорытындылау сияқты.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде
туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның
сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. В.Белинскийдің
айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен
сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни,
жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендегімен танылады, еш нәрсе
кездейсоқ емес.
Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің
ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, ол оның қайсысынан бөлініп шығуға лайық
деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен батырлар жырын айтуымыз керек.
Мұның екі түрлі басты себебі бар. Ең алдымен толғау өзінің бүкіл тарихы
бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға ұқсас болса, екіншіден
мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе, батырлар жырынан алшақ кетпейді,
көбіне-көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор мәселелер
негізінде туып, өріс алды. Екеуенің арасындағы айырма мынау: бірінде
аталған мәселелер жеке адамдарға олардың іс-әрекеттеріне байланысты,
белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде автордың өмір, дүние,
адам жайындағы ойлары жан тебіреністері арқылы, тура бастапқы қалпында
көрінеді. Мұның аты – батырлар жыры мен толғауға негіз болған қоғамдық
үлкен мазмұн біреу ғана, тек екеуінің көркемдік жолымен дәлелденуі,
тыңдаушысына жеткізілуі ғана екі түрлі деген сөз.
Қазақ арасында кең тараған эпикалық жырлардың біразы ХІІІ-ХІV
ғасырларда туса немесе сол тұстағы оқиғаларға байланысты бола тұрып, сәл
кейін дүниеге келсе, толғау жанрының алғашқы нұсқалары ХV ғасырдың орта
тұсынан бермен қарай белгілі бола түскені мәлім. Демек, хронологиялық
жағынан алғанда да батырлар жырының толғауға негіз болуында айтарлықтай
қайшылық жоқ. Бұл арада ескеретін тағы бір мәселе – толғаудың Асаннан да
бұрын өмір сүруі және сол ежелгі үлгілердің біздің заманымызға жетпеуі
ықтимал. Біздің топшылауларымыз бүгінгі таңда қолда бар шағын әдеби
деректердің негізінде жасалып отыр – дейді. [3, ]
Оқырман жұртшылықты ойландыратын бір мәселе бар. Ол ақын-жыраулардың
шығармаларына толғау тақырыбы қайдан берілді. Неге мұны толғау деп атаймыз?
Осыған тоқтала кетсек. Толғау сөзіне Ә.Дербісәлин мынадай анықтама береді:
Толғау деген сөз қайдан шыққан? Бұл атау әуел баста толға (немесе
толғап жібер) деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан (мұның өзі екі
түрлі компоненттен – тол, ға - құралған). Түрі жағынан да, атқарған
қызметі жағынан да мұның кәдімгі сөйле деген бұйрық рай етістігінен ешбір
айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. Толға
дегенде, жырла не жырлап жібер деген ұғым туады. Яғни, толға дегенде
қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін
жатталып кеткен жырларды атау үшін оны заттандыру қажет болғанда толғаға
у қосу арқылы жаңа сөз жасалған. Тіліміз үшін атау сөз жасаудың бұл түрі
табиғи құбылыс ( мысалы ата (бұйрық рай) + у - атау, еге + у -
егеу, т.б. Профессор Қ.Жұбанов та толғау атаулының толға дегеннен
шыққанын көрсете келіп: тол деген түбірден толқын сөзі жасалған,
түрікмендерде толқынды толға дейді. Түрікмендер жырламақ, толғамақ
дегенді долломақ дейді, доло қазақшалап айтқанда толғау деген сөз, -
дейді. Осының қайсысы да толғау атауының ауызша шығарылған өлең туындыны
алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге
асу заңдылығын айқындай түседі. Толғау өлеңді ауызша әуенмен шығарып,
әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады. Оның сахналық
сипатының молдығы да содан. Жазба әдебиеті өріс алған елде мұндай өнер
түрінің болуы мүмкін емес. [3, 102-103]
Ал, Ахмет Байтұрсынұлы толғауға мынадай анықтама береді:
Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі
ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін,
зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші
ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға
білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру
мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған
уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі,
ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін
танып, күйіне салып, толғай алуда.
Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп
айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені
танығанда, сол тануымыздың өзі екіжақты болады. Әр нәрсені саңлап,
санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл
кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген білген нәрселерін тек байқап, тек
пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның
көңіліне күй жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне
күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп
тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға
келіп түйіскен жерде жыртылып айырғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан
санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне
қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография емес,
нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп даамның
санасына түскенде, адамның ойында да, көңілін де бірдей оятады. Адамның
көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның
ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары
болады. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған
сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз.
Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп
екіге бөлгенімізде тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа
керек. [6, 347]
Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі еркшеліктері неде?
Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық
түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру
пішіні, делінеді поэзиялық сөздікте. Қысқаша әдеби энциклопедияда мұндай
да анықтама жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің толғау туралы пікірлері
жоғарыдағы анықтамаға саяды.
Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов былай деп жазады: Бүкіл
дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы
– жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы – ұзақ өлең жырлар. Қазақ
фольклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық
жырлары және қисса деп төртке бөлінеді. Толғау нақыл толғауы, ереуіл
толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын
соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады.
Бұл жіктеуді толығымен қостау, әрине, қиын. Алайда автордың толғаудағы
ерлік сипат пен дидактикалық қасиетті атап көрсетуі орынды. Толғау жанрын
зерттегендердің қай-қайсысы да оның осы белгілерін әрдайым атап айтып
келеді. [3, 103-104]
Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтің еңбегінде едәуір тереңдей
ашылды. Толғау - шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға
лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі, - деп жазады ғалым. -
өлеңдердің тирада-тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән. Толғау халық
нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге
бай. Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан,
толғау термедей әзіл оспаққа бара бермейді: мәнді-маңызды мәселелерді сөз
етеді... Толғау -өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан
көрініп тұрғандай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын
байқатады. Толғау деген сөз эпикалық туындыларда сөйлеу, монолог
мағынасында қолданылады. Бұл әдетте эпосқа тән ұзақ та тұтас сөз. Толғау –
ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ
көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы – толғау
ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы
шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор
қатынасының бүгіндігі арқылы, сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы
тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі,
тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте
қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау
халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті...
Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия
дәстүрімен байланыста болса керек. Әсіресе, көне дәуірден келе жатқан
толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен қамтылған. Толғау
жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр алуан құбылыстары,
жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген.
Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да
халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір
түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар санат-насыят ырлар, құмықтар
ойлы йырлар, башқұрттар қобайыр деп атайды. Ноғай мен құмықтың қазақ
йырлары ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде
қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген, ХІІІ – ХІV ғасырларға
сәйкес келеді.
XV-ХІХ қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму
сатысына жетті. ТОлғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты.
Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар,
азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны
жағынан да, бейнелеу тәсілі жағына да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды.
Толғау кейде күрделі, көлемдік лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма
дерліктей сипат алды. Ырғағы жеті-сегіз буында тармақтарға негізделеді,
олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл
ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес
қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен лирикалық аспаптың сүйемелдеуімен
айтылады. [2, 348]
Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл,
тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін
афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау
өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын
баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс,
тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы
түсініктерін де білдіруі мүмкін.
Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің Шағырмақ бұлт жай
тастар..., Асқар, асқар, асқар тау, Ор, ор қоян, ор қоян.. Бұқардың
Айналасын жер тұтқан, Аңсаңнан биік тау болмас, Ай заман-ай, заман-
ай... сияқты туындыларын келтіруге болады.
Ал, сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл
топтағы шығармаларды жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика
мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа немесе
басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді. Мұндай
толғаулардан жыраудың өзіндік мені де бой көтереді.
Лирикалық толғаудың үлгісі ретінде Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын
Шалкиіздің Балпаң, балпаң басқан күн, Бұқардың Кіші қара қалмақ бүлерде
сияқты жырларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпоста кеңінен
қолданылады. Мәселен Ер Тарғындағы Тарғынның мертігіп жатқанда айтатын
толғауы осындай [2, 143]
Бірыңғай ипровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген
сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық
ішкі мүмкіндіктерінде өзіндік елелулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда
тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым
болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері
мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек
мән беріледі. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек, ақын деу емес.
Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі –
шығармасы – толғау. [1, 143]
Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары
аз, көңілге айтары көп, – дейді А.Байтұрсынұлы. Толғау әдемілігі, әуелі
айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу
түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты
орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп,
сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз.
1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз
көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі
түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды.
б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау
сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі
толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының
мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын
толғау болып шықпағандықтан.
В) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса,
көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір
қатысса, о да сондай әсер етеді.
Г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер
жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды.
2. Тысқы шарты. А) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы
тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен
бидің үйлесуі.
Б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйнің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ
тұрмайды. Көңіл-күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа
тиіс, ұзын болмайды дан Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен
аспайды.
В) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы
білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді
сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін
көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс.
Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып
тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл-күйлерінің бәрі өмір жүзінде
адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. ТОлғау көңілдің көркем
сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік-сезімін күшейтеді. Әдемі
толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық
болады. [6, 348]
Толғау түрлері.
Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. Өмірдің
көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді. Теріс келетін
істері күйіндіреді. Мұның мағынасы көңілді сүйінішті, күйінішті күйге
түсіру болады. Күйініш көңілге наразылық тудырады. Көңіл наразылығы мұң, ой
туғызады. Осы айтылған мәністерге қарай күйлі толғау бірнеше түрге
бөлінеді.
1. Сап толғау - қорыққанда Ойбай, қуанғанда Алақай, қиналғанда Уһ,
таңданғанда О, өкінгенде Қап! деген сияқты пайым, пікір, ой
белгілі кіріспеген құстың сайрауы сияқты көңілдің таза күйінен шығатын
сөз сап толғау сияқты сайрау деп аталады.
Мысалы: Көтеш ақынның мына өлеңінде көрінеді:
Бала, бала! деуменен мазалымыз.
Баладан болар білем ажалымыз,
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр тұр тажалымыз!
2. Марқайыс толғауы – Көңіл шын ырза болып, марқайып өскен шақта шығатын
сөз марқайыс толғау болады. Көңілдің шын өсіп марқаюы қуанышты ұлы
оқиғаның үстінде болады. Ұлы оқиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің,
халықтың, таптың өмірінде де сирек болатындықтан марқайыс түрлі
тұлғаларда әдебиет жүзінде ұшырайды. Марқайыс орнымен айтылса, ұнамды
болады, ұнамсыз айтылсы, ерсі көрініп, марқайыс әсері болмайды,
масқаралық әсері болып шығады.
Мысалыға Тәтіқара ақынның батырлардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы,
жұрттың рухын көтеретін үлкенді-кішілі жырларын, жауынгерлерді қиындыққа
мойымауға, ерлікке үндеген толғауларын жатқызуымызға болады.
Қамыстың басы майда түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт.
3. Налыс - Әркімнің өмір жүзінде мұраты болады. Яғни сол мұрат көрген
нәрсесінің жолында болады. Мұратына жетсе, бақытты болады. Қайғы-
қасіретсіз, уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз, шатықпен тыныш өмір
сүретін адамдар, тіпті болмайды. Өмір жолы мұратқа тура жүргізбейді.
Тура жүргізбесе, көңілге реніш, шер пайда болады. Сондай өмір
жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжітеді, мұңайтады, ықыласын
қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас қайту ақынды көңілсіз күйге түсіреді,
шерлендіреді. Шерлі күйден шыққан сөз мұңды болып шығады. Сондай
мұңды, шерлі толғаулар налыс деп аталады.
Мұны Асан қайғының төмендегі жолдарынан көруге болады:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!?
немесе Ақтамберді жыраудың мына өлеңі:
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп құдай тілекке!
4. Намыстаныс. Намыс толғау – басында тайғақ кешу, тар жолда, қиыншылық
шегіне жетіп тақалған шақта шығатын сөз. Қиын хал нағыз қиын шегіне
жеткенде, қиын істі істеуге керек қылады. Сол қиын істі істеуге
көбінің батылы жетпей намысына тигізіп, қанын қыздырып сөйлеу қайрау
сөз деп аталған. Сол қайрау сөздің өлеңмен айтылғанын намыс толғау
дейміз. Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру яки не өліп, не
өлтіріп шығатын өлім жолына айдаған жерде айтылған.
Бұқар жыраудан:
Қарашы мынау ойда жатқан орысты,
Дін мұсылман жұртынан,
Шіркін, алған екен қонысты!
Аяғыңнан шалысты,
Күндердің күнінде
Басыңызға салып жүрмесін зор істі
5. Сұқтаныс. Сұқтану деп бір нәрсеге артықша назар түсуін айтамыз. Адам
сұқтанғанда, жақсы нәрсеге сұқтанады. Жаман нәрсе қаншама ұлы болып,
даамның назарын түсіріп, таңдандырғанымен сұқтандырмайды. Ұлы болсын,
ұсақ болсын біз жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсеге табиғат
ісінің жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң
сұқтаныс толғауда көбінесе ғаламның ұлылығы, табиғаттың сыры,
шеберлігі, сұлулығы, адам ісінің де сұқтанарлық ұлылары, жақсылары,
көркемдері сөз болады. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық сияқты
нәрселердің мән-мағынасы турасындағы толғаулардың көбі де сұқтаныс
табына кіреді.
Шал ақынның толғауы:
ЕРімнің бір тұрманы үзеңгісі,
Қыз он бесте келеді түзелгісі,
Аяғын көр, асын іш деген сөз бар,
Шешесін көр, қызын ал, сол белгісі.
6. Ойламалдау - Көңіл ырза болмаудан наразылық туады. Наразылық мұңға
айналады. Мұңнан ой, қиял тербенеді. Сөйтіп көңіл ырза болмағандағы
шығатын толғаулар көңіл-күйінің сөзі болмай, ой-қиял қатысып шығады.
Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деп аталады.
Шал ақыннан:
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде,
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде.
Салақ әйел ауы да болар тесік,
Қолын тығып қасуға оңай десіп,
Тағдырда маңдайыңа жазған болса,
Табиғаттың ісіне амал нешік.
Кез болса ер жігітке жақсы қатын,
Жақсы қатын шығарар ердің атын.
Жаман болса өз қылған істерімен
Еріне қалдырады жаман ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz