Аяқ сүйектерінің өзара байланысы


Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері
Жоспары:
- Темперамент түрлері: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолиг
- Мінез
- Ес
- Дұрыс ұйқының шарттары
Қорытынды
Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері
Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.
Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:
- Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.
- Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді
- Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.
- Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.
Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін.
Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады.
Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т. б. есте сақтай алумен ерекшелінеді.
ЕС- қоздырғыштың әсерінен жүйке жүйесінде қалған процестер. Бұл- өткен тәжірибенің санадағы көрінісі. Адам басынан өткенді кезінде ми қабылдады, кейінгі уақытта оның, адам танып, есіне түсіреді.
Естің 3 типін бөледі:
- Көрнекі- бейнелі тип- адамдардың беттерін, дыбысты, нәрселерді, құрылыстарды, түстерді және тағы басқа жақсы есте сақтауға көмектеседі
- Ауызша- логикалық тип- сөз тіркестері, терминдер, кестелер, ормулаларды және басқаларды жақсы есте сақтайды.
- Эмоционалдық тип- бастан өткен сезімдер, көңіл күй, ашу, ыза және басқалары жақсы сақталынады.
Ес анализаторларға сәйкес былай жіктеледі:
- Көргенді
2. Естігннді
3. Иіскеп сезгенді
4. Сипап сезгенді
Ес сонымен қатар механикалық жане логикалық болып екіге болінеді. Механикалық жаттау көп уақытқа сақталмайды, ал логикалық жаттау үзақ сақталады және жақсы есте қалады.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ес келесі түрлерге бөлінеді.
-кенет- мұнда материал тез арада, бір минутқа дейін есте қалады
-қысқа мерзімді- материал көп уақытқа емес. бірнеше сағатқа дейін есте қалады.
-ұзақ мерзімді- ұзақ уақыт, көп жылдарға дейін есте қалады және жақсы нәтиже береді.
Есті сақтауды белгілі бір тәсілдері арқылы нығайтып жаттықтыру керек. Бұл кезде есте сақтаудың әлсіз түрін- көру, есту, қозғалыс және эмоциялық есте сақтауды нығайту керек. Түрлі шынығу тәсілдері, салқын душ, белсенді дене жүктемелері, күн тіртібін сақтау, еңбек пен демалысты дұрыс алмастыру, психогигиенамен психикалық жағдайлардың алдын алу шаралары- осылардың бәрі есте сақтаудың жақсаруына және дамуына септігін тигізеді. Есте сақтауды жаттықтыру 10-20 екі мәнді сандарды орналасу тәртібі бойынша немесе осынша көлемдегі түрлі аттарды есте сақтау арқылы жүргізіледі.
Адамдар мен жануарлар ұйқының қанбауынан гөрі тамақ пен судың жеткіліксіздігін жеңіл көтереді. Ұйқыны ештемемен алмастыруға болмайды. Ұйқы адамның биорритмдерінің ең маңыздыларының бірі, сондықтан бір уақытта ұйқыға жатқан өте маңызды, ұйқыға жатар алдында бір сағат бұрын таза ауада серуендеу пайдалы. Жылы ванна қабылдау, бетті, қолды, аяқтарды, жылы сумен жуу пайдалы. Ұйқыдан 1, 5- 2 сағат бұрын көп тамақ ішуге болмайды, оның орнына бір стакан жылы сұт немесе айран ішкен дұрыс . ұйқының ұзақтығы төменгі сынып балалары үшін 10-10 сағат 30 минут, орта сыныптарда- 9-9 сағат 30 минут, жоғарғы сыныптарда- 8-9 сағат болуы керек. Үнемі ұйқының қанбауы жүйке жүйесінің түрлі ауруларына және кһбіне ішкі мүшелер жұмысының нашарлап, еңбек ету қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Тақырыбы: Аяқ сүйектері
Жоспары:
1 Жамбас сүйектері
2 Ортан жілік
3Сирақ сүйектері
4 Аяқ сүйектерінің өзара байланысы
5 Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің байланысы
Қорытынды:
Тақырыбы: Аяқ сүйектері
Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға: жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады.
Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан 3 бөліктен тізілген. Оларға мықын, шонданай, шат сүйектері жатады. Осы 3 сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды.
Сүйектің мықын бөлігі деп артқы жағындағы қалақ тәрізді кеңейіп келген жерін атайды, ал шат бөлігі мен шонданай бөлігі алдыңғы жағын ала жатады. Ересек адамның жамбас сүйегі бір тұиас болып келеді, сол себептен құрамына кіретін сүйектердің шекаралары білінбей тұрады.
Мықын сүйек- жамбас сүйегінің жоғарғы жағында кеңейіп қалақ тәрізді келген үлкен бөлігі, . Оның ұршық ойысына жақын қалың жерін денесі, кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанатының жоғарғы жақ жиегін “мықын қыры” дейді. Мықын сүйегінің іщкі беті ойыс және тегіс келсе, сыртқы бетінде еттер тіркелетін бұдырлар жатады. Ішкі бетінің төменгі жағында үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекаралық сызық бар.
Шонданай сүйегінің денесі және екі бұтасы болады. Шонданай сүйегінің астынғы жағында отырған кезде тіреу болатын шонданай бұдыры болады, сондықтан бұны отырғыш сүйек деп те атайды.
Шат сүйегінің де денесі және екі бұтасы болады. Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап қасағалық дөңеске жалғасып жатады. Шат сүйектері алдынғы жағынан өзара қосылып қасаға жасайды.
Ортан жілік немесе сан сүйегі адам сүйегінің ішіндегі ұзын, ең ірісі, оның денесі- диафизі жіне екі шеті- эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі дейді, диафизінің немесе денесінің орта жері жұмыр түтік тәрізді, жоғарғы шар сияқты басы мойын бөлігі арқылы диафизінен бөлініп тұрады. Ортан жіліктін алдыңғы беті тегіс, артқы жағында ұзына бойы созылып бұдырлы сызық жатады. Дөңескелген айдаршық беті буын шеміршегімен қапталған. Айдаршықтың ішкі және сыртқы бүйірінде айдаршық түсті бұдырлары болады.
Сирақ сүйектірі қолдың білек бөліміне ұқсас, екі сүйектен тізілген. Сирақтың ішкі жағын ала асық жілігі, сырт жағында шыбық сүйегі орналасқан.
Асық жілік ұзын түтік тәрізді, оның қырлы келген орта жерін денесі, ал екі шетін ұшы деп атайды. Асық жіліктің алдыңғы бетімен төмен қарай өткір қыры созылып жатажы. Асық жілік шыбығы ұзынша келген жіңішке сүйек. Ол асық жіліктің сырт жағына жабыса орналасқандықтан асық жілік шыбығы деп атайды. Денесі үш қырлы келеді. Төменгі жағы жуандап топай сүйектің сырт жағынан жапсарлана жатып толарсақ буын құрайды.
Аяқ басы үш бөліктен тұрады. Толарсақ, табан сүйектері және бақайшақтарынан тұрады.
Сына сүйектерінің саны 3-еу, олардың арт жағында қайықша сүйек, жанында текше сүйек, алдыңғы жағында 1-2-3 табан сүйектері жатады. Бұл сүйектерді бір-бірімен қалыптасып сына тәрізденіп жатқанына қарай сына сүйектері деп атайды.
Табан сүйектері ұзынша келген, 5 сүйек. Бұлар арт жағынан өзідеріне тұтас жатқан толарсақ сүцектерімен жалғасса, алдыңғы жағынан әр қайсысы саусақ бақайшақтарымен байланысады.
Табан сүйектерінің жіңішкеріп келген орта жері 3 қырлы келеді, олардың арасындағы сүйек аралық саңлауларын табан еттері толықтырып жатады.
Саусақ бақайшақтары аяқ саусақтары қол саусақтарына ұқсас 3 бақайшақтан түзілген негізгі, ортанғы және тырнақты. Негізгі бақайшақтар арт жағынан табан сүйектеріне жалғасып жатса, алдыңғы жағынан ортаңғы бақайшақтарымен, ал ортаңғы бақайшақтар тырнақты бақайшақтарға жатады.
Аяқ сүйектірі өзара байланысып еркін қозғалмайтын жамбас белдеуінің және еркін қозғалатын аяқ сүйектерінің буындарынан тұрады. Жамбас бөлігі екі буынан тұрады: алдыңғы жағынан қасаға байланысып семфизин және артқы жағынан сегізкөз - мықын буыннан түзеді.
Қасаға байланыс шат сүйектерінің талшықты шеміршек арқылы байланысуынан түзілген. Бұл байланысты қасаға түйісуі, не шат симфизі деп атайды.
Сегізкөз мықын буыны- жұп буын, сегізкөзбен мықын сүйегіндегі құлақ пішінді буын беттері арқылы қосылып тегіс буын түзеді. Мықын сүйегі мықын беломыртқа байламы, сегізкөз- шонданай өсімді байламы және сегізкөз шонданай бұдыр байламдары арқылы бекіп жатады. Соңғы екі байлам жамбас сүйегінің арт жағында жатып, шонданай бөлігінің үлкен және кіші тесіктерін түзеді.
Жамбас белдеуі үлкен және кіші жамбас астауы болып екіге бөлінеді: үлкен жамбас астауы жоғарғы жағынан кеңейе келіп, ішкі сарай органдарының қорғаныш тірегі, әрі қорғаныш қорабы болып табылады. Кіші жамбас астауы үлкен жамбас астауының астында жатады. Пішінді целиндр тәрізді
Аяқ сүйектерінің қимылды қозғалыстарына жамбастың ұршық буыны, тізе, толарсақ және аяқ басының буындары жатады.
Жамбас буыны ортан жілік басымен жамбас сүйегінің ұршық ойысынан тұрады.
Жамбас- ортан жілік буынның байламдары деп буыннан айнала жатқан буын сіңірін және буын ішінде жатқан сіңірді айтамыз . жамбас ортан жілік буынның тағы бір ерекшелігі буын қуысы май тканіне толы болады.
Тізе буыны ортан жіліктің төменгі буын беті асық жіліктің жоғарғы буын бетімен және тізе тобығымен беттесіп тізе буын түзеді. Тізе буынының екі Жаны мен сүйір сіңірлері өтеді. Олар ортан жіліктің екі жағынан басталып біреуі асық жілікке, екіншісі оның шыбығына тіркеледі.
Аяқ басының буындары сирақ сүйектерімен топай буын сүйгінің арасында орналасқан. Толарсақ табан буындары осы аталғын сүйектер аралығында орналасақан. Бұларға: 1 сына сүйегімен 2 табан сүйегінің аралығындағы бірінші буын 2 және де 3 сына сүйектірімен 2-3 табан сүйектерінің аралығындағы екінші буын текшее сүйекпен 4-5 табан сүйектерінің аралығындағы 3-ші буын жатады.
Аяқ басының сүйектері астынғы жағынан ойыстау, ал үстінгі жағынан дөңестеу орналасқан. Аяқ басының астынғы жағында көлденең табан доғасы болады.
Егер адам табанынын асты жазық болып келсе оны тегіс табан деп атайды. Бұл жағдайда ұзақ уақыт жүгіру, жүру қимылдары қиынға соғады. Ол бір үлкен кемістік те болып саналады.
Тақырыбы: Баланың тыны салу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Жоспары:
- Тыны алу жүйесінің маңызы
- Тыны салу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекщелігі.
- Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
- Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz