Капиллярлар - зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тамырлар туралы ілім.(Ангиология)

Тамыр жүйесін сұйық өткізетін жолдар, түтіктер құрайды, ол түтіктердегі
ағып жататын сұйықтар (қан мен лимфа) арқылы бір жағынан организм
жасушалары мен тіндеріне қажетті қоректік заттар жеткізіліп, екінші жағынан
жасуша элементтерінің тіршілік әрекетінен пайда болған заттар экскреттік
мүшелерге (бүйректерге) жеткізіледі. Сүтқоректілер мен адамдарда жүрек екі
қан айналым шеңберіне сәйкес перде арқылы толығынан екі қарыншаға бөлінеді.
Соның арқасында оларды вена және артерия қаны толық бөлінген: веналық қан
оң жақ жүректен, ал артериялық қан сол жақ жүректен ағады.

Ағатын сұйықтың сипатына қарай адам мен омыртқалылардың тамыр жүйесін
екі бөлімге бөлуге болады:
1. қантамыр жүйесі – қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар,
веналар, микроағын бөлімдері мен жүрек)
2. лимфа жүйесі – түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікшелер жүйесі.
Артерияларда қан ж.ректен шет жаққа, ағзалар мен тіндерге қарай,
ал веналарда жүрекке қарай ағады. Лимфа тамырларында сұйық
веналардағы сияқты тіндерден орталыққа қарай ағады. Алайда веналық
және лимфа тамырларының аттарды шығарып әкету сипатында елеулі
айырмашылықтар бар. Еріген заттарды негізінен қан тамырлары
сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктерді лимфа тамырлары сіңіреді.
Қан арқылы сіңіру едәуір жылдамдау жүреді. Клиникада бүкіл
тамырдар жүйесін жүрек – тамыр жүйесі деп атап, оның ішінде жүрек
пен тамырларды бөледі.

Қантамыр жүйесі.
Қантамыр жүйесі орталық ағза – жүректен және онымен байланысқан көлемі
әр түрлі, қан тамырлары (латынша vas, грекше angeon – тамыр; осыдан
ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылу арқылы
тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.

Артериялар. Жүректен ағзаларға қарай шығып, оларға қан әкелетін
тамырлар артериялар (aer – ауа, tereo – бар; өлік денесіндегі артериялар
бос болады, сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептеген) деп
аталады.
Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық - tunica intima
– тамырлардың қуысы жағынан эндотелимен астарланған, оның астында
субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады; ортаңғы қабық - tunica
media – бірыңғай салалы бұлшық тінінен, серпімді талшықтармен ауысып,
аларасып отыратын миоциттерден құралған; сыртқы қабық - tunica externa –
дәнекер тінді талшықтардан тұрады. Артериялық қабырға серпімді қаңқа
түзеді.
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, барған сайын
ұсақтала береді. Жүрекке жақын артериялар (қолқа мен оның ірі тармақтары)
негізінен қанды өткізу қызметін атқарады. Олардың ең бірінші міндеті жүрек
соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасында
созылуына әсер ету. Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипатты
құрылымдар, яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған. Мұндай
артериялар серпімді артериялар деп аталады.

Жүрек соғысының инерциясын әлсіретіп, қанның әрі қарай жылжуы өз
қабырғасының жиырылуы қажет болатын орташа және ұсақ артерияларда жиырылу
қызметі басым болады. Ол қызмет тамыр қабырғасында бұлшықет тінінің біршама
көбірек дамуы арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай артериялар тұтас ағзаларды
немесе олардың бөліктерін қанмен жабдықтайды.
Артериялардың соңғы тармақтары жіңішке және ұсақ, сондықтан оларды
артериолалар деп атайды.
Артериоланың артериядан айырмашылығы оның қабырғасында бір қабат ғана
бұлшықет жасушалары болады, соның арқасында ол реттеуші қызметін атқарады.
Артериола тікелей прекапиллярға жалғасады, онда бұлшықет жасушалары бөлек –
бөлек болады, тұтас қабат құрмайды. Прекапиллярдан артериоладан тағы бір
айырмашылығы – онымен венула тамыры қатарласа жүрмейді.
Прекапилярлардан көптеген капиллярлар (қылтамыр) шығады.
Капиллярлар – зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар. Осы
қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар
өтетін жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан тұрады. Капиллярлар
өзара кеңінен жалғаса – анастомоздана, прекапиллярларға ұқсас құрылған
посткапиллярларға айналатын торлар (капиллярлық торлар) түзеді.
Посткапилляр артериоламен қосарлана жүретін венулаға айналады. Венулалар
веналардан түбірін құрайтын және веналарға айналатын вена арнасының жұқа
бастапқы бөлігін түзеді.
Веналар (латынша vena, грекше phlebs, осыдан флебит – веналардың
қабынуы) артериялардан қарама – қарсы бағытта ағзалардан жүрекке қан
әкеледі. Олардың қабырғалары артериялардағыдай болып құрылған, бірақ олар
едәуір жұқалау, серпімді және бұлшықет тіндері, аздау, соның нәтижесінде
бас веналар босап қабысып қалады, ал артериялардың құысы көлденең
кесіндісінде үңірейіп көрңнңп тұрады, веналар бір – бірімен қосылып, ірі
вена бағандарын жүрекке құятын веналар түзеді.
Вена веналық өрімдер түзе бір – бірімен жалғасады.
Қанның веналардан қозғалуы жүрек пен кеуде құысының қызметі мен сору
әсері арқылы іске асады, дем алу кезінде кеуде қуысында, қуыстардағы
қысымның айырмасы әсерінен, сондай – ақ қаңқа және ағзалардың висцералды
бұлшықеттерінің жиырылуынан және тағы басқа факторлардан теріс қысым пайда
болады. Веналық қанның кері ағуы қиындау келетін дененің төменгі жартысының
веналарында, дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу
дамыған бұлшықет қабығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Қанайналым шеңберлері
Веналық капиллярлар
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Микроцеркуляцияның патофизиологиясы
Гистология-2
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Организмнің сұйықтық орталары
Жүрек пен қан тамыр жүйесіне
Жүрек - тамырлы жүйесі
Пәндер