Тамырдың анатомиялық құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар :

1. Тамыр және тамырлар жүйесі.

2. Тамырдың анатомиялық құрылысы.

3. Жанама тамырлардың пайда болуы.

4. Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.

Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік
мүшесінің біреуі. Тамырға радиальды симетрия тән, ол салыстырмалы түрде
цилиндр пішінді өстік мүше. Тамыр төбе (апикальды) меристемасы арқылы оң
геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады. Тамырдың сабақтан негізгі
айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт
жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.
Тамырда көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген. Жанама
тамырлар сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді. Қосалқы
бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі. Тамырларында қосалқы
бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады. Тамыр
атпалы өсімдіктерге ақжелкек, бақбақ, сарықаулен және т.б. шөптесін
өсімдіктермен қатар, тал, терек, қараөрік, шие, бүлдірген және т.б. ағаштар
мен бұталар да жатады.
Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар
мыналар : 1. суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ
және жапыраққа қарай жылжытады. 2. өсімдіктердің топыраққа бекініп,
өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 3. Де-Рон,
Д.А.Сабинин, И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда
кейбір органикалық заттардың синтезделетінібелгілі. 4. тамырда қор заттары
жиналады. 5. топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар,
бактериялармен үйлесіп селбеседі. 6. вегетативтік жолмен көбею қызметін де
атқарады.
Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі, морфологиялық
ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді. Шығу типіне қарай тамырдың
үш типін ажыратамыз. Олар : негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр.
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі. Қосалқы немесе адвентивті
тамыр сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер асты метоморфоздары
– түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. Негізгі және қосалқы
тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және одан кейінгі өстері ретінде
жанама тамырлар өсіп шығады.
Тамырлар жүйесі деп, бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын
айтамыз. Тамырлар жүйесінің үш типін ажыратамыз. Бірінші – кіндік тамырлар
жүйесі. Мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі
тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан екінші, үшінші және одан
арғы өстер түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі
қалыптасады. Екінші кейде үшінші реттегі жанама тамырлар өздерінің
қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықты орналасуы
бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай
тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлімінің қос
жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.
Екінші – қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі
тамыр нашар жетілген, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.
Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп, басымдық білдіреді.
Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе, астықтарға тән, ол сирек
жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.
Үшінші – аралас тамырлар жүйесі. Мұндай тамырлар жүйесінің құрамына
негізгі тамыр, жанама және қосалқы тамырлар енеді. Бұлар қос жарнақты
шөптесін өсімдіктерде жиі кездеседі.
Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,
оның әр түрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды. әдетте жас тамыр ұшынан
тамырдың төрт аймағын (бөліну, өсу немесе созылу, сору, өткізу) және тамыр
оймақшасын ажыратады.
Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу
барысында әр түрлі ұлпаларға жіктеледі. Тамырдың бой конусы меристемалық
құрылысын сақтап, тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін
қамтамасыз етеді. өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен
жанасады. Тамырдың бой конусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше
паренхимиялық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.
Тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхимиялық клеткалардан
тұрады. Ол клеткалардың сыртқы қабаттары тез ескіріп, топырақтың қатты
бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады. Олардың орнын жаңадан
жетілетін жас клеткалар басады. Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы
клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады. Құрлық өсімдіктерінің
барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде
тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташасы жетіледі. Тұқымды
өсімдіктердің көбінде әсіресе дара жарнақтылар тамырының ұшында калиптроген
деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады. Соңғы деректерге
қарағанда, калиптроген гормондарды синтездеп, тамырдың өсуіне әсер етеді.
Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасынан айырмасы –
мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан, устьицелер мен кутикулалар болмайды
және суды оңай өткізеді. Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы
бір клеткалы тамыр түбін жасауға қабілетті. Тамыр түктері шағын аймақта,
әрбір щаршы миллиметрге бірнеше жүзден, сирек жағдайда екі мыңға дейін
келеді. Тамыр түктерінің ұзындығы әртүрлі. Ұзындығы 1 см-ге жететін ұзын
түктер қант қызылшасы, асқабақ өскіндерінде кездеседі, астықта 0,75-тен 2
мм-ге дейін болады. Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы, вакуолі
ірі, цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады. Түктер түзетін
эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ
түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ашық тұқымдылардың, жабық
тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының
тамырына тән алғашқы құрылыс. Жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр және тамырлар жүйесі туралы
Тамырдың алуан түрлілігі
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы
Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі
Тамыр және тамырлар жүйесі
Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Тамыр оймақшасы
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер