Жер сілкінісі, сел



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Жер сілкінісі, сел
б) Қар көшкіні, опырмалар, қар басу
в) Дауыл, су тасқыны, табиғи өрттер
III. Пайдаланылған әдебиеттер.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
Тұрғындарды қорғау.

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік
бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын
және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең
байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар
тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін
күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,
сондай – ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім – жітімі болатын табиғат
құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу
себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға
өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез – келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер
залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы
мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су
тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді
екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісіне, ал қалған
25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына,
Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді.
Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде
кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған,
елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі
мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен,
тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда,
қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта
алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл
сайын жер бетінде 100 – ден аса жер сілкіністері болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі
өте жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су
құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі
бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады.
Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты
және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс
нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып,
құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар
көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр
аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам
халық тұрады, 27 қала, 400 – ден астам елді мекендер бар.
Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта
шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта
орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% - ы шоғырланып,
тұрғын үй қорының 35% - на жуығы орналасқан, Республика халқының
40% - ы тұрады.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:
сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық
жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту;
сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың
сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс
жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау;
жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және
тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс мен құралдарының және өзге де шараларға
жер сілкініс салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға
басшылық жасау.

Сел.
Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп,
деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын
қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен,
моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның
шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа
түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар
мен 10 мс және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай,
Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі
күшті аудандар болып табылады.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда,
сондай – ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте,
ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз
орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті
сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын
ажырату керек. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап
кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға
көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен
көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құрқарушылар беретін таяқ,
арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі
адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты
бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден
қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын
адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды
нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Қар көшкіні.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен
қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне
ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс
Тянь – Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады.
Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар
көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша – сәуір, биік тауда қазан –
мамыр.
Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы
қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге
міндетті.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен
жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн, сондай – ақ беткейдегі
қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет.

Опырылмалар.
Опырылмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ
массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы
жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі
жақпарлардың құлауы.
Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады.
Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен
топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай – ақ адамның шаруашылық
қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға
байланысты.
Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда
үй – жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп,
қауіпсіз орынға барған жөн.
Қар басу.
Қар басу - табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі.
Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан
бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып,
қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың
шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс
түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; зардап шеккендерге алғашқы
дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй – жай төңірегіндегі
қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық
және энергетикалық желідегі аварияларды жою.
Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде
автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын,
әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда
ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың
діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.
Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы
қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15 – 20 метр қашықтықта жел
соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

Су тасқыны.
Бұл құбылыс та біздің елімізде, жерімізде жиі болып тұрады.
Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше
су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен
ғана болып жататын құбылыстар.

Табиғи өрттер.
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері
ландшафты өрттер – орман, орманды дала, дала өрттері болып
бөлінеді.
Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол
мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш
салады. Мысалы, отты топырақпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи сұрапыл апаттар
Зілзала. Төтенше жағдай
Зілзала және оның салдарымен күрес
Зілзала және оның салдарымен күрес туралы
Экологиялық қауіптер. Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері
Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті. қоршаған ортаның ластанушыларынан қорғану әдістері
ҚР аумағында орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Орман-дала өрттері
Геологиялық сипаттағы апаттар
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Пәндер