Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы . Тепе-теңдік баға

Икемділік ұғымы. Баға және табыс бойыншы икемділік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс”
болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып
табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi
орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып
табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және
өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандырады деп есептелiнедi.

Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың
бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi
болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың
таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе
сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың
сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Қазақстан Республикасы бүгiнгi таңда әлемдегi орны рыноктық
қатынастағы дамушы мемлекет ретiнде көрiнуi болып табылады. Рыноктық
қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан
бастап осы уақытқа дейiн даму үстiнде және ол дами бермек. Рыноктық
қатынастардың тиiмдi қызмет етуi барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң
тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етiп отырады және оны ұйымдастырушы құрал
болып табылады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Рынок
механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол
сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс
өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың
өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк
бағаны қалыптастырады. Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және
мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға
сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне
бұл жағдай тұтнушылар мiнез - құлығын және нарықта сұранысты
қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында
тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына
және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын
нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз
сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады. Оларға:
сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық икемдiлiгi
және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс икемдiлiктерiнiң
iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiң орны ерекше. Өйткенi рынок сұранысы
бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi болады.
Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай
мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн “сұраныстың икемдiлiк коэффициентi”
қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан,
сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының
факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн
көрсетедi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Сұраныс заңы. Ұсыныс
заңы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы сұраныстың икемдiлiг көрсеткiшi
арқылы тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн, жалпы экономиканың тұрақты дамуын
және сыртқы факторлар өзгерiсiне тәуелсiздiгiн көруге болады. Өйткенi
тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi төмендеу болса, онда олардың сұранысы
бағаның өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып келедi. Бұл
мысалы бүгiнде елiмiздiң тұтынушыларының жағдайына сәйкес келедi.
Менiң осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
• Рыноктық қатынастың негiзгi элементiнiң бiрi сұранысты жан-жақты
қарастырып, оның рыноктың басқа элементтерiмен байланысын қарастыру;
• Сұраныстың рынок тепе-теңдiк механизмiндегi орнын және оның
әрекеттерiн қарастыру;
• Рыноктық механизмдегi сұраныстың және сұраныс көлемiнiң сыртқы
факторларға байланысты өзгеруi немесе жылжуын қарастыру, осы
әрекеттердiң экономика дамуы үшiн әсерiн талдау;
• Сұраныстың икемдiлiгiнiң түрлерiн және оның экономика үшiн
маңыздылығын анықтау;

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы . Тепе-теңдік баға

Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі
қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде рыноктық
баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта
белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, онысатып
алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол
деңгейінде) және, керсінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны
мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде
көрсетейік.

Егер абцисия рынокта сатып алынған таур саны ал кординатада баға
қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп аталады. Бұған
бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгернін
көруге болады. Егер P бағада сұраныс көлемі Q болса, баға P дейін
төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп
көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады ; егер қайсыбір тауардың
бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына
сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауғаболады, егер рынокқа
қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып
алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны
қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,осы
тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі де
төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей
бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық
жағдайды сатушылар немесе оны ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс
орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады.
Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға
тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты
өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы
тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы бір жағынан,
бағаның өсуі бұлсалаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші
жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар
жалдауға, көп шикізат пен машиналарды сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға
мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы
туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі
ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда
өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін .Бұл әрбір жағынан, табыстың
жоғары деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны
төмендетеді.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенді, өйткені
тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен
ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау
дұрыс емес. Кейбір фактордың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығынын жылжуы
мүмкін. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің
маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол
тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. әрбір (жоғары, төмен)
сатып алышылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы
туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күнінде сусындар мен
балмұздаққа сұраныс көбееді. Бұл жағдайда d1 қисығымен қозғалмаймыз,
өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2.
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа
табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен
пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы, сатып алушылардың орта
табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы д1, оңға
жоғары ойысады, ьағаның сол деңгейіне p1сұраныстың өскен деңгейі сәйкес
келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сондықтан,
егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе
ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төменге ауысады.
Ұсыныстың көлемі тұрақты P1 бағадан Q1-ден Q2-ге дейін өседі. Сұраныс
пен ұсыныс қисықтарын алып салыстырғанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысты
белгілейтін графикті бір-бірімен беттестірсек, онда бізді қызықтыратын
тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір
нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан
ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада
ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың
арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның бағада сұраныс ұсыныстан арьық
болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары көтереді.
Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны
өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдердің санына сәйкес келеді. Тек
осындай бағада ғана бағаның өсуі және кему тенденциялары жоқ болады.
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі, рынокта тепе-теңдік
орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы
мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы
жекелеген тепе-тендік. Рыноктағы бағалардың тауарға сұраныс пен ұсыныстың
өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл
өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара
байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының
өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және белгілі бір уақытта жинақтап
қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл
жағдайда рыноктың жалпы тепе-тендігін көрсетеді. Кіші экономикалық
зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық
күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс
пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында
жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің
экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде
экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология,
өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгерулері
керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция,өйткені
нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда,
нақ осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды
заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі
және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмнің заңдылықтарын талдау,
экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау,
экономикалық еркін рыноктық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-
теңдікке жетудің аса маңызды шарт екендігін сипаттайды.
Экономикалық еркіндік деңгейі, біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі,
екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда
еркіндігі, үшіншіден ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру
еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық
еркіндік рынокта өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де
жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта
болады. Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраным мен ұсыным тепе-
теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-
теңдігін, сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен
бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.
Енді сұраныс пен ұсыныс туралы біршама түсінік алғаннан кейін олардың
бәрін бір кестеде көрсетуге болады.

Сурет – 6. Сұраныс пен ұсыныс қисығы.

Сурет – 6 көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраныс пен
ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес
нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады .
Сұраныс пен ұсыныс өзгеруіне қарай тепе-теңдік бағасы да өзгереді .
Нарықтық тепе-теңдік бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына, қоғамдық
қажеттіліктер мен өзгерістердің қозғалысында теңсіздіктердің пайда
болуына, ақырғы нәтижесінде, әртүрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық
салдарға әкеліп соқтырады.
Бәсекелі нарықта баға тепе-теңдігі Е нүктесінде болады. Бұл
жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни:

Xe = Xs = Xd

Енді баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығы
мен артықшылығы түрінде көрсетуге болады. Өндіруге ниеттеліп отырған
нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі принципі бойынша
әрекет етеді. Өндіріс барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар, сұраныс және ұсыныс заңы, өзара байланысы
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Ұсыныс қисығы
Сұраным қисығының қисығы
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. ұсыныстың теориясы
Тепе-теңдік баға және икемділік ұғымы
Ұсыныс қисығының жылжымасы
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Сұраныс пен ұсыныс туралы
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Пәндер