Стратегиялық жоспарлау негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Стратегиялық жоспарлау және фирманы басқарудағы маркетингтік тәсіл

ЖОСПАР

Кіріспе

І. Стратегиялық жоспарлау негіздері

1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні, белгілері
1.2. Менеджмент стратегиясы және оның түрлері
1.3. Тактикалық жоспарлау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді
бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері
дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда.
Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық
қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда.
Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық
кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол
жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі,
инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны
белгілі.
Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-
потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары
халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел
болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті.
Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты
міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің:
Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре
тамыры болуға тиіс деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі
таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады.
Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық,
Қазақстан – 2030 бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай,
ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық
үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі
бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
✓ қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі)
бағыттарын анықтау;
✓ жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық
сипаттамаларын белгілеу;
✓ материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды
пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
✓ жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын
(өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды
тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік,
кешендік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және
жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады.
Ал, индикативтік жоспарға келсек, оның мынадай түрлері бар:
стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлар.
Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық
экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін жүзеге
асыруды көздейді.

І. Стратегиялық жоспарлау негіздері
1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні, белгілері
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді.
Стратегия гректің — генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия
термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен,
қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз-мақсатына жетуі үшін басшы арнайы
стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті талап болып
саналады. Оның басты міндеті — ұйымдағы жаңадан енгізгендерді жеткілікті
дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт
түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру
және ұйымдық стратегиялық болжау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілер:
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылары тұжырымдайды және
жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің
қатысуы көзделеді.
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның
болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен
негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу үшін фмрма
сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты
ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді,
мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5. Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын
сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды
жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру қажет, сонда
ұзақ уақыт бойы фирманың қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда
өзгертуге болады.

1.2. Менеджмент стратегиясы және оның түрлері

Жапон менеджерлері ХХ-ғасырдың 70-жылдардың орта тұсында өздеріне
мынадай сұрақтар қойды: Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?,
Компания орта өзгерісіне қалай бейімделеді?, Жұмыскерлерді қалайша
тиімді пайдалануға болады?
Қойылған сұрактардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға
болады:
1. Тиянақты шешім стратегиясы.
Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары (ИВМ, Мацусити және т.б.)
өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен
орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен
дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
Мәселен, АҚШ-та 70-жылдары үлкен автомобильдерді көптеп шығарды.
Олардың отын үнемдеуі шамалы болғанымен, табысты көп берді. Жапондықтар
шағын автомобильдер шығару арқылы рынокты жаулап алды. Соның салдарынан
1980 жылы американдық фирмаларда Крайслер автомобиль алыбы зиян шегіп,
банкротқа ұшырай бастады.
Тиянақты шешім стратегиясы 10-15 жылдарға арналған ауқымды мақсатты
көздейді. Менеджерлер стратегиялық тұрғыда ойлай білуі тиіс. Тиімді
менеджментте стратегияны жасау үшін 10 қозғаушы күшті пайдаланады:
✓ жаңа нарықтарды іздестіру;
✓ жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ойластыру;
✓ тұтынушылар үшін сервисті жаксарту;
✓ технологияны ойластыру;
✓ өнім мүмкіндігін жақсарту;
✓ өнім сапасын жақсарту;
✓ тарату тәсілдерін жаксарту;
✓ табиғи ресурстарды молайту;
✓ өндірісті және өсімді ұлғайту;
✓ күрделі қаржы мен пайданын қайтарымын молайту.
Басшылардың стратегиялық ойлауына синергализмді пайдалану және өнімнің
өмірлік циклін дәл анықтау ықпал етеді.
Фирма қызметкерлерінің түпкілікті шешімді қабылдау қабілетін дамыту
үшін таңдаулы менеджерлер:
өзінің қарамағындағыларды ұзақ уақыт бойы бағалап, олардың жұмыскер
ретінде стратегиялық мақсатқа жетуіне ықпал етеді. Американдық менеджерлер
таңдаулы жұмыскерлерге айрықша қамқорлық жасап, кетермелеп отырады:
— менеджелерге әр түрлі дәрежедегі басқаруды жүктейді. Несиелік
басқару түрінде сыйлықтың бір бөлігін береді, мұны ол зейнеткерлікке
шыққанда немесе компаниядан босанғанда өз қаржысы ретінде пайдаланады;
— негізгі зерттеулерге, ізденістерге, жаңа тауарларды өндіруді
мерзімінде орындауға күрделі қаржы бөледі.
— компания көп пайда тапқан жағдайда бонус (сыйлық ақы) төлейді.
Жапонияда ай сайынғы еңбек ақымен қоса жылына екі рет бонус төлейді.
Бонус мөлшері еңбек контрактісінде белгіленеді.

2. Тәуекел стратегиясы.
Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де одан әрі дамытуға ықпал
етеміз.
Кәсіпорынның экономиксы қауырт өркендеуі үшін тәуекел стратегиясы өте
қажет. Басшы қызметкерлердің бизнеске тәуекел етуі олардың негізгі
антрепренерлік қызметі болып саналады.
Басшы қызметкерлердің басқару мәдениеті жоғары деңгейде болған жағдайда
қана тәуекел стратегиясы жүзеге асады. Мұндайда мынадай стратегиялық
сұраққа жауап беруге тура келеді: Болашақта біздің бизнес қандай болу
керек?. Басшы бөлінген капиталды немесе қосымша қаржы заемын қайта бөлуі
ұйым ішіндегі дау-дамайды алдын ала болдырмауы, стратегиялық жоспарларда
шеберлік таныту, қызметкерлерді сүйемелдеп көтермелеп отыруы тиіс.
Ақыл-ой тәуекелі айқын мақсат болуын, ең қолайсыз жағдайдың болуы
мүмкін екендігін, мүмкін болатын қиыншылықтарды болуға тиісті
жетістіктермен салыстыра білуі қажеттілігін көздейді. Ақыл-ой тәуекелі —
бұл өзін-өзі ақтайтын, өзіндегі шығынды шектей алатын тәуекел. Америкадағы
таңдаулы фирмалардың өз штатында эксперттер болады. Олар кейбір
кәсіпорындарға қаржы бөлуді қашан тоқтату қажеттігін белгілейді. Бұлар ең
көп ақы төленетін мамандар. Менеджмент жөніндегі американдық мамандардың
бағалауы бойынша, тәуекел бастамасын жүзеге асыруға қабілетті ұйымдар өз
қызметкерлерін неғұрлым тиімді жұмыс істеуге ықпал ете алады.

3. Менеджмент идеясының стратегиясы
Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея
бағалы.
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп
отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
Көпшілік идея іс жүзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны
ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда болғаннан
кейін, оның прототилін (өнім технологиясын) іздестіруге, яғни ойластырылған
бұйымды жасауға, содан кейін сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлау және фирманы басқарудағы маркетингтік тәсіл
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Ұйым элементтері және басқару үрдісі
Коммерциялық банктердегі маркетингті жоспарлау
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Мотивация және оның қызметтік басқарудағы орны
Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
Өндірісті Басқару фуңцялары
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау
Пәндер