Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І Тарау. Тіл, қатынас және сөйлеу

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі
басты іс-әрекеттің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі.
Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-
тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа
мұра етіп қалдырып отырады.Тіл – дегеніміз сөздік белгілердің жүйесі. Ал
белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.Осы белгінің қасиеттеріне
орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе
тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі
құралдеуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық-
әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр
түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен
жол белгілері. Бұл – белгі, ал сөз – қару. Тілдік белгілердің екінші мәні –
олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы.
Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі
іс-әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл
қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз
етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен
түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп
атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық
тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта
мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де
тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай
әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.
Ақыл-ой не интеллекті әрекет ең алдымен, іс-әрекеттерді жоспарлайды,

екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс-
әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат-мүдделермен салыстырады. Осындай
ақыл-ой нәтижесінде әр адамның мінез-құлқындағы даралық
ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекет
түрлері, өзгелердің ісі қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға
ие болып отырады. Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы
оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге
асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы
дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл-ой әрекеттеріндегі қатынас құралы
екендігін тағы да бір қырынан ашып көрсетеді.
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық
қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар
арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс – бұл
тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа
келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған
болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б.
өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде
қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде
көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта жасалған
дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым
арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге
бағытталған жай әрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне
болған әсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына
субъективті мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет.
Тілдесу деген не? Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған
адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен
әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат

алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды. Тілдесудің екінші
тарапы – сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу
ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің әрекетін, қылығын танып,
оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, ақырғы тарапы тіл қатынасы
сөйлесу арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдап, өздерінің психологиялық
бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз:
коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу)
және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір-
біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол
қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін
құрайды. Тілдесу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. Бірақ,
әңгімеге арқау болып отырған тілдесу қызметі іс-әрекеттің бір бөлігі ме, не
бұл екеуі өз алдына дербестігі бар, теңдей құбылыс па? – деген сұрақ
туындайды. Бірлікті іс-әрекет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде
басқа адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни байланысқа
келіп, өзара түсінумен ақпарат алысып, беріседі. Бұл жағдайда тілдесу
қызметі іс-әрекеті бір бөлігі сипатына қарастырылады, бірақ адам мұнымен
шектеліп қалмайды. Тілдесе отырып адам басқаларға өзінің ерекшелігін,
даралық қасиетерін танытады (қазақтың аузын ашса, көмекекйі көрінеді
деген қанатты сөзі осыдан).Өндірілген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш,
жазылған кітап, орындалған ән)бұл бір жағынан, іс-әрекет нысаны, ал екінші
жағынан - адамның өзін-өзі қоғамдық тұрға ретінде көрсетуінің қажетті
құралы, себебі өнім басқалардың мүддесіне бағышталған. Осы зат арқылы
адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да, өндіруші мен
пайдаланушыға теңдей ортақ тіл байланысын туңындатады.
Сонымен, іс-әрекет – тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезім іс-
әрекеттің құрам бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда тұтас бірлікті
құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістеріоған қатынасқан

адамдардың әлеуметтік қызметтермен, қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен,
қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен, қандай да қаумға мүшелігімен
анықталады да өндіріс, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер,
талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тілдесу процесіне қатыспайтын арамға
тән психикалық құбылыстарды атау өте қиын. Іс-әрекетпен біртұтас
байланысқан осы тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқантәжірибені игереді.
Жеке адам дамуы тұрғысынан тілдесу барысында біріне-бірі қайшы екі
диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, жеке адам қоғам
өміріне арналады, адамзат топтаған тәжірибені игереді, ал екінші жағынан -
адамның даралығы айқындалады.
Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның
қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және сезім
білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны ашылады:
ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал жәнеадамдардың бірін-бірі түсінуі.
Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жақты біреуден
біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бір
адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екіншісі жауап хабар алуға
бағытталған әрекеті үздіксіз жүріп жатады. Егер осы ақпарат тілдесу
барысында түсінікті қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәніне ие
болады.
Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған
таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір-біріне ықпалды әсер ете алуына
байланысты келеді. Бұл жағдайдағы коммуникативтік ықпал бір адамның
екіншісіне жасаған психологиялық әсеріне теңгеріледі.
Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал
тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана
пайда болады. Бірақ, ескеретін жәйт, бір сөзге тән мағынаның өзін біле
тұра,

адамдардың бірін-бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі сол
адамдардың әртүрлі әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктерінің болуында.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары
кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара
сұхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни, әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде
болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық
бітістерінен немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам
аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің
қолдануымыздағы бұл таңбалар дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау
генетикалық байланыста, қоғамдық еңбек желісінде, адамзаттың әлеуметтік-
тарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, адамдар
арасындағы тілдесуде қалыптасады. Сананың негізгі қызметі болмысты
өрнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы қабылданған
таңбалармен белгілейді. Болмыс бейнесінің белгісі ретінде сөйлеу де тілмен
бірлікті байланыста болады. Сөйлеу – тілдесу әрекеті, тіл негізінде мағына
білдіру, ықпал жасау, ақпарат алмасу, яғни сөйлеу - әрекеттегі сана мен
ойдың көрініс формасы.
Сөйлеу – тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл
қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы
ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай
оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.
Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды.
Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау
үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді жүйелеу
құралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер тобы сипатында
көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі
бір ұлттық тіл қызмет

етеді.
Тіл – сөйлеу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу –
ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік
қолданымы. Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге
арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу
үшін қажетті белгілі тілдік құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз
тіркестері мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) іріктеліп алынған шақта ғана,
ой білдіру мүмкіндігіне ие боламыз.
Қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде
болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді,
өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады.
Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-қатынасында субъектіні
(сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін
құрал - тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект - өзге адамдар
және олардың санасы мен ниет-тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас
жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа
хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде
адамдардың ниет-тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер
жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі
психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар арасында, не
көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас
деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар балады.
Қарым-қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып отырады. Бұл ретте
сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылырдан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің
фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары деп атайды. Бұлар –
а) сөйлеуге даярлық; ә) жоспарлау; б) жүзеге асыру; в) бақылау сатылары.

Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның
танып, білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас
жасау мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған
түрінің бірі – зат алмасу қатынасы болып саналады. Этнопсихологиядағы әрбір
тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрпы, мысалы, абысын-
ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым
алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан
түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар
арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады. Қатынас жасаудың ым-ишара
білдіру, бет құбылычы мен көзқарас арқылы түсінісу сияқты түрлері де бар.
Сонымен, қатынас – дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім
күйі мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады.
Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың
қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың маңызы зор.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп
пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлеу арқылы әрқилы істер мен
мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал
етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай
сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп
қоймай, тіл білімі арқылы да қарастырады. Психология ғылымы тіл білімінен
ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметін, адамның
мінез-құлық бағытын белгілейді. Соңғы 30-35 жыл ішінде тіл білімі мен
психологияның түйісуінен психолингвистика деп аталатын ғылым саласы пайда
болды.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми

тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады :
1.Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі. Бұл латынның сигнал - белгі, таңба
деген сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бірін-
бірі белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай
туғанда берілетін белгі, адамдардың түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат
Сөйлеуді дамыту шарттары
Ойлау түрлері және тәсілдері
Сөйлеу - күрделі функционалды жүйе
Пәндер