Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу
әрекетінің дамуы.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.)
байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш
айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз
дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады.
Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас
жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді
жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі
буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің
интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің
айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан
былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері
"мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда
шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді
айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз
жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін
меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды
ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта
алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас
жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық
сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде
үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол
бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже
маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-
ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі
нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді.
Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге
байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп
болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі
роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз
таптарын да қолданады.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың
негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда
ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шактан-ақ
басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге
асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен
жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен
қреорнеұра білуге кендірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың
әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі
болмай калады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін әте сезімтал (сензитивті)
кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді әтеді. Егер
бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту кажетті жағдайлардан
айырылып калса, онда кейін жі-берілген қателіктердің орнын толтыру өте киын
болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен карқынды шұғылдану
кажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ
айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы
байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-
әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола коймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-
әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің
бірінші жылында калыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Ерте сәбилік шақта ісәрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Ерте психикалық жас
Заттық іс-әрекет
Мектепке дейінгі балалық шақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz